Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атыраулық өлкетанушылар ортағасырлық сарайшық туралы

Мақалада ұзақ жыл бойына өлкетану саласында еңбек етіп, елке тарихын түгендеуге үлес қосқан өлкетанушылар М.Намазғалиев, Ж.Ғизатов. Ө.Әлімгереев. В.Афанасьев жөнінде жазылған. Соның ішінде өлкетанушылардыңкешегі Алтын Орда дәуірінен бастап бүтінгі күнге жеткен ұлы ел билеушілеріжерленген, елдігіміздің астаналары болған киелі жерлердің бірі - Сарайшық қаласыныңтарихы.археологиялық зерттеулері мысалға алынған.

Ортағасырлық Сарайшық қаласының археологиясы мен этнографиясы, жергілікті тарихты зерттеудегі өлкетанудың рөлі мен маңызы, ата-бабалардың рухани мүрасы және киелі нысан ретінде тұлғалары, туған өлке тарихының беймәлім беттері туралы жазылған өлкетанупіылар ғылыми еңбектері сараланды.

Өлке тарихының жанашырларының облыстың қалалары мен аудандарының өлкетанушыларын тарта отырып. қатысушылардың географиясын кеңейту, өлкетануды дамытуға мүдделі барлық мекеме. ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту. өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеуге жастарды кеңінен тарту, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының негізінде 2-3 жылда кемінде бір рет өлкетану оқуларын өткізуді тәжірибеге енгізу. өлкетану саласындағы зерттеулерді дамытып. БАҚ-да өлкетануға қатысты жұмыстарды жандандыру туралы ұсыныстары қайта көтерілді.Ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихын зерттеп. төл тарихымызды өскелең үрпақка жатық тілмен. мәнермен баяндап, өлкетану аясының кендігін. мүмкіндігінің молдығын. өз елін сүйетін әрбір жан үшін шектеусіз зерттеуге лайық сала екені түсіндірілді.

Өлкетану туған елмен жердің тарихын зерттеуден басталады. Мұндай зерттеуге туған өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихп және мәдени дамуы, сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болады. «Жалпақ жұртыңды, алашыңды құрметтеу, алдымен, өзің тұрған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»- деген даналық сөзді басшылыққа ала отырып, Отан тарихын, өлке тарихын насихаттау мақсатында ұрпаққа ұлағат болар ата қонысымызда елдік пен ерліктің көптеген мұрасы болған Сарайшық қаласыныңтарихын насихаттауда, зерттеуде көз майын тауыса ғылыми ізденіспен шұғылданған өлкетанушылардың еңбектері зор.

Соның бірегейі өлкемізде сонау өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастау алатын өлкетану бағытының басы-қасында болған, туған өлкесінің тарихын жанындай сүйген азамат, қарапайым ауыл мүғалімі Мұстажап Намазғалиевті айтуға болады.

Ол Абай атындағы педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет!) бітірген. Ғұмырын Сарайшықтың тарихын, орнын айшықтауға арнады. Көне Сарайшық қаласы орнынан табылған жәдігерлерді жинап, 1968 жылы мектепте тарихи музей бұрышын ұйымдастырады. Тынбай ізденістер мен қажырлы еңбектің нәтижесінде музей бұрышы ауылдық музейге, облыстық музейдің бөлімшесіне айналады [1].

М.Намазғалиев көне қалаға қатысты «Сарайшықтың сыры көп», «Өскен ауыл», «Тағы да көне Сарайшық жөнінде», «Көне Сарайшық жөнінде не білеміз?» атты мақалалар жазып, ежелгі қаланың өткені мен бүгінгі ауыл тарихынан сыр шертті.

Сарайшық тарихын жүйелі түрде зерттеу мақсатында 1964 жылы алғаш рет «Жас өлкетанушылар» үйірмесін ұйымдастырады. Үйірмеде көне қаланың тарихы жөніндегі деректерді жинақтау және көненің көзі-әртүрлі жәдігерлерді жинап ретеу арқылы ортағасырлық Сарайшықтың кәсібі мен негізгі экономикасын және мәдениетін зерттеп анықтау ісін қойды.

