Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалар музыка мектебінде қобыз аспабын үйрету арқылы эстетикалық тәрбиенің алатын орны

Қазақ халқының ешкімге ұқсамайтын бітімі мен болмысын ажарлайтын ұлттық қадір қасиеті аз емес. Ұлтымыздың музыкалық мұрасының ішінде, онымен бірге дамып келе жатқан, қолданылуы біздің дәуірден де бұрынғы ғасырлардан бастау алатын көне өнер саласы – қобыз аспабы. Көне қобыз – талай ғасырлар бойы қазақтың күй өнерін шанағында сақтап, насихаттап келе жатқан, қай дәуірде болса да, сол халықтың рухани мүмкіндігін жетілдіріп, байытатын, ежелгі әуенінің қыр-сырын ашатын аспап. Мұндай аспаптар ел тағдырын, шежіресін үніне сіңіріп, мәдени өрісін кеңейтіп отырған. Ол ертегі, аңыз – әпсаналар, эпостық дастандар, жырлармен бірге синкреттік түрде қалыптасуда. Ғасыр сабақтастығын үзбей, көркем құрал ретінде халқымыздың ой өрісін, дүниетанымын, салт дәстүрін сипаттап, оған қоса сәуегейлік,емшілік сияқты міндеттерді де бірге атқарған. Қазақ халқы үшін атадан мирас болып, көз қарашығындай сақталып келе жатыр.Қобыз аспабын пайдалану арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыту, ой-өрісін кеңейту, адамгершілік-эстетикалық көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, халықтың мәдени мұрасына қамқорлықпен қарап және оны бағалай білуге тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі қобыз үйрету әдістемесі ғасырлар бойы қалыптасқан күй үйрену тәжірибесінің қағидаларымен тығыз байланыста болуы керек. Халық күйшілері қалдырған күй үйрену тәжірибесінің негіздерін жинақтап, жас ұрпақты естіген күйлерін шынайы сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілеттерін қалыптастыра отырып, қобыз күйшілерінің өзіне тән орындаушылық ерекшеліктеріне тоқталып, оқушылардың көркемдік талғамын жетілдіру. Қобыз күйшілерінің ішкі рухани байлығы мен сырт пошымының өзара үйлесімділігін атап көрсетіп, күйшілердің көпшілік алдында өзінөзі ұстауы, жарамды киім кию мәдениетін үлгі өнеге ету арқылы жас-жеткіншектер мен оқушыларға этикалық және эстетикалық тәрбие берудегі орны орасан зор [1,б. 23].

