Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жеткіншектердің педагогтармен қарым-қатынас жасауы

Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қарым қатынастың дамуына, яғни мұғалім қарым қатынас жасайтын педагогикалық топтың және сыныптың даму деңгейі әсер етеді. Қатынастың әрқашан жақсы бола бермеуі мұғалімге де, оқушыға да байланысты. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынас әр түрлі. Бұл тұрғыда Б.Ф. Ломов – қарым қатынас жоғары динамикалықпен және функционалдықпен сипатталатын көп өлшемді процесс ретінде зерттелуі тиіс деген қорытындыға келеді. Қарым қатынас біздің өмірімізде және қоғамдағы іс әрекетте үлкен рольге ие. В.Н. Панферовтың айтуы бойынша кез келген адамдық әрекеттер, оларда қарым қатынас бір жағынан іс әрекеттің бір түрі, ал қарым қатынастан тыс болмақ емес. Көптеген факторлардың ішінде оқу және оқудан тыс кездердегі мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қалыптасқан қарым қатынас айрықша шешуші фактордың бірі болып саналады [1, 81 б.].

Осы қарым-қатынас мәселелері жөнінде В.М. Афоньков, А.А. Бодалев, Н.В. Кузьмин, С.В. Кондратьев, А.А.Леонтьев, Р.Н. Малковская, Н.Т. Полехин т.б. өз зерттеулерінде өзара қатынастың шешуші роль атқаратындығы туралы баса айтады. Л.Я. Коломинский қарым-қатынасқа «бұл процесс барысында жүзеге асып жалғасатын, қалыптасатын хабарламалық және заттық өзара әсер» деп анықтама береді. Адамның дамып жетілуіндегі ерекшеліктерге байланысты ұстаздар оқушыларға ілтипатпен көңіл аударып, сеніммен қарау керек. Егер олар оқушыға әлі де бала деп қарайтын болса, онда оқушы мұндай көзқарасқа қарсы шығып, өз қарсылығы мен наразылығын сөзі, ісі, мінез қылығы арқылы білдіреді. Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл қозғалысына, іс әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзбен қарайды.

Ересек адамдармен салыстырғанда мұғалім мен жеткіншектер арасындағы қарым-қатынас өзара күрделі. Өйткені, мұндағы бірінші жақ мұғалім. Ол толық қалыптасқан, моральдық этикалық жағынан жетілген, мінез-құлқы орныққан адам. Екінші жақ жеткіншек жастағы оқушылар. Мұғалім мен олардың ойлану, түсіну сипаттары әр түрлі деңгейде. Мұғалімдер мен оқушылардың кейбір құбылысқа, сөздерге немесе қылықтарға беретін бағалары да әр түрлі. Кейде қарама-қарсы болуы мүмкін [2, 52 б.].

Психологияда қарым-қатынас мәселесін Леонтьев А.А., Петровская А.А., Анисимова О.С., Бодалев А.А., Лисина М.Павлов К.Г. және т.б. Осы аталған ғалымда қарым-қатынас ұғымына өзінше анықтама береді. Леонтьев А.А. «қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді. Қарым-қатынасқа жалпы анықтаманы Б.М. Ломов берді: «... қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формалары, деңгейлері, түрлері жайлы және оның құрамдас бөлімдері сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуниканттардың өзара әрекеттесуі жайлы сөз қозғайды. Б.Ф. Ломов қарым-қатынас деңгейлерін анықтайды:

  1. макродеңгей,
  2. мезодеңгей,
  3. микродеңгей.

