Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ә. Тәжібаевтың шығармашылық шеберханасы

Суреткердің шығармашылық еңбегі күрделі де қиын, оның бұралаңы да, асқар – асуы да көп. Әр жазушының шығармашылық ойлауы әр басқа. Соған орай қаламгердің шығармашылық лабораториясы да түрліше. Тіпті бір жазушының әр шығармасының өз шығармашылық тарихы барын да жоққа шығаруға болмайды. Шығармашылық процесс үстінде жазушының көңіл күйі мың құбылып тұратыны да бар. Сондықтан да жазушының шығармашылық лабораториясын зерттеу әр ғалым әдебиетшінің, әр зерттеуші мен сыншылардың батылы жетіп бара бермейтін қиын да күрделі еңбек. Бұл жөнінде Сәбиттанушы, ғалым, сыншы Қ. Ергөбек өз ойын арғыдан қозғайды: «Белгілі бір шығарманың шығармашылық тарихын қарастыру – біткен, аяқталған процесті емес, сол қаламгерлік істің басталуынан тәмамдалуына дейін қалай жүргенін бақылау. Бұл, әрине, тақырыптан басталмақ. Өйткені тақырып – қандай да бір көркем шығарманың алтын қазығы».

Жазушылық өнердің құпия сырларына дендеп ену үшін, бізге ең әуелі қаламгердің шығармашылық психологиясының тереңіне үңілу парыз. Шығармашылық психологияның ғылыми таным тұрғысындағы дәлелді ой-толғамдардың ең маңыздыларын тоқталып, зерттеп отырған шығармаларымызға қажетті пікірлерді теріп алып, қажетке жарата білу еңбегіміз үшін аса маңызды мәселе. Шығармагерлердің туындылары, суреткерлік жолдары қалай басталды, қалай жалғасады, қалай түйінделеді, соның бәрі қалай жүзеге асады деген сұрақтарға толық, ашық жауап табу қиын екендігі дау туғызбас.

Ақынның кең арналы лабораториясына зер салғанда, жалпы поэзиялық шығарма авторларының шығармашылық еңбегі үнемі рухани, көркем түлеу мен оқып үйренуден тұрады екен. Дүние жүзінің ақын – жазушылары бірімен – бірі сабақтас. Әсіресе, ұлы жазушылар өзінен кейінгілерге қанша оқысаң бітпейтұғын бір мектеп. Кейде сол ұлылардың өзі де өзіне дейінгі, әйтпесе өзімен тұстас біреумен сабақтасып, тамырласып жатады.

Дегенмен, ақынның шығармашылық лабораториясында ешкімнің көзіне көрінбей тұрып жатқан, құпия сырлардың бірқатары әдеби және ғылыми мәселе деңгейінде зерттеу пәні бола алады. Мұндай мәселелерді зерттеп, зерделеу ақынның шығармашылық еңбегінің басты сатыларын, олардың ерекшеліктерін анықтауға, сөйтіп, оның шығармашылық лабораториясының басты ерекшеліктерін екшеп өтуге мүмкіншілік береді. Сөйте тұра ақынның шығармашылық лабораториясын тану мүмкіншілігін жоққа шығаруға да болмайды. Шындығында ақынның шығармашылық лабораториясы, ақынның шығармашылық еңбегінің сатылары, кезеңдері көзбен көруге болмайтын, көңілмен тануға келмейтін тылсым құбылыс емес.

Ақын өзінің шығармашылық лабораториясының кейбір сырларын “Алғашқы асулар”, “Есею жолында”, “Этюдтер” және басқа да бөлімдерінде әр қырынан ашады. Оларда көбіне ақынның шығармашылық еңбек алдындағы күйі көрініс тапқан. «Бірде лирика, бірде монолог арқылы өзіңнің жаныңды толқытқан сырыңды айтасың. Әлдекімді жерлегің, әлдекімдерді дәріптегің келеді. Бір көңіл бар, сәбидің туғанына, гүлдің ашылғанына, көңілдің ұшқырлығына, өмірдің мәңгі жастығына қуанады. Енді бір көңіл қуаныштың қарама – қарсы жақтарынан түйсік табады.Ондайда еріксіз көнесің. Осының бәрін бүркемей, боямай жырлағың келеді...» деп ақын Әбділда Тәжібаев өлең өрімдерінің санадағы сәуледей қалыптасуынан сыр шертеді.

