Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Этномәдени лингвистика - антропоөзектік ғылымдардың бастауы

Аңдатпа

Этнолингвистика өзінің бітім - болмысы, табиғаты жөнінен алғанда тарихи категория болып табылады. Себебі, ол халықтың қазіргі қалпын емес, көбінесе өткенін зерттейді. Ал халықтың өткені - оның көне мәдени лексикасынан анық көрінеді.

Қазақ тіл білімінің тарихи даму үдерісінде үш негізгі ғылыми парадигма белгілі. Олар: салыстырмалы - тарихи, жүйелі - құрылымдық, антропоцентрлік.

"Тіл білімі саласы басқа ғылымдар сияқты үнемі даму үдерісіндегі бағыт екені белгілі, бір қарағанда тілге байланысты зерттеулерде барлық мәселе шешілген, оның тарихи қалыптасу мәні, функциясы, яғни, барлық "сыры" ашылғандай көрінеді. Бірақ қазіргі тіл білімі саласындағы ізденістер бұл құбылыстың жаңа қырларын, бағыттарын ашты" - деп келтіреді өзінің зерттеу мақаласында ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Ж.Абдрахманова [1, 19].

«Этнолингвистика - этнос болмысын оның тілі арқылы танып білу мақсатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес саласы» (Ә.Қайдаров). Этнолингвистиканың зерттеу обьектісі халқымыздың материалдық өндірістік деңгейі мен мәдени - рухани өрісін бейнелейтін ұлттық тіліміздің ұшан теңіз байлығын, кейінгі ұрпаққа мирас болып беріліп келе жатқан асыл қазынасын барынша толық жиып көрсетіп, қыр - сырын анықтау. Этнография мен социология ғылымдарының аралығынан туындаған этнолингвистиканың қазіргі ғылыми парадигмадағы орнын алғаш болып айқындап кеткен шетел ғалымы А.Уорф болатын. Ол антропоцентристік ғылымдардың бастауы саналады.

Этнолингвистика ғылымы этнос, этнос әлемі, этнос болмысы, этнос тілі деген ұғым - түсініктерге аса мән береді. Ғылымда «Сепир-Уорф болжамы» деген атпен де белгілі Сепирдің тіл фактілерін этнос мәдениеті мен жеке тұлға тұрғысынан қарастыратын теориясы бар. Дегенмен этномәдени лингвистика саласын жан - жақты қырынан және түрлі деңгейде зерттеп келе жатқан ғұлама ғалымдардың қатарына мыналарды жатқызамыз: В. фон Гумбольтд, В. Вундт, Г. Шухардт, Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ. Аталған ғаламыдар әуел бастан-ақ этнолингвистиканың «Этнос болмысы мен этнос тілі» негізінде қалыптасқанын толық мойындаса да, олардың екеуара қатыстылығы мен үндестігін анықтауға келгенде ойлары бір арнаға тоғыса алмай жүргендігі белгілі. Оған себеп, этнолингвистика ғылымын біресе тарихи - мәдени негізде, біресе әлеуметтік жағдайдың көрінісі деп, оның зерттеу аймағын тарылтып, бүтіннің орнына бөлшекті алып тануы ғылымда ерекше көзге түседі. Өз ойын «халықтың салт-дәстүрі оның тілінде көрініс табады, ал тіл керісінше, сол халықтың өзін қалыптастырады» [2, 130] деп тұжырым жасаған Ф. де Соссюр этнолингвистиканы этнос тарихы мен этнос тілі тарихының өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде таныды. Бұл пікірді дұрыс деп тануға болады. Бірақ этнос тілінде тек қана салт-дәстүр көрініс беріп қана қоймайтынын естен шығармау керек. Сол сияқты, этнолингвистиканы «ескілік дүниетанымды» зерттейтін ғылым деп танып, байырғы қазақ тілінің, диалектілерінен іздейді. Бұл пікірмен келісушілер қатарына орыс зерттеушілерінен Н.И. Толстой, В.Н. Топоров, В.В. Иванов, А.Ф. Журавлевтерді ерекше атауымызға болады. Сонымен бірге, түр түсінігімен шендестіріп, тіл болмысын тілдің символикалық қызметімен шектеп көрсеткісі келеді. «Эгносты» «Адам» деген ұғыммен алмастыру АҚШ - та көрініс тауып отыр. Сол арқылы этнолингвистиканың баламасы ретінде антропология терминін қолдану үрдісі осы көзқарастың негізінде байқалып жүр. An саяси үдерісте этнолингвистика - күнделікті өмірде этнос тілінің жағдайын көрсетеді. Осы орайда, этнолингвистиканың барлық тіл әлеміне қатысты әмбебап ғылым ретінде толық қалыптасып, дами түсуіне кейінгі кездерде түп төркініміз түркі тілдері негізінде көбейе бастаған ғылыми ізденістер мен маңызды зерттеулердің саны көп екендігін ескерген жөн.

Қазақ тіл білімінде этнолингвистика ғылымының негізін академик Ә.Қайдаров қалады. Тіл жүйесінде этнолингвистикалық зерттеу жүргізуді екі жүйеде қарастырған да осы Ә.Қайдаров болатын. Олар мыналар:

  1. .Макрожүйе - «Табиғат», «Адам» және «Қоғам».
  2. .Микрожүйе - табиғи жүйе бойынша әртүрлі топтар, салалар. Нақты айтқанда, микрожүйелік құрылымның негізінде сан түрлі мәдени терминдер (зергерлік, тағам, халықтық космоним, соматикалық атаулар, антропонимдер, топонимдер, фитонимдер, халықтық наным - сенімдер мен салт - дәстүрге мал шаруашылығы, аңшылық, т.б.) арнайы этнолингвистикалық зерттеу нысаны ретінде қарастырылды. Халықтың тұрмыс - тіршілігінен көрініс беретін осы этногенездердің сырын ашу қазіргі тіл біліміндегі жаңа салалардың бірі - этномәдени лингвистиканың міндетін айқындап отыр.

Ә. Қайдар «этнос болмысы» терминіне мынадай түсініктеме береді: «Этнос болмысы - этностың сонау бала кезеңінен бүгінгі есейген шағына дейінгі кешірген өміртіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан нәсілге мирас болып ауысып келе жатқан бай рухани - мәдени қазынасы», ал «Тіл әлемі - этнос болмысына қатысты мағыналық бірліктердің жиынтығы, синтезі» [3, 20]. Автордың айтпақ болған ойы этнос болмысын оның тілі ғана дәл айқындай алады дейді.

Қазіргі таңда қазақ этнолингвистикасы басқа ғылым салаларымен қатар қалыптаса бастаған, әр қырлы ізденіс нәтижесінде өзіне тән ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан өз алдына дербес ғылым саласы ретінде танылып отыр.

