Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектепке дейінгі жастағы жстд бар балалардың сөйлеу тілін монтессори әдістемесінің элементтерін қолдану арқылы дамыту

Қазіргі заманда коррекциялық – педагогиканың ең басты мәселелерінің бірі сөйлеу тілінің бұзылуы болып келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың көпшілігі сөйлеу бұзылыстарынан зардап шегеді. Соның ішінде балаларда көп кездесетіні жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бұзылыстары, оны зерттеу бұрынғыдай күрделі мәселе және ол жеткілікті зерттелмеген.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы – есту қабілеті мен зиятты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.

Жалпы тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктерін Қ.Қ. Өмірбекова, Қ. Серкебаев, Р.Е. Левина, Н.А. Никашина, Н.А. Чевелева, Л.Ф. Спирова, Т.Б. Филичева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тауып, бұзылыстың негізгі көріністері анықтады. ЖСТД бұзылысында дыбыстарды бұзып айту, фонетикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен сөйлем құрай алмау сияқты сипаттарға тән. Белгілі психолог ғалым Л.С. Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде балалардың өсу, жетілу, даму ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын түсінуге тырысатындығын көрсетеді. Баланың алғашқы сөздерді түсіне бастағаннан-ақ оның ортамен тілдік қатынасы қалыптаса бастайды. Бала тілінің шығуы оның психикалық дамуына күшті әсер етеді. Әрбір сөз баланың ақыл-ойының дамуына маңызды екенін айтады.

Мектеп жасына дейінгі кезең баланың тілінің дамуына әсер ететін басты уақыт болып саналады, егер 5-6 жаста баланың тілі толығымен дамымаса ересек кезінде баланың тілін дамыту қиынға соғады. Осындай кездері баланың сөйлеу тілін дамытуға аса көңіл бөлгеніміз жөн.

Көптеген зерттеулердің жұмыстарында қарастырылғандай ЖСТД бар балалаулардың сөйлеу тілін меңгеруде көптеген қиындықтар туындайтыны анықталған.

Бүгінгі таңда бұл зерттеуді талап ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешуге ат салысу менің зерттеу жұмысымның негізгі мақсатын белгіледі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: мектепке дейінгі жастағы ЖСТД бар балаларға логопедиялық сабақтарда қолданылатын Монтессори әдістемесінің элементтері бар жаттығулар жинағынан тұратын әдістемелік құрал үлгісін құрастыру.

Зерттеу объектісі: ЖСТД бар балалардың сөйлеу тілі.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі жастағы ЖСТД бар балалардың сөйлеу тілін Монтессори әдістемесінің элементтері арқылы дамыту.

Белгіленген зерттеу объектісі мен зерттеу пәнін негізге ала отырып, болжамды қалыптастыруға болады.

Зерттеу жұмысының болжамы: егерде логопедиялық сабақтар барысында ЖСТД бар мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда Монтессори әдістемесінің элементтерін жүйелі түрде қолдансақ, сөйлеу тілін дамыту үрдісі нәтижелі болады.

Зерттеу жұмысының кезеңі бойынша қалыптастырушы (үйретуші) эксперименттің мақсаты – мектепке дейінгі жастағы ЖСТД бар балалардың сөйлеу тілін Монтессори әдістемесінің элементтерін қолдану арқылы дамыту болса, жұмыстың негізгі деңгейінің мақсаты М. Монтессори әдістемесіндегі балалардың сөйлеу тілін дамытуға арналып жасалған жаттығулар жинағын жұмысқа енгізу арқылы тәжірибе жүргізу болып табылады. Барлық сараптау эксперименттік жұмыстар зерттеу кезеңінің алғашқы дайындық уақытында сабақ уақытынан тыс және сабақ уақытында өткізілді. Кейін балалар әдістеменің жаттығуларына бой үйреткеннен кейін, мақсатымызға орай сөйлеу тілін дамытуға арналған жаттығулар тек логопедиялық сабақтар уақытында өткізілді. Яғни, ол топтық және жеке логопедиялық сабақтар. Әдістеменің жаттығулары қолданылған топтық сабақ түрлері мынадай: дыбысты қою, сауат ашу, тіл дамыту. Зерттеу жұмысының мақсаты болып табылатын логопедиялық сабақтар барысында қолданылған М. Монтессори әдістемесінің мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілінің құрылымдары: фонематикалық қабылдау, сөзді дыбыстық талдау мен жинақтау, ұсақ саусақ моторикасын және сөйлемдерді түсіну деңгейлерін анықтауға іріктеліп алынған жаттығулардың толық үлгісін болашақ логопед мамандарға арналған әдістеме ретінде жасап шығардық.

