Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жетім балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың тенденциялары

Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан жетім және әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы бала тұлғасының әлеуметтенуі балалар іс-әрекеттерінің ерекше ұйымдастырылған, әлеуметтік тұрғыдан тәуелді, қоғамдық және тұлғалық маңызға ие болатын баланың өзін-өзі анықтауға, ұсынуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық құбылыстармен түсіндіріледі.

Жетім балаларды әлеуметтенді қоғамнан ауқымды орын алып отырған ең өзекті мәселелердің бірі – жетім балалар мәселесі. Олардың өмірге даярлық процесі тар шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке ие. “Жетім” ұғымының анықтамасына келетін болсақ, бұл да бір тарихи сипатқа ие және жетім балалардың жай-күйін сараптау арқылы түсіндіруге болады [1, 29 б.].

Қазақстан Республикасында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды кәмелетке толғанша мемлекет тікелей қамқорлығына алады, сондай-ақ кәмелетке жеткеннен кейін де олардың жоғары оқу орындарына қабылдануына, жұмысқа орналасуына, баспанамен қамтамасыз етілуіне заңдарда белгіленген негіздерде түрлі жеңілдіктер көрсетіледі. 16 миллион халықтың 16 мың жетімі бар. «Заң әр мемлекеттің ар-ожданы айнасы» деген қанатты сөз бар. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңның шетелге асырауға бала беру туралы 76бабы елдің ар-намысына тиіп, түрлі пікірталастар туғызып отыр.

Жетімдік әлеуметтік құбылыс ретінде, адам мен қоғамның бастапқы дамуынан келе жатқан құбылыс. Өкінішке орай, ол өркениеттің айырылмас элементіне де айналып отыр.

Жетімдіктің екі негізгі түрі бар екені белгілі: тұл жетімдік (ата-анасының қайтыс болуынан) және әлеуметтік жетімдік (атаанасының баласын асыраудан бас тартуы немесе асырауға мүмкіншілігінің болмауынан баланың ата-ана қамқорлығынан айырылуы). Ұзақ ғасырлар бойы тек тұл жетімдік ғана қоғамнан орын алып отырды. Бірақ та, ХХ ғасырдың ортасынан бастап алдыңғы қатардағы мемлекеттің өзінде де ата-аналары тірі жетім балардың саны күрт өсіп, кең көлемде тарап, қауіп-қатерге әкелді. Көрші мемлекетіміз Ресейдің өзінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған ба-лалардың 95 пайызын әлеуметтік жетімдер құрайды екен. Жетімдіктің пайда болуының негізгі факторлары: ашаршылық, апат, келеңсіз оқиғалар, аурулар және ата-анасының мезгілден бұрын қайтыс болуы тағы басқалар. Отбасының адамгершілік құрылымын бұзуға негізделген үдемелі үрдістер, рухани азғындық, өмірлік адами құндылықтардың жоғалуы мәселені өршіктіре түседі. Бақытсыз балардың көбеюі ата-аналардың адамгершілікке жат қылықтармен өмір сүруі, аналардың өз баласын асыраудан бас тартуы, жалғыз басты және кәмелеттік жасқа толмаған аналардың санының артуы, ата-аналардың ажырасу факторының көбеюі әлеуметтік жетімдердің санының күн санап өсуіне алып келіп отыр [2, 78 б.].

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барынша отбасылыққа жақындатылған жағдай туғызу мақсатында республикада балалар үйінің және интернаттық үлгідегі мекемелердің уақталуына деинституционализациялау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде балалар үйінде отбасы үлгісінде жұмыс істеп жатқан топтарда өзара туыстық қатынаспен байланысқан, бір-бірімен достасқан балалар 8-10 адамнан тұрадыБұдан басқа балалар үйлерінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу бағдарламалары енгізілді, отбасына жақындатылған жағдайлар жасалды. Барлық ұйымдарда тәрбиеленуге және білім алуға жағдай жасалған, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жабдықталған, 148 ұйым Интернет желісіне қосылған. Жыл сайын өңірлерде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Ризашылық!»«Доброта во благо детям...» қайырымдылық мерекелері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасында тәрбиелеуге алатын адамдарды тарту және іздестіруге бағытталған «Қуан сәби» республикалық акциясы жүргізілуде.

Мектеп жасына дейінгі жетім бабаларды әлеуметтенді мәселесі ғылыми тұрғыдан да, практикалық жағынан да жыл сайын көтеріліп жатса да, ата-анасыз жетім баланы отбасылық қарым-қатынасқа жақындату шешіле қоймаған. Оларды асырап алса да, патронаттыққа алса да жаңа отбасы жетім балалардың проблемасын дұрыс шеше алмай психологтардан көмек сұраған жағдайлар көп, онда тиімді шешу қиынға соққан. Себебі отбасында туралы түсінік және ондағы баланың орны түсінігі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Асырап алмаған балалар одан күрделі жағдайда болады, олар интернаттан кейін өмірде өзінің орнын таба алмай, түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керек екенін білмей қысылады. Әлеуметтену бүгінгі күні бірінші орынға қойылса да, неге ол әлі де шешілмеген мәселе және тиімді жолын нақты көрсету күрделі.

