Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру. Осы мәселені шешу білім беру мазмұнын жаңа шыландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру болып табылады. Қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығушылығын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде, демек бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениет аралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.

Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін, сабақ барысына жаңалық енгізу қажет. Сол арқылы біз оқушылардың бойында ізденімпаз, шығармашыл, ойлау, ізденіс қабілеттерін қалыптастырамыз. Бастауыш сыныпта ол үшін ойын технологиясын қолданған жөн. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек, себебі санына емес сапасына назар аударған жөн.

Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын – балалардың ең негізгі әрекеті болды. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтының түснікті

Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғарылды. Бірақ қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді?

Оқу барысындағы ойындық технологияның орны мен ролі, ойын және оқу элементтерінің үйлесімі көп ретте мұғалімнің педагогикалық қызметімен топтастыруын түсінуіне байланысты.

Бірінші кезекте әрекет ету барысына қарай ойындарды физикалық (қимылдық), интеллектуалдық (ақыл-ой), еңбек әлеуметтік және психологиялық деп бөлу қажет.

Педагогикалық барысының сипатына қарай ойын мынадай топтарға бөлінеді:

а) оқытып-үйрететін, жаттықтыратын, бақылайтын және жинақтайтын;

ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

б) өнімді, шығармашылық;

в) коммуникативті, кеңес беруші, кәсіби бағдарлы, психо-техникалық және т.б.

Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады (сурет 1):

  • лексикалық;
  • фонетикалық;
  • грамматикалық;
  • орфографиялық [1.Б. 112].

Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей алады, оқушының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады:

  • Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
  • Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
  • Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
  • Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
  • Уақытты үнемдеуге үйретеді.
  • Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
  • Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
  • Оқушылар үшін қауіпсіз.

Сонымен қатар ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

  • Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
  • Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
  • Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға (2, 70).

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданған тиімді. Мысалы: «доппен ойыны» балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташыдағы санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек, «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташы көрсетіп «What color is it?» балалар It's red деп жауап береді. Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.

Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: “colours”, “friends”, “ school”, “family” .

Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындардың да маңызы зор. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Our house» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:

  1. Рөлдік ойындар.
  2. Іскерлік ойындар.

Рөлдік ойындар интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.

Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:

  1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды.
  2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.

Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазадыБлиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады: фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б. Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады» деген тақырыптарда. [3].

Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады. Олар: дайындық ойындары және шығармашылық ойындары. Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді. Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?» немесе «Мынау не?» деп сұрақ қою. Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго» ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру. Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған. Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.Әдеттегідей ойынға оқушылар 2-3 топқа бөлінеді. Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын. Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады [3].

Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында», «XXI ғасыр көшбасшысы» ойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады. Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін, тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынтамын [3].

Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз –ақыл –ойын, сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс –тәсілдерді, сондай –ақ ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн. Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу білік дағдыларын қалыптастырады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

  • Ойынның мақсаты нақты болуы керек;
  • Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек;
  • Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек;
  • Оқушылар түгел қамтылуы тиіс;
  • Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу керек [4].

Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігі дамиды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту», деп көрсетілген [5].

Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы. Осыған байланысты мектеп мұғалімдері 1-4 сыныптарға арнап авторлық бағдарлама жасады. Бағдарламаның мақсаты: оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру, таныстыру.

Міндеттері:

  • оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын сіңіру;
  • жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ету;
  • оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу;
  • бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен, тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу.

Оқыту барысында тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу дағдылары біртіндеп дамиды. Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда жүреді, оқушы мұғалімнің, достарының айтқанын тыңдап түсіне алады. Сөйлеу көбіне жұптық, топтық жұмыстар кезінде іске асады.

Бағдарлама бойынша 1 сыныпта ауызша кіріспе курсы жүреді, оған ең негізгі деген тақырыптар таңдалып алынды. Мысалы: Жанұя, түр-түс, 1-10 дейінгі сан, жануарлар, ауа-райы, спорт, дене мүшелері ең жиі кезігетін етістіктер, модальды етістік, «болу» «бар болу» етістіктерін қолдану. Ал 2 сыныптың бірінші жарты жылдығында өткен сынып материалдарын қайталау болып табылса, екінші жарты жылдықта әріптерді танып, жазуға үйренеді, сөздік қорын кеңейтеді. Келесі сыныптарда тақырып ауқымы кеңіп, грамматикалық материалдар қосылып білім аумағы кеңейе береді [6].

«Заманына қарай адамы» деген сөз бар емес пе? Соны ескерсек,бүгінгі таңда келешектің мықты маманы деп, бірнеше тілді меңгерген жан-жақты адамды ғана айта аламыз. Басқа мемлекеттермен қатарлас ұрпақ тәрбиелегіміз келсе,онда біздің міндет оларға сапалы білім беру және тілді үйрету. Ал, балалар тілді ертерек кездерінде жақсы меңгереді. Сол себептен ағылшын тілін 1 сыныптан бастап оқыту қолға алынды. Бастауыш сыныптың оқушылары барлығын тез қабылдап алатындықтан, оларға ойын түрінде сабақ өткізу өте тиімді әдіс болып табылады. Себебі, осы жаста балалардың негізгі әрекеті ойын екені мәлім. Ойын арқылы балаларды тез ойлауға,еркін сөйлеуге, жылдам әрекет жасауға, есте сақтауға үйретеміз. Жалпы сабақты қызықты етіп өткізу мұғалімге байланысты, сондықтан ұстаздар үшін ағылшын тілі сабағында ойынның бірнеше түрлерін қолданған жөн. Тілді үйрену үшін ойындар көптеген септігін тигізеді. Ойын басарында бала өзін еркін сезініп, барлықтары тең болып тілді үйренуге талпынады. Болашақта өздеріне қандай мамандық таңдаса да,шет елдеріне ойланбастан барып, олармен тәжірибе алмасуларына жағдай дайын болады. Негізінен барлық білім базасы бастауыш сыныпта қаланады. Сол себептен, ағылшын тілін де үйрену осы кезден басталады. Сабаққа кедергі келтірмейтіндей етіп, ойын сабақтарын араластырып отыру қажет. 21 ғасырдың тілі ағылшын тілі екені бәріне аян. «Ойын бала үшін өмірлік тәжірибе» деп М. Жұмабаев айтып өткендей, өмірге деген дайындығы осы жолдан бастау алады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Верещагина И.Н., Рогова Г.В. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях. – М.., 2004.
  2. Ботағарина Г. Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес // Білім, 70-бет, №3, 2006 ж.
  3. Ахметов Н. К., Хайдаров Н. Ж. Игра как процесс обучения. – Алма–Ата: «Знание», 1985.
  4. Петров А.В. Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу. 2001.
  5. «Білім туралы» Заңы, 2007 ж.
  6. Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С. Шет тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.