Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шетелдегі депозиттік операциялар және депозитті сақтандырудағы шетелдік тәжірибе

Батыс Еуропа және Солтүстік Америка мемлекеттерінде барлық несиелік институттар – әмбебап коммерциялық банктерден (мысалы, Германияда) арнайы жинақ институттарына (АҚШ-тағы ссуда – жинақтаушы ассоциациялар және басқа да мемлекеттердегі жинақ банктеріне) дейін, жекелеген немесе кез келген клиентке барлық мүмкін болатын қызметтерді көрсетеді және банктік өнімдердің әр түрлі түрлерін ұсынады. Дамыған мемлекеттердегі әйгілі банктік жинақ шоттары:

  1. Капитал нарығының жинақ шоттары (capital market saving accounts) нарық экономикасы дамыған коммерциялық банктер тәжірибесінде кең тараған және клиенттің ақша қаражаттарын ұзақ мерзімге сақтауды қарастырады, сонымен бірге клиентке кез келген уақытта шоттан алуға мүмкіндігін береді. Мемлекеттік облигациялар бойынша төленетін орташа пайызына сәйкес, бұл шот бойынша пайыздық ставкасының деңгейі бекітілген (яғни 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімді облигациялар). Батыс коммерциялық банктердің тәжірибесі бойынша бұл клиенттердің банктерге деген сенімділігін арттыруда және берілген шоттарға уақытша бос ақшалай қаражаттарын белсенді орналастыруды ынталандырады.
  2. Автоматты жинақ шоттары, оларды дамыған мемлекеттердің коммерциялық банктері тек осы банктегі ағымдағы (есеп айырысу) шоты бар жеке тұлғаларға ашылады. Олар мерзімді депозиттерге ұқсас, яғни оларға клиент тапсырмасы бойынша күнделікті (автоматты түрде) банк оның есеп айырысу шотынан ақша сомаларын аударуды жүргізеді, ал оның қалдығы бойынша, ағымдағы шотқа қарағанда жоғарырақ пайыз төленеді. Клиенттің ақшасын қабылдау белгілі бір күндерде айына 3-4 рет жүргізіледі.

Бұл шотқа ұқсас 1978 жылы “Мерилл Линг” фирмасы ұсынған банктік қызметтің ерекше түрін – қолма-қол ақшаны басқару шоты – СМА (cash management account) атауға боладыБұл шотты ашқан кезде қызметтердің кең пакеті ұсынылады (чек жазуға мүмкіндігі, белгілі бір сомаға несие беру, дебеттік карточкалар, брокерлік қызметтер және т.б.). Бірақ басқа қызметтерге қарағанда ерекше новаторлық сипатымен бөлінген қызмет – бұл СМА шотына дивиденд және пайыз түрінде түскен ақшалай қаражаттар автоматты түрде пайыздық табыс әкелетін шотқа аударылады.

Сол 1978 жылы банктер ATS – шоттарын (automatic transfer service)ақша қаражаттарын автоматты түрде аудару шоттарын қолдана бастады. ATS – шоттары бойынша салымшылар пайыз алған. Ал чектік шоттағы сәйкес қалдықты ұстау немесе овердрафтты жабу қажеттілігі туындаған кезде клиенттің келісімімен ATS – шотынан ақшалай қаражаттарын автоматты түрде талап етуге дейінгі салымға аударады. Осыған байланысты ATS – шоттары клиентура арасында кең сұранысқа ие болды, өйткені олар салымшыға чектік шоттағы минималды қалдықты ұстап тұрғанда, бір кезде өзінің ATS – шоты бойынша пайыз түрінде табыс алуына мүмкіндігін береді.

Мұндай шоттар отандық банктер тәжірибесінде де қолданылуы мүмкін, өйткені клиенттер жоғары табыс алу үшін өзінің шотында қалдықты үнемі жоғарлатып отыруға тырысады.