Үйірмеге отыздан аса жоғары сынып оқушысы мүше болып, олардың ішінен үйірме советі құрылады. Үйірме құрылған кезде 2-3 жылдың ішінде біраз жәдігерлер жинақталады. Өлкетанушы осы ұйымдастырылған үйірме жөнінде «Мектеп музейі» атты мақаласында: «Сарайшық мектебінің жас өлкетанушылары мектептің, көне мекен - Сарайшықтың тіпті ауданымыздың тарихын жүйелі түрде зерттеу ісімен 1966 жылдан бері шұғылданып келеді. Бұл жөніндегі материалдар баспасөз бетінен кезінде жарық көргендіктен оған тоқталмаймыз. Бұл мақалада жас өлкетанушылардың бүдан бір-екі жыл бұрын, дана көсеміміз В.И. Лениннің туғанына 100 жыл, республикамыздың 50 жасқа толу мерекесін қарсылау құрметіне байланысты қолға алып ұйымдастырған өлкетану музей бөлмесі жөнінде сөз етпекпіз. Мектептегі бұл музей бір бөлмеге орналасқан. Оның ішінде алты түрлі бағытта жинақталған экспонаттар бар...» деп жаза келе, әр бөлімге жеке-жеке тоқталып, мәлімет береді [2, 1-2 п.].

Сарайшық музей қорынан табылған М.Намазғалиевтің баяндамасы мен қолжазбасы оның Сарайшық ауылында өлкетану үйірмесін ашып, ол арқылы жәдігерлерді жинап музей жүмысын үлкен күшпен жандандырғанын айғақтайды. Ел тарихын сүйген азамат «Туған жердің тарихын білу өте пайдалы. Жете білмейтін нәрсесін кім-кімнің де сүйе қоймайтыны белгілі. Олай болса туған өлкені сүю үшін де оның кешегісінен өткенін және бүгінгісі мен болашағын бағдарлап білу шарт. Әрбір жас буын туған жердің әрбір метрінде аға үрпақтың аққан қаны мен төккен тері бар екендігін білуі жөн. Бұл туған жердің қасиетін арттырып, оның қадірін молайта түсетіні кәдік» дей келе, Сарайшықтың батыс пен шығыс ортасындағы сауда қақпасы екенін, Сарайшықта 1823 жылы Жәңгір ханның Исатай батырды қамауда ұстағанын, түрмеден батырдың айып төлеп босағанын ерекше атап өтеді [2, 1-3 б.].

М.Намазғалиев өлкетану жұмысына айырықша көңіл бөлген. Қоғамдық негіздегі осындай жұмысы тәжірибесімен Москвада өткен бүкілодақтық өлкетанушылар конференциясына қатысқан. Конференцияда «Шәкірттерге коммунистік тәрбие беруде өлкетану музейінің ролі» атты баяндама жасайды. Кейін осы баяндамаға пікір берген кабинет меңгерушісі Ж.Дюсемалиев: «Қазіргі кезеңде мектептерде өлкетану музейін ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінде қойылып отырған, ең басты мәселенің бірі болып есептеледі. Бірақта жасыратыны жоқ, бүл мәселені іс жүзінде жүзеге асыра орындалуы, кең түрде етек алып отырған жоқ. Бұндай музейі бар мектептер облыста санаулы-ақ. Сондықтан да М.Намазғалиевтің бүл баяндамасын облыстық «педагогикалық оқуға «жіберуді мақұлдадық» деп жоғары бағалайды [2, 34 б.].