Бүгінгі таңда М. Монтессори әдістемесі – баланы дамытудағы ең қажетті болып саналатын әдістемелердің бірі. Педагогикалық жүйенің негізгі принципінің бірі – еркін жағдайда баланың даму принципі. Әдістемеге еркіндік және жұмыстың әртүрлілігі, қызықты ойындар және маңызды жұмыстар кіреді. ЖСТД бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда М. Монтессори әдістемесінің элементтерін қолдану мен үшін тиімді болды. Себебі, бұл педагогикалық жүйедегі әдістемеде баланың танымдық, интеллектуалды және физикалық даму жақтары қарастырылған. Онда баланы жан-жақты дамытудың 5 аймағын қарастырылады. Олар:

  1. Күнделікті өмір жаттығуларына арналған;
  2. Сенсорлы тәрбиелеу аймағы;
  3. Математикалық аймақ;
  4. Тілдік аймақ;
  5. Ғарыштық аймақ.

Біздің зерттеу жұмысымыз 4-ші тілдік аймақ жаттығулары негізінде жүрді. Аймақтың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қорын молайту, әріптермен, фонетикамен таныстыру, әріптерден сөздер құрастыру және оларды жазумен оқуға үйрету. Бұл жерде тапсырмаларды орындауға қажетті арнайы құралдар жасалған. Баланың басқа ойын, сабақ ортасында кездеспейтін мұндай құралдар қатарына: жеңіл үстелдер және едендегі жеңіл кілемшелер, табиғи шикізаттардан жасалған арнайы жабдықтар және күнделікті тұрмыста кездесетін леген, стақан, қасық, майлық, су, дақылдар, классикалық Монтессори жабдықтары бар – алқызыл мұнара, қоңыр баспалдақ, көлемдік салғыштар және т.б. жатады.

Зерттеу №6 «Балапан» тобындағы 10 балаға жеке сабақтар 5 жастағы балаларға 20 минут, 6 жастағы балаларға 25-30 минут аралығында жүргізілді. Топтық сабақтардың ұзақтығы 30 минуттан кем емес. Тапсырмаларды орындату барысында баламен жағымды эмоционалды қарым қатынас орнатып, оны қызықтыра білу маңызды. Баланы тапсырмаларды орындауға қысамай, мадақтаудың әртүрлі тәсілдерін қолданып отыру керек. Бала тарапынын шаршау немесе жағымсыз қарым қатынасты байқасақ, жаттығуларды бірден доғарып, келесі күні жалғастырған жөн.

Сараптау-эксперименттік жұмысты жүргізуде төмендегі мақсаттарды алдыма қойдым:

  • балалардың сөйлеу тілі деңгейін анықтауоның ішінефонематикалық қабылдаусөзді дыбыстық талдау мен жинақтау, ұсақ саусақ моторикасын және сөйлемдерді түсінуін зерттеу кірді.
  • балалардың Монтессори әдістемесіндегі сөйлеу тіліне қатысы бар жаттығуларға деген қызығушылықтарын ояту;
  • логопедиялық сабақтар барысында Монтессори әдістемесіндегі жаттығулардың балалардың сөйлеу тілін дамытудағы маңызы мен ерекшелігін анықтау.

