Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтарының тарихи – философиялық құрылымы

Мәдениет философиясы мен тарихы шеңберінде құндылықтар мәселесінің сараптамасы құндылықтар жүйесінің басымдылығын орнатуға түрлі тарихи кезеңдер және мәдени-тарихи парадигмалардың ауысуы әсер ететіндігін көрсетеді. Сонымен, құндылық спецификасы мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде құндылық мәдениеттің адами өлшемін, адам болмысының, өмір сүру формасына қатыстылығын өз бойында жүзеге асырады. Ол адамның барлық рухани түрлілігін сезімге, парасатқа және адам еркіне жинақтайтындай. Осы ойлардың негізге ала отырып, құндылық бұл өмірдің сапасын тек саналы түрде ғана емес, сондай-ақ экзистенцииалды сезіну деген тұжырым жасауға болады. Құран Кәрімдегі құндылықтар жіктеуіне назар аударатын болсақ, көңіл қалауымен жасалатын іс-әрекеттердің бет-пердесі болып табылатын құндылықтардың ерекшелігі, олардың қандай жүйеге негізделгендігі назар аудартарлық жаты. Басқаша атқанда, Құран – адам баласының қимыл әрекеттерінің құндылықтарға сай жасалуын қалады.

Дін дегеніміз жаратылысы бөлек нәрселер мен олардың бейнелерінің адамдардың жанына сәулеленуі.Ол – адамдардың рухани қиял елесіндегі қабыл алатын, ереже тұтатын, сыйлайтын, ардақтайтын және құлшылық ететін тылсым күштер жиынтығы болып табылатын қоғамдық сананың бір түрі. Осы тұрғыда Ислам діні имандылық арқылы өз принциптерін түсіндіреді, басқалардың онымен танысуына мүмкіндік береді. Иман – ақылойдың оянуы мен рухани сенімнің, ақиқатты парасатпен танып, одан соң ақиқат жолына түсудің нәтижесі.

Дүниеге көзқарас адам қоғымымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи-құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі-өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Қоршаған дүние жайлы көзқарастың қалыптасуы-танымға байланысты. Кез келген тарихи кезеңдерде дүние, табиғат оның түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болады. Дүниеге көзқарас-адамзат санасының дүниетанымының қажетті бөлігі. Отандық философ М. Орынбеков: “Дүниетаным жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдарының жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі болып табылады”, дейді. Дүниетанымның басты категориясы ретінде “ дүние ” және “адам” алынады.

Дүниетану күрделі рухани жүйе. Дүниетаным, адам, оның орнын анықтау, табиғаттың құбылыстары мен заңдылықтарын тану философиялық дүниетанымның негізгі мәселелері болып саналады. Дүниетаным адам санасының қоғам, табиғат құбылыстарының ғылыми түсінігін қамтиды. Дүниеге көзқарас жеке адамның, әлеуметтік топтың, топтың немесе тұтас қоғамның қызметінің бағыты және шындыққа деген қатынасын айқындайтын ұстанымдардың, көзқарастардың мақсатміндеттер мен сенімдердің жүйесі.

Дүниеге көзқарас қоғамдық сананың барлық формаларына қатысты элементтерден құралады: онда философия, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады. Ғылыми білімдер дүниеге көзқарас жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат шындықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет ету; сонымен қатар ғылым адамды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысы ақыл-ой арқылы тануына жағдай жасайды. Философтар: В. Афанасьев, В. Журавлев, П. Алексеев, М. Федосеев, А. Леонтьев, Г. Смирнов, А. Спиркин, Ә. Нысанбаев, Ж. Әбділдин, Д. Кішібеков, О. Сегізбаев, Ә. Тұрғынбаев, М. Орынбеков тағы басқалар дүниетаным ұғымын сипаттай келе, дүниетанымды тұтас дүние туралы ондағы адамның орны жайындағы түсініктер мен пікірлердің жиынтығы деп түсіндіреді.