М. Намазғалиев өлкетану ісін ұйымдастыра жүріп, оның келелі мәселелерін баспасөз бетінде үнемі көтеретін. 1988 жылы 11 наурызда ол кезекті мааласын «Коммунистік еңбек» газетіне жариялайды. Мақаласында «....Қазақ CCP Ғылым Академиясының деректері бойынша, ескі Сарайшықтың орны Жайық өзенінің жаңа арнасының астында қалған...Әйтсе де, тарихи көне ескерткіш орындарының бірі ретінде Бүкілодақтық есепке алыңған Сарайшық бұл күнде жойылып кетудің алдында тұр. Сарайшық аты селолық Совет пен орталық мектепте ғана сақталған. Бірақ, бүлардың өзі Сарайшықта емес, Опытное селосында орналасқан. Көне мүралардан Сарайшықтың тарихын зерттеп, ескі Сарайшық орнынан табылған экспонаттардан тарихи-өлкетану музейін ұйымдастырған едім. Қазір ол музей селолық музейге айналып, ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының кеңсесі үйінің бір бөлмесіне орналастырылды. Оның «Сарайшық» деген аты өзгеріп, Опытное тарих-өлкетану музейі деп аталады. Меніңше мүны дүрыс деуге болмайды. Бұл жөнінде республикалық және жергілікті газеттерде әр кезде орынды пікірлер де қозғалады. Өкінішке орай, бүл мәселе әлі күнге елеусіз қалып келеді» деп жанайқайын жеткізеді [3]. Өз ойларын кейін жарияланған «Көне Сарайшық жөнінде не білеміз? мақаласында жалғастырып «Көне Сарайшықтың аты күні бүгінгі Сарайшық селолық округі мен сондағы орта мектептің атында ғана сақталған. Қазір ескі Сарайшықтың жайы қыл үстінде тұр. Бір кезде гүлденген қаланың болмашы шет- пұшпақтарынан қалған археологиялық экспонаттарды жинап, өзім құрастырған осындағы тарихи-өлкетану мұражайы бар. Алайда оның да болашақ тағдыры белгісіз. Оны «біресе облыс орталығындағы мұражайға, біресе аудан орталығына аламыз» деп оқтын-оқтын әңгіме жасап қояды. Біздің пікірімізше, бүл жердегі «Сарайшық» атауы жойылмауы керек, қайта кеңейтіле түскені жөн. Ал тарихи-өлкетану мүражайы шағын штат пен мемлекеттік дербестік құқығына ие болса дейміз», - деп толықтыра түседі [1].

Бүгінде туған жерінің киелі тарихын насихаттауда өлшеусіз үлес қосқан азаматтың асқақ арманы жүзеге асып, 1999 жылы 3 қыркүйекте көне Сарайшық қаласының тарихына арналған «Хан Ордалы - Сарайшық» музейі қорығы ашылады. Ал 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынышты республикалық музей-қорық қатарында. Қазір «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы деп аталады.

Өз ғұмырын өз өлкесінің тарихына, Сарайшыққа арнаған тағы бір ағаларымыздың бірі - Жанұзақ Ғизатов. Ж.Ғизатов 1939 жылы 14 шілдеде Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден (Забурын) ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Гурьев (Атырау) педагогикалық институтының физика-математика факультетін аяқтаған. Еңбек жолын Қарағанды облысы Үлытау ауданы, Байқоңыр орта мектебінде мұғалім болып бастайды. Кейін өз өлкесіне оралып, Исатай ауданындағы, Новобогат селосындық кәсіптік- техникалық училище де қызмет атқарады. Алайда кейін училище Гурьев (Атырау) қаласына көшіріледі. Сол кезде Ж.Ғизатов жанұя жағдайына байланысты қалаға көшіп, қызметін жалғастыра алмады. Ақырында сол кездегі облыстық басқарма, Ж.Ғизатовты бірнеше жыл жүмыс атқарған тәжіриебелі маман ретінде 1971 жылы Сарайшық селосында орналасқан кәсіптік-техникалық училищеге ауыстырады. Сол білім қабырғасында 30 жылға жуық эр түрлі салада қызмет атқарады. Білім саласына еңбегі сіңіп, 1975 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мүғалімі» құрметті атағы беріледі.

2002 жылы «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығына аға ғылыми қызметкер болып, музейдің ғылыми жүмыстарын жүргізеді. 16 жыл ішінде музей жүмысының ілгері дамуына үлесін қосады. Сол кезеңде өлке тарихына қатысты түрлі дөңгелек үстел, пікір алмасулар мен қызықты кездесулер өткізеді. «Атырау өлкесі Алтын Ордаға дейін»; «¥лы Жібек Жолы-дүниежүзілік өркениет жолы»; «Бабамның жүрты-Ноғайлы»; «Аңызға толы Сарайшық»; «Сарайшықтың екінші өмірі»; «Алтын Орда хандары» ғүндар мен хазарлар, оғыздар мен қыпшақтардың Атырау аймағындағы дэуірлеу кезеңін, орта ғасырлық көне қала жэйлі сыр шертсе, Ноғай батыр мен Едіге биден басқа алты хан туралы түрлі ғалымдардың пікірлері жинақтап, салыстырып серияларын жүзеге асырды [4, 35 б.].

