Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанда зайырлы мемлекет құрудың тарихиқұқықтық негіздері

Ресей империясының құрамына кірмес бұрын Қазақстанда қазақ құқығы үстемдік еткен, С.З. Зиманов атап көрсеткендей, оның негізгі қайнар көзі болып Ұлы даланың нормативтік жүйесі мен мәдени дәстүрлер саналды [1].

Қазақтардың мәдени дәстүрлері діни наныммен тығыз байланысқан. Қарахандықтар тұсында исламды мемлекеттік дін ретінде жариялау Дала дәстүріне әсер ететін факторлардың бірі болды. Осыған байланысты, мемлекетте шариғат жаңа құқықтық жүйесі құрылды. Құқықтық мәселелерде жұмақ пен қиясты аналогы бойынша жекеше ерікті пайымдаудың қолданылуымен сипатталатын ханафиттік мазхаб жайылды. Сонымен қатар, ханафиттік құқықтанушылар адатты пайдалануға, егер оның нормалары шариғатқа қайшы болмаса, мүмкіндік берген [2].

E. Әбіл атап өткендей, ислам құқығының енуіәдеттегі құқықпен салыстырғанда, дамыған құқық ретінде, позитивтік рөл атқарды. Ислам ұғымы діни идеялар мен іс-шаралар жиынтығы ретінде ғана емес, сондай-ақ құқық философиясын қамтитын философиялық жүйе ретінде қабылданған кезде, бұл исламдік ренессанс, мәдениет және ғылымды дамыту уақыты болды [2].

Қазақстан екі ғасыр, Ресей империясының құрамында өмір сүріп келді. Мемлекеттің бүкіл аумағында православие мемлекеттік дін боп саналды, бірақ Ресейдің көптеген өңірлерінде халық басқа да діндерді ұстанған.

Революцияға дейінгі патшалық Ресейде дін мен құқық, Еуропалық мемлекеттерге қарағанда, тығыз байланыста болды. Құқықтық нормалар мен канондық нормалардың тоғысуы, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен діни ұйғарымдардың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заң талабы мен діни жаза – революцияға дейінгі патшалық Ресейдің мемлекеттік, азаматтық, қылмыстық құқықтың және құқықтың кейбір салаларындағы ерекшеліктерінің бірі.Православиенің өзін және оның діни жоралар мен ережелерін Ресейге мемлекеттік билікпен мәжбүрлеп енгізген [3].

Патшалық заңнамалардың конфессионалдық сипатына ресейлік заңгерлер бірнеше рет назар аударған. Солардың бірі И.Г. Оршанский, азаматтық заңдар жинағының алғашқы кітабы канондық ережелерге негізделген және азаматтық заңдар барлық азаматтар үшін міндетті тәуелсіз нормаларды емес, тек жалпы христиандық ережелерден бөлек абстракцияны құрайды, сондықтан ол әрбір дін үшін, олардың шіркеу ережелеріне сәйкес күшке ие, деп атап өтті [3].

Сенім мен табынуды қоса алғанда, конфессионалдық ұйымдарда, өмірдің барлық аспектілерін реттеген, Ресей құқығының кеңейтілген бөлімінде – сенім туралы заңнамасында құқықтық және діни нормалар байланысы арта түсті. Бұл ерекше заңнаманың бастамасы Регламент немесе Жарғы, Діни басқарманың басылымымен қаланды. Заңнамалық акт православиелік шіркеудің – Дін басқармасының, оның құрамын, епископтардың, ақ және қара дінбасылардың қызметінің құқықтары мен міндеттерін анықтады.

Шіркеуді өзінің негізі ретінде толығымен қолдап, державалық билік конфессионалдық ұйымдардың мүдделері мен артықшылықтарын барлық құралдармен, оның ішінде құқықтық, дінге қол сұғылмаушылық, мүліктік және өзге де құқықтармен қамтамасыз етті.

Православиені қорғайтын православиелік нормалар Ресей патшалығының заң жинағында ерекше орын алған. Мысалы, алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Хартия сенімге қарсы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі бөлімнен басталған. Қылмыстық кодекстегі және Қылмыстық жаза туралы заңдағы діни қылмыстар туралы баптар мемлекеттік қылмыстар туралы баптарға оның ішінде патшаға және патша сарайының мүшелеріне қарсы қылмыстар туралы баппен ауыстырылдыауыстырылды.

