Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық заңның сипаттамасы және оны криминализациялау және декриминализациялау

Қылмыстық заң дегеніміз Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекетін қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза [2].

Қылмыстық құқықта белгілі дәтағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады Қылмыстық заң өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық құқықтық принциптерді сақтау арқылы ғана жүзеге асыра алады.

Қылмыстық құқықтың жалғыз формальды қайнар көзі – Қылмыстық кодекс болып табылады. Бұл тұжырым Қазақстан Кодексінің 1 бабының 1-ші бөлімінің мазмұнымен сипатталады. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық кодекстен тұрады [1].

Қылмыстық құқықтың материалдық көздері болып, қылмыстық заң қағидалары мен нормалары танылады. Қылмыстық құқық – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондайақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтың жалпы теориясында құқықтың бұл түрі, яғни қылмыстық құқық реттеудің ерікті нысанын алшақтатылған деген көзқарас орын алған. Мұндай пікірлер қылмыстық құқықтық әдебиеттерде де айтылған. Мәселен, А.А. Пионтковский «Қылмыстық заңдар құқық бұзушылыққа деген өздерінің жазалаушылық санкцияларымен құқықтың өзге де іс жүзіндегі шамаларына ерекше күш береді» деп есептеген. В.Г. Смирнов қылмыстық заңдардың шамалары қарым-қатынастарды реттемейді, бірақ қоғамдық тәртіпті қорғайды деген тоқтамға мойын ұсынған. Осы салада еңбек ететін ғалымдар қылмыстық заңдардың жобаларын дайындау, заңдарды жетілдіру саласындағы ғылыми ұсыныстар енгізу арқылы да құқық қолдану органдары жұмысымен тікелей байланыста болады режеде оның өзге де маңызды қағидаларын өз бойына жинақтайды. Олардың қатарында ең алдымен заңдылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі және адамгершілік қағидалары жатыр. Осы көрсетілген қағидалардың әрқайсысының, алда атап өтілгендей, өзіндік ерекше мазмұны бар. Сонымен бірге олардың әрқайсысы әділеттіліктің қылмыстық құқықтағы белгілі бір сапалық сипатын айғақтайды. Қылмыстық заң өзге де заңдардан құқық нормаларының мазмұны мен өзгеріс табады. Ол қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен қағидаларын анықтайды. Қандай қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыстар деп танылатындығын олардың жасалғанына қандай жазалар қарастырылған. Қылмыстық заң, сондай-ақ қылмыстың жауапкершіліктен және жазадан босатудың негіздерін де реттейді [3].

Қылмыстық заңдардың әрі қарай дамуы міндетті түрде мынандай қағидаларды қатаң түрде сақтау арқылы жүргізілуі көрсетілген: заңдылық, заң мен сот алдындағы теңдігі, қылмыстықтың жауапкершілік пен жазадан босатпау, кінәлі жауапкершілік, кесілген қылмыстық жазаның дұрыстығы, қылмыстық мәжбүрлеуді азайту, жәбірленушінің, оның ішінде мемлекеттің өзінің құқығын қорғау, ізгілік.

«Қылмыс» пен «құқық бұзушылық» түсініктерінің қарым-қатынас проблемасына ізгілік қағидасының тікелей қатынасы бар. Себебі ізгілік қағидасы, қылмыстық құқықтағы ең маңызды қағидалардың біріне жатады және заң шығаруда құқықтық қолдану тәжірибесіндегі кең көлемде пайдаланылатын қағида болып табылады [3].

Мұнда, мәселе ең алдымен, тек қоғамға қауіпті әрекеттерді криминализациялау емес, керісінше қылмыстық заңдағы бар әрекеттерді декриминализациялау болып отыр.

Ізгілік жалпы қағидасы, ең алдымен заңды белгілеп арнайы мақсаттарына адам мен азаматтың бостандықтары мен заңды құқықтарын қорғауды ұйымдардың заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысымен аумағының тұтастығын сақтау жатады [4].