Дүниетаным құрылымын, оның негізгі нысаны қоғамдық сананы саралау тұрғысынан қарастырады. Дүниетанымның басқа ғылыми емес көзқарастардан айырмашылығы ол табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дұрыс бейнелейді. Сол заңдылықтарды меңгерудің және адамдардың практикалық іс-әрекеттерінде қолданудың жолдарын көрсетеді. Ғалымдардың пікірлері бойынша, көзқарастар мен сенімдер дүниетанымның күрделі құрылымының өзегі болып табылады. Философ Д. Злобин дүниетаным ұғымына анықтама беріп, оның негізгі компоненттеріне сенім мен күмәнді жатқызады. А. Спиркин дүниетаным құрылымына білімді құндылық бағыттаушылық, сенім мен қатар мұратты да кіргізеді. Ол дүниетанымның қалыптасуы әлеуметтік жағдай, тәрбие мен білім беру ісіне байланысты екенін айқын атап көрсетеді.

Дүниетаным гносеологиялық тұрғыда қоршаған шындықтың адам санасында бейнеленуі ретінде пайымдағандықтан ол танымның ерекше формасы іспеттес (В. Копкин, Г. Платонов, М. Федосеев, В. Иванов) деп саналады. Сонымен, философтардың ой-пікірлеріне сүйене отырып, дүниетаным дегеніміз адам санасындағы дүниенің сыртқы бейнесі ғана емес, оның сол дүниеге, қоғамдық өмірге деген қарым-қатынасы деп тұжырымдалады.

Кейбір табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсер етеді. Адам тосын бір жағдайға тап болса, немесе өзіне беймәлім нәрсе көрсе, көпшілік жағдайда оны ойға салып қорытындыламай, сезім жетегіне еріп кетеді. Табиғат құбылысының терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай-талай жолдардан өтеді. Бай тәжірибе жинақтайды.

Дегенмен, адамның ақыл-ойы, өрісі жете бермейтін құбылыстар аз емес. Түрлі салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ойындар тағы басқа халықтың рухани сезімін, адамгершілік қасиетін, мінез-құлқын ғана қалыптастырып қоймай, дүниетанымын кеңейтіп, түрлі білімдер негізінен мағлұматтар береді. Бізге келіп жеткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың өзінен қазақ халқының асқан даналығы мен ғажап зердесі табиғатқа деген адамгершілік көзқарастары аңғарылады. Көне заманда адамдарды күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетанымдық ұстанымдарына адалдығын дәлелдеп отыруға мәжбүр етті, өйткені тіршілік етудің ауыр және қатал жағдайлары рулардың әлеуметтік бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермеді, әйтпесе оларға рудан аластауы, көп жағдайда мұның арты өлімге апарып соқтыратын еді. Дүниені сезіну айқындала түсті, дүниені түсіну айқын әрекеттерге итермеледі, дүниетаным нақты жағдайдан туатын, шын, айқын болды. Табиғат дүниенің аяқталған қалыпты жағдайы, ал адам табиғаттың бір бөлшегі ғана болды.

Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, социология, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, əртүрлі аспектілерден зерттеуде.

Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:

  1. философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды;
  2. көзқарастың түрі ретінде зерттейді;
  3. діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себептерін талдайды;
  4. діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;
  5. сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;
  6. діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы рөлін көрсетеді;
  7. діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.

Діннің анықтамасы: relegio – қасиеттілік, құдайсылық Абсолюттік бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі. Дін күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды. Дінге: 1) діни ілім; 2) діни сезімдер; 3) діни салттар; 4) діни ұйымдар мен секталар кіреді. Діннің даму сатылары: 1) табиғи дін бұл кезеңде табиғи күштер құдайлар сияқты болып көрінді; 2) заңдық сипаттағы дін діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етілді; 3) ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.

Діни сана жаратылыстан тыс күштерге, құдайға деген сенімнен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсініктердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, əдет-дəстүрлердің жиынтығы) және діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру және тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды бөлігі болып теология есептеледі, ол құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы және негізделуі. Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік көзқарас дін өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе, дінді қолдаушылар оны нағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өміріндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бәрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ.