Ресей империясының заңдары жариялады: «Шіркеу субъектілеріне тиесілі емес Ресей мемлекетінің азаматтары, азаматтығы табиғи және азаматтықты қабылдаған азаматтар, сондай-ақ ресейлік қызметте немесе Ресейде уақытша жүрген шетел азаматтары – барлығы наным-сенім мен діни қызметті жүзеге асыруды еркін пайдаланады». «Наным-сенім еркіндігіне шетелдік христиандықтардан басқа еврейлер, магометандар және пұтқа табынушылар да ие». Алайда, бұл заңдардың мәтіндерінде ымырасыз қайшылықтар бар: нақты діни бостандық шіркеудің қатысуымен және өзге де діндерді кем немесе артық деп бөлумен үйлесімді емес.

Негізгі заңдар орыс православ шіркеуінің маңыздылығын және ерекше рөлін атап өтті: «Ресей империясы құрамындағы жетекші және үстем наным-сенімі шығыс православ христиан сенімі болып табылады». Үстемдік православ шіркеуі ретінде, өзге де діни ұйымдармен салыстырғанда құқыққа сәйкес қолайлы жағдайда болып, бірқатар артықшылықтарды қолданды.

Басқарушы діннің маңызды басымдығының бірі, тек оған ғана шексіз миссионерлік қызмет жүргізу құқығының берілуі болып табылады. Шетелдік ғибадаттардың рухани істерінің Жарғысының 3 бабы «Мемлекет шегінде билік етуші бір шіркеу басқа христиандық немесе өзге дінге ғибадат етушілерді өзінің дінін қабылдауға үгіттеуге құқылы» дейді. Басқа діндегілер мен басқа христиандық ғибадат жасаушылардың рухани және ақсүйек тұлғаларына олардың дініне жатпайтындарды үгіттеуге қатаң түрде тыйым салынады».

Осылайша, түрлі конфессиялық ұйымдардың заңды тұрғыдан теңсіздігі тек аз қорғалатын діннен көбірек қорғалатын дінге өтуіне ғана жол берілген, ал керісінше жасау мүмкін болмаған. Дін таңдаудың еркінділігінің талаптарына қайшы, және осы заңмен шектелген шектерде, дінді ауыстыру үшін, дін жолындағы адамның және тиісінше рухани тұлғалардың ерік – жігері жеткіліксіз болды, себебі көбірек қорғалатын діндерге ауысу губернатордың қалауына байланысты болды.

Православиелік шіркеу мемлекеттің саяси өміріне белсенді түрде қатысып жатқанда және оның бүкіл қызметі анық айқындалған саяси сипатта болған кезде, римдік-католиктік және евангелия – лютеран және басқа да діндегілерге шіркеу уағыздарында, үйретулерінде және сөздерінде «саяси тақырыптарды, тіпті жалпы сөздер ретінде де» атауға, «дінге қатысы жоқ заттар туралы, әсіресе заманауи саяси оқиғалар мен оларда қабылданып жатқан шаралар» туралы талқылауға, «саяси істер және әсіресе мемлекеттік ішкі басқаруына қатысты» шығармалар шығаруға қатаң тыйым салынды. Өзінің жариялайтын діни сенім бостандығына қарсы, Ресей империясының заңдары азырақ қорғалатын діндерге жатқызылған, тұлғалардың құқықтарын шектеді, сектанттар мен ескі ғұрыптарға сенушілердің азаматтық құқықтарын тартып алды. Қылмыстық құқық нормалары, әртүрлі шіркеу шектеулерін растай отырып, бірқатар жағдайларда сотталушыларға тек қылмыстық санкциялар ғана емес, діннің шіркеулік өкіну, «істеген ісі үшін шіркеу заңдарымен анықталатын жазалар», кейде тиісінше діннің оқшаулау орнына қамау сияқты жазалау түрлерін қарастырған.

