Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық жазадан босатудың жекелеген түрлері және олардың мазмұны

Жазадан босату бұл кінәлі адамды жазаның мазмұны болып табылатын құқықтық шектеулер мен құқықтарынан айыру шараларынан босату. Аталған институтты қолданудың негізі сот тағайындаған жазаны орындаудың мүмкін болмауы мен жазаны атқарудың орынсыздығы болады. Кейде қылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру тәсілінің бір формасы ретінде қабылдап, оны қылмыстық жауаптылықтан босатудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Іс жүзінде қылмыстық жазадан босату өз алдына дербес қылмыстық құқықтық институт.

Қылмыстық жауаптылықтан босату мен қылмыстық жазадан босату өзара мазмұны, негіздері, құқықтық салдары мен қолданудың процессуалдық тәртібімен ерекшеленеді. Мысалы, үшін қылмыстық жауаптылықтан босату тек қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары емес онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғаларға катысты ғана қолданылса, қылмыстық жазадан босату онша ауыр емес және орта ауырлықтағы қылмыстар үшін ғана емес және орта ауырлықтағы қылмыстар істеген адамға қатысты жүзеге асырылуы мүмкін. Жазадан тек сот босата алады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босатуға тергеуші, прокурор, анықтау органы құзіретті. Және қылмыстық жазадан босату қылмыскерді қылмыстық жауаптылықтан босатпайды. Ал қылмыстық жауаптылық қылмыстық жазасыз ақ жүзеге асырыла береді.

Қылмыстық Кодексте жазадан босатудың келесі түрлері атап көрсетілген:

  • Шартты-мерзімінен бұрын жазаны өтеуден босату (ҚК72-бап);
  • Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту (ҚК 73бап);
  • Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру (ҚК 74-бап);
  • Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату(ҚК 75-бап);
  • Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру (ҚК 76-бап);
  • Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (ҚК 77-бап);
  • Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату(ҚК 78-бап). Бірақ олардың құқықтық табиғатының ерек шілігіне байланысты олар дипломдық жұмыстың жеке тарауында каралады [1].
  • Жазадан босату шартты (мерзімінен бұрын-шартты түрде босату, жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдырған жағдайда) және шартсыз (ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату) болады.

Жазаны өтеуден шартты мерзімінен бұрын босату.Қылмыстық кодекстің 72-бабыңда көрсетілген жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату сот тағайындаған жазадан занда көрсетілген шарттар сақталған жағдайда сотталған адамды босату арқылы көрінеді. Жаза шартты мерзімінен бұрын босату барлық жаза түрлеріне емес ҚК-ң 72-бабында көрсетілген бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыру жазаларына қолданылады.

Сот шарты-мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдамай тұрып сотталғанның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толықтай өтеудің қажеті жоқтығына көз жеткізуі тиіс. Сонымен бірге сот жазаның қосымша түрін атқарудан толық немесе бір бөлігінен босата алады.

Мерзімінен бұрын босату қолданудың шарттарының бірі тағайындалған жазаның занда бекітілген бөлігін өтеу болып табылады. Оның ұзақтығы қылмыс дәрежесіне тікелей байланысты. Мерзімінен бұрын шартты түрде босату сотталған адам тағайындалған жазаның мынадай бөлігін өтеген соң қолданылуына жол беріледі:

  1. онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;
  2. ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;
  3. аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн іс жүзінде өтегеннен кейін, сондайақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күші 72 баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған болса;
  4. Қылмыстық кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында, 121-бабы үшінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында көзделген қылмыстар үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін, сондай-ақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші 72 баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіздер бойынша жойылған болса;
  5. сотталған адам процесстік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін [2].

Сотталған адамның бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтеген мерзiмi алты айдан кем болмауы керек.

Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату:

  1. онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін;
  2. ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемінде үштен бiрiн;
  3. адам өміріне қол сұғу шылықпен ұштаспаған аса ауыр қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін, сондайақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші 72 баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған болса;
  4. адам өміріне қол сұғу шылықпен ұштасқан аса ауыр қылмыс не Қылмыстық кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында, 121-бабы үшінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында көзделген қылмыстар үшін сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемінде үштен екісін, сондай-ақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіз бойынша жойылған болса;
  5. сотталған адам процесстік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың ерекше тәртібі белгіленген.