Қазіргі уақытта да өлкетанушының кітапшалары музей-қорыққа келушілер арасында үлкен сүранысқа ие болып отыр.

Ж.Ғизатов 20-дан аса ғылыми мақалалардың авторы. Ғылыми зерттеу еңбектері республикалық басылымдарда жарияланған. Республикалық «Қазақ тарихы» ғылыми - эдістемелік журналдың Атырау облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарады. «Сарайшық-Астана қала» [5], «¥лы Даланың қасиетті күмбезі» [6] атты бірқатар еңбектер шығарады.

2015 жылы зейнетке шыққан өлкетанушы Сарайшық тарихына, ел тарихына бей-жай қарап отыра алмайды. 80 жасында Ж.Ғизатов оқушы жастармен тарихқа қызығушылық танытатын қалың оқырмандарына «Түркіден шыққан тектілік» атты кітап шығарады [7]. «Тарихымызды байыптасақ», «Жаңа буын оқуылықтары сапасы», «Тарихи деректерге үқыпты қарасақ», «Адамзат дамуының оң бағыты», «Әдебиет беттері» «Халық сауалы» тарауларынан түрады. Олардың барлығы түрғылықты мекені Сарайшықпен шебер байланыстырылған. Сондай-ақ, осы еңбегінде өлкетанушы мектеп оқулықтарындағы қателіктерді де ашып көрсетеді. Оның «Қазақ тарихы» журналы мен «Ана тілі» газеті басылымдарында 2003 жылы жарық көрген «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығындағы кемшіліктерді дэл анықтауы ортағасырлық ел тарихын терең зерттегенін көрсетеді.

Өлкетанушының қай еңбегін, мақаласын алсақ та бүгінгі жастарға арналып отыр. Оны Ж.Ғизатовтың «¥лы Даланың қасиетті күмбезі» еңбегіндегі алғы сөзін айтуға болады: «Жастардың еліне, туған жері - атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, еліміздің кемел келешегіне сенімін қалыптастырып, отаншылдық сезімін тэрбиелеу үшін олардың санасына ұлтымыздың тамырлы тарихы мен адамзат өркениетінде елеулі орны бар өнегелі мәдениетін сіңіруге көмектессек деген ағалық оймен бүл кішкене еңбек сіздерге арналады, XXI ғасыр жастары!» [6, 3 б.].

Көріп отырғанымыздай, өлкетанушы өз ізденістерін туған жерінің тарихын қастерлеуге, сол бір ізгі тарихтан кейінгі жастар өмірлік бағыт-бағдар алса екен деп жазып, отансүйгіштікке, тарихи шынайлыққа тэрбиелейді.

Келесі бір кейіпкеріміз, атамекенге деген сүйіспеншілікті оятамын деп ел тарихын жазуда еңбек етіп келе жатқан - өлкетнаушы, Қазақстан Журнал истер одағы мен Орталық табиғат қорғау қоғамы сыйлығының үш дүркін (1980, 1982, 1994), Атырау облысы экімі белгілеген Махамбет атындағы республикалық сыйлықтың (1996) лауреаты, «Егемен Қазақстан» газеті (1987) мен «Ара» журналы (1980, 1981) конкурстарының жүлдегері, «Қүрмет» орденінің иегері, Атырау өңірінің телерадиосында үзақ жылдар қызмет еткен ардагер журналист Өтепберген Әлімгереевті ерекше атауға болады [8]. Өтепберген Әлімгереев 1949 жылы 26 мамырда Атырау облысының Қүрманғазы ауданындағы Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң, еңбек жолын Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында мектеп мүғалімі боп бастайды.

Мүғалім болып қызмет атқарса да, өлкетанушының бала күнгі арманы - журналист болу болады. Сол себептен де институт қабырғасында оқып жүрген кезінде де Өтепберген Әлімгереев «Қазақстан пионері» газетіндегі «Атамекен» айдарында Ганюшкино, Қызылоба, Наубай деген жер атаулары жөнінде, ол атаулардың қайдан шыққаны туралы зерттеп, жазады.

