Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адам және азаматтардың жеке меншік құқығының әлеуметтік-экономикалық құқықтар ретіндегі конституциялық сипаты

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және нарықты экономикалық жүйенің әрекет етуіне мемлекеттік меншік үлкен ықпал тигізсе де, негізгі элементі ретінде жеке меншік саналады. Жеке меншіктің қарастырылуы және құқықтық реттелуі негізінен жеке тұлғаның әлеуметтік-экономикалық конституциялық құқықтарымен, яғни субъективті құқықпен байланысты. Адам және азаматтардың конституцияда бекітілген құқықтары абсолютті деп танылып, ең жоғарғы құқықтық күшке ие екені анық. Конституциялық нормалар меншік құқығының жеке меншікке деген қалыптасқан нормаларының негізгі мазмұнын белгілеп береді. Жеке меншік субъективті құқық болғандықтан, адам құқықтарының маңызды құқықтардың қатарына жатып, жеке тұлғаның экономикалық тәуелсіздігінің негізін қалайды.

Жеке меншік құқығын әлеуметтік табиғатына негізделе отырып жеке тұлғалардың экономикалық құқықтарының және жеке құқықтарының қатарына жатқызуға болады. Жеке меншік құқығы әрбір адамға тән болып, оның бостандығының негізін қалаушы элементтерді құрайды, сонымен қатар, жеке меншік ҚР Конституциясының 6 бабында көрсеткендей мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздерінің қатарына жатады.

Меншікті иеленуге ұмтылу мен оның қорғалуын қамтамасыз ететін құқық иесі болу көптеген адамдардың табиғи сұраныстарын қалыптастыра отырып, адамның нақты бостандығының негізін қалайды және оның болашаққа деген сенімін арттырады. Атақты философтар (Гегель, Кант және т.б.) азаматтық қоғамды қалыптастыруда жеке меншіктің атқаратын ролін ашып көрсетіп берген. Жеке меншік құқығы тоталитарлық мемлекет уақытында жоққа шығарылып отырылды, өйткені, жеке меншік барлық әділетсіздіктің бастауы деген марксистік-лениндік идеологияға сүйенген болатын. Бірақ, 70 жылдың ішінде жүргізілген екі экономикалық жүйенің жарысы мен күресінің нәтижесінде аталған экономикалық жүйенің қоғам үшін тиімді екені анықталды. Жеке меншік құқығы мен еркін кәсіпкерлік қызметпен айналысу бостандығы батыс мемлекеттердегі қоғамға экономикалық және әлеуметтік өркендеуге негіз болса, жеке меншік құқығынан бас тартқан социалистік қоғам құлдырауға ұшырады. Біздің тоталитарлық тәртіптегі мемлекетіміз марксизм-ленинизм идеологиясына сүйене отырып жеке меншік құқығын танудан бас тартып, оны өндіргіш күштердің дамуына кедергі болатын басты тежегіш және барлық теңсіздіктердің негізгі қайнар көзі ретінде таныған. Біздің екі түрлі экономикалық жүйенің бір-бірімен тартысының нәтижесінде жеке меншік құқығының қоғамның дамуында алатын орны анықталды.

Жеке меншіктің шектері мен табиғатын түсінуде батыс қоғамы біршама алда кетті. Әйгілі француз революциясы адамдардың осы құқығын “қасиетті және ешкімнің қол сұғылмай тынынын” жариялаған болатын. Қазіргі уақытта адамның жеке меншік құқығының қасиеттілігі туралы айтпағанмен, оның ажырамақтығын және оған шек келтірмейтінін Конституциялық нормалармен танылды. Қоғамның дамуына байланысты батыс елдері жеке меншіктің әлеуметтік ролін арттыру қажеттілігін түсініп, соған байланысты жеке меншік құқығын шектеуге негіздер пайда бола бастады. Шексіз жеке меншік құқығы кәсіпорындарда шаруашылық заңсыздықтардың болуына, материалдық игіліктерді үлестірудегі әділсіздіктерге байланысты әлеуметтік қақтығыстардың туындауына себеп болады. Осы шектеулерді енгізу үшін мемлекет тарапынан экономиканы реттеу және еңбек, әлеуметтік қорғау салаларындағы заңдарды дамыту қажеттілігі туындайды. Сондықтан мемлекет алдында меншік иелерінің шексіз заңсыздықтарын шектеп, жалпы меншік иелерінің санын көбейту мақсаты туындады.

