Құқық бұзушылық – заңды жауапкершіліктің негізі ретінде

Заңды жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы құқық бұзушылықтың және заңды жауапкершіліктің негізгі және басты міндеті қоғамға және құқықтық тәртіпке құқықбұзушылықтан келтін зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірінші, қоғам және әрбір азамат құқықтары мен заң қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмау шылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқық бұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады [1, б. 39].

Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала, басылымдар, монографияларда жарияланған. Бұл тақырыпты зерттеу барысында бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ та бұл мәселе төңірегінде бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе алмауда. Бұдан шығатын қорытынды заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызықтады.

Бұрынғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өміріне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.

Мемлекет және құқық теориясы методологиялық ғылым бола тұра кейбір зерттеу жұмыстарымен айналысады, соның ішінде заңдық жауапкершілік пен құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.

Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральдық және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.

Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады [1, б. 39].

Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:

  • Кез-келген құқық бұзушылық бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін ерікті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образды. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.

Сот пікір шеңбері ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты “осы сияқты басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, бұл заңсыздықтың позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес” деген [2]. Бірақ та сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және жазалайды.

  • Құқыққа қарсылық құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады.
  • Құқық бұзушылықтың басты белгілерінің ішіндегі бірі кінәлінің бар болуы. Қазақстанды және басқа да елдердегі мемлекеттік құқықтық теория және практикасы құқық бұзушылықты барлық құқыққа қарсы әрекетті емес, тек қана байқаусызда немесе қасақана жасалған іс әрекетті санайды.

Нақты айтқанда, тұлға кінәсі бойынша болады. Кінә тұлғаның өзінің жасалған құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік, сонымен қатар әрекет салдары нәтижесінде пайда болған заттарға психикалық жағдайымен қатынасын көрсетеді. Ол өзінің тәртібі және осыдан шыққан зардаптардың құқыққа қарсылығын тұлғаның түсінуі немесе мойындауын білдіреді. Сондықтанда кәмелетке толмаған тұлғалар және тұлғалар әрекетін сот кінәсіз деп мойындаса да,тіпті егер олар құқыққа қарсы тұрса да, сондай-ақ олар өз әрекеттерін құқыққа қарсы екенін түсініп, мойындауға қабілеті жоқтай оларды құқық бұзушылық деп санауға болмайды. Кінә екі форма бойынша бөлінеді:

  • Ниет құқыққа қарсы әрекет жасаған тұлға қоғамдық қауіпті мінезін өз әрекет немесе әрекетсіздігін біледі деп олар санайды, олардың қоғамдық салдарын болжайды және олардың басталуын қалайды.
  • Абайсыздық кінә түрлерінің бірі сияқты 2 түрі бар:
  1. өзіне сенімдік,тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардап шектіретін әрекетін біледі, одан жеңіл желпі қашуды санайды деп сендіреді;
  2. ұқыпсыздық тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардапты әрекеттерін көрмейді, бірақ мүмкін және оларды көру қажет деп сендіреді. Ұқыпсыздық алдын ала тұлғаның оның міндеттеріне қойылған орындауларға, қоғамға және басқа тұлғаға қызығушылығына жауапсыз қатынасын көрсетеді.

Құқық бұзушылық диалекті қабілетті құқық бұзушылармен жасалады, яғни өз еркіндігін және өзінің тәртібін бақылай алатын, өз әрекеттеріне есеп беретін, олардың құқыққа қарсылығын мойындайтын және олардың зардаптарына жауапкершілік таныту жағдайында болатын адамдар.

Құқыққа қабілетті құқық бұзушының заңдарға және басқа да нормативті құқықтық актілерде анықталады. Құқыққа қабілетті қылмыскерлер барлық жауапқа қабілетті тұлғалар, белгілі бір жасқа жеткендер саналады [2].

Құқық бұзушылықтың негізгі ерекше белгісін отандық және шетелдік заңгерлер залалдың болуын көрсетеді, яғни жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға келтірілген құқыққа қарсы әрекетпен келген залалдың арасындағы байланыстың болуын айтады.

