Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады (1, 134 б.).

Қазақстанның бастауыш сынып оқушыларына қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі (2, 7 б.).

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.

Қайта жаңғырған ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі рухани мұрадағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлер, патриоттық сана-сезім, оған деген ғылыми көзқарас болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беру саласы бойынша қоғамның бүгінгі күнгі талабы әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салтдәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды. Сондықтан болашақ мамандардың патриоттық тәрбиесіне ерекше мән беру, олардың бойында патриотизмі қалыптастыру қоғам болашағының өркендеуін, елімізде тыныштық пе бейбітшіліктің мәңгілік қанат жаюын қамтамасыз ететіні анық. Өйткені патриотизм әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді.

Патриотизм, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм проблемаларына көптеген философтар (М. Қозыбаев, Ә. Нысанбаев, А. Қалмырзаев, Л. Ахметова, К. Меңлібаев және т.б.) жазушылар мен филолог ғалымдар (М. Әуезов, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, Ә. Нұршайықов және т.б.) аса назар аударды [3, 100 б.].

Қазақ халық педагогикасын патриоттық тәрбие беру мақсатында пайдалануға байланысты орындалған жұмыстардан С. Иманбаеваның (ұлттық жауынгерлік дәстүрлер арқылы оқушыларды ерлікке тәрбиелеу), А. Бейсембаеваның (қазақ ерлік эпосы арқылы бастауыш сынып оқушыларын патриоттылыққа тәрбиелеу) зерттеулерін, Қ.Б. Жарықбаевтың (Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда педагогикалық ойлардың дамуы), С. Қалиевтың (Қазақ халық педагогикасында тәрбие мен білім берудің ғылыми педагогикалық негіздері), Ә. Табылдиевтың (қазақ ерлік эпосын оқыту әдістемесі) зерттеулерін атауға болады.

Патриоттық тәрбиенің кейбір салалары С. Ұзақбаеваның, Р. Төлеубекованың, К. Қожахметованың, Р. Дүйсембінованың еңбектерінде де ішінара қарастырылады.

Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

Патриотизм – жаңа түсінік емес, ол – қоғамдық сана нысандарының бірі, бұл тарихи және таптық санат қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады [4, 5 б.].

Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау «патриотизм» ұғымына көптеген анықтамалар берілгендігін айғақтайды. Келтірілген анықтамалар адамгершілік қасиет ретінде патриотизмнің мәні неғұрлым дәл ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, философиялық түсіндірмеде: «патриотизм (грекше patris – Отан) мазмұны Отанға сүйіспеншілік, оған шынайы берілгендік, оның өткені мен бүгінгісі үшін мақтаныш, Отан мүдделерін қорғауға ұмтылу болып табылатын адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім» делінсе [5, 10 б.], лексикалық мағынада – патриотизм «Отанға сүйіспеншілікті, өз Отанына, өз халқына берілгендікті» білдіреді. Ұлттық энциклопедиялық сөздікте патриотизм (грекше patris – Отан) – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі деп қарастырылады.

«Патриотизм» ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси құралымына және басқа да компоненттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді. Әрбір адам осы бір бастауыш да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі: бірі бұл ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туыпөскен және мекен ететін жерімен астастырса, ал екіншісі үшін бұл мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым [6].

Патриотизм, жалпы алғанда, ұлттық мәдениеттің, ал, жекелей алып қарағанда, саяси мәдениеттің элементі болып табылады. Патриотизмнің мазмұнына мыналарды жатқызған жөн: адамның өзі туып өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі; ана тіліне құрметпен қарау; Отан мүдделеріне қамқоры жасау; азаматтық сегіздердің көрініс беруі және Отанға адалдықты сақтау, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау; әлеуметтік және мәдени жетістіктерге деген мақтаныш; Отанның тарихи өткеніне және одан қалған мұраларға, дәстүрлерге құрметпен қарау; өз еңбегін, күш-жігері мен қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылу [7].

Патриотизмнің мәні туралы сөз еткенде, патриотизм идеялары бағзы замандардан–ақ қалыптасқанын және бұл прогресшіл идеяларды игерудің патриоттық тәрбиеде маңызды мәні бар екенін атап өткен жөн.