Әбділда Тәжібаев табиғатында ақын болып туған жан. Жаратушы оның маңдайына ақындықты бұйыртты. Ол жастайынан халық өлеңін, жыр–толғауларын жаттап, әпсана, ертегі, хикаяттарды жадына сақтап өсті. Әбділда Тәжібаев бала күнінен жыр оқып, ертегі айтудан жеке бала ақын дәрежесіне дейін көтерілді. Өзі «Жылдар, ойларында» баян еткендей, шығыстың «Салсал», «Зарқұм», «Саяр Шәріп», «Орақ пен Күлше», «Зафун», «Балғын бағұр» т.б. сол сияқты қазақшаға аударылған поэмаларды оқудан жатқа айтуға дейін машықтанғанын жазады.

«Әдебиетті сүю, әдебиетші болу жолына мені қолма – қол жетектеп әкеп салған тәрбиешіміз Сәтбеков Әбілқайыр»... десе, тұңғыш өлеңінің шығу тарихын былайша сөз етеді: «Жетісінде бір шығатын «Лениншіл Жас», «Жұмысшы» газеттерінің корректоры, республикалық орталық газет «Еңбекші Қазақтың» көшірушісі болдым, кейде ертемен тұрып көшеде, базарда газет те сататынмын. Қолым босаса ақ отыра қалып өлең жазамын. Солардың бірі газетке басылса, ұшпаққа шығатындай көремін. Сол кезде жақсы ақын атана бастаған Асқар Тоқмағамбетов, Қалмақан Әбдіқадыровтар талай жазғандарыма сын айтты, мінін көрсетті. Талай рет қайта жаздырды. Ақыры менің бірінші өлеңім («Жұмысшының гудогы» дейтін үш шумақ өлеңім) «Жұмысшы» газетінде күз айында басылды. Мен қуанғандықтан қайда барарымды, қайда сиярымды білмедім»...

Ақынның шығармашылық өсуінің алғашқы баспалдақтары осылайша басталады. Қатардағы корректорлықтан кәнігі журналист қызметінен бастау алған шығармашылық өсу сатылары Әбділда Тәжібаевты заманындағы дарынды ақындар санатына дейін жеткізді.

Әбділда Тәжібаев әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді.

Ә. Тәжібаев поэзиясын басқа бірдебір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы. Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді. Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.

Шығармашылық жолын ақындықпен бастаған Әбділда Тәжібаев ақындық өнердің толысуына, халық қажетіне жарауы, өлеңнің үні өшпейтін мәңгі болуы үшін қандай әрекеттер қажет екеніне де оқырман көңілін аудартады.Аламан заманда өмірге келген Әбділда Тәжібаевтың алғаш қызмет еткен жылдарында арнайы мамандықтың базалық білімін алуға мүмкіндіктері бола бермейді. Ақын біраз жыл өз бетінше ізденіп оқудың арқасында қажетті білім нәрін алуына қол жеткізеді. 1928-1929 жылдары Абай атындағы педагогикалық институттан түбегейлі білім алудың сәті түспей-ақ қояды. Мақсат пен мүддеге берік асыл ақын өнерлік зейінді өсіру үшін, жалықпай ізденіске түседі.Өзі білмейтін нәрселерін білетіндерден сұрап, зердені нұрландыруға күш салады.

Жазушы қандай қоғамда өмір сүрсе де, өзінің суреткерлік әлемін қалыптастырып, алдын-ала айнала тіршілік дүние жаратылысқа сол әлем билігінен көз тастайды.

Ақынның ғұмырнамасының жанрлық тегі мен жазылу формасы, баяндау стилі, шығармашылық жолы қаламгер лабораториясының басты екі қыры осылай ашылады. Шығармашылық еңбектің басы мен аяғы немесе шығармашылық еңбектің азабы мен рахаты ақынның көркем мұрасында едәуір бедерлі бейнеленген. Ақынның шығармашылық лабораториясын тануда бұл секілді сәттердің, шығармашылық акт процестерінің маңызы жоғары. Осындай күрделі шығармашылық процесс өзегін ақын “мен әдебиет ғылымында” деген тарауда жан – жақты мазмұндап, талдап айтады.