Қобыз аспабының түрлері және дамуы

Қобыз өнері дәстүрлі музыканың ең бір күрделі және маңызды саласы. Қобыздың қоңыр үнімен, сиқырлы сарынымен, емшілік жүргізіліп, тарихи оқиғалар, батырлар ерліктері, қисса,дастандар жырланған. Қобыз аспабында дыбыс шығарудың ерекшелігі – қасқырдың ұлуы, аққудың қиқуы, жапырақтың сылдыры сияқты образдық көріністер мен табиғат құбылыстары нақтылы суреттеледі. Қобыз – таңқаларлық пішінді, ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Біреулер оны құс даусына, енді біреулер оны адам даусына ұқсатады, ащы, зарлы, өксікті. Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын қыстау болды. Бұл аспап халқымыздың тарихи этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнеріміз күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұрамыз болды. Ықылым заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі аты аңызға айналған Қорқыт баба күйлері. Халқымыз ежелден Қорқыт бабаны қобызға алғаш тіл бітіріп, оның қыл ішегінен жаhандағы жаратылыс атаулының үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, көйі атасы деп біледі. Дәстүрлі қылқобыз музыкасының даму процестеріне ерекше үлес қосқан классик – халық композиторы Ықылас Дүкенұлының творчестволық қалыптасуына халықтың эпостық жырлары, қиял – ғажайып ертегілері, аңыздары, ел басынан өткен тарихи оқиғалар Ықыластың күйшілік дарынының ерте ашылуына әсер етті. Оның творчествосы мен орындаушылық шеберлігінде қобыз өнері көркемдік – эстетикалық тағылым тұрғысынан биік дәрежеге көтерілді. Ықыластың есімімен байланысты бізге дейін жеткен кейбір күйлерінің атаулары дәстүрлі мәдениеттің ежелгі музыкасына тән сипат тарын көрсетеді. Мысалы «Аққу» көне рулық төтем бейнесі, «Шыңырау» самұрық құсы мен оның балапандары, дәу жылан мен аңшы туралы көне миф. Байырғы заманның белгілері күйлердің аңыздары мен интонациялық өлшемдік деңгейлерінде анық байқалады. Аталған құбылыс қобыз өнерінің ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әр орындаушының дүниетанымы дарыны мен шабытына қарай дамуы, толықтырылуы немесе байытылуы ерекшелігімен тығыз байланыста болғанын дәлелдейді. Өйткені кез келген белгілі оқиғалар немесе аңыздары әр композитор өзіне тән күй тілінде баяндаған. Ықылас Дүкенұлы өз шығармаларында адамның әр түрлі көңіл күйі мен оның терең ойларын күй арқылы жеткізген. Сондықтан оның музыкасында қобыздың үнемі адам даусына ұқсатылып, сан түрлі тақырып пен сюжеттерді шынайы түрде бейнелейді. Заман ағымдарына сай қобыз музыкасында өзгерістерге түсті. Бұл көне аспаппен қатар оның реконструкция жасалған түрлеріне арнап жаңа формаларда, жанрларда, туындылар пайда болды, орындаушылық жолы байытылды. Ұлттық музыка тарихына ерекше талантымен танылған, көптеген шәкірт тәрбиелеген Д. Мықтыбаев, Ж. Қаламбаев, Ф. Балғаева, Б. Қосбасаров сынды есімдер мәдени тарихымызға тұрақты түрде кірді. Музыкалық асатардың өте ертедегі кезеңнен бастап әр түрлі функциялар атқарып келгендігін қобыз тарихынан білуге болады [3, б. 56].

Қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениеті ең алдымен сол заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыкалық мұралары, музыка өнері, музыка аспаптары. Музыка – халықтың жаны. Сондықтан онда сезім, күй анық көрінеді. Осы кездегі халық күйшілері екі ішекті домбырада, қылқобыз, сыбызғы, шертер арқылы өз дәуірінің ауыр тұрмыс жағдайын, мұңын, арманын, күресін, ерлік істерін, қуаныштарын, қазақ даласының кең және сұлу табиғатын суреттейтін философиялық, героикалық, аң сүтімен дарыған туған тілін, ата бабаларымыздан жалғасып лирикалық күйлерімен көрсеткен. Көне заманнан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақтың музыкалық аспаптарының бірі – ысқымен ойналатын қылқобыз аспабы. Қылқобыз аспабының күйге келтіретін құлағына, шанағының ішкі тынысына дыбыс әсерлігін күшейту үшін темірден жасалған сылдырмақ теңгелер шыңғырықтар арқылы бекітілген. Шанағының беті ашық келеді де, астыңғы жағы терімен қапталады. Мұндай қылқобызды көбіне бақсылар ойнап, күй сарынының әсерін күшейте түсу үшін әдейі тенгешелер тағатын болған. Бұл қылқобыз аспабының ескіше түрі. Ал жетілдірілген түрі ат қылынан тағылған, шанағының беті ашық келеді де,астыңғы жағы темірмен қапталады. Ұзақ уақыттар бойы қылқобыз аспабы шамандар мен бақсылардың аспабы болып саналады. Қазақ халқы көп уақыт бойы перілерден үйді қорғаушы ретінде пайдаланып, киіз үйдің есігіне іліп қоятын болған. Революцияға дейін қылқобызда тек ер адамдар ойнаса, қазіргі таңда әйел адамдар да шебер меңгерген. Қылқобыз аспабын кейінгі ұрпаққа жеткізуге үлес қосқан Ы. Шәменұлы, Ж. Қаламбаев, Т. Аспантайұлы [4, б. 78].