М.И. Лисина қарым-қатынасты коммуникантивтердің өзара әрекеттесуі деп санайды. Ол Выготский тәрізді мақсаттық бағдардың қажеттілігін көрсетеді. Бұған қарағанда В.Н. Панферов нақтырақ анықтама береді: «Қарым-қатынас адамдардың өзара әсерлеуі болып іс әрекет процесінің жағымды қатынас құру мақсатында коммуникация құралдары арқылы алмасады». В.В. Богословский берген анықтамасында «қарым-қатынас өзара түсінісу, өзара әсет ету, ақпарат алмасуда көрінетін психикалық контакт туатын адамдар арасындағы психикалық контакт орнату» делінген. Бодалев А.А. қарым-қатынасты іс әрекеттің ерекше түрі деп, қарым-қатынасты адамның тұлға және іс әрекет субьектісі және жеке даралық ретінде дамуының негізгі факторы болатынын атап өтедіҚарым-қатынастың тәрбиелік мәнін ол тек дүниетанымды дамытуға ғана емсе, сонымен қатар, тұлға интеллектісінің дамуындағы роліне тоқталған Г.А. Андреева өзінің «әлеуметтік психология» еңбегінде қарым-қатынас мәселесіне қатысты әлеуметтік-психологиялық тұрғыларды интеграциялауға тырысты [3, 125 б.].

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Қарым-қатынастың маңызды бес функциясын бөліп қарастыруға болады. Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда испан епископы былай деп жазған екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі». Отызыншы жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: екі клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде бала өлімі жоқ, ал екіншісінде балалардың үштен бірі шетінеген.

Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесе нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады [4, 221 б.].

Атақты ағылшын психологы Р.Д. Ленг бекітілмеу көптеген психологиялық ауру әсіресе шизофрениялық себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша басқа да зерттеулер көрсеткеніндей эндогенді психоз бен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттелінген балалар ауырады екен.

Адамдар өміріндегі әртүрлі дәстүрлер амандасу түрліше көңіл аудару рәсімдері «бекітілу терапиясы» деп саналады. Қарым-қатынастың төртінші функциясы жеке адамдар арқылы қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар «сүйкімді сүйкімсіз, ұнайды ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді.

Әрине эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарымқатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті рольдік қатынасына да өз әсерін тигізеді. Келесі бесінші функциясы «жеке адам ішілік функциясы». Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы диалог типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қалыптастыруға болады. Осыған байланысты Л.С. Выготский былай деген: «Адам өзімен-өзі болғанда қарымқатынас функциясын сақ-тайды».

Сонымен біз қарым-қатынастың түрін, формалары мен функцияларын қарастырдық. Әлеуметтік психологияда баса назар аударылатыны жеке адам аралық тікелей қарым-қатынас түрі [5, 152 б.].

Жеткіншектің тұлғалық қалыптасуындағы қарым-қатынас жасау аумағы көп деңгейде кеңейеді. Ол жеткіншек өмірінде қарым-қатынас маңызды жайттарды іске асыратын басты аймақ болады, оның қоғамға деген, өзіне деген барлық қатынастар саласы қайта құрылады. Жеткіншектің кезеңде өзін-өзі тануының жаңа деңгейі қалыптасады. Жеткіншек өзінің қасиеттерін, басқа адамдармен өз кемшіліктерін және құқықтарын салыстыра келе өзін бағалайды, осының барлығында ол әлеуметтік қабылдаған эталондармен критерийлерге сүйенеді. Жеткіншектің өзінің мүмкіншіліктерімен өзін бағалауы оның басқа адамдарға қадала зейін қоюы арқылы жүзеге асады. Сондықтан қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас объективті де субъективті түрде бірінші деңгейлік маңыздылық болып тұрақталады. Жас жеткіншектің қарым-қатынас жасаудың екі саласы тән – үлкендермен қарым-қатынас және құрбылармен қарым-қатынас. Оның тұлғалық қалыптасуында осы екі саланың рольдері әр түрлі.

Бірінші салада жеткіншек баланың қоғамдық маңызды критерийлерін меңгереді, мінез-құлықтың мақсаты мен түрткісін сондай-ақ әрекет тәсілдерімен қоршаған ақиқат нәтижесінің тәсілдерін меңгеріп, басқарушы ролін атқарады. Ал екінші салада ол өзімен тең дәрежедегілермен бетпе-бет соқтығысып, проблемаларға соқтығысады, яғни құлықтылық және этика проблемаларымен үлкендермен қарым-қатынас кезінде ол жолдастық қатынаста болса кішкентай қалпында болады. Яғни бағынушы ретінде, бұл қалыпта құлықты – этикалық нормалардың барлығы тәжірибеде меңгерілген жоқ, тек қана құрбылармен қатынаста ол белгісі бойынша формальды түрде тең дәрежеде болады.