Бірінші рет қылмыс жасаған адамдарға жаза қолдану кезіндегі ізгілік қағидасының мәні оның қылмыстық әрекетінің отанға қауіптілік деңгейіне байланысты шартты соттау, үкімді орындау мерзімін созу, қылмыстық жауапкершіліктен толық босату, әкімшілік ықпал ету шараларымен ауыстыру не тәрбиелік сипаттағы ықпал ету жолын белгілеу.

Қылмыстық заңның жалпы ізгілік қағидасының тек алғашқы рет қылмыс жасағандарға ғана емес, басқа да қылмыс жасағандарға жазаның түрлері белгіленген. Себебі адамды жазалаудағы қылмыстық құқықтың мақсаты күшпен қинау не адамгершілік қасиетін қорлау емес, жалпы қоғамдағы қылмыстың болмауының алдын алуға арналған мемлекеттік шараларға жатады. Қылмыстың арнайы субъектісінен жататын кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру мерзімін қысқарту, еңбекпен түзеу жұмысын және басқа да жаза түрлерін шектеу [5].

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жаза, жасалған қылмыстар үшін қолданылады және мынадай мақсаттарға жетуді көздейді: әлеуметтік адалдықты қалпына келтіру; сотталған адамдарды еңбекке адал қарау рухында түзету; заңдарды нақты орындау;жалпылама өмір сүру тәртібін силау; сотталған және басқа адамдармен жаңа қылмыстар жасаудың алдын алу.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру үрдісі 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы шеңберінде де қарастырылған. Тұжырымдамаға сәйкес қылмыстық құқықты одан әрі дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлығын ескере отырып жүргізілуге тиіс. Ізгілендіру ең бастысы, алғаш рет ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары – жүкті және асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, жасы ұлғайған адамдарға қатысты болуға [6, б. 124].

Елімізде құқықтық реформаны жасау Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы үшін қажет екенін айтуымыз керек. Ал құқықтық мемлекетте адам және оның өмірі ең жоғарғы құндылық болып табылады. Сол себепті реформа жасау кезіндегі маңызды принцип қылмыстық жазалау саясатын жұмсарту, сол үшін заңдарды ізгілендіру екені айқын. Адам тағдырына жанашырлықпен қарап, қылмыстық жауапкершілікті ізгілендіру еліміз Тәуелсіздік алға кезден басталған. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтаған емес, әлі күнге жалғасын тауып келеді. Бұған дәлел ретінде 1994 жылы қабылданған құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын, 2002 жылғы құқықтық саясат тұғырнамасын, 2010 жылғы қабылданған 2020 жылға дейінгі құқықтық саясатты дамыту тұғырнамасын айтуға болады. Заңдарды ізгілендіру құқық қорғау органдарының идеологиясын түбегейлі өзгертіп, уақыт талабына сәйкес жұмыстың мүлде басқаша үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Яғни, заңдық базаны халықаралық стандарттар мен нарықтық экономиканың талаптарына сәйкестендіруге баса көңіл бөлінеді. Осылайша, қоғамдағы қылмысты кемітіп, түрмеде отырғандардың саны барынша азайтылады [7, б. 18].

Құқықтық реформаға сәйкес Қылмыстық іс жүргізу кодексіне және басқа заңдарға өзгерістер жасалды. Яғни, азынаулақ ауырлықтағы және орташа қылмыс түрлеріне бұрын бостандығынан айыру қарастырылған болса, оларды енді әкімшілік құқық бұзушылыққа ауыстыру көзделіп отыр. Бұл біраз қылмыс түрлеріне жаза қолданғанда бас бостандығынан айырмауға негіз болады. Шын мәнінде абайсызда аяғын қате басқан адамның бұрын көріп білмеген темір торға қамалуынан асқан қорқыныш жоқ шығар. Ол кенеттен түрменің қатаң да қайырымсыз ережесімен өмір сүруге мәжбүр болады. Негізгі идея бойынша оларды осы мекемелерде заңды сыйлап, тәртіпке бағынуға үйретуге тиісті. Ал шындығында оның мінез құлқы бұзылып, ашынады. Сөйтіп, ол нағыз арам, өзімшіл болып, бұзылғандар қатарына қосылады. Тіпті, бостандыққа шыққан соң заңды бұзбауға бекінсе де, тұтқыннан шыққан адам тиісті құжаттары, қаражаты, жұмысы,баспанасы жоқ қиындықтарға және айналасындағылардың көз алартуына тап болады. Түптеп келгенде олар баукеспе, қаныпезер қылмыскерлердің қатарына қосылады [6, б. 124].

