Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы барлық ¥лт өкілдерінің құқықтық негізде өмір сүруі - қоғамдық және саяси татулықтың мызғымастығы

Мақала барысында Қазақстанның болашағы қашанда халықтар арасындағы татулықпен тікелей байланыстылығы және мемлекетіміздің саяси жүйесіндегі маңызды элемент - барлық ұлыстардың мүддесін біріктірген. үлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету екендігі баяндалады. Саяситүрақтылық пен қоғамдық татулықтың еліміздің дамуы мен шетелдермен қарым-қатынасымыздың нығаюында алар орыны ерекше екенін білдіреді. Бүл мемлекетіміздің түбегейлі принциптерінің бірі ретінде - әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында саяси жүйеніңөз қүрылымын сақтап, тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрақтылық. Ол экономиканың жоғары қарқынды дамуына, халықтың әл-ауқаты үздіксіз өсуіне. саяси тәртіптіңзандылығы мен демократиялығына өз үлесін қосатындығы сипатгалады.

Саяси тұрақтылық бүл - мсмлекетгің саяси жүйесінің өзгермейтін қатаң қағидаға негізделген тұрақты дамуы ретінде емес. қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерін. дамуын қоғамдық-саяси ортада қалыптасқан түрактандырушы фактор ретінде қарастыру. Саяси тұрақтылықтағы басты нәрсе - бүл билік қүрылымдары қызметінің легитимділігінде. айқындылығында. тиімділігінде. байқалатын саяси мәдениеттің нормалары мен күндылықтарының тұрақтылығында. саяси қатынастардың бір қалыптылығында байқалатын тәртіпті қамтамасыз ету. Қазақстан мемлекеті үшін де қоғамның түрақтылығы, мемлекетгің үйысуы, қоғамның топтасуы. саяси түрақтылықты қамтамасыз ету негізгі мәселеге айналып отыр.

Саяси тұрақтылық және ұлттық қауіпсіздік қазіргі заманғы кез келген мемлекеттің, қоғамның дамуының негізгі шарты. Сондықтан саяси тұрақтылық - бүл жалпы мемлекеттік және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік-саяси институттандырылған құрылымдардың арасындағы қатынастардың бірқалыпты дамуынан көрінетін не ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, әлеуметтік-саяси дағдарыстың туындау мүмкіндігін болдырмайтын саяси жүйенің ерекше қасиеті. Ал қоғамдық тұрақтылық қағидасын нығайту - әр түрлі объективтік және субъективтік факторларға байланысты қоғам әртүрлі қабаттарға, топтарға, үлттарға, тектерге және басқаларына бөлінеді реттейді. Үлттық, діни, нәсілдік, әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматгардың тең құқығын арттырусаяси тұрақтылықты орнатудың басты құралы. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың құқық қорғаушылық қызметі де қоғамдық татулықтың нығаюына өз үлесін қосуда. Мемлекеттік қүқық қорғау қоғамдық саяси келісімді бұзуға бағытталған әрекеттерді болдырмауға да септігін тигізеді. Erep қоғамда саяси бірлестіктер өзінің қызмет барысында қоғамдық тұрақтылықты бұзуға бағыт алған ірекеттер өткізсе, тиісті қүқық қорғау органдары арқылы тыйым салынуы қажет.

Ата заңымыздағы «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп басталатын конституциялық ұра, барша Қазақстан халқын біртұтас мемлекеттің тең құқықты, азаматтардың саяси қауымдастығын танып, олардың ұлттық, мәдени белгілеріне қарамастан сол елдің азаматы ретінде өзін сезінуіне, бірлесуіне, ұйымдасуына және қоғамдық келісімге келуіне жол ашты. Еліміздің Ата заңының 1-бабында шет мемлекеттердің конституцияларының ешбірінде де болмаған ерекше норма бекітілген еді. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2-тармағында «Республика қызметінің түбегейлі принциптері, яғни қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық».Аталған принциптерді басты заңымызға енгізудің де адамзатгың, ұлтгар арасындағы татулықтың бой алуына қосар үлесі зор [1].