Сот тағайындаған өмiр бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам, егер сот оның бұл жазаны одан әрi өтеуін қажет етпейді деп таныса және ол бас бостандығынан айырудың кемiнде 25 жылын іс жүзінде өтесе, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Егер сот тағайындаған өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам процесстік келісімнің барлық талаптарын орындаса, ол бас бостандығынан айырудың кемінде 15 жылын іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

Түзелу процесі жазадан босатылған соң да жүретін болғандықтан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға белгілі бір міндеттемелер жүктелуі мүмкін: тұрғылықты мекен-жайын, қызметін, сотталғанның мінез-құлқына қадағалау жүргізуші арнайы мемлекеттік органның рұқсатынсыз ауыстырмау, белгілі бір орындарға бармауға, алкоголизм, наркомания, токсикомания, соз немесе ВИЧ, СПИД ауруларынан емдеу курсын өту, жанұясына материалдық көмек беріп тұру т.б..

Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамға жазасының қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде сот Қылмыстық кодекстің 44-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша пробациялық бақылауды белгілейді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде адамға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген міндеттер жүктеледі.

Сот тағайындаған өмiр бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам, егер сот оның бұл жазаны одан әрi өтеуін қажет етпейді деп таныса және ол бас бостандығынан айырудың кемінде жиырма бес жылын іс жүзінде өтесе, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкін. Егер сот тағайындаған өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам процесстік келісімнің барлық талаптарын орындаса, ол бас бостандығынан айырудың кемінде он бес жылын іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде:

  1. екі және одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, олар үшiн оған әкiмшiлiк жаза қолданылса немесе шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану кезiнде өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан дәлелсіз себеппен екі реттен артық жалтарса не бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін таңдалған тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін бес жұмыс күні ішінде дәлелсіз себеппен келмесе, сот уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшін жою және жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн орындау туралы қаулы шығара алады;
  2. қылмысты абайсызда жасаса, сол сияқты жүктi әйел, жас балалары бар әйел, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркек, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйел, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркек, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек қылмыстық теріс қылық, қасақана онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайларда, жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау кезiнде шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою не оны күшінде қалдыру туралы мәселені сот шешедi. Егер сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша тағайындалады;
  3. қылмысты қасақана жасаса, осы бөліктің 2) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сот оған үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды.

Жаңа Қылмыстық кодекс бойынша (72-бабының 8-ші тармағына сәйкес) шартты түрде мерзімінен бұрын босату өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамға, адамдардың қаза табуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған адамға, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін сотталған адамға қолданылмайды.

Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту тәртібі Қылмыстық кодекстің 73-бабында көрсетілген.

Аталған босату түрі жазаның мақсатына өтелмеген жазаны жеңіл жазаны қолдану арқылы жетуге болатындығы анық болған жағдайда қолданылады.

Онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте адам, өмір бойына тағайындалған жазаларды қоспағанда, жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Жазаның өтелмеген бөлiгi, сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшiн немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден бұрын шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған және жазаның қалған өтелмеген бөлiгi кезеңiнде жаңа қылмыстар жасаған адам жаза мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру адамдардың қаза табуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайды. Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезінде сот бас бостандығынан айырудың төрт күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебімен айыппұлды не бас бостандығынан айырудың бiр күніне бас бостандығын шектеудің бiр күні есебімен бас бостандығын шектеуді таңдауы мүмкін. Айыппұлға ауыстырудың шарты қылмыспен келтірілген залалды толық өтеу болып табылады.

Онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр қылмыстар немесе аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, егер ол жазаны өтеу кезеңінде қылмыстық топ жасаған қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал еткен не процесстік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, сот қалған өтелмеген жазасының жартысынан аспайтын бөлігін қысқарта алады.

Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыра отырып, сот Қылмыстық кодекстің 40-бабын басшылыққа алып, жазаның неғұрлым жеңіл түрін таңдап алуы тиіс.

Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдеу жазамен ауыстыру босатудың шартсыз түрлерінің бірі болып табылады. Бұл сот ешқандай жағдайда бастапқы жаза түрін қайта қалпына келтіре алмайды деген сөз. Егер сотталған тұлға ауыстырылған неғұрлым жеңіл жазаны өтеу барысында жаңадан қылмыс істеген жағдайда, екінші айыптау үкімі бойынша тағайындалған жаза мөлшеріне осы ауыстырылған неғұрлым жеңіл жаза түрінің өтелмеген бөлігі толық немесе ішінара қосылады [3].

Қылмыстық кодекстің 74-бабы жүкті әйелдер мен жасөспірім балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазасын өтеуін кейінге қалдыру тәртібін белгілейді.

Қылмыстық кодексте жазаны өтеуін кейінге қалдырудың келесі мерзімдері көрсетілген:

  1. сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін;
  2. жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін қалдыруы мүмкін (бірақ бала 14 жасқа толғаннан аспайтын мерзімге).

Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.

Егер сотталған жүкті әйелдер мен жасөспірім балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса немесе сотталып, жазасын өтеу кейінге қалдырылған адамды бақылауды жүзеге асыратын орган екi рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейін қоғамдық тәртiптi бұзса, сот сол органның ұсынуы бойынша жазаны өтеуді кейінге қалдырудың күшін жойып, сотталған адамды сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жібере алады. Сот осы аталған адамды сот үкіміне сәйкес тағайындалған жазасын өтеу үшін тиісті мекемеге жібереді.

Жазаны орындаудың кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген не жүктiлiгi үзілген жағдайларда, сот сотталған адамның мінезқұлқына қарай оны:

  1. жазаны өтеуден босатуы;
  2. немесе тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруы;
  3. не сотталған адамды жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкін.

Ал егер сотталған адам жазаны өтеуді кейінге қалдыру кезеңiнде жаңа қылмыс жасаса, сот оған үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды.

Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату Қылмыстық кодекстің 75 бабында қарастырылған.

Ауруына байланысты жазадан босату екі негізге сүйеніп жүзеге асырылуы мүмкін:

  • қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін оны өз әрекеттерiнiң (әрекет сiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну не оған ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босатады;
  • ал жазасын өтеп жатқан адамды сот оны одан әрi өтеуден босатады.

Мұндай адамдарға сот Қылмыстық кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.

Өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкiн.

75 баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдар, олар сауыққан жағдайда, егер қылмыстық жауаптылыққа тартудың немесе айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кетпесе, қылмыстық жауаптылыққа және жазалануға жатады.

Психикалық ауытқулар қылмыс жасалған соң немесе жазаны өтеу процессі кезеңінде орын алуы мүмкін [4].

Өз іс-әрекетінің мән-мазмұнын түсіну мүмкіндігінен немесе оларды басқару мүмкіндігінен айырмайтын уақытша сипаттағы техникалық ауытқулар жазадан босатуға негіз бола алмайды [5].

Басқа ауыр науқастарға душар болғандарды жазаны өтеуден босатудың өзіндік спецификалық ерекшеліктері бар. Аталған негіз бойынша жазаны өтеуден босату соттың міндеті емес, оның құқықтарының бірі болып табылады. Бірақта сырқаты өте ауыр дәрежеде болып, жазаны өтеуге кедергі жасайтын болса тұлға жазаны өтеуден босатылады немесе жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен алмастырылады. Мұндай шешімдерді қабылдауда қылмыстық ауырлық дәрежесі, сотталған адамның тұлғалық ерекшеліктері, ауру сипаты, жаза мөлшері мен оның іс-жүзінде өтелген бөлігі және т.б. жағдайлар ескеріледіӘдетте жазаны өтеу барысында өз денсаулығына қасақана зиян келтірушілер жазаны өтеуден босатылмайды.

