Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Латын әліпбиіне көшудің өзекті мәселелері

Аңдатпа

Мақалада латын әліпбиіне көшудегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың емлесі, орфоэпия және орфографиялық норма, терминология мәселелері қарастырылды. Тілші ғалымдардың ғылыми-зертгеу еңбекгері, мақалары басшылыққа алынып, салысгырмалы талдаулар жасалды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, заман талабына сай нақты жобаларды жүзеге асыруды талап етті. Аталмыш мақалада 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшуді тапсырма етіп жүктеді. Латын графикасына көшудегі негізгі мақсат - ұлттық болмыс пен руханиятты сақтай отырып, дамыған озық технологиялы елдердің санатына қосылу. Бұл латыннегізді әліпби төңірегінде бір топ ғалымдардың зерттеулерімен қатар, қоғамдық іс-шаралар да жүргізіле

бастады. Қазіргі апробацияда латын графикасының төрт түрлі нұсқасы ұсынылған болатын. Атап айтсақ, диакретикалық, д и графты қ, апострофтық нұсқалар талқыға салынды. Соңғы 2018 жылдың ақпан айындағы қабылданған әліпби нұсқасы әрі апострофтық, әрі диграфтық нұсқаның қосындысы деуге болады. Осы сауалдарға байланысты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бір топ ғалымдары өткен жылдың қазан айында қазақ тілінің жаңа емле ережелерін ұсынды.

Әліпбиге көшудегі негізгі түйткілдердің бірі - фонетикалық, лексика- грамматикалық заңдылықтардың өзгеруі. Тіл білімінде фонетикалық принцип - емле бойынша негізгі басшылыққа алынатын принциптердің бірі. Мұнда дауысты және дауыссыз дыбыстардың емлесі, буын, тасымал, сондай-ақ орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды қарастырамыз. Бекітілген нұсқада ана тіліміздің тел дыбыстарынан белек, орыс тілінен енген кейбір африкат */, ц сондай-ақ, арабтың Л, х фонемалары мен дифтонгоид дауыстыларға қатысты дау-дамай мәселелер әлі де нақты жүйелі зерттеуді талап етеді. Лингвистика ғылымының өзі екі қабаттан тұратынын ескеретін болсақ, (экстралингвистика және интралингвисгика) әліпби де сол екі тілдік қабат тұрғысынан қабылдануы тиіс.

Ең бірінші кезекте дауысты дыбыстардың емлесін алып қарастырайық. Бірінші, қазақ тіліндегі «і» әрпі, латынның «Іі» әрпімен, «и» және дауыссыз «й» латынның «Іі» фонемасымен сәйкес келеді. Бұлай қабылданудың басты себебі апостроф санының қысқартылуына байланысты болса керек. І(и), Ү'(у) әріптері тел сөздерде монофтонг дыбыс ретінде таңбаланады. Тілдің сыртқы құрылымы әр түрлі қабаттар мен құрылымдардан тұрады. Олар: этнолингвистика (тіл және халық), менталингвистика (тіл және ойлау), психолингвистика (тіл және сөйлеу әрекеті), социолингвистика (тіл және қоғам), когтинивті лингвистика т.б. Бұл құрылымдардың латын графикасына толық көшкен жағдайда, тілімізге тікелей эсер ететіні анық. Соның дәлелі ретінде «Ы» және «У» фонемаларына қатысты. Әліпбиде «Ы» - «У», «У»-«У'» арқылы берілген, алайда тіл және ойлау жүйелерінің заңдылықтарын ескере отырып, «У» әрпін ешқандай апострофсыз халықаралық «У» әрпімен берген дұрыс. Бұл ана тілімізді игерушілерге де, мектеп оқушылары мен бүлдіршіндері үшін де маңызды болмақ. Біздің мақсатымыз тіліміздің грамматикалық құрылымына негізделген, жалпыхалыққа түсінікті жоба құру болып табылады.

Дауыссыз дыбыстардың таңбалануында аффрикат дыбыстардың рөлі маңызды, себебі латын графикасына енбеген орыс тілінен енген таңбаларды таңбалауда қиындық туатыны сөзсіз. Әліпбиде «Ч-СН», «Ш-SH» қосар дыбыс түрінде берілген. Қазақ тілі типологиялық тұрғыдан аглютинативті тілдер тобына жататынын ескерсек, жалғамалы тілдер «бір әріп-бір фонема» принципіне негізделген. Кейбір сөздер контексте дыбыстық мәнімен қатар, лексикалық мағынасын қоса жоғалтады. Мысалы: азһапа-асхана-ашана, ashshy-ашшы, shema-схема-шема сынды сөздерді алуға болады. X және һ парсы-араб тілінен енген кірме консононтизмдерді таңбалауда да ерекшелік

байқалады. Екі дауыссыздың бір ғана «Н, һ»-мен берілуі әліпбидегі әріп санын қысқартқанмен, екеуіне екі бөлек қолданылатын сөздер саны өте көп. Классикалық нұсқаға сүйеніп, кириллицадағы Х-ны латынның әрпімен, H- ны Н-пен неге бермеске? Нұсқаға назар салып қарасақ, онсыз да X әрпі жоқ.

