Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзіреттілігін дамытудың жолдары

Бағалау үрдісін анықтайтын бірқатар анықтамалар бар және осыдан шығатын болсақ, мұғалімдердің түсінігінде мектепішілік бағалаудың және оны іс-жүзінде пайдаланудың бірнеше ұқсас түрлері бар. Б. Бойл, M. Чарльз, 2010

Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі құрылуда. Білім беру парадигмасының орын алмасуы: жаңа мазмұн, өзгеше жағдай, өзгеше қарым-қатынас, өзгеше тәртіп, өзгеше педагогикалық менталитет қалыптасуда. Білім беру мазмұны жаңа ақпарат алмасу, ғылым мен нарық практикасындағы проблеманы шығармашылық түрде білім беру процесінде жеке тұлғаға бағытталған дағдылармен байытылуда. Педагогикалық технологиялар, жалпы білім беру деңгейіне барабар ғылымның рөлі артып келеді.

Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану заман талабы. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлайтын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. Ол үшін ол жаңашылдыққа дайын болуы керек. Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Жаңа заман мұғалімдерінің білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, оқыту мен тәрбиеге жаңа әдістер мен технологияларды енгізе алатын зор шығармашылық әлеуеті бар. Озық технологияларын қолданып, білімді меңгерту әдістері жетілдіргенімен бағалау бұрынғы жүйеде қалды. Сондықтан оқушы танымындағы өзгерістер мен жетістіктерді бағалау сипаты арасында қайшылықтар қалыптасты. Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі білім сапасын бағалау жүйесін жаңартуды талап етіп отыр.

Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымды қарым қатынасты орнату, оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктерін жою, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашу үшін критериалды бағалауды қолдану керек. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: мектепте оқыту сапасын жоғарылату; мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері: сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға; бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті; жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға; әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге; оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға; сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалаудың маңызы: Мұғалімдер үшін:

  • Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
  • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
  • Сабақ берудің сапасын арттыруға;
  • Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
  • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге Оқушылар үшін:
  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
  • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін:

  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді; оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;

Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Дескриптор жетістік деңгейінің сипаттамасы.

Кесте 1. Критерийдің мазмұны

 

Критерийлер

Дескрипторлар

А

Білу және түсіну

Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу

В

Қолдану

Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану.Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады

С

Сыни ойлау және зерттеу

Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.

D

Коммуникация және рефлексия

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, факттар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.

Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Сурет 1. Критериалды бағалаудың түрлері

Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. Критериалды бағалау міндеттері оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтауға, оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауына, оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыруға, сондай-ақ оқу бағдарламасының тиімділігін бақылауға, оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз етуге негізделген. Осы орайда критериалды бағалаудың артықшылықтарына назар аударуға болады: Оқушылар нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білуге, түсінуге, рефлексияға қатысуға, яғни өзін және өз достарын бағалауға, нақты тапсырмаларды орындауда өз білімдерін қолдануға, ойларын еркін жеткізе білуге, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады. Қалай оқу керектігін пайымдайды. Критериалды бағалау мұғалімдер үшін де сапалы нәтиже алуға ықпал ететін критерийлерді құрастыруға, өз жұмысын талдап, жоспарлау үшін ақпарат алуға, оқу үрдісінің сапасын жақсартуға, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мол мүмкіндік береді. Біз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың ережелеріне сүйене отырып, оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға болатындығына көз жеткізіп келеміз. Тапсырманы орындау барысында оқушыларға ең алдымен критерий таныстырылып, олардың неден бағаланатынын айту керек. Оқушы бірте-бірте өзі де назар аударатын болады. Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал сол көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткендігінің дәрежесін анықтау. Ол тіл пәндерінде «тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым» деп аталады. Оқу мақсаттары оқушы бойында осы дағдылардың қалыптасуына негізделген. Сабақтарда белсенді іс-әрекеттерді, топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, оқушыны білуге жетелеу, ұмтылдыру мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді. Болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігінің негізгі құрылымдық компоненттерін анықтауда Ш. Таубаева, С. Мирсейітова, В.Е. Гаибова мен А.П. Чернявская, Г.Ж. Менлибекова, М.Ж. Жадрина, Д.П. Мучкин, А. Арғымбаева, К.Л. Кабдолова мен Г.У. Кунакова, А.А. Жайтапова, Ш. Курманалина, А.К. Мынбаева, Т.Е. Исаева, А.В. Xуторской, В.Д. Шадриков, Дж. Равен, Ю.Г. Татур, И.А. Зимняя, В. Байденко, С.Е. Шишов, Т. Баймолдаев, Ә.А. Саипов, К.Ғ. Аxметов, Н.И. Кабушкин, Р.С. Галькович және В.И. Набоков, О.С. Виxанский және А.И. Наумов, X.Ф. Xодеев, Е.Ф. Чапаева, М. Вудкок және Д. Фрэнсис еңбектері басшылыққа алынды. Соның негізінде болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігі дамуының өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды (2кесте).