Қылмыстық заңнаманы замана ағымына қарай дамыту мен жетілдіру табиғи үдеріс болып табылады. XX ғасырдың соңындағы планетарлық ауқымдағы өзгерістер құқықтың құрлықтық жүйесіне кіретін елдердің баршасында дерлік ҚК-тердің түбегейлі жаңғыртылуына алып келді. Әсіресе, бұрынғы КСРО-ға кірген мемлекеттерге де осы жолды жүріп өтті. Оның нәтижесі әр алуан әрі қайшылықты да болып шықты. Бір елдің ҚК-нің өзінің ішінде көптеген кереғарлықтар, алуан түрлі идеялардың ықпалына шырмалуы байқалады.

Ч. Беккарианың жақсы да түсінікті заңдар жасауға деген гуманистік ұмтылысы кезінде баршаға түсінікті сияқты қабылданса, біздің пайымдауымызша, бүгін ол қиял (утопия) сияқты әсер етеді. Біз күн өткен сайын оның идеяларын толық жүзеге асырудан алыстап бара жатқандаймыз. Өйткені, заңнамалық нормалардың орасан көптігі, олардың шиеленіс тілігі, әрісәрілігі (эклектикалығы) ол армандағандай қылмыстық кодекстің дүниеге келетініне деген үмітті сөндіреді. Барлық кодекстер, оны ішінде үлгілік кодекстер де кемістіктерге толы. Заманауи әлемдегі тілдердің негізі қызметін ат қарған әмбёбап грамматика (А. Хомски [3] жасаған) сияқты «қылмыстық құқықтың Әімбебап грамматикасын» (Дж. Флетчердің сөзі Б. С.) [4, 9] егер ол мүмкін десек, жасауга және орындауға әлі ерте сияқты [8, б. 16].

Гуманизация үдерістері мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын қамти отырып, кең майданда жүруі керек. Гуманизация саясатын құқықтық қамтамасыз ету тек криминалистік сипаттағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған болмауы қажет. Гуманизация жолымен ілгерілеу барысында қылмыстық құқық біртіндеп қылмыстанымдық негізде реттеуде. Профилактикалық заңнаманың жүзеге асуының ұйымдастырушылық және материалдықтехникалық қамтылуының тиісті деңгейде болуына қол жеткізу керек. Қоғамның алуан түрлі салаларын реттейтін құқықтық нормативтік кесімдерінің тепе теңдікте дамуына назар аудару қажет. Қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізушілік, қылмыстық-

атқарушылық заңнаманың гуманистік бастауларын дамыту азаматтық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, отбасылық, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және басқа да құқық салаларындағы тиісті заңнамалық новеллалармен нығайтылып отырылуы керек. Және осы салалардағы ілгерлеушілік мәндегі жаңалықтар криминалистік заңнамада көрініс табуын назарда ұстау қажет [9, б. 5].

Қолданыстағы қылмыстық заңнаманың ойдағыдай жетілдірілмеу себептерін талдай отырып, ең бастысы ретінде: бүл криминология жөне қылмыстық құқық ғылымдары ұсыныстарының көрінеу ескерілмеуі деп айта аламыз. Қылмыстық құқық теориясы, криминология ғылымы заң шығармашылық үдерісі аясынан тыс қалған. ҚР ҚК бірқатар нормалары мен институттарын заңнамалық реттеудің криминологиялық негізделмеуі байланысты криминологтар-ғалымдар айтқан сыни ескертпелер өте орынды өрі негізді.

Қылмыстық сот ісінің оңтайлы моделі жасалмайынша мемлекеттің қылмыстық саясаты тиімді болмақ емес. Сондықтан қылмыстық-іс жүргізу құқығын дамыту перспективалары туралы айтқанда, Республиканың қолданыстағы Қылмыстықіс жүргізу кодексі негізінен қылмыстық әділет жүйесін қазіргі уақыттағы демократиялық, құқықтық мемлекеттің сипаттарына сәйкес келтіргенін атап өткен жөн. Заң шығарушының басты мақсаты тікелей қолданылатын, заңдардың мәнін, мазмұнын және қолданылуын айқындайтын және әділ сотпен қамтамасыз ететін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы конституциялық нормаларды тануға негізделген қылмыстық іс жүргізу заңын қалыптастыру болатын.