ХХ ғасырдың басында Орыс Православиелік шіркеуі мемлекеттегі ең қуатты идеологиялық ұйым болды. Шіркеудің ықпалы өмірдің барлық салаларында көріне бастады: саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени және т.б.Мемлекеттік аппараттың бөлігі бола отырып, православие діннің табынушыларының ірі штатына, үлкен капиталға, шіркеу, монастырь, рухани оқу орындарының кең таралған желісіне ие болды. Сол кездердің өзінде ақ, Қазақстан аумағы көп конфессиялы болған, бұл жерде әртүрлі діни ағымдар, соның ішінде ескі ғұрыпты сақтаушылар, римдік-католиктік, лютерандық, иудаистік, буддистік және тағы басқалар әрекет еткен [4].

Ислам және православие екі діннің Қазақстан аумағына әсерінің тарихи факторы, А.Г. Косиченко айтқандай, Қазақстан Республикасындағы конфессия аралық қатынастардың осы екі ірі діннің қатынастарымен белгіленетініне әкелді [5].

1917 жылдың Қазан төңкерісі мемлекеттегі қалыпты және діннің әсерін толығымен өзгертті. Ғылыми коммунизмнің негізін салушылар діни еліртпе ден босатуды, ғылыми көзқарастың дін алдында жеңісін қамтамасыз етуді жұмыс партиясының міндеті деп қарастырды.

Жаңа мемлекеттік конфессиялық қатынастардың негізін салған бірінші әрекет 1918 жылдың 23 қаңтарында халық комиссарларының Одағының Декреті болды, онда шіркеу мемлекеттен бөлінгені және мектептің шіркеуден бөлінетіні нақты бекітілген. Сонымен қатар діни қоғамдардың меншікке ие болу құқығы жоқтығы, тіпті олардың заңды тұлға құқықтарынан айрылатыны бекітілді. Діни қоғамдардың барлық мүліктері қазынаның игілігі деп танылды. Шіркеудің мемлекеттен бөлінуі туралы мәселе бойынша 1918 жылдың желтоқсан айында шығарылған циркуляр діни және ғұрыптық мақсаттарға арналған ғимараттарды жергілікті органдармен келісім жасаған азаматтар топтарына тапсыру қажет екендігін түсіндірді.

1929 жылдың 8 сәуірдегі ЖОАК және ХКО РКФСР «Діни бірлестіктер туралы» қаулысында дін тұтудың әрі прогрессивті, әрі бостандығын шектеуші ережелері болды. Оң ережелер ретінде діни бірлестіктер діни қоғамдар және діни топтар ретінде тіркеле алғанын айтуға болады, және де соңғылары діни қоғам ретінде тіркелу үшін тілек білдірушілер саны 20 адамнан кем болмау керек.

Әрбір азамат тек бір ғана діни бірлестіктің мүшесі бола алуы, әрбір діни қоғам немесе топ бір ғана ғибадатхананы пайдалана алуы шектеулер қатарына жатты. Діни қоғамдар мен діншіл адамдар топтарының жалпы жиналыстары еңбекшілердің депутаттарының аудандық, қалалық Кеңесінің атқарушы комитетінің рұқсатымен ғана өткізілетіні көрсетілді. Тіркеуші органдарға жеке адамдарды діни қоғамның немесе діншіл адамдар топтарының атқарушы органының мүшелер құрамынан шығару құқығы берілді.

1946 жылдың 3 желтоқсанында КСРО Министрлер кеңесінің «Діни табынушылық қызметшілеріне салық салу тәртібі туралы» Қаулысы қабылданды, ол діни ғұрыптар өткізуден, діни оқу орындарында сабақ беруден түскен салықтар бойынша діни табынушылық қызметшілерінен кіріс салығын алуға рұқсат берді.

1969 жылы Еңбекшілер депутаттарының кеңестерінің атқарушы комитеттеріне діни табынушылық туралы заңнаманы сақтау бойынша қолғабыс ететін комиссиялар туралы Үлгілі Ереже әзірленді. Ол Ережеде осындай комиссиялар жергілікті Кеңестің депутаттарының, қаржы органдарының жұмысшыларының, халықтық білім беру органдары санынан және табынушылар туралы заңнама мәселелерінен хабары бар жергілікті кеңес активтерінің басқа тұлғаларының санынан түзілетіні айтылды. Комиссиялардың жұмысының мақсаты дінге қатысты заңдарды сақтауда Еңбекшілер депутаттарының кеңестерінің атқарушы комитеттеріне жәрдемдесу болды.

