Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Толеранттылық туралы ұғымның дамуына тарихи шолу

Қазіргі кезде толеранттылық және этникалық толеранттылық мәселелері туралы саясаттану, педагогика, медицина, мәдениеттану, философия, психология, мәдениеттану ғылымдары бойынша өткізіліп жатқан көптеген ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдерде талқыланып жатқан өзекті тақырыптарының біріне айналды.

Толеранттылықтың мәнін түсіну үшін ең алдымен «толеранттылық» түсінігі қашан және қандай себептер жағдайларда пайда болғанын білуіміз қажет? Ол үшін «толеранттылық» термінінің шығу тарихына тоқталып кетсек.

Толеранттылық бұл көпмағыналық ұғым, оның негіздері сонау ерте кезден Гераклит, Антифон, Аристотель, Сенек және т.б. ойшылардың пікірлерінен бастау алған. Толеранттылық түсінігі туралы ең алғашқы ойлар антикалық заманда басқа діндер мен сенімдерді түсіну, қабылдау ретінде пайда болады. Сократ индивидті космостан бөліп алуға ең алғаш талпынады, ол тұлға аралық қатынасты табиғаттан тыс күштердің болжауы ретінде емес, тұлғаның ерік-жігері мен мінезіне байланысты қарастырады. Сократ, алғаш индивидтің әлеуметтік мінез-құлқының феноменін, оның мінез-құлқын анықтайтын мотивтерін түсіндіреді. Платон мектептеріндегі шығармаларда еңбектегі шыдамдылық жақсылық үшін, қайғыдағы шыдамдылық жақсылық үшін деп «төзімділік» түсінігін сипаттайды. Бұл жерде қайғы рушылықты айтып тұрған жоқ, керісінде сабырлық, өзін ұстай білу, рухтың күшін баяндап тұр. Жалпы, Платонның көзқарасы бойынша, толеранттылық – ақыл-ойдың өзін-өзі қорғауы» деген. Қоғамның табысты дамуы үшін төзімділік міндетті екенін айтып өткен.

Аристотель бұл көзқарасты ары қарай дамытып, құндылық аспектісін бөліп көрсетеді: шыдамдылық – тәжірибелік мінез-құлық қасиеті ретінде және дағдыдан пайда болған этикалық қайрымдылық. Аристотель (б.з.д. 384-322 ж. ж. ) «Никомаховая этика» атты еңбегінде: өзіне мейірімділік көрсеткен адамға түсіністікпен қарайтын адамды жақсы деп есептеуге болмайды», «жақсы адам» өзгеге сондай қарым-қатынас көрсеткен адам, ал бұл қиын іс», − деп жазған.

Цицерон Марк Тулий tolerantia сөзін адамзаттың істеріне төзімділікпен қарайтын, данышпанның рухына қатысты қолданылды. Толеранттылықтың мазмұнды жағын Сократпен софисттер қарастырды. Стоиктер мен эпикурейцтер үшін «шыдамдылықты» азапқа шыдаумен байланыстырады, яғни, қатыгездік пен әділетсіздік қайрымдылық жасауға мүмкіндік береді және ерлік пен төзімділікке тәрбиелейді. Кейін стоиктер (Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий) ерте кезде стоиктер мен эпикурейцтердің айтылған негіздемесін біріктіруге талпыныс жасады, «шыдам» түсінігін ерлік үшін негіздеме деп түсіндірді(Сенека.

Рим императоры Марк Аврелий Антонионың (121-180 ж. ж.) «К самому себе» немесе «Наедине с собой» деген шығармаларында əңгімелесушіге толеранттылық қарым-қатынасты сипаттайтын жазбалар бар:

«Адамдарды сендіруге тырыс. Егер олар көнбесе өзің əділет заңына қарсы келме», «Оларға шын мейірім мен пайданы көрсет, бірақ тітіркенбей, сілкінбей», «Өзіңе айтылған нəрсені мұқияттың дауға дағдылан және өзіңмен сөйлесіп отырған адамның ойын толық қабылдауға ұмтыл. Адамдардың басшылыққа алатын əдет-ғұрпы мен күшін түсіну үшін мінез-құлқы мен əдеттерін жақсы білу керек» [4].

