Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасы құқық жүйесінің қалыптасуындағы әдет-ғұрып нормаларының ролі

Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман тілегі де, мақсат-мүддесі де мемлекеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы ұлы түсінік ұлттық сананың негізгі мазмұнын құрайды. «Жеті жарғының» ел құрметіне бөленіп, шежіреші және кемеңгер ақсақалдардың жадына берік жазылуына негізгі себепкер оның ережелерінің қазақ ұлтының мемлекеттілігі мен құқықтық өздігінің жаршысы екендігінде. «Жеті жарғы» ең алдымен біздің заманымызға дейін қариялардың берік жадымен жеткен қазақтың байырғы әдет-ғұрып заңдары мен ережелері, еуразиялық көшпелі қауымдардың мемлекеттік және құқықтық өмірінің, мәдениетінің жарқын ережесі.

Қазақ халқының құқық жүйесін әдетғүрып құқығы құрайды. Бұл жүйені бұрынғы кезеңдерде «адат» деп атаған. Ғалымдардың пікірі бойынша «Адат» араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымды білдіреді. «Адат» өте ерте кезден басталып, көптеген өзгерістер мен толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен «адаттың» құқықтық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды.

Қазақ халқының әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты:

а) әдет-ғұрыптар адат;

б) билер сотының практикасы; в) билер съездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.

Ауызша әдет-ғұрыптар ең көне заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау алады. Уақыт өте келе таптық қауымдастық күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай ауызша әдет-ғұрыптар құқықтық сипат алып, билеуші топтардың мүддесіне қызмет ете бастады. Құқықтың бұл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне сай келді. Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалған рулық қатынастар, патриархалдық отбасы, көшпелі мал шаруашылығы т.б. қатынастарды реттеудің бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып табылды [1, 15-16].

Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның талаптарына сай өзгерістерге ұшыратып, оларға ресми сипат беріп отырды. Әдет-ғүрып заңдарын алғашқы жүйелеуші Қасым хан болды. Оның заңдары бес белімнен тұрды:

Бірінші бөлім мүліктік және жер қатынастарын реттеуші нормалар;

Екінші бөлім қылмыс пен жазаға қатысты құқық нормалары;

Үшінші бөлім әскери міндеттілік және оны орындау, сондай-ақ әскери тәртіпті бұзғандағы жазаларға байланысты құқықтық нормалар;

Төртінші бөлім елшілік жораларға катысты, елшілерді тағайындау және қабылдау тәртібі, шет ел өкілдерімен келіссөздер жүргізу, дипломатиялық этикет мәселелері туралы нормалар;

Бесінші бөлім қайтыс болғандарды жерлеу, еске алу, мерекелер өткізу т.б. рәсімдерге қатысты нормалардан тұрды.

Қасым ханнан соң шамамен жүз жылдан кейін әдет-ғұрып құқықтары Есім ханның тұсында қайта жүйеленіп, жалғасын таба бастады. Қалмақтармен соғыстардың күшеюіне байланысты Есім хан әскери міндеткерлікті күшейтіп, әскери тәртіпті бұзғаны үшін жазаларды қатайтты. Есім хан негізінен бұрынғы Қасым хан тұсындағы құқықтық ережелерді қайталады. Сондықтан оны ескі жолды жалғастырушы ретінде «Есім ханның ескі жолы» деп атап кеткен.

Арада біршама уақыт өткеннен кейін, шамамен 80-90 жылдан соң дала заңдарына өзгерістер мен толықтырулар ендіріп оны «Жеті жарғы» деген атаумен кайта қабылдады. Оның негізін салушы Әз Тауке еді. Тәуке хан әдет-ғұрып заңдарын қайта жүйелеуге көп еңбек сіңірді. Аты аңызға айналған Теле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің басшылығымен қазақтың белгілі би, шешен, білгірлері бірнеше рет Күл тебенің басына жиналып, «Жеті жарғының» нормаларын талқылаған. Тарихшылардың айтуынша «Күлтебенің басында күнде жиын» деген сөз сол кезден қалған деседі. Ақырында жан-жақты сұрыпталған «Жеті жарғы» заңдар жинағы дүниеге келген. «Жеті жарғының» алғашында қағазға түскен нұсқасы да бар болуы мүмкін деген жорамалдар бар [2, 9-10].