Сол себепті қылмыстық-іс жүргізу құқығын дамытудың басымдығы қылмыстық сот ісінің адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған негізін қалаушы қағидаттарын дәйекті түрде одан әрі іске асыру болып қала бермек.

Бұл үшін қылмыстарды, жылдам әрі толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды тиісінше қолдану мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасын және жеделіздестіру қызметі туралы заңнаманы тиімді қолдануды көздейтін оңтайлы құқықтық тетіктерді әзірлеу талап етіледі [5].

Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңмен белгіленген тәртібі негізсіз айыптау мен соттаудан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеулерден мүлтіксіз қорғауды қамтамасыз етуге, кінәсіз адамды заңсыз айыптаған немесе соттаған жағдайда оны тез арада және толығымен оңалтуға, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібінің нығаюына, қылмыстың алдын алуға, құқыққа құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етуге тиіс.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырған кезде заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақталуы маңызды міндет болып табылады. Бұл ретте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін жүйені күшейту, адамның жеке өміріне қол сұқпауды, жедел іздестіру қызметінің құралдары мен әдістерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауаптылықты қамтамасыз ету қажет. Қазіргі сәтте қылмыстану ғылымының қылмыстық құқықтық анықтамалардың аясының тарлығы, олардың әсіре формальдылығы әрі әлеуметтік болмыстан ажырағандығы күн өткен саңын айқындала түсуде. Сондықтан, ҚК-ті жетілдіру классикалық және заманауи идеялардың синтезіне негізделуі тиіс. Басқаша айтсақ, Ч. Бек картаның классикалық гуманистік идеясы ғылыми негізделген қылмыстанымдық мазмұнмен толықтырылуы тиіс [6, б. 124].

Н. Лопашенко: «Қылмыстық заңның тиімділігі ең қарапайым тұрғыдан келгенде қылмыстылықпен күрес ісіндегі нәтижелілігінде. Қылмыстық заңның тиімділігі міндетті үш компоненттен тұрады:

  1. қылмыстық-қүқықтық норманың қылмыстанымдық және саяси негізділігінен;
  2. қылмыстық-қүқықтық норманың сапалы пішінделгенінен;
  3. оны қолдану қабілетінен тәжірибеде іске асырудан. Сонымен Н. Лопашенко былай деп жазады: «Қылмыстық заңның тиімділігін қандай да бір құндылықтарды (адамды, қоғамды, мемлекетті) қорғау міндетімен байланыстыруға болмайды. Ондай міндет қоятын заң – қиялшыл (утопиялық). Ол міндет ешқашан шешілмейді.

Қылмыстық заңның алдында тұруға тиісті міндет қылмыстардың алдын алу. Бірақ, бәрін емес, бүл да тағы бір қиял мен жалған үміт. Сөз қылмыстық ядроның сыртына өсетін қылмыстардың неғұрлым көп санының алдын алу туралы болуы тиіс. Басында көрсетілген, қылмыстық заңның тиімділігін құрайтын нәрсенің бәрі, аттары сақтап, мазмұны мен бағытталғандығы бойынша өзгеруі тиіс.

Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесімен нәтижелі айналысып жүрген ресейлік ғалымның осы бір түйінді ойлары біздің елдің қылмыстық саясаты мен қылмыстық заңнамасының қазіргі жағдайын жетілдіруге де қатысты деп санаймыз. Жаңа құқықтық реформа осы мәселелерді ескере отырып жүргізіледі деп үміттенеміз [2].

Ізгілендірудің айқын көріністерінің бірі – кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасының тағайындалмай тындығы, сондай-ақ, қылмыстық жаза ретінде “қамаудың” алынып тасталуы.

Демек, қылмыстық әрекеттің қылмыстық құқыққа қарсылығы криминализация және декриминализация процестерімен (процедурасымен) тікелей байланысты.