Діннің пайда болу себептері мен мәні туралы мәселе философия тарихында көптеген философтардың зерттеу объектісі болды. Дін туралы ғылым дінтануда діннің тамырлары деген ұғым қалыптасқан, бұл ұғым діннің пайда болу себептерін, әлеуметтік, гносеологиялық және адамгершіліктік мәнін ашады. Діннің басты, анықтаушы тамыры немесе себебі ретінде көптеген ғалымдар әлеуметтік себептерді атайды. Бұл себеп алғашқы қауымдық қоғам адамдарынан жақсы көрінеді. Кездейсоқтық үстемдік еткен алғашқы қауымдық қоғам адамдары табиғаттың дүлей күштеріне қарсы тұруға дәрменсіз, оларға тәуелді болды. Стихиялық табиғат күштерін билеуге, өзіне бағындыруға, қоғамдық қатынастарда күнделікті туындап отырған мәселелерді шешуге қажетті практикалық құралдары жоқ адамдардың сүйенгені өзінің санасының, қиялдауының жемісі фантастикалық күштерге деген сенім болды.

Діннің пайда болуының осы әлеуметтік себептерін қазіргі заманда да көруге болады. 90-жылдардың басында бүкіл посткеңестік кеңістікте діннің өте тез қарқынмен дамуы байқалды. Бұрынғы жүйе күйреп, жаңа бағыттар, жаңа қоғамдық қатынастар əлі анықталмаған сол кезеңде адамдардың бойын шарасыздық, қорқыныш, үмітсіздік биледі, өмірлік бағыт-бағдарын жоғалтқан адамдардың көпшілігі өздеріне қажет күш-қуатты, сенімді діннен іздеді.

Діннің гносеологиялық тамырлары болып адамның танымдық және психологиялық қызметі негіздерінде қалыптасу мүмкіндігі жағдайлары, алғышарттары, мүмкіндіктері есептеледі. Таным процесі екі жақты танымның объективті мазмұнын және оның субъективті формаларын (түйсік, қабылдау, елестету, ұғым, пікір және т.б.) қамтитыны белгілі.

Діни санада осы процестің екінші жағы басымырақ. Елестетуге, логикалық аналогиялар мен абстракциялар жасауға қабілеттілік тым əсіреленіп, танымдық бейнелердің нақты заттардан ажыратылу қаупі пайда болады. Рационалдық танымға көбірек назар аударудың нәтижесінде ұғымдарда дүние субъективті бейнеленеді. Діннің әлеуметтік және гносеологиялық тамырларымен қатар психологиялық тамырларын да атап кеткен дұрыс. Бұрын белгісіз, жаңа әлеуметтік өзгерістер, қатынастар, жағдайлар жеке адамның бойында да, қоғамда да жағымсыз эмоциялар тудыратыны күмәнсіз. Əрине, адамдардың бәрі бірдей дінге бас ұрмайды. Бірақ психологиялық-эмоциялық жағынан алғанда тұрақсыз, абстрактылық ойлауға, қиялға, əсірелеуге, елестетуге көбірек бейім адам дінді тезірек қабылдайды.

Діннің функциялары:

  1. әлеуметтік функциясы дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды;
  2. адамгершіліктік функциясы дін жалпы адамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады.
  3. компенсаторлық адам қиындық – дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім жігер, рухани күш береді.

Ақыл мен сенімнің арақатынасы мәселесіне философия тарихында үш көзқарас бар: 1) Сенімді, діни сенімді ақыл-ойдан жоғары қою, оны “Құдайдың жаратылыстан жоғары сәулесі, нағыз ақиқат” деп түсіну; 2) сциентистік көзқарас сенімге негізделген дінді ақылға негізделген ғылымнан төмен қояды жəне діни сенім түбінде жоғалады деп есептейді; 3) “екі ақиқат” сенім мен ақыл-ой қатар өмір сүре алады деп мойындау;