Жеке меншіктің әлеуметтік қызметіне байланысты конституциялық нормалар бірінші Дүние жүзілік соғыстан кейін экономиканың жұмылдырылу сипатында және ғылыми теориялардың ықпалына сай пайда болды. Бірақ конституциялық деңгейде бекітілгеннен кейін бұл нормалар өзінің дамуына негіз алып, реттеу аумағымен көптеген нормалардың туындауына себеп болды. Меншіктің әлеуметтік қызметінің ең әйгілі тұжырымдамасы Неміс Конституциясының 14 бабында бекітілген, яғни: «Меншік міндеттейді. Меншікпен қолдану бір уақытта қоғамдық игілікке қызмет жасауы керек» [1]. Аталмыш анықтама Еуропа елдерінің конституцияларын өзгерісіз енгізілді (Словакия, Хорватия, Чехия). Жоғарыда айтылғандар жеке меншік құқығы өзінің табиғатына байланысты тұрақты дамып, өзгеріп отыратын құқықтық категория екенін дәлелдейді. Өйткені жеке меншік құқығы қоғамның экономикалық және әлеуметтік үрдістерімен тығыз байланысты. Жеке меншік құқығының әлеуметтік және экономикалық үрдістерге бағыныштылығы мемлекет тарапынан осы құқыққа байланысты қатынастарды барынша толық реттеуді және оның мазмұнын толық өзгертіп отыруды талап етеді. Жеке меншік құқығы адам және азаматтардың конституциялық құқықтары жүйесінің негізін қалаушы құқығы болып есептелінгендіктен әрқашан мемлекеттің қорғауында болады.

Жеке меншік құқығының ҚР Конституциясында бекітілуі тек адам және азаматтардың құқықтарына деген жаңа тұғырнамамен ғана байланысты емес, бұл қоғамның жаңа әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы қалыптастыруда да маңызды қызмет атқарадыЖеке меншік құқығына ҚР азаматтары мен шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар ие бола алады, мемлекет кейбір жағдайларда мемлекеттің азаматтары емес адамдарға жеке меншік құқығына шектеулер қою мүмкін. Ондай жағдай негізінен мемлекеттің саяси жүйесімен байланысты. Меншік құқығы жеке тұлғаның конституциялық құқықтарының жүйесіне кіретін болғандықтан ҚР Конституциясы меншік иелігінен тек сот шешімі арқылы айыру тәртібін белгілеген. Көптеген елдердің конституцияларында жеке меншік құқығының тоқтатылуы ретінде “национализациялау” немесе көпшіліктің иелігіне беруді бекітеді. Конституцияларда адамның құқығына шек келтірмеу мақсатында қандай жағдайда азаматтардың жеке меншік құқығынан айырылатынын бекітіп, оның міндетті түрде өтелуін де бекітеді. ҚР Конституциясының 26 бабында “Заңмен көрсетілген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін” делінген. Жеке меншік адам құқығымен тығыз байланысты болғандықтан, жеке меншікке байланысты келесі тұжырымдамаларды қорытындылап шығаруға болады:

  • меншік құқығы ажырамас құқық болып саналады;
  • бұл құқықтан айыру ерекше жағдайларда ғана болуы мүмкін;
  • меншік құқығынан айыру тәртібі тек заңда ғана көрсетілуі керек;
  • субъектіні меншік құқығынан айырудың қоғамдық қажеттілігін белгілеуі керек;
  • меншік құқығынан айыру тек материалдық өтеу арқылы мүмкін болуы керек;
  • меншіктің материалдық өтелуі әділ болуы қажет;
  • меншіктің өтелуі алдын-ала жүзеге асырылуы қажет.