Криминализация дегеніміз белгілі бір әрекеттерді қылмысты және жазалануға жа-тады деп мойындау, яғни олардың жасалғаны үшін қылмыстық жауаптылық тағайындау.

Декриминализация бұл ол әрекеттерді қылмыстық тұрғыда жазалану қатарынан шығарып тастау, яғни олардың жасалғанына қылмыстық жауаптылықты болдырмау деген сөз.

ҚР дағы декриминализация мен криминализацияның мақсаты:

  1. қылмыстық жазалау жүйесінде қылмыстылықтың алдын алу онымен күресуге азаматтың құқығын қорғауға қылмыс жасаған адамды дер кезінде түзеүге бағытталған оңтайлы шара іздеу;
  2. біздің республикамызда қылмыстылықпен күресу теориясы мен өндірісін әрі қарай дамыту және жүзеге асыру үшін жазалау емес позитивті қылмыстық жауаптылықтың орын алуы;
  3. президент 2011 жылы 18 қаңтардағы заңына орай «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кешiлдiктерiн күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу;
  4. құқықтық саясатта, қылмыстық құқықты әрі қарай дамытуда мемлекеттің қылмыстық саясаттағы екі векторлық жағдайы есепке алып, ізгіліктің кәмелеттік жасқа толмағандарға, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қауіп төндіретін қылмыстарға, бірінші рет ауыр емес және орта ауырлықтағы қылмыс жасағандарға, әлеуметтік жағынан төмен тұрғындарға, жүкті және жеке басты және жас балалары бар әйелдерге, жасы үлкен адамдарға ғана қатысты бағытталуы [4];
  5. сонымен қатар, құқық бұзудың кейбір түрлеріне декриминализациялау енгізілді, оларды әкімшілік құқық бұзушылық саласына ауыстырды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстықатқару Кодекстеріне өзгертулер енгізілді, қылмыстық жауаптылық және жазалау кәмелеттік жасқа толмағандарға жеңілдеді, альтернативті шараны кеңінен қолданудың алғышарттары айыппұл және бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстарды өтеу, үйде қамауда ұстау; мемлекетке келтірген шығынның орны толық жабылған жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жаңа негіздер енгізу;
  6. қылмыстық заңдардың әрі қарай дамуы міндетті түрде мынандай қағидаларды қатаң түрде сақтау арқылы жүргізілуі көрсетілген: заңдылық, заң мен сот алдындағы теңдігі, қылмыстықтың жауапкершілік пен жазадан босатпау, кінәлі жауапкершілік, кесілген қылмыстық жазаның дұрыстығы, қылмыстық мәжбүрлеуді азайту, жәбірленушінің, оның ішінде мемлекеттің өзінің құқығын қорғау, ізгілік.

«Қылмыс» пен «құқық бұзушылық» түсініктерінің қарым-қатынас мәселесіне ізгілік қағидасының тікелей қатынасы бар. Себебі ізгілік қағидасы, қылмыстық құқықтағы ең маңызды қағидалардың біріне жатады және заң шығаруда құқықтық қолдану тәжірибесіндегі кең көлемде пайдаланылатын қағида болып табылады [2].

Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау мақсатымен республикада 2010 2012 жылдар аралығында ҚР қылмыстық заңнамасын ізгілендіру жүргізілуде.

Заң қылмыстық заңнаманы ырықтандыруға, қоғамдық қауіпсіздікке үлкен қауіп тудырмайтын қылмысты декриминализациялауға, оларды әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстыруға, қылмыстың кейбір құрамы бойынша әкімшілік преюдиция енгізу және қылмыстық саясатты ізгілендіруге қатысты өзге де мәселелерді шешуге бағытталған.

Яғни декриминализациялауға орай бірқатар қылмыс құрамдары қылмыстан әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстырылған, атап айтқанда, Қылмыстық кодекстен 8 бап толығымен алынып тасталса (мысалы, 105 (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), 149 (ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау) және т.б.)12 баптың ішінара кейбір қылмыс құрамдары алынып тасталған (мысалы, 144 баптың 1 бөлігі (пациенттің сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметті кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз медициналық қызметкердің жария етуі), 182 бабының 1 бөлігі(алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге ұрлық белгілерін сіз мүліктік залал келтіру) және т.б.) [6, б. 124].