Жетім балаларда эмоционалды-тұлғалық деформациялар эмоционалды депривация салдарынан пайда болады. Жетім балалардың қарым-қатынасы ерте шақтан кең болса да, жылы эмоционалды қатынас жеткіліксіз болады, себебі балаға аналық мейірім жетіспей, эмоционалдық стимуляция болады. Балалар үйіндегі кең көлемдегі қарым-қатынас үстіртін болады да, аналық жылылық секілді эмоционалды қамтамасыз ете алмайды. Кең көлемдегі қарым-қатынас кезінде жетім балада өзінің әрекет жасауының қалыптасуы қиындықпен қалыптасады. Ерте шақта көп адамдардың бір балаға қарауы, ары қарай бақылауы, көп баламен қарым-қатынас баланы шаршатып психикасына кері әсер етеді, тұлғалық сипатының қалыптасуы мен әлеуметтік бейімделуін ауырлатады. Өзімен жасты балалармен қарым-қатынас жасау тек жасөспірім шағында қажет болады. Осы шақта өзі таңдау жасап, өзінің санасының қалыптасып дамуына жол салынады. Нәтижесінде ерте жаста басталған қолдан жасалған қарымқатынас әрекетінің қорғану жолдарын қалыптастырады, одан эмоционалды контакт үстіртін және шала болады. Осылайша, жетім баланың үлкен адаммен қарым-қатынасы үстіртін және тиімділігі аз болады. Анамен бірге болғанда ғана сыртқы қарымқатынасты орнату тиімділігі қалыптасады. Анасының айналасына жағымды және нейтрал қарым-қатынас реакциялары баланың іс-әрекетіне ықпал етеді [3, 8 б.].

1,5 және 2,5 айларынан психологиялық қалыптасуында эмоционалды-тұлғалық қасиеттерінің пайда болғаны көрінеді. Қозғалыс қимылдары, өлеңдетуі мен күлімдеуі – әлеуметтік акт болады, анасын көргендегі баланың қарым-қатынас жасауға ынталануы болып табылады.Балалар үйіндегі жетім балада бұндай әрекеттер кейін пайда болады да, олар ерсі болып көрінуі де мүмкін. Бала көз алдында көрінген адамдардың барлығына сондай реакция көрсетуі мүмкін. Көп жағдайда ондай реакция бермей жылауы да мүмкін. Олар үлкендермен қарым-қатынасы эмоционалды емес, заттық формада болады да, жылы эмоционалды қарым-қатынас дефицит болады. Осының барлығы олардың қорғалмауы болып табылады. Әлеуметтік жағдайдың деструктивті әсері, аналық, коммуникативті, эмоционалды және сенсорлы депривациясы баланың дамуына жеткіліксіздікті туғызып, интернат мекемелерінің әлеуметтік бейімделуіне кедергі болатынын да осы себептерден болады. Отбасында тәрбиелене алмаған баланың арнайы әлеуметтік – психологиялық бейнесі әлеуметтік жағдайдың шектеулігі, бала дамуының жағымсыз биологиялық факторы болады. Осы жағдайда әлеуметтенудің жағымды көрсеткішіне әкелетін іс-әрекеттің символдық моделдік түрі жетім баланың әлеуметтенуіне жағымды әсер беретін құралдары ойын, сурет салу мен қарым-қатынас болып табылады.

Асырап алу – баланы қорғаудың арнайы және аса маңызды түрі. Сот шешімі мен жергілікті ұйымдар тарапынан баланы бағып алғысы келген жұбайларға, не жеке адамға, туысқандарына отбасы мүшесі ретінде тіркеп беру жүзеге асырылады. Асырап алған отбасы баланың бұдан кейінгі тағдырына жауапты және бағып алған отбасы баланың барлық жағдайын үнемі қадағалап отыру міндетін мойынына алады.

Мемлекеттік бақылау – баланың дамып, қалыптасуына жағдай жасайтын арнайы балалар үйіне, бас амандығын қамтамасыз ететін орындарға, уақытша бағып күтетін мекемелерге, мектеп-интернаттарға орналастыру. Бұлардың әр қайсысында әлеуметтік педагог міндетті түрде жұмыс жүргізеді: белгілі бір мерзімге дейін оларға деген жауапкершілікті мойнына алады; уақытша қамқорлық көрсетеді; бөбектер үйі – бағып, өсіру, қатарға қосу қызметін; балалар үйі – оқыту, тәрбиелеу, бағу міндетін, мектеп интернат – оқыту, тәрбиелеу, қатарға қосу міндеттерін атқарады.