Сараптау эксперименттік жұмыстың алғашқы зерттеу кезінде төменде аталған әдістеме қолданылды: балалардағы фонематикалық қабылдау, сөзді дыбыстық талдау мен жинақтау, сөйлемдерді түсінуін және ұсақ саусақ моторикасын Г.В. Чиркинаның «Мектепке дейінгі жастағы ЖСТД бар баланы зерттеу» әдістемесі бойынша жүргізілді. Ал, зерттеу жұмысының негізі болып табылатын балалардың сөйлеу тілін дамыту барысында М. Монтессоридің педагогикалық жүйедегі әдістемесін қолдандық.

Жұмыстың негізгі бөлімінде М. Монтессори әдістемесіндегі балалардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталып жасалынған жаттығулар жинағын жұмысқа енгізу арқылы тәжірибе жүргізу сипатталады Фонематикалық қабылдауды дамытуға М. Монтессори әдістемесінен іріктеліп алған жаттығулар:

жаттығу:

Дыбыстарды анықтап, ажырату үшін ұсақ заттарға толы қорапшаларды аламыз. Заттарды балаларға аттарын атап таныстырамыз. Дыбыстарды қорапшалардағы заттарды қозғалту арқылы шығарамыз. Заттарды кезекпен сала отырып, балаларға қай заттың дыбысы екенін анықтатамыз.

жаттығу:

  • тыныштықты тыңдау;
  • сағат соққанын;
  • өзінің дем алыпшығарғанын;
  • судың аққанын
    1. жаттығу: Бала бірнеше дауысты және дауыссыз әріптермен танысқаннан кейін оның алдына өзіне таныс барлық дауысты және дауыссыз әріптер салынған қорапшаны қоямыз. Ересек адам нақты және анық түрде сөз айтадыМысалыалмаБірінші әріпті созып айтадыБала ересек созып айтқан дыбысты қорап ішінен тауып алып үстел үстіне қоядыЕнді ересек екінші әріпті созып айтадыБала әріпті қорап ішінен тауып, үстелге бірінші әріптен кейін орналастырадыЖасы кішкентай балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардан тұратын буындарды ал сақта жеткілікті.

Бала ойынның ойналу реттілігін түсінгеннен кейін тапсырманы жылдам орындай бастайды. Құрастырылған сөзді оқу біршама қиындық тудырады. Жаттығуға кез келген сөзді алуымызға болады. Тек бала дыбыстардың бірінен кейін бірі орналасу реттілігін түсінсе болғаны. Баланы жаттығу барысында бақылаған кезде оның бар зейінімен қорапшаға қарап, ересек айтқан дыбысты ішінен қайталап, табуға тырысатынын байқаймыз.

Жаттығудың маңызы бала әр дыбысты таба отырып, өзінің сөйлеу тілін талдап, дыбыстап, бекітеді. Сөздерді құрастыру оған әріптердің дұрыс таңдап алынғанын, ішінен дұрыс дыбыстағанын дәлелдейді. Осылайша, бала орфографияның негізі болып табылатын білім дыбысталған дыбыспен оның графикалық бейнесін сәйкестендіре отырып, есінде сақтайды. Жаттығуды орындап болғаннан кейін әріптерді дауысталарын бөлек, дауыссыз дарын бөлек қорапшаларға салдырамыз. Сонымен жаттығу барысында бала жазуға негіз болатын білімді меңгереді.

Сөзді дыбыстық талдау мен жинақтауға іріктеліп алынған жаттығулар жиыны төмендегідей:

  1. жаттығу. Бұдырлы қағаздан жасалған әріптер.