Осы тұжырымдамалар жеке меншік құқығының қамтамасыз етілуін конституциялық нормалардан басқа әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық нормалардан тұратын құқықтық кепілдіктерді қалыптастыратынын байқауға болады.

Азаматтардың меншік иесі болуы құқықты ғана қалыптастырып қоймай, міндеттерді де тудырады. Меншікке байланысты міндеттер ҚР Конституциясында бекітілген және оларға меншіктің қолданылуы қоғам игілігі үшін қызмет ету қажеттілігі мен меншікке байланысты салық төлеу міндетін жатқызуға болады. Осы міндеттердің конституцияда бекітілуі меншіктің қоғамда әлеуметтік қызмет атқаратынына дәлел болып отыр. Қазақстан Республикасы жеке меншікке негізделген кәсіпкерлік қызметтің дамуына ықпал ету арқылы азаматтардың әлеуметтік жағдайының дамуына негіз қалайды. Әлеуметтік бағыттағы дамып келе жатқан мемлекет үшін меншік нысандарының, оның ішінде жеке меншіктің дамығаны өте тиімді болып есептелінеді. ҚР Конституциясына сәйкес жеке меншік құқығы бекітілуі өзіндік сипатқа ие болды. Бұл норманың ерекшелігі ретінде заңды түрде алған мүліктерге меншіктен басқа азаматтар жерді де меншікке ала алады. Конституцияда азаматтардың меншікке деген құқықтарын тек бекітіп қана қоймай, оларға белгілі бір дәрежеде кепілдік береді. Бұл кепілдіктер негізінен азаматтық құқық нормаларымен бекітілген нормалары арқылы қамтамасыз етіліп отырады. Заңға сай меншік иесі өз мүлкін сот арқылы қайта алуына мүмкіндік алады. Сонымен бірге меншік иесінің құқықтарын қорғайтын басқа да механизмдер заңда қарастырылған. Меншік иесінің толық құқықтарының қамтамасыз етілуі меншік иесінің өз мүлкін толық иемдену арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты меншік иесі мүлкін сыйлауға, мұра ретінде қалдыруға толық құқықтары бар. Негізінен меншікке байланысты құқықтар Констуциядағы бекітілген нормалардан басқа азаматтық құқық нормаларымен реттеліп отырады. Сонымен мемлекет жеке меншік құқығын танып бекіткені оның мазмұнының өзгермей тұрақты қалатынын білдірмейді. Өйткені бұл құқықтар өзгеріп отырғандықтан нақты түрде реттелуді талап етеді. Бұл жағдайдың себебі болып осы құқықтық қоғамдағы болып жатқан экономикалық және әлеуметтік үрдістермен байланысты. Бірақ жеке меншік құқығы өзінің жүйелік негізін сақтап қалып, мемлекет тарапынан қорғалады. Осы бағытта мемлекет жеке меншік құқығын қамтамасыз ететін және қорғайтын кепілдіктердің келесі түрін бекітеді:

  • біріншіден, ешкім де өз мүлкінен соттың шешімінсіз айырыла алмайды. Бұл норма меншік иесін мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғайды;
  • азаматтардың мүліктерін еркінен тыс айыру тек мемлекеттік мүдде үшін және алдын-ала айырылып жатқан мүліктің құнына сай өтем төленген жағдайда ғана, осы нормаға сай мемлекетте күштеп жеке меншікті мемлекеттендіруге тыйым салынады.

