Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сайлау процесі кезінде құқықтық электоратты мәдениетті қалыптастыру проблемалары және оны шешу жолдары

Қазіргі Қазақстан қоғамының саяси трансформациялану жағдайында азаматтардың электоратты жүріс—тұрысы қоғамдық өмірді тұрақтандыруың маңызды факторларының бірі болып табылады. Бірнеше сайлау циклдары кезінде электоратты жүрістұрыстың модельдері өзгеріске ұшырағаны байқалады. Бұл өзгерістің себептерін анықтау, оның жағымды және қарама-қайшы жақтарын шығару үшін ғалымдардың бұны кешенді зертеуін талап етеді. Электоратты зерттеудің құндылығы болып сайлаудың нәтижесі бұл – мемлекетте болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, демографиялық процесстердің көрінісі, мемлекеттің жүргізген саясатына халықтың жауап ретіндегі реакциясы. Сайлау азаматтар үшін саяси шешім қабылдауда үлкен мүмкіншілік береді. Сондықтан электоратты зерттеу барлық саяси процестердің субъектілері үшін қызығушылық танытады. Биліктің өкілді органдарының сайлау пропорционалды жүйесіне көшу саяси процесте партияның рөлін арттырады және олардың сайлаушылардың даусы үшін күресінде мүмкіншілігін кеңейтеді. Бұл жағдай сайлау науқанын тиімді жоспалау және ұйымдастыруын, сайлауалды бағдарламаларын жасау үшін қазақстандықтардың электоратты жүрістұрысының даму тенденциясын және заңдылықтарын зерттеуге маңызды екенін көрсетеді. Электоратты зерттеудің нәтижелері тек саяси күштердің мүддесі үшін ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін құнды ақпараттық-аналитикалық ресурс болып табылады. Зерттеудің нәтижесі сайлау процесі кезінде электоратты мәдениетті қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Қазақстанда маңызды әлеуметтік саяси міндеттерінің бірі болып азаматтық қоғамды қалыптастыру. Бұл үдеріс бір жағынан мемлекеттің қазіргі құқықтық жүйесін қалыптастырумен тығыз байланысты, яғни азаматтық қоғамның негізгі құқықтық қызметі ретінде заңнамалардың демократиялық жаңаруы, екінші жағынан азаматтардың, қоғамның, мемлекеттік органдардың өкілдерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру; мемлекеттің адам мен қоғамдық бірлестіктерінің азаматтық қоғамдық өзара қатынастарының тәжірибесін жасау.

Оған қарамастан, ортақ мәселе етіп, қатысушылардың құқықтық білімін кеңейту және тереңдету болып табылады, алайда бірінші кезекте, құқықтық жүріс-тұрысты және берік құқықтық дәстүрді жасау.

Азаматтардың, соның ішінде жастар сайлауға қатысу мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып келеді, өйткені бұл адамдар категориясы халықтың ең белсенді әлеуметтік бөлігі болып табылады. Олар қоғам дамуының деңгейін көрсетеді және болашақтың көрінісін қалыптастырады, сондықтан да жастардың сайлау процесіне қатысу мәселесі өте маңызды. Алайда, олар сайлауға баруға дайын ба? Сол шешімді қабылдауға өздерінің орнын қаншалықты меңгерген?

Қазіргі заманда «жастар» деген түсінікті жастық ерекшеліктер және сонымен байланысты қызмет түрлерінің негізінде пайда болатын топтасқан көпшіліктің жалпылама жиынтығы ретінде айқындайдыҚысқаша айтқанда, жастар – жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшелiктерi, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық топ. Әлемде БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 15пен 24 жас аралығындағы жас азаматтар 1,3 миллиард шамасында. ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% (4 510 435 адам) құрайды және өте маңызды болып табылады, тіпті оларды қоғамдағы ең шешуші буын деп айтуға болады [1].

Құқықтық сауатты азаматтар, соның ішінде жас ұрпақ мемлекеттің кешенді дамуы үшiн стратегиялық ресурс болып табылады. 2004 жылғы Украинадағы, 2010 жылғы Қырғызстандағы, 2011 жылғы Солтүстік Африка мемлекеттеріндегі, сондайақ Ресейдегі соңғы Парламенттік сайлаудан кейінгі орын алған оқиғалар жастардың қоғамдағы теріс әрекеттерді өткір әрі тез қабылдайтынын, жастармен жасалатын жұмыстардағы жіберілген қателіктер қолайсыз салдарға әкеп соқтыратындығын дәлелдеді.

Бәріне белгілі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы ұлттық және жергілікті деңгейде азаматтардың саяси белсенділігіне байланысты. Бірақ өкінішке орай, біздің мемлекетте басқа демократиялық қоғамдарға қарағанда артта қалып отыр. Әсіресе, жас ұрпақтың азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениеттің төмен деңгейі көрініс табады.