Құрал жабдықтар

Ағаш тақташаларға жабыстырылған бұдырлы қағаздан жасалған әріптер кесіндісідауыстылар қызылмендауыссыз әріптер көкпен белгіленеді

Жаттығудың мақсаты

әріптердің кескіндерін есте сақтаужазуға дайындау

Жасы

5-6

Жұмыстың орындалуы

Ересек дыбысталуы мен бейнеленуі әртүрлі 3 әріпті таңдап алып, жазылу бағыты бойынша бұдырлы қағаздан сұқ саусағымен әріп үстінен жүргізіп, айтылуы бойынша дыбыстайды. Бұл сәтте баланың алғашқы жазу қимылдары қалыптасадыБаланың міндеті ересектің қимылын қайталауКейін ересек осы дыбыстан басталатын сөз айтыпбаланың да осы әріпке сәйкес сөз ойлауын талап етедіЖаттығу барысында балаға таныс бірнеше әріппен жұмыс істей отырыпбаланың әріптерді бұдырлы қағаз бетімен және ағаш тақтайшаның үстінен жазылу бағыты бойынша дұрыс жүргізуіндыбыстауын қадағалап отырамыз

  1. жаттығу. Әріптерді үстінен жүргізу

Құрал жабдықтар

Қатты қағаздан жасалған әріптер кесіндісісебетстакандорбасөмкеқорап т.б.

Жаттығудың мақсаты

Әріптің баспа және кіші түрін ажыратусол әріпке сәйкес сөз ойлау

Жасы

5-6

Жұмыстың орындалуы

Балаларға таныс әріптерді дыбыстай отырып, сол дыбыстан басталатын заттардың ішіне саламыз немесе сол дыбыстардан басталатын балаларға таратып береміз. Балалар көздері байланған түрде әріптердің бейнесін қолдарымен жүргізіпалған әріптеріне сәйкес басындаортасындааяғында келетін сөздер айтадыСөздер белгілі бір лексикалық тақырыптарға байланысты болуы тиіс.

  1. жаттығу. Қозғалмалы әліппе

Құрал жабдықтар

Баспа түріндегі әріптер жиынтығы салынған екі қорапшабірінде бас әріптерекіншісінде кіші әріптер ішіндегі дауысты әріптер қызыл түстідауыссыз әріптер көк түстібір қорапша көлемі бойынша екіншісінен кішірек ондағы әріптер түстері бойынша ажыратылмайды

Жаттығудың мақсаты

Дыбыстарды әріптермен сәйкестендіре білуге үйрету

Жасы

5-6

Жұмыстың орындалуы

Жаттығу арнайы кілемшенің үстінде орындалады. Ересек баланың алдына бірнеше заттар салынған дорбашаны қоядыЗаттардың ата-уы естілуі бойынша жазылуы тиісҚолданылған заттаршардәп-терқаламқой т.бБала қалауы бойынша затты таңдап алыпатын атап сол заттың атауы басталатын әріпті қорапша ішінен таңдап аладыСөз ішіндегі екінші және үшіншітөртінші әріптерді ересек көмегімен (анық ырғақпен дауыстауы бойыншабірінен соң бірін алып тізедіЗат пен әріптерді бірінің қасына бірін сәйкестендіріп қоядыЖаттығу әріптер мен заттарды орындарына қайта қоюмен аяқталады

  1. жаттығу. Әріптерді сәйкестендіру

Құрал жабдықтар

Ағаштан және қатты қағаздан қиылып жасалынған биіктігі см болатын кіші әріптер және 10 cм болатын баспа әріптерәріптердің түстері сәйкесінше дауыстылар қызылдауыссыздар көк түспен боялғанқатты қағаздан жасалған әріптер кесіндісіәріптердің беткі жағына ермексіз жағылыпсол әріпке сай сурет жапсырылған

Жаттығудың мақсаты

Дауысты және дауыссыз әріптерді ажыратуәріптердің жазылу бағытына машықтандыру

Жасы

5-6

Жұмыстың орындалуы

Бала ағаштан жасалған әріп қиындыларының үстіне қатты қағаздан жасалған әріп қиындыларын жазылу бағыты бойынша жапсыруы тиіс. Бала екі түрлі әріп қиындыларымен жұмыс жасай отырыпсол әріптерге сай сөздерде де естерінде сақтайдыТіпті кейбір балалар қаламды әлі ұстап үйренбесе деосы жаттығудың арқасында әріп-тердің жазылу бағытынан хабардар болды