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген (2-бап, 1-тармақ) мемлекеттің аумақтық біртұтастығынан туындайды. Біртұтастық прпнципі - Республика аумағында біртұтас этносаясат жүргізіледі және этникааралық немесе ішкі интеграция Республиканың біртұтас аумағын түгел қамтиды, Республиканың ешбір бөлігі бұл процестен тыс қалмайды, дегенді білдіреді. Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі-мәдениетімізді, дәстүр мен тілімізді қайта жаңғыртып дамыту, Қазақстан өмір сүруші қазақ үлты мен басқа да үлт өкілдерінің үлттық қадір-қасиетін нығайту болып табылады. Осы негізде еліміздің тәуелсіздіктің жолындағы тарихына көз жүгіртсек:

Қазақ елі 1991 жылғы желтоқсанның 21-де жергілікті уақытпен он бір сағат отыз минутта тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясында жиналды. Осы күні бүл жиналыста бүрын әзірленген құжаттарды талқыланып, он бір республиканың басшысы жиналыстың қортынды күжаттарына өз қолдарын қойды. Осы күннен бастап, KCPO өмір сүруін тоқтатты және құрамына кірген республикалар тең құқылы құрылтайшысы болып аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дүниеге келді. 1992 жылы наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Үйымының мүшелігіне қабылданды. 1995 жылдың аяғына дейін 115 мемлекет Қазақстан тәуелсіздігін танып, 103 ел дипломатиялық қатынас орнатты [2, 84-8766.].

Қазақстан саясатының стратегиялық бағытынжүзеге асыру үшін уақытқажет болды. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс еді. Бір орталыққа бағынған Одақты құрудың кезек күттірмейтін шараларды жүзеге асыруда орталықтың кертартпалығы мен батылсыздығы орталықтан безу үрдістерін шапшаңдата түсудің елеулі, бірақ бірден-бір ғана емес себебі болды. Ондай үрдістердің нәр алатын ең басты орталығы ұлтаралық қайшылықтар аясы еді.

Саяси тұрақтылық пен қоғамдық татулық қарқынды дамығанда Қазақстанның бүгіні мен ертеңгі күніне және мемлекеттік аумақтық тұтастығына қатер төнбейтініне нық сенімдімін. Көршілес жатқан Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де шабуыл жасауға әрекет етпейтіні де саяси стратегия н ың мықты болуына байланысты. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап экономикалық әлеуметін тиімді нығайту үшін пайдалануға тиіс, соның салдарынан негізінде ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра алды. Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастылығымызды қамтамасыз ету үшін мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Қазақстан Қытайдың геоменизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.

Сыртқы саясатымыздағы басымдықтардың арасында ашық-теңізге бөгетсіз шығуды қамту, Тынық мұхиттан бастап Қытай территориясы, Орта Азия, Иран мен Түркия мемлекеттері арқылы транс Еуразия темір жол транзитін ұйымдастыру жұмыстары бар. Мемлекеттік делегацияның Иранға соңғы сапары Каспий теңізін Қазақстанды Солтүстік Иранмен және Парсы шығанағымен байланыстарын көлік артериясына айналдыру туралы уағдаластықпен аяқталды. Осы жоспарларды іске асыруда біз халықаралық экономикалық ұйымдарымен ынтымақтастық жасауға кірістік Сондай-ақ дүниежүзінің біразелдерімен әуе қатынасы да дамуда.