А. Левшиннің кітабы бойынша жеткен «Жеті жарғы» заңдар жинағының қазақша ықшамдалған аудармасынан төмпеңдегідей мысалдар келтірсек:

  • Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, айелге 500 қой);
  • ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
  • денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн теленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой);
  • төре мен қожаның құны қарашадан жеті есе артық төленеді;
  • егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екі қабат әйел жасаса, жазадан босатылады);
  • егер ері әйелін өлтірсе, ол өйелінің қүньш төлейді;
  • ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана елтірсе, өлім жазасына кесіледі;
  • өзіне-өзі қол салғандар белек жерленеді;
  • егер екі кабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға
  • әр айына 1 түйеден (анықтама үшін: 100 түйе 300 атқа немесе 1000 қойға тең);
  • әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың мал төлеп үйленсе, жазадан босатылады;
  • әйелі ерінің кезіне шөп салу үстінде ұсталса, ері оны өлтіруге хақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс;
  • әйелінен сезіктенген еркектің сөзін 4 сенімді адам дәлелдеп беру керек. Егер олар теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;
  • біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалым мал төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;
  • құдайға тіл тигізген (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
  • кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;
  • құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде (қазақ құлдарды жалшы, малшы ретінде ұстап, кейін бөлек шығарып отырған);
  • ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі, қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айналады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;
  • ұрлық жасаған адам үш тоғызын қайтаруға тиіс;
  • ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;
  • ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйелі мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналатын болған.

«Жеті жарғыда» әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқық мәселелерімен катар отбасы-неке, салық, дін, тәрбие т.б. сияқты қоғамның жан-жақты мәселелері көрініс тапқан. Осыған қарағанда «Жеті жарғы» Тәуке ханның тұсында қазақ қоғамының барлык, жақтарын түгел қамтыған әмбебап кодификациялаған заң жүйесі болған деп қорытындылауға болады. «Жеті жарғының» қағида ережелері барлық қазақ жүздерінің территориясында түгелдей қолданылған [3, 5-6].

Жеті жарғыны жасаудағы мақсаттың бірі хандық өкімет пен феодалдар қазақтың әдет-ғүрыпты құқығы жүйесінен халық бұқарасының мүдделерін қорғайтын нормаларды алып тастау, хандар мен атақты билердің беделдерін қорғайтын ашық феодалдық сипаттағы нормаларды бекіту еді.

Әдет-ғұрыптардың бұл жинағын жазуға бастамашы болған байлар мен билер тобы болды. Олар ерекше экономикалық және саяси мақсаттарын заңдастыруды ойлады. Байлар мен билер тобы хандық билікті шектеуді заңдастырды, сонымен қатар олар жүзаралық және руаралық қатынастарға құқықтық реттеушілік рол беруге тырысты. «Жеті жарғы» нормалары билердің еңбекшілердің үстінен жүргізетін бүкіл сот билігін бекітті деп бағаланды. «Жеті жарғыға» қатысты мұндай пікірді белгілі ғалым жазушы М. Магауин де қолдайды.

«Әз Тәуке ежелгі дәстүрді бұзды. Билікті биге берді. Нәтижесінде, ру көлемінен озып, ұлыс көлеміне жеткен, үлкен саяси күшке айналған билер уақыт өте келе өз ортасынан шыққан рудың, ұлыстың мүддесін көбірек күштейтін болды, хан жарлығын жүре тыңдайтын болды.