Сондықтан 1973 жылдың 15 мамырында «Атырау» (Атырау облыстық) газетіне жүмысқа шақырылғанда, ойланбастан сол жерге жүмысқа орналасады. Осылай өзнің қаламын үштап, сүйген мамандығымен айналысады. Бала кезден өзіне жақын тақырып - бүл өлкетану тақырыбы болады. Жүмысқа орналасқан сәтте ол Гурьев совхозына барып, Сәбила Мүхитова деген диқан туралы хабар жазады. Әрі қарай, өзінің жұмысын дамытып «Еңбек зейнеті» деген кітап шығарады [9]. Бұл кітап өлке саласын зерттеудегі жұмыстарының бастауы болады.

1990 жылдан бері Атырау телерадио компаниясында Бас редактор боп қызмет атқарған Өтепберген Әлімгереев қоғамдық жүмыстарды да қатар алып жүрді. Қазірге дейін «Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы» Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы қызметін атқарып келеді.

Қазіргі таңда Махамбет, Асан Қайғы, Жиренше шешен, Мурат, Бала Ораз, Мақаш әкім туралы зерттеулер жүргізген. «Еділ жайлаған қазақтар» [10], «Алаш аңсаған азаттық» [11], «Айналайын, атажүрт» [12] және «Сарайшық» [13] секілді құнды еңбектер жазған.

«Сарайшық» еңбегін жазуда өлкетанушы археолог, т.ғ.к., З.Самашев зерттеу экспедицияларына қатысып, өзі бірге жүрген. Сарайшық өңірін жан-жақтап зерттеп барып, 2000 жылы «Сарайшық» атты еңбегін жарыққа шығарады. «Біз сол жер табытына қүрсанған кейбір қалаларымыздың ізін тауып, олардың өмір сүрген дәуірі, сәулеті мен мәдениеті, экономикалық кескін келбетін анықтау, кешегі тарихты бүгінгі таным-санамен бағымдау жолында жүмыс істеп келеміз. Сондай қалаларымыздың бірі - Сарайшық» деп жазады өз еңбегінде [13, 68 б.]. Ол еңбегінде Сарайшық қаласының өмір сүрген кезеңін бірінші ауыз-екі әңгімелер бойынша келтірсе, екінші ғылыми негізде, нақты деректерге сүйеніп жазады.

«Алдымызда көсіліп көне Сарайшық қаласының орны жатыр. Күні-бүгінге дейін Сарайшық тарихына назар аудармадық. Бірақ уақыт бір орында түрмайды, үрпақтар да ауысады, тарихтың сипатын өзгертіп, жаңа түр беретін де кез болады. Сарайшыққа сондай шак туған сияқты» - деп Сарайшық тарихының кеңінен зерттелетіндігене сенім білдіреді [13, 67 б.].

Ө.Әлімгереев ел жөнінде, өлкесі жөнінде ізденімпаздығы арқасында халыққа үлкен дүние - өз ғылыми еңбектерін берді. Өлкетанушы өзінен кейінгі жас әріптестерге, жас үрпаққа үлгі болатындай ерекше тұлға.

Мақаламыздың келесі бір тұлғасы-жергілікті өлкетанушы Вячеслав Константинович Афанасьев жөнінде болмақ.

Өлкетанушы Вячеслав Константинович 1940 жылдың екінші қыркүйекте Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген. Атырау қаласындағы №12 бастауыш мектепте, Куйбышев атындағы және Абай атындағы мектептерде білім алған. В.К.Афанасьев өз өмірбаянында оқушы кезінен мектеп күзетшісі, орыс-жапон соғысының ардагері Василий Нижутиннің әңгімелерін зейін қойып тыңдағанын айтады. Мектеп кезінен бастап қариялардан соғыс, саяхат және батырлық, қаһармандық секілді тарихи әңгімелер өлкетанушыға үлкен эсер етіп жэне де болашағын қызыққа толы тарих ғылымымен байланыстырғысы келді. 1959 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына тарих мамандығына оқуға түседі. Кейіпкеріміз 1964 жылы аталған білім ордасынан тарих пэнінің мүғалімі дипломын алып, теңіздей толқыған өмірге қадам басты. 1960 жылы Гурьев облыстық білім басқармасы Вячеслав Константиновичу!ң өлкетану жэне туристік-экскурсиялық бағытына қызығушылығын ескеріп, оқушылардың экскурсиялық-туристік станциясына жүмысқа шақырды. Алдымен үйірме жетекшісі, эдіскер қызметтерін атқарды, 1976 жылы аталған станцияның директоры, облыстық білім басқармасы кеңесінің мүшесі болып сайланады.