Кәсіби оқу жүйесінің пәрменді түрдегі даму сатысы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Халқымыздың рухани тынысының кеңеюі мен эстетикалық сана – түсінігінің терең қалыптасуына қобызбен орындалатын күйлердің әсер – ықпалы орасан зор. Музыка өнері халықтық тұрмыс – тіршілікке, әдет ғұрыпқа деген талғамын ғана өсіріп қана қоймай, сонымен бірге біздің жан дүниемізді сұлулық пен мейірімге, ізденіс пен махаббатқа түбегейлі іңкәр етті. Осылайша қобызды орындаушылық дәстүрлі өнер буын-буын жалғасып келеді. Еліміз еуропалық мәдениетке бет бұрып, алғашқы оркестр құрылған шақта, қылқобыздың үлгісімен үш ішекті, кейіннен торт ішекті сым қобыз пайда болды. Жаңаланған аспаптың жаңғырту жолдарын, оның оркестрдегі басты ролін осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Қобыз өнері халқымыздың салт дәстүрінен біртіндеп көштеп ығыстырылып, бүгінгі күнге жетті. Ахмет Жұбанов қазақтың қара қобызын кәсіби оркестрлердің жоғары талаптарына сай жаңартып, қобыздың жаңа түрлерін енгізді. Сөйтіп өмірге прима қобыз, альт қобыз, бас қобыз және контрабас қобыз атты аспаптар келді. Музыкалық білім сауаты арқылы қобыз аспабын үйрену тәсілі – ең күрделі де, қиындығы мол жұмыс. Бұл салада көп жылғы тәжірибе қалыптасты, біршама табыстарға қол жетті. Болашақ өнер иелерінің рухани тәрбиесі – кәсіби өнер мен халықтық мектептің тығыз байланысы, дәстүрлі өнерді көздің қарашығындай сақтап, аспаптық өнерді жан жақты дамыту, орындаушылық және ұстаздық шеберліктерінің қарқынды дамуымен, музыка мамандары қызметінің ұлағаттығы мен жіті бағыты арқылы атқарылатын абыройлы іс. Қазақта аспаптық өнердің сан ғасырлық даму тарихы бар. Ұлы Қорқыттан бастап халық орындаушылары өзінен өзі пайда болмағаны белгілі жайт. Өнерді көріп, әдісін тауып баптайтын шынайы бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына көтерілуге болады. Музыкалық көркем шығармалардың мәнін терең түсінбей оқушы тәрбиелеу мүмкін емес. Мұндай қабілет оқушының көптеген шығармаларды жан – жақты талдау нәтижесінде шығарманың тәрбиелік мәнін ашуы үшін қолданған әдістерге байланысты. Аспаптың техникалық көркемдік мүмкіншілігін білу,оны шығарма мазмұнын ашу үшін пайдалану оқушының шығармашылық жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Әр мектептің аспап тарту шеберлігі сол мектепке тән көркемдік және суреткерлік шеберлікпен тығыз байланысты. Сондай ақ әр мектепке тән тақырып мазмұнын ашу үшін қолданатын шеберлік тәсілдері болады.