Бірінші көзқарас Орта ғасырлық христиандық және мұсылман философиясында басым болды. Августин, Тертуллиан, Аквинат адамды ақыл адастырады, сондықтан құдайды жəне ол жаратқан дүниені танып-білу үшін сенім жеткілікті деп есептеді. Тертуллиан: “Сенемін, себебі абсурдты”. Сенім мен ақылдың арақатынасын түсіндіруде Аквинаттың ролі ерекше. Ол сенімді жоғары қоя отырып, оны біржақты қолдамай, ақыл мен сенімнің арасындағы ортақ жақтарын да талдауға, олардың таным объектісінің бір екендігіне және таным тәсілдер бірін-бірі толықтыра алатынына назар аударуға ұмтылды. Кейінірек оның ілімін жалғастырушылар неотомизм бағытын қалыптастырды, 1879 жылы папа Лев XIII бұл бағытты христиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын дұрыс түсіндіретін жалғыз философия деп жариялады.

Бірақ қазіргі заманғы томизм антропологиялық сипатта, құдайды ғана емес, адамды да құндылық деп таниды, “адамның өмір сүруі”, “экзистенция” ұғымдарын енгізді. Екінші көзқарас Қайта Өркендеу, Жаңа Дəуір кезеңдеріндегі ғылыми-техникалық революциядан бастау алып, 20-ғасырда, әсіресе кеңестік қоғамда ерекше дамыды. Бұл құбылыс діни сенімнің төмендетілуіне, дінге сенушілердің қудалануына әкелді. Үшінші көзқарас Жаңа Дəуір ғылымының өкілі Ф. Бэконның еңбектерінде кездеседі. Менің ойымша, осы “екі ақиқат” принципін құптауға болады. Қазіргі заманғы қоғам осы ұстаным бойынша өмір сүріп отыр десек, қателеспейміз. Ақыл мен сенімнің, ғылым мен діннің Гармониясынан, бір-біріне түсіністікпен қарауынан қоғам ұтпаса, ұтылмайды. Жеке адам деңгейінен қарастырсақ, құдайға соқыр сеніп, діни салт дәстүрлерді орындап, сол арқылы өзін діндар адам ретінде көрсетіп, мақтану, ал күнделікті өмірде зұлымдық жасау, өзіңнен басқаны ойламау, яғни сенімді ақылмен ұштастырмау мүлдем қате.

Діни сенім бостандығы адамның негізгі және ажырамас құқықтарының бірі. Біздің қоғамымыз ұзақ жылдардан кейін осы түсінікке келді. Қазақстан Республикасы Конституциясының “Адам және азамат” деп аталатын екінші бөлімінің 19 бабының бірінші тармағы және 22 бабының бірінші және екінші тармақтары Қазақстанның әрбір азаматы діни бостандыққа құқылы екендігін заң түрінде бекітеді. Сонымен қатар, әрбір адам басқа дінді ұстанған адамға да, құдайға сенбейтін адамға да түсіністікпен, шыдамдылықпен қарауы тиіс. Сонда ғана адамдардың арасында достық, сыйластық, ынтымақтастық қалыптасып, қоғамдағы тұрақтылық сақталады.

Бүгінгі діндер қалыптасып, олар әлеуметтік идеологиялық санаға айналғанға дейін адамдар әртүрлі сенім-нанымдарға тәуелді болған. Олардың шығуына дамып өріс алуына алғашқы адамдардың табиғаттың таңғажайып сырларын, ондағы қымқиғаш құбылыстардың қандай күштер арқылы болып жатқанын түсініп, оны пайымдап, аспанда найзағайдың ойнауы, қаптап қара бұлт шығып, селдетіп жаңбыр жаууы, өзен көлдер жағасынан шығып тасуы, дамылсыз соққан дауылдар, зілзала болып жердің сілкінуі, от шашқан жанар таулар, алапат апаттар осының бәрі қоршаған ортадан, табиғаттан тыс тұрған құдіретті күштердің бар екеніне адамдардың сенім-нанымын туғызды. Осы сенімдер негізінде әр түрлі дін, діни ұғым, түсінік, уағыздар пайда болды.

