Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасының қылмыстық кодексі ізгілендіру саясатының жаршысы іспеттес

Қылмыстылық – кез келген мемлекеттің «басын ауыртқан» күн тәртібінен түспейтін өзекті проблемаларының бірі екені белгілі. Сондықтан, кез келген мемлекеттің ұстанған саясатының бір бөлігі осы қылмыстылықтың алдын алу мен ескертумен тікелей байланысты десек, артық айтқандық емес.

Қазақстан мемлекетінің де алдыға қойған сындарлы саясатының бірі – қылмыстылықтың алдын алу, ескерту, онымен үнемі күрес жүргізу болып табылады. Жалпы қылмыстылықты ғасыр індеті ретінде қарасақ, оның болашақты тұм шыландырып, көмескі тарттыратын, келешекті «аяқтан шалатын» қоғамға қауіпті әрекет екенін айтпай түсінуге болады. Сондықтан, одан арылудың жолын іздеу – бүгінгі күннің еншісінде десек, қателеспеген болар едік.

Қылмыстық құқық мемлекеттің құқық жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болғандықтан, ол жеке фундаменталды құқық саласы болып табылады. Ол басқа да құқық салалары сияқты қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару құқығымен бірге қылмыстық циклді қамтитын кешенге кіреді. Сондықтан, оның институттары мен нормаларында қылмыстылықпен күрес жүргізу негіздері бекітіліп, ол мемлекеттің саясаты арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. 2014 жылы 3 шілдедегі № 226-V Қазақстан Республикасы Заңымен қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің елеулі өзгерістер әкелгеніне куә боламыз [1]. Қылмыстық заңнаманы жетілдіру заман талабынан туындап, жаңа редакциядағы Қылмыстық кодекстің қажеттілігі Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа нормаларымен, осы уақытқа дейін ратификацияланған халықаралық келісімдермен сәйкестендіруге қатысты болса керек.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)» пәнінің аясында ортақ топтық немесе тікелей объектісі бойынша біріктірілген жекелеген қылмыс түрлерінің жалпылама сипаттамасы беріледі, нақты қылмыс құрамдары жан-жақты талданады, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажырату мәселелері қарастырылады.

Қылмыстық құқық нормаларының реттеу пәнін мемлекеттің құқық қорғау органдары мен қылмыс жасаған адамдар арасында пайда болатын және мемлекеттің қылмыс жасаған адамдарға жаза қолдану құқығымен, әрі соңғылардың сол жазаны өтеу міндетімен аяқталатын қоғамдық қатынастар құрайды.

Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының Ерекше бөлімінің жүйесі деп Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларын арнайы тарауларға топтастырып, оларды қол сұғушылық объектілерінің маңызына қарай реттестіріп орналастырудың белгілі бір тәртібі танылады.

Құқық нормаларын жүйелеудің негізіне алынуы мүмкін объективті өлшем – құқық нормаларының объектілерінің ерекшеліктері, яғни құқық арқылы бекітілетін және қорғалатын қоғамдық қатынастардың ерекшеліктері, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық қорғау объектілерінің құндылығы болып табылады.

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын жүйелеудің жалпы қағидаты оларды қылмыстық қол сұғушылық объектілеріне қарай топтастыру болып табылады. Бұлайша жүйелеу құқықты құқықтық реттеу объектілеріне қарай жүйелендіру қағидатына қайшы келмейді.

Сөйтіп, Ерекше бөлімнің нормаларын қылмыстық қол сұғу объектілеріне байланысты жүйелеу бұл нормаларды осы нормалармен қорғалатын қоғамдық қатынастарға байланысты жүйелеу болып табылады. Демек, қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің бір тарауы өзге тараулардан қылмыстық қол сұғу объектісі бойынша ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамдарын жіктеудің негізі болып қол сұғу шылықтың тектік объектісі танылады. Мәселен, «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауында жеке адамдарға қол сұғушылықты көздейтін нормалар топтастырылса, ал «Мемлекеттің конституциялық құрылыс негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауында мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздері мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру мен әлсіретуге бағытталған қол сұғу шылықтар біріктірілген.

Егер 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде он бір тарау болса, 1997 жылы 1-ші қаңтарынан 2014 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін әрекет еткен Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде 16-тарау болған, ал Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 1-ші қаңтарында күшіне енген Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі тараулар саны – он сегіз. «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» (7-тарау), «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар» (12-тарау) тараулары мүлдем жаңадан енгізілді. Бұрыннан белгілі бірқатар тараулардың атаулары өзгертілді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі баптардың саны – 466, оның 98-і Жалпы бөлімнен орын алған. 1959 жылдан 1997 жылы 1-ші қаңтарына дейін әрекет еткен Қылмыстық кодексте тараулардың техникалық рәсімделуі өзгеше болса, 1997 жылы 1-ші қаңтарынан 2014 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін әрекет еткен қылмыстық кодексте тарауларының техникалық рәсімделуі өзгертіліп, олар араб сандарымен белгіленіп, мұның өзі кодекстің пайдаланылуын айтарлықтай жеңілдеткен болатын.

