Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орыс тілді топтарда қазақ тілін оқытудағы – тіл дамыту жұмыстары

Қазақ тілін орыс топтарында оқыту әдістемесінің басты мақсаты – сөйлету, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, сөздік қорын молайтуға көмектесу, яғни тіл дамыту – оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету.

Бүгінгі танда орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың түрлі жолдары қарастырылып, жүзеге асырылуда. Оқытудың жаңа технологиялық үлгілері ұсынылуда. Жаңа буын оқулықтары сынақтан өтіп енгізілуде.

Ж. Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті ғана шеберлік емес, олжаңадан жаңаны табатын өнер,» [1, 72] деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың «іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Олай болса, осы жұмыстарды ұйымдастырушы, міндеттерді орындаушы тұлғалардың бірі – мұғалім. Сондықтан мұғалімнің көтерер жүгі де, жауапкершілігі де шексіз. Орыс тілді топтарда қазақ тілі пәнін оқытуда әр мұғалімнің өзі қалаған әдісі, тәсілі, жинақтаған тәжірибесі болады. Мұғалім, қажет етсе өзгеден үйренеді, алады, қолданады, жетілдіріп, жаңартады.

Қазақ тілін оқытудағы ең өзекті мәселе – тіл дамыту. Сондықтан мұғалім тіл дамытуға байланысты жүргізілетін материалдарды дұрыс тандай біліп, оны дұрыс бере білу қажет. Көздеген нәтижеге жету үшін сабақ жоспарлағанда оқушылардың жас ерекшеліктерін және уақытты дұрыс пайдалану қажет.

Әдіскер ғалым Н. Оралбаева тіл дамыту үшін төмендегідей жұмыс түрлерін көрсетеді: сөздік жұмысы, жаттығулар арқылы тіл дамыту, мәтін арқылы тіл дамыту, жазбаша тіл дамыту. Орыс аудиториясында сабақ жүргізетін оқытушылардың барлығы тіл дамытудың түрлерімен таныс, сабақ барысында үнемі қолданылады. Бірақ әрбір оқытушы өз әдістемесіне байланысты әр түрлі жолмен келеді. Бүгінгі мақалада тіл дамыту жұмысына байланысты жоғарыда айтылған жұмыс түрлеріне қоса, өз тәжірибемде сабақ барысында сонымен қатар, көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту, диалог, ойын түрлерін пайдалану арқылы жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталамын.

Сабақты бастамас бұрын баланы және оның көңіл-күйін осы сабаққа аударудан бастаймын. Ол әдістің бірі – диалог. Диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесіп арадағы үнсіздікті жоямын, оқушының тілін қазақша сөйлеуге жаттықтырамын. Диалог арқылы әр сабақта оқушымен сөйлескенде сұрақтар қоя отырып, бүкіл топты жұмылдырып, олардың зейінін өзіме аударамын. Кейін үй тапсырмасын сұрастыра келіп, өтілетін жаңа тақырыппен байланыстыра қысқаша әңгіме өрбітуге болады. Бұл әдіс оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасында күнделікті сабақ барысында жүргізілетіндіктен өзіндік нәтижесін беретіні анық.

Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың тағы бір түрі – сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі болады. Екінші бір тілді меңгеру – сөз үйренуден басталады. Тіл үйрету дегеніміз кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағынасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал оқушының жаңа сөздерді саналы түрде есте сақтау үшін, сабақта түрлі көрнекіліктер, кесте сөздердің орыс тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады. Жалпы оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді жаңа сабақпен байланыстыра сол сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құрғаттыру аса маңызды. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілуі тиіс.

  1. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп есте сақтаумен бірге дұрыс айтып үйренудің мәні зор.
  2. Заттың өзін көрсетті арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп есте сақтау мүмкіндігі артады.
  3. Жаңа сөзді аудару арқылы меңгерту. Жаңа сөздерді оқушылардың ана тіліне аудару сөздің дәл мағынасын ашатын бірден-бір тәсіл деуге болады.

Осындай сөздік жұмыстары арқылы тіл дамытуда мұғалім оқушыға жаңа сөздердің мағынасын меңгертіп, дұрыс айтуын қалыптастырумен бірге жаңа сөздерді оқушының қазақша сөйлеуіндегі белсенді сөзге айналдыруды көздейді. Әсіресе, жаңа жоғарыда айтылып өткендей жаңа сөздерді үйретіп есте сақтауда көрнекіліктердің маңызы ерекше. Көрнекілік құралдарға суреттер, альбомдар, техникалық құралдар т.б. әр түрлі заттар жатады. Соның ішінде сурет бойынша жүргізілетін жұмыстың алатын орны ерекше. Оқушы суретті көріп қана қоймай, оның аты қазақ тілінде қалай жазылып, қалай аталады, соған көзін үйретіп тілін жаттықтырады. Көргені, байқағаны бойынша өз жанына сөз қосады. Сол арқылы оның логикалық ойы дамиды, тілі жетіледі. Оқытушыларға тіл үйретуде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бірі – мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқудың белгілі бірнеше түрі бар екені барлығымызға белгілі. Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылады. Мәтінді оқытудағы түпкі мақсат оқушының түсініп оқуы. Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып анықтауға болады:

  1. Оқыған мәтіннің мазмұнын айтып беру жолымен өз алдына дербес сөйлемдер құрастыру.
  2. Мәтіндегі мұғалімнің сұрағына дайын жауап айту (оқу).
  3. Берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлеммен айтып беру.
  4. Оқыған мәтінге тақырып қою.

Міне, осы сияқты жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтін арқылы тіл дамыту кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға,

білім алуларына мүмкіндік туады.

Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады. Ойын оқушының сабаққа қызығушылығын арттырса, екінші жағынан тапқырлыққа баулып, ойлау қабілетін дамытады. Әсіресе, рөлдік ойындар оқушылардың тілін дамытып, алған білімін күнделікті өмірде қарым қатынас жасау барысында қолдана білуге машықтандырады.

Қазақ тілі сабағында мұғалімнің алдына қойған мақсатына жетуі үшін орындалатын әр түрлі жұмыс түрлері оның біліктілігімен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Осындай жұмыс түрлерін сабақ барысында пайдалана отырып, «Шет тілі» мамандығының 1-курс студенттерімен жүргізген сабақ жоспарын ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Аяқ-киім жөндеу шеберханасында

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: студенттердің ауызекі сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту, тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс құрастыруға, қолдануға, сұрақ қойып, жауап бере алуға үйрету.

Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабаққа қызығушылығын ояту, компьютерлік технологиялардың негізінде танымдық қабілетін қалыптастыру, белсенділігін арттыру, диа-лог ұйымдастырып, сөйлету жолдарын із-дестіру, өз бетімен, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: мамандықтың кез келген түрін бағалау, адамның еңбекқорлық қасиетін бойына сіңіру, адал еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, демонстрация, ой қозғау, рөлдік, сұхбат, топпен жұмыс т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, дыбыстық файлды тыңдау үшін колонка.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындау.

Оқытушы: Бүгін біздің ашық сабағымызға менің әріптестерім, практикалық қазақ тілі курсы кафедрасының оқытушылары келіп отыр. Олай болса, саба-

ғымызды бастайық.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқытушы: Өткен сабақта халыққа қызмет көрсету орындарының бірі «Шаштаразда» тақырыбын қарастырдық. Тақырып бойынша екі-үш студенттен бірігіп слайд дайындау, оны қорғау берілген. Кім айтады? / 1-2 студент (7 мин).

Сұрақ қойып, үй тапсырмасын қорытындылау.

Жаңа сабақ: Аяқ-киім жөндеу шеберханасында

Оқытушы: Жақсы, жаңа тақырыпты бастамас бұрын, қазір дыбыстық файлды қосу арқылы бір мәтін тыңдайық. Мәтінді екі рет тыңдаймыз, кейін мәтінде не туралы айтылғанын айтып, мәтінге ат қоямыз.

Мынау «Ивушка» дүкені. Дүкеннің сол жағында «Аяқ-киім жөндеу» шеберханасы орналасқан. Шеберхана үлкен емес, онда әр түрлі қызмет түрлері көрсетіледі. Оның жұмыс істеу уақыты сағат 9.00-ден кешкі 18.00ге дейін. Шеберханада етікші жұмыс істейді, ол аяқ-киімдерді жөндейді. Етікші қоғамға қажет мамандықтардың бірі. Өйткені адамдардың аяқ-киімдері жыртылса, оны жөндеуге шеберханаға барады. Әсіресе көктем мен күз айларында оның жұмысы көп болады. Ол әрдайым халық үшін қызмет етеді (2 мин.).

Сұрақ қойып мәтінді пысықтау. Мәтінде не туралы айтылған? Шеберханда кім жұмыс істейді?

Етікші қандай мамандық, ол не істейді.?

Кім үшін қызмет етеді?

Аяқ киім жыртылса, біз қайда барамыз? (1 мин.)

Мәтінге қандай ат қоюға болады? Оқытушы: Ендеше, бүгін біз сіздер-

мен халыққа қызмет көрсету орындарының бірі «Аяқ-киім жөндеу шеберханасында» деген жаңа тақырыпты бастаймыз. (Сабақтың мақсатын түсіндіру).

Слайд арқылы етіктің суретін демонстрациялау арқылы етіктің құрылымымен тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру (20 мин.). өкше ломаться

нәлі прибить, вбивать

табан клеить

ұлтан сшивать

қоныш сузить

қапсырма поменять

ұлтарақ класть

етік ремонтировать

бәтеңке прибивать гвоздями Жедел жөндеу, алдын-ала төлеу, қашан дайын болады?

Жаңа сөздерді дауыстап хормен оқу екінші бағанада орыс тілінде берілген етістіктерді аударып, бірінші бағанадағы зат есімдермен сөз тіркестерін құрастырамыз. Ол үшін орысша-қазақша сөздікті пайдаланамыз. Енді сөз тіркестерді пайдаланып, етістіктің бұйрық, шартты, қалау райларында сөйлем құрастырамыз. Тақтаға 2-3 студент шығады.

Сабақты бекіту

Тілді дамыту мақсатында студенттерді үш топқа бөліп, әр топқа белгілі бір жағдаят бойынша рөлдік тапсырма орындату.

  1. Сіз туған күн кешіне келе жатырсыз. Жолда аяқ-киіміңіздің өкшесі сынып қалды, жақын арада аяқ-киім жөндеу шеберханасы бар ма сол туралы сұрап біліңіз, аяқ-киіміңізді жөндетіңіз.
  2. Сіз жарнама жасау агенттігінде жұмыс істейсіз. Сізге аяқ-киім жөндеу шеберханасы туралы жарнама жасау керек.
  3. Сіз аяқ-киім жөндеу шеберханасына келдіңіз, шеберхана жабық. Сіз не істейсіз? (7 мин.).

Студенттерді тыңдау (7 мин.). Сабақты қорытындылау:

Аяқ-киім жөндеу шеберханасында қандай қызмет түрлері көрсетіледі?

Қандай жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгердіңіздер?

Бұл тақырып арқылы не білдіңіздер? Етікші қоғамға қажет мамандық па?

Кез келген адам етікші бола алады ма? (3 мин.)

Бағалау.

Үйге тапсырма (3 мин.).

  1. Тақырыпқа қатысты берілген сөздер мен сөз тіркестерін жаттау.
  2. Жағдаяттық сұхбатты ауызша тапсыру.
  3. Берілген мақал-мәтелдерді аударып, мағынасын түсіндіріңіз.
  4. Шебердің қолы көпке ортақ.
  5. Ұста пышаққа жарымас, Етікші етікке жарымас
  6. Жаман етікші біз таңдайды.
  7. Ерінбеген етікші болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Аймауытов Ж. Қазақстан мектебі №6, 1991, 72.
  2. Қазақ тілімен әдебиеті орыс мектептерінде №4, 2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.