“Мен қайда жүрсем де, поэзиядан тыс жұмыстардың қандайын істеп жүрсем де ақын екенімді ұмытқан емеспін. Кейде кенеттен соғатын жел, күтпеген жерде жауатын жауын секілді келетін шабыт тоқталған емес, мені құрғақшылыққа ұрындырған емес. Күндіз қолым тимесе, түн еркі өзімде. Сәтімен келіп қысқа сезімдер қысқа өлеңге лезде айнала салады. Ондай тұста бас – аяғы бүтін екі шумақ өлең жазсам жа жасап қаламын, келістіріп ұйқымды қондырамын.

Жарқырай қалсам жаңадан шыққан күн болып,

Ескі күн туса теңелу маған мұң болып. Жандырып өтсем дүниенің барлық сұмдарын,

Барлық сұмдықтар өртеніп жатса күл болып.

Батпайтын болсам кеш мені зорлап басқанда.

Жарқырай берсем тірліктер үшін аспанда, “Қараңғы” деген қап – қара сөзді ұмытып, Жасайтын болса, адамдар түннен жасқанбай, мен кешкісін отырып өлеңмен осындай ойлар айтқанға да мәзбін....” [1, 101 б.]

Ақынның шығармашылық лабораториясын тану үшін оның шығармашылық еңбегінің сыртқы сипатын байқау да маңызды екенінде сөз жоқ. Өлең үні келе бастағанда, ақын жайбарақат жата алмайды. Шырт ұйқыда жатқанда да, ойына оңтайлы ой оралар болса, орнынан тұрып, шамын жағып, түн жарымда жалғыз отырады. Бірақ өлең, шіркін, оңайлықпен ұстата қоймайды.

Кейде ол ыза болып, орнынан тұрып та кетеді. Орнынан тұрып кеткенімен, өлең тумайды. Туғалы келіп, тумай кеткен өлеңнің өкініші ақынды тыншытпайды, ол түні бойы кірпік ілмей шығады. Кей қаламгерлер жазу үшін күй талғайды, мезгіл мен мекен таңдайды. Ә. Тәжібаев көңіліне өлең оралған шақта, күй де мезгіл де, мекен де талғамайды. Көңілін ой баураған шақта қолына қалам алып, қағазға төнеді. Түн ортасы, шырттай ұйқыда жатса да, ақын осы тәртібінен, осы әдетінен танбайды. Мұны да ақынның шығармашылық лабораториясының бір ерекше қыры деген дұрыс.

Ақын көңілін алаңдатып, жүрегін толқытып туған ой өзегі мен оның өлеңге айналып, көркемдік табуы арасында бірталай шығармашылық сатылар жатыр. Шығармашылық еңбек процесінің сатылары туралы әдебиеттану ғылымында бірнеше пікірлер бар. Түрлі ғылымдардың зерттеу еңбектерінде де бұл мәселе туралы бірқатар ойлар жинақталған. Алайда, ақынның шығармашылық лабораториясын, оның шығармашылық еңбегінің психологиясын дәлме – дәл қолға ұстатып, көзге көрсетіп саралап беру оңай емес. Өйткені, өлең – ақынның шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Ал еңбектің өзі көңілде болғанымен, көзден таса қала береді. Бұл жөнінде ақын “Әрбір шынайы ақынның өзіндік дүниесі бар”,-деп жазады. Әрине өлеңнің жазылу, жасалу процесінің әр сәтін, әр сатысын анықтап көрсету, зерттеуші айтпағанда, ол өлеңді жасаушы, жазушы ақынның өзіне де қиын. Алайда мұндай қиындық ақынның шығармашылық лабораториясының, оның шығармашылық еңбегінің сатыларын, психологиясын зерттеп, зерделеуге, тануға болмайды деген ойға алып келуге тиісті.

Прозалық шығармалардың жазылу сатыларын, жазушының шығармашылық еңбегінің сатыларын анықтау өлеңнің жасалу процесін анықтаудан оңай екені рас. Әсіресе, жазушының өз шығармасына арқау еткен өмір құбылыстарының тобы белгілі болған жағдайда, зерттелуі бұл реттеу ірі табыстарға жетуі мүмкін.

Ақындық өнердің құпия қырларын мемуарлық шығармасында арқау еткен Ә. Тәжібаевтың шығармашылық лабораториясының көп салалылығы бізге оның ақындық, ғалымдық, қайраткерлік, драматург, әдебиет сыншы екендігі, бұл өнерді игеру жолындағы өмірлік болмысты байыптауындағы деректермен нақтылы оқиғалардың көркемдікпен игерілу жолдарының ғылыми әдістанымдық тәсілдері арқылы сараптай талдауымызға үлкен тірек болды. Қаламгердің “Жылдар, ойлар”, “Есімдегілер” атты ғұмырнамалық шығармаларында ақындық, суреткерлік шеберлікті, өзінің шығармаларын қалай жазатыны туралы айтқанымен, онда нақты, ақынның шығармашылық лабораториясын кеңінен ашуға септігін тигізетін деректер өте мол болып келеді.