Патриоттық сана-сезім Отан атрибуттарының санада бейнеленуінің нәтижесі ретінде қалыптасады. Отан және адам, адамдар топтары, тұтас алғанда халық үшін олардың қажетсінулері мен мүдделері тұрғысынан қоғамдық тұрмыстың елеулі мәні бар элементтерін қамтиды.

Патриоттық сана-сезім Отанға деген қарым-қатынаспен байланысты идеялар мен көзқарастардың күрделі басқарылатын жүйесі, индивидтердің, әлеуметтік топтардың, ұлттық қоғамдастықтардың Отанды дамыту мен қорғауға бағытталған сезімі мен көңіл-күйі.

Ол өзіне үш элементті: ұлттық – этникалық, жалпы адамзаттық, әлеуметтік – таптық элементтерді қамтиды. Ұлттық–этникалық элементтер дегеніміз – ұлттық мақтаныш, Отанға, ұлттық мәдениетке, тілге және т.б деген сүйіспеншілік. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мұнда тұратын ұлттар мен ұлыстардың жалпы мемлекеттік және ұлттық өзіндік мүдделерін жарасымды үйлесіп жатуы тиіс.

Отан сүйгіштік сана халықты топтастырушы рухани күш бола тұра, халықтың күш-жігерін тәуелсіздікті нығайтуға бағыттайды. Сондықтан елдегі тәлім-тәрбие идеологиясы мен ақпарат жүйесі халықтың бойында өзін республиканың төл азаматы ретінде сезінетіндей көңіл-күй қалыптастыруы тиіс. Отаншылдық, ел жандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Демек, Отан сүйгіштіктің қайнар көзі адамгершілік қасиеттері болмақ. Отансүйгіштіктің іргетасы – ұлтжандылық [8, 44 б.]. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отансүйгіштікті рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен, биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес. Тәрбиеге қатысы бар барлық білім беру жүйесіндегі мекемелер мақсатты, әрі нәтижелі жұмыс істегенде ғана отансүйгіштік қасиет санаға сіңеді.

Ғылыми әдебиеттерде «Отан» ұғымының мән-мағынасына бірқатар анықтамалар берілген. Бұл анықтамаларда жеке адамның Отанға түрлі көзқарастарына баса назар аударылады. Әйтсе де бұл көзқарастарды тек адамгершілік сезімдерге ғана жатқызуға болмайтыны белгілі. Олардың мағынасы неғұрлым кең және өзіне жеке адамның тиісті қажеттілік – себептік қырсырын, оның патриоттық сана-сезімі мен мінез-құлқын қамтиды, олар болашақта өзінің бірлігінде патриотизмді моральдық қасиет ретінде сипаттайды. Олай болса, патриотизмді адамның Отанға берілгендігі, сүйіспеншілігін білдіретін, Отанның құдіретін, өзінің онымен рухани байланысын, қажеттігіне сезінетін, қандай жағдайда болмасын елін қорғаудағы даярлығын көрсететін адамгершілік қасиеті ретінде айқындау қажет.

Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға мынадай факторлар әсер етеді: ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет. Б. Момышұлының «Соғыс психологиясы» деген еңбегіңде аталған қасиеттерге жан –жақты сипаттама беріледі. Солардың ішінде автор әсіресе ұлттық парыз ұғымына аса мән береді. Оның пайымдауынша, ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарау. Парыз сезімі қиындықтан қаймықпай, қарсы келген дұшпанмен тайсалмай шайқасып, Отан үшін ақтық демің біткенше қызмет етуге даяр болу сезімімен туады, нәтижесінде бұл тікелей ерлік істерге итермелейді, «Ерлік» Б. Момышұлының сөзімен айтқанда, табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысында және азаматтық абройыңды ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімімен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін, азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас коллектив өмірінің игілігін ғана емес, қауіп-қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға-жан, қанға-қан аяусыз деп кек алу жолымен жеке басынды және отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу» [9, 4 б.].

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді қазақ этно педагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс европалық және американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды.

Ал Қазақстан әрі батыс, әрі шығыс елі, ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет. Оның өзіне тән ұлттық, қоғамдық ерекшеліктері бар. Сондықтан көркем әдебиет негізінде бастауыш сынып оқушыларының бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстанның даму жолында өзінің сара жолы бар.

Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін – «Отаным» деп тануы, оның заңдарына бас ию,рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолдарын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады. Қазақстан егемендік алғаннан кейін мерзімді басылымдар «қазақстандық патриотизм» және«ұлттық патриотизм» жайлы сұрақтар да жарияланып, оған көптеген белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар өз пікірін білдерген болатын.Сол пікірлерді және басқа да педагог ғалымдар мен философ – психолог тердің пікірлерін зерттей келе біз бір кездегі «Советтік патриотизм» ұғымы «қазақстандық патриотизм» болуы керек деп түйдік.Оның туындап бізге патриот адамдардың мінез-құлық, іс әрекеті, ой-сана сезімдерінің белгілеріне қарап оған сипаттама беруге көмектеседі. Бұл өз ретінде жас буындардың көз алдына нақты мысалдардың көлденең тарту арқылы өнеге көрсетуге шарт түзеді.

Патриоттық сезімнің объекттісімен қайнар көзі – Отан. Ал оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар жалпы ұлттық құндылықтармен толықтырылады. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеу дің арқауы.

Қазақстандық патриотизмге келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Алайда ешкім елін, Отанын зорлықпен, күштеп не үгіттеп жел сөзбен алдап-арбап сүйгізе алмайсың. Елін сүю әркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзі келмейді, ол адам өсе, есейе келе өз ақылы өзіне жетіп, өз басымен тіршілік ете бастағанда адамзаттың бойында біртіндеп қалыптасатын құзыретті сезім.

Оқушылар бойында патриоттық сананы қалыптастыру тек қана жиын өткізумен шектеліп қалмауы тиіс. Бұл бағытта атқарылатын жұмыс жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесінің ең өзектісі, ең маңыздысы болып белгіленуі қажет.

Қазақстанда патриоттық тәрбиенің біртұтас жүйесі жасалып, әсіресе қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі шынайы бағалануы тиіс. Сондықтан да үкімет тарапынан арнайы бағдарламалар қабылдануы тиіс. Олар мерзімді баспасөздерде толығымен жарияланып, сол қабылданған бағдарламалардың жүзеге асырылуының нәтижелері басылым беттерінен көрініс тауып жатса, жастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыруда оң шешім болар еді.

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.

Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады дей келе, Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:

  1. Қазақстанда 130–дан астам ұлт өкілдері тұрады, көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конституциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.
  2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары Ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.
  3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық сапаларының қалыптасуы.
  4. Қазақстан халықтарын ұлы мемлекеттердің қатарына қосылуда өз үлесін қосатындай патриоттық сезімге ұмтылдыру мақсатында қазақстандық ғажайып сендіру, оны мақтаныш еткізу.
  5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.

Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды.

Қорыта келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын патриот азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендігі анықталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бекмағамбетов А.Ж., Әбдікәрімұлы Б. Өлкетану құндылықтары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру мүмкіндіктері // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. – 2007. №1. – Б. 134-140.
  2. Бекмағамбетов А.Ж. Батыр Н.Әбдіров ерлігі арқылы оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру // Ұлт тағылымы – 2007. №1. – Б.5-8.
  3. Сарчаева К. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын өткізуге байланысты әдістемелік нұсқаулар. Әдістемелік құрал. Алматы: ЖШС «Жания Полиграфия», 2003. -100 б.
  4. Ұзақбаева С.А. Қазіргі қоғам және патриоттық тәрбие. Оқу құралы.Алматы: ӨКБ «Қаз білім жабдық», 2005. 94 б.
  5. Әбдікәрімұлы Б. Бекмағамбетов А.Ж. Ә. Нұршайықов шығармаларының патриоттық тәрбие берудегі мәні. Әдістемелік құрал. Алматы. 2005. 34 б.
  6. Әбдікәрімұлы Б. Бекмағамбетов А.Ж., Оқушылар мен жастарға патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасы. Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2005. 20 б.
  7. Әбдікәрімұлы Б. Бекмағамбетов А.Ж., Қазақ халық педагогикасының патриоттық ерлік тәрбиесі дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану. Оқу құралы. Алматы: ӨКБ «Білім жабдық», 2006.
  8. Назарбек Канафияұлы. Ұлттық тәрбие толғамдары. (Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы) // Қазақстан мектебі, 1997. 7шілде, 44 б.
  9. Бекмағамбетов А.Ж. Патриотизм ұғымының мәні. // Егемен Қазақстан. 1996 ж. 27 сәуір. 4 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.