Жеткіншек үшін жолдастарымен қатынас ерекше маңыздылыққа ие болады. Достар жолдастар жеткіншек өміріне маңызды табиғи орта. Ол осы жолдастары арасынан еліктеуге болатын үлгіні таңдап, сол деңгейге жетуге ұмтылады. Құрбылармен қарым-қатынас жасау ролі жеткіншек өмірінде сөзсіз өте биік. Бірақта сонымен қатар оның формалары мен мазмұны, сипаты мен тәсілі – жеткіншектің үлкендермен қалыптасатын қатынастармен анықталады. Жеткіншектер үлкендер сияқты болуға тырысады, ол оның құқығы мен мүмкіншілігіне ие болғысы келеді. Осы жеткіншектің дамуының соңғы қорытындысы сол, ол үнемі үлкенмен теңескісі келеді. Бірлескен іс-әрекетте үлкендер жеткіншектің тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндікке жетеді. Сондықтан жеткіншекпен қатынаста дұрыс позицияны тауып алу өте қажет.

Ата-аналарды жас жеткіншекпен қандай қатынас орнатуды алаңдатады. Бәрімізге белгілі ешқандай беделсіз тәрбие мүмкін емес [6, 95 б.].

Енді жас жеткіншектердің ата-анаға, тәрбиешілерге қандай талап қоятындарын, өздерімен қарым-қатынаста біздің қалай болғанымызды қалайтындарын қарастырайық. Бұл екі талаптар сипаты бір-біріне қарсы. Осы екеуінің өзара қатынастарындағы қарсылықты В.А. Сухомлинский былай қарастырады«Мені аямаңдар, менің артымнан аңдымаңдар, итермеңдер, менің әр қадамымды бақыламаңдар, мені кішкентай санамаңдар. Мен өзіме өзім жауап бере аламын. Мені біреу жетектегенді қаламаймын. Менің алдымда биік шың. Бұл менің өмірімнің мақсаты. Мен оны көремін, оны ойлаймын, оған жеткім келеді, бірақ осының бәріне өз бетіммен ғана қол жеткізгім келеді. Мен алғашқы қадамдар жасап көтеріліп келемін, мен оны таныған сайын, адамдар мені тани бастайды. Ал, осы алдымдағы ашылулар шектелсе, мен қорқа бастаймын. Маған үлкендердің қолдауы керек. Мен өз шыңыма ақылды адамның иығына сүйеніп қана жете аламын. Бірақ мен мұны айтқанға қорқамын, әрі ұяламын. Ал мені біреулер күшті, өзіне шамасы келеді деп санағандарын қалаймын». Ал осы қиыншылық пен қайшылықты жеткіншектің ішкі әлемін үлкендер осы түсінік негізінде біліп, осының негізінде онымен қатынасын құрулары тиіс. Үлкендер жас жеткіншектердің досы болулары тиіс. Бірақ ерекше, өте жақсы дос болуы тиіс. Бұл үлкендердің әлеуметтік позицияларына ғана шартталмай, осы үлкен орындауы тиіс болатын психологиялық функциямен де шартталуы тиіс.

Жеткіншектің дамуына оның өмір шартының маңызы зор. Бірақта бұл шарттар өз-өзінен тұлғаны қалыптастырмайды. Маңыздылығы сол, осы шартта жас жеткіншек қандай орын алады, және оған ол қалай қарайды, қандай әрекет жасайды [7, 34 б.].