Ислам діні қазақ қоғамына қылыштың жүзімен таралмады. Өйткені мұсылмандар белгілі бір елді басып алу үшін емес, қараңғылық түнегінде мүлгіген бүкіл әлемге жарық сәулесін түсірген Ислам нұрына бөленуге шақырып, Жаратушы мен пенделердің арасында дәнекер болу мақсатында жорыққа шыққан. Исламның таралуының мақсатын дұрыс түсінген Қазақ жеріндегі түркі әлеміне жататын мемлекет басшылары мемлекеттік дінге айналдыра бастады. Түркілер ислам дінінің пайда болуынан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын әлемдік тарихи процестің белсенді субъектісіне айналды. Ашина державасы көршілес жатқан мемлекеттерді өзімен қуатты мемлекет ретінде санасуға мәжбүр етті.Осы уақыттардан бастап түркілер Еуразия даласындағы барлық тарихи оқиғалардың бел ортасында жүріп, өркениеттік дамудың бағыт-бағдарын айқындауға пәрменді ықпал етті [1, 223 б.].

Түркі тапаларын исламдандыру бірнеше ғасырларға созылды. Бұл ретте Талас маңында арабтардың 751 жылы қарақытайлармен болған шешуші шайқасы үлкен рөл атқарды. Талас шақасы туралы атақты француз тарихшысы, шығыстанушы Рене Грэссэ: «Қытайша Кьюпише аталған Ташкенттің түркі билеушісі немесе түдүні қытайларға талай рет бас иді (743, 747, 749 жылдары аралығында). Бірақ сол уақыттағы Кучидің губернаторы немесе империялық комиссары Као Сьенчэ оны Қытайға барар жолдарды қорғаудағы өз миссияңды дұрыс орындамадың деп жазғырады. Као Сьенчэ Ташкентке барып, түннің басын алып, балығын иеленді.Бұл осы батыс бөлігіндегі көтерілістерге түрткі болады. Басы алынған түннің ұлы Тарбағатайды және Балқаш көлінің шығыс жағалауынан Ертіске дейінгі Ұрынғаны мекендейтін түркі-қарлұқтардан, сондай-ақ Соғдыдағы араб гарнизонынан қолдау сұрайды. Араб генералы Зиад ибн Салих оңтүстіктен, қарлұқтар солтүстіктен келеді. 751 жылдың шілдесінде Као Сьенчэ Талас өзенінің бойында талқандалады. Бартольдтың айтқанындай, бұл тарихи жеңіс Орталық Азияның тағдырын шешті. Барлық оқиғалардың осыған әкеле жатқанында болып көрінгенімен, Қытай ықпалында қалудың орнына Орталық Азия мұсылмандыққа бет бұрды» [2, 148 б.].

909 ж. Еділ бойы Бұлғарларына да ислам тарала бастады. Осы елдің билеушісі Ильтебер Алмыш исламды мемлекеттік дін деп жариялады да, 920 ж. аббасид халифіне діндар адамдар мен сәулетшілерді жіберу туралы өтінді. Муктадир Халифі өтінішті қанағаттандырып, 920-922 жж.аралығында керуен жібереді. Ол керуен 922 ж. мамыр айында Еділ бойы Бұлғарларына келіп жетеді. Осы оқиғалардан соң, Еділ бойы Бұлғарлары Шығыс Европадағы түркі ислам мәдениетінің өзінше бекітілген пункті, апорпосты қызметін атқарады [3, 59 б.].

Бұл туралы Шығыс елдеріне саяхат жасаған Гильом де Рубрук ХІІ ғ. ортасында Еділ бойынан өтіп бара жатып, бұлғарлар туралы: «Бұл жерлерге Мұхаммедтің заңдарын қай хайуан жеткізгендігіне таң қалдым?» – деуінен үлкен мән табуға болады [4, 245б.].

Түркілердің исламды қабылдауындағы бұқаралық сипат 1043 жылдың күзіне жатқызылады, осы кезде 10 000 шатыр иелері 20000 малды құрбан айт мерекесіне орай құрбандыққа шалып, исламды қабылдады. Бұл түркілердің жазғы жайлаулары Еділ бойында жиылса, қыстаулары Баласағұнда болатын. Осылайша Каспий маңы жерлері мен Еділ бойын мекен еткен, қыпшақ және т.б. тайпалардан тұратын түркі тайпалары, өзіндік мұсылмандық түркі мәдениетінің орталықтарына айналады [3, 59 б.].