Қазіргі кезде елімізде балалар үйінің жаңа формасы «отбасылық балалар үйі» кеңінен таралуда. Олар сипаты жағынан балаларды уақытша қабылдайтын орындарға да ұқсап кеткенімен, оларға қойылатын басты талап – онда балаларға отбасылық шарт түзу, әр баланың өз қабілеттері кең мүмкіндіктерін жүзеге асыруына, тәрбиеленіп, білім алуына жағдай туғызу. Отбасылық балалар үйі тұл жетімдер мен басқа да қараусыз қалған балаларды біріктіріп, бағыпқағу міндетін орындауына байланысты оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Мұндағы тәрбиешілер мен педагогтар әке мен шеше міндетін атқарып, отбасы моделін түзуге ұмтылады. Осыған орай бұл жұмысқа арнайы білімі бар адамдар қабылданып, олар курстардан өтеді. Олардың міндеттері балалар үй індегідей болғанымен кейбір тұстарында отбасына жақындау талабы қойылады.

Олар мыналар:

  • баланың дамуына жағдай жасау және өмір салтын басына жақындатуға тырысады;
  • балалардың денсаулығын сақтау;
  • материалдық жақтан қамтамасыз ету;
  • тәрбиеленушілердің құқығын, мүддесін қорғау;
  • білім алуына жағдай жасау;
  • мәдениетін қалыптастыру және нығайту;
  • өзін-өзі тануы және өзін дамытуға талаптануын қалыптастыру;
  • өз мүмкіндігі мен қабілеттеріне қарай кәсіп таңдауына және оны меңгеруіне ықпал жасау [5, 87 б.].

Қазіргідей елімізде экономикалық жағдай жақсарып, елдің тұрмысы түзеле бастаған тұста бала мен отбасылық мүдделер ескеріліп, интернат типтес балалар үйлерінен басқа да қамқорлықтың баламалы түрлері көбейе бастады. Мысалы, патронаттық тәрбие. Патронат ата-анасыз қалған баланы өз отбасына аламын деген адам мен мемлекеттік ұйым арасындағы келісім-шарт арқылы жүзеге асырылатын тәрбие формасы. Содан кейін патронаттық келісім-шарттарға көрсетілген уақыт бойында баланы патронаттық ата-анасы тәрбиелейді. Патронаттық тәрбие балалар үйіндегі жетім балаларды әлеуметтендірудің және оларға отбасы жағдайында тәрбие берудің бірден-бір көзі [4, 96 б.].

Шындығында бүкіл әлемде бала сүйе алмайтын қаншама отбасылар бар. Бұлар «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» мақалын естісе, онсыз да қанталаған жүрегіне жаншып пышақ сұққандай болатын сияқты. Бұрынғы ата-бабаларымызда “тастанды бала” деген болмаған дейді. Ал қазіргі кезде біздің елде жетімдер үйінің бар екендігі және онда балалар санының көбеймесе, азаймайтыны белгілі. Және көптеген асыраушылар шет елдіктер. Осылайша ұрпақтарымызды әр жыл сайын шетелдіктерге мыңдап таратып берерліктей не күн туды? Менің ойымша, қазақ менталитеті неге екені, тастанды бала асырап алуға бейім емес. Жетімектерге көмектесіп, жанашыр болуға бармыз. Бірақ тек асырап алуға емес. Осыны түсіне алмай-ақ қойдым. Не кедергі? Әлеуметтік жағдай? Немесе эгоистік сезім: өз жағдайымызды жасап алайық, не бар балаларды жеткізіп алайық деген сияқты. Не біреудің баласы біреуге бала бола алмайды деген ба? Қорғағымыз келеді… бірақ бәрі тек көңілдің ішінде ғана, бәріне қамқор болу қайда деп қана тыныш отыра береміз… Жетімнің көкірегіндегі арман мен мұңды төрт құбыласы түгел адам ұға алар ма?

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Комаров В.В. Воспитание детей – сирот. Взгляд практического теоретика. М., 2005.
  2. Әқожаева Н.Төлешова Ұ. Әлеуметтік педагогикалық практиканы ұйымдастыру жолдары:оқу әдістемелік құрал. – Алматы: Қазақ университеті, 2009.
  3. Әбдікерова Г.О. Тұлға әлеуметтануы. Мәтін: оқу құралы. Алматы, 2009.
  4. Нұрлыбекова А.Б., Аралбаева Г.О. Жасөспірімдер үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық аспектілері. – 2008.
  5. Сарсенова Ж.Н. Әлеуметтік жұмыс. Мәтін: оқу құралы. –Алматы, 2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.