Үш бөліктен тұратын жаңа 141-1 бап енгізіліп, “қинау” сот төрелiгi мен жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстар санатынан адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар санатына ауыстырылған.

Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің бас бостандығынан айыру жазасының қолдану аясын тарылтуға бағытталған нақты шаралар қабылданып отыр, атап айтқанда, 20 баптың санкциясынан бас бостандығынан айыру жазасы алынып тасталды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, тергеушілер қатарына арнайы прокурор енгізіліп, бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты электрондық ізге түсу құралдарын қолдану мүмкіндігі бекітілген. Ал қамауға алу бұлтартпау шарасын енді кемінде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты ғана қолданылатын болса, “ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың құрамында қылмыс жасады деп айыптау не оған күдік келтіру” және “бұрын жасаған ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін соттылығы болуы” қамауға алуды қолдану негіздерінің қатарына қосылды.

Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске Қылмыстық кодекстен алып тасталған бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілік белгіленген (денсаулыққа зиян келтіру; еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару; қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау және т.б.).

Дегенмен, қылмыстық саясатты ізгілендіруден қатар әкімшілік жауапкершілік күшейтіліп отыр және бұл – биылғы реформаның өзіндік ерекшеліктерінің бірі.

Атап айтқанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың ең жоғарғы мөлшері 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, сондай-ақ, заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың ең жоғарғы мөлшері 400-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке көтерілсе, әкімшілік қамаудың ең жоғарғы мерзімі 45 тәулікке дейін ұзартылған [4].

Қазіргі уақытта, құқық қорғау органдары осы заңның талаптарын орындауды қолға алып, реформаның толығымен іске асырылуын қамтамасыз етуде.

«Кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тұтастай алғанда қылмыстық заңнамаларды ізгілендіруді, сот өндірісіне дейінгі амалдарды жеңілдетуді және қылмыстық процесте кәсіпкерлік нысандары үшін қосымша кепілдіктерді белгілеуді көздейді. Жекелеп айтқанда, отыз алты қылмыс құрамын қылмыстық сипатынан арылту ұсынылып отыр. Оның экономикалық қызметке байланысты жетеуін әкімшілік құқық бұзушылық қатарына өткізу жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарға қылмыстық жазаның орнына қатаң әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде айып өндірудің жоғары шегі ұлғайтылатын болады [9, б. 5].

Сонымен қоса, олардың он жетісіне әкімшілік преюдиция институты енгізіліп отыр. Мұның мәні қылмыстық жауапкершілік әкімшілік құқықбұзушылықты екінші рет қайталаған жағдайда ғана тағайындалатындығыда. Осылайша, жалпы қылмыс құрамының бес пайызы және экономика саласындағы қылмыстың жиырма пайызы қылмыстық сипатынан ажыратылатын болады. Он алты қылмыс құрамы бойынша бас еркінен айыру мерзімі қысқартылып, ал, оның он сегізі бойынша бұл жаза толығымен жойылмақ.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды бас еркінен айырмауға байланысты жазаны қолданудың негіздері ұлғайтылмақ. Олардың ішінде алғаш рет орташа ауырлықта қылмыс жасағандар бас бостандығынан айрылмайды. Сонымен бірге, бостандықты шектеу түріндегі қылмыстық жазаны барынша кеңінен қолдану мәселесі қарастырылып жатыр. Ол баламалы жаза түрінде қосымша жүз сегіз қылмыс түріне қолданылмақ. Мұндай шараны жүзеге асыру бас еркінен айыру жазасын қолдануды отыз пайызға азайтып, өз кезегінде түрмеде жазасын өтеп жатқандар қатарын он бес пайызға кемітетін болады. Заң жобасының және бір жаңалығы тұтқынға алу шарасын қолданудың негіздерін азайтуға қатысты болып отыр. Бәрімізге мәлім, бұл бүгінде екі жылға бас бостандығынан айыруды көздейтін барлық қылмыс түріне қолданылады. Осы шекті бес жылға арттыру арқылы үлкен емес, орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша тұтқынға алуды шектеу ұсынылды. Бүгінгі таңда бұл шара орта есеппен он тоғыз мың адамға қатысты қолданылады екен. Аталмыш түзетуді қабылдау шамамен олардың қатарын жиырма бес пайызға азайтып, күзетке алынғандар санын едәуір кемітуге мүмкіндік береді [10, б. 18].