Оқушыларға әсемдік сезімін дамытып, өнер шығармаларын, тарих пен архитектура ескерткіштерін, табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру керек. Осындай қасиеттерді меңгерту арқылы белгілі бір мақсатқа жетіп, қиындықтарды жеңуге ұмтылып, эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсартады. Дарын және қабілет түсініктері жөніндегі қазіргі замандағы психологиялық тұжырымдар, табиғи дарындылық негізінде қабілеттердің қалыптасуы, орындаушылық өнердегі көркемдік ой қызметінің өзгешелігі, музыкалық ырғақ, музыкалық ырғақтың адам өмірі қызметімен тығыз байланысы, орындаушылыққа ықылас, назар салу, және қызығушылық сияқты қасиеттер ерік мақсатқа жету бағытындағы құлшынысын қолдайды. Оқушының музыкалық көркемдік техникалық жетілуінің бір тұтастылығы – музыка педагогикасының негізі. Оның сыныптағы сабақта шешімін табуы. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен шығармашылық жұмыстарының желісішығармашылық жеке тұлғаның қалыптасуы [2, б. 34].

Қобыз аспабында ойнау тәсілдері

Қобыз бір қарағанда қарапайым болып көрінгенмен, жылдам үйреніп меңгеруге көнбейтін аспап., одан үн шығарып, меңгеру, орындаушыдан жоғары музыкалық қабілет пен қоса жауапкершілікті талап етеді. Ықылас ерекше дарынының арқасында көне аспаптың табиғи сырын орындаушылықта кездесетін құпияларын, бейнелеу мүмкіндіктерін толығымен пайдаланып, аспапты аса шеберлікпен игерді. Асқан аспапшы бақсылық дәстүрді қумай, күйшілік өнердің жолына түсіп, аспапты халықтың қуанышы мен сүйінішін, қайғысы мен күйінішін жырлайтын аспапқа айналдырды. Қазіргі кезде оқушыны күй тартып үйренуге кішкене күнінен тәрбиелеуге мүмкіндік туып отыр. Мұндай жағдай бірте қиындай береді де, өзінің ең биік шыңы күйшілік өнерді толық меңгере алатын дәрежеге жетеді. Аспапта ойнамас бұрын ең алдымен оқушының дұрыс отырысы, екі қолдың қойылымына аса мән беру керек. Аспап қойылымының түпкілікті үйлесімді, әсем тұстарын барынша пайдалану оқушының дене құрылымына, ой жүйесі, бұлшық еттерінің табиғи болмысына байланысты болуы шарт. Аппликатура – музыка аспаптарында ойнау барысындағы ішектегі саусақтардың басылу ретінің белгілеп жазылуы. Аппликатураның музыкалық мәнерлеу шілікпен және техникалық шеберлікке апарар жолы, оңтайлы тәсілі. Ыңғайлы аппликатура әр түрлі музыкалық шығармаларды ойнауды жеңілдетіп, саусақтардың жылдам қозғалысына септігін тигізеді. Сонымен қатар дыбыстың әсем, таза шығуына көмектеседі. Жалпы аспапта ойнаудың тазалығы аппликатураға байланысты.

Позиция және оны алмастыру сол қолдың және оның саусақтарының аспаптың мойнында біркелкі, арнайы орналасу тәртібін айтады. Нота позицияны Рим сандарымен белгілейді. Аспаптағы позициялық бөліктер сол қолдағы ыңғайлы аппликатураның қалыптасуына және сол қол қозғалысының еркіндігін меңгеруге көмектеседі. Позиция үйрету реті, ауыстыру амалдары. Позиция ауыстырудағы негізгі мақсат бір дыбыстан екінші дыбысқа елеусіз, үйлесімді, өте жеңіл, жайлап ауысып өту керек. Ұлы халық орындаушылары өз халқының тарихын, тұрмыс тіршілігін, ауыз әдебиетін, әдет ғұрпын, салт дәстүрін, ән күй өнерін жақсы білді. Ал, дарынды композитор орындаушы өзі шығарған ән күйлерін өзі елге тарататын дәстүр болған. Кезінде халқымыздың тума талант ұл қыздары артына ән күй өнерінің қайталанбас тамаша үлгілерін қалдырды. Көп ғасырлық күй тарту шеберлігінің арқасында небір жақсы әдіс тәсілдер қалыптасты. Күй тарту шеберлігінің дәстүрі жылдар бойы қалыптасқан, кейінгі ұрпаққа мұра болып қалмақ. Жоғарыда аталған күй тарту шеберлігінің негіздері күй тақырыбының мазмұнын мүмкіндігінше толық аша алатындай болуы керек. Аспапта ойнау шеберлігінің дәстүрлі әдістерін қолдан келгенше сақтап, ойнауға күш салып, оның негізгі қағидаларын оқушыға жақсылап меңгерту керек [5, б. 66].

