Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім беру жүйесі жағдайында мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерінің тұлғалық дамуына оңтайлы нәтижеге бағытталған мониторинг жүргізу

Психологиялық диагностикалық материалдың ұсынылатын жинағы педагогтың бірнеше жылдық зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Білім жүйесінің нәтижеге бағытталған реформациясы тек парадигманың ауысуына ғана емес, мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілерді жас ерекшеліктеріне орай кезеңдерге бөлуде де өзгерістер енгізіп отыр.

Осыған байланысты балабақшалардағы білім жүйесіне жаңа сапаның талаптары көрсетіледі, атап айтсақ:

  • Мектепке 6 жастан бара бастаған балаларды мектеп өміріне жылдам, әрі жайлы бейімделіп кетуге дайындау.
  • Тәлім-тәрбиені индивидуализациялау, яғни әр балаға жекелей көңіл бөлуді басты назарда ұстау.

Баланың интеллектуалдық және тұлғалық дамуының тенденцияларын анықтауға арналған мониторинг жүйесін құрау қажеттілігі туындады.Бұл орайда педагогпсихологтардың, тәрбиешілердің құзыреттілігі жоғары болуы, өз жұмысында олардың ғылымдағы жетістіктерге сүйенуі абзал. Сонымен қатар айта кететін жайт қазіргі таңда Қазақстан Республикасында балабақшалардағы білім процесінің сапалы мониторингін жүргізуге арналған арнайы әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Сондықтан бүлдіршіндердің даму деңгейін анықтауда көбінесе ресейлік басылымдар көптеп қолданылады. Ұсынылатын сан алуан материалдың ішінен педагог-психологқа осы мәселе бойынша жұмыс істеуге арналған сенімді, лайықты нұсқаларын табу қиындық туғызуда. Іріктеліп алынған жұмыс материалын өз жағдайымызға бейімдеу, сынақтан өткізу мәселесі тағы бар.Оның бәріне уақыт керек, ал тәрбиеленушілердің тұлғалық дамуына мониторнинг жүргізу – заман талабы, яғни «мында және қазір» орысша айтқанда, «здесь и сейчас». Жаңадан қызметке тұрған педагог-психологтар үшін әсіресе көкейтесті мәселе. Осы орайда Өскемен қаласының педагог-психологтарынан құралған «Дошколята» шығармашылық тобының еңбегі зор екенін атап өту маңызды.

Аталмыш топ педагог-психологтардың көп жылғы еңбектері нәтижесінде орыс тіліндегі жинақ жарық көрді. Жинақта балабақша тәрбиеленушілерінің тұлғалық дамуына мониторинг жүргізуге арналған әртүрлі әдістемелер бір жүйеге келтірілген және де вариативті, инвариантты блоктардан құралған. Яғни балабақша мақсаттарына сай мамандар қандай методиканы қолдауды өздері таңдай алады. Осы саладағы қызметін жаңа бастап келе жатқан педагог-психолог үшін,тәрбиешілер мен әдіскерлер үшін таптырмас көмек. Жинақты ана тілімізге аудара отырып қолдану арқылы және де өз ізденістерімнің нәтижесінде жүргізілген бірнеше жылдық зерттеулерімнің нәтижелерін жас мамандарға үлгі нұсқалар ретінде ұсынамын. Үлгінұсқалар әртүрлі жастағы топтарда жұмыс істеуге арналған, негізінен 4-5 және 5-6 жасарлар топтарына тереңірек тоқталдым.

№ 1 Баланың топтағы орны (тест на лидерство) 20 20

оқу жылы «

» тобы

р/с

Баланың аты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

     

*

           

2

                   

3

   

*

             

4

             

*

   

5

                   

№2. 20 -20 оқу жылы « » тобы. Интеллектуалдық даму деңгейін зерттеу. Мақсаты: Балалардың интеллектуалдық даму деңгейінің қысқаша диагностикасы

Талдауы: топта бала. Диагностикаға қатысқаны бала, бағаланбағаны бала. «Не артық?» методикасы бойынша

3 минут, «Пирамида» құрауға 2 минут уақыт берілді. «Жалпы атауларға» арнайы уақыт белгіленген жоқ, білгендер дереу жау-

ап беріп отырды.Соңынан жалпы ұпай саны бойынша қорытынды шығарылды.

Қорытынды: «өте жоғары» -, «жоғары» -, «орташа» -, «төмен»-, «өте төмен» -. №3 20 20 оқу жылы « » тобы.

«Бөлшектен бүтін құрау: Пирамида» Мақсаты: Интеллектуалдық дамуы, оның ішінде логикасының даму деңгейін тексеру. Бөлшектен бүтін құрау, яғни синтез жасай білуі (3 мин.уақыт беріледі).

Қорытынды: топта --бала. Бағаланбағаны бала. Деңгейлері: «жоғары» бала, «орташа» бала, «төмен» бала №4 «НЕ АРТЫҚ?» методикасы Негізінен 4-5 жасарларға арналған.