Ақынның өз шығармашылығы және басқа ақындардың өнері туралы еңбектері де бұл орайда бағалы мәлімет беретініне сөз жоқ. Ә. Тәжібаев ғұмырнамалық рома-

нында өлең өнері туралы, өзінің бірнеше өлеңінің тууы, жазылу тарихы, қаламгерлік өнері туралы бағалы ойларды, қажетті деректерді ұсынады. Мысалы, “Ойлар” деген өлеңінің туу тарихы жайында былай деп жазады: “Үйге кіре сала жатып едім, қатып ұйықтаппын. Сағат түнгі екіде ұйқым шайдай ашылып, қайта тұрдым. “Ойлар” деген бір ызың маза бермей жүретін. Сол ызың жарыққа келген көбелектей, тағы да оралды жарыққа. Мен еріксіз қаламмен табыстым:

Есімде менің

Жатыр ғой талай... талайлар... Бұлыңғыр түндер,

Айдарлы алтын арайлар, Арайлар түссе есіме, Қырандай қалқып,

Оралар маған көп ойлар... [1, 100 б.]

Өлең бітті. Мен бір үлкен нәрсе тындырғандай қайта жатсам, өте тыныш ұйықтаппын. Ертеңіне өлмейтіндей, мәңгі жасайтын адамдай жасынан – жайнап тұрдым төсектен.

Ақын көңілін оятқан өмір шындығы осындай. Өмір шындығынан ақынның түйген ойы да анық ашылған. Дәлірек айтқанда, ақын ойын тербеген өмір шындығы да бар, ол туралы ақынның шығармашылық қиялының көркем шешімі де анық.

Бірақ, ақынның өз айтуына қарағанда, өлең сол сәтте жазыла салмаған. Көп ойлар келіп, көп ойлар көшкен соң, шаршағанға ұқсайды. Шын өнердің иесіне тән қасиет осындай ойға берілген ақын шын өнерге қатысы жоқ, бірақ өнер атын жамылып, өнерпаз болып жүрген жекелеген адамдар туралы да ойға түскен болуы ғажап емес. Өйткені шын өнер бар жерде, шынайы өнерпаз бар. Ал шын өнер мен шынайы өнерпаз бар жерде өнер мен өнердің атын сатып жүрген жылпостардың да бары даусыз. Мұндай жайлар ақынды ойға түсірмей, толғандырмай қоймасы анық.

Әбділда Тәжібаев өзі де өмірде көп қиындық, көп қызық көрді. Өмір жолы қиындық пен еңбектен тұратын, таршылықтан ғаламның төрт бұрышына танымал ақын болып аралаған сәттің арасында өмірдің көп те, қайталанбас сабақтары жатыр. Табиғатынан байқампаз да танымпаз зор интеллекті сол жолдарында көп өмірбаянды, көп хикаяттарды көрді, естіді, білді. Жазып үлгермегенін әсірелеп, әрлеп көпшілікке айтумен жүрді. Ә. Тәжібаев көрген – білгенін, шабытын шақырып әсерге бөлегенін, қалт жібермей қадағалап, шығармашылық сан алуан формаға түсіріп, оқушыға тез жеткізуге тырысатын сөздің жақсы мағынасындағы “қомағай” қаламгер. Ең әуелі ойына алған көркем ойын жазбас бұрын оқырманына әңгімелеп, түсіндіре отырып, оқиғаның иінін қандырып алады. Ә. Тәжібаев айтты деген әңгіме еш уақытта қаз қалпында қайталанбайтын. Көрген, білген, естіген әңгімесін әлденеше нұсқада түрлендіріп әңгімелеу – оның шығармашылық дағдысы. Бұл дегеніңіз кез – келген қаламгердің өзіндік психологиялық, шығармашылық қасиеті.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. (Естеліктер мен толғаныстар). – Алматы: Жазушы. 1976. 472 б.
  2. Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. – Алматы, 2003. 340 б.
  3. Сүлейменов О. Сөзстан. Алматы: Жазушы – 1987. – 224 б.
  4. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. —Алматы: Ғылым, 1975. — 312 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.