Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дағдарысқа қарсы басқару құралдарының теориялық аспектілері

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жұмысымызда кәсіпорынның тек экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қамтамсыз ету сұрақтарына тоқталамыз.

Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.

Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды, өзекті мәселе туады.

Әрбір кәсіпорын үшін өзінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қамтамасыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты экономикалық ортада да экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың міндеттері өз көкейкестілігін жоймайды.

Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында экономикалық дағдарыстын сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, ақпараттардың компьютерлік базасының бұзылмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды.

Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылымитехникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Бұл ретте, ұдайы өндіріске мүмкіндік болмай қалады. Кәсіпорында инвестициялардың басты көздері амортизациялық аударылымдар, таза табыс және қарыз қаражаттары болғандықтан, дағдарыс жағдайында, айтылып кеткен инвестиция көздерінің тартылып қалуы мүмкін. Кәсіпорын әлуетін біртіндеп жаңалау (инновацияларды игеру, тұтыну сапасы артық тауарлар шығару) алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық, конструкторлық, технологиялық және инвестициялық құралдарды игеру арқылы жүргізілетіні белгілі. Ұдайы өндірісте осы құралдарды ұзақ уақыт бойы қолданбау кәсіпорынның дамуын тоқтатады.

Қазақстан Республикасының егемендік алған кезеңінен бастап, «экономикалық дағдарыс» термині елдің құқықтық – нормативті құжаттарынан берік орын алды. Осындай нормативті құжаттардың қатарына Қазақстан Республикасының» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің Мемлекеттік стратегиясы жатады. Ұлттық заңдылықта экономикалық дағдарыс талаптары мен түсінігі, біздің ойымыз бойынша, анық көрсетілмегендіктен, біз «экономикалық дағдарыс» түсінігін жан жақты қарастыруды үйғардық.

Үлкен заңгерлік сөздікте экономикалық дағдарыс келесідей түсінік беріледі: «... мемлекеттің үдемелі дамуы мен әлеуметтік, саяси және қорғану қабілетін дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін экономиканың жағдайы».

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы «Заңында экономикалық қауіпсіздік «Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының тұрақты дамуына және экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер ететін үрдістер мен факторлардан, ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғалған жағдайы» деп көрсетілген .

Біз жоғарыда тоқталып өткен экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігіне берілген екі анықтамада да кәсіпорынның экономикалық дағдарысы қарастырылмаған, экономикалық дағдарыс түсінігі мемлекет деңгейінде ғана қарастырылған деп тұжырымдап, анықтамаларды зерттеуімізді ары қарай жалғастырдық.

Отандық және ресейлік авторлардың ғылыми жұмыстарында кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көзқарастар көрсетілген. Сларға шолу жасау арқылы, өз ойымызды білдірмекпіз.

Бір авторлардың пікірінше, кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) экономикалық қауіпсіздігі ғылыми техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлуеттің сыртқы және ішкі экономикалық қатерлерден қорғалған жағдайы және оның барлық ресурстарын тиімді қолдану арқылы ұдайы өндіріске қабілеттілігі .

Келесі авторлар кәсіпорынның (шаруашылық субъектісінің) экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды оның ғылыми техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлуетінің тікелей (белсенді) және жанама (енжар) экономикалық дағдарыс, мысалы, мемлекеттің тиімді емес ғылыми өндірістік саясатымен немесе қолайсыз сыртқы ортаның қалыптасуымен байланысты дағдарыс, қорғалуы және ұдайы өндіріске қабілетті.

Басқа авторлардың пікірінше, экономикалық дағдарысқа қарсы басқару дегеніміз жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға мүмкін болатын экономикалық қатерлердің қарсы шаралар жүйесіне немесе басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне тең болуы .

Кейбір авторлар экономикалық дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорын қызметіне дағдарысты алдын алу үшін корпоративті ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және қазіргі кезде, болашақта кәсіпорынның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді .

Осы пікірлерде кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен байланыстыруға талап болмағаны байқалады, дегенмен дағдарысатын алдын-алу туралы мәселе қозғалған. Экономикалық дағдарыс ұштаса отырып, дағдарысқа әкелуі мүмкін болғандықтан, айтылып кеткен көзқарастарды біз дағдарыстың алдын-алу шараларымен байланыстыра көрсеткіміз келді. Біздің ойымызша, кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен мәнін келесідей түсінік толығымен ашар еді: «Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары жүйесінің тиімді қызмет ету жағдайы». Осы ретте, бұл түсінікте ресурстарды толығымен пайдалану, дағдарыстардың алдыналу, ұдайы дамуды қамтитын жүйе толығымен қамтылып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігі толығымен ашылады деген ойдамыз.