Аталған мәселенің бір аспектісі ретінде мектеп түлектерінің мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлауға деген қатынасы.

Сайлау – құқықтық мемлекеттің демократиялық белгісі болып табылады. Сайлау арқылы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қалыптасады. Сол арқылы адамның болашағына әсер етеді, алайда жастардың бұны түсінуі екі талай.

Жоғарыда аталған негіздерді қарай келе, келесідей мәселелер шығады:

Жастардың сайлау белсенділігінің төмен болу себебі қандай деген сұрақ туындайды. Бұл проблеманың шешімінен зерттеудің мақсаты пайда болады.

Зерттеудің міндеттері:

  • Сайлау құқығы мен сайлау процесінің мәні мен мазмұнын ашу;
  • Жастардың сайлау процесінің қатысушысы ретінде мінездеме беру;
  • Білім жүйесінде сайлау құқығының ролі мен орнын анықтау;
  • Жастардың сайлау белсенділігінің жоғарлату бойынша ұсыныстар жасау.

Бұл қойылған міндеттерді шешу үшін келесі әдістерді пайдалануға болады.

  • Ғылыми әдебиеттерді талдау;
  • Әлеуметтік сауалнамаға талдау жасау.

Адамдардың құқықтарының қалыптасу мен дамуы өркениет түрін сипаттайды, өйткені адам мен мемлекеттің қатынасы өркениеттің негізгі белгісін белгілейді.

Адам құқығы – мемлекетпен қорғалған және қамтамасыз етілген және адамның заңдастырылған адамның мүмкіншілігі заңға сәйкес, талаптарды ғана орындайды.

Жастар – сайлау құқығының белсенді қатысушылары болып табыладыҚұқықтық мемлекеттің қалыптасу кезеңінде азаматтық құқықтық мәдениет мәселелері негізгі мәнге айнала бастайды, әсіресе жас ұрпақтар арасында. Белгілі бір себептерден олардың мемлекеттің саяси құрылымы және сайлау заңнамасы саласында білімдері жеткіліксіз болады. Сондықтан да жастардың арасында сайлау белсенділігі төмен болады.

Кәмелетке толу – ол азаматтың мемлекеттік іске араласу құқығына ие болатын жастық кезең, яғни ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес, Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.

Cайлау процедураларын білу, әр түрлі кандидаттардың, сайлау бірлестіктерінің алдын-ала сайлау бағдарламаларын талдай білу, өзінің сайлау құқығын қорғай білу – осының барлығын жас сайлаушы білу қажет.

Жастардың жағымсыз электоратты жүріс-тұрыс модельдерін келесідей қарастыруға болады:

Бірінші модель – «сайлауға бармаймын, өйткені ешкімге сенбеймін».

Екінші модель – «сайлауға бармаймын, өйткені менің дауысым ештене өзертпейді», яғни жастардың өз күшіне сенбеуі.

Үшінші модель – «сайлауға бармаймын, өйткені ол маған қызықсыз», яғни оларға мемлекеттің саяси өмірі мүлдем қызықтырмауы.

Тағы бір жағымсыз фактор бар, ол жастардың жоғарлату абсентеизмі – бұл сайлауда жастарды әр түрлі айла-амалдармен алдау объектісі ретінде пайдалану. Эмоционалдық байланыс орнату үшін әр түрлі шоуларды пайдаланып, оны дауыс беру актісінде жүзеге асырылуы, сосын ол келесі сайлауға дейін сәтті ұмытылып кетеді.

Шынына келгенде, қазір жастар проблемаларымен аз айналысады. Себебі кандидаттар сайлау лауазымына түскенде, көбінесе үлкен ұрпақ мәселесіне ерекше көңіл бөледі, тек сол тапқа әлеуметтік және экономикалық қолдау көрсетіп, солардың дауыстарына үміттенеді. Тағы бір абсенттік қарсылықтың бірі қоршаған адамдарға және саяси институттарға сенімсіздіктің болуы. Жастардың сенімсіздігі, сайлауға қатысқылары келмеуі – ол «барлығына қарсы дауыс беруі» ретінде қарастыруға болады, бұны олардың өмірге қанағат тұтпауын көрсетеді.

