Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Зерттеу жұмыстарында жобалау технологиясын қолдану

21 ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдылықтарының бірі – заманауи жаңа технологияларды қолдану. Ол білім алушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cоореrаtivе lеаrning» бірге үйрену деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.

Жобалап оқыту технологиясы ең алдымен оқу барысында оқушыны өз бетімен ізденді отырып, іс жүзінде неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты əрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Оқу барысында білім алушыны өз бетімен ізденді отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. Жобалау технологиясы 19ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін салған Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау бұл технологияның негізі. 20шы ғасырдың басында жобалау технологиясы Ресей педагогтардың назарын өзіне аудара бастайды. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты, бұл әдістеме кеңінен таралмай, тоқтап қалды.

  • Жоба жұмысымен жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдердің болмауы.
  • Жоба жұмысының әдістемесінің жасалмауы.
  • Жеке баға мен сынақты ұжымдық сынаққа көшіру салдарынан жеке оқушы білімінің төмендеуі т. б.себептер.

Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ-та, Англияда, Австралия және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты. Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады. Әрине, уақыт өткен сайын бұл технология да бірқатар өзгерістерге ұшырап отырды. Еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі біртіндеп «тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр.

Бұл технологиялық оқудағы оқытушы мен білім алушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Бұл технологиядағы жобаның түрлері:

  1. Ғылыми жоба;
  2. Шығармашылық жоба;
  3. Ойын түріндегі жоба;
  4. Ақпараттық жоба.

Жоба ұзақ және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді.

Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт бағдар алады. Сонымен, жобаның тиімділігі көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.

Жоба жұмысының қорытындысы – жазбаша немесе ауызша есеп. Мультимедиялық презентация, фильм, қойылым. Интернет жүйесіндегі бет, дайындалған макет, модель ретінде көрсетіледі.

Білім алушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.

Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі. Мысал ретінде Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің «Бастауыш білім» мамандығының бірінші курс студенті Ұябаева Айдана дайындаған ғылыми жобасындағы технологияның қолданысын ұсынып отырмын.

Жобаның шығармашылық тақырыбы: “ Біз білмейтін даралар көп, дана көп ...” Жобаның мазмұны

Кіріспе

  1. Хасен Зәкәрия өмірі, қызметі
    1. Хасен Зәкәрияның өмір жолы
    2. Отбасы ошақ қасы
  2. Хасен Зәкәрия шығармашылығы
    1. Ақын келбеті
    2. Сатирик жазушы Қорытынды Қолданылған әдебиеттер

Зерттеудің өзектілігі: Хасен Зәкәрия біз біле бермейтін қазақтың дара да, дана тұлғасы. Жерлес ақын, сатирик-жазушы, тілші, айтыстың майталманы Хасен Зәкәрияның өмір жолы, қызметі, шығармашылығының шынайылығы көкейкесті. Тақырып өзектілігі осында.

Зерттеудің мақсаты: Хасен Зәкәрия мұрасы – жан-жақты мұра. Оның жыр, сыр әлеміне, әңгімелері мен сатиралық қалжыңдарына терең бойлау арқылы біз білмей жүрген дара да, дана екендігін ашу.

Зерттеудің міндеттері:

  • Хасен Зәкәрияның өмір жолын, қызметін, отбасын тану;
  • Хасен Зәкәрияның өлеңдерінің тақырыптарын, идеясын ашу.
  • Хасен Зәкәрия әңгімелерімен қатар сатиралық қалжыңдарының мән-мағынасын, мазмұнын ашу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сауалнама, жүйелеу, салыстыру, әңгімелесу, талдау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: таныстырылдым, отбасымен түскен фотолар, шығармалары жарық көрген кітаптар көрмесі.

Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері көрсетілді. Хасен Зәкәрия өмірі, қызметі тарауы «Хасен Зәкәрияның өмір жолы» және «Отбасы ошақ қасы» атты бөлімдерден тұрады. Алғашқы бөлімнен ақынның туған жері, шыққан ортасы, алған білімімен, қызметімен танысамыз. Осындай деңгейге жетуге, табиғи дарынынан басқа, қолдау көрсеткен отбасы туралы білеміз. Екінші Хасен Зәкәрия шығармашылығы тарауы «Ақын келбеті» және «Сатирик – жазушы» деген бөлімдерден тұрады. «Ақын келбеті» бөлімінде «ақын» деген ұлы атқа лайық екендігі дәлелденеді. Өлеңдеріндегі әлеуметтік өмір шындығы, халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-сана ерекшелігі, еліне, жеріне, халқына деген сезімі, сүйіспеншілігі, досқа адалдығы аңғарылады. Хасен жырлаған тақырыптар қиялдан туған емес, өмірдің өз болмысынан туған шынайылық екені дәлелденеді. «Сатирик – жазушы» бөліміндегі әңгімелері, қалжыңдарының басты кейіпкерлері ел ішіндегі қарапайым халық, шынайы ауыл өмірі. Ауыл адамдарының арасындағы жылы қарым-қатынас, мейірімділік сипатталады.

Тақырыпты ашу мақсатында Хасен Зәкәрияның қаламынан туындаған өлеңдерінен, әңгіме, қалжыңдарынан үзінді келтірілді. Жерлес ақын, жазушы, тілші Хасен Зәкәрияның мұрасы мәңгілік.

Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысына қорытынды жасалды. Ақынның өмірі мен ісі халықтың өнегелі қазынасына айналған тіршілігі мен игілікті ісі жөнінде жазу біздің міндетіміз. Өйткені үлкен адамдар туралы жазу дегеніміз, олардың өмір тарихын зерттеу болып табылады. Олардың игілікті істерін, тіршіліктегі ғибратын кейінгі буындар тек ойланып, жіті зерттесе ғана іске асырып, бойына сіңіріп, өз игілігіне пайдалана алмақ. Өнегелі адамдардың өмір тарихында өз кезіндегі тіршілік жетістіктері, тәжірибесі жинақталған. Бұл тәжірибені мейлінше пайдаланбайынша халықтар алға қойған мақсатына жету жолында ойдағыдай жедел ілгерілей алмас еді. Бүгінде аса дарынды ақын, жазушы, тілші, қоғам қайраткері Хасен Зәкәрия қызметі, мамандығы, лауазымы және қоғамдағы орны жағынан ерекше оқшау тұратын адамдар қатарына жататына ешкім де шүбә келтірмес. Ендеше ағаның бір өзін бірегей құбылыс деп те қарастыруға болады.

Зерттеу жұмысын дайындауында алға қойған мақсат-міндеттер жүзеге асты. Жоба баяндама түрінде облыстық деңгейде Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде өткен ғылыми-шығармашылық конференцияда презентация көмегімен қорғалып, марапатқа ие болды.

Қазіргі бәсекесі заманында тек білімді, жан-жақты дамыған тұлға қоғамға пайдасын әкеледі. Сондықтан жоба әдісі жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызы зор. Зерттеу жұмыстарын дайындауда жоба әдісін қолдану өте тиімді.

 

ƏДЕБИЕТТЕР

  1. Дьюи Дж. "Школа и общество " (1925) цит. "Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе " / "Лицейское и гимназическое образование", вып. 4, 2003. с. 4.
  2. Килпатрик У.Х «Метод проектов. Применение целевой установки в педагогическом процессе». (1928) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. 4, 2003
  3. Хамитова Ғ. Қазақ тілі сабағында жаңа технологияны қолдану // «Қазақ тілі: әдістеме», №7, 2014 ж.
  4. Пахомова Н.Ю. Проектное обучение –что это? // Методист, №1, 2004 – С. 42
  5. Хасен Зәкәрия. Қалжыңға қалай қарайсыз. Алматы, 2014.
  6. Хасен Зәкәрия. Бір үзік сыр. Алматы, 1995.
  7. Хасен Зәкәрия. Төртінші мүшел. – Алматы, 2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.