Ауруына байланысты жазаны өтеуден босату дәрігерлік комиссия қорытындысы мен жазаны атқару мен айналысатын органның ұсынысына негізделіп жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 75-бабының бірінші және екінші тармақтарында көрсетілген тұлғалар ауруынан сауығуына байланысты, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі немесе айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кетпесе қылмыстық жауаптылық пен жазаға тартылады. Егер қылмыс жасаған тұлғаға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған мерзім жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабы бойынша қылмыстық жазаны өтеуден босату шартсыз болып табылады.

Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейінге қалдыру.

Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшiн сотталған адамды, егер өрт немесе дүлей зілзала, отбасының еңбекке қабілетті жалғыз мүшесiнiң ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан оның отбасы үшін аса ауыр зардапқа әкеп соққан мән-жайлар туындаса, сот жазадан босатуы мүмкін.

Осылайша заң жазаны өтеуден босатуды аса ауыр зардаптардың туу мүмкіндігімен байланыстырады. Қылмыстық кодекстің бабында қандай түрдегі зардаптар туындауы мүмкін екендігі тікелей көрсетілген. Бұл ұғым бағалаушылық сипатқа ие. Бұл жағдайларды бағалау құзіретін сотқа берілген. Жалпы формада бұл зардаптарды материалдық, мүліктік, физикалық сипаттығы зардаптар деп бөліп көрсетуге болады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 76-бабында аса ауыр зардаптарға соқтыру мүмкін жағдайлардың шамалаған тізімі көрсетілген. Соттың бұл тізімнен тыс басқа да нәтижесінде жазаны өтеу зардаптар туғызуы мүмкін жағдайларды төтенше жағдайлар қатарына жатқызуға құқығы бар.

Тұлға ауыр немесе аса ауыр қылмыс істеген жағдайда сот Қылмыстық кодекстің 76-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлардың болуын негізге ала отырып жазаны өтеуді үш айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыра алады. Мұндай кейінге қалдыру тек бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарға қатысты қолданылады.

Террористік немесе экстремистік қылмыс не қылмыстық топ құрамында жасалған немесе жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін сотталған адамдарды ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыруға болмайды.

Қылмыстық кодекстің 76-бабында көрсетілген жазаны өтеуден босату түрі де шартсыз болып табылады.

Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату ҚҚ 77-бабында қарастырылған.

Кейбір жағдайларда айыптау үкімі бірқатар себептер нәтижесінде жүзеге асырылмауы мүмкін: сот концепциясының, тағайындалған жазаны орындауды жүзеге асыратын органның қызметкерлерінің дұрыс қызмет істемеуі, сотталғанның сырқаты немесе оның жазаны өтеуден жалтаруы нәтижесінде т.б. осындай себептермен айыптау үкімі ұзақ уақыт бойы орындалмай қалса, онда оның ары қарай орындалу тиімділігін, ескертпелік ықпалын жоғалта бастайды. Сондықтан белгілі бір жағдайда кінәлі адам жазаны өтеуден босатылуы мүмкін. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі жетуіне байланысты жазаны өтеуден босату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 77-бабында көрсетілген. Занда ескіру мерзімінің сәйкестендірілген дифференцияландырылған мерзімдері берілген. Бұл мерзімдер ең алдымен қылмыстық дәрежелеріне тікелей тәуелді.

Қылмыстық құқық бұзушылық үшін сотталған адам, егер айыптау үкiмi оның заңды күшіне енген күнінен бастап есептегенде:

  1. қылмыстық теріс қылық үшін сотталғанда – бір жыл;
  2. онша ауыр емес қылмыс үшін сотталғанда – үш жыл;
  3. ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталғанда – алты жыл;
  4. ауыр қылмыс үшін сотталғанда - он жыл;
  5. аса ауыр қылмыс үшін сотталғанда он бес жыл мерзімде орын далмаған болса, жазаны өтеуден босатылады.

Қылмыстық теріс қылықтар бойынша ескіру мерзімінің өтуі, жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қарамастан, тоқтатыла тұрмайды және үзілмейді.

