«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында да аталмыш мәселелер онан ары нақтылана түсті. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануымен қатар спортпен жүйелі түрде айналысып, жоғары жетістіктерге жетіп, отанының абыройын онан ары жоғарылатса, ұлтымыздың мерейі онан ары үстем бола түсер еді. Міне осындай жастар жағынан кең қолдауға ие спорт түрінің бірі волейбол ойыны. Спорттық ойындардың ішінде волейбол ойынының ролі өте зор. Волейбол қимылы адам денесін жетілдіреді, волейбол қимылдарына үнемі қатысу, жылдамдық, күш-қуат, төзімділік, сәйкестілік және иілгіштік сияқты дене сапасын жетілдіріп, дене қабілетін жоғарлатады, денсаулықты жақсартып дененің қалыпты өсіп-жетілуін ілгерілетіп, денені бір келкі жетілдіреді, сондай-ақ ұстамдылық, байсалдылық, ақылдылық және батыл болу сынды қасиеттерді баулиды. Ол әсіресе жас өспірімдердің дамуы мен жан-жақты жетілуінде маңызды рол ойнайды.
Дегенмен қазіргі кезде еліміздің аталмыш спорт саласындағы бағындырған биіктігі онша көңіл көншітпейді. Сол үшін де аталмыш спорт түрінен жоғары жетістікке жетеміз десек жастар мен жасөспірімдерді көптеп тартып, оларға жаттықтыру сабағын ғылыми әрі жүйелі түрде өткізу, әсіресе олардың техникалық дайындығын жоғарылату кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады.
Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.
Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады:
Жалпы психологиялық дайындық.
Ол спортшыны спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған.
Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға дайындайтын бұл арнайы дайындық жарыс болар алдындағы кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған.
Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер, қайрат дайындығы кіреді.
Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады.
Тиянақты жаттығу әдісідене тәрбиесі жаттығулары көмегімен спортшыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіру.
Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі көңіл күйді көтеру, көңілдену, қиыншылықтарды жеңуге ойша дайындалу, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну, келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу және т.б. әдіс-тәсілдер.
Идеомоторлық жаттығулар әдісі жаттығуларды ойша қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару.
Спорттағы психодиагностика әдісі КБС (К-көңіл күйі, Б-белсенділік, С-сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейінің әр түрлі аспаптар, тәсілдер арқылы анықтау.
Теориялық дайындық әдісі – Спортшыларды дайындайтын заңдылықтарын, олардың әдістемелерін үйрену. Теориялық дайындықсыз дайындықтың басқа жақтарын іске асыру мүмкін емес. Спортшы, сонымен қатар, арнайы дәрістерді тыңдап, спорт туралы жазылған ғылыми-әдістемелік, көркем, тарихи әдебиеттерді оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып отырғаны жөн.
Спортшыны спорт түрінен дайындау жүйесінде теориялық дайындықтың маңызы ерекше Спортшы теориялық ақпараттарды көп білген сайын, спорттағы жетістіктер тезірек жоғарылайды. Теориялық білім спортшыға спорттық жетістіктерге жылдам жетуге ғана емес, күнделікті өмірде де, маңайындағы адамдарды салауатты өмір салтына насихаттауда да қажет болады.
Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны дұрыс. Ол мынандай бөлімдерге бөлінеді:
- Дене мәдениеті мен спорттың Қазақстанда дамуы, қоғамдағы рөлі.
- Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы.
- Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері.
- Спортшының гигиенасы, тамақтануы, шынығуы, күн тәртібі туралы мағлұматтар.
- Дәрігерлік бақылау өзін-өзі бақылау, жарақаттарды болдырмау, емделе білу жолдары мен спорттық массаж.
- Спорттық жаттықтырудың негізгі әдістемелері.
- Спортшының жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы.
- Спортшының техникасы, тактикасы және оларды жетілдіру әдістері.
- Спорттық жаттықтыруды жоспарлау.
- Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі.
Спорттық жаттықтыру кезеңдері
Көп жылдық жаттықтыру үрдісі үлкен макроциклдерден тұрады. Олар жылдық және жарты жылдық деп аталады. Әрбір цикл дайындық, жарыс және өтпелі деген үш кезеңнен тұрады.
Дайындық кезеңі жылдық циклде 4-5 айға, жарты жылдық циклде 2-3 айға созылады. Бұл кезеңнің міндеті ағзаның мүмкіншілігін жоғарғы деңгейге жеткізуге. Дайындық кезеңі 2 бөлімге бөлінеді:
Жалпы дайындық бөлімінде спортшы ағзасының жалпы қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін көтеру, қозғалыс қасиеті мен қозғалыс шеберлігін, дағдысын жетілдіру мәселелері шешіледі. Жалпы дайындық бөлімі екі түрлі тарту және негіздеу деген орта циклдерден тұрады.