№1-кесте

Латын негіздегі

қазақ әліпбиі

Кириллицалык негіздегі казак әліпбиі

Aa

Aa

А'а'

Әә

Bb

Бб

Vv

Bb

Gg

Гг

G'g'

Ғғ

Dd

ДД

Ee

Ee

Jj

Жж

Zz

Зз

Ii

Ии, ЙЙ

Kk

Kk

Qq

Ққ

Ll

Лл

Mm

Mm

Nn

Hh

NV

Ңң

Oo

Oo

О'о'

Өө

Pp

Пп

Rr

Pp

Ss

Cc

Tt

Tt

Uu

Ұұ

UV

Үү

үу

Уу

Ff

Фф

Hh

Xx, һһ

Ch

Чч

Sh

Шш

Yy

Ыы

Ii

Ii

Елбасы жарлығына сәйкес бекітілген әліпби негізінде «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» әзірленді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының бекіткен емле ережелерінде 108 пункт атап көрсетілген. Кейбір емле ережелері кириллицалық негіздегі қазақ әліпбиінің емле ережелерімен сәйкес келеді. Мұнда емле ережесін бұрынғы емле ережесімен салыстырғанда 21,5% өзгеріс енгізілген. Бір ескеретіні - әліпбидегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөз позициясына қарай өзгеріп отыруы. Бұл көбінесе өзге тілден енген сөздерде байқалады:

  1. Мысалы - тч, дыбыстар тіркесімен аяқталатын сөздердегі т әрпі түсіріліп жазылады: skoch, skech, mach;
  2. Ё әрпі O' әрпімен таңбаланады: manovr, bry'selo'z, dirijor, rejisor;
  3. Ц әрпі және СЦ әрпі тіркесі S арқылы беріледі: sirk,sifr, silindr,kvars;

Тек қатар келген ц әрпі ts түрінле беріледі: pitsa,nitsa;

  1. Э әрпі е әрпімен жазылады: element, etaj;
  2. Щ әрпі тел сөздерде shsh әріп тіркесімен, шет тілдік сөздерде sh әрпімен: ashshy, keshshe, y'chilishe;
  3. Оэ әріп тіркесімен аяқталатын сөзде э әрпінің орнына і жазылады: aloi, kanoi;
  4. Ю әрпі төл сөздерде іу әріп тіркесімен: аіу', оіу';

Ал дауыссыз дыбыстан айыру белгісі мен жіңішкелік белгісінен кейін и' әрпімен таңбаланады: parashu't, absalu't, tu'tor;

  1. I әрпінен кейін тұрған ю әрпінің орнына у' жазылады: qiy', kiy';
  2. Я әрпі тел сездер мен шеттілдік сөздерде сөз басында, дауысты дыбыстан кейін, айыру белгісі ъ мен ь белгісінен кейін іа тіркесі арқылы жазылады: iagni, qoian:

Ал дауыссыз дыбыстан кейін а' арқылы таңбаланады: aky'my'la'tor, zara'd, kalky'lator;

  1. Жіңішкелік бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады, жіңішкелік белгісі ескерілмейді: ansa'mbl, du’bl, paro'l, batalo'n; Тек мына сөздерде жіңішкелік белігісі ескерілмейді, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады: bron, monastyr, ty'sh;
  2. Жіңішкелік белгісімен келген буын құрамында е, і әріптері бар сөздерде жіңішкелік белгісі ескерілмейді, қосымшалар түбірдің соңғы буын үндестігіне сәйкес жалғанады: akvarel, lager, artikl, premera; Бір ескеретіні ономастикалық атаулар мен кейбір мағынасына нұсқан келетін сөздерде жіңішкелік белгісінің орнына і жазылады: Pier, piesa;
  3. E әрпінің алдында тұрған айыру белгісі ескерілмейді, қосымшалар соңғы буын үндесіміне сәйкес жалғанады: sy'bekt, obekt, adektiv;
  4. Шеттілдік бірқатар сөздер түпнұсқа тілдегі тұрпатына ұқсас жазылады және оларға қосымша буын үндестігіне сәйкес жалғанады: moderator, marker, stepler, banknot;
  5. Дж әріп тіркесі бар сөздерде д әрпі түсіріліп, қосымшалар үндестік заңы бойынша жазылады: menejer, jinsy; дж әріп тіркесінің арасынан буын жігі өтетін және сөз мағынасы өзгеретін жағдайда, d әрпі сақталып жазылады: bu'djet, Iodjy:
  6. Сөз соңында қайталанған әріптің біреуі түсіріледі: klas, hoi, ЬаІ;
  7. Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, нн, бб, рр, пп, дд, кк әріптері сақталып жазылады: esse, mass-media, massa, ballada, tonna;
  8. Ий-мен аяқталған, сөздердің соңында бір ғана і әрпі жазылады: kali, natri, komentari;
  9. Сөз аяғындағы сть, ст, зд, әріп тіркесінің соңғылары түсіріліп жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: komy'nis, manifes, ensiklopedis, Everes
  10. Сөз соңындағы - нг әріп тіркесі п' әрпімен жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: parkin',boy'lin, reitin';
  11. Ағылшын тіліндегі түпнұсқасында w әрпімен басталатын кейбір сөздер у' әрпімен жазылады: y'atsap, y'iki, y'ikipedia, y'eb-sait [1, 28-29].