Балалар музыка мектебінде қобыз аспабын үйрену әдістемесін құрудың басты мақсаттарының бірі жан-жақты білімді, ой түсінігі көркем композиторлық шығармашылықтың әртүрлі стильдері мен бағыттарын бағдарлай біле алатындай қабілетті қобызда орындаушы маман дайындау болып табылады. Музыка төңірегінде болып жатқан барлық жақсылықтарды насихаттаушы және оны жеткізуші осы жас музыкант орындаушы. Балалар музыка мектебінде қобыз аспабын оқыту тәжірибесінде әр түрлі әдістеме қолдану – білімді, тәжірибелік, және теориялық тәртіпті меңгерген жоғары кәсіби маман дайындауға үлкен ықпалын тигізеді. Оқушы қобызда ойнау тәсілдерін қолдана отырып аспапты игеру мен шығармашылық өсуде жоғары кәсіби дағдыланады. Қазақтың қобыз музыкасын теориялық жағынан саралау саласында музыкатанушы Т. Жұмәлиеваның жасаған тәжірибесінің белгілі дәрежеде мәні бар. Нәтижесінде ғалым осындай ой білдіреді: «Ықыластың күйлерінде романтикалық пафос, музыкалық бейнелердің байлығы пәлсапалық ой, жаңашыл тәсілдер, аспапты әуеннің жанрлық тұрғыда жаңару мен дамуы анық көрінеді. Өз замандасының жан дүниелік толқуын дәл көрсету, оның ішкі сезімдік әлеміне кіре білуі – Ықылас күйлеріне тән қасиет. Табиғаттың суреттері, эпикалық жырлар, көркемдік тәсілдер психологиялық мақсатта құрылып, ұлы күйші сазында субъективтік және объективтік көркемдеудің үйлесімді қосылуын тудырды. Оның туындылары терең ойлы болып келеді, ол ұлттық өмірін, ойларын, толғаныстарын музыкамен көрсете білген тұлға. Балалар музыка мектебінде қобыз аспабын үйрену әдістемесінің мазмұны өткенді шолатын, болашақты болжайтын кәсіби бағыт бірлігінде пайда болған музыкалық педагогиканың маңызды принциптерімен бекітіледі. Менің сіздерге ұсынып отырған баяндама музыкалық мектепте аспапта ойнауды үйрену педагогика – психологиялық қағидаларға негізделген.

Аспапты үйретудің психологиялық ерекшеліктері

Ұстаз алғаш оқушымен кездесуге мұқият дайындалуы тиіс. Өйткені, оқушы үшін бұл елеулі оқиға болып саналады. Оқушы музыка мектебіне алғаш келгенде қызықты да ғажайып құбылыспен жүздесетіндей жұмбақ көңілмен табалдырықты аттайды. Алғашқы сабақтың әсері оқушының жадында ұмытылмастай терең із қалдырады, тағылымы есте берік сақталады. Ол заңды құбылыс. Қабылдау мүмкіндігіне қарай баланың ойында өз ұстазына және оның алғашқы сабағына деген оң немесе теріс пікірі қалуы сөзсіз. Сондықтан ұстаз алғашқы кездесуде балаға жақсы әсер қалдыруға ұмтылуы керек. Ол оқушының тек қана игі әсер алуына, сыныпта өзін еркін ұстауына, сабақта белсенді де ынталы отыруына, берілген музыкалық тақырыпты жете игеруіне көмектесуге міндетті. Оқушылар жаңа жағдайда бір біріне тез үйренеді. Сабақ барысында музыка әуенімен салтанатты жүру, музыкалық ойын, музыка сүйемелдеуімен ән салу, әр оқушының сол әуенді күйсандықта теруі, сол сияқты есту қабілетін дамыту, нота бойынша сауаттандыру жетілдіру жағы да ұмыт қалмайды.