Нақты шарттарда жеткіншектің ісәрекеті үлкендермен ұйымдасады. Олар жас жеткіншектің міндеттерімен құқықтарының шеңберін қалыптастырады, қатынастарын қалыптастырады, яғни психологтар жас жеткіншектердің дамуында оның тұлғалық қалыптасуын анықтайтын әлеуметтік ситуациясы деп атайтын қатынастарды тудырады. Жеткіншекке үлкендермен біріккен іс-әрекет өте қажет. Және де олардың ортақ қызығушылықтары болуы тиіс. Жас жеткіншек үй шаруашылығында көмекші болуы мүмкін, үй шаруашылық істерде кеңесші болуы да мүмкін. Біріккен әрекеттерде тек қана ата-ана ұлдарының немесе қыздарының мінездерін біліп қоймай, олардың өздері де керісінше ата-аналарын танып біледі. Жеткіншек ересектердің рухани өміріне қол жеткізіп, олардың ойларын және алаңдауларының тереңдігіне үңіледі, адамдармен қамқор және сыпайы қатынаста болуға үйренеді. Ата-аналар жеткіншектерге көп нәрсе бере отырып, одан көп нәрсе сұрауға да құқылы. Тек қана екі жақтық сыйластық, екі жақтық қамқорлық және көмек, сенімділік, адалдық қатынастар арқасында жас жеткіншектің мінез-құлқы, әдеті осыған сай формада болады [8, 74 б.].

Көптеген ата-аналар жеткіншекті тәрбиелеу кезінде қақтығыссыз болмайды деп санайды.Осы жаста шынымен де жеткіншектерде психологиялық ерекшеліктер туындайды, ал бұл ерекшеліктер ата-аналар алдына жаңа тәрбиелеу міндеттерін қояды. Жеткіншекті тәрбиелеу кезінде қиыншылықтарды жою үшін алдымен жанұя өмірінің есті ұйымдасуы керек. Жанұяда бірбіріне деген сыйластық, бір-біріне деген еңбекке әрқайсысының міндеті мен құқығына деген сыйластықтары болуы тиіс. Кейде біз жеткіншектің қандайда бір жұмысты талап етеміз, біз оның осы күнгі жоспарымен санаспаймыз.

Жеткіншектің ішкі сезіміне аса бір Абайлықпен, түсінушілікпен қарау тиіс, оны тыңдай біліңіз, егер дұрыс айтса, келісіп, қате айтса жөндей біліңіз. Жеткіншекке қойылған талаптар дұрыс аргумент телуі керек.

Тәрбиелеу өзара әрекеттердің жазалау, мадақтаулардың таңдауы А.С. Макаренконың формуласымен анықталуы тиіс:

«Адамға қанша талап қойылса, соншама сыйластық керек» [9, 174 б.].

Жеткіншектік кезеңнің ерекше, ерекшеліктерінің бірі – тұлғалық тұрақсыздық. Ол алдымен жиі болатын көңіл-күй өзгеруінен аффективті, «буырқанудан» яғни ағза физиологиялық қайта құрулар жыныстық жетілу процестерімен байланысты болған эмоционалды кабелдіктің әсерінен болады. Л.С. Выготский жазғандай «Жеткіншек тұлғасының құрылымында ешқандай тұрақтылық, орнықтылық, қозғалмаушылық жоқ».

ХХ ғасыр ортасында дүниенің әр түпкірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамамен бір уақытта пайда болып қала бастады. Өзеков сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеумет танымдық психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара әрекеттестік байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданады. Сонымен қатар қарым-қатынас контактісінде өзара әрекеттесуді қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары адам қабілетімен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қарым-қатынас деп екі немесе одан да көп адам қатынас жасап, реттеуімен ортақ нәтиже болуға мақсат етіп келісіммен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.