Сыртқы саясатымыздың басты бағыттарының бірі - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдермен өзара қатынасы. Үлтаралық келісімді нығайтумен қатар, Қазақстан қоғамының бірлесуойын іске асыра отырып, ұлт ішіндегі бірлікті нығайту басты мақсат еді. Қазақтардың ішіндегі жүзге, руға, аумақтық топтарға бөлінудің тарихы мен табиғатын, оның өткен уақытта және қазіргі кезде қоғамның дамуына әсерінің әртүрлі сипатын зерттеу тұрғысынан әлі де ой елегінен өткізу қажет. Бірақ мәселе мынада: қазір ұлт ішіндегі бөлінудің жаңа, тіпті де зиянсыз емес үрдісі пайда болды.

Жалпы алғанда, қазіргі ру-тайпалық идеология - бүл ішкі ұлттың ыдырау және бағдардан айырылудың өте қауіпті түрі. Сондықтан да мемлекеттік идеология өзегінің бірі рулық таптарында жоюға тиіс еді. Бүл ең алдымен тарихи қалыптасқан ұлттық мемлекеттік. Бұл Қазақстанның аумақтық тұтастығы. Бұл сан ғасырлық мәдениеттің бірлігі. Осындай ұранмен бүгінде республиканың барлық халқы бірігуде, оның үстіне олар қазақ халқын ұлттық бірігуге шақыруға тиіс.

ТМД шеңберінде Орталық Азия экономикалық кеңістігінің құрылуын Еуразиялық одақтың жобасын жүзеге асыру кезеңдерінің бірі ретінде қарауға болады. Аймақтық интеграция ТМД-ны нығайтудың бір факторына және неғұрлым жоғары сатыдағы интеграцияға бастайтын қадамға айналуда.

Қазақстан өзінің қарым қатынасын Орталық Азияда, яғни дүние жүзінің ең ірі мемлекеті Америка Құрама Штаттарымен орнатқанмемлекеттердің бірі. Мұның өзі құқықтық тұрғыда Демократиялық әріптестік туралы хартия бекіп, іс жүзінде АҚШ-тың тәуелсіз Қазақстан мемлекеті Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі болып табылса, еліміздегі нарықтың және демократиялық реформалар қарқынды дамыса екен деп шын пейіл мен мүддесін танытуынан көрінеді [3,1216.].

1991 жылы Алматыда өткен кездесу кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты келіссөз еді. Оған ядролық қарумен қаруланған мемлекет ретінде Белорусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина республикаларының президенттері қол қойды. Осы келісімге қатысты қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірігіп жасап, Тәуелсіз Елдер Достастығындағы барлық республикалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті.

ТМД-ның құрылуы мен жүйеленуі KCPO құрамына кірген мемлекеттерге пайдалы болды. Егемендікке ие болған республикалар түрақсыздыққа, әр түрлі саяси күштер мен қозғалыстарға өз қауіпсіздігі үшін күмәнмен қарады. 1993 жылы ЕІұрсұлтан Назарбаев әлемнің сыртқы саясатын ескере отырып, Лиссабон хаттамасына қол қою арқылы Қазақстан ядролық қарусыз аймаққа айналады деп мәлімдеді.

Республика қызметі негізге алатын маңызды қағидалардың бірі - елде саяси түрақтылықты орнату. Бұл сонымен қатар мемлекеттің, қоғамның және олардың институттарының үнемі ойлауының нәтижесі. Қоғамдағы саяси тұрақтылық саяси, құқықтық мүраттар мен қоғамдық-саяси қүндылықтардың бірлігімен анықталады. Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның барлық мүшелерін біріктіре алатын және саяси тұрақтылық үшін берік негіз қалайтын саяси-құқықтық мүраттарды, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды қалыптастырады. Алайда осы факторлардың өзі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайды. Саяси қақтығыстың себептері көп. Саяси қақтығыстарда әлеуметтік факторлар жетекші рөл атқарады. Бұл топтар, әлеуметтік қабатгар арасындағы экономикалық мәртебенің ашықтығы. Мұндай жанжалды тараптардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келмейтін экономикалық реформалар арқылы шешуге болады. Саяси қақтығыстардың тағы бір көзі - бүл әр түрлі әлеуметтік топтардың саяси мұраттарындағы айырмашылықтар. Мұндай қақтығыстар мемлекеттілікті реформалауға, мемлекеттік құрылым әдістеріне қарама-қайшы көзқарастардың нәтижесінде пайда болады. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы мемлекеттіліктің үлттық сипатына баса назар аударып, саяси қақтығыстарға жол ашты. Ал 1995 жылғы Конституция мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік сипат саласындағы идеалдар бірлігін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасады. Осылайша, Конституция бұл процесте саяси жанжалдың туыидауына жол бермеді [4, 226.].