Меншік институты көпсалалық сипатта болып, өзінің құрамына конституциялық, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық құқықтың нормаларын жинақтайды. Осы жағдайға байланысты қазіргі уақытта меншік құқығына байланысты туындап отырған өзекті мәселердің бірі меншіктің конституциялық құқықтық сипатымен азаматтық құқықтық сипаты үйлеспеуінде болып отыр. Азаматтық құқық заңдылығында меншік құқығының объектісі болып материалдық заттар жату керек пе, әлде меншік түсінігі материалдық заттар мен қатар материалдық сипатта емес объектілерге тарау керек деген көзқарастар туындап отыр. Осы көзқарастарға байланысты Конституцияда бекітілген меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету әр түрлі сипатта болады. Яғни мүлікке(бағалы қағаздар, банкілік салымдар, патенттер, міндеттілік құқықтар немесе кеңірек түрде берілетін түсінік іскерлік бедел) байланысты туындайтын құқықтардың қорғалуын қамтамасыз ету негізінен азаматтық құқықтық нормаларға ғана сәйкес жүзеге асырылады. Ал конституциялық қорғау тетіктері анықталмаған. Экономикалық құқықтардың Конституциямен қорғалуы А.Н. Медушевскийдің көзқарасы бойынша меншік объектілердің барлығына да тарауы қажет [2, 378]. Аталмыш ғалымның көзқарасына сай жеке меншіктің конституциялық қорғалуын қамтамасыз ету үшін оның түсінігіне талқылау жүргізгенде Европалық конвенцияның нормаларын және Европалық соттың тәжірибесін қолдану ұсынылады [2, 378].

Жалпы алғанда осы бағыттағы туындайтын қатынастардың конституциялық-құқықтық реттеудің міндеті ретінде меншікке байланысты қатынастарды тұрақтандыру және әртүрлі меншік иелерді меншік құқықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сан алуан меншік нысандарының тең түрде қорғалу принципі мемлекет тарапынан меншік нысандарының (ірі, орта, кішігірім меншік иелерімен қатар шетел кәсіпкерлер) деңгейіне, дәрежесіне қарамастан тең түрде қорғалуын білдіреді.

Жеке меншік институтының дамуы елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси хал ахуалды сауықтыруға үлкен әсерін тигізеді. Оның ішінде жеке меншік құқығының қорғалуының тиімділігі Қазақстан экономикасының инвестициялық тартымдылығын жоғарлатады. Қазіргі заман нарықты демократия қалыптасқан елдер конституцияларында жеке меншік пен жеке меншікке байланысты туындайтын әлеуметтікэкономикалық қатынастарға көп көңіл бөлінген. Осыған байланысты В. Мау жеке меншіктің қол сұғылмаушылық мәселесі Англияның революцияға дейінгі және АҚШ-тың штаттарының құжаттарында бекітіле бастаған. Бірақ қатаң және дәйекті түрде Ұлы Француз революциясының 1793 жылға адам және азаматтың құқықтары Декларациясында қатаң бекітілгенін атай отырып «меншік құқығының кепіл дендірілуі саяси құқықтар кепілдендірілуінің сұрағы сияқты қандайда демократиялық, нарықты мемлекеттерге негізгі мәселер болуы керек және ерекше қатаң тәртіп пен ережелердің реттеу пәнінің қатарына жатқызылуы қажет» [3, 16].

ҚР Конституциясында жеке меншік субъектілерінің құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды принциптер мен нормалар бекітілген. Жеке меншіктің қорғалуын қамтамасыз ететін негіздерге келесі ережелерді жатқызуға болады:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6 бап 1 тармақша):

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған, қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. (26 бап 1 тармақша);
  2. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi (26 бап 2 тармақша);
  3. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкін. (26 бап 3тармақша).

Жеке меншікті дәйекті түрде қорғау әр мемлекеттің стратегиялық мақсаты болып саналады. Сондықтанда тек қана көрсетілген нормалар ғана емес жалпы конституциялық принциптердің барлығы да жеке меншіктің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолданылады.

Конституциялық нормалардың мазмұны жеке меншікті қорғаудың конституциялық институтының қорғау объектісі болып жеке және ұжымдық игіліктер немесе құқықтар саналады.

Жеке меншікті конституциялық қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы құқықтық институттар қалыптасуы керек және осы институттар арқылы жеке меншік құқығын қорғаудың келесі әдістерін қолдануға болады:

  • Меншіктің құнына сай тең өтелуі
  • Мұрагерлік ету;
  • Жекешелендіру;
  • Меншікке байланысты көпшілік шектеудің құқықтық бекітілуі, оның ішінде міндетті қаржылық ауыртпашылық пен әкімшілік жазаны бекіткенде міндетті түрде ескерілуі меншікті конституциялық қорғаудың алғы шарты болып саналады [4].