Исламдандырудың басты кезеңі ретінде елімізді Қарахан әулеті (Х-ХІ ғғ.) мен моғолдар (ХІV-ХV ғғ.) кезеңі аталып өтіледі. Себебі Ислам діні осы уақыттар аралығында мемлекеттік дін болып жарияланған.

Караханидтік билеушілерінен бірінші болып мұсылмандықты қабылдаған СатукБогра хан болды. Ол өзіне 955-956 жж. Мұсылмандық есім Абу ал-Керімді иемденді. Оның ұлы Мұса 960 ж. исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. Назкен Бакина өз зерттеуінде: «Қараханид түркілерінің исламдануы миссионерлердің белгілі бір күштеуімен емес, бірыңғай мемлекеттік діннің ықпалы негізіндегі экономикалық және саяси пайда күшімен ағым - далды» – деп атап өтеді [3, 60 б.].

Қараханидтер өздерінің көршілес тайпаларына жерді қолдануға берген кезде бір ғана талап қойған. Исламды қабылдаған кезде ғана көршілер жерге уақытша иелік ете алған. Қараханидтердің саяси және әскери жеңістері Орталық Азия территориясына исламның таралып қана қоймай, оның осы жердегі халықтың бұқаралық идеологиясы ретінде ресми статусқа ие болуына жақсы жағдай жасады.

Академик Ғарифолла Есім, «Ұлттық идея – ел санасы» атты мақаласында: «Ұлттық идеяның үшінші тұғыры – интеллектуалды жасампаз қоғам туралы сөз қозғай отырып, діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде, әр қоғамда әрқилы болып келген. Сондықтан діннің не екендігін, оның қысқаша тарихын танып, білу – әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік», – деп атап көрсеткен болатын [5].

Абайдың қара сөздерінің түпкі желісінде Яссауи мен ғұлама Диуанидің шығармалары жатыр. Қазақстанда Ислам философиясының қалып тасуы мен дамуына түркі сопылығының ұлы өкілі Қожа Ахмет Яссауидің рухани қызметі үлкен әсер етті. Оған дейін түркі тілінде нақылдық, дидактикалық және этикалық жүйелердің арнасын салған Баласағұн мен Иүгнеки бар. Яссауидің философиялық және әлеуметтік ойды дамытудағы Яссауидің айрықша «дәрежесі» мен дүниетанымының ерекшелігі, біздіңше, қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымының топырағына құдалық таным мен сопылық исламдық тұжырымдамасын әкелуі дер едік.

Абайды атаған кезде ұлы ағартушы педагог ғұлама Ыбырай Алтынсаринды ата-мау мүмкін емес. 19 ғасырда өмір сүрген ғұламалардың қоғамдық негіздегі саяси бағыты бойынша Қазақстан Ресейге қосылып құқықтық заңдар шығарылып, әлеуметтік қалыптасқан таптық принципті әртүрлі реформалармен тұншықтырып отырған кез. Соған қарамастан екі ғұлама өз еңбектерін ұрпағына аманат ете отыра бір Аллаға ғана сиынатынын ашық айтып отырған. Сонда ислам дінінің бес парызының бірі имандылық олардың жүрегінде берік сақталған. Аласапыран уақытқа қарамастан Ыбырай оқу білімге шақырған “Қазақ балаларының хрестоматиясы” Бір Аллаға сиынып деп бастауының астында үлкен мән жатқанын көрсетеді.

Қазақ мәдениетінің белді қайраткерлердің еңбектеріндегі білім, ар-ұят, имандылық, сауаттылық, төзімділік, не нәрсегеде сабыр таныту ол қазақ ұлтына тән басты құндылық болып табылады.