Жаңа Қылмыстық кодекс тарауларының техникалық рәсімделуі өзгеріссіз қалған.

1997 жылғы Қылмыстық кодекстің де, 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа енген Қылмыстық кодекстің де ортақ бір ерекшелігі – оның идеологиялық жүктемеден арылуы. Бұрынғы қылмыстық заңнама қылмыстық қудалау бағытын анықтағанда саяси мүдделерге ерекше мән берген болатын. Айталық, ҚазКСР ҚК-нің 1-бабы республика қылмыстық заңнамасының міндеттерін анықтағанда ең бірінші орынға конституциялық құрылыс пен мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін қорғау міндетін қойды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы демократиялық қоғамда дәріптелетін құндылықтар жүйесін өзгеше анықтайды. Осылайша бірінші орынға жеке адам, отбасы, адам құқықтары мен бостандықтары шықты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», делінген. Дәл осыған орай, Қазақстан Республикасының

Қылмыстық кодексінің 2-бабының 1-бөлімі Қылмыстық кодекстің міндеттері ретінде адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғу шылықтардан қорғауды, сондай-ақ қылмыстардың алдын алуды атайды. ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің құрылымы алдыңғы ҚР Қылмыстық кодексіңдегідей сақталған. 2015 жылдың 1-ші қаңтарына дейін әрекет еткен ҚР Қылмыстық кодекс жаңа, тоталитарлық емес қоғамға тән қылмыстыққұқықтық қорғау объектілерінің құндылық жүйесін ескере отырып құрастырылған болса, жаңа Қылмыстық кодекс те сол құндылықтарды сақтап қалған.

Қылмыстық кодекс мынадай тараулардан тұрады:

  1. тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
  2. тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  3. тарау. Адам және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  4. тарау. Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.
  5. тарау. Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  6. тарау. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  7. тарау. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  8. тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  9. тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  10. тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  11. тарау. Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  12. тарау. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар
  13. тарау. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар
  14. тарау. Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар
  15. тарау. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  16. тарау.Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  17. тарау. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.
  18. тарау. Әскери қылмыстар. Ерекше бөлімді тарауларға бөлу, олардағы қылмыстық әрекеттерді тектік объектілері бойынша нақтылау қылмыстық заңнаманы қолдануда көп жеңілдік туғызады [3].

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінен айырмашылығы өте көп деп айта алмайсыз, десек те, жаңа екі тараудың енгізілуінің өзі елеулі түрде ерекшеленеді. Өйткені уақыт талабы осындай: Қазақстанның егемендігінің, оның мемлекеттік саясатының, соның ішінде қылмыстық-құқықтық саясатының қалыптасуы заң шығарушы органдардан заман талабына сай жаңа заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды талап етедіӨз кезегінде олар мемлекетіміздің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.

Қоғамдық қауіпті әрекетке қылмыстық-құқықтық баға беру үрдісін қылмыстық құқықта саралау деп атайды.

Ғылыми тұрғыдан алғанда қылмыстарды саралау дегеніміз – жасалған қоғамдық қауіпті әрекет пен заңда көзделген қылмыс құрамы белгілерінің арасында толық сәйкестікті анықтау.

Қылмыстарды саралау мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. істің мән-жайларын анықтау, жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттің белгілерін жан-жақты және толық анықтап алып, олардың ішінен қылмыстық-құқықтық маңызы бар белгілерді таңдау;
  2. заңда көзделген қылмыс құрамының белгілерін анықтап алып, олардың мазмұнын ашу;
  3. қоғамдық қауіпті әрекеттің белгілері мен қылмыс құрамының белгілерін салыстыру.

Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері қылмыстық құқық теориясында тұжырымдалған. Дегенмен қылмыстарды саралаудың кейбір ережелері қолданыстағы қылмыстық заңнамада көрініс тапқан. Мысалы, жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі жағдайында қылмыстарды саралау ережесі ҚР ҚК 12-баптың 3-бөлімінде бекітілген.

Қылмыс құрамы белгілерінің мазмұнын дұрыс түсініп, қылмыстық заңнаманы қолданудың бірізділігін қамтамасыз етуде және қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесін жетілдіруде Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының нормативтік қаулыларының рөлі ерекше екенін айта кеткен орынды сияқты [3].

Қолданысқа енген жаңа Қылмыстық кодекстің басты жаңалықтардың бірі - «қылмыстық құқық бұзушылық» институтының енгізілуі болып табылады.