Жастардың абсентеизмі – мемлекет жүргізіп отырған саясатқа қарсы қарсылық белгісі ретінде жиі қолданылатын апаттық құралдарының бірі. Жас сайлаушылар сайлау күні өз таңдауларын жасауға келмейді, өйткені олар «мұнымен ештеңе де шешілмейтіндігіне» сенімді болады. Мұндай көңіл-күй қазақстандық жастардың арасында қаншалықты күшті, бұл кімге ұнайды және құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда өз қарсылықтарын қандай нысанда көрсетуге бейімділігін зерттеу жұмысының осы бөлігінде аталған мәселелерді зерделеуге тырыстық. Әлеуметтік қағидаттарды Д. Креч, Р. Крачфильд, Э. Балачи «объекттің әлеуметтік құрылымдарға қатысты көңіл-күй мен қарсылықты немесе қолдаушылық мінез-құлық тенденцияларының оң немесе теріс бағамдауларының тұрақты жүйесі» ретінде түсіндіреді [9]. Анықтамадан шығатыны қағидат құрамына үш компонент – когнитивті, көңіл-күйлік және мінез – құлықтық кіреді. Өз кезегінде саяси қызметте қағидаттар адамның немесе топтың билікке қатысты позитивті немесе негативті қатынастарын реттеушісі болып табылады [10]. Қағидаттардың когнитивті элементі тұлғаның саясат туралы жалпы білімі мен қызығушылықтарын қарастырады. Бұл элементтің бар болуы тұлғаның партиялар, саясаткерлер, үдерістер туралы хабардар екендігін көрсетеді. Саяси объектіге көңілкүйлік қатынастың (ұнайды-ұнамайды, сенеді-сенбейді, жағымды-жағымсыз) бар болуы саясат туралы сыни көзқарастар туралы аңғартады. Мінез-құлықтық компонент іс-әрекеттерге: дауыс беру, митинг немесе шерулерге қатысу, саяси партияларға мүшелікке өту немесе террористік актілерге, т.б дайындығын көрсетеді [11]. Әлеуметтік қағидаттар және психологиялық тұрғыдан, сауалнамалар нәтижесіне қарар болсақ, жастардың электораттық белсенділігі өте жоғары. 2012 жылғы Парламент сайлауына жастардың шамамен 81% қатысуға ниет білдіріп отыр. Абсентеизм стандартты пропорцияда (5-8%). Саяси партиялардың арасында «Нұр Отан» ХДП біршама 64,7% жастардың қолдауына ие болып отыр [4]. Мемлекет Басшысы мен Үкіметке сенім арту деңгейі тұрақты жоғары. Бұл туралы елімізде жүргізіліп отырған саясатқа берілген оң бағалар куә. Сауалнамада респонденттерден «Сіздердің құқықтарыңыз бен бостандықтарыңыз бұзылған жағдайда сіздер өз қарсылықтарыңызды қандай нысанда көрсетуге дайынсыздар?» деген сұрақ қойылып, жауаптың 14 нұсқасын таңдауға ұсынылған. Алынған нәтижелер өз кезегінде жас ұрпақ арасында билік заңдылығының жоғары деңгейін растады – 30,5%-ы өз проблемаларын жергілікті мемлекеттік органдарға хат жаза отырып, тағы бір 13,2%-ы орталық мемлекеттік органдарға хат жаза отырып, шеше алатындықтарын мәлімдеген. Рейтингте көшбасшылардың төрттен бір бөлігін митингтер мен демонстрацияларға қатысу (11,8%) және халықаралық құқық қорғау ұйымдарына хат жазу мен өтініш білдіру (11,5%) сияқты жауап нұсқаларын көрсеткен [4]. Жастардың өз қарсылықтарын митингтер мен демонстрацияларға қатысу мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарына хат жазу мен өтініш білдіру секілді нысандарда көрсетуге дайындығының біршама жоғарғы көрсеткішке ие болуы сыртқы факторлардан иммунитет ретінде мемлекеттің ролін күшейтетін қадамдарды жастар саясаты қажетсінетіндігін көрсетеді.

Жастардың сайлау үдерісіне қатысу мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып келеді. Оны шешудің негізгі мақсаты – жастарды сайлау үдерісіне тарту бойынша негізгі бағыттарды және жұмыстардың тиімді нысандарын жетілдіру мен жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін келесі міндеттер қойылды:

  • Демократиялық қоғам орнатуға әрекеттесу;
  • ҚР Конституциясы және басқа да заңнама актілерінің түсіндіру бойынша ағартушылық-ақпараттық жұмыстар;
  • Жас сайлаушылардың электоратты мәдениетін жоғарлату;
  • ҚР сайлау заңнамасын дәріптеу;
  • Жас сайлаушыларды олардың конституциялық құқықтары және міндеттерімен таныстыру, құқыққа қызығушылықтарын арттыру;
  • Заңгер болып табылмайтын қарапайым азаматтардың күнделікті өмірде қолданатын құқықтарын тәжірибе жүзінде қамтамасыз ету;
  • Адам құқығы, мемлекеттік құқық және т.б. Конституция, басқа да заңдар негізінде жатқан қағидалар және құндылықтарын түсіндіру;
  • Құқықтық мәдениет тәрбиесі мен тиімді азаматтық позицияны қалыптастыруға әсер ету.

Бұл аталған міндеттер жас сайлаушылардың электоратты мәдениетін арттыру мақсатында анықталған.