Саяси қақтығыстардың себептерінің бірі - мәдени дамудың тарихи және өзекті мәселелерін бағалаудағы іргелі рухани құндылықтардағы алшақтық еді. Мұның жарқын көріністерінің бірі - республикадағы тіл мәртебесі туралы бұрыннан келе жатқан дау. Тіл туралы жаңа заң қабылдау арқылы біздің мемлекет саяси қақтығыстардың себептерін жойды. Алайда тиісті мемлекеттік құрылымдардың білікті ұйымдастырушылық және құқық қорғау қызметі ғана оны толығымен жоя алады. Қазақстанда қүрылған және жұмыс істейтін ұлттық мәдени орталықтар бүл жұмысқа оң эсер етеді.

Заңда үстемдік пен тепе-теңдік жүйесін, адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарының басымдығы жүйесін қолдану арқылы құқықтық мемлекет, биліктің бөлінуі жэне мемлекеттің үйлесімді қызмет ету принциптеріне негізделген демократиялық, құқықтық, зайырлы жэне элеуметтік мемлекет қүру бағытын заңнамада дэйекті түрде енгізу. қамтамасыз етілуі керек. Сонымен қатар, адам құқықтарының басымдығы қоғам мен мемлекет мүдделерімен теңестірілуі керек. Осы бағытта құқықтық жүйені дамыту, оны халықаралық стандарттарға сэйкес келтіру қажеттілігі Б¥¥ Мыңжылдық Саммитінде қабылданған Мыңжылдық декларациясында баяндалған. Бүл тұрғыда құқықтық саясат тұжырымдамасы тек құқықтық жүйенің даму бағытын анықтап қана қоймай, сонымен бірге құқықтық саясаттың әлеуметтік-экономикалық жэне саяси салалардағы реформалармен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек.

Халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына сэйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясы қолданыстағы заңнаманы одан эрі дамытуды, атап айтқанда, қолданыстағы заңнаманы, сондай-ақ қоғамды одан эрі дамыту мақсаттарына сэйкес жаңа нормативтік құқықтық актілерді біртіндеп жетілдіруді көздейді. қабылдауды талап етеді. Қоғамдағы құқықтық реформаның нэтижелерін егжей-тегжейлі талқылау нэтижесінде Конституцияға негізделген құқықтық жүйені дамыту қажеттілігі басым болды. Қазақстан Республикасының Конституциясы қажетті қүқық қабілеттілігін қамтиды. Ол өзінің құқықтық нормаларында ғана емес, сонымен қатар құқықтық идеялары мен қағидаларында тұжырымдалған. Конституцияның құқықтық идеялары Қазақстандағы демократиялық, зайырлы, құқықтық жэне элеуметтік мемлекет институттарын нығайтуға бағытталған заңнамалық ұйымдастырушылық жэне үйымдастырушылық шараларда көрінуі керек [5, 126.].