  1. “Бай” клиенттер үшін жинақ шоттары (fortune saving accounts) батыс банктерінің тәжірибесінде жылжымайтын мүлікке және бағалы қағаздарға ақшалай қаражаттарын инвестицияланған клиенттер үшін қолданылады. Бұл шоттың қолдану режимі келесіні көздейді: бұл шотты ашу үшін алғашқы жарнасы жоғары болады, ал үлкен ақшалай сомаларды алу кезінде комиссиясы төмен болады. Сондай ақ, клиент жылжымайтын мүлікті сатып алса немесе бағалы қағаздарға салса банк ешқандай комиссиондық ақы алмайды.
  2. Асыл металдарды сатып алу үшін шоттар (precious metals accounts) дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктерінде, әр түрлі асыл металдарды (алтын, күміс, платина, палладий және т.б.)сондай ақ олардан жасалған бұйымдарды сату сатып алумен айналысатын клиенттерге қатысты кең қолданылады. Банкте мұндай шоттарды ашқан клиенттер күн сайын құймаларды, платиналарды, монеталарды, медальондарды және т.с.с. сату және сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Депозиттік қызметтер нарығындағы өскен бәсекелестік чектік депозиттердің көптеген жаңа түрлерінің пайда болуына әсер етті, яғни бұл шоттар бойынша салымшылар төлемдер жүргізу үшін чектер жазуы мүмкін, сонымен қатар мұндай шоттың иесі мұндай шоттан кез келген уақытта қолма қол ақша алуы мүмкін.

Чектік депозиттердің көп таралған формалары талап етуге дейінгі депозиттер және NOW – шоттары болып табылады. NOW – шоттары (negotiable order of withdrawal) айналыстағы алынып тасталу туралы шығарылатын бұйрықтарға қарсы шоттар, яғни бұл пайыз төленетін чектік депозиттер. Олар Батыс коммерциялық банктерінде 80шы жылдары таралған. Басында олар жинақ салымдары ретінде жіктелген, ал 1981 жылдан – чектік депозиттер ретінде.

Алғашқы кезде NOW – шоттары пайыз төленетін жинақ салымдарының типіне жатқызылған. Мұндай салымдарға қарсы клиент тратталар жазуына мүмкіндігі болған (үшінші жақтың пайдасына ақшаны төлеу туралы бұйрығы), оларды айналыстағы алынып тастау туралы бұйрықтары деп атады. Осыған байланысты NOW – шоттарды чектік депозиттер категориясына жатқызды.

Сөйтіп, банктік тәжірибеге NOW – шоттарының енгізілуі, бірте бірте ATS – шоттарын нарықтан шығаруына әкелді. Соңғы кездерде банктер ресурстарды тарту формалары мен жаңа әдістерін қолдану арқылы салымдар ағымын кеңейтуге тырысады. Мәселен, Ұлыбританияда, Францияда және басқа мемлекеттерде, сонымен қатар халықаралық ақша нарығында депозиттік сертификаттар, отандық банктермен де қолданылады. Ұлыбритания банктерінің депозиттік операцияларының ерекшеліктері. Көптеген мемлекеттерде салымдар-

дың негізгі түрлері мерзімді және талап етуге дейінгі салымдар болып жіктеледі. Ұлыбританияда банктік статистика ағымдағы шоттар (current accounts) және депозиттік, жинақ шоттарын (deposit/ savings accounts) ажыратады. Ұлыбританияда ағымдағы шоттардың негізгі ерекшелігі – шот иелеріне овердрафт нысанында қысқа мерзімді несие шотынан ақша аударуға, дәлірек айтқанда, шоттағы қалдық соммасынан асып түсетін соммаға чек жазуға болады. Овердрафт AUTHORISED – рұқсат етілген болуы мүмкін, яғни алдын ала банкпен келісілген болса және рұқсат етілмеген NOT AUTHORISED болуы мүмкін, яғни, банктің рұқсатынсыз болса. Жұмыс күнінің соңында рұқсат етілмеген овердрафттар бойынша ведомость құрастырылады және әрбір жағдайда бөлімнің бастығы чекті төлеу үшін банктен сомманы беру және бермеуі жөнінде шешім қабылдайды. Егер ссуда берілетін болса, онда күн сайынғы пайыз соммасы банктің базалық қойылымынан 78% жоғары тағайындалады. Ал рұқсат етілген овердрафт бойынша ссудалық пайыз банктің базалық қойылымынан 2-3%-жоғары болады. Айрықша атап өтетін болсақ Ұлыбританияда депозиттік және жинақ шоттарының бірнеше түрлері бар:

1. Сомма алынатын жағдайда,7 күн бұрын алдын-ала ескертуді талап ететін жинақ шоты. Оның негізгі ерекшеліктері:

    • салыстырмалы түрде қалыпты пайыз;
    • салымнан ішінара ақша алу және толықтыру мүмкіндігі ешбір шектеусіз қарастырылған;
    • сомманы алар алдында 7 күн бұрын ол жөнінде банкті ескерту қажеттігі, бұл шарт орындалмаған жағдайда, пайыз айыппұл ретінде ұсталынады.