Марк Аврелий шыдамдылықтың адамгершілік құндылықтары: «әділеттілік, ақиқат, ақылдылық пен ерлік» болып табылатынын мойындады. Толеранттылық негіздері ретінде әртүрлі мәдени принциптер болды. Грек-рим өркениеті үшін негіз болған діни сенімділік болды.

Н.В. Круглованың «Толерантность: генезис и типология» өзінің еңбегінде тарихта толеранттылық белгілерінің болуына байланысты зерттеу жүргізді.Яғни, автор толеранттылықтың екі типін бөліп көрсетеді: христиандық және христиандықтан кейін деп. Христиандық типтің өзі полистік, имперлік деп екіге бөлінеді.Полистік тип антикалық демократияның тенденциясы басым азаматтық қоғам үшін тән және сыни рационализм, жоғары мәдениеттілік, жан-жақтылыққа бейім, саяси плюрализм мен діни тәжірибенің формаларының көптүрлілігінде көрініс тапқан. Имперлік типі діни плюрализм мен айқындалған көпұлтты, көпмәдениетті, көп дәстүрлікте саяси плюрализмнің болмауы тән. Толеранттылықтың христиандықтан кейін типі Реформация барысында қалыптасты.

Толеранттылық идеялар 16 ғасырда түпкілікті мойындаушылыққа ие болды.

Толеранттылық (tolerarе) түсінігі римдік авторлар алғаш енгізген, уақыт өте келе христиандық әдебиеттерде кеңінен танымал болады. Бұл ұғым бастауы ең алдымен «шыдау»«төзу», дегенді білдіретін «tolero» етістігінен бастау алған. Толеранттылық түсінігінде адам өмірінің қайғыру негізінде діни мағына қамтылған, яғни, христиандық сана-сезім. Төзім христиандықтардың рақымшылдығының негізінің бірі болып табылады. «Құдай шыдады және бізге әмір етті» деп христиандық өмірдің ережесінің бірінде айтылған.

Негізінен «толеранттылық» түсінігі еретиктерді догматтары мен салт-дәстүрлеріне төзі мүмкіндігімен байланысты қолданылады. Демек, толеранттылықтың алғашқы формасы дінге еріктілік болып табылады.

Толеранттылық ұғымына «еркінділік», «плюрализм» түсініктері жақын, Христиандықта толеранттылық этикалық принцип ретінде енгізіледі және өзінің мазмұнын діни рақымшылық ретінде алды. Барлық библиялық көз қайнарлары төзімділікке үндейді. Христиандық авторлар үшін төзімсіздік жын-перінің тудырған нәрсесі, ол адамда ашу, кекшілдік және өшпенділік тудырады деді.

В.М. Золотухин өзінің зерттеулерінде, төзімділік ерте христиандық этикада (Августин, Григорий және т.б.) аскетикалық нормативтік идеал арқылы күнәден арылу мүмкіндіктерімен байланыстыратынын айтқан. Бұндай жағдайда адам құтқаруға үміт тілік пен Құдайға сенімділікпен ғана қалады.

14-16ғғ. бастап ғылыми білімдерге қызығушылық туындағанда, моральдық радикализимнен моральдық компромисске және Құдайдың күнә өмірімен татуластыруға ауысу қажеттілігі туындайды. Демек, орта ғасырда «төзімділікті» адам құдайды ауызға алып, қайғы-қасіретке төзу ретінде қабылдады. Бұл жағдайда төзімділік пен төзу адамға байланысты емес, адамға Құдай, Шіркеу және басқа адамның төзімділік қарым-қатынас мүмкіндігіне байланысты деп түсіндірді. Осылайша ерте орта ғасырда «толеранттық» термині біздің зерттеу мәселемізге қатысты қолданылмағанымен, құдайдан өзге ешкім кіре алмайтын жабық әлем ретінде қабылданды. Сондықтан толеранттық жақын адамға деген махаббат және көнбістік түрлерінде көрініс тапты.