Құқықтық мемлекеттің конституциялық идеялары заң, эділеттілік және гуманизм идеяларына негізделгеи заңнаманы қалыптастыруда, заңдылықты, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, материалдық, ұйымдастырушылық, құқықтық жэне саяси кепілдіктерін нығайтудың тиімді құралдарын құруда көрініс табуы керек. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің және конституциялық міндеттерін орындауға міндетті басқа азаматтардың жауапкершілігін арттыру қажет. Әлеуметтік мемлекеттің конституциялық идеясын жүзеге асыру өте маңызды. Бұл жұмысты бірінші кезекте мемлекеттік органдар жүзеге асырады, олар жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен экономикалық еркіндігі үшін қажетті жағдайлар жасауы керек, қоғамдық өмір салаларын үйлестіруі керек, қоғамның әлеуметтік жағынан шеттелген топтарына әр түрлі әлеуметтік топтардың патернализмнің, әлеуметтік бөлінудің және конфронтацияның алдын алуға көмектесуі керек. Сонымен бірге, нағыз демократияға тамыры жоқ «шексіз демократия» идеясының қабылданбауы керек екенін мойындау керек. Этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам [6, 1 бап]. Мемлекеттің зайырлы сипатын көпэтностық, көпконференция, діни экстремизм мен Қазақстан шекарасындағы терроризм жағдайында түсіну және қорғау маңызды.

Қазақстандық патриотизм принципі көпұлтты Қазақстан халқының достығын нығайтуда және мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуда маңызды. Оны нығайту үшін мемлекет, қоғамдық институттар, отбасылар мен мектептердің бірлескен күш-жігері қажет.

Көпұлтты Қазақстан Республикасында этносаралық қатынастар ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Елде тұратын барлық 140 этностарды біріктіретін ортақ тарихи тағдыр, достық, бауырластық бүгінде бір мақсатқа, ортақ мүдделер мен ортақ болашаққа жетелейтін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру үшін күш біріктіреді.

Қазақстанның дамуы, өсуі мен өркендеуінің басым бағыттарының бірі - қоғамдық келісім мен этносаралық қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екендігі сөзсіз. Әрине, ұлттық келісім туралы сөз болғанда, әр адамның азаматтық құқығы сақталуы керек екені анық. Сонымен қатар, елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде ұлтаралық келісіммен қатар, халықтың әл-ауқатын жақсарту да өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Конституциясы елдегі қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің және оның саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларда қарқынды дамудың негізі болып табылады. Бұл туралы Елбасы Нүрсүлтан Назарбаев мәлімдеді. Н.Назарбаев: «1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстандағы реформалардың қуатты серпіні болды деп мақтанышпен айта аламын. Көптеген жағдайларда, оның ережелерінің арқасында біз өте қысқа мерзімде жас мемлекет экономикасында және этносаралық тұрақтылық саясатында оң нәтижеге қол жеткіздік» [7, 64 б.].

Жалпы Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясат бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Барлық қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттілік принциптері мен халықаралық бейбітшілік мәселелерінің негіздерін қалыптастыру және дамыту маңызды. Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің қауіпсіздігі мен мемлекеттілігі мемлекеттің алға басуы мен тұрақты өсуі үшін қасиетті шарттардың басында сақталатындығын айғақтайды. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны қорғау, нығайту және болашақ ұрпаққа жеткізу қажет. Сондықтан, Қазақстан Республикасының әрбір азаматында патриоттық сезім болуы, заңды сақтауы және еліміздің өркендеуіне үлес қосуы керек.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995.
  2. Табанов С.А. Совершенствование закондательства: теория и опыт Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарты. 2015. 84-87 бб.
  3. Котов А.К. Конституционное становление Казахстана как нового независимого государства / Научные труды «Әділет». - Алматы, 2017, 121 б.
  4. Сапаргалиева Г.С. ҚР Конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы. 1998, 22 б.
  5. Конституция Республики Казахстан. Научно-правовой комментарий. Под ред. Г.С. Сапаргалиева. - Алматы: Жеті жарты. 2014. стр12
  6. Халықтың көпіі-қоны туралы Қазақстан Республикасыныц 2011 жылгы 22 шілдедегі (01.01.2019 жылы жаңартылған). 1 баи.
  7. Ашитов З.О. «Право суверенного Казахстана». Издательство Жеты Жарты. А. 2016. стр 64.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.