Жеткіншектік кезеңде балалар бір-бірімен араласу қарым-қатынасына түседі. Жеткіншектің балалық қызығушылығы қалып, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасы өзгере бастайды. Жетіле келе жеткіншек өзінен үлкен кісілерге талап қойып, өзінен кішкене бала сияқты қарымқатынасқа түсуге қарсылық білдіреді. Жеткіншек өзінің құқықтарының ұлғаюын талап етеді. Үлкендердің өзара түсінбеушілігінің әсерінен жеткіншектерде әртүрлі тыңдамаушылық, қарсы шығушылық реакциясы пайда болады. Егер ересек адам жеткіншектің қарсылықтарын түсінетін болса, ол оның қарым-қатынасының өзгеруін оңай жолмен шешеді, әйтпесе осы кезеңде ішкі және сыртқы қарсылық пайда болады. Оған жеткіншекте, үлкен кісі де қатысты болады. Ересек кісілер мен жеткіншек тердің арасындағы келіспеушілік, олардың құқық туралы ойлары мен міндеттерінің келіспеушілігінен туындайды. Ескертулер мен келіспеушілікті жеңу маңызды шарт болып табылады. Егерде ол туындаса, бұның бәрі жеткіншектің жауапкершілігінің және оның істеріне еркіндік беруде білдіреді. Ересек адамдар мен жеткіншектердің арасындағы келіспеушілікті шешу үшін олардың арасында сенімділік, достық, өзара сыйластық қарым-қатынасы орнау керек. Бұндай қарым-қатынастың пайда болуы жеткіншектің қандай да болмасын маңызды істерді шешуге көмектеседі. Жеткіншектік кезеңде балаларды психологиялық жетілуге байланысты екі түрлі қарымқатынас орнайды: бірі үлкен кісілермен, екіншісі – құрбыларымен. Оның екеуі де мектеп кезінен дами бастайды. Екеуі де бір әлеуметтік ролді атқарып, олар кейде бірбірімен қарама-қайшы келеді. Құрбыларымен қарым-қатынас тең құқықта құрылса, ал мұғалімдермен және ата-аналармен олар тең дәрежеде болмайды. Достармен қарымқатынас жеткіншекке оның интеллектуалды қызығушылығымен қажеттілігіне көп пайда әкелетіндіктен, олар мектеп отбасынан арырақ кетіп, уақытының көбісін достарымен өткізеді.

Кейбір құрбылар жеткіншектік кезеңде балалар арасындағы қарым-қатынаста қатаң ережелерге бағынады. Қызығушылық пен проблема мәселенің ұқсастығы жеткіншектердің қобалжуына әкеп соқтырады. Достарының арасында оның әңгімелесуі, үлкен кісілердің қоғамына қарағанда жеткіншектер үшін олардың тобы атмосфераны қызықты етеді. Мектеп жасындағы балалармен қарым-қатынас және олардың бір-біріне деген қызығушылығымен байланысты жеткіншектер арасында екі түрлі қарым-қатынас проблемасы пайда болады: біріншісі жеткіншек жастың басталуы, екіншісі – аяқталуы. Есейе келе балаларда қарым-қатынастың үш түрі пайда болады. Ішкі эпизодтық контактілер қызығушылық пен қажеттілікті қанағаттандырады. Достық қарым-қатынастағы, араласу олардың өзара білімдерін айырбасталуына әкеп соғады. Достық қарым-қатынасқа тұрақтануы олардың эмоционалдық – жеке мінездері кейбір сұрақтарды шешуге көмектеседі [10, 374 б.].

Жеткіншектік кезеңнің екінші жартысына өткенде қарым-қатынасы өз бетінше болып, маңызды өмірлік роль атқарады. Жеткіншектер бұл кезде үйде отырмайды, олар достарына қарай топтасып, өмір сүруге ұмтылады. Бұл жеткіншектік кезеңнің өте бір маңызды белгісі. Жеткіншектің достарымен жағымсыз қарым-қатынасы оларға өте ауыр тиеді. Көптеген жеткіншектерге бұндай жаста достарын жоғалтуы тұлғалық драма сияқты болады. Жеткіншектерде достық қарым-қатынас бірінші орында болады. Бұндай қарым-қатынас атмосферасы басқа адамға деген сыйластықтан, сенушіліктен, әдептіліктен, көмек көрсетуден тұрады. Көбінесе жеткіншектер топтарында өзімшілдік, өз сөзінде тұрмау, достарын айырбастау, бұйрық беруге ұмтылу, достарының ойларымен келіспеушілік ортаға салынады.

Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен жеткіншектер арасындағы қарым-қатынас мәселесі басты орын алады. Бұл қарым-қатынасты анықтауда арнайы «педагогикалық қарым-қатынас» деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А. Бодалев, В.А. Кан – Калик, Я.Л. Коломинский, В.А. Петровский, А.А. Леонтьев т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипатталады. Жеткіншектердің қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер негізінен байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вербалды тестік әдістерге сандық сапалық жағынан бағалауға эксперттік бағалауға негізделген.

Сонымен қатар жеткіншектермен жүргізілетін диагностикалық жұмыстың коррекциялық, дамытушы әсер де оған параллель болу керек деп санаймыз. Мәселеге қатысты психологиялық-педагогикалық зерттеулерді түпкілікті талдау жеткіншектердің ойын әрекеттерін олардың қарым-қатынас сипатын анықтауда аса тиімді екеніне көз жеткізді. Жеткіншектердің басқа балалармен қарым-қатынас құру арқылы өз-өзін тануы бағалау мүмкіндіктері болады (И.И. Чеснокова, Ф.В. Драгунова, Д.Б. Эльконин, И. Непомнящая және т.б.).

Жеткіншектердің басқа адамдармен қарым-қатынас құруында әр баланың ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктер айқын көрінеді. Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы әлеуметтік роль мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ халқының адамгершілік құндылықтары қарым-қатынаста ескерілуі қажет. Алайда, қарым-қатынас әсіресе жеткіншектік кезеңдегі коммуникативтік іс-әрекеттік мәселелеріне қатысты зерттеулерде жеткіншектердің әлеуметтік ортасында этно-мәдениеттік факторлар әлі күнге қарастырылмауға [11, 434 б.].

Жеткіншектерді оқыту және тәрбиелеуде, олардың психологиялық даму заңдылықтарын әрдайым ескере отыру керек.

Кейде «қарым-қатынас», «әлеуметтік қатынас», «тұлғалық қатынас» түсініктерін теңестіру тенденциялары көрініс береді. Бірақ бұл түсініктер өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тепе-тең болмайды, себебі олардың өз өзгешеліктері болады. қарым-қатынас өзіне: топтар арасындағы топтар мен ұйымдардағы әріптестер, әрекет субьектілері арасындағы ақпарат алмасуын; субьектілерінің бірлескен міндеттерді шешу үрдісіндегі адамдардың бірінбірі қабылдауы мен түсінуін топтастырады.

Қарым-қатынастың түрлері қандай да бір пәнге бағытталғандығымен сипатталады. Осыған байланысты қарым-қатынас түрлерін бөліп қарастыруға болады. Бұған педагогтың жеткіншектермен арасындағы қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін жатқызуға болады. Педагогикалық қарым-қатынас оқу-тәрбие үрдісінде оқушы тұлғасына әсер етуші құрал ретінде қызмет етеді. Педагогикалық қарым-қатынас өзіндік ақпарат алмасуы бар, коммуникативтік құралдардың көмегі арқылы өзара қатынастар мен тәрбие құралдарын жүзеге асырушы біртұтас жүйе болып табылады. Мұндағы күрделі міндеттердің бірі нәтижелі қарым-қатынасты жүзеге асыру, ол үшін педагог бойын бойына коммуникативтік біліктерді дамытудың маңызы зор. Педагогикалық әрекет үрдісінде қарым-қатынастың келесі ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:

  • қарым-қатынастың нақты стилі:
  • педагогикалық әрекеттің белгілі бір кезеңіне тиісті қарым-қатынас жүйесі;
  • педагогикалық және коммуникативтік міндеттерді шешуде туындайтын қарым-қатынастың ситуациялық жүйесі.