Заңды қарау кезіндегі депутаттардың ұсыныстарына тоқталатын болсақ, заң жобасын бізге алып келген кезде қылмыскердің келтірген зиянның орнын айыппұлмен өтеп толтыру міндетін жүктеу жөнінде жаңа өлшем бар болатын, ол алып тасталды. Өйткені, әрбір адам жасаған қылмыс үшін жауап беру керек. Ал, келтірген зиянының орнын толтыруды жаза деп тауып, істі жауып тастау әділдікке жатпайды. Қылмыс жасаған адам өз әрекетіне жауап бермей, оның зардабын сезінбейді. Оған жасалған жеңілдік оны бұдан зор қылмысқа итермелеуі мүмкін. Депутаттар арасында Үкіметтің ұсынысын қолдап, баяғы ата дәстүрімен құн төлету жазасын ұсынғандар да болды. Өйткені, адамның тағдыры, өміріне келтірген зиянды ешқандай да айып өтей алмайды.

Сонымен қоса, олардың 17 әкімшілік преюдиция институты енгізілген. Мұның мәні қылмыстық жауапкершілік әкімшілік құқықбұзушылықты екінші рет қайталаған жағдайда ғана тағайындалады. Осылайша, жалпы қылмыс құрамының 5 пайызы және экономика саласындағы қылмыстың 20 пайызы қылмыстық сипатынан ажыратылды.

16 қылмыс құрамы бойынша бас еркінен айыру мерзімі қысқартылып, ал, оның 18 бойынша бұл жаза толығымен жойылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды бас еркінен айырмауға байланысты жазаны қолданудың негіздері ұлғайтылған. Олардың ішінде алғаш рет орташа ауырлықта қылмыс жасағандар бас бостандығынан айрылмайды. Сонымен бірге, бостандықты шектеу түріндегі қылмыстық жаза барынша кеңінен қолданылуда. Ол баламалы жаза түрінде қосымша 108 қылмыс түріне қолданылуда. Мұндай шараны жүзеге асыру бас еркінен айыру жазасын қолдануды 30 пайызға азайтып, өз кезегінде түрмеде жазасын өтеп жатқандар қатарын 15 пайызға кеміткен [10, б. 18].

Заң жобасының жаңа бір жаңалығы тұтқынға алу шарасын қолданудың негіздерін азайтуға қатысты болған. Бұл бүгінде 2 жылға бас бостандығынан айыруды көздейтін барлық қылмыс түріне қолданылады. Осы шекті 5 жылға арттыру арқылы үлкен емес, орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша тұтқынға алуды шектеу ұсынылған. Бүгінгі таңда бұл шара орта есеппен 19 мың адамға қатысты қолданылған екен. Аталмыш түзетуді қабылдау шамамен олардың қатарын 25 пайызға азайтып, күзетке алынғандар санын едәуір кемітуге мүмкіндік берген.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған. (қолданыстағы редакциясы).
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған (қолданыстағы редакциясы).
  3. Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы қыркүйектегі жарлығымен мақұлданған.
  4. Үзімұлы М. Заң терминдерінің сөздігі. - Алматы, 2000.
  5. ҚР қылмыстық кодексіне түсініктеме. – Алматы, 2001.
  6. Маликова А. Қылмыстық заң саралаудың құқықтық негізі // Заң және заман, 2003 ж., №1.
  7. Сыздық Б. Қылмыстық заңнаманың реформасы және оның гуманистік әлеуеті // Заң, 2010.
  8. Джансараева Р. Қылмыстық заңнамасын жетілдіру үрдістері // Әділсот, Қаңтар. 2008.
  9. Сыздық Б. Қылмыстық заңнаманың қылмыстанымдық негіздері және грамматикасы. // Әділсот, Қыркүйек, 2011.
  10. Сыздық Б. Қылмыстық заңнаманың реформасы және оның гуманистік әлеуеті // Заң, 2010.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.