В.К. Афанасьев - ұстаз, өлкетанушы, зерттеуші ретінде жарты ғасырдан астам уақытты өзінің туған өлкесінің тарихын зерттеуге, жастарға тэлім-тэрбие беру ісіне арнады. Еңбек жолында түрлі марапаттарға да ие болды. Мысалы, 1960 жылдар басында «туризм нұсқаушысы» атағын алса, 1964 жылы Қазақ CCP Ағарту Мпнистрлігінің «Қазақ CCP Ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған, 1967 жылы Қазақ CCP республикалық Туризм кеңесінің мүшесі, 1968 жылы велотуризм бойынша «КСРО спорт шеберіне үміткер» атанды.

Өлкенің тарихын көпшілікке тарату арқылы В.К. Афанасьев облыстық жэне республикалық газеттердің беттерінде Сарайшық жэне басқа да археологиялық кешендер туралы баяндайтын көптеген мақалалар жариялайды жэне жүртшылық оның жарияланымдарын қызығушылықпен қабылдайды. Бүл мақалаларда В.К. Афанасьевтің "Сарайшық" музей-қорығының бастауында түрған Мүстажап Намазғалиевпен тығыз байланысын байқауға болады. Вячеслав Константинович бірнеше рет ортағасырлық Сарайшық қалашығының тарихымен байланысты көптеген қазба жүмыстарына қатысады.[14]

Ә.Марғұлан атындағы Археология институты қорында В.К. Афанасьевтің Сарайшық қаласында жүргізген археологиялық жұмыстарының «Подъемные материалы с городище Сарайчик (XI-XVI)» атты ғылыми есебінде 1958-1976 жылдары ортағасырлық қаланың мэдени қабаттары қүландысынан жиналған керамикалық бүйымдарға сипаттама береді. Аталған ыдыстар мен керамика параметрлерінің шартты белгілері В.Ф.Генингтің «Археологиялық қазба жұмыстарынан керамиканы статистикалық өңдеу бағдарламасы» атты еңбегі бойынша сұрыпталғанын келтіреді. [15, 52 б.]

1987 жылы В. Афанасьев археологиялық қазба жүргізу құқығына "ашық парақ" алып, Ақтөбе-Лаэти деп аталатын Теңдік қалашығында жүмыстар жүргізеді.

1989 жылдан бастап З.Самашевтің басшылығымен Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының жұмысына белсенді араласып, Ақтөбе-Лаэти жэне Сарайшық қалаларындағы отрядтардың бірін басқарды.

1991 жылы жабылып қалған туристік клуб "Мирас" туристік-өлкетану клубына қайта ұйымдастырылды, онда Афанасьев далалық экспедицпяларға қала оқушылары мен студенттерінің жаңа топтарын тартады.

90 жылдары Атырау қаласында Қазақстан FA Батыс бөлімшесі ашылды, онда тарих пен мэдениетті зерделеу жөніндегі өңірлік орталық құрылды, бөлімшені Академик Ш.М. Айтқалиев басқарды, тарих пен мәдениетті зерделеу жөніндегі орталықтың басшысы т.ғ.к., Г. Каленова, В.К. Афанасьев осы орталықтың штаттық ғылыми қызметкері болды. Оның жұмысы кезінде орталықта өлкетану олжаларының түрақты көрмесі үйымдастырылды. 1997 жылы Орталық жабылғаннан кейін Вячеслав Константинович облыстық тарихи-өлкетану мұражайында археология бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмысын жалғастырады.

1998 жылы В.К.Афанасьев Атырау Мүнай жэне газ институтына "Өлкетану" жаңа курсын ашуға шақырылды. 2003 жылы доцент, кейін академиялық профессор атағы беріледі.

В.К. Афанасьев "Былина" орыс YMO мүшесі болып табылады.