Сөйлемді түсінуге қолданылған жаттығулар жиыны төмендегідей:

  • жаттығу. Суды шелектен мөлшер көрсетілген стаканға құю және керісіншеМақсатынұсқау бойынша тапсырмаларды түсінгеніне қарай орындау және артық-кем түсініктерін қалыптастыру үшін;
  • жаттығу. Тірі кесілген гүлдерге күтім жасауМақсатыберілген нұсқауды түсінгеніне қарай орындаужапырағын сүрт, бір стакан су құй т.б. Және эстетикалық сезімдерін дамыту.
  • жаттығу. Әртүрлі көлемдегі он кубикҚабырғасының ұзындығы кубиктен см-ге қысқа және қабырға ұзындығы кубиктен 10 см-ге ұзынКубиктерді жазықтықта вертикальді және көлденеңінен әрқалай орналастырамызМақсатысөйлемді түсінгеніне қарайнұсқауларды орындау, үлкен-кіші, үлкенірек кішіреккөлемдерді салыстыру.
  • жаттығу. Ішінде әртүрлі иістері (кофегвоздикаанис және т.б.) бар бірнеше қорапшаларИіскеуді және иістері ұқсас заттарды табуды үйренуиістерді ажыратуМақсатынұсқау беру арқылы бірнеше тап-

сырмаларды орындату, кофенің иісі қандай? т.б.

    1. жаттығу. Әртүрлі температурадағы суы бар құмыраларТемператураны анықтауМақсатыжылы жылырақ суық т.бтүсініктерді меңгерумаған жылы суы бар құмыраны ампер және т.бнұсқаулар бойынша түсінгеніне қарай тапсырмаларды орындату.

8 жаттығу. Ауызша жаттығу. Балаға бірінен соң бірі түстер таратылып беріледі, балаға сол түстерге сәйкес бөлмедегі заттарды тауып, сипаттап беруі қажет.

Ұсақ саусақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар реті төмендегідей:

  1. жаттығу. Металдан жасалған пішіндер мен салмалар

Құрал жабдықтар

Әрқайсыда 5 алқызыл металдан жасалған рамкалары бар 2 төсеніш. Рамканың ұзындығы 14 смРамкаларға келесі көк түсті салмаларды салу қажетшаршытөртбұрышдөңгелексопақшашартрапециябесбұрыш, үшбұрышРамкадағы салмаларды салуға арналған ойықшалардың ортасында магнит бар. 14х14 см қағаз беттерітүрлі түсті қарындаштар.

Жаттығудың мақсаты

Ұсақ саусақ моторикасын интенсивті түрде жазуға жаттықтыруқол және көз тепе теңдігін дамыту

Жасы

5

Жұмыстың орындалуы:

Жаттығуды орындау үшін ересек баламен бірге жұмыс орнын дайындайды. Жұмыс орнында төсенішқағаз, 3 түрлі түсті қарындаш және пішін салуға арналған рамка болуы керекЕресек рамканы балаға көрсете отырып қағаз бетіне жанастырадыБір қолымен рамканы қағазбен бірге ұстап отырыпекінші қолымен рамканы түсті қарындашпен бастырадыБұл сәтте бала қарындашты дұрыс ұстауды және сызықтарды біргелкі жүргізуді үйренедіКейін бала сағат тіліне қарсы бағытта пішіндерді жүргізе бастайдысосын рамканы алыпсызған пішінінің үстіне сәйкес пішінді қоядыБір қолымен пішінді ұстап магнитке бекітедіБұл сәтте бала қолымен үздіксіз және біргелкі әрекет етуге тырысадыБастыруға арналған құралдар алынып тасталадықағазға шеті жүргізілген пішінді түсті қарындаштың бірімен бояйдыБояу үшін балаға пішіннің бір шетіненжоғарыдан төменге қарай вертикальді сызықтар жүргізу әдістемесін үлгі етіп көрсетемізҚателерді түзеукөзбен көру арқылы тексерусалынған пішіннің сызықтарының шеттен шықпауы қарастырылады