Жастардың белсенділігі, оның азаматтық және өмірлік позициялары,оның мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуы – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып табыладыАлайда, сайлау өткізу тәжірибесі көрсеткендей, жасу сайлаушының белсенділігі соңғы кездерді түсіп барады. Үнемі сайлауға 50 жастағы және оданда жоғары жастағы адамдар жиі қатысады. Саяси белсенділік туралы айтқанда оның екі түрі бар: саяси қызметке араласу (саяси партия мүшесі болу, үгіт насихат жүргізу, жеке саяси карьера) және саяси процеске қатысу (сайлауға бару, дауыс беру) [5, 10]. Соңғысы электоратты жүріс тұрыс ретінде белгіленген.

Қазіргі қазақстандық тәжірибеде электоратты жүріс тұрыстың жалпы ұғымы қалыптаспаған. Ресейлік ғалым В.Л. Римский электоратты жүріс-тұрысқа келесі анықтамасын ұсынады: «саяси сайлау өткізу жағдайында бейімделу мақсатында жүзеге асатын азаматтардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі және өзара байланысқан әсерлердің жүйесі» [9, 1].

Көптеген саясаттанушылар және әлеуметтік психология мамандары электоратты жүріс тұрысты талдай келе, жастарды келесі топтарға бөлді:

  • Дәстүрлі үлгідегі (конформист). Саяси белсенділік себептері: ата-ананың үлгісі, әдетке айналдыру, барлықтар сияқты ұмтылу.
  • Қарсыласу үлгісі. Саяси белсенділік себептері: болған жағдайларға қанағат тұтпау, жастық максимализм, өзіне көңіл ауларуға ұмтылу;
  • Рационалды үлгі. Электоратты белсенділік себептері: жағдайды жақсы жаққа өзгертуін қалау, өз жауапкершілігін сезіну.
  • Апатиялық (ешқандай) үлгі. «Белсенді саяси бәсеңдікпен» сипатталады, бәрібір ештен өзгермейтіндікке сену [5, 10].

Жас сайлаушылардың электоратты жатырқауына әсер ететін бірнеше факторлары бар. Ол психологиялық, тарихи, әлеуметтік, экономикалық және т.б. оларды үш негізгі топқа біріктіреді:

  • Құқықтық нигилизм;
  • Билікке сенбеу;
  • Жағымсыз әлеуметтік бейімделу [8, 1].

Құқықтық нигилизм құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тәсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады. Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан оған (құқыққа) толығынан сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығарып мойындамауға дейінгі алапты жайлап жатқан түрлері болады.

Құқықтық нигилизмді (немқұрайдылықты) жеңудің негізгі жолдары – азаматтардың жалпы және құқықтық мәдениетін көтеру, олардың имандылық өнегелік және құқықтық санасын жоғары сапаға жеткізу; заңдарды жетілдіру; құқық бұзушылықтардың алдын алу, сөйтіп барлық қылмыстарды азайту; заңдылық пен құқықтық, мемлекеттік тәртіпті нығайту; тұлғалардың құқықтарды құрметтеуі мен оларды барлық мүмкіндіктерді қолданып қорғауына қол жеткізу; халыққа жаппай құқықтық білім беру және тәрбиелеу ісін біліктілігі жоғары әрі өз ісіне адал, жан аямай берілгендік танытатын тұлғалар категориясынан ғана маман заңгерлерді даярлау, олардың кәсіпқойлығын арттыру; құқықтық реформаны әрі қарай дамыту, сөйтіп ақырғы қорытындыда қоғамды асқынған әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, өнегелік дағдарыстан алып шығу. Зерттеушілер дәлелдегендей, бұл құқықтық нигилизм ата-анадан балаға беріледі.

Келесі топ электоратты белсенділікке кері әсерін беретін – ол билікке сенбеушілікЕгерде құқықтық нигилизм құқыққа қатынасын білдірсе, билікке сенбеушілік ол жекелеген билік құрылымына, нақты лауазымды тұлғаларға және жергілікті басқару органдарына сенбеушілік болып табылады [8, 1]. Бұл сенімсіздік «барлығы қарсы болған» кандидат көп дауыс жинаған кезде шексіз формаға ауысады, оның нәтижесі халықтың сайлауды жалпы елемеушілікке әкеп соғады.

Келесі факторлардың тобы – жағымсыз әлеуметтік бейімделуі. Егерде адам әлеуметтік бейімделуі жағымды болса, онда ол өзінің сәтсіздіктеріне билікті немесе мемлекетті кінәламайды. Әлеуметтік бейімделін тұлғаның әлеуметтенді процесімен тікелей байланысты. Ол адамның өмірлік қызметке қаншалықты дайын екенін, қоршаған ортаға қаншалықты бейімделу қабілеттілігін көрсетеді.