Залалдың салаңдары екі аспектіде қарастырылады яғни заңды және нақты.

Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік міндеттерді қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық жауапкершілік жүктеледі.

Құқық бұзушылық үшін жауапкершілік негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауына кепіл бере отырып, азаматты жауапқа тарту үшін құқықбұзушылық заңда көрсетілген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері болуын талап етеді.

Құқық бұзушылық құрамдары – бұл құқықбұзушылықтың обьективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер төрт топқа бөлінеді:

  • Құқық бұзушылықтың объектісі;
  • Құқық бұзушылықтың обьективтік жағы;
  • Құқық бұзушылықтың субьектісі;
  • Құқық бұзушылықтың субъективті жағы.

Құқық бұзушылықтың объектісі құқық бұзушы қиянат жасайтын және де заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін: саяси және экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.

Қылмыстың объективті жағы. Қылмыстың объективті жағы дегеніміз қорғалатын объектіге қол сұғатын қоғамға қауіпті әрекеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын заңда көрсетілген белгілердің жиынтығы, сондай – ақ ол сол қол сұғу шылыққа қатысты объективтік жағдайлар. Объективтік жақты сипаттайтын белгілер:

  1. қоғамға қауіпті іс әрекет яки әрекетсіздік;
  2. қоғамға қауіпті салдар;
  3. әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс;
  4. қылмыс жасау орны, уақыты, жағдайы, тәсілі, қаруы мен құралы.

Көбінесе құқық бұзушылықтар объективтік жағы бойынша ажыратылады. Мысалы, ұрлық, тонау, алаяқтықтың объектісі біреу – меншік құқығы, ал объективтік жағы әр қилы: ұрлық – кісі мүлкін жасырын түрде, тонау – ашықтан – ашық түрде, алаяқтық – алдау немесе сенімге қиянат келтіру жолымен алу. Құқық бұзушылық мағынасындағы іс әрекет дегеніміз құқық бұзушылық жасау кезінде субъектінің сыртта көрініс тапқан мінез – құлқындағы белсенді, саналы, ерікті қимылы. Бір ғана қимыл емес, құқық бұзушылық жасау үшін бірнеше қимылдар қажет. Ол жай ербеңдеген, берекесіз қимыл емес, әлеуметтік мазмұнға ие болуы шарт, іс-әрекеттің белсенділігі осында. Сонымен қоса, есі дұрыс адамның саналы түрде жасауы әрі әрекет ерікті болуы тиіс. Өзі қаламай, еркінен тыс (мысалы мәжбүрлеумен) жасалған әрекет үшін жауаптылық жоқ. Ал егер күш қолданып мәжбүрлеудің өзі кісінің өзінше әрекет ету мүмкіндігінен айырмаса, жауаптылықтан босатылмайды, күш қолдану жеңілдететін мән – жай ретінде қаралады. Күштеп мәжбүрлеуден басқа, психикалық мәжбүрлеудің маңызы бар. Ол адамға белгілі бір зардап келтіремін деп үрейлендіріп, қоғамға қауіпті әрекет жасауға мәжбүрлеу. Бұндай тәсіл адамның өз еркінше әрекеттенуін жоққа шығармайтындықтан, кісіні жауаптылықтан босатпайды [3, б. 190].

Бірақ, аса қажеттілік жағдайында ғана кісі жауапты болмайды. Мысалы, кассир мылтық тіреп, ақша талап еткендерге шыбын жаны үшін ақшадан айырылады.