(Басқа топтарда қолдануға да болады) Балалардың бейнелі-логикалық ойлау процесстерін, анализ және синтез атты ойлау әрекеттерін зерттеуге арналған. Бұл методика бойынша балаларға әртүрлі суреттерден тұратын бірнеше топтама көрсетіледі және төмендегідей нұсқаулар беріледі:

«Мына суреттердің әрқайсысында біреуі артық. Анықтап қарап алып, қайсы артық? Неге артық? Екенін айтып бере аласың ба?»

Ойлануыңа уақыт беремін (3 минут)

Бағалау:

10 ұпай – 1 минутқа жетпей барлығын түсіндіре білсе

8-9 ұпай – 1-1.5 минутта жауап берсе

6-7 ұпай 1.5-2.0 минутта жауап берсе

4-5 ұпай -2,0 2,5 минутта жауап берсе.

2-3 ұпай 2.5-3.0 минут кетірсе

0-1 ұпай берілген уақытта жауап бере алмаса

Даму деңгейі көрсеткіштері: 10 ұпай өте жоғары

8-9 ұпай жоғары 4-7 ұпай орташа 2-3 ұпай — төмен

0-1 ұпай өте төмен

№5 20 20 оқу жылы « » тобы «БАСПАЛДАҚ» методикасы. В. Щур. Мақсаты: Баланың өз өзін жалпы бағалауы және басқалардың бағалауы туралы түсініктерінің ерекшеліктерін анықтау

Қорытынды: «І-нұсқалы д.д.» жауап, «ІІ-нұсқалы д.д.» жауап, «ІІІ-нұсқалы д.д.» - жауап.

№6 20 20 оқу жылы « » тобы.

Ерекше бір нәрсенің суретін сал» методикасы бойынша тест. Мақсаты: Балалардың қиялының даму деңгейін тексеру.

Суреттері төмендегі белгілері бойынша бағаланды:

  1. Ойлау қабілетінің жылдамдығы
  2. Суретінің басқалардан ерекшелігі
  3. Бейнелердің сан алуандығы
  4. Ойланып барып салынды ма?
  5. Бейнелердің әсерлілігі, эмоционалдылығы.

Қысқаша талдау мысалы:

Парасат: 7 ұпай. орташа деңгей. Біраз ойланып барып салды. Бұрыннан таныс нәрсені аздап өзгерткен, жанына өрмекші салған. Бір салған суретін өшіріп қайта салыпты, бұл оның ұқыптылығына әсер еткен. Суреттің детальдары, образы онша өңделмеген, орташа.

Ералы: 8 ұпай. Жоғары деңгей. Суретінің ерекшелігі – көбелектің үлкендігі және өрмекшінің торындағы шыбынды салуы. Осы жәндіктер туралы айтқанда өзі ерекше әсерлене білді. Достарын да қызықтырды.

Нұрбол: 4 ұпай. Төмен деңгей.Таныс нәрсе – жеміс ағаштары. Аз ойланып сала салды. Не салғанын 1-2 сөзбен қысқаша түсіндіре білді.

Қорытынды: Топ балаларының қиялының даму деңгейі көрсеткіштері: «өте жоғары» бала, «жоғары»бала, «орташа» бала, «төмен» бала

Бағаланбаған бала. Олар:

№7 20 -20 оқу жылы « » тобы «Қабылдауы. Даму деңгейі.

«восприятие». Мақсаты: Топ балаларының қабылдауының даму деңгейін тексеру

Қорытынды: бағаланбаған бала.

Деңгей көрсеткіштері: «өте жоғары» -,«жоғары» -, «орташа» -, «төмен» -, «өте төмен»№8 20 20 оқу жылы « » тобы. «10 сөзді есте сақта» / А. Лурияның методикасы бойынша

Қорытынды: Сөздер 2 қайтара тексерілді,салыстырылды

Жоғары деңгей – бала -, орташа жоғары – бала, орташа деңгей – 2 бала, төмен бала. Бағаланбаған бала. Олар:

№9. «Топтастыр» методикасы. Бұл методика баланың ойлау қабілетін диагностикалауға арналған.

Методиканың мақсаты: Баланың бейнелі логикалық ойлау қабілетін бағалау. Бұл тапсырманы орындауға 3 минут беріледі.

Берілген пішіндер топтары:

  1. Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, ромб (суретте қара түспен беріледі)
  2. Көк пішіндер (суретте түзу сызықпен штрихталған),
  3. Сары фигуралар (тор көзделген)
  4. Үлкен, кіші фигуралар

Нәтиже талдау

10 ұпай– егер бала 2 минуттан кем уақытта топтастырса.

8-9 ұпай егер бала тапсырманы 2-

2.5 мин. орындаса.

6-7 ұпай– бала 2.5-3 мин уақыт жұмсаса.

4-5 ұпай– егер бала 3 минутта тек 5-4 фигура ғана топтаса.