Тарту циклінің мақсаты – жүктеме қарқындылығы мен көлемін жайлап сіру. Негіздеу немесе базалық циклінің мақсаты негізгі жаттықтыру кемесінің көлемін орындау.
Арнайы дайындық бөлімінің міндеті спортшының өзі айналысқан порт түріне керек дене қуаты қасиеттерін, техникасын, тактикасын дамыту.
Бұл бөлімде арнайы дайындыққа 60- 70 пайыз уақыт бөлінеді. Жарыс атығуларына ұқсас жаттығулар, бақылау, тексеру, жаттықтыру амалдары олданылады. Бұл бөлім тексеру, дайындау,шыңдау циклдерінен тұрады.
Тексеріс, дайындау циклінде жаттықтыру жұмыстары бақылау жарыстарына қатысуымен араласа жүргізіледі. Шыңдау циклінде тексеру жарыстарынан кейін анықталған техника,тактика кемшіліктерін жою, айла әдістерін шыңдау жаттығулары жүргізіледі. Күш түсіру қарқындылықты арттыру жаттықтыру көлемін азайту түрінде қолданылады.
Жарыс кезеңі. Бұл кезде спортшы өзінің негізгі жарыстарына қатысады. Бұл кезеңнің басты міндеті-алдыңғы кезеңде жақсы жаттыққан спортшы ағзасының жарысқа дейінгі күйін ұзақ уақытқа сақтау. Жарысқа қатысу жиілігі спорт түріне, спортшы дәрежесіне байланысты.
Жарыс алдындағы циклде спорттық бабына кіру және алдыңғы жарысқа дайындалу жаттығулары жүргізіледі. Жарыс циклдері негізгі жарысқа қатысу кезінде өтеді де бірнеше кіші циклдерге бөлінеді. (микроциклдер). Олар: жақындататын, жарысқа қатысу және қалпына келу циклдері. Қалпына келу көтермелеу циклі кезінде сипаты бір-біріне ұқсас жаттықтыру үрдістерінен спортшыларды жалықтырмау үшін басқа жаттығуларды пайдаланады. Сол жаттығулар көмегімен ағзаның қалпына келуін тездетеді.
Өтпелі кезең. Бұл кезеңнің міндеті – жаттықтыру мен жарыстардан алған әсерін жоғалтпау, ағзаны қинамай уақытында босаңсытып, қалпына келтіру. Бұл кезеңде арнайы дайындық жаттығулары азайтылып, жалпы дайындық жаттығулары көбейеді (спорт ойындары,табиғат аясында жүгіру т.б.). Көбінесе ағзаны тез қалпына келтіретін, спортшы ұнататын жаттығуларды пайдаланғаны тиімді. Өтпелі кезең 2-3 орта циклдерінен тұрады. Қалпына келтіру-көтермелеуші және қалпына келтіру-дайындық циклдерінен біртіндеп, келесі үлкен жаттықтыру циклінің дайындық кезеңінің тарту мезоцикліне ауысады. Кейбір кездерде өтпелі кезеңнің орнына қысқа жеңілдету фазалары кіргізіледі. «Қосақталған микроцикл» деп аталады да, жарыс кезеңінен кейін екінші дайындық,онан кейін екінші жарыс кезеңі, сонан соң ғана өтпелі кезең кіргізіледі.
Қосақталған макроцикл көрінісі
Осындай жаттығу процестері күш жылдамдығын керек ететін спорт түрлерінде қолданылады. Ал циклдік сипатындағы спорт түрлерінде көбінесе жылдық жаттықтыру циклдері қолданылады. Жаттықтыру макроциклдерінің жалпы ұзақтығы бірдей болса да, жеке кезеңдерінің ұзақтығы спорт түрлерінде дайындық кезеңі, ал спорт ойындарында волейбол жарыс кезеңі ұзақ болады.
Жоғарғы спорттық шеберлік деңгейінде олимпиадалық ойындарға дайындалуына байланысты төрт жылдық цикл жоспары қолданылады.
Жалпыға мәлiм, командаларда жеке жоспарлауларды жүзеге асыратыны. Барлық командаларда жеке психологиялық, функционалдық және физикалық дайындықтарының бақылау жұмыстары жүргізіледі, бiрақ үнемi емес, жоспарсыз, қандай да бір жағдайлардың ықпалымен.
Негізінде волейболшының психологиялық, физикалық дайындығын, жылдамдығын, шыдамдылығын, секіргіштік және секіру шыдамдылығын анықтау үшін, тестерді және сынақтарды қолданылады. Анағұрлым сиректеу, командалар функционалдық дайындықтарын анықтау үшін Купердің, Душаниннің, Коробованың тестері арқылы анықтайды.