Тасымал мәселесінде сөздің буын жігіне сәйкес тасымалдануы, бір буынды сөздердің, қысқарған сөздердің, өлшем бірлік атауларының тасымалданбайтыны көрсетілген [2].

Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуын ауызша тілге айналдыратын болсақ, бірнеше өзгерістер байқалады. Сөздің бірінші буынындағы еріндік дауыстылардың әсерінен екінші буындағы е, ы, і дауыстылары еріндік ө, о, ұ, ү дыбыстарына айнлады. Мысалы:

№2-кесте

Орфографиялық норма

Орфоэпиялық норма

Ko'Hek

koi'/ok

o'rnek

o'rno'k

ju'rek

ju'ro'k

qulyn

Qulun

qundyz

Qunduz

u'mit

U'mu't

buryn

Burun

su'lgi

su Igu'

ku'mis

ku'mu's

Терминдердің орфоэпиясы да назар аударарлық мәселе. Осы мәселеге қатысты ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Күдеринованың пікірлері де назар аударарлық. Ғалым «Латын қарпі: сарабдал қажет» мақаласында: «халықаралық терминдер де қазақ тілінің үндесіміне бағынып жазылады. Олай етпесе, орыс тілінің орфографиясына жүгіну тағы жалғасады. Қазіргі терминдердегі жұрнақтардың көбі орыс тілі арқылы енген латын тілінің суффикстері екені белгілі. Мысалы, түрік тіліндегі филологиялық терминдер не аударылады, не түпнұсқаға жақындатып жазылады. Қазақ тіліндегі жазу да осы ұстанымды басшылыққа алу керек»,-деп тұжырым жасайды [3, 36]. Ғалым пікіріне сүйене отырып, термин сөздердің жазылуы біржақты тұжырымды қажет ететінін байқауға болады. Халықаралық терминдерді ана тілімізге аудармай, түпнұсқаға сай негіздеу орынды болып табылады. Сондай-ақ, ғалым Қ.Күдеринова «Қазақ жазуының тарихы мен теориясы» атты еңбегінде: «ауызша тіл мен жазбаша тіл арасындағы ажырағысыздықты реттемесе, енді бір жылда қазақ тілі өзінің ұлттық орфоэпиялық ерекшелігінен айырылады»,-дейді [4, 303]. Шынымен де қазіргі қазақ жастарының тілінде орфоэпия күрделі мәселе. Мысалы: ырақымет, ылақ, ырас, ылай;

Латын әліпбиіне көшудегі негізгі өзекті мәселелердің бірі - жоғарыда аты аталған ұстанымдар мен негіздемелерді мектеп оқушыларына үйрететін білікті кадрларды дайындау. Мектеп оқулықтары толықтай 2020 жылдан бастап латыннегізді оқулықтармен оқылатынын ескерсек, педагогтарға артылатын үлкен міндеттемелердің күтіп тұрғанын толық байқауға болады. Бұл кезек күттірмейтін жауапты мәселе, сол себепті әліпби мен емле ережесі толықтай бір жүйеге келіп қалыптаспайынша, оны оқыту үлкен қателікке ұрындырары сөзсіз.

А.А. Реформатский кірме атау жөнінде өзінің мынадай түйінді сөзін айтқан екен: «Өзге тілдің ерекшелігін, ал туған тілдің нормасын сақтау керек». Бұл пікірдің ғылыми-әдістемелік, емлелік тұрғыдан негізі бар деп есептейміз. Қорыта айтқанда, латын жазуына көшу құба-құп іс. Әлемдік дамыған өркениетке дамыған отыз елдің қатарына қосылудың бірден бір жолы - латын графикасына көшу. Бұл бағытта филолог мамандармен қатар, программистер, IT саласының өкілдері бірлесе отырып, атқарылатын жұмыстардың әлі де қажет ететіндігін көрсетеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақ емлесінің негізгі ережелері.-Алматы: 2018.-30 б.
  2. Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері//«Егемен Қазақстан» газеті. 18 қаңтар, 2019 жыл.
  3. Күдеринова Қ. Латын қарпі: сарабдал қажет.-Алматы: 2017 -537 б.
  4. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы.-Алматы: «Елтаным», 2013.- 344 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.