Заңға сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтың екі түрі: қылмыс пен қылмыстық теріс қылыққа тұрады. Бұл жөнінде Кодекстің 10-бабының 2 және 3 бөліктерінде келесідей анықтамалар берілген. Яғни, қылмыс деп Осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет танылады.

Ал, қылмыстық теріс қылық – қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) танылады делінген. Яғни қылмыстық теріс қылықтың өзіне тән негізгі 4 белгісі болуы тиіс:

  1. Әрекет қасақана болуы;
  2. Қоғамға зор қауіп төндірмеуі;
  3. Болмашы зиян келтіру немесе келтіру қаупін туғызу;
  4. Оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделуі тиіс.
  5. Қылмыстық теріс қылықтар жасағаны үшін жеңілірек жазалардың түрлерін көзделген, ең бірінші қоғамдық жұмыстарға тарту және қамаққа алу.
  6. Сондай-ақ, қылмыстық теріс қылықтың ерекшеліктеріне ескіру мерзімінің қысқа мерзімі (1 жыл) және соттылықтың болмауы жатқызылады.
  7. Жаңа қылмыстық кодексте барлығы 156 қылмыстық теріс қылық енгізілген, оның ішіне қазіргі 47 әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық теріс қылықтар қатарына жатқызылған. Бұл қылмыстық теріс қылықтар қатарына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың көбісі жеке тұлғаға, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын және отбасы тұрмыстық саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер және т.б. табылады.
  8. Сонымен қатар, аталған санатқа қолданыстағы онша ауыр емес 100 қылмыс енгізілген. Осы жерде айта кететін бір жәйт, аталған 100 онша ауыр емес қылмыстардың 20-сы үшін қолданыстағы қылмыстық заң бойынша «бас бостандығынан айыру» жазасы тағайындалатын қылмыстар болып табылады, ал жаңа кодекске сәйкес, ондай қылмысты жасаған тұлғаның соттылығы да болмайды.
  9. Қылмыстық теріс қылықтардың қатарына бұрын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте болмаған 9 құқыққа қарсы әрекеттер енгізілген.
  10. 47 әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық теріс қылықтар қатарына жатқызу жауапкершілікке тартылатын тұлғаның қорғануы құқықтарын күшейтетіні сөзсіз.
  11. Бұл деген – қорғаушының міндетті қатысуы – қылмыстық процесстік кодексте көзделген процессуалдық кепілдігінің барлық кешенін қолдану деген сөз.
  12. Жаңа заңға сәйкес, қылмыстық теріс қылықтар үшін қамауға алудың ең жоғарғы мерзімі 6 ай көзделген.
  13. Қолданыстағы қылмыстық кодекспен салыстырғанда, жаңа кодексте бас бостандығынан айыру жазасының орнына баламалы жазаларды қолдану басты назарға алынып, жаза түрлері мен жаза тағайындау жүйесі айтарлықтай өзгерген.
  14. Қабылданған кодекстің 40 бабында қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін және қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамға тағайындалатын жаза түрлері бөліп көрсетілген.
  15. Енді қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу қолданылса, қылмыс үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру, өлім жазасы қолданылуы мүмкін [4].

Сонымен қатар, қосымша жазалардың түрлері өзгеріп, жаңа кодекс бойынша мүлкін тәркілеу, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.

Мүлікті тәркілеу жазасына халықаралық тәжірибені ескере отыра өзгерістер енгізіліп, жаңа кодекске сәйкес (48 бап), мүлікті тәркілеу – сотталған адамның меншігіндегі, заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекеттің меншігіне айналдыру болып табылады. Яғни, қолданыстағы кодексте кінәлінің жасаған қылмысының санкциясында мүлікті тәркілеу жазасы көзделеген болса, онда оның мүлкі тәркілеуі мүмкін еді, ал жаңа кодекске сай, тек заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлік тәркіленетін болады.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытында, қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің 45 бабының санкциясынан қосымша жаза түріндегі мүлікті тәркілеу жазасы алынып тасталған [4].

Жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстың қайталану институтына айтарлықтай өзгерістер енгізілген. Енді жаңа заңға сәйкес, тек ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстың қайталану есептелінетін болады, ал жеңіл және ауырлығы орташа қылмыстар үшін қылмыстың қайталануы есептелінбейді. Және жаңа кодекске сәйкес, қылмыстың қайталану тек екі түрі яғни, қылмыстардың қайталануы және қауіпті қайталануы қолданылатын болады. Енді соттылық ескіру барысында тек ауыр және аса ауыр қылмыстары назарға алынатын болады. Сонымен қатар, соттармен қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындаудың қолданыстағы ережелері алып тасталынған, яғни қазіргі кодекске сәйкес, соттар бұрын сотталғандарға жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң үштен бiрiнен жоғары мерзімді тағайындауға міндетті еді. Ал жаңа кодекс бойынша мұндай ережелер алынып тасталған. Атап өтетін тағы бір мән-жай, ол татуласу институтына енгізілген өзгертулер, яғни жаңа заң бойынша енді (68-бабының 2-бөлігі) қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Ерекше бөлімнің жаңа өзгерістерінің бірі ол – медициналық қылмыстар. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған нормалар бөлек 12-тарауға (317-323 баптар) жатқызылған. Бұл ана мен балаларға қарсы жасалған қылмыстар үшін жауаптылықты күшейту жөніндегі ҚР Президентінің «Қазақстан 2050» Стратегиясын» [2] Жолдауында қойылған талаптарын орындауға бағытталған бағыт болып саналады. Сондай-ақ, ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстар бөлек 7-тарауға (205-213 баптар) топтастырылған.

Көліктегі қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілген, әсіресе, алкогольдік масаюы жағдайында жол көлік оқиғасын жасағаны үшін, көлік құралын жүргізу құқығынан айырудың мерзімі 10 жылға дейін ұзартылған.

Және де есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, егер абайсызда адам өліміне әкеп соққаны үшін 5 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, яғни аталған қылмыс қасақана ауыр санаттағы қылмысқа жатқызылған, бұл дегеніміз мұндай қылмыстар бойынша татуласу мүмкін емес.

Есірткі және сол тектестірдің нормалары қайта құрылған, ӘҚБтК-дегі әкімшілік құқық бұзушылықтар қылмыстық теріс қылықтар ретінде енгізілген.

Экстремизм және терроризм қылмыстары үшін жауапкершілік күшейтілген, аталған санаттағы қылмыстар үшін жазасын мерзімінен бұрын шартты түрде босату, татуласу алынып тасталған.

Қолданыстағы қылмыстық кодекстегідей, жаңа кодексте де экономикалық қылмыстар үшін (реңдерліктен басқа) келген зиянның орнын толық өтеген жағдайда, бас бостандығынан айыру жазасы көзделмеген. Жаңа кодексте экономикалық қылмыстар үшін санкцияларында айыппұл енгізілген.

Жаңа қылмыстық кодекстің тағы да бір басты ерекшелігі ол – қылмыстық кодексте қамтылған кейбір ұғымдар бойынша түсіндірме енгізу болып табылады.

Теория мен тәжірибеде қылмыстық заңнаманы қолдану барысында көптеген қиындықтар туындауына байланысты аталған норманы жаңа кодексте енгізу дұрыс болып табылады, мәселен, жиі қолданылатын және бірнеше мағынасы бар терминдерді, қолдану барысында аталған норма қарама-қайшылықтар мен проблемаларды жоюға көмектеседі. 2014 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін әрекет еткен заңнамада мұндай норма көрсетілмеген еді, мысалы «иеленіп алудың» мағынасын табу үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысына жүгінген еді.

Жаңа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабында елеулі зиян, айтарлықтай залал және айтарлықтай мөлшер, аса ірі залал және аса ірі мөлшер, ауыр зардаптар, денсаулыққа ауыр, орташа, жеңіл зиян келтіру, жымқыру, көлік, басқа механикалық көлік құралдары, болмашы мөлшер, қылмыстық топ, қылмыстық қоғамдастық, лауазымды адам және т.б. көптеген ұғымдардың мағынасы көрсетілген.

Айтылғандарды қорытындылай келе, жаңа өзгерістер – қылмыстық құқық бұзушылық институтын енгізу, бас бостандығынан айырудың орнына басқа баламалы жазаларды қолдану, қылмыстың қайталану институтын қайта құру, татуласудың қолданылу ауқымын кеңейту, шығын орнын толтырған уақытта экономикалық қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру жазасының қолданылмауы, тек қауіпті қылмыстар бойынша бас бостандығынан айыру жазасын қолдану, 47 әкімшілік құқық бұзушылықты қылмыстық теріс қатарына енгізу және т.б.болып табылады [4].

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі жаңашылдық пен жасампаздықтың, әділдік пен әділеттіліктің туы болып, ізгіліктің жаршысы іспеттес. Ізгілендіру саясатының жаршысы болған жаңа Қылмыстық кодекстің халыққа қалтқысыз қызымен етеріне күмән жоқ.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, 2015.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақ-стан 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауы.
  3. Орсаева Р.А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (жалпы және ерекше бөлім).Өскемен, 2014.
  4. Нурпейсова К.Б. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіндегі соны өзгерістер.Қайнар: (http: // kzl. sud.kz) 24 қыркүйек 2014.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.