Аспапта үйретудің педогогикалық ерекшеліктері

Сабақ беру әдістемесі педогогикалық амал-тәсіл жүйесінен тұрады. Соның көмегімен ұстаз өз білімін жеткізеді. Осындай тәжірибелердің негізінде қобызда ойнаудың да қиындығы – сол және оң қолдың бір мезгіл әр түрлі қимыл әрекеттер жасауы керектігінде, дыбыс әдемі шығуы, тырнақ көбесін дұрыс қолдана білуге байланысты екендігі анықталады. Бала тәрбиесіндегі қоршаған ортаның алатын орны ерекше екені баршамызға мәлім. Әрине бірінші орында отбасы мен мектеп. Ұстазға оқушының ата – анасымен тығыз байланыста болуы оған оқушының үй және тұрмыс – жағдайын жақсы білуге көмектеседі. Мұндай өзара байланыс оқушының мінез құлқын қалыптастыруға ықпал етеді, көзқарасы мен талғамын ұштауға, білім мен ой өрісін кеңейтуге, тіпті жан жақты жетілуіне музыка құдіретімен әсер беруге көмектеседі. Ал мұндай жағдайға жету үшін ұстаздың оқушы алдында беделі жоғары, оқушы қызығатын өмірлік әлеуметтік мәселелеріне қанық болуы керек. Тіпті дауыс қою, отырып тұру, бет әлпет қимылы сияқты ұсақ түйнектердің өзі ұстаздың беделін құрайды. Оқушының санасына әуенді тыңдаған үлкен ләззат беретінін айту, көңіліне терең түсініп, өзін осы туындының авторы ретінде сезініп, толық ұғынып орындаған жағдайда ғана орындаушы бұл ләззатты жеткізе алады. Бұл үшін музыкалық орындау, образ бойынша терең жұмыс жүргізу керек.

Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің жолдары өте көп. Себебі адам сезімін тәрбиелеу мәселесі көпжақты факторлармен шешімін табады. Соның ішінде өнер басты рөл атқарады. Өнер арқылы адам өзінің шынайы көңіл күйін білдіреді, оның күрделі тілін түсіне білуге ұмтылады, рухани жан дүниесін эстетикалық талап тұрғысынан тәрбиелей алады. Жастарымыздың бойына адамгершілік, ізгілік қасиеттерді кеңінен дамыту үшін, отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру үшін, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тарихын жетік меңгеру үшін осындай ұлттық өнерді насихаттап, оларға жас таланттарды баулудың еш артықшылығы жоқ. Жастарымызды жігерлендіріп, өнерге деген қызығушылығын арттырып, халық тәрбиесінде өзіндік орнын алатындай етіп тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Сөзімізді қорытындылай келе өнер арқылы жас жеткіншектерге жан жақты дұрыс тәрбие беріп, білікті азамат етіп тәрбиелеуге ат салысайық. Өйткені, ұлттық өнеріміз арқылы жас жеткіншектерді тапқырлыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелейміз. Сондықтан халқымыздың маңдайына біткен өнерін өшіріп алмай, келер ұрпаққа жеткізейік!

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ахмедияров. ҚКүй ұран.Алматы, 2001.Б. 336.
  2. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Астана, 2002.Б. 832.
  3. Мағауин М. Қобыз сарыныАлматы: «Мектеп», 2003. 192 б.
  4. Бисембайқызы З. Қобыз үйренейік. – Алматы, 2002. 59 б.
  5. Қазақ музыкасы. Антология том Көне музыкалық фольклор. – Алматы, 2005.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.