Біз христиандықтар үшін толеранттылықты көптеген философтардың еңбектерін қарастырдық, алайда Квинт Тертуллиан ерекше орын алады. Квинт Тертуллиан «Біреу Құдайды пір тұтса, басқасы Юпитерді» деген ой айтып, толеранттылықтың негізі адамға парыз ретінде артатын, тепе-теңдік болып табылады. Бұл тек төзімділікке байланысты болады, оны жағымды дағды және құтқарушы ретінде өзіңді шыңдауың керек [4].

Қазіргі кезде толеранттылық мәселесің тарихи-философиялық аспектілеріне арналған (В.М. Золотухин, М.Б. Хомяков, Н.В. Круглова, В.А. Лекторский, С.В. Скворцов, Б.В.Емельянов, Е.В. Магомедова, Р.Р. Валитова), ғылыми зерттеулер пайда болды. Зерттеушілердің еңбектерінде толеранттылықтың философиялық қайнарлары туралы сұрақта пікірталас туындайды. Бір авторлар Қайта өрлеу дәуірінде діни нанымдық мәселесінен толеранттылық генезисі туралы көзқарасты қолдаса, а басқа авторлар толеранттылық діни нанымдық ретінде Реформация дәуірінде келді деді.

Толеранттылық» түсінігіне байланысты екі негізгі түсіндірме қалыптасты: төзімділік (patientia) және Исидора Севильскийден бастау алған оны рухпен, жанмен байланыстырды. Әлеуметтік мағынада «толеранттылық» түсінігі сирек қолданылды және негізінен еретиктерді дәстүрлері мен догматтарына төзу мүмкіндігімен байланыстырды (Фома Аквинский«Сумма Теологии»).

Сонымен бірге Орта ғасырдағы христиандықта әлеуметтік және діни толеранттылық «өзіне» құндылық ретінде емес, ізгілік, қайрымдылық емес қақтығысты болдырмаудың құралы ретінде қолданылды. Сонымен «егер сенімсіз адамдар мен еретиктерді жеңе алмасаң, қақтығыстан қаш» деген толеранттылықтың қолданбалы сипаттамасы пайда болды. Толеранттылық туралы ойлардың тарихи дамуына назар салсақ, Ежелгі Қытай, Ежелгі Үнді, Ежелгі Греция және Рим империясы басқа тайпалардың құдайы мен табынушыларына олардың төзімділікпен қарауында байқалды. Толеранттылық түсінігіне тарихи жақын ұғымдар болып қоғамдық санада таралған. Олардың ақиқаттылығы айдан анық, мысалы, «еркінділік» немесе «плюрализм» ойы, өзінің нормативтік мазмұнының арқасында басынан бастап толеранттылыққа бағытталған, ал толеранттылық, плюрализм сияқты, еркінділік принципі Жаңа уақытқа сәйкес келетін және өзінің әділдік ойларында өзінің заңдық негізі бар. Бұл идеялар орта ғасырдың философтарының ойларында қамтылған, олар «дінді ішкі, ар ұяттың ісі, ретінде түсіндірді, өйткені, шіркеу қанауына қарсы тұрды». Олардың ішіндеПьер Абеляр и Агорд из Лион. Толеранттылық біраз уақыт көлеңкеге кетіп, Қайта Өркендеу дәуірінде жаңа күшпен пайда болады. Яғни, толеранттылық философиялық мен құқықтық негіз алып, ғылымилыққа бастау алып толыққанды қалыптаса бастайды.

Қайта Өркендеу дәуірі сенім, наным сұрақтары бойынша да бостандық кезеңі болды. 1453 жылы философ әрі дінтанушы Никола Кузанский «О согласии вер» трактатынын жазады, онда барлық діндерде негізгі ұстанымдар тұтастығын сендіре көрсетеді. Реформация кезеңінде қарсы тұрушылық күшейді, протестанттар мен католиктердің діни фанатизмі мыңдаған адамдардың өліміне әкелді.