Осы Үлгілі Ережеге сәйкес бірқатар Кеңес республикалары осындай комиссиялар құрады.

Бірқатар Кеңес республикаларында дін тұту бостандығын шектеу мәселелері бойынша қаулылар қабылданды. Дінмен және оның адамдарға әсерімен күресу әртүрлі жолдармен жүргізілді.

КСРО-ның 1936 жылғы Конституциясында былай айтылды: «Азаматтардың намыс бостандығын қамтамасыз ету мақсатында КСРО-да шіркеу мемлекеттен және мектеп шіркеуден бөлінді. Діни табынушылықтан шығу бостандығы және дінге қарсы үгіттеу бостандығы барлық азаматтарға тән». Бұл жерде сабақтастық тәртіппен 1918 жылдың РКФСР Конституциясының намыс бостандығы формуласы қайта жаңғырды, бірақ елеулі айырмашылығы РКФСР бірінші конституциясында намыс бостандығы толық көлемде барлық азаматтарға емес, еңбекші азаматтарға ғана тән болды.

Аталған конституцияда «социализм құру» кезеңіндегі кеңестік қоғамның өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына толық сәйкестікте, шиеленіскен тап күресі жағдайында Кеңестік мемлекет тұрғындардың кейбір топтарын, оның ішінде барлық діндердің дін табынушы монахтарын және дін қызметшілерін шектеуге мәжбүр болды.

Діни бірлестіктер заңды тұлғаның құқықтарынан айрылды, шіркеу мүліктерінің меншік иелері болмады, оларды басқара алмады, себебі барлық шіркеу жерлері, ғимараттары, ғибадатханалары, табынушылық заттары меншіктен шығарылды және мемлекет меншігіне берілді. Заңнама бойынша діни бірлестік өзін-өзі басқаратын ұйымдастырушылық құрылым ретінде дербестік қарастырылмады, құқық қатынастарына оның жеке мүшелері және өздерінің аттарынан ғана қатысу мүмкіндігі ғана болды. Тіпті дін ішілік қызметті бұл бірлестіктер өте күрделі және көп сатылы процедура болып табылатын мемлекеттік тіркелуге дейін жүргізе алмады.

КСРО заңнамасын толығымен көшірген Қазақ КСР-ның дін тұту бостандығы және діни бірлестіктері туралы заңнамасы туралы айтатын болсақ, ол айтылған дін тұту бостандығына қарамастан, діншіл адамдардың құқықтарын қатты шектеді. Қазақ КСР-ның 1976 жылғы діни бірлестіктері туралы ережесінің 14 бабына сәйкес діни қоғамның органдарының мүшелері құрамынан шығару құқығы тіркеуші органдарға берілді.

«Қазақ КСР-ның діни бірлестіктері туралы» 1976 жылдың 26 наурызындағы Ережесіне сәйкес діни қоғам деп 18 жасқа толған, бір дінді ұстанатын, табынатын, бір бағыттағы кемінде 20 діншіл азаматтардың өздерінің діни қажеттіліктерін бірігіп қанағаттандыру үшін бірлескен жергілікті бірлесуін айтады.

Санының аздығы себебінен діни қоғам құра алмайтын діншіл азаматтар үшін діншіл адамдар тобын құру құқығы ұсынылады. Діни қоғамдардың шіркеу аспаптарын, діни табынушылық заттарын, көлік құралдарын сатып алу, заңмен белгіленген тәртіппен өздерінің қажеттіліктері үшін ғимараттарды жалға алу, салу және сатып алу құқықтары болды.

Осы ереженің діншіл адамдардың құқықтары мен бостандықтарына көптеген шектеулері болды. Ереженің 11 бабында табынушылық мүлікті басқарумен және пайдаланумен байланысты мәмілелерде, оның ішінде күзетшілерді жалдау туралы келісімдер, ағаштарды жеткізу, ғибадатхана ғимаратын және табынушылық мүлікті жөндеу сияқты мәмілелерде дінмен байланысты болса да, сауда және өнеркәсіптік мақсаттағы келісім-шарттық қатынастары, оның ішінде шырағдан зауыттарын, діни адамгершілік кітаптарды басу үшін баспаларды жалға алу, тағы сол сияқты қатынастар болмауы керек.