2-3 ұпай – егер бала 3 мин 2-3 қана топ құраса.

0-1 ұпай– егер бала 3 мин тек 1 топты ғана жинай алса.

Даму деңгейі туралы қорытынды: 10 ұпай өте жоғары

8-9 ұпай –жоғары 4-7 ұпай – орташа

№10. 20 20 оқу жылы «Болашақ» тобы. «Топтастыр» методикасы

Мақсаты: Балалардың бейнелік логикалық ойлау қабілетін тексеру. Бұл тапсырмаға 3 мин. уақыт берілді.

Бағаланбағаны:

Ұпай мен уақыт қатынасы: 10 ұпай – 2 мин кем, (8-9 ұпай – 2-2.5 мин) (6-7 ұпай

  • 2.5-3 мин ) 4-5 ұпай – 3минутта 4-5 топ

(2-3 ұпай – 3 мин тек 2-3 топ)

0-1 ұпай – 3 мин тек 1 топ

Талдау нәтижесінде топ балаларының бейнелік логикалық ойлау қабілетінің даму деңгейі көрсеткіштері төмендегідей:

«өте жоғары» -, «жоғары» -, «орташа»-, «төмен» -

Осы әдістемеге арналған стимулдық материал:

№11. Балалардың эмоционалдық – тұлғалық дамуының диагностикасы

«КАКТУС» атты графикалық методика

Бұл методика 3 жастан асқан балалармен жұмыс істеуге арналған.

Методика мақсаты:

Баланың эмоционалдық сферасының жағдайын бақылау, агрессия бар ма? оның бағыты, күштілігі қандай? Диагностика өткізерде балаға А-4 қағаз бен қарындаштар беріледі.

Нұсқаулық: Ақ қағазға өз қиялымен кактусті салуды ұсынамыз, ештеңе түсіндірмейміз.

Нәтиже талдау кезінде барлық графикалық әдістерге тән қасиеттері ескеріледі.

Суретінің кеңістікте орналасуы мен көлемі, сызықтарының бағыты мен қарындаштың басылу күші.сонымен қатар, осы әдіске тән спецификалық көрсеткіштері ескеріледі. Олар (с.қ.) төмендегідей: «кактус бейнесінің» сипаттамасы (үй, жабайы, қарапайым, детальдарына дейін егжейтегжейлі); инелерінің сипаттамасы (көлемі, орналасуы, саны. Суретте баланың келесі қасиеттері көрінуі мүмкін. Агрессия –иненің барлығы. Қатты тікірейген, ұзын, бірбіріне жақын орналасқан көп инелер агрессияның жоғары деңгейін білдіреді. Импульсия – үзік сызықтар, қарындаштың қатты басылуы.

Эгоцентризм, көшбасшылыққа ұмтылуы – беттің дәл ортасына салынған үлкен сурет. Өз-өзіне сенімсіздік – беттің төмен жағына салынған кішкентай сурет. Демонстративті, ашық – томпиған өскіндердің болуы,пішінінің ерекшелігі. Қысыңқы, абай – ирек сызық (зигзаг) контур бойында немесе сурет ішінде. Оптимизм – көңілді түстер, «көңілді» кактус. Алаңдаушылық – қою түстерді пайдалануы (түрлі-түсті қарындаш қолданылса),үзік сызықтармен сурет ішінің штрихталуы. Нәзіктік – әшекейленген, нәзік сызықтармен салынған. Экстраверттеліну–жанына басқа да гүлдер мен кактустың салынуы. Интроверттеліну – жалғыз кактус суреті. Отбасылық қорғанысқа ұмтылуы, отбасылық бірліктің көрінісі кактустың ыдыста, үй өсімдігі сияқты салынуы. Отбасылық қорғанысқа ұмтылмайтындығы, жалғыздық сезімінің көрсеткіші жабайы, шөл даланың кактусының салынуы. Сурет салынып біткен соң баланың интерпретациясын нақтылау үшін келесі сұрақтарды қоюға болады: Бұл кактус үйдікі ме?, Жабайы ма?, Қатты пісе ме?, Оны ұстап көруге бола ма?, Кактус өзін күтіп, су құйғанды ұната ма? Кактус жалғыз өсе ме әлде оның көршісі бар ма? Көршісі болса, ол қандай өсімдік? Кактус өскенде оның қай жері өзгереді (инесі, көлемі, өскіндері? Тест қорытындыларын өңдегенде абай болу керек. Баланың сурет салу дағдысы, сәбилік стереотиптермен қатар, кактус бейнесіне басқа бір жағдай әсер етуі мүмкін, мысалы: үйде белгілі формадағы кактустың болуы, жақын арада кактус туралы көрген мультфильмі немесе ертегі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Мониторинг личностного развития воспитанников ДУ в условиях образовательной системы, ориентированной на результат. Өскемен, 2010.
  2. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. - Алматы: Санат, 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.