Меншік институтының тағы бір өзекті мәселелерінің бірі – меншік құқығының шектелуі. Конституциялық құқықта меншік құқығының шектелу түсінігі келесі түрлерде қарастырылады: а) жеке меншікті шектеу, б) заң шығарушы субъектінің жеке меншікті шектеу құқығына шектеулер қою, в) Конституция немесе заңмен меншік құқығына нақты анықтама беру. ҚР Конституциясының 26 бабының 3 тармақшасында ешкім өз мүлкінен соттың шешімінсіз айыра алмайды деп көрсетілген. Азаматтық Кодекстің 249 бабында меншік құқығының тоқтатылу негіздері бекітілген [5]. Заңнамада бекітілгендей мәжбүрлеу арқылы тек келесі жағдайларды меншік құқығы шектелуі немесе айрылуының мүмкіндіктері қарастырылған:

  • меншік иесінің міндеттемесі бойынша;
  • заңға сәйкес тұлға мүліктің иесі болмаса;
  • реквизиция;
  • конфискация;
  • жер учаскесін алу себебіне байланысты меншік құқығын тоқтату;
  • қолданбай және қорғалмай жатқан мәдени, тарихи құндылықтарды сатып алу.

Конституцияда бекітілген меншік құқығының шектелу мәселесі құқықтық, әлеуметтік мемлекет принциптерін қалыптастыру барысында аса өткір тұрады. Әлеуметтік мемлекеттілік қағидасына сүйенсек меншік иесі өз меншігін қоғамның экономикалық дамыту бағытында қолданып, әлеуметтік қызметті атқарып отырса, құқық-

тық мемлекеттің қағидасы адамның конституцияда бекіткен құқықтарының барлығы абсолютті болып, шектелмеу қажет. Сондықтан адам құқығы ретінде меншік құқығына байланысты бекітілген конституциялық норма мен нақты мүлікке деген құқықтың айырмашылығын бөліп көрсету қажет [2]. Меншікке байланысты құқықтардың шектелуі Конституция нормаларының өздерінде бекітілу қажет. Мысалы Ресей Конституциясында (36 б. 1, 2 тармақша) адам және азамат меншік құқықтарын жүзеге асырғанда қоршаған орта мен басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына шек келтірмеуі керек. Конституциядағы мұндай шектеулер қоршаған ортаға келтіретін залалды алдын-ала мақсатында және басқа тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында бекітіледі. ҚР Конституциясы осындай мазмұндағы нормаларды жеке меншікпен байланыстырмай, бөлек адам және азаматтардың міндеттері ретінде бекіткен (34, 38 баптар). Меншік құқықтығының шектелуі мүліктің орнын толтыру түрі мен көлемін анықтайтын заңға сәйкес жәнеде тек заңды түрде ғана жүргізілуі керек. Мүліктің орнын толтыру қоғамның да жақтардың да мүдделерін ескере отырып әділ жүргізілуін талап етеді. Қырғыз Республикасының 1993 жылғы Конституциясының 16 бабының 17 тармақшасында бекітілгендей «Меншікті қолдану басқа тұлғалардың құқықтарына, бостандықтарына жәнеде басқада мүдделеріне, қоғамның мүдделеріне,жерге, қоршаған ортаға және табиғи ресурстарға шек келтірмеу керек» [6], ал Мавританияның Конституциясында «Экономикалық және әлеуметтік даму қажеттілігіне байланысты заң жеке меншікті жүзеге асыру аумағын шектеуі мүмкін» деген норма бекітілген [7]. ҚР Конституциясының 26 бабының 3 тармақшасының қолданылуына байланысты Конституциялық Кеңестің 2000 жылдың 16 маусымында берген түсініктемесінде жекеменшік құқығының абсолютті емес екенін бекітеді, яғни Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағын түсіндіргенде және қолданған кезде сот шешімінен басқа тек заңда көзделген жағдайларда болмаса ешкімді де өз меншігінен айыруға болмайтынын негізге алу керек. Конституцияның 39-бабы