Ереженің 17 бабы діни бірлестіктерге тыйым салды: а) өзара көмек кассаларын, кооперативтер, өндірістік бірлестіктен құру және діни қажеттіліктерді өтеуден тыс мақсаттар үшін қарауындағы мүліктерді пайдалану; б) өздерінің мүшелеріне материалдық көмек көрсету; в) арнайы балалар, жасөспірімдер, әйелдер ғибадат ететін және басқа жиналыстар, жалпы інжілдік, әдебиеттік, қол өнершілдік, еңбектік, дінді оқыту жиналыстарын, топтарды, үйірмелерді ұйымдастыру, сонымен қатар экскурсиялар және балалар алаңдарын өткізу, кітапханалар мен оқу залдарын ашу, санаторийлер мен емдік көмек ұйымдастыру. Ғибадатхана ғимараттарында осы дінді үгіттейтін ғана кітаптар сақтала алды. 18 бапта оқу орындарында қандай да діни шариғаттарды оқытуға тыйым салынды. Миссионерлік қызметке тыйым салынды: Ереженің 19 бабында дін қызметшілерінің, дін уағыздаушылардың, тәлімгерлердің және т.б. қызметінің аймағы олардың қызмет көрсететін діни бірлестігінің мүшелерінің тұрғылықты жерімен және сәйкес ғибадат ету ғимаратының орналасқан жерімен ғана шектелді.

Үнемі екі немесе бірнеше дін бірлестіктеріне қызмет көрсететін дін қызметшілерінің, дін уағыздаушылардың және тәлімгерлердің қызметі осы діни бірлестіктерге кіретін діншіл адамдардың үнемі тұратын аумағымен шектеледі. Белгіленген заң тәртібімен тіркелмеген дін қызметшілерінің қызметіне, сонымен қатар басқа тұлғалардың қандай да діни ғұрыптар өткізуіне тыйым салынды.

20 бапта діни бірлестіктер, діншіл ададар топтары әрбір жеке жағдайда КСРО министрлері кеңесінің жанындағы Діндер істері бойынша кеңестің келісімімен ғана діни съездер мен жиналыстар өткізе алатыны айтылды. Ереженің 39 бабында жаңа ғибадат ету ғимараттарын салуға жеке жағдайларда діни қоғамдардың сұрауы бойынша, облыстық, Алматы қалалық еңбекшілер депутатының кеңесінің атқарушы комитетінің ұсынысымен дін істері бойынша Кеңестің рұқсатымен ғана рұқсат етілетіні айтылды. Бұл ереже Қазақстан Республикасының 1992 жылдың 15 қаңтардағы дін тұту және діни бірлестіктер туралы Заңы қабылданғанға дейін әрекет еттіКеңес уақытында діни бірлестіктер туралы дамыған заңнаманың қажеттілігі болмады, және де әрекет еткен актілер діни бірлестіктердің «бағынышты» статусын күшейтіп, оларға түрлі шектеулер мен міндеттер артты. Атап айтсақ, діни қоғам немесе топ (діни бірлестіктің екі түрі) КСРО министрлер кеңесінің жанындағы діни істер бойынша Кеңестің тіркеуі туралы шешім қабылданған соң ғана әрекет ете алды. Шешім Кеңес мүшелерінің пікірлері негізінде қабылданды, сонымен қатар 1961 жылдың Діндер туралы заңнаманы қолдану туралы нұсқаулыққа сәйкес иеговшылар, елубасылар, шынайы православиялық христиандар, шынайы православиялық шіркеу, адвенитистер-реформашылар, мурашковшылар және басқалары тіркелуге жатпады, себебі олардың қызметінің мемлекетке қарсы және изуверлік сипаты көрсетілді.

1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясында былай жазылды – Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет. Біздің ойымызша, бұл тұжырым жеткілікті шамада дұрыс емес, себебі атеистік идеологиядан бас тартқан соң алғашқы жылдары Қазақстан зайырлы мемлекет бола алмады. Осы Конституцияның 12 бабы республика азаматына намыс бостандығына – дінге өзінің қатынасын өздігінен анықтау құқығына, олардың кез келгенін тұтуға немесе ешқайсысын тұтпауға, дінге қатысына байланысты пікірін таратуға және соларға сәйкес әрекет етуге кепілдік берілетіні белгіленді [6].