Вячеслав Константинович туристік-өлкетану жұмысы бойынша бірнеше әдістемелік құралдар шығарды, олардың қатарына: «Оқушылармен туристік-экскурсиялық жұмыс бойынша жетекші материалдар», «Мектеп мұражайы туралы ереже», «Жас өлкетанушылар - ғылымда» жатқызуға болады. Сарайшық және өзге де археологиялық кешендер туралы өлкетанушының облыстық «Коммунистік еңбек» газетіне бірнеше мақалалары жарық көрді. Атап айтсақ: «Жорық әңгімесі таусылмайды» (20 қыркүйек, 1975 ж), «Сарайшықта мұражай болады» (20 ақпан, 1976 ж), «Жылдар шежіресіне үңіліп» (9 сәуір, 1976), «Ашық кездесу» (13 қаңтар, 1977 ж) «Алғашқы қазба жемісі» (6 тамыз, 1977 ж), «Тарих астарына үңіліп» (26 мамыр, 1979 ж), т.б [15, 54 б.].

Вячеслав Константиновичпен бірге саяхат жасап, мыңдаған оқушылар мен студенттер өлке тарихы мен табиғатын тамашалады. Олардың көпшілігі үшін бұл мамандықты таңдауға, өмір жолына эсер етті. Өз Отанының патриоты бола отырып, ол өлке тарихының құндылықтарын сақтай отырып, жас ұрпаққа тэлім бере алды. Нэтижесінде олардан сауатты тэрбиешілер, туристік топтардың көшбасшылары, туризм жөніндегі нұсқаушылар, талантты оқытушылар қалыптасты.

Вячеслав Константинович өзінің өміріндегі ісімен өлкетану сабағы белгіленген міндет емес, адам жанының еркін жэне терең қозғалысы екенін дэлелдеді. Оның туған жер туралы еңбектері қазіргі адам үшін ғана емес, сонымен бірге қаламыздың болашақ ұрпағы үшін де үлкен маңызға ие болып отыр.

Бүгінгі жаһандану заманында эрбір жас үшін өз өлкесінің тарихын зерттеп білуден қастерлі ештеңе жоқ. Мектептерде шағын өлкетану бұрыштары мен музейлер ашылса, біздер одан ешқандай ұтылмаймыз, керісінше өсер ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігі қалыптасады деген ойдамыз. Ал оның нақты дэлелі өз өлкесінің тарихын насихаттап, зерттеген осы өлкетанушылардың өнегесі үлгі болмақ.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Ахмет А. Көне Сарайшықтың жоқшысы //Жайық шұғыласы. -2019. -17 қаңтар.
  2. Сарайшық музей- қорығының қосымша қорынан. М.Намазғалиев қоры. 1970. -1-2 п.
  3. Намазғалиев М. Сарайшық туралы не білеміз? // Коммунистік еңбек. -1988. -11 март.
  4. Мүктар Ә._ Диярова Ж. Сарайшық музей-қорығы тарихы (1963-2019 жж.). Монография. - Алматы: «Арыс» баспасы. 2019. - 192 бет.
  5. Ғизатов Ж. Сарайшық- астана қала. Ақтөбе: «Полиграфия» баспасы, 2004. - 192 бет.
  6. Ғизатов Ж. Үлы Даланың қасиетті күмбезі. Алматы. 2009. - 288 бет.
  7. Ғизатов Ж. Түркіден қалған тектілік . Алматы: «Принт плюс» баспасы, 2019. - 216+8 бет.
  8. https://adebiportal.kz/kz/authors/view/884
  9. Әлімгереев Ө. Еңбек зейнеті. Алматы: «Қайнар» баспасы, 1982. - 54 бет.
  10. Әлімгереев Ө. Еділ жайлаған қазақтар. Алматы: «Атажүрт» баспасы, 2012. - 248 бет.
  11. Әлімгереев Ө. Алаш аңсаған азаттық. Алматы: «Арыс» баспасы, 2011. - 256 бет.
  12. Әлімгереев Ө. Айналайын, атажүрт. Атырау: «Ағатай» баспасы, 2019. - 258 бет.
  13. Әлімгереев Ө. Сарайшық. Алматы: «Өлке» баспасы, 2000. - 72 бет.
  14. Нугманов Н. Движение человеческой души // Прикаспийская коммуна. - 2020. - 23 июня
  15. Туган өлкені зерттеу: оның маңызы және басым бағыттарьгРеспубликалық онлайн ғылыми- тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы (15 мамыр, 2020 жыл) / Жалпы ред. басқ. Ә.Қ.Мұқтар. - Атырау-Сарайшық, 2020. - 142 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.