Әрекетсіздік субъектінің қоғамға қауіпті, ерікті, пассивті мінез-құлқы. Оның әрекет етпеуі жай дене қимылын емес, әлеуметтік мағынасы бар қимылдарды жасамауы. Мысалы, куәгер жауап беруден бастартып, тиісті әрекетті жасамайды, бірақ басқа жұмыстармен айналысып жатуы мүмкін. Ол ерікті болуға тиіс. Күштеп мәжбүрлеп, шарасыз халге түсіру немесе табиғаттың дүлей күштерінен, ауру-сырқау салдарынан қолдан келер қайраны жоқ болып, орын алған әрекетсіздіктер үшін жауаптылыққа тартылмайды. Мысалы, дәрігердің барар жолды су алып кетіп науқасқа жете алмауы т.б. Ал егер өртте кісі күйіп жатса, өрт сөндіруші шара қолданбаса әрекетсіздік, ал ол жай адам үшін дүлей күш болып есептеледі.

Құрамалы қылмыс бөлек бөлек қылмыс бола алатын жеке не одан да көп әрекеті әрекеттерден тұрады. Мысалы, қарақшылық: адам өміріне және меншігіне қауіп төндіру. Бұл әрекеттердің ерекшелігі бірнеше объектіге қол сұқса да олардың өзара жымдасқан ішкі бірлігінде. Жалғаспалы қылмыс бір діттеген мақсатқа жету жолындағы іштей бірліктегі бірнеше біртекті не бірдей іс-әрекеттердің алғашқысын жасаудан басталып, соңғысын істеуден аяқталады. Мысалы, телевизор құрайтын заводтың жұмыскері әр келгенде бір бөлшектен іле кетіп, өзіне телевизор құрмақшы болады. Құраса, ұрлық, орта жолдан бітсе – ұрлыққа оқталу. Белгілі уақыт аралығында үзіліссіз болатындығымен сипатталатын қылмысты созылмалы деп атайды.

Құқық бұзушылық субьектісі ол құқық бұзушылық жасалған уақытта есі дұрыс және белгілі бір жасқа толған адам.

Жауапкершілік тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық аруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам жауаптылыққа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салаңдарынан мас күйінде жасалған құқық бұзушылық үшін адам жауаптылықтан босатылмайды.

Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы. Құқық бұзушылықтың сыртқы жағын бейнелейтін обьективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ құқық бұзушылықтың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.

Құқық бұзушылықтың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы құқық бұзушылық істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Заңның талаптарына теріс пиғыл – құқық бұзушылықтың қайнар бұлағы. Құқық бұзушылық – құқыққа қарсы қылықтан көрініс табады.

Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адаммен мінез-құлық арқылы байқалады. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекет ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет бұл құқық нормаларының іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті болмаса, онда мұндай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның қоғам тарапынан бағалануы.

Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңғы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі.

Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.

Адам өзінің әрекеттері немесе заң жүзіндегі елеулі әрекетсіздігі болмаса заң үшін жоқ деп есептеледі. Жеке адамның ой және сезім жүйесі, оның биологиялық жайкүйі мен әлеуметтік жағдайы, туыстық және жеке байланыстары құқық бұзушылық деп танылмайды.

Құқық бұзушылықтың сөзсіз белгісі қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады, ол зиянның болуын және іс-әрекетке (әрекетсіздікке) қоғамдық бағаны қамтиды. Қоғамға қауіп төндірмейтін әрекет құқық бұзылушылыққа жатқызылмауы тиіс. Сонымен бірге қоғамға қауіптілік нақты индивидтің бірлі-жарым қылығынан ғана көріп қоймай, ең алдымен, адамдардың белгілі бір іс-әрекетінің қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіретін немесе мемлекет қорғайтын белгілі бір қатынастарды бүлдіру қатерін туғызатын нақты мінез-құлық түрі ретінде таралуын бағалау керек.

Құқық бұзушылықтардан келтірілетін зиян моральдық және материалдық, өлшенетін және өлшеусіз, мәндік және рухани, елеулі және болмашы, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін зиян болады.

Құқық бұзушылықтың мәні – оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Ең алдымен барлық құқық бұзушылық мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді [1, 15 б.].

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген.

Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс [9, б. 20].

Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым катынаска түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын ісәрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуын сыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жақсы дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.

Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.

Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу заңдылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен заңды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді [10, б. 281].

Құқық бұзушылық биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.

Құқық бұзушылық құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез – құлық. Демек, құқықты бұзған ат үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, Мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі. Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:

  • Құқық бұзушылық қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік заңда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.
  • Құқық бұзушылық объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген қүкық бұзушылық күкықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамды тәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік жөне зияндылық мәнге ие болады.

Формальды – логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі қоғамға зияндығың бәрі де, кұқыққа қайшы болып табылады [11, б. 116].

Алдымен барлық құкық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттеушісі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.

Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының кұндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қас-тандық жасау өте қауіпті қылмыс. Егер де құқықпен тыйым салынбаса құқықбұзушылық болмайдыАдамның өзінің тұлғалық және оның жеке қалауына байланысты болғандықтан бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, құқықтар мен бостандықтарды пайдалануы, құқыққа қайшы әрекет деп саналалық. Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі нышандар:

  • Құқық бұзушылық құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез – құлқы арқылы байқалады. Мінез құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой – тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, санасезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
  • Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел тиеді, игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы мүмкін.

Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қауіпті өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың бұзатындықтан, оған мемлекет атынан заңы жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш белгімен сипатталады:

  • мемлекеттік мәжбүрлеу;
  • құқық бұзушыны жауапқа тарту;
  • құқық бұзушының өзіне жағымсыз әсер.

Жиналған деректердің барлығын ғаларға қатынасында өзінің міндеттерін дұрыс ұғынып, белгілі бір талаптарды орынжан-жақты тексеріп, соның нәтижеде шешім шығарып құқық бұзушы өзіне лайық дауы.

Жауапкершілік тар мағынада немесе жағымсыз қылықты жүзеге асырады Ол оның мүлкіне немесе өз басының бостандығыңа келетін нұқсан Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіне керетін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны бас бостандығынан айырады, жүріп түру еркіндігін шектейді. Осы айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың мақсаты:

  • кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам үшін қауіпті екенін көрсету;
  • қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның өз басына да күн туатынын дәлелдеу;
  • заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық, нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.

Заңды жауапкершілік ұғымымен байланысты сұрақтар мемлекет және құқық теориясында дискуссионалды болып табылады. Заңды жауапкершілік туралы көптеген анықтамалар бар, оларды бір жақты салыста мүмкін емес.

Жауапкершілік кең мағынада тұлғаның қоғамға және мемлекетке, басқа тұл-әлеуметтік – заңдық мағынада құқық-бұзушылық жасаған тұлғаға заңда көздел-ген тәртіппен мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану.

Басқа жағынан, заңды жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі, сонымен бірге ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде субъектінің құқықтық жағдайына тиістілі бар [10].

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Общая теория государства права. Учебник под ред./ М.Н. Марченко и др. М., 1998. с. 580
  2. Маркс К.Энгельс Ф. Соч. Т.1. с. 14.
  3. Денисов Ю.А. Общая теория правонарушения и ответственности: Социологический и юридический аспекты. Л., 1993.
  4. Теория государства и права: Учебник для вузов / Под ред. проф. В.М. Корельского и проф. В.Д. Перевалова. 2-е издание, измен. и доп. – М.: «НОРМА» 2000. -616 б.
  5. Лазарев В.В. Липиев С.В. Общая теория государства и права. Учебник для вузов. М. «Спарк», 2000.
  6. Колосов Ю.М. Ответственность в международном праве. М., 1995.
  7. Липинский Д.А. Формы реализации юридической ответственности // Закон и время, 2008, №9. С. 17-19.
  8. Мамени Н.С. Правонарушение: понятие причины, ответственность. М., 2005.
  9. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық – Алматы: «HAS» баспа компаниясы, 2003. 320 б.
  10. Астемиров З.А. Заңы жауапкершілік түсінігі // Заңгер, 2007 г.№ 6.
Жыл: 2014
Қала: Оскемен
Категория: Құқық