  1. жаттығу. Өрнек құрастыру

Құрал жабдықтар

Қағазтүрлі түсті қарындаштарқайшы

Жаттығудың мақсаты

Қолдың ұсақ саусақ моторикасын дамыту

Жасы

5-6;

Жұмыстың орындалуы

Қағаз бетіне бірнеше геометриялық фигураларды салып, бала қалауы бойынша кез келген түспен бояйды. Салынған фигураларды қиямызКейін оларды қосып біріктіру нәтижесінде әртүрлі әдемі өрнектер құрастырамыз.

  1. жаттығу. Әріпті таны

Құрал жабдықтар

Бұдырлы әріптер жазылған көк және қызыл тақташалар. Көзін жабуға арналған шыт

Жаттығудың мақсаты

Тактильді сезінуін дамыту. Жазуға дайындау

Жасы

5-6 жас

Жұмыстың орындалуы

Бұдырлы әріптер жазылған тақташаларды алдарына қойып көрсетіп, дұрыстап анық сезіп, көріп алуларын талап етеміз. Бала анықтап көріп алғаннан кейін көзін шытпен жауып тастайды,бала бұдырлы әріптерді қолымен сипапсезіп көреді деқандай әріп екенін анықтап айту керек.

Жаттығу М. Монтессори кітабында жазылғаноны ары қарай жалғастырушылар Ю.ИФаусек болғанБалалар үлкен ниетпен жаттығуды орындап әріптерді атайдыСезім арқылы ол ойлау жұмысына қадам жасайды және саусақтың ұшы арқылы бейне құрастырып,символдардыбелгілерді ажырата алады.

  1. жаттығу. Бұдырлы сөйлем

Құрал жабдықтар

Қорапқа салынған бұдырлы әріптермен жазылған сөйлемі бар тақташалар. Көзін жабуға арналған шыт

Жаттығудың мақсаты:

Жазуға дайындау

Жасы:

5-6 жас

Жұмыстың орындалуы:

Тақташаларда бұдырлы әріптер мен жазылған сөйлемді баланың алдына қойып, баланың көзін шытпен жабамыз. Бала әріптерді сезіполардан сөйлем құрай алуы керек.

Бұл жаттығу көзі нашар көретін балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге жақсы таныс. Балалар бұдырлы әріптерді анықтағанды жақсы көредіқызыға орындайдыЖаттығу балаларды жалықтырмай оқуға және жазуға үйретеді

Бұл жаттығуды орындата отырып, балаға қарындашты қолына сенімді ұстап, сызықтар жүргізу үшін қол бұлшық еттері қызметінің жақсы дамығаны тиімді. Бұл ойлау қабілетімен қатар дамитын үрдіс болып табылады. ЖСТД бар балаларды жазу қимылдарына үйрете отырып, алдымен әріп кескіндерін қолдарымен ұстап сездіре отырып, механикалық түрде олардың психомоторлы жолдарын жаттықтырып, әр әріптің кескінін бұлшық ет қызметін пайдалана отырып еске сақтаттым. Жазу үшін қаламды дұрыс сенімді ұстап үйрену қажет. Ол үшін жоғарыда аталған жаттығуды біраз түрлендірсек жеткілікті. Көзі байланған бала әріптің кескінін оң қолының тек сұқ саусағымен ғана емес, ортаншы саусағымен де көрсетсе болғаны.