Оның екі нұсқасы бар:

  1. Жинақ кітапшасымен (passbook savings) немесе банктен клиентке берілетін шоттан жазылымдар негізінде.
  2. Кезекті түрде толықтыруды қажет ететін жинақ шоты. Бұл шот , көбінесе, ортамерзімді жинақтарды тартуға арналған. Әсіресе, жас жұбайларға, енді жанұя құрған адамдарға, жиһаз, автокөлік және туристік сапарлар үшін ақшаның жинақталуына арналған.
  3. Пайыздық қойылымы жоғары инвестициялық шот. Бұл шот жағдайлары жақсы VIP клиенттерге арналған және ұзақ мерзімге ашылатын шоттардың бірі болып табылады.

Негізгі ерекшеліктері:

    • сомма алынатын жағдайда, 7 күн бұрын алдын-ала ескертуді талап ететін жинақ шотына қарағанда пайыздық қойылымның жоғары болып келуі;
    • салым соммасының жоғарылауына байланысты пайыздық қойылымның соған сәйкес жоғарылауы (айға, тоқсанға, жарты жылға есептеліп отырады);
    • салымның ең төменгі мөлшері 2 000 фунт стерлингті құрайды (шамамен 490 000 теңгені құрайды);
    • сомманы алу жөніндегі ескерту 30 күннен кем емес мерзімде берілуі тиіс;
    • салымды толықтыру бойынша ешқандай шектеулер қойылмайды.
  1. Мерзімі және соммасы тіркелген салым. Оның ерекшеліктері:
    • салым мерзімі 14 күн18 айға дейін;
    • салымның ең төменгі мөлшері 2 500 фунт стерлингті құрайды (шамамен 605 000 теңге);
    • тіркелген пайыздық қойылым – пайыз салымның мерзімі аяқталғаннан кейін ғана төленеді.
  2. Пайыздық қойылымы өзгермелі депозит. Шот қысқа және ұзақ мерзімді соммаларды жинақтауға арналған. Салымның мерзімдері – 7 күннен 18 айға дейін. Бірінші жылы қойылым тіркелген болып келеді, келесі жылдары ақша нарығының қойылымдарына байланысты қалқымалы болып тағайындалады.
  3. Ақшалай қорлар. Ең алғаш рет 1983 жылы енгізіліп, американдық наушоттардың аналогы болып табылады: олар бойынша пайыз төленеді және чек жазуға мүмкіндігі бар. Ұлыбританияда әлі толық дамымаған, себебі көптеген банктер клиенттер өздерінің жинақтарын депозиттік және жинақ шоттарынан осы шотқа аударуынан қауіптенеді. Негізгі ерекшеліктері:
    • пайыз ақша нарығының пайыз қойылымына байланысты;
    • ең төменгі қалдық 1000 фунт стерлингті құрайды;
    • 7 күн бұрын ескертіп, 250 фунт стерлингтен жоғары сомманы алдын ала алуға болады;
    • Чектерді жазуға рұқсат беріледі.
  4. Берілетін салымдық сертификат. Бұл құрал АҚШ-та сияқты ірі инвесторлар, іскерлік фирмалар арасында кең таралған. Негізгі ерекшеліктері:
    • тіркелеген пайыз қойылымы;
    • номиналдың ең төменгі мөлшері – 5

000 фунт стерлинг (шамамен 1 200 000 теңге), ең жоғары мөлшері 500 000 фунт стерлинг (шамамен 121 000 000 теңге) сертификат ұсынушыға шығарылады.

1979 және 1987 жылдары Ұлыбританияда Банктік акттар қабылданған болатын. 1979 жылғы актке сәйкес банктер өз салымшыларына Англияда кризистік жағдай қаупі төнгенде кепілдік берулері міндетті. Заңмен "Депозиттерді қорғау кестесі" бекітілген болатын. Ол кесте банк үшін міндетті әрекеттерді қамтиды. Мәселен, әрбір банк және ДҚЛҰ (депозиттерді қабылдайтын лицензияланған ұйым) ең төменгі мөлшері 5 000 000 фунт стерлингті құрайтын арнайы сақтандыру қорларын құруға міндетті. Бұл қорлар Англияның Банктік депозиттерді Қорғау Кеңесінің бақылауында болады және болашақта оның құзырымен пайдаланыла алады. “Депозиттерді қорғау кестесіне” әрбір жеке салымшы кепілдік берілген сомманың 75% есептелген 10000 фунт стерлингтен аспайтын салым бойынша сақтандыру төлемін алуға құқылы.