Әдет-ғұрып құқығының ережелері, соның ішінде «Жеті жарғының» қағидалары да билер сотның практикасымен байытылып отырды. Қазақта қаншама ауыр дауларды шешкен билер болды. Әсіресе мұндай шешімдерді Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б. билердің практикасынан көбірек кездестіруге болады. Қазақтың басқа билері оларға еліктеді, олардың практикасын басшылыққа алып, ұқсас істерді шешіп отырды. Тіпті атақты билердің биліктері (үкімдері) ұқсас істерді қарағанда міндетті басшылыққа алынатын кездер де болған. Билер соты практикасының мұндай сот отырыстары әдет-ғұрып құқығының бастауларының біріне айналып отырды [4. 18-19].

Қазақ билері құқықтық шығармашылықпен де терең айналысты. Олардьщ құқықтық шығармашылығының айқын көріністерінің бірі билер съездерінің ережелері болып табылады. «Жеті жарғының» өзі де билер съездерінің және билердің құқықтық шығармашылығының жемісі. Билер съездері әдет-ғүрып құқығының негізгі қағидаларын заман талабына сай өзгертіп, байытып отырды. Әсіресе Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі билер съездерінің ережелері бізге көбірек жетті.

Әдет-ғұрып құқығының тағы да бір бастауы шариғат болды. «Жеті жарғыда» шариғатқа байланысты бірнеше қағидалар болды. Мәселен, онда «Құдайға тіл тигізген адам (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі, өзге дінге өтіп кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылатын болған»

деген ережелер болды және олардың орындалуы катаң бақыланып отырды. Туыс адамдардың арасындағы ерлі-зайыптылық қатынастар да шариғат негізінде жазаға тартылған. Дін өкілдеріне артықшылық, құқықтар берілді. Дегенмен шариғаттың нормалары қазақ қоғамында ерекше артықшылық жағдайға жете алмады. Шариғаттың нормалары XVIII ғасырдың соңында күшейе түсті. Шариғаттың нормалары белгілі бір мелшеде отбасы-неке, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттеп отырды.

Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттеліп отырды. Ол кезде азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға қалдыра алатын мүмкін бәрі де жеке меншік заттары болып табылатын болған. Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады. Жер адат бойынша кауымның меншігі деп есептелді. Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды. Шын мәнінде қауымның немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға қауым басшысы, ру басшылары, сұлтандар және билер билік жүргізді. Ғалымдардың пікірі бойынша, жерге жеке меншіктің болмау себебі де көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономикалық қатынастарда жатса керек. Орасан зор көлемдегі жайылымдарды меншік иелеріне бөлудің ешқандай мәні болуы мүмкін емес еді. Оның үстіне жайылымдар үнемі ауысып отыратын. Көктем мен күздің арасында мың километрге дейін көшіп-қонып жүрген көшпелі қауымдар үшін жерді, жайылымдарды жеке меншікке бөліп беру мүмкін емес те еді [5, 22-23].

Тек қыстаулар ғана XVIII ғасырда феодалдардың жеке меншігіне көше бастады. Қыстың күні жайылым негізінен пайдаланылмады. Қазақтардың қыстаулары тұрақты болған. Жерді жеке меншікке беру Бөкей ордасында (1801 жылы құрылған) болды. Мұнда ханның жарлығымен оның туыстары мен ірі феодалдарға үлкен мөлшерде жер таратылды. Үлкен аумақтарда көшіп жүрген малшы қауымдары арасында жерге қатысты мынадай екі мәселе туындады.

Олар:

Бірінші, жайылымдарды пайдалану құқығы;

Екінші, бос немесе ешкім иеленбеген жайылымдар мен суарымдарды пайдалану құқығы еді. Бұл екі құқықта феодалдар тобының монополиясында болды. Шынында хандар мен сұлтандар, билер мен старшындар өздерінің қарамағындағы халықтың атынан көшіп-қонуға иелік етті. Мұндай жағдай мықты феодалдарға нашар ауылдарды, руларды, қарапайым халықты құнарсыз жайылымдарға ығыстыруға себеп болды. Жайылымдарды пайдалану құқығы мен бос жатқан жерлерге иелік ету құқығы тығыз байланысты болды.

Егер көшіп-қону жөнінде үстем тап өкілдері ру немесе ауылмен бір бағытта қозғалса жайылым, суарым, тұрғылықты жер жөнінен жеке мал иелері өздерінің үйжайларымен, малдарымен, адамдарымен нақты орындарға орнықты. Мұндай жағдайда адат заңдары атқа мінерлердің құқығын қорғады. Әлеуметтік орны төмен қоғам мүшесі шегінуге тиіс болды. Оның үстіне феодалдар заңдылықтарды артығымен қоса өзінің материалдық артықшылығын да пайдаланды. Адат бойынша жерді сату, сыйға беру, мұраға калдыру туралы құқықтар ешкімге берілмеді. Жер бүкіл қазақ халқының байлығы деп есептелді.

Әдет-ғұрып құқығындағы тереңірек зерттелген салалардың бірі ол, нек-отбасы қатынастары еді. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшысы ер адам болып есептелді. Қазақтардың үлкен отбасы әкенің, балалардың, тәуелді жақын туыстардың, малшылар мен құлдардың отбасынан тұрды. Бай феодалдардың әр әйелі бір отау, кейде ауыл болып тұрды. Мұндай жағдайда бірнеше ауылдар отбасылық-ауылдық қауымды құрады.

Отбасы басшысы ер адам адат бойынша артықшылық құқықпен пайдаланды. Отбасындағы әйел мүшелерінің құқығы шектеулі еді. Ер адам отбасы мүлкінің иегері болып танылды әрі отбасы тірлігі үшін жауап берді. Ол басқа отбасы мүшелерін жазаға тарта алды. Бірақ әке баласына беретін еншіден, қызына беретін жасаудан бас тарта алмады. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті, әрі парызы ғып саналған. Мұның өзі адаттың әрбір отбасы мүшесінің құқығын қорғағандығын көрсетеді.

Қазақ халқының некесі экзогамиялық сипатта болды. Экзогамиялық дәстүр бір рудың, топтың ішінен ерлер мен әйелдерге некеге тұруға рұқсат етпеді. Қазақтарда жеті атаға дейін некелесуге жол берілмеген. Сондай-ақ қазақ некесі полигамиялық сипатта да болды. Полигамия бір ер адамға бірнеше әйелмен некеде түруға немесе көп әйел алушылыққа рұқсат ету деген ұғым.

Отбасы патриархалдық сипатта болған соң некелесу мәселесін ата-аналар, негізінен әке шешетін. Мысалы: тұрмысқа шығатын қызға разылығын, батасын беретін әкесі болған. Олардың шешіміне қарсы болғандар қатаң жазаға ұшырайтын еді.

Неке құда түсу рәсімінен басталады. Ата-аналар балаларын үйлендіру үшін кұда түседі. Құда түсу балалар жас күнінде, тіпті туылмай тұрып та жасала беретін болған. Құда түскен соң жігіт жағы қалың мал төлейтін. Қалың малы төленген қызды қалыңдық деп атаған. Қалыңмалы төленген қыз сол жігітке шығуға міндетті болған. Үйленгенге дейін жігіт қайтыс болса, қалыңмалы төленген қалындық жігіт елінің жесірі ретінде оның туыстарының біріне күйеуге шығуға міндетті болды [6, 12-13].

Қазақ халқында неке құру рәсімін шариғат жолымен молда жасайды. Неке қию салтанатты жағдайда үйленушілердің ата-аналарының, 2-3 куәнің және көпшіліктің алдында өтеді. Неке қию үшін үйленуші жастардың ырзалығы міндетті болған. Онсыз молда некені қия алмаған. Молда неке батасын оқыған соң неке қиылды деп есептелген.

Некені тоқтату адат бойынша тек ер адамның құқығында еді. Некені бұзуға түрлі себептер болған. Солардың бастысы әйелдің ерінің көзіне шөп салуы, еріне дұрыс қарамауы. Бірінші жағдайда ол куәлердің көрсетуімен дәлелденуі тиіс болды. Әйелдер тек ерінің өз міндетін орындауға жарамсыздығы және өзіне ұрып-соғып күн бермеген жағдайда ғана некені тоқтату туралы мәселе қоя алды.

Ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болғанда неке тоқтатылады. Неке тоқтаған жағдайда балалар әке жағында қалады. Тек емізулі бала анасында қалады. Адат әйелдің құқығын төмен қойды. Әйелдің өз алдына мүлкі болмады. Тіпті оның жасаумен келген мүлкі де еріне тиесілі болды. Әйел ерін тыңдауға және оның әмірін орындауға міндетті болған. Ажырасқан жағдайда ері әйеліне киімі мен төсек орнын, ат және шапан ғана берді.

Әдет-ғұрып нормаларындағы кең тараған мәселелердің бірі, әмеңгерлік институты болды. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел жұбайы өлген соң бір жылдан соң күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуы тиіс болды. Бірінші кезек өлген ерінің аға-інілеріне берілді. Әменгерлік жолымен ерге шыққан әйелдер көбіне жаңа күйеуінің екінші не үшінші әйелі болатын. Тіпті кей жағдайда жесір әйелдердің өзінен жасы кіші әмеңгерге шығуы да кездесті. Мұндай жағдайда ол күйеуіне екінші жас әйел әперуге келісім береді. Жасы келген жесірлер әмеңгерге шықпай өз алдына үй болып қала берген. Әменгерлік тәртібі қалыңмалы төленіп қойған, күйеуге тимеген қыздарға да тиісті болды. Олар да әменгерлік жолымен атастырған жігіті қайтыс болған жағдайда оның туыстарының біріне шығуға міндетті болған. Әменгерлік бойынша жесір әйелдің балалары жаңа әкесінің қамқорлығына өтіп, жетім деген аттан құтылды. Осылай балалар да, жесір әйел де тарығудан құтылып отырған. Жесір әйел болса күйеуге тиіп, ерлі болды. Сөйтіп жесір әйелдердің болмауына жағдай жасалды. Мұндай жағдай қоғам ішінде жеңіл жүрісті әйелдердің болмауына да себеп болды. Оның үстіне әйелді жесір, баланы жетім ету рудың, атына таңба келтіретін оқиға еді. Әменгерлік тәртібі бұл мәселені де шешті [7, 25-26].

Әдет-ғұрып нормалары баяу дамыды.

«Касым ханның каска жолынан», «Жеті жарғыға» дейін әдет-ғұрып нормаларына көптеген қосымшалар енгізілді. Әдет-ғұрып білгірлері және орындаушылары билер әдет-ғүрып нормалары негізінде сот билігін жүргізіп отырды. Әдет-ғұрып нормалары қоғамдағы үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғауды көздесе, қатардағы ру мүшелерінің құқығын да жерде қалдырмады

Әдет-ғұрып нормалары адамгершілік, гумандық, ізгілікті де қорғады. Қоғамның бірлігі мен топтасуын сақтау адаттың басты міндеттерінің бірі болды. Үлкенді, лауазым иесін, отбасы басшысын, ата-ананы сыйлау да әдет-ғұрып нормаларынан орын алды. Мұның өзі қоғамдағы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтың жолын кесті. Сондықтан да, әдет-ғұрып нормаларының Қазақ халқының құқық жүйесінің қалыптасуында маңызы өте жоғары болып табылады.

Бұл құжатқа байланысты ауызша және жазба деректерді қарастыра отырып, «Жеті жарғының» мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидаларының жинағы немесе мем­лекеттік биліктің үлгісі ғана емес, сонымен бірге, ұлттық құқықтануымның айнасы, халық рухының айшықты бейнесі, ұлттық мүдденің жаршысы екенін аңғарамыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақтың әдет-ғұрып нормаларының материалдары. Алматы, 1996.
  2. История государства и права Казахской ССР. Часть I. Алматы., 1978.
  3. Арғытбаев Қ. Қазақ отбасы. – Алматы, 1996.
  4. Материалы по обычному праву казахов. Алматы. 1998.
  5. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. – Алматы, 1988.
  6. Материалы по казахскому обычному праву. Алматы, 1998.
  7. История государства и права Казахской ССР. 1982.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.