  1. жаттығу. Суретті толықтыр

Құрал жабдықтар

Қызыл түсті дауысты әріптердің кескіндері, өрнек

Жаттығудың мақсаты

Көріп қабылдау мен моториканы дамыту

Жасы

5-6 жас;

Жұмыстың орындалуы

Баланың алдына қызыл түспен боялған дауысты әріптердің кескіндерін және қағаз бетіне үлкен болып

салынған өрнекті қоямызБірақ өрнек толықтай аяқталмағанБаланың міндеті өрнекті әріп кескіндерін қою арқылы аяқтауКейін өрнек толықтырылған соң әріптерді атапкескінін алдымен сұқ саусақпен кейін ортаншы саусақпен жазылу бойынша жүргіздіреміз.

Жазылуы бойынша әріп кескіндерін саусақтармен жүргізу жазуға қажет қол бұлшық еттерін жаттықтырады және бала әріп кескіндерін есіне сақтай отырып оқуды тез меңгеретіні дәлелденген.

  1. жаттығу. Рамканы өрнектеу

Құрал жабдықтар

Түймелербантиктертүймешелержабысқақ заттары бар рамкалар

Жаттығудың мақсаты

Қол бұлшық еттерін жазуға дайындау, ұсақ саусақ моторикасын дамыту

Жасы

5-6 жас;

Жұмыстың орындалуы

Балаға ермексіз жапсырылған рамка беріледі. Бала қалауы бойынша алдында тұрған бірнеше сауыт ішінен түймелербантиктертүймешелеркөптеген жарма түрінен біреуін таңдап алыпрамка шетін әсемдеуі тиіс.

Жаттығулардың көпшілігі орындау барысында уақытты көп қажет ететіндіктен, оларды топтық сабақтарға қарағанда жеке логопедиялық сабақтарда қолдану тиімді екенін байқадық. Оны балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Әр баланың жұмыс істеу темпіне, тапсырмаға қызығушылығының оянуына, тапсырманы жылдам немесе баяу түсінуіне, шаршауын. Зерттеу жұмысымның негізгі мектепке дейінгі жастағы ЖСТД бар балалардың сөйлеу тілін логопедиялық сабақтар барысында дамытуға арналған жаттығулар жинағын шығару мақсатына қол жеткіздім дегім келеді.

Болжағандай, М. Монтесори әдістемесінің элементтерін мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілінің бірқатар құрылымдарын дамытуда қолдану нәтижесі көріп тұрғанымыздай оңды болды. Аталған әдістемені қолданудың нәтижесінде байқалған балалардағы өзгерістерді атап өтетін болсақ:

  1. Бала бойында өзінзі тәрбиелеуге, өзінзі оқытуғадамытуға деген қасиеттердің пайда болуы;
  2. Балалардың бір-бірімен қарым-қатынастары өзгерді, ол басқа баланың ісәрекетін бақылай отырып бір дидактикалық материалды пайдалану үшін құралдың босағанын тосады. Бақылау – бала танымын дамытудың тиімді әдісі екенін естен шығармаймыз;
  3. Материалмен қалай жұмыс істеу керектігін бір бірлеріне түсіндірулері нәтижесінде сөйлеу тілі және рухани жағынан дамуды көреміз, үлкеннің кішіге қамқорлық көрсетуі;
  4. Әдістеме баланы болашақ физикалықәлеуметтікинтеллектуалды және рухани дамыту көзі екені дәлелденді;
  5. Сөйлеу тілінің негізі болып табылатын алғашқы фонематикалық білім әріптердің кескіндерін есте сақтаужазуға дайындауәріптің баспа және кіші түрін ажыратусол әріпке сәйкес сөз ойлауға үйренеді;
  6. Дыбыстарды әріптермен сәйкестендіре білугедауысты және дауыссыз әріптерді ажыратыпәріптердің жазылу бағытына машықтанады;
  7. Ірілі –ұсақты заттармен жұмыс істей отырыпсаусақ моторикасын интенсивті түрде жазуға жаттықтырыпқол және көз тепе теңдігін дамытуға жол ашылды;
  8. Өз бетімен шешім қабылдап үйренудің, жаңа дағдылар мен өзіне деген сенімділіктің алғашқы белгілерінің қалыптасуы;
  9. Әдістеме жаттығуларын орындау барысында балаларда өзінзі тәрбиелеу мен дамытудағы жан-жақтылық жүйесінде негізгі назар өз бетінше даму мен көру, есту, сезу, дәм сезу сынды қабілеттерді және ұсақ саусақ моторикасын дамытуға жаңа жол ашылды. Әр бала өзіне ұнаған іспен өз темпі бойынша айналыса алады. Өз-өзімен бәсекеге түсе отырып, балада өз күшіне деген сенімділік туады;
  10. Өз қатесін өзі бақылауға мүмкіндік туды;
  11. Жаттығу барысында баланың қозғалысы қамтамасыз етілсеекіншісі жағынан балада өз бетінше өззіне қызмет ету дағдылары қалыптасты;
  12. Балалар дидактикалық материалдар мен жаттығулар ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта даму мүмкін болды;
  13. Күнделікті тұрмыс барысында тыйым салынатын заттармен баланың емінеркін қарым-қатынасқа түсуі;
  14. М. Монтессори әдістемесі баланың өз шамасына қарай білім алуға деген алғашқы қызығушылықтарын оятадыоған өзі қаламайтын іс әрекеттерді орындамауына болады;
  15. М. Монтессори әдістемесі – баланы тәрбиелеу мен дамытудағы әмбебап әдіс болып табылатындықтаноған еркіндікқайталанбайтын мазмұн тән болып келеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абеуова И.Ә. Хегай А. О методе ММонтессори в образовании. – АлматыБілім кілті. 2007.2. 36-38 б.
  2. Андерлик Л. Путь для всехЖизнь с МонтессориМонтессори-терапия и оздоровительная педагогика на практике. – М.: Монтессори терапия в Москве, 2008.
  3. Акишина АЛ.Барановская СЛРусская фонетикаМ., 1980.
  4. Берғалиева Н.А. М. Монтессори әдісіБілім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. Алматы, 2006.
  5. Бородин A.M. Методика развития речи детей дошкольного возраста. М., 1984.
  6. Блонский П.ПО Марии Монтессори // Дошкольное воспитание. – 1994. № 10.
  7. Загвоздкин В.Хилтунен ЕМонтессори и Вальдорф. – М., 1999.
  8. Каше Г.А. Подготовка к школе детей с недостатками речи. – М., 1985. – 185 с.
  9. Логопедия // Под редакцией Л.С. Волковой. – М.: «Просвещение», 1989. -527 с.
  10. Логопедия/ Под ред. Л.СВолковойС.НШаховской. — М., 1998.
  11. Монтессори М. Разум ребенка.М, 1999. – С. 28 – 93.
  12. Монтессори М. Дом ребенкаМетод научной педагогикиПерс итал. – Гомель, 1993.
  13. Монтессори, М. Подготовка учителяМетодическое пособие Перс англИДичковской. – Альманах «МАМА»Научно – методическое издание Межрегиональной альтернативной Монтессори – ассоциации. – Вып. 1. – М, 1994. – 354 с.
  14. Общая психология / Под ред. А.ВПетровского М.: «Просвещение», 1986 – 463 с.
  15. Орлова Д. Большая книга Монтессори. – СПб.ПРАЙМ-ЕВРОЗНАКВладимирВКТ, 2008.
  16. Өмірбекова Қ.Қ., Өмірбекова С.ЖФонетикасыфонематикасы толық дамымаған балаларды оқыту және тәрбиелеу. – Алматы, 2004 – 62 б.
  17. Өмірбекова Қ.Қ., Балқыбекова В.С. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын тексеру және дамыту. Оқу құралы. – АлматыАлматыкітап, 2003. – 104 б.
  18. Программа коррекционного обучения и воспитания детей с общим недоразвитием речи 6-го года жизни // Сост. Т.БФиличева и Г.ВЧиркинаМ., 1989.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.