Кесте 2. Болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігі дамуының өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері

Болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігінің жоғарыда көрсетілген деңгейлері оқушылардың білімдерін дұрыс бағалау құзыреттіліктерін дамыту жағдайын анықтауға және оларды қалыптастыруға бағытталған тиімді жұмыс жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігі оның шынайы өмірлік тәжірибеде бағалау іс-әрекетін жүзеге асыру қабілеттілігін сипаттайтындықтан, оның дамуының негізгі көрсеткіші – ол білімді критериалды бағалау іс-әрекетіндегі тәжірибесі болады. Яғни, болашақ мұғалімнің бойында критериалды бағалау құзыреттілігін дамытуда басты нәтиже – ол практикалық тәжірибе болмақ. Бұл жөнінде отандық ғалымдар Г.Ж. Менлибекова [14], Б.Т. Кенжебеков [15], Ш. Таубаева [22], М.Ж. Жадрина [23], Д.П. Мучкин [24] А. Арғымбаева [25], К.Л. Кабдолова мен Г.У. Кунакова [26] және шетелдік зерттеушілер Дж. Равен [16], А. Дорофеев [5], В.С. Кульневич [6], Г. Селевко [7], Н.В. Кузьмина [11], А.К. Маркова [12], В.Д. Шадриков [13], И.А. Зимняя [19] да өз еңбектерінде растайды. Сондықтан, болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігін дамытуда, жаңа жолдарды іздестіру қажет болып отыр. Тәжірибелік-эксперименттің қорытынды нәтижесі ЖОО болашақ мұғалімдерінің бағалау құзіреттілігінің айтарлықтай артқанын айғақтайды. 16 суретте көрсетіліп тұрғандай, бақылау тобындағы ЖОО болашақ мұғалімдерінің бағалау ісәрекетіне қатыспаған болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігі дамуының жоғары деңгейі 12,3 пайыздан 13,53 пайызға және орта деңгейі 25,75 пайыздан 29,46 пайызға ғана жоғарыласа, ал төмен деңгейі 61,9 пайыздан 57 пайызға дейін ғана азайды. Бұл нәтижелер ЖООдағы педагогикалық процестің болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігін дамытуда мүмкіншіліктерінің жеткіліксіздігін растайды

Тәжірибелік эксперимент нәтижелері эксперименттік топтағы ЖОО болашақ мұғалімдерінің критериалды бағалау ісәрекетіне қатысқан болашақ мұғалімдерінің критериалды бағалау құзыреттілігі едәуір өскендігін аңғартады. Нақты айтатын болсақ, эксперименттік топтағы болашақ мұғалімдердің критериалды бағалау құзыреттілігінің жоғары деңгейі 13,7 пайыздан 25,16 пайызға және орта деңгейі 26,13 пайыздан 53,3 пайызға өсті, ал төмен деңгейі 50,16 пайыздан 21,53 пайызға дейін азайды.