Ойыншылардың технико-тактикалық дайындықтарын жолдастық кездесулерде және Ресми жарыстарда бақыланады. Кейбір командаларда психологиялық жағдайын қазіргі кезде технико-тактикалық дайындықтарын талдау үшін видео жабдықтар қолданылады. (видеокамералар және видеомагнитафондар). Халықаралық ресми кездесулерде ұлттық лигалық командалар деңгейінде видеоға түсіруден басқа, бекіту жүргізіледі (фиксация) және технико-тактиканы өңдеу барысында компьютерлік бағдарламалардың көмегімен, ФИВБ-нің мамандарымен шығарылған және бекітілген жарыстағы талап. Бапкерлерге сұрастыру жүргізілгенде көрсетілген, волейболшыларға осындай бақылауды 90% командаларда жүргізіледі. Процесстiң жүйелiлiгi туралы айтсақ, онда көрсеткiштер төмендейді, бар болғаны 37% командаларда. Ал, Қ.Р., жоғарғы лигалық командаларында үнемi және жүйелi түрде өз ойыншыларының технико-тактикалық дайындықтарын тексереді.
Спорт шеберлерінде жеке дайындықтарын жүргізу барысындағы негізгі міндеті, әр ойыншының психологиялық, физикалық және технико-тактикалық дайындығын қадағалау. Осы міндетті шешу үшін, волейболшылардың жеке бақылау дайындығын динамикалық ағымында жылдық жаттықтыру цикліне мүмкіндік туғызуы керек. Спортшылардың күйін бақылауға, бапкер жаттықтыру үдерісін психологиялық тұрғыдан түзетуге және ойдағыдай басқара алады.
Зерттеу жұмыстары көрсетеді, Бақылау жүйесіз іске асады, волейболшылардың күйін, ғылыми-әдістемелік бақылау жұмысы жартылай жүргізіледі, әсіресе психологиялық параметрлері. Әлбетте, бұл жаттығу үдерісінің тиiмдiлiгiнде шағылысады.
Қорытындыны шығара, айтуға болады, спорт шеберлерінде жеке жаттықтырулардың кең тараған жұмыстары :
- жеке тапсырмалармен командалық жаттығулар (қолданудың жиiлiгі 42,3%)
- топтық жаттығулар жеке тапсырмалармен бапкердің қатысуымен iлгерiде жүргізіледі (20,9%)
- бапкердiң қатысуымен жеке жаттығулар (19,4%)
- бапкерсiз жеке жаттығулар (12,2%)
- бапкерсiз жеке тапсырмалармен топтық жаттығулар (5,2%).
Жылдық жаттықтыру циклде ауыспалы кезеңде жеке дайындық жұмысы (әрдайым жаттығу үдерісінен 42,5% уақыт бөлінеді), дайындық кезеңінде11,7% уақыт және жарыс кезеңінде-13,6%. Осы көрсеткіштер куәландырады, бапкерлердің шамадан тыс дайындық үдерісін бақылауымен әуестенеді, әсіресе дайындық және жарыс кезеңдерінде өз командасының волейболшыларының дербес жетiлдiрулерiне өте аз көңiл бөлінеді.
Дайындықтың түрлері: физикалық дайындықты жетілдіруге 22,9% уақыт бөлінеді, жеке техникалық дайындық жұмыстарына 28,3%, жеке тактикалық жұмыстарына 12,1%, жеке психологиялық дайындыққа 6,6%, сауалнама жүргізілген командаларда, ойыншылардың теориялық біліміне тек қана 49,3% көңiл бөледі. Осындай әзірлеуді қолдану барысында волейболшылардың жеке дайындық мүмкіндіктері толық ашылмайды, белгiлi дәрежеге жетуге кедергі келтiредi, өзінің ойынын талдауға және ұғынуға, дағдысын дамытуға.
Әдетте, командаларда өз ойыншыларының жеке дайындығының деңгейiн бақылау тұрақсыз iске асады, кейде жеткіліксіз сенімді әдістермен жүргізіледі. Алайда, бақылау жұмысы іске ассада, алынған мағлұмат әрдайым бекітіліп тұрады. Осыған байланысты спортшылардың жеке дайындығын жүйелеу үшін және бақылауды жүзеге асыруға ұсынылған: «Волейболшының дайындығының модельдік және жеке көрсеткіштерінің тіркеу картасы». Оның ішіне тесттер, физикалық өлшемнің сынағы, функционалдық және технико-тактикалық көрсеткiштер енгізілген, өзін волейболда көп жылдық тәжiрибесiнде және бапкерлік қызметінде меншiктi тәжiрибесiнде өзіне жақсы кепілдеме бердi.