16 ғасырда Францияда «Толеранттылық» түсінігі пайда болады, 1598 жылы Нантский эдикт уақытынан бастап, төзімділік туралы көптеген заңдардың шығуы және француз протестантары-гугенноттары діни өмірдің бостандықта көрінуіне құқық пен жол берді.

Оның көрінуі діни соғыстардың дәуірімен негізделген, онда католиктер мен протестанттардың амалсыз келісімге келуі, ымыраның көрінуіне ықпал етті. Көптеген ғасырлар бойы созылған қанды діни соғысты тоқтату үшін осындай қабылданған шешім қоғамның құтқарушы әрекеті болды.

Жаңа заманда төзімділік әлеуметтік реңк береді және қандай да бір мәдени дәстүрдің өмір сүруімен байланыстырды. (Дж. Бруно, П. Бейль, М. Монтень).

Дж. Локктың толеранттылық ойларын жүзеге асыруда үлесі ерекше болды. Өзінің «Послание о веротерпимости» пен «Опыт веротерпимости» атты екі еңбегінде Джон Локк төзімділіктің маңызды ойларын толық және көлемді біріктірді. Д.Локк (1632-1704) өзінің «Опыт о веротерпимости» (1667ж) еңбегінде толеранттыққа шексіз құқық береді. Толеранттықтың апологеттікі дәстүрі билеушінің діни істерге араласу құқығының болмауы. Тұлғаның рухани ізденісіне қол сұғу, өзге дінді мойындауға мәжбүрлеу дұрыс емес. Бұл билік өкілі үшін оны ақырында жеңіліске ұшырататын ең тиімсіз жол. Д. Локк «Послание в веротерпимости» еңбегінде: «Адамның рухани сенімін өзгерту үшін көңіліне сәуле түсіру керек, ол ешқашанда дене жарақаты арқылы мойындалмайды», дейді. Сөйтіп, ол басқаша ойлайтын бытыраңқы секталарға қатысты толеранттыққа жол беруге болады, ал олардың езушіні тайдыру ниетімен бірігуіне жол бермеу керек деген пікір айтады. Д. Локк сенімдері мемлекет құрылымын шайқалтатындай ой-пікірлері бар адамдарға қатысты мәжбүрлеуді ақтайтынын атап көрсетеді.

Толеранттылық тақырыбы француз публицисті және философы П. Бейль (16471706 ж.ж.) еңбектерінде де көрініс тапты. Оның пікірінше, адамдардың табиғи үйлесімсіздігі өз кезеңінде пікірлердің әртүрлілігіне әкеліп соқтырады: «Қабылдау мүшелері бірдей болғанымен әр адам бірнәрсені түрліше таниды, олардың тәрбиесі бірдей емес, қалған жағдайларда да осылай әрекет етеді».

П. Бейльде ұят еркіндігі және оның мемлекет билігіне бағынбайтындығы туралы талап Д. Локкқа қарағанда жоғары. Толеранттылық оның шығармаларында догматикалық билікке қарсы құрал ретінде көрінеді және билікті ұстап тұрудың басты қаруы өрескел қарсылықты жоюға бағытталған. Ол философтардың толеранттылық жөніндегі пікірталасы діни негізде жүргенімен, діни ұстанымның астарында мемлекет мүддесі жатқандығын жақсы түсіне білді. Билеуші өз билігін шіркеудің әмбебаптығына сүйене отырып, ғайбаттау, жалған сөйлеу, жер аудару, өлім жазасына кесу секілді жаман құралдар арқылы жүргізді. Сөйте тұра, ол жасап отырғандарының барлығының дінді насихаттау барысындағы дұрыстығына, заңдылығына өзі сене білді немесе сондай түр жасады [3].

Философ «мен» және «басқа» арасындағы қарама-қарсылықты драмалықпен сипаттайды. Француз жазушысы және философ Мишель де Монтеньнің қарама-қарсы ойлары өмір сүрудің екі тәсілінің арасында: адамдар арасындағы өмір мен өзін оқшаулау арасында арпалысады. Ал шындық өмірде барлық адамгершілікке жат әрекеттер аяныш сезімдеріне белсенді қарсылық көрсетіп отырғандығын ол ашына жазды.