Егер сотталған адам жазаны өтеуден жалтарса, қылмыстар бойынша ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзімінің өтуі адам ұсталған немесе айыбын мойындап келген кезден басталады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезіне қарай өтіп кеткен ескіру мерзімі есепке алынуға жатады. Бұл ретте айыптау үкiмi, егер оның шығарылған уақытынан бастап жиырма бес жыл өткен болса және ескіру мерзімі жаңа қылмыс жасау арқылы үзілмеген болса, орындала алмайды. Жазаны өтеу кейінге қалдырылған жағдайда, ескіру мерзімінің өтуі кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Егер адам 77 баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мерзiмдер өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, қылмыстар бойынша ескіру мерзімінің өтуі үзіледі. Мұндай жағдайларда ескіру мерзiмiн есептеу жаңа қылмыс жасалған күннен бастап қайта басталады.

Ал өлiм жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін болады деп таппаса, өлiм жазасы өмiр бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, экономикалық қызмет саласында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға ескіру мерзімдері қолданылмайды.

Кәмелеттік жасқа толмағандарды жазаны өтеуден босату.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 80-бабы бойынша жазаны өтеуден босатылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасау уақытысында он төрт жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа жетпеген тұлғалар танылады.

Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған не ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 84-бабыңда көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Түсіндірме беріп отырған бапта заң шығарушы кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық жазадан босату негіздерін анықтайды. Сонымен бірге кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскер босатылып отырған жаза түріне балама ретінде мәжбүрлі тәрбиелік ықпал ету шараларын ұсынады. Кәмелетке толмаған сотталғандарды тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып, жазаны өтеуден босату тек мынадай үш бір-бірімен байланысты шарттар болған кезде ғана мүмкін:

  1. Кәмелеттік жасқа толмағанның қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған не ауырлығы орташа қылмыс жасауы;
  2. Аталған дәрежедегі қылмыстарды бірінші рет жасауы;
  3. Кәмелетке толмаған тұлғаға берілген мінездеме аталған тұлғаның түзелуіне қылмыстық жазалау жолымен емес, тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткізуге болатындығына соттың сенімін тудырса.

Сот сенімі кәмелеттік жасқа толмаған адам істеген іс-әрекеті, оның тұлғалық ерекшеліктерін, істің мән-жайын, құқықтық сана деңгейін әдептік ұстамдарын, ата анасымен айналадағы ларымен қарымқатынасымен т.б терең, жан-жақты талдау негізінде қалыптасуы керек.

Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін бiрiншi рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткізуге болады деп танылса, сот жазадан босатуы мүмкін.

Қазаға ұшыратумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, Қылмыстық кодекстің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға, бас бостандығын шектеуге немесе түзеу жұмыстарына сотталған адамдар, оларда жазаны өтеудің немесе орындаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болмаған жағдайда:

  1. онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң немесе мөлшерінің кемінде төрттен бiрiн;
  2. ауыр қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің немесе мөлшерінің кемiнде үштен бiрiн;
  3. адам өмiрiне қол сұғу шылықпен ұштаспаған аса ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;
  4. адам өмiрiне қол сұғу шылықпен ұштасқан аса ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен екiсiн іс жүзінде өтегеннен немесе орындағаннан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға жатады.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам пробациялық бақылау мерзімі ішінде абайсызда қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайларда, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою немесе оны күшінде қалдыру туралы мәселені жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде сот шешеді. Егер сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша тағайындалады.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам пробациялық бақылау мерзімі ішінде қасақана ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жояды және жазаны үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша тағайындайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 77 және 71 баптарында көрсетілген ескіру мерзімдері кәмелеттік жасқа толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан немесе жазаны өтеуден босату кезінде екі есе қысқартылады.

Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау.

Сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың негізгі бастамаларын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бабы бойынша сараланған нақты қылмыс көлемінде көрсетілген жазаның түрі мен шегінен шыққан жаза белгілейді. Заңда белгіленген жазаның түрі мен шегінен шығушылық тек қылмыстық заңда арнайы көрсетілген жағдайда ғана орын алады. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға мүмкіндік береді [6].

Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамдарға, сот оларда жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болмаған кезде, жазаның қалған өтелмеген бөлігін:

  1. онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде бестен бiрiн;
  2. ауыр қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің төрттен бiрiн;
  3. адам өмiрiне қол сұғушылықпен ұштаспаған аса ауыр қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң үштен бірін;
  4. адам өмiрiне қол сұғу шылықпен ұштасқан аса ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзімінің жартысын іс жүзінде өтегеннен кейiн бас бостандығын шектеуге ауыстыруы мүмкін.

Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кәмелетке толмаған жаста қылмыстық топ құрамында қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға қолданылуы мүмкін.

Сот іс-әрекеттің ауырлығын елеулі төмендететін, істің ерекше жағдайларын, кінәлінің жеке басынын кім екендігін қоса есептей отырып және сол қылмыстық құқық бұзушылық үшін заңда көрсетілген жазаның ең төмендегі шегінен де төменірек етіп тағайындайды. Немесе жазаның басқа бір жеңілірек түрін қолдануды қажет деп тапса, жеңілдетудің дәлелдерін міндетті түрде көрсетіп, жазаны солай жеңілдете алады. Осындай негіздермен сот істелген қылмыстық құқық бұзушылық үшін заң бойынша міндетті ретінде көрсетілген қосымша жазаны тағайындамағына болады. Істелген қылмыстық құқық бұзушылық үшін заңда көрсетілген жазаның төменгі мөлшерінен төмен немесе сол қылмыстық құқық бұзушылық үшін көрсетілген жазаның түрінен басқа бір жеңілірек түрін қолдану бірнеше жағдайды қоса есептей отырып жүзеге асырылады. Ол жағдайлар қылмыстық заңда: "Іс-әрекеттің мақсаттары мен себептеріне, кінәлі адамның рөліне, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мінезқұлқына байланысты ерекше мән-жайлар және іс әрекеттің қоғамға қауiптiлiгi дәрежесін едәуір азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сол сияқты топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған іс-әрекеттерін ашуға белсене жәрдемдескен кезде, осы Кодекстің Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгі шектен төмен жаза тағайындалуы мүмкін не соттың жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңіл түрін тағайындауы не мiндеттi жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбауы мүмкін", делінген (Қылмыстық кодекстің 55-бабы).

Істің ерекше мән-жайлары және әрекеттің қоғамдық қауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын басқа да мән-жайлар дегенге қылмыстық заң жалпы түсінік берген. Оларды сот әрбір істің ерекшелігіне, қылмыскерді, жеке басынын, кім екендігіне байланысты шешеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 6,7 – тармақтарында:

Егер адамды кінәлі деп таныған заң санкциясында жазаның әр түрі (баламалары) көрсетілген болса, онда соттар ҚКтің 52 бабының екінші бөлігіне сәйкес жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көрсетілген жазынан неғұрлым ауыр түрі тек, егер оның жеңіл түрі жазалау мақсатын қамтамасыз ете алмаса немесе жазаның ең ауыр түрін тағайындау заңда арнайы көзделсе ғана тағайындалатынын ес көре отырып, соттар олардың арасында неғұрлым жеңілірек жазаны тағайындау туралы мәселені талқылауы және үкімде қабылданған шешімді дәлелдеуі тиіс [7].

ҚК-тің 55-бабына сәйкес жазаны осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін тиісті бапта (бап бөлігінде) белгіленген төменгі шектен төмен немесе қылмыстық құқық бұзушылық сараланған ҚК бабының (бап бөлігінің) санкциясында көрсетілмеген жазаның неғұрлым жеңіл түрін тағайындау немесе міндетті түрде көзделген қосымша жазаны қолданбау тек әрекетін қоғамдық қауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын ерекше мән-жайлар анықталған жағдайда, сондай-ақ топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға белсене жәрдемдескен жағдайда ғана мүмкін болады. Жазаны женілдететік жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкін. Сот ҚК-тің 55-бабын қолданғанда, іс бойынша анықталған қандай жағдайларды ерекше деп танығанын және оларды айыпталушының жеке басы туралы қандай мәліметтермен бірге негізге алғанын үкімде көрсетуге міндетті.

Бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға жазаның заңда кезелген неғұрлым жеңіл түрін тағайындаған кезде, әуелі бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтың әрқайсысына ҚК-тің 55-бабын қолдану арқылы жаза тағайындалады, сонан кейін ҚК-тің 58-бабының ережелері бойынша түпкілікті жаза белгіленеді.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың жасалуы ездігінен ерекше мән-жайлар болған жағдайда кінәлі адамға төменгі шектен төмен жаза тағайындауға кедергі болып табыла алмайды. ҚК-тің 55-ба-бын қолданын жаза тағайындалған кезде қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы болған жағаңда ҚК-тің 59-бабы 2-белігінің ережелері қолданылмайды. Соттың ҚК 55-бабын қолданып белгіленген жаз асынын, мөлшері қандай жағдайда да заңмен белгіленген осы жаза түрінің ең төменгі мөлшерінен төмен бола алмайды, деп түсіндірілген. Осы қаулыға сәйкес белгілі бір қылмыс үшін заңда көрсетілген жазаның төменгі шегінен де төмен жаза немесе заңда көрсетілгендей жеңіл іректеу жаза тағайындау ерекше іс жағдайында және кінәлі адамның жеке басын сипаттайтын деректер анықталғанда ғана қолданылуы мүмкін.

Бұл жерде ерекше жағдайлар деп жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін кемітетін жағдайлар да, оның ішінде заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар да, әрекетін мақсаттары мен себептері, айыпкердің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы және одан кейінгі ролі, қылмыскердің топ болып жасаған қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсене араласуы, т. б. танылуы мүмкін. Қандай жағдайларда ерекше деп танитынын және мұндай жеңіл жазаны айыпкердің жеке басының қандай мәліметтерімен байланыстыруға болатынын сот үкімінің баяндайтын бөлімінде көрсетуге міндетті. Мұндай жағдайларда ауыр қылмыс жасағандығы айыпкерге жазаны ең төменгі шегінен де төмен жаза тағайындауға кедергі бола алмайды. Занда көрсетілген жазадан гөрі әлдеқайда жеңілірек жазаны бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық істеген адамға қолданғанда, сот ондай жазаны солардың біреуіне, я болмаса әрқайсысына жеке-жеке тағайың дап алады, содан кейін оны қылмыстық құқық бұзушылықтың жиынтығы туралы баптың ережелері бойынша түпкілікті түрде белгілейді. Сот тәжірибесі ерекше жағдайларға заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлармен бірге, заңда көрсетілмеген, мысалы қылмыстық құқық бұзушылықты бірінші рет істеуі, қылмыстық құқық бұзушылықты басқа біреудің қорқытын, зорлауы нәтижесінде істеуі, тұрмыста және жұмыстағы мінсіз мінез-құлқы, қарауында жас балалары мен кәрі ата-анасының болуы сияқты мән-жайлар да жатады.

Ерекше жағдайларға кейбір реттерде

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан. Учебник. // www.enu.kz істелген қылмыстық құқық бұзушылықтың қауіптілік дәрежесін шұғыл түрде төмендететін бір ғана жағдайда жатуы мүмкін.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі.03.07.2014.// adilet.zan.kz
  3. Қазақстан Республикасының Процессуалдық Кодексі. 04.07.2014. // adilet.zan.kz
  4. Рогов И.И., Зюбанов Ю.А. Уголовное право РК. Общ. часть: Уч. пособие. Алматы: «Жетi Жаргы», 2006. 212 с.
  5. Агыбаев А.Н. и др. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть // www. twirpx. com
  6. Уголовное право Казахстан (Общая часть). Учебник для вузов / под ред. И.И. Рогова и С.М. Рахметова – Алматы, ТОО «Баспа», 2008.
  7. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысы // adilet.zan.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.