Аталған нәтижелер болашақ мұғалімдерді ЖОО-дағы өзбетіндік бастамаларға негізделген бағалау іс-әрекетіне қосу негізінде критериалды бағалау құзыреттілігін дамыту тиімділігін дәлелдейді. Аталған міндетті шешу үшін, еліміздің білім беру жүйесінің жаңа ұлттық моделін дамытуда негіз болып алынған құзыреттілік тұрғыны басшылыққа аламыз. Білім беру процесін құзыреттілік тұрғы негізінде ұйымдастырудың нәтижесінде, оқушылардың білімін критериалды бағалау іс-әрекет тәжірибесі қалыптасады. Оқушының белсенді іс-әрекет тәжірибесін меңгеруі үшін, ол білім беру процесінде «субъект-субъектілік» қатынасқа енуі тиіс. Сонымен, қорытындылай келе, бүгінгі қарқынды даму үстіндегі әлемде өз орнын таба алатын, өзін-өзі критериалды бағалай алатын, өз өмірі мен тағдырының қожайыны болатын өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғамымыздың әлеуметтік тапсырысы болып табылады. Бұл тапсырыс, еліміздегі болып жатқан қоғамдықсаяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге негізделіп отыр. Қазақстан Республикасының әлемдік кеңістікке ену жағдайында, бәсекеге қабілетті, саналы түрде белсенді іс-әрекет жасайтын мамандар еліміздің дамуының маңызды стратегиялық ресурсына айналады..Сондықтан, білім беру жүйесінің басты мақсаты оқушылардың субъектілігін дамуына жағдай жасайтын құзыреттіліктер жүйесін анықтау болып табылады. Осы құзыреттіліктер жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі критериалды бағалау құзыреттілігі болып отыр.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.
  2. httр://mооdlе.nis.еdu.kz
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан xалқының әлауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2008. – 6 ақпан.
  4. Назарбаев Н.Ә. Дағдарыстан жаңару мен дамуға: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан xалқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2009. – 6 наурыз.
  5. Дорофеев А. Профессиональная компетентность как показатель качества образования // Высшее образование в России. – 2005. №4. – С. 30-33.
  6. Кульневич В.С. Парадигмально-компетентностный подxод к разработке содержания педагогической деятельности. – М.2005. 98 с.
  7. Селевко Г. Компетентность и иx классификация // Народное образование. – 2004. №4. – С.138-141.
  8. Петровская Л.А. Компетентность в общении. – М., 1989. – 138с.
  9. Исаева Т.Е. Классификация профессионально-личностных компетенций вузовского преподавателя // Педагогика. – 2006. №9. – С. 55.-61
  10. Хуторской А. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы образования // Народное образование. 2003. № 2. – С. 40-47.
  11. Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения. М., 1990.
  12. Маркова А.К. Психология труда учителя. – М.1993. – 194 с.
  13. Шадриков В.Д. Новая модель специалиста: инновационная подготовка и компетентностный подход // Высшее образование сегодня. – 2004. №8. – С. 32-34.
  14. Менлибекова Г.Ж. Социальная компетентность: сущность, структура, содержание // Высшая школа Казахстана. – 2001. №4. – С. 153-159.
  15. Кенжебеков Б.Т. Сущность и структура профессиональной компетентности специалиста // Высшая школа Казахстана. – 2002. №2. – С. 81-84.
  16. Равен Дж. Компетентность в современном обществе. Выявление, развитие и реализация. – М., 2002. – 126 с.
  17. Ферхо С.И. Формирование профессиональной компетентности учителей по использованию электронных учебных изданий в процессе обучения: автореф. ... канд. пед. наук. – Караганда, 2005. – 26 с.
  18. Татур Ю.Г. Компетентность в структуре модели качества подготовки специалиста // Высшее образование сегодня 2004. №3. С. 20-26.
  19. Зимняя И.А. Общая культура и социально-профессиональная компетентность человека // Высшее образование сегодня. – 2005. №11. С. 14-20.
  20. Байденко В. Компетенции в профессиональном образовании // Высшее образование в России. 2004. №11. С. 3-14.
  21. Шишов С.Е. Понятие компетенции в контексте качества образования // Стандарты и мониторинг в образовании. – 1999. №2. – С. 21-25.
  22. Таубаева Ш. Стандартизация высшего профессионального образования: от базовой модели к компетентностной // Вестник Академии педагогических наук Казахстана. – 2005. №6. – С. 38-55.
  23. Жадрина М.Ж. Образование, ориентированное на результат, как новая модель школьного образования // Открытая школа. 2003. №12. – С. 3.
  24. Мучкин Д.П. Понятие «компетентность» в современном образовании // Вестник КазНУ, серия: «Педагогические науки». – 2005. №3(16). – С.20-25.
  25. Аргымбаева А. Теоретические основы коммуникативной компетентности как средства обновления языкового образования школьников // Менеджмент в образовании. – 2006. №3. – С.51-53.
  26. Кабдолова К.Л., Кунакова Г.У. Формирование компетенций как необходимое условие повышения качества образования // География в школах и вузах Казахстана. – 2005. №5. – С. 2-5.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.