Тіпті адам баласының өмірі басты құндылық ретінде қарастыратын болсақ, сол өмірді бізге сыйлайтын бірінші Алла, екінші Ана. Ананың құрсағындағы бала жынысы тек бір Аллаға ғана аян, және де тоғыз ай тоғыз күн толған соң сәбиді бір Алланың тылсым күшімен өмірге келуінің өзі таңғажайып құбылыс емес пе? Қазіргі технологияның дамуына байланысты ультрадыбысты зерттеулер баланын күнін, айын дүниеге келетін уақытын мен жынысын белгілегенмен ол мүлдем сәйкес келмеуі мүмкін, дәл осындай құбылыс сәбидің жынысына да байланысты.Міне керемет бір Алланың құдіреттілігін өмір құндылығынан да көруге болады. Бір адамға ана болу бақытын берсе, енді біреуіне оның бір күнәлары үшін бермейді, бұлда тылсым күш емей немене? Исламдағы басқа да басты құндылықтарының бірі – өмір болып табылады. Исламда өмір Алланың, кез-келген тіршілік иесіне берілген сый атаулысының ең ұлы, ең бағалысы ретінде қабылданады. Өмір сыйлау және одан айыру – тек қана Құдайдың иелігінде.Мұсылман өз кезегінде өмірдің Құдайдың сыйы екенін мойындайды, мұсылман үшін бүгінгі дәуренді сүру қасиетті міндет болып саналады. Исламда өз-өзіне қол жұмсау секілді басқа адамның өмірін қию да ауыр күнә. Өз-өзін өлтіргендер ішінде ақыл-есі ауысқан адамдардың күнәсі ғана кешіріледі.

Исламда жүректің таза болуы үшін арылатын исламдық емес құндылықтарды да атап өткен жөн. Олар: қызғаныш – Алла тағаланың басқа жанға нәсіп еткен нығметінің жоқ болуын тілеуі.Ызақорлық – дұшпандық, кекшілдік және өшпенділік сезімдерінің жетегінде кету. Бұл қасиет, сонымен қатар қызғаныш пен өкпешілдік те тудырады. Тәкәппарлық – Адамның өзін басқалардан үстем көруінен туындатын менменшілдік қасиеті. Өз-өзіне тәнті болу

  • Адам өзін ілім және амал дары бойынша кемелденген жан деп есептеуінен туындатын менменшіл қасиет. Сараңдық – Малмүлікке болған құштарлық салдарынан басқалармен бөлісу немесе көмектесу сезімінен жұрдай болуы.Екіжүзділік – Жақсы қасиеттерімен адамдарға жақсы көрінуге талпынудан туындатын теріс қасиет. Атақ және даңқ құмарлық; Хаққа апаратын жолда аяққа тұсау болатын жаман қасиет. Әрине, Алла тағала өз дінінің кемелденуі үшін атақ пен даңққа бөлеген жандардың жөні басқа. Мақтан құмарлық – ата-бабасымен, тегімен мақтану. Бұл тиым салынған жаман қасиет болып табылады. Өкпешілдік – тұла бойынша ашу-ыза мен өкпе кернеген адамның жағымсыз қасиеті. Ғайбат – Басқа бір мұсылман бауырыңды естіген сәтте ренжитін бойындағы кейбір міндерін артынан айту. Мұсылман бауырыңның дене бітімі, сөздері, іс-әрекеттері, ғибадаттары, күнделікті өмірі, киім-киіс жүріс-тұрысы туралы артынан жағымсыз сөз сөйлеу ғайбат болып табылады. Іріткі салушылық
  • Адамдар арасында іріткі салу мақсатымен сөз тасу.Өтірік – Бір нәрсені болған күйінен басқаша етіп жеткізу. Бұл ең жиренішті күнәлардың бірі болып табылады. Көп сөйлеу – Бұл да жағымсыз қасиеттердің бірі болып саналады. Себебі күнәларды паш ету, өсек айту секілді көптеген харам немесе мәкрүхтердің жасалуына себепші болатын теріс қасиет. Бұлардан басқа теріс, жаман қасиеттер мыналар болып табылады: бұзылған наным-сенім, күнә істеу, тәубе етуді қою, парыз және сүннеттердің не екенін білмеушілік, үйренуге талпынбау, алдап-арбау, басқаға тұзақ құру, опасыздық жасау, қанағатсыздық, ашкөздік, харам нәрселерге қызығып арбалу, бос және бәтуәсіз нәрселерге құлақ түру, жамандық орын алғанда қол қусырып қарап отыру, қарғап-сілеу, зина жасады деп жала жабу, ұрысу және жанжалдасу, жалған ант ету және өтірік куә болу, сайқы-мазақ ету, адамдарды менсінбеушілік, кек сақтау, айтысып-тартысу, адамдарға зиян келтіру, кекшіл болу, зұлымдық жасау, ысырап жасау, жөн-жосықсыз қалжың айту, аса сәндену және жайбарақат жайлылыққа бой алдыру, арамдығы айдай анық күнәларға құмарлық, көп жасау және көп табыс табуға деген құмарлық, ұятсыздық, қорқақтық;