Бұл тәсілдеме едәуір прогресс болды, себебі намыс бостандығын толықтай жүзеге асыру мүмкіндігі бекітілді.

Бірақ 1995 жылы жаңа Конституция қабылданған соң, Қазақстанда зайырлы мемлекетті қалыптастыруда жаңа кезең басталады. Себебі бұл Конституцияның тәсілдемесін Қазақстанда зайырлы мемлекетті бекіту мәселесін дұрыс қарастырады. Сонымен қатар, намыс бостандығы және діни бірлестіктердің қызметінің мәселелерін нақтырақ ашатын жаңа баптар шықты.

Осылайша, екі қорытынды жасауға боладыБіріншіден, Қазақстан аумағындағы мемлекеттік конфессиялық қатынастардың тарихын төрт кезеңге бөлуге болады.

  1. кезең. Бірінші кезең Қазақстан Ресейге XVIII ғасырда қосылғанға дейін созылды, онда қазақ құқығы басым болды, оның негізгі көздеріне Ұлы даланың қарапайым нормативтік жүйесі және мәдени дәстүрлер жатты.
  2. кезең. Қазақстан Ресей империясының құрамына кіреді. Осы сәттен бастап, Қазақстан аумағында, Ресейдің басқа аймақтарында сияқты, заңнама деңгейінде және өмірде елеулі артықшылықтарға Ресейдің ресми шіркеуі болып табылатын Ресей православие Шіркеуі ие болады.
  3. кезең. Қазақстан КСРО құрамына кіреді. Бұл кезең мемлекеттің дінге қатынасының толық өзгеруімен сипатталады. Мемлекеттік идеология атеизмге негізделеді, бұл өз кезегінде дінге толық қарсы шығуды білдірді.
  4. кезең. Қазақстан тәуелсіз ел болады. Бұл кезеңді екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең тәуелсіздік алған сәттен басталады және 1995 жылы Конституция қабылдағанға дейін жалғасады. Ол мемлекет пен дін арасындағы қатынастардың өзгеруімен, бүкіл мемлекеттің атеистік мемлекеттен зайырлы мемлекетті бекіту үшін бағдарын өзгертумен сипатталады.

Екінші кезең Қазақстанда зайырлы мемлекет құру мәселесіне ойластырылған тәсілдеме мен сипаттала алады. Сонымен қатар экстремистік идеялардың кіруімен байланысты мәселелер туындай бастайды.

Екіншіден, мемлекеттік – конфессиялық қатынастардың даму тарихының алғашқы үш кезеңінің Қазақстандағы қазіргі жағдайға әсері туралы қорытынды жасауға болады. Қазақстан дін мемлекеттен бөлектенген, көп конфессиялық мемлекет болып табылады. Орыс Православие шіркеуі Қазақстандағы конфессиялардың маңыздылығы бойынша екінші болып табылады. Сонымен қатар атеизм де кеңінен таралған.

Бірақ қазіргі Қазақстандағы діни жағдай уақыт өте өзгеріп келеді, зайырлы мемлекетті қалыптастырудың жаңа мәселелері қосылып келеді және де оларды шешу тәжірибесі де артып келеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Древний мир права казахов // Под ред. Зиманова С.З. − Алматы, 2001. − 438 с.
  2. Әбіл Е. Ежелгі дүниеден 20 ғасырдың басына дейінгі Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы. − Астана, 2000. − 52 б.
  3. Клочков В.В. Закон и религия. − М., 1982. − 214 с.
  4. Дабжанова Ж.Б. Ислам и иудаизм в Казахстане: взаимодействие в процессе становления гражданского общества // Материалы международной конференции «Межконфессиональное согласие как фактор стабильности казахстанского общества». − Алматы, 2001.− С. 73-74.
  5. Косиченко А.Г. Актуальные проблемы межконфессиональных отношений в Республике Казахстан // Сборник материалов республиканской конференции «Религия, наука и СМИ: диалог и сотрудничество». − Астана, 2006. − 162 с.
  6. Баишев Ж.К. Казахстан: этапы государственности. − Алматы, 1997. − 452 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.