Біртіндеп толеранттылық мәселесі теология аймағынан әлеуметтік философияға ығыстырылады. Танымал ойшылдар төзімділіктің болу қоғамның толықтай дамуы және адамның тұлға ретінде дамуы үшін қажеттілігін дәлелдеуге тырысты. Бұл ойларды Жан-Жак Руссо өзінің» Теории Общественного договора» атты еңбегінде және Ш. Монтескье «Персидских письмах»«О духе законов» атты еңбектерінде дамытты. Франсуа Мари Аруэ Вольтер толеранттылық мәселесін бірнеше туындыларында қарастырды: «Философские письма» (1734), «Философский словарь» (1766), «Трактат о веротерпимости» (1763), «Вопросы по энциклопедии» (1772).

18 ғасырдағы француз жазушысы және философы Вольтер: «... сіздің пікіріңіз маған жат, бірақ сізге оны жақтау үшін мен өмірімді құрбан етуге дайынмын», – деген. Ол – толеранттылықтың басты қағидаты. Бұл адамдар арасында өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді. Сондықтан, толеранттылық екі жақты сана: мемлекеттер, діндер, этностар, жеке адамдардың бір-біріне шапағат жасай білуі [5].

Вольтерде толеранттылық бір жағынан барлық демократиялық бостандықтың негізі, ал басқа жағынан «Не делай другому того, что ты не желаешь, чтобы делали тебе» деген адамгершіліктің алтын қағидасының нәтижесі ретінде қарастырады.

Танымал философ педагог И. Кант (1724-1804) көптеген еңбектері толеранттық проблемасына арналған. Оның этикалық тұжырымдамасында алғаш рет «төзімділікті» «толеранттылықпен» байланыстырады. Төзімділікті жалпы адамзаттың парызына жатқызады, егер өзіне ұнамаған дүниелерге адам төзетін болса онда ол адам төзімді болып саналатынын және төзімділікті өшпенділікке қарама-қайшы деп айтқан. Ол толеранттық проблемасын адамның ішкі «мені» тұрғысынан қарастырған. Неміс ойшылы «Идея всеобщей истории во всемирно-гражданском плане» (1784) еңбегінде толеранттылықтың

«Өзгеге» қатыстылығы мәселесіне пайымдаулар жасайды. И. Канттың пікірінше, адамда екі жақты бейімділік болады: бірі өзі сияқтылармен пікірлесу мүддесі, екіншісі оқшаулануға тырысу. Бұл жағдайда адамның өз туыстарымен сыйласудан басқа амалы қалмайды. Басқаша айтсақ, адам өзінің басқаларға деген табиғи шыдамсыздығын жеңе алады, қоғамда құндылықтарға ие болып, өз орнын табады.

18 ғасырдағы Ағартушылық дәуіріндегі Франциядағы революция «Адам және азамат құқықтарының Декларациясының» дүниеге келуіне ықпал етті.

Вольтердің өлгеніне 11 жыл өткеннен кейін1789 жылы 26 тамызда құрылтай жиналысы қабылдаған «Адам және азамат құқықтарының Декларациясынан» көрініс тапты. Бүкіл әлемге ойлар мен сөздің еркінділігін паш етіп, Вольтердің табандылықпен қалаған ойы танылды. Ұлы Француз революцияның нәтижесі тек азаматтық еркіндікті жариялау ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің жаңа типінің «национальное» дүниеге келуіне ықпал етті. Бұл төзімділік идеяларының екі жүз жылдықта ары қарай дамуын анықтап, ұлттық төзімділік идеясын плюрализм, еркінділік идеялардың жалпы жиынтығынан бөліп алып, алғаш ұлттық сипатталық берді. Ғалымдардың айтуынша, ұлттық сұрақ 19 ғасырда қалыптасып және қойылған деген.

Осылайша өз беттілік тарихына құқығы бар, халықта тұлғаның адамгершілік пен еркінділігін мойындайтын. Сонымен толеранттылық Батыс Европаның рухани өмірінің құбылыс ретінде оның буржуазиялық өзгертілген нәтижесінде бекітілді.