1987 жылы 1979 жылғы актке өзгерістер енгізіліп, жаңа Банктік акт қабылданған болатын. болатын. Ол салымдарды қорғау жүйесін ішінара өзгерткен болатын. "Депозиттерді қорғау кестесі" жалпы сол қалпы қалды, бірақ, 75% өтелім есептелетін максималды салым мөлшері 15 000 фунт стерлингті құрады. 1994 жылы Ұлыбританияның атақты Barings банкі банкрот болды. Оның тарихы 233 жылды құраған болатын. Оның төрағасы жас Ник Месон мыңдаған салымшыларын, фирма иелерін және Англия королевасын банкротқа ұшыратты. Қазіргі кезде Англияда салымшылардың депозиттері салынған сомманың тек ¾ ғана қорғалады. Отелімнің максималды мөлшері 20000 фунт стерлингті (шамамен 30 000 АҚШ доллары) құрайды. 1994 жылы депозиттерді қорғауды реттеу мақсатында 1994 жылы Англияда ЕО Директивасы қабылданған. Негізгі жаңа ашылулар: Англия аумағында орналасқан банктердің батысеуропалық бөлімшелерінде ашылған барлық депозиттерге кепілдік беріледі. Тек фунт стерлинг емес, өзге валютада ашылған депозиттерге де кепілдік беріледі.

20 000 фунт стерлингті құрайтын соммаға депозит бойынша өтелімнің ең жоғары соммасы 90% өскен.

Францияда жинақтарды тарту саясаты мемлекеттің пайыз ставкасының жоғарғы шектерін анықтауына және регламентациялауына негізделеді. Мемлекеттік реттеу салымдар мен боналар бойынша шекті пайыз көлемін бекіту арқылы көрінеді. Бірақ шектеулерге қарамастан француздардың 50% Француз жинақ банкінінің салымшылары болып табылады, сонымен бірге 28% жанұялық салымдары бар. Негізгі ұйымдастырушылық депозиттік формалары: есеп айырысу кітапшалары “А” типті; мерзімді депозиттік шоттар; жинақ сертификаттары; чектік шоттар; тұрғын үйге алған ссудаларды өтеу үшін жинақ шоттары; бағалы қағаздарға инвестицияланатын жинақтар және т.б. болып табылады. Бүкіл Еуропа мемлекеттері арасында француз банктері банктік технологияны, оның ішінде несиелік (төлем) карточкаларын таратуда, қолдануда және қаржыландыруда алда келе жатыр. Италияда 1991 жылы 83 жинақ кассалары суперхолдингтік компанияға бірікті. Мұндай жинақ кассалар стратегиясының қажеттілігі Италия ссудалық капиталының нарығындағы жоғарғы бәсекелестігінен туындады. Италия банктерінің тәжірибесіндегі жинақ шоттары негізінен банктік құжаттарының формаларына байланысты бөлінеді, олардың түрлері: қарапайым жинақ кітапшасы (ағымдағы шотқа ұқсас) оның пайыздық ставкасы 5%ға дейін; мерзімді жинақ кітапшасы; мәлімдеушіге жинақ кітапшасы және т. б.

Халықтың жинақтарын салымдарға тарту Германияның барлық несиелік мекемелері айналысады (жинақ, коммуналдық және жер банкілері, несиелік қоғамдар және т.б.). Ең көп таралған салымдар; мерзімді салымдар (екі түрлі);жинақ келісімді (екі түрлі) салымдары; ағымдағы шоттары табылады. Талап етуге дейінгі салымдар – бұл классикалық пайызсыз депозиттер. Мерзімді салымдар бекітілген мерзімді салымдарға және алудың икемді режимі бар салымдарға (30-80 күн; 90-179 күн; 180-359 күн; 360 күн және жоғары) бөлінеді. Мерзімді салымдар бойынша пайыздар салымның сомасына және мерзіміне байланысты бекітіледі. Еуропаның басқа да жинақ және әмбебап коммерциялық банктері сияқты Германия банктері де халықтың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларына да бағытталады. Осыған байланысты клиенттерге қаржылық қызметінің кең ассортименті ұсынылады.