Негізінде Ислам дінін бүгінгі таңда, келер ғасырларда да қоғам тынысынан оқшау қалдыруға болмайды. Өйткені оның негізі адамзат өмірінің материалдық және рухани қырын жан-жақты әрі кеңінен қамтиды. Нақты атқанда қоғамдық өмірдің барлық саласына бағытталған. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің актылық дәрісінде: «Біздің ата-бабаларымыз қазіргі Қазақстанның дархан даласын, өмірді тану мен сезінудің ерекше рухын қорғап бізге мұрагерлікке табыс етті. Ол рух еркін сүйгіштік рухы, тарихтың дүрбелең кезеңінде де өз күшін жоймады, себебі аға буын өкілдері өз бастарына қиын күн туған сәттерінде де бұл рухты сақтай білді» деген дана сөздері алға үлкен міндеттер жүктеді [6, 6 б.].

Дін – бірігудің пәрменді факторы, яғни интеграцияны жүзеге асырудың оңтайлы жолы болып табылады. Халықтың діннен алатын ортақ негізі мен ортақ құндылығы біріктіруші бастау болғанда интеграциялық үрдістер іске асатындығы исламның қазақ даласындағы таралуы мен қалыптасуының мәдени, рухани және тарихи ерекшелігімен тұжырымдалды.

Макс Вебердің пайымдауы бойынша құндылық дегеніміз өз өміріміздегі тұрақты назарда тұратын күнделікті бағыт. Кант категориясы бойынша «кеңістік» пен «уақыт» ұғымдары секілді Вебер құндылық адамның «хаосты» (игерілмеген кеңістік пен ұйымдас тырылмаған уақытты) «ғарышқа» (өзара байланысқан әрі ұйымдастырылған кеңістік пен уақытқа) айналдыруы десе [7, 325 б.].

Б.В. Вышеславцев, құндылықты біржақты түсінетін императив емес, ол тек қана маңыздан нақтылыққа өтетін статус деп көрсеткен [8].

Біздің түсінігімізде кезкелген қоғамдағы жалпы құндылық атауының туындауына генератор болатын алтын діңгек – сол ортада берік бекіген іргелі құндылық болып табылады.Іргелі құндылықтар дүниеге келген өркениет аясындағы тұрмыстық мәдени нормаларды және өздерінің рухани шеңберінде құрылымдық элементтерін нақтылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Затов Қ.А., Нұрғалиев Қ.Т. Ислам өркениетінің Орталық Азия мен Қазақстан аймағында таралуы. Халықаралық конференция материалдары. – Алматы: Атамұра, 2009. – 223 б.
  2. Грэссе Р. Империя степей. – Алматы, 2006. – 304б.
  3. Бакина Н.С. История культуры тюрков. Алматы: Үш қиян, 2006. – 180 б.
  4. Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Гильом де Рубрука. – Алматы, 1993. – 245 б.
  5. Есім, Ғарифолла. Адамзат. Философиялық эсселер мен новеллалар, зерттеулер. – Астана, 2002. – 55б.
  6. Назарбаев Н.Ә. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзі. Әлемдік және дәстүрлі діндер Лидерлері мен құрметті қонақтарының екінші съезінде сөйлеген сөздер жинағы. – Астана: Өнер, 2006. – 4б.
  7. Вебер М. Избранные произведения. – М, 1990. – 42 б.
  8. Вышеславцев Б.П.Этика преображенного Эроса. Проблемы закона и благодати. – М., 1994. – 99 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.