Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Сол міндеттердің бірінде былай делінген: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшуіміз керек екендігі айдан анық. Бұл үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады. Олай болса, бүгінгі күннің басты талабы – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату.

Елімізде болып жатқан әлеуметтікэкономикалық өзгерістер, күннен-күнге үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы кез келген оқу орнын бітірушілерге қойылатын талаптарды күшейтуде. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат – жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұған қоса, оқытушының билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін оқытушы емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын студент екендігін түсіну, студенттердің оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту қажет.

Осыған байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушыстуденттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілуі тиіс. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады. Осындай өзгерістерден кейін көп жылдардан бері қалыптасқан сабақ беру әдістері, оның ішінде, студенттерге дайын білімді бере салу, ұсынылған тапсырманы орындату, бір сарынды тапсырмалар жүйесі сияқты жұмыс түрлері өз актуалдығын жоғалтты.

Қазіргі ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделініп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электронды оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру.

Ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

  • оқу материалын терең түсінуге;
  • оқу мотивациясының артуына;
  • алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
  • білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына, т.б.

Мысалы, қазіргі уақыттағы қазақ тілі сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жанжақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуға болады.

Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда техникалық құралдарды жиі қолданамын. Бұл оқушыларға қазақ тілінің грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі.

Жаңа ақпараттық құралдарды қазақ тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

  • үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
  • оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
  • сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
  • оқушылардың шығармашылығын арттырады;
  • оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
  • грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
  • оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
  • пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

Көбінесе, мен қазақ тілі сабағында компьютерді жаңа тақырып түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол сонымен бірге басқа ұлт студенттеріне қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттықкоммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары:

  • жағымды психологиялық орта жасау;
  • студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;
  • ақпараттық –коммуникативтік технологиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
  • ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен орындалатын жұмыстардың проблемалық болуы;
  • проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге үйрету;
  • кез-келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешуге бейімдеу;
  • өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;
  • пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
  • өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен орындауға үйрету;
  • студенттердің бірлескен таным процессіне белсенді араласуына мүмкіндік жасау;
  • студенттердің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;
  • студенттерге өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін орта құру;

Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:

  • сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;
  • негізгі мәселені бөле көрсетуі;
  • материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы;
  • студенттермен тең құқылы түрде қарым-қатынас жасай білу;
  • өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;
  • әр пікірді, идеяны тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;
  • ерекше идеяларға қолдау жасап отыру;
  • жағымды (позитивті) және конструктивті көзқарас ұстану;
  • сабақта ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;
  • студенттермен жеке жұмыстар жүргізу үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі;
  • бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;
  • осы нәтижеге жеткізетін –сабақтың жүйелігі.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде – оқытудың жаңа моделін құруға жол ашып отыр.

Ақпараттық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – студент өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, студенттің өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады. Педагогикалық технология жалпы компьютерлендіру үрдісінен тысқары қалған жоқ. Сондықтан сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі сабақтарға әзірлемелер дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық болатыны анық. Мұндай сабақтар студенттерді басқа әлемге, ақпараттар әлеміне, тарту арқылы сол әлемді өз көзімен көруге, көргенін курстастарына жеткізу барысында тіл дамыту мүмкіндігіне ие болады.

Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару – қазақша сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, студенттің ойлау қызметін белсендіреді. Компьютердің иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді. Тіл үйрену қабілеті төмен студенттердің өзі де компьютерден берілген тапсырмалар арқылы сөйлеуге, ойын қазақша жеткізуге тырысады. Қазақ тілін үйретуде интернеттің мүмкіндігіне тоқтайтын болсақ, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология – оқу орындарында білім жетілдіруші құрал.

Мысалы: тіл үйренудің бастапқы сатысында – интернеттен алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдаланып, әр түрлі жаттығулар құрастыру арқылы студенттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыруға; шағын ертегілер мен әңгімелерді тыңдату және оқыту арқылы тіл дамытуға, сонымен қатар материалды таңдау мүмкіндігін студенттердің өзіне беруге болады. Студент материалды іздеу барысында әртүрлі мәтіндерді оқып, оны түсінуге тырысады. Жалғастырушы топтарда – жаңалықтарды көріп, тыңдату, тыңдаған жаңалықтары бойынша пікір алмасуға болады. Кешкі ертегі айдарларымен берілген әр түрлі теле-радио материалдарды тіл дамыту жұмыстарына пайдаланамыз т.б. Осы материалдар көмегімен көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады.

Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалануды оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.

Соңғы кездері қазақ әдебиеті сабақтарында да көптеген жаңа технологиялармен қатар ақпараттық технологиялар да жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылатындықтан, қазіргі оқу орындарына шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.

Енді, осы ақпараттық технологияларды өз сабақтарымда қалай жұмыс түрлеріне пайдалануға болатындығына тоқталып өтейін. Мысалы, қазақ әдебиеті сабақтарында поэзиялық шығарманы, немесе ақынның шығармашылығын өткен кезде, әуелі оқушыларға слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы өлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, өлең мазмұнын түсіндіріп, содан соң оқушы-студенттерге компьютер немесе теледидар арқылы өлеңді тыңдату олардың жүрегінде әсер қалдыруы сөзсіз. Осындай жұмыс түрлері оқушылардың қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін оятады.

Қазіргі уақытта роман, әңгімелерді оқыту тіпті де үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады, себебі балалар кітап оқып отырғаннан гөрі компьютерде көбірек отырғанды қалайды. Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады. Мәселен, романды оқуға екі немесе үш сағат берілсе, оның бірінші сабағында мұғалім қысқаша роман кейіпкерлерімен, мазмұнымен слайд арқылы таныстырады. Екінші сабақта осы роман сюжеті бойынша түсірілген кинофильм болса, соны көрсету. Ал үшінші сабақта алған білімді бекіту мақсатында электрондық оқулық бойынша, немесе мұғалімнің өзінің құрастыруы бойынша тест және т.б. бақылау түрлерін өткізу, оқушылармен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы ретінде бір шығармашылық топ құрып, соларға осы роман немесе әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта техникалық құралдарды пайдалану арқылы сол киноны топқа көрсету. Міне, осындай ақпарат құралдарының көмегімен сабаққа қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады.

Өзім өткізетін қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технология келесі жұмыс түрінде де қолданысын табады. Бұл оқушылардың шығармашылығын аса талап ететін жоба жұмысы. Бұл жұмыс түрін жүргізгенде оқушылар техникалық құралдарды қолдану арқылы жоба дайындайды. Таңдалған тақырып бойынша жоба (презентация) жасағанда оқушылар Интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды, мәліметтерді іріктеп алады. Жобадағы мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы оқушылар көрнекілікті, анимацияны, дыбыстарды қолданады. Оларға: суреттер, хаттамалар, маңдайша жазулары, жарнамалар, кестелер, диаграммалар жатады. Сөйлеу барысында оқушылар әр слайдқа толық мәліметтер береді. Өз ойын ашық айту үшін жоба құрушы өз жобасын логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады. Сондықтан, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технологиясын қолдана бастадық. Жобалау технологиясының маңыздылығы – оқушылардың әр саладан алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жоба түсінігі бойынша алынып отырған идея теориялық және практикалық тұрғыда шешіледі. Бұл технология белгіленген нәтижеге жетіп, қорытынды шығаруға бағытталған. Қорытындыға жету барысында оқушылар ойланып, мәселені шешу барысында алған білімдеріне сүйене отырып ізденеді. Мәселен, сабақта балалар Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен танысады. Енді осы тақырыпта терең мағлұмат жинап, онымен бүкіл топты таныстыру мақсатында шығармашылық топ құрылады. Топ құрылған соң, олар Ыбырай Алтынсарин туралы мағлұмат жинауға кіріседі. Балалар мұражай қызметшілеріне, белгілі әдебиетші, тарихшыларға барып осы тақырып жөнінде сұхбат алып, тақырыпқа байланысты материалдарды суретке түсіріп, жалпы толық бейнематериал жинақтайды. Жиналған мағлұматтарды компьютер арқылы өңдеп, қысқаша деректі фильм етіп шығарады. Содан соң бұл фильмды сабақ үстінде оқушылар назарына ұсынады. Осындай өзгеше жұмыс түрлерін өткізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану – оқытудың тиімді әдістерінің бірі екендігінде сөз жоқ. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын оқытуда тағы бір өзім қолданатын тиімді әдістердің бірі – компьютерге енгізілген тест жүйелерін сабақта қолдану.Тест жүйесі мұғалімнің уақытын үнемдеуге, бір уақытта бірнеше топтарға бақылау жасауға пайдасы зор. Сонымен бірге бұл сабақтарда электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар электрондық оқу басылымы. Дәл қазіргі күні оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң нәтиже беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамыту, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыру, дербес жұмыстарын ұйымдастыру т.б. сияқты оқушы белсенділігін арттыруда маңызы зор.

Ақпараттық технологиялардың оқутәрбие үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше, ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны даусыз. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек» деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиялық құралдар және интерактивтік тақта көмегімен болмақ.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  2. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 ж.
  3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  4. «Обучение для будущего» Проектная деятельность в информационной образовательной среде 21 века. Астана, 2009.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.