Жоғарыда аталған топтардың пайда болуының негізгі себептері бұл екі үлгідегі моральдардың қақтығысы болып табылады. «Өтпелі кезеңде» тұрған қазіргі Қазақстан қауіпті деп айтуға болады, біріншіден кеңестік кезеңде қалыптасқан моральдық және өнегелік құндылықтарға жаңа «капиталистік» әлемнің құндылықтары қосылды. Бұл қақтығыс жас ұрпақтардың фрустрация жағдайына әкеледі. Рухани байлықты және жоғарғы адамгершілік құндылықтарды материалдық құндылықтарға алмастыру, қоршаған ортаға сенімсіздігі жас адамдардың батыстық мәдениетке еліктеу олардың келешек жүріс-тұрыстарына қатты әсер етеді. Жағымсыз әлеуметтік бейімделу оларға келесі қорытынды жасайды: олардың ата-аналары өмір сүрген нормаларымен өмір сүру мүмкін емес.

Жоғарыда аталған негіздерге сүйене отырып жастардың саяси-құқықтық мәдениетін және олардың электоратты бәсеңдігін алдын алудың кешенді шараларын жасау қажет. Олардың құндылықтарын өсіруді алдап-арбау арқылы емес, ерікті түрде «ашық әңгімелесу» арқылы жүзеге асыру керек. Мысалға, саясаттанушы В.И. Постол, демократияның қалыптасу проблемаларын ойлай келіп, мынандай қорытындыға келді, ол процестің сәттілігі саяси сайлауға және қоғамның қаншалықты ақпараттануына байланысты. Қандай жағдайда бұл елдерде азаматтық қоғам идеясы меңгеріле бастады? «гносеологиялық фунцияны атқаратын PR-дың қоғамдағы ролін тым асыра бағалау қиын. PR міндетіне тұрмыстағы сана мен абстрактілік ғылыми категориялардың арасындағы байланысты қалпына келтіру болып табылады. Грюнг және Ханттың айтуы бойынша PR-дың қазіргі тәжірибесінде төрт модель қызмет етеді: пресс-агенттілік модель, қоғамдық ақпарат моделі, екіжақты асимметрия және екіжақты симметрия модельдері. Бұл жерде PR азаматтарды қоғамдық және саяси өмірге белсенді араласуын үлкен рөл атқарады. PR өзінің коммуникациялық құралымен барлық қоғамдық институттар байланысқан қарым-қатынастар желісін тоқиды. Осы тұжырым шеңберінде азаматтар мен басқа да тұлғалар бір-біріне серіктес бола бастайды, содан бірігу мен қатысушылықты қамтамасыз ететін сенім пайда болады. PR абстрактілі демократиялық идеяны шындыққа қайта қалыптастырады, сонда ғана қоғам ол идеяны түсіне бастап, әрекет ете бастайды.

Келесі сайлау белсенділігін арттыруға үлесін тидіретін институт паблик рилейшнз. Паблик рилейшнз – (ағылшын тілінен аударғанда public relations – қоғаммен қатынас жасау) – мемлекеттің және басқа да ұйымдардың халықпен өзара түсіністікті орнықтыруды қамтамасыз ететін арнайы қызметі. Бұл қызметті соңғы кездерде не қоғамдық пікірді басқару үшін не сайлау науқандары алдында жиі қолданады.

Жастардың құқықтық тәрбиесіне, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, электоратты белсендігін арттыруға бағытталған бағдарламалар жасау мемлекеттік билік тарапынан көп жасалып жатыр. Ұмытпау керек, PR өзінің коммуникациялық мүмкіндіктерімен басқару органдарының жағымды имиджін, оның легитимділігін, сондайақ белсенді жас сайлаушыларды қалыптастыруға әсерін тигізеді.

М. Кошелюк электоратты бәсеңдіктің алдын алу бойынша өз бағдарламасын ұсынған болатын:

  • Сайлау тақырыптарының ақпараттық кеңістігін базалық қанықтыруын құру (нақты кандидаттардың, партиялардың науқандарына бағынышты емес);
  • Алдағы сайлауларға мағынасы бар мәтін ұсыну;
  • Сайлауға қоғамдық пікірлердің көшбасшыларын немесе ықпалы етуші ұйымдарды «резонатор» ретінде белсенді қатыстыруға тарту;
  • Науқанға бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;
  • Сайлау тақырыптарын халықтық талқыға салуды белсендендіру.

Бұл алгоритмнің орталық түйіні болып жоғарыда айтып кеткен PR науқандарының стратегиясы болып табылады. Жай ғана жастарды сайлауға шақыру электоратты мәдениетті арттыруға оңды нәтиже бермейді. Коммуникация екіжақты сипат алу керек. Осындай белгілері бойынша мемлекет органдары мен қоғамның арасында әрекеттің нақты құралдары таңдалып, аталған бағдарламалар мен шараларды жүзеге асырылады.