Қарым-қатынас астарында педагог пен жеткіншектің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. Қарымқатынас стилі және келесі түсініктер тығыз байланысты:

  • мұғалімнің коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері;
  • педагог пен жеткіншектердің өзара қатынастарының сипаттамалары [12, 234 б.].

Педагогикалық қарым-қатынас ұтымды болу үшін педагог пен жеткіншектердің қадірлейтін заттарын, идеяларын, қажеттіліктерін ескеріп отыру қажет. Сонымен қатар осының бәрі педагог пен жеткіншектермен тікелей қарым-қатынасқа түсетін педагогтың ішкі тікелей қарым-қатынасқа түсетін педагогтың ішкі көкейінен маңызды орын алуға тиіс. Тек сонда ғана әрбір субъектімен жеке жұмысын жүргізуге тиімді амал-тәсілдерді қолдана алады. Кейбір адамдар алдымен адамның жағымсыз жағын көруге дағдыланады. Сондықтан да ондай адам басқалардың жан күйіне ой жүгіртіп жатпайды, оны тіпті елемейді. Сөйтіп қатыгездік жасауға дайын тұрады. Ал білім беру жүйесіндегі педагогтар үшін бұл қылық жарамайды.

Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы «адам-адам» жүйесіне негізделеді, оның күрделілігі де сонда, бұл процесс жеке тұлға қалыптастыруға негізделген. Оқу процесі бір-біріне байланысқан күр-делі мұғалімнің (оқыту) және оқушының (оқу) іс-әрекеті негізінде қалыптасады. Әр

тиіс.

субъектінің әзінің белгілі бір қызметі болаты. Мысалы, мұғалімнің міндеті білімді хабарлау ғана емес, білімді игерту, іс-әрекет мен тәсілдерін басқару. Ал, оқушының міндеті білім алу жолы мен тәсілімен, оны сақтау, қайта өзгерту, пайдалану сапаларын игеру негізінде өзін-өзі тәрбиелеу.

Американ психологы Дж. Брунер еңбегінде былай делінген: «Білуге деген қызығушылық пен жаңаны білуге деген талпыныс адамға ғана тән». Оны байқау және дамыту оңай емес. Егер біз оқушыны қызықтыра алмасақ, оның қызығушылығы біртіндеп жойылады. Ал, егер біз оның қызығушылығын туғызсақ, ол біртіндеп жоғарлайды, ол ізденетін болады. Бұл ретіндегі, оқудың өмірмен байланысты болуы – білімнің саналы қабылдануының негізгі шарты.

Мұғалім өз оқушыларының қасиеттеріне қалай көңіл аудару қажет екендігін өзі анықтауы қажет, мұнда мұғалім педагогикалық оқыту процесті ұйымдастырғанда оқушылардың психологиялық ерекшелігін, мінезін, даму деңгейін, сол пән бойынша білім деңгейін, тәжірибе деңгейін ескеріп, әр оқушыға жеке қарым-қатынас орнатуы

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Вадмаев Б.Ц. Психология в работе учителя. – М.: «Просвещение», 2000.
  2. Кулюткин Ю.Н. Психологические знание и учитель. // Вопросы психологии, 1983. №3. Б. 51 53.
  3. Общение и формирования личности школьника. – М., 1987.
  4. Баранова С.П. Педагогика. – М., 1986.
  5. Зязюна И.А. Основы педагогического мастерства. – М., 1989.
  6. Чернявская А.П. Педагогическая техника в работе учителя. – М., 2001.
  7. Кондратьев С.В. Типические особенности педагогического взаимодействия // Вопросы психологии, 2000.3. Б. 34 36.
  8. Леонтьев А.А. Психология общения. – М.2005.
  9. Бодалев А.А. Личность и общение. – М., 1987.
  10. Столеренко Л.Д. Основы психологии. – М.1999.
  11. Социальная психология личности. – Л., 1974.
  12. Запорожец А.В. Избранные психологические труды. – М., 1986.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.