Еуропаның дамыған мемлекеттеріне қарағанда АҚШ-та халықтың жинақтарын тартумен негізінен жинақ институттары айналысады, олар – жинақ банктерінен; ссуда жинақ ассоциацияларынан және несиелік кеңестерден тұрады. Сондай-ақ, мұндай функция инвестициондық коммерциялық банктерге, брокерлік үйлерге, сақтандыру, зейнетақы және басқа да қаржылық компанияларға да тән. Негізгі депозиттер талап етуге дейінгі салымдарға, жинақ және мерзімді салымдарға бөлінеді. Талап етуге дейінгі салымдары мен NOW – шоттарын, жоғарыда аталып өткендегідей, чектік салымдар деп атайды. АҚШ –та талап етуге дейінгі салымдарды салымшының өзі шоттан алуы мүмкін немесе банкті алдын ала хабарлауысыз кез келген уақытта басқа тұлғаға аударылуы мүмкін. Банктік депозиттердің бұл категориясы ең өтімді болып табылады, өйткені олар есеп айырысу төлем операцияларына тікелей қатысады. Сөйтіп, АҚШ –та чектер көмегімен алынатын талап етуге салымдар бүкіл ақша массасының (М1) 70%-ын құрайды. Бәрімізге белгілі, АҚШ-тағы төлем айналымының 90% чектер арқылы жүреді. АҚШ– та NOW – шоттарын ашудағы салымшылардың кейбір категориялары үшін шектеулер сақталған. Мәселен, жеке тұлғалар (азаматтар) өздерінің ақша қаражаттарын қарапайым пайызсыз шоттарда (талап етуге дейінгі салымдарда), банктердің барлық категорияларындағы NOW – шоттарында да сақтауы мүмкін. Ал заңды тұлғаларда тек пайызсыз чектік шоттар ғана болуы керек, өйткені банк заңдылығы бойынша оларға өздерінің ақша қаражаттарын NOW – шоттарында сақтауға тиым салынған. АҚШтың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шотты және куәландырылған чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады. Наушоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:

  • бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
  • бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
  • салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.

Куәландырылған чектер шоттары – бұл куәландырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттарды білдіреді. Куәландырылған чектер – бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куәландыруы.

Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады. Оның мынадай ерекшелігі бар:

  • ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерле елерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
  • шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
  • салымдардың сақтандырылуы;
  • иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.

Еуропаның дамыған мемлекеттеріне қарағанда АҚШ-та халықтың жинақтарын тартумен, негізінен жинақ институттары айналысады, олар жинақ банктерінен ссуда жинақ ассоциацияларынан және несиелік кеңестерден тұрады. Сондай-ақ мұндай функция инвестициондық коммерциялық банктерге, брокерлік үйлерге, сақтандыру, зейнетақы және басқа да қаржылық компанияларға да тән. Негізгі депозиттер талап етуге дейінгі салымдарға, жинақ және мерзімді салымдарға бөлінеді. Талап етуге дейінгі салымдар мен NOW-шоттарын, жоғарыда аталып өткендегідей, чектік салымдар деп атайды. АҚШ-та талап етуге дейінгі салымдарды салымшылардың өзі шоттан алуы мүмкін немесе банкті алдын ала хабарлауысыз кез келген уақытта басқа тұлғаға аударылуы мүмкін. Банктік депозиттердің бұл категориясы ең өтімді болып табылады, өйткені олар есеп айырысу төлем операцияларына тікелей қатысады. Бәрімізге белгілі, АҚШ-тағы төлем айналымының 90% -ы чектер арқылы жүреді. АҚШ-та NOW шоттарын ашудағы салымшылардың кейбір категориялары үшін шектеулер сақталған. Ал заңды тұлғаларда тек пайызсыз чектік шоттар ғана болуы керек, өйткені банк заңдылығы бойынша оларға өздерінің ақша қаражаттарын NOW-шоттарында сақтауға тыйым салынған. АҚШтың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар сондай шоттар түріндегі нау-шотты және куәландырылған чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады. Нау-шотының мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:

  1. Бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
  2. Бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
  3. Салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.

Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады.

Коммерциялық банктердегі депозиттердің сыныптамасын жүргізуде мы-на тұжырымға сүйенеміз: қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға таратуға ұмтылуына жағдай жасайды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  2. Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2013.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  3. Исқақов У. Қаржы нарықты және делдалдар. – Алматы, 2012.
  4. Блеутаева К.Б. Қаржы: электрондық құрал. – Алматы: «Нұр-пресс», 2014.
  5. Баймұратов М. Қазақстан қаржы жүйесі. – Алматы, 2014.
  6. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Банк iсi. Оқу құралы. Алматы: «Қазақ университетi», 2007.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.