Сондай жастар арасында қалыптасқан проблемаларды коммуникацияның келесі қағидалармен көрсетуге болады:

Бірінші қағидалар мемлекеттік жастар саясатының басымдылығы. Бұл қағида жастар саясатына ұзақ мерзімді инвестиция салудың кепілі.

Екінші қағида – мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруда жастар арасында әлеуметтік жіктелу процесінің есебін жасау қажеттілігі. Бұл деген мемлекеттік реттеу арқылы әр түрлі қазақстандық жастар өкілдері үшін тең бастамалық мүмкіндіктер құру деген мағынада.

Үшінші қағида – мемлекеттік жастар саясатына бюджеттік немесе бюджеттен тыс қаражаттар бөлу.

Төртінші қағида – жастар саясатын жүзеге асыру және жасаудағы жауапкершіліктерді және қаржыландыру көздерін, белгілі деңгейдегі мемлекеттік органдардың міндеттерін бөлу. Бұл деген жастар саясаты және оның стратегиялық көрінісі республикалық деңгейде жасалу қажет.

Сайлау процесіне жастардың электоратты белсенділігін арттырудың тәсілдері

Жастар электорат ретінде импульсивтілігімен, иланушылықпен, әсерлену шілікпен ерекшеленеді. Көрсетілген психологиялық ерекшеліктерді жастарды мемлекеттің саяси өміріне белсендендіру үшін пайдалануға болады. Әлемдік тәжірибеде электоратқа әсер ету әдістемесі жастардың жүріс-тұрысына тиімді қолданылады. Егерде саясаткер тұлғасы үш позиция (кәсібилік, динамизм, қауіпсіздік) бойынша бағаланса, жастарда өзінің спецификалық әуестіктері болады. Бірінші кезекте, жастар динамизмді, сенімдікті, оптимизмді және кәсіп қойлықты бағалайды.

Сайлау процесіне тартуды мектептен бастау қажет. Осылайша, жастардың қоғамдық өмірге қатысуына дайындығын жүзеге асырады. Бала-бақшаларда сайлау тақырыптарына қатысты суреттер конкурсын өткізуге болады, мектепте тақырыптық ойындар жасауға болады, студенттік қозғалыстар құруға болады, жастар акциясын ұйымдастыруға болады және т.б. Кез келген оқу орны – ол өз көшбасшылары, проблемалары, пікірлері бар мемлекеттің кішірейтілген моделі деп айтуға болады.

Қоғамдық мәселелерді бейбіт жолмен шешуді қолдайтын жастардың электоратты белсенділік деңгейі жоғары болады. Ал күштеуді қолдайтын жастардың электоратты белсенділік деңгейі төмен болады. Осылайша, сайлау әлеуметтік агрессия деңгейін төмендететін механизм де болып табылады. Дауыс беруге қатыспау әр түрлі қақтығыстар мен вандализм актілері болатын әлеуметтік қауырттықтың өсуіне себепші болады. Саяси тәрбиелеудің стратегиялық бағыты өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыра алатын жастар санын көбейту.

Жоғарыда аталған негіздерге сүйене отырып,жастардың саяси белсенділігін жастар мен ата аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру бойынша шаралар жүргізу бойынша аймақтық деңгейде көтеру. Сондай-ақ жастарды бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына қатысуға тарту. Жоғарыда аталғандай жастар ынтасын дамыту үшін мемлекеттік биліктің қолдауы қажет.

Жалпы Қазақстанда мемлекет тарапынан жастардың сайлау белсенділігін жоғарлату бойынша бірнеше шаралар мен бағдарламалар жасалып жатыр. Оған мысал ретінде БҰҰ Даму Бағдарламасының "Электоралдық сауаттылықты арттыру және қазақстандық қоғамының инклюзивтік демократиялық дамуы” жобасын айтуға болады. Жоба БҰҰ Демократия қорынан қаржыландырып, Орталық сайлау комиссиясы мен Павлодар өңірлік басқару мектебімен бірлесіп жүзеге асырылды. Жастардың электоралдық белсенділігін арттыру жобаның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру аясында 2011 жылы жас сайлаушылар үшін аумақтық тренингтер өткізіліп, сайлау мәселелеріне арналған жастар веб-порталы жасалынып, Павлодар облысының жастар мәслихатына пилоттық Интернет сайлауы ұйымдастырылды. Аталған тренингтер Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Ақтау, Өскемен және Павлодар қалаларында 2011 жылдың сәуір-мамыр айларында өтті. Дөңгелек үстелде қатысушылары бірнеше пікірлер мен ұсыныстар жасады, олардың ішінде:

  • Жастардың қоғамдық өмірге және мемлекеттік басқаруға қатысу деңгейін және объективті жағдайын анықтау үшін жастар арасында сауалдамаларды жүйелі түрде жүргізу, сонымен қатар сауалнама сұрақтарын жастар ұйымдарының өкілдерімен бірігіп жасау;
  • Жастардың сайлау процесіне қызығушылықты арттыру тетіктері мен мүмкіндіктерді зерттеу;
  • Мектеп және студенттік өзін өзі басқару институтын сайлау демократиялық процестеріне тарту тетігі ретінде кеңінен пайдалану;
  • Болашақ сайлаушыларды ақпараттық насихаттау жұмыстармен қамту үшін 16 жасқа жеткен азаматтардың алдын ала тізімдерін жасау мәселесін қарастыру;
  • Түрлі жастар жобалары мен ұйымдардың тәжірибесі мен ақпаратпен алмасу мақсатында Республика деңгейінде жастар ақпараттық жүйесін жасау;
  • Жастар бастамалары мен жастар ұйымдарларын мемлекет тарапынан ауқымды қаржыландыру мәселесін көтеру;
  • Жастардың қоғамдық өмірге және мемлекеттік басқаруға деген қызығушылықты арттыру мақсатында саяси партиялар тізімдерінде жас кандидаттар үшін квоталарды енгізу;
  • Барлық деңгейдегі сайлауларда жас кандидаттар үшін белгілі квотаны енгізу мәселесін қарастыру;
  • Жастар саясаты мәселелерін шешуге облыс, қала және аудан мәслихаттар мен Парламентте істейтін жас депуттардың кеңінен тарту
  • Сайлауға қатысты оқыту және ақпараттық насихаттау іс шараларда жастардың жасына қарап түрлі дифференциалды ұстанымдарды пайдалану: мысалы мектеп жасындағы балалар үшін көрнекі құралдарды пайдалану, ақпараттық технология мен рольді ойындарды 15-16 жастан асқан азаматтар үшін пайдалану;
  • Саяси партиялардың шараларында, жергілікті өкілдік органдар сайлауында және учаскелік сайлау комиссияларының құрамында жұмыс істеу үшін қолданатын жас кандидаттар резервін қалыптастыру тетігін қолдау;
  • Басқару қабілеттері бар жас дарынды азаматтарды кадр резервіне енгізуге тырысу және жұмыссыз ауылдағы жастарды кеңінен тартуға ұмытылу;
  • Жастармен жұмыс істейтін ұйымдарға Интернет сайлау арқылы жастар органдарына сайлауды БҰҰ ДБ жасаған www.umitker.kz сайтында жүргізу;
  • «Кадр резерві» жобасына және Қазақстан Республикасы жас депутаттар ассоциациясына Павлодар облыстағы пилоттық сайлауда жеңіске жеткен кандидаттарды жас кандидаттар кадр резервіне енгізу мүмкіндігін қарастыру;
  • БАҚ-да мәслихаттар жұмысын егжей-тегжей көрсету, сонымен қатар, жастарды ынталандыру мақсатында жас депутаттардың сәтті қызметтерін көрсету;
  • Саяси партиялар, жергілікті органдар мен қоғамдық ұйымдарға өз жұмыстарына жас азаматтарды көмекші, бақылаушы ретінде қатыстыру.

Жастар ұйымдары өкілдері, сонымен қатар, электоратты оқыту сайлау алдында ғана емес жүйелі түрде өткізілсін деген ұсыныс білдірді.

Кез келген мемлекеттің басты капиталы білімді жастар. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген даналықты ескерер болсақ, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау, білім мен ғылымға, шығармашылық дамуға, қоғамдық бастамалардың жаршысы болуға деген талпынысын дер кезінде қолдау бүгінде аса маңызды мәселе. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, жас ұрпақты қолдар азаматтар қазақ елінде кем болған емес. Мысалы, жастайынан зиялы қауымның арасында болып, орыс, татар, неміс тілдерін меңгеріп, білім қадірін білген Жәңгір билікке қолы тиген кезден-ақ өз ордасында мектеп ашып, жастарға білім беруді мақсат етеді. Қазан университетінің ректоры Фукс ол туралы «өзінің жас кезінде, хандығында бірде-бір үй тұрғызылмаған кезде, оның білімінің пайдасы жөнінде ойлануы қандай ғанибет» деген пікір айтады. Ы. Алтынсарин мен Құнанбай қажының да мекеп салдырғанын ел біледі. Алаш арыстары да өз қызметтерін халық санасын оятып, өзгемен теңестіретін тек білім екендігін түсіндірумен өтті. Қазір ХХІ ғасыр, адами капиталмен толыққанды қаруланған мемлекеттер ғасыры. Қай елдің болсын ұлттық ерекшелiктерiнiң сақталып, дамытатын, еңселі ертеңімен жалғастырар алтын көпiр – жас ұрпақ. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талаптiлегiне, арман-мұратына байланысты. Бұл маңызды фактіні ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев еш уақытта назардан тыс қалдырған емес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асуда, интеллектуалды мектептер мен зерттеу университеттері қалыптасуда,

БҒМ жанында Жастар ісі жөніндегі Комитет құрылып, жыл санап жастар саясатын қаржыландыру артуда. Бұл шаралар жастар саясатын мемлекеттік қолдаудың бір бөлігі ғана.