Волейболшылар ресми жарыстарда және жолдастық кездесулерде технико-тактикалық көрсеткіштерін есепке алады. Тестік жұмыстар әрбiр дайындық мерзімінде жүргiзiлуi керек. Әрбір дайындық кезеңнің соңында (жалпы, арнайы және жарыс алдында), жарыс кезеңінде әр бір турнирдің басында, ал ауыспалы кезеңнің соңында жүргізіледі.
Осындай тіркеу картасы спортшының физикалық динамикасын, функционалдық және технико-тактикалық дайындығын бір жыл спорттық мерзімде бақылау жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді, әр бір жоғары дәрежелі спортшының қаншалықты қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайтынын білуге болады, жарыс кезеңінде және жарыс алдындағы спортшының компенсаторлық сапаларын және жеке ерекшеліктерін көруге болады. Бұдан басқа, картаны жүйелі түрде толтырса бапкер мен спортшы жеке пішінді мінездеме де құрай алады, алдыңғы жарыстардың нәтижелеріне сүйене отырып.
Волейболшының дайындығының модельдік және жеке көрсеткіштерінің тіркеу картасы
Дайын |
Тестілік |
Мод |
Жаттығудың жылдық циклдегі тестілеудің нәтижелері |
||||||||
дық |
тапсырмалар |
ельді |
|||||||||
түрлер і |
ы |
к көрс еткі штер |
|||||||||
1 кезе ң |
2 кезе ң |
3 кез ең |
1 тур |
2 тур |
3 тур |
4 тур |
5 тур |
Өтпе лі кезе ң |
|||
Дене |
6 м. жүгіру |
даярл ығы |
Жүгіріп келіп жоғары секіру |
||||||||||
Нығыздалған допты лақтыру |
|||||||||||
92 м. шырша тәрізді жүгіру |
|||||||||||
Функц ионал дық |
Гарвардтық степ-тест |
||||||||||
Техни котактик алық |
Допты ойынға қосу |
||||||||||
Допты қабылдап алу |
|||||||||||
Қорғаныс |
|||||||||||
Блок |
|||||||||||
Шабуыл соққысы |
|||||||||||
Допты жоғарлатып беру |
|||||||||||
Психо логия |
Арнайы тесттер |
Тіркеу картасын жүргізу барысында, волейболшының ойындағы амплуадасын ескеру қажет.
Қорытынды: Жоғары жетістіктер спорты – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірден-бір көрсеткіші, патриотизм мен халық бірлігінің нышаны. Қазақ елі тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап-ақ халықаралық олимпиадалық қозғалысқа белсене араласты, оның халықтар достығына бастаған идеалдарын қолдаумен келеді. Елімізде бүгінде 80-нен астам спорт түрлері бойынша спорттық федерациялар жұмыс істейді. Халықаралық спорт қауымдастықтары мойындаған олардың бірқатары әлемдік деңгейдегі ірі ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді. Қазақстан халықаралық байланыстарды нығайтуда салиқалы саясат жүргізіп отыр. Соның ішінде бірқатар мемлекеттермен жасалған спорт саласындағы әріптестік туралы келісімдер халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудың үлкен дәнекері деп білеміз. Және мұндай келісімдерді мүмкіндігінше көбейте түсуіміз керек.
Еліміздің спортшылары дүние жүзіндегі көптеген халықаралық сайыстарға қатысып, солардың жеңістерінің арқасында Қазақстан әлем халқына танымал бола түсті. Бұл, әрине, мемлекетіміздің беделінің артуына да зор ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз. Жаттықтыру кезеңінде волейболшылардың психологиялық, техникотактикалық, дене дайындығын және физикалық дайындықтарына бапкерлер аса көңіл бөлуге тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері.Алматы: Санат. 2000. 72 б.
- Жарылғапов О. Волейбол ойыны. Волейболшыларға арналған көмекші құрал. Алматы: Қазақстан. 1972. 95 б.
- Волейболдың оңайлатылған ережелері. Алматы, 1978. 42 б.
- Индивидуализация подготовки волейболистов. Алматы: Каз. АСТ, 2001.
- Волейбол шаги к успеху. – Алматы, 2008.
- Абдуллина О.А. Личность студента в процессе профессиональной подготовки. Высшее образование в России. 1993. - №3.
- Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: в 2 т. \ Под. ред. Бодалев А.А. др. М., 1980.
- Андреева Г. Обучение и воспитание в вузах неразделимы // Высшее образование в России. – 1996. № 3.
- Архангелский С.И. Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы. М., 1980
- Архангелский С.И. Лекции по теории обучения в высшей школе. М., 1974.
- Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. М., 2001.
- Бенедитов Б.А. Психология обучения и воспитания в высшей школе. М., 1983.