Чех педагогы Ян Амос Коменский толеранттылыққа көңіл бөліп, ешкім басқа біреуге өзінің принциптерін міндеттемеу керек және әркімге өзінің ісімен айналысуға еркін құқық беру керек деген. Оның ойынша ортақ ақиқаттылыққа барлығы келу үшін барлығы келісімге ұмтылу керек және әркім өзінше оны нығайту керек.

Голландиялық философ Бенедикт Спиноза өзінің трактаттарында сенім-наным сұрақтарында иудейлік консерватизм мен догматиканың жалғандығын ашуға талпыныс жасады. Ол «Богословско-политическом трактат» атты еңбегінде еркін мемлекетте әрбір азамат калай ойлайды, солай ойлай алады, не ойласа соны айта алады деген.

Толеранттылық идеяларының мәселе жиынтығы неміс философиясындағы Л. А. Фейербаха (1804-1872) еңбектерінде қарастырылады. Оның ойынша, адамның мәні адамда туғаннан бастап болмайды. Керісінше басқа адамдармен қарым-қатынаста құрылып, қалыптасады деген. Жеке адам, - «Ойлаушы ретінде емес, моральдық мәні ретінде емес өзінде адамдық мәні де қамтылмаған бірдеме оқшауланған ретінде», деді ол. Адамның мәні Мен және Сен арасындағы шынайылыққа негізделген тұтастықта, адаммен адам тұтастығында, қарым-қатынаста болады. Орыс ойшылдарының тарихында толеранттылық сипаттамасына балама ретінде төзімділік түсінігі жиі қолданылды. 19 ғасырдың екінші жартысында төзімділік мәселесінің зерттелуіне аса үлес қосқан орыс философы В. С. Соловьев болды. Ол «төзімділік» пен «төзу» түсініктерін ажыратады. Біріншісінде В.С. Соловьев жан қасиеттерінің оның әрекетте көрінуін кең пейілділік деп аталады, ал кейде – рухани батырлық.

B.C.Соловьев бойынша төзімділікті адамның ішкі мотивтеріне байланысты, ол басқалардың мінезіне кең пейілділік, құрметтілік және басқаға бостандық берумен анықталады деген ойды айтты. Орыс мәдениетінің тарихында революциядан кейін толеранттылық идеяларына аса қызығушылық танытқан жоқ.

Революциядан кейінгі сөздіктерде толеранттылық түсінігі сирек кездеседі.

«Большой Советский энциклопедический словарь» сөздігінің 3-ші басылымында толеранттылық түсінігі тек арнайы медициналық термин ретінде енгізілді. Толеранттылық түсінігі 90-жылдардан бастап және осңғы уақытта ғылыми әдебиеттерде белсенді қолданылуда.

20 ғасыр әлемге көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер әкелгенмен, зорлық-зомбылықтың әртүрлі формалары мен интолеранттылықтың белгілері жиі көріне бастады. Адамзат алдында зорлық-зомбылық, лаңкестік, нәсілшілдік пен ұлтшылдық алға шықты. Әсіресе діндер және ұлттар арасындағы қақтығыстар әлемді мазалады.

Сонымен толеранттылық түсінігінің пайда болуының жалпы зерттелу тарихына жасалған қысқаша шолудан əр дәуірде бұл түсініктің əртүрлі түсіндірілді деп пайымдауға болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Асмолов А. ГИсторическая культура и педагогика толерантности // Мемориал. 2001. № 24. С. 61–63.
  2. Толерантность в общественном сознании России. М., 1998. 135 с.
  3. Бондырева С.К., Колесов Д.В. Толерантность (введение в проблему). М.: Изд.-во МПСИВоронежИзд.-во НПО «МОДЭК», 2003. – 240 с.
  4. Валитова Р.Р. Толерантность как этическая проблема: автореф. дис... кандпсихол.наукМ., 1997. 20 с.
  5. Вольтер. Трактат о веротерпимостиМ.: Политиздат, 1990.
  6. Лекторский В. АО толерантностиплюрализме и критицизме // Вопрфилософии. 1997. № 11. С. 45–53.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.