Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ ауызша әдеби тілінде кездесетін ноғайлы элементтері

Жалпы әдеби тіл анықтамасы, оның арналары туралы С. Аманжоловтың «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», С. Исаевтың «Қазақ әдеби тілінің тарихы», Р. Сыздықтың «Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбектерінде айтылды. Дегенмен, тіліміздің табиғи болмысын толық таныту үшін оны көптеген қырынан талдап, зерттеп көрсету қажет болды. Ол үшін тілді зерттеудің жаңа бағыттарын енгізу кезек күттірмейтін іс еді. Міне, осындай мүмкіндікке ХХ ғасырдың соңында болған саяси-экономикалық өзгеріс нәтижесінде қол жетті деуге болады. Сөз етіліп отырған ғасырдың соңғы он жылдығы бұрынғы Кеңестік ареалдағы мемлекеттердің ұлттық бет-бейнесін нақтылаумен ерекшеленеді.

Осы уақыт аралығында қазақ тілін зерттеудің жаңа бағыттары өріс ала бастады. Тіл тарихын жүйелеуде де тың пайымдаулар белең алды. С. Исаевтың «Қазақ әдеби тілінің тарихы», Р. Сыздықтың «Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбектеріндегі дәуірге, кезеңге бөлуге, оған сипаттама беруге байланысты айтылған ойлар қашан да құнды болып табылмақ. Себебі бұл еңбектерде қазақ әдеби тілінің қалыптасу жолы тұтастай сипатталған. Дегенмен, профессор Б. Момынова айтқандай: «Қазақ әдеби тілінің тарихы» бір қарағанда еш қиындықсыз меңгерілетін пән сияқты көрінуі әбден мүмкін. Бірақ ондай пікір шындыққа сай келмейді, өйткені жеке пән болып табылатын қазақ әдеби тілінің проблемалары жеткілікті, оларға тереңдеп бару да оңай шаруа емес» [1, 3 б.].

Тілдегі әрбір құбылыс белгілі дәрежеде басқа құбылыстармен тығыз байланысты. Тілдік құбылыстар арасындағы байланыстар мен олардың сипаттары тарихи жағдайларға байланысты құбылып өзгереді. XV ғасырда түркілік тұтастық бөлшектенуге ұласып, Еуразия қос құрлығында түркі тектес ұлттар өзіндік этникалық тұлғасын даралай бастаған еді. Ұлттық даралану мен этностенудің (этнизация) шыңдалуы жалпы адамзаттық дамумен байланысты болғандықтан, бұл үдеріс тек түркі тектес емес, әлемнің басқа халықтарына да ортақ болды.

Алтын Орданың сынықтары сияқты Ақ Орда, Көк Орда, Сары Орда (Сырлы Орда) атанған хандықтардың бәрінде де осы күнгі қазақ халқының құрамындағы рутайпалар болды. Осынау тарихи ұлы саралану барысында өзінің ата жұртында қазақ халқы да ел болып іргесін айырып, ұлт болып шаңырақ көтерген. Сөйтіп, бұл кезең қазақ хандығы құрылып, дербес мемлекеттің нығая бастаған дәуірі болды. Осы кезден бастап қазақ халқы мәдениетінің де өзіндік беті айқындала түсті. Ол, әсіресе, халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезілер еді. Осылай басталған даралану нәтижесінде қазақ елі халық ретінде, ұлт ретінде өзінің дербестігін 300 жылдай сақтап келді.

Белгілі тарихи жағдайларға байланысты осындай тағдырдың тамаша сыйынан айырылып қалған кезеңдерде халықтың тұтас мәдени үдерісін құрайтын тілі мен әдебиеті де үлкен өзгерістерге ұшырады. Аккультурация ықпалынан ұлт тарихында, оның мәдениеті, соның ішінде тілінің тарихында бос орындар пайда болды. Олай дейтін себебіміз, Кеңестік дәуірде мектепте оқытылатын Қазақстан тарихы атты пәннің көлемі қазіргі осы салаға арналған еңбектердің бір тарауына да жетпейтін еді. Бүкіл бір ұлт тарихын танытатын пәннің жағдайы осындай болғанда, оның тілін егжей-тегжейлі зерттеп, баға беру үшін көптеген қиындықтар мен кедергілерді жеңуге тура келді. Ұтжанды лингвист-ғалымдарымыздың еңбектерінің нәтижесінде қазақ әдеби тілінің тарихы зерттеліп, ғылыми тұрғыдан негізделді.

Тілдегі болып жатқан өзгерістер, белгілі бір тілдік құбылыстың өшіп, екінші біреуінің туып, жандана бастауы ешбір себепсіз болмайды. Әр заманның ағымына қарай жанрлардың өсетіні, өнетіні, жоғалып жаңадан қайта туатыны бар. Белгілі кезеңдегі жаңалық, өзгерістер жалпы тілдің дамуы барысынан, қоғамдық қажеттіліктен, тілдің ішкі заңдылықтарының негізінде туып отырады. Тілдің белгілі бір кезеңдегі тармағын зерттегеннің өзінде де, ол жалпы тілдің даму заңдылығына бөлінбей, сол дамудың желісінде қаралады. Зерттеуші Р. Будаговтың пікірінше, «тілдің дамуы оның өткен кезеңінен ғана емес, қазіргі сәтінен де байқалады, тілдегі тарихи құбылыстар оның қазіргі сәтінен көрініп отырса, қазіргі дәрежесіне жетуі тарихи дамуынан танылады» [2, 17 б.].

Сондықтан да ұлт тарихында көрініс берген әрбір оқиға, әрбір кезеңнің өзіндік ерекшелігіне мән бермеу дұрыс емес. Қазақ халқы да ұлт болып ұйысып, ел болып етек-жеңін жиғанда дейін бірнеше тарихи оқиғаларды басынан кешіріп, көптеген бірлестіктердің құрамында болды. Халқымыздың тағдырында өзіндік орны бар осындай бірлестіктің бірі ретінде Ноғай ордасын айтуға болады. Ноғай-қыпшақ консолидациясына кірген ұлыстардың тілі мен қазақ әдеби тілі арасындағы сәйкестіктер мен ортақтықтардың, олардың арасындағы жалғастық дәстүрдің бар екенін көрсетіп, қазақ ауызша әдеби тілін қалыптастырудағы мұның рөлін, оған қандай дәрежеде негіз болғанын ашу қажет. Бұндай қажеттілік бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесінде дамуы кезінде бұндай қажеттілік мәтін таным негізінде диахрония мен синхронияда салыстырмалы талдау әдісімен тіл дамуының динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.

ХІV-ХV ғғ. қазақ поэзиясы Ноғай Ордасында туындап, кейінгі дәуірлерде осы дәстүрлерді ұстанғандықтан, сол ареалда болған қазіргі ұлттардың тілімен салыстыра зерттеу өзекті болып табылады.

Ноғай Ордасына қараған тайпалар қыпшақтар болды және сол тілде сөйледі. Ал қыпшақ тілі түркі тілдерінің бір бұтағы. Түркі тілдері арасындағы байланыс пен ұқсастықтарды анықтау және оларды жіктеу – тек лингвистика үшін ғана емес, басқа ғылым салалары үшін де маңызды мәселе.

С.Е. Маловтың классификациялауынша қыпшақ-ноғай бұтағына енетін тілдер ең жаңа, яғни дамыған, жетілген, жаңарған түркі тілдеріне жатады. Ол тілдердің пайда болып, қалыптасу уақыты Алтын Орда мемлекетінің ыдырау дәуіріне сәйкес келеді.

Жалпы Ноғай Ордасы, ноғайлының тегі, жері мен елі, рухани өмірі, экономикасы мен шаруашылығы туралы тарих ғылымында зерттеу еңбектер жеткілікті, әсіресе, соңғы жылдары осы тақырыпқа тереңдеп бару кең өріс алып отыр.

Қазақ әдебиеті тарихында да осы мәселені сөз еткен еңбектерді кездестіруге болады. Ноғайлы дәуірі әдебиеті туралы алғашқылардың бірі болып Шоқан Уәлиханов ХІХ ғ. сөз еткен еді. Ол өзінің еңбектерінде қазақтың батырлық эпосы Ноғай ордасы заманында туған деп тұжырымдайды [3, 138 б.] Бұндай қорытынды жасауға көп жырларда Ноғай ордасы кезінде жасаған кейбір тарихи адамдардың аты аталуы себеп болса керек. Және Шоқан Торғай даласынан «Ер Көкше», «Едіге», «Орақ» жырларын жазып алады.

Қазақ эпосының, оның ішінде ноғайлы дәуіріне қатысты эпостың тарихилығы туралы да алғаш пікір айтқан Шоқан болатын. Оның еңбектерінде қазақ түсінігінде «ноғайлармен көрші отырған кездері алтын заман» болғандығы, осы дәуірде тарихта өмір сүрген Едіге, Тоқтамыс, Орақ, Ер Көкше т.б. қайраткерлердің қазақ жырларынан кең орын алғандығы арнайы сөз болып, бұл есімдердің тарихилығына ерекше мән береді.

Кейіннен Сәкен Сейфуллин осындай жағдайларды ескере келіп, эпикалық аңсыздауларға «Ноғайлы дәуірінің туындылары» деп сипаттама берге [4, 138 б.]. Автордың бағдарлауынша, біздегі эпостық жырлардың көпшілігі қазіргі қазақ атанып отырған рулар «Ноғай», «Ноғайлы» атанып жүрген замандағы Ноғай, Ноғайлы батырларын әңгімелеген.

Қазақтағы батырлар жырының дені «Ноғайлы дәуірінде туды» дей келе, пікірін дәлелдеу үшін сол дәуір жайында тарихи деректер келтіреді. Сонымен қатар жырлардың Ноғайлы дәуірінде туғандығын көрсету үшін бірнеше жырдан («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қамбар батыр», «Ер Сайын», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Жабай батыр» т.б. сөзіне дәлел ретінде үзінділер алады.

Сәкен еңбегінде қазақта эпостық жырлар тек «Ноғайлы дәуірінде» туған деген пікір баса айтылады. Әрбір шығарманың тарихын тәптіштеп зерттеген уақытта С. Сейфуллин тың ғылыми тұжырым жасап отырған. Қазақ эпосын ұлы, кіші батыр деп топтауға болмайтындығын және оларды белгілі бір елдің басы бүтін иемденуіне, бауыр басуына тарихи негіз жоқ екендігін ашық айтады. «Қазіргі Қырым, Астрахань, Қазан, Еділ бойлары, Башқұртстан, Өзбекстан, Қарақалпақ және басқа жерлердегі түркі-монғол руларының ол заманда ноғайлы елі атанғандары – ертедегі ноғайлы батырлары туралы айтылған жырларды, әңгімелерді «біздікі еді» десе, – айтуларына болады. Олай айтуға хақылары бар. Ноғайлы заманындағы ноғайлының батырлар әңгімесіне бәрі де ортақ деуге болады. Оларға қазіргі қазақ та ортақ» деген пікірін тарихи деректермен дәлелдеп айтып, әр батырдың шыққан тегіне үңіледі.

Сәкен өз тұжырымдарын бекіте түсетін мағлұматтарды түркі тілдес елдердің шығармаларын көп жинап, өзінің түйінді пікірін айтқан, бүкіл шығыстану ғылымына үлкен үлес қосқан В. Радловтың, қазақ ауыз әдебиетін зерттеу, жариялау саласында еңбек еткен Ә. Диваевтың аттарын зор ілтипатпен атап, қажетті жағдайда пайдаланып отырады [5, 161 б.].

«Ноғайлы эпосы», «ноғайлы әдебиеті» сияқты ұғымдардың қазақ әдебиеті тарихында қалыптасуына ХХ ғ. Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан, Н.С. Смирнова, М. Мағауин, Б. Кенжебаев сияқты әдебиет зерттеушілері қомақты үлес қосты. Мысалы, «Ер Төстік», «Жиренше шешен», «Алдар Көсе» т.б. ертегі, аңыздар мен «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры», «Ер Жабай», «Ер Шора», «Орақ-Мамай» сияқты эпостық жырлар – сол ноғайлы заманының мұралары екенін айтады. Ежелден аттары әйгілі болып келген қазақ жырауларын ел ноғайлы немесе ноғайлыдан шыққан деп аңсыздайды. Мысалы, Тоқтамыс хан тұсында өмір сүрген ноғайлының Сұрғылтайұғлы Сыпыра жырау, Жәнібектің тұстасы Асанқайғы мен Жиренше шешендер ноғайлы елінен шыққан. Ел аузында сақталған бір өлеңде: «Тегінде ноғай-қазақ

түбіміз бір, Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір...» делінуі тегін емес. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың қайқайсысы да ноғайлы елі атынан сөйлеп отырады. Олардың шығармаларында «Ноғайлының ауыр жұрт», «Орманбет би өлген күн, он сан ноғай бөлген күн», Шалкиіз «Қара ханға», «Ер Шобан», «Темір биге» толғауларында аталатын тоғыз батырдың бәрі де ноғайлының аты шулы, аруақты ерлері боп баяндалады. Демек, жоғарыда аталған Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулар жасаған ХІV-ХVІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы түгел дерлік ноғайлы дәуір әдебиетіне жатады.

Ал қазақ әдеби тілінің тарихы туралы сөз болған еңбектерде аталмыш дәуірдің әдеби үлгілері белгілі бір кезең немесе дәуір есебінде қарастырылмайды. Тек ақынжыраулар шығармашылығы қазақ әдеби тілін танытатын үлгілер ретінде беріледі.

Профессор Б. Момынова ғана Алматы: «Атлас баспасы – 2001», 2006 ж. Жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбегінің «ХVХVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілі» тарауындағы «Ауызша әдеби тіл және ноғайлы элементтері», «Ноғайлы дәуірі және дәуірдің негізгі мұрасы» тақырыптарында сөз етеді.

Жалпы, Ә. Сарайдың сөзімен айтқанда: «Ноғайлы – халқымыздың тарихи белбелестерінде жүріп өткен бір кезеңі. Ғұн дәуірі, түркі дәуірі сияқты, ол да тарихымыздың бір қатпары. Ноғайлы – түркіге қарағанда уақыт жағынан кейінгі ұрпақ бізге бір табан жақын, сондықтан да улышулы ол заманның кескілескен ұрыстарының даңғыры, қаһармандарының келбеті, бір төбенің шаңын бір төбеге қосқан тұлпарларының шабысы көз алдымызға анық келіп, абыздар мен жыраулардың мұңды қоңыр үндері, замана шерін шерлеген қара қобыз, қара домбыра сарыны құлаққа анық жеткендей.

Қатаң тарихи сараппен таразыласақ, бірігіп ыдырау, жоғалып табылу тарих көшінде еншілеген ен-таңбамыз сияқты. Ғұн, түркі, қыпшақ, ноғайлы, ақыры қазақ болдық, осының бәрі бірінен-бірінің артықкемі жоқ, үзіліп-жалғанып, шұбала созылған төл тарихымыз [6, 7 б.].

Басқаша айтатын болсақ, ноғайлы дәуірі қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын жасап берді. Сонымен қатар төл әдебиетіміздің бастауы ретінде қарастырып жүрген романтикаға, зор пафосқа толы жыраулар поэзиясын дүниеге әкелді. Олай болатын болса, қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуына да ықпал етті. Сол себепті де ноғайлы дәуірін зерттеп, танудың салмағы арта түседі Халық поэзиясына тән бұл сөздер айналаға, табиғат дүниесіне, мал, жан-жануарлар, аңқұсқа байланысты. Мысалы, тұрымтай, торғай, сұңқар, бүркіт, құлан, торпақ, қасқыр, тобылғы, бұлт, көл, аспан, айдын, қошқар, бура, айғыр, бұқа, көктем, жас, мас, торы ат, тобық, теңіз, терек, тышқан, аққу, қиян, қилы заман, тұлпар; қоғамның әлеуметтік құрылысына, әлеуметтік топтарына байланысты сөздер: халық, ел, жұрт, кеңес қылу, хан, қарашы, жамандар, жақсылар, т.б.; жаугершілікке байланысты сөздер: жау, дұшпан, топ бастау, қол бастау, жағасына адам қолы тимеген; қаружарақ атаулары мен соғысқа байланысты сөздер: дұшпан аттым, көбе бұзар жебе, дулыға, атқан оғын таба алмау, қан жұқпас қайқы қара болат, шабылмаған семсер, ақ сауыт, қанды көбе, ала балта сияқты сөздер мен сөз орамдары жиі қолданылғанын көреміз.

Осындай фактілер бізге ноғайлы дәуірі кезінде батырлық, ерлік жырлары мен ақын-жыраулар толғауларының не-гізінде дамыған әдебиет тілін қазіргі қазақ әдеби тілінің негізгі арналарының бірі болды деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы.Алматы: «Атлас баспасы – 2001», 2006.200 б.
  2. Будагов Р.А. Проблемы в развития языка. – М.: Наука, 1965.
  3. Қазақ фольклористикасы / Жалпы ред. басқ. проф. М. Ғабдуллин. – Алматы: Ғылым, 1972. – 297 б.
  4. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // Шығармалар: 6 томдық. – Алматы, 1964. – 6 т. – 455 б.
  5. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1958. – 201 б.
  6. Сарай Ә. Ноғайлы.Алматы: «Арыс», 2009.480 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.