Аталған әдістер мен технологиялар жастардың құқықтық нигилизмі және жағымсыз әлеуметтік бейімделу сияқты негізгі жағымсыз факторлармен күресуге себебін тигізеді. Сайлаушылар қатысатын жобалар өткізу әлеуметтік белсенділікті жоғарлатады, коммуникативтілік, жауаптылық, өз өзін жетілдіру, сенімділік, командамен жұмыс жасау сияқты қасиеттерді дамытады, жалпы жағымды әлеуметтік бейімделу болатын жүріс тұрыс моделдерін қалыптастырады. Бұл жас сайлаушылар үшін маңызды. Бұл жұмыстың мақсаты жастардың электораттық белсенділігін жоғарлату болғандықтан біз келесі технологияларды ұсынамыз:

  • Дөңгелек үстелдер өткізу (белсенді қатысу) тәсілдері арқылы жастардың ұғынықты тілде жеткізумен олардың құндылықтарын қалыптастыр;
  • Ақпараттық каналдар құру, сол арқылы жастар арасында құндылықтарды тарату – Интернет сайт құру, оқу орындар және Жас Отан партиясымен бірлесіп тығыз байланыс жасау;
  • Әлеуметтік белсенді және қалыпты заманауи жас ұрпақ тәрбиелеу.
  • Сайлау науқаны алдында жастардың арасында әр түрлі интеллектуалдық ойындар мен олимпиадалар өткізіп отыру.

Қорытындылай келгенде, жастардың сайлау белсенділігін арттыру Қазақстанда дамыған демократиялық қоғам құруда елеулі маңыз атқарады. Азаматтардың сайлау процесіне қатынасы халықтың демократиялық құндылық деңгейін анықтауға көмегін тигізеді. Осылайша мемлекетте бар саяси және демократиялық ахуалдың диагностикасы, оның қалыптасуына ықпал етуге тырысу еліміздің сайлау стандарттарын шынайы сақтауын қамтамасыз етуге үлесін енгізеді. Жастардың құқықтық тәрбиелеу тәжірибесі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, электоратты белсенділікті арттыру проблематикасымен биліктің барлық деңгейлері айналысу қажет. Жоғарыда айтқандай, PR және оның коммуникациялық мүмкіндіктері және диалогқа бағыттылығы басқару органдарының жағымды имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді. Егерде Қазақстанда жастар саясаты басымдылық сипатқа ие болса, онда басқа да әлеуметтік мәселелер шешілуі мүмкін.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. ҚР Статистика агенттігі. // www.stat.kz
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы.
  3. Молодежь России: тенденции, перспективы. – М.: «Молодая гвардия», 1993. – 224 б. Б. 112.
  4. ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті. 2010 жылғы Қазақстан жастары Ұлттық есебі.
  5. Аналитическая записка Социально-демографическое положение молодежи в Республике Казахстан (Подготовлено по заказу Агентства РК по статистике Центром Исследований «САНДЖ») 2008, Б. 30-31
  6. Уровень удовлетворенности потребностей казахстанской молодежи. Социологическое исследование. Корпоративный фонд «Центр анализа и прогнозирования молодежной политики». Астана, 2009.
  7. «Қазақстандық жастардың электоральды әлеуеті», Аналитикалық есеп, Астана, 2010.
  8. Nagel. J.N. Participation. N. Υ., 1976.Ρ. 1-3
  9. Краткий психологический словарь/ Сост. Л.А. Карпенко; Под общ. Ред. А.В. Петровского, М.Г. Ярошевского.// М.: Политиздат, 1985.
  10. Кон И.С. Психология ранней юности.М.«Просвещение», 1989.
  11. Психологический словарь/ Под ред. В.В. Давыдова; А.В. Запорожца, Б.Ф. Ломова и других. Науч исслед. Ин-т общей и педагогич. Психологии. Акад. Пед наук СССР//М.: Педагогика 1983.
  12. Косиченко А.Г. Курганская В.Д., Нысанбаев А.Н., Бегалиев Н.К. Взаимодействие религий в Республике Казахстан. Алматы: Центр гуманитарных исследований, Издательство «Искандер», 2006, 46 б.
  13. Телебаев Г.Т. Ценностные ориентации казахстанцев в религиозной сфере// Глобализация и диалог конфессий в странах Центральной Азии: Материалы международной научно-практической конференции Алматы: Институт Философии и Политологии МОН РК, 2002. – 277 б. Александрова Т.Кошелюк М. Как преодолеть электоральное отчуждение Лаборатория рекламы, маркетинга и PR. 2002. №3.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.