Нарықтық экономика кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде интеллектуалдық меншікті және экономикалық дағдарыстан қорғаудың арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек. Кәсіпорындағы осы қызметке жауапты бөлімшенің, дағдарыс ережелерін сақтауды бақылайтын және қорғау жоспарын, құралдарын анықтайтын, бұзу әрекеті мен фактілерін анықтау және нейтралдау жұмыстары бірінші жолға қойылады. Кәсіпорын инфрақұрылымының кез-келген элементінің қызметінің босаңсуы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару тікелей әсер ететін болғандықтан, кәсіпорынды басқару үрдісі экономикалық қауіпсіздік сұрақтарымен тікелей байланысты.

Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету үшін меншікті корпоративті ресурстар пайдаланылады:

  1. Капитал ресурсы;
  2. Персонал ресурсы;
  3. Ақпараттар және технологиялар ресурстары;
  4. Техника және жабдықтар ресурстары;
  5. Құқық ресурстары: патенттер, Лицензиялар, экспорттық квоталар.

Экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері әлеуметтік-экономикалық мәртебені анықтайтын экономикалық қызығушылықтардан тұрады. Меншік иелерінің және жалдамалы қызметкерлерден экономикалық мүдделерінің бар екенін айта кеткен жөн. Меншік иесінің, сәйкесінше кәсіпорынның бар мүддесі таза табыс алумен байланысты болғандықтан, оны алуға кедергі келтіретін факторлардың бәрі сәйкесінше экономикалық қатер болып табылады. Осылайша біз экономикалық қатер деп, таза табыс мөлшерінің төмендеуіне немесе жойылуына әкелетін мүмкін жағдайды айтамыз.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағалау өте маңызды. Себебі, қызметтегі белсенді әлует дағдарысқа қарсы дамуды анықтайтын, экономикалық өсудің кепілі және елдің экономикалық тәуелсіздігін, дағдарысқа қарсы басқару дағдарыстан сақтайтын тұрақты фактор болып табылады. Оның босаңсуы кәсіпорынның, мемлекеттің болжауға мүмкін болмайтын зардаптарға ұшырауына әкелуі мүмкін.

Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару ең алдымен менеджерлердің мүмкін қатерлерді көре білу және алдын-алу, пайда бола бастаған қиындықтарды тез шешіп, оң жолға түсу шараларын жүзеге асыруымен байланысты.

Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруда төнетін қатерлерді келесі түрде жіктейді:

  • Субъективті, кәсіпорынның немесе оның басшылығының тиімсіз қызметімен байланысты, қатерлер. Мысалы: төмен бәсеке қабілеттілік әсерінен өнімнің нарықта өтпеуі, қаржылық тұрақсыздық жағдайы.
  • Объективті, кәсіпорынға тәуелсіз жағдайлардан болатын қатерлер. Мысалы: инфляция деңгейі, табиғат апаттары.

Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару функционалдық тұрғыдан келесі элементтерден тұрады:

  • Технико-технологиялық;
  • Интеллектуалдық және кадрлық;
  • Қаржылық;
  • Саяси-құқықтық;
  • Ақпараттық;
  • Экологиялық .

Осы элементтерге толығырақ тоқталып кетейік.

Технико-технологиялық элемент. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуде менеджерлердің кәсіпорындағы технология, құрал-жабдықтар әлемдік стандарттарға сай келетінін, балама өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда қандай технология пайдаланатынын, қолданыстағы технологияны ішкі резервтердің көмегімен жақсарту мүмкіндігін талдау және жаңа ғылыми ізденістерді байқауы керек.

Интеллектуалдық және кадрлық элемент. Қазіргі экономикалық жағдайларда экономикалық дағдарысқа қарсы басқару деңгейі көп жағдайда мамандардың біліктілігімен анықталады. Сондықтан, кәсіпорында жұмыскерлерді іріктеу, оқыту және ынталандыру жүйесі ұйымдастырылған деңгейде болуы керек. Оның үстіне, кәсіпорынның басқару персоналы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жағдайын үнемі талдап отыруы, дағдарыс жағдайында сасып қалмайтындай болуы керек. Қаржылық элемент. Бұл элемент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы меншікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты болғандықтан маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығының жойылу себептері өндіріс көлемінің төмендеуімен, өнімнің өзіндік құнының жоғары болуымен, активтерді тиімсіз жоспарлау және басқарумен байланысты болады. Қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін кәсіпорынның қаржылық экономикалық қызметінде нақты тапсырмаларды жоспарлау және өткізу жолдарын қарастырған жөн. Келесідей стратегиялық міндеттерді анықтауға болады: өнімді жетілдіру, өзіндік құнды төмендету, аз шығындармен өндіріс тиімділігіне қол жеткізу, рентабельділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету.

Саяси құқықтық элементті қорғаудың үрдісін келесі түрде жүргізуге болады:

  • кері әсерлерді анықтау;
  • қорғаудың қазіргі деңгейін талдау;
  • осы деңгейді жетілдіру бойынша шараларды жоспарлау.

Ақпараттық элемент. Кез-келген ұйым немесе кәсіпорынның құрамында ақпараттарды жинап, сақтап, өңдейтін белгілі бір бөлімше болуы керек. Осы бөлімшенің мақсаты болып, кәсіпорынға келетін барлық ақпараттарды талдап, ары қарай дамуы үшін қолдана білу табылады. Кәсіпкерлік құпияны сақтайтын шараларда осы бөлім арқылы жүргізілуі керек.

Экологиялық элемент. Кәсіпорын экологиялық мөлшерлерді бұзудан болатын айып пұлдары сияқты шығындарды төлегісі келмесе, халықаралық және ұлттық экологиялық мөлшерлерді сақтауы керек.

Осы ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі шаралар алгоритмі тиімді болар еді:

  1. Мүмкін болатын экономикалық қатерлерді талдау;
  2. Қарсы шараларды жоспарлау;
  3. Қабылданған шаралардың орындалуын бақылау;
  4. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің тиімділігін талдау.

Кейде экономикалық қауіпсіздікті заңдылықтағы, нарықтағы, экономикалық тәуекелдерді есептеуде кеткен қателермен байланыстырып жатады. Осы қателердің бәрі кәсіпорынның таза табысына кері әсер ететінін айта отырып, біз мемлекетті, тұтынушыларды, табиғат факторларын экономикалық қатер төндірушілер ретінде көрсетуден аулақпыз. Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару менеджерінің басты қызметі заңгердің, экономисттің, жоспарлау бөлімінің алдына экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін арнайы міндеттерді қоюда болып табылады.

Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісі, біздің ойымыз бойынша, бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардың пайда болуының түрлері мен себептері анықталуы қажет. Екінші кезеңде сол қатерлердің алдын-алатын шаралар жүйесі іске қосылуы керек. Үшінші кезеңде олардың орындалуы бақылауға алынса, төртінші кезене тиімділігі талдануы мүмкін. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің қызметі оң бағаланса, шараларды қайтадан бастауға болады, қанағаттанарлықсыз деңгейде болса, тиімді қызмет жасайтын жүйе құру керек болады. Осы айтылған кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару қамтамасыз ету циклын біз тереңірек талдайтын тоқыма-кілем кәсіпорындарына да кеңінен қолдануға болады.

Тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің екінші кезеңінде дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуді дәл қазіргі жағдайы бағаланады. Осы ретте, кәсіпорынға төнетін қатер және осы қатерден мүмкін болатын зиян толығынан талданады. Әрбір кәсіпорында жоғарыда айтылғандай қатерлердің алдын-алу шараларынан барынша оң әсер алатын ақпараттарды жинау, талдау және бағалаудың бірегей жүйесі болуы тиіс. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі жағдайын анықтау бірнеше басты бағыттарда жүргізілуі мүмкін. Біріншіден, кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметі бағаланады. Есептік мәліметтер негізінде кәсіпорын капиталының құрылымы мен серпіні, қарыз қаражаттарынан тәуелсіздігі мен автономдығы, айналым қаржыларының ағымдағы кезеңдегі және болашаққа өтімділігі мен төлем қабілеті талданады.

Осы тәріздес талдауға негізгі және айналым капиталының пайдалануы, еңбек өнімділігі, құрал жабдықтың пайдалануы мен тозуы да ұшырайды. Кәсіпорынның еңбек ресурстары мен еңбек ақы қорына ерекше назар аударылады. Тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының шығындары құрылымын талдау ресурстар үнемінің жасырын жолдарын, дамудың интенсивті, жоғары технологиялық жолдарын анықтауға жол береді.

Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайын бағалауда тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорнының өз өнімін өткізу көлемі туралы ақпаратының мәні зор. Бұл жерде басты көрсеткіш болып, сатылымдардың ассортименті мен аймақтық құрылымы анықталады. Маркетингтік тұрғыдан кәсіпорынның тауар нарығындағы орнын, бәсекелетерінің артықшылықтары мен әлсіз тұстарын анықтау кәсіпорынның нарықтағы үлесін, баға-сапа қатынасын, баға саясатын, бәсекелік стратегиясын анықтауға-мүмкіндік береді.

Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуді бағалауды аяқтай отырып, кәсіпорынның табыстылығы мен рентабельділігін талдау жөн болады. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің келесі кезеңінде тоқымакілем өнеркәсібі кәсіпорнының қысқа және ұзақ мерзімге даму бағдарын жасау жатады. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету экономикалық қатерлердің алдын алу шараларын өткізу арқылы жүргізіледі. Егер қатер құшағын жайып тұрса, мысалы: кәсіпорыннан құрылтай құжаттарын тартып алғандай қылып алса, фирманың бұрынғы қызметкерінен сотқа арыз түссе, әріптестер қарыздарын қайтармай жатса, бәсекелестер кәсіпорынның тауар белгісін рұқсатсыз пайдаланып жатса, кәсіпорынның арғы экономикалық өмірін қалай анықтап, жоспарлаймыз. Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық, өндірістік, қаржылық қызметін талдау бізге дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі болуы мүмкін деген ой салды. Біздің елімізде кәсіпкерлер үшін нақты экономикалық еркіндікті қажет ететін нарық аяғына тұрды. Мұндай қадам үшін нарыққа сай еңбек өнімділігін, тиімділікті, тұтынушылар мен жабдықтаушылардың алуан түрлі талаптарына икемделетін өндірісті қамтамасыз ететін фирма мәдениеті мен басқару жүйесі керек-ақ. Дағдарысқа қарсы басқаруда, фирманың экономикалық ең тиімді басқару құралы ретінде, осындай әлует бар.

Ешкім және ешқашан дағдарыстан қорғап қалуға кепілдік бермейді. Әдетте, дағдарыстық жағдай аяқ астынан болады.

Дағдарыс кәсіпорындарды қызмет саласына, қызметкерлер санына, өнім сапасына және басқа жағдайларға қарамай-ақ таңдайды. Дағдарыстық жағдайда менеджменттің әдеттегі, бәрімізге белгілі шеңберінен тыс тұратын әдістері қолданылуы тиіс. Олардың кейбірі арнайы, тек дағдарыс жағдайларында қолданылатын болса, кейбір әдеттегі әдістері бизнестегі тиімді шараларға қол жеткізу құралдары сапасында қолданылады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесінде макро – микродеңгейлерге дағдарысқа қарсы шаралардың бай қоржыны бар .

Қазақстан кәсіпорындарында дағдарыс мүлде күтпеген, "көктен түскендей" тосын жай ретінде қабылданады да, оған, көп жағдайда, кәсіпорын персоналы дайын еместігін байқатады. Нарықтық экономикада жекелеген компаниялардың дағдарысы үйреншікті іс, сондай-ақ, қазір жекелеген елдерді ғана емес, тұтастай континенттерді қамтитын жүйелік дағдарыстарға да етіміз үйреніп келеді. Дағдарыстық құбылыстарға, мүмкіндігінше, әдеттегі табиғи құбылыс ретінде қарап, алдын-ала мұқият түрде дайындалу керек.

Сол кезде кәсіпорын үшін зиян аз, ал дағдарыстан шығу жеңілірек болады. Дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге қаншалықты қатысы бар екенін анықтау үшін, зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімін соған арнадық.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Кәсіпорын экономикасы: Тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. Алматы 2011
  2. Антикризисное управление / под ред. Э.М. Короткова Инфра М, 2001.
  3. Квартальнов В.А. Туризм / В. А. Квартальнов. – М.: Финансы и статистика, 2003. – 256 с.
  4. Квартальнов В.А. Менеджмент туризма: Туризм как вид деятельности / В.А. Квартальнов. – М.: Финансы и статистика, 2002. – 288 с.
  5. Чернова Г.В. Практика управления рисками на уровне предприятия. СПб.: Питер, 2000.
  6. Наумов М.Р. Страхование в предпринимательстве М.ИНФРА – М, 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.