3-тармағына сәйкес мүліктік құқық абсолютті болып табылмайды және азаматтыққұқықтық қатынастар саласында да, жарияқұқықтық салада да шектелуі ықтимал»деп әрекет етіп жатқан заңнамаға сай меншік құқығының шектелу тәжірибесі қолданылатыны нақтыланды [8]. Меншік құқығының шектелуі позитивті құқықтың бөлігі болып, құқықты теріс қолдануды болдырмауды қамтамасыз ету үшін бекітіледі. Қорыта келе меншіктің мемлекетте бекітілуі келесі факторлармен байланысты:

  • Меншік институтының экономикалық-құқықтық негізі болып нақты мемлекеттің экономикалық жүйесі саналады. Экономикалық жүйе меншік құқығына, оның мазмұнына және меншік нысандарының ара-қатынасына байланысты мәселерді шешілу бағыттарын белгілейді;
  • Экономикалық жүйенің және меншіктің құқықтық мазмұны ретінде конституциялық құқықтың ұлттық дәстүрлерге сәйкес, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейіне байланысты қоғамның экономикалық өмірінің құрылымын, меншіктің сипаты мен нысандарын бекітетін нормаларды санаймыз. Сондықтан экономикалық жүйенің негізі мемлекеттің Конституциясында бекітіледі;
  • Мемлекеттің экономикалық жүйесі тек тарихи қалыптасқан дәстүрлер, мәдениет пен ұлттық ерекшеліктерге негізделіп дамып қоймай, олардың дамуына мемлекетте бекітілген саяси, әлеуметтік жүйелерде негіз қалаушы қызмет атқарады;
  • Конституциялық-құқықтық институт ретінде меншік Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекет қалыптастырудың негізгі элементтерінің қызметін атқарады;
  • Субъективті құқық ретінде меншік азаматтардың конституциялық құқықтарын білдіре отырып, абсолютті құқықтар қатарына жатады;
  • Меншік нысандарының конституциялық құрылыс негізінде бекітілуі Қазақстан Республикасында әлеуметтік бағыттағы нарықты экономиканың дамуына, экономикалық жүйенің тұрақтылығына негіз болып отыр;
  • Меншік құқығын қолдану қосымша міндеттерін пайда болуына себеп болады. О.К. Қопабаев пен Қ.К. Айтхожиннің тұжырымдамалармен келісе отырып ҚР жеке меншік институтына конституция-лық-құқықтық категория ретінде құқықтық және әлеуметтік байланыстар мен қатынастар түріндегі азаматтық қоғамның материалдық негізін қалыптастырушы элемент ретінде көңіл бөлінбеген [9]. ҚР жүргізіліп жақтан экономикалық реформалар тұрғысында жеке меншік институтына нарықты экономиканы қалыптастырудың негізі ретінде, тиімді азаматтық қоғам түрінде әрекет етуіне қажетті әлеуметтік мемлекет пен нарықты экономиканы қалыптастырудың заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Конституция ФРГ// constitutions.ru.
  2. Мендушевский А.Н. Сравнительное конституционное право и политические институты. Курс лекций. МГУ ВШЭ, 2002, 512 с. 378 б.
  3. Мау В. Экономическая реформа: сквозь призму конституции и политики. М.: Ad Marginem, 1999.238 с. С.16-17
  4. Становление конституционной демократии России на современном этапе. Аналитический доклад. М.: Институт права и публичной политики, 2002. 62 с. www.ilpp.ru
  5. ҚР Азаматтық Кодексі//
  6. Конституция Кыргызской Республики// artlibrary 2007.narod.ru› cons/cons_ kirgizii_rus.doc
  7. Конституция Исламской Республики Мавритании // constitutions.ru.
  8. Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы. Қаулы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 2000 жылғы 16 маусым N 6/2//www.constcouncil.kz
  9. Копабаев О.К., Айтхожин К.К, Конституционно-правовые основы права частной собственности в Республике Казахстан // Вестник университета им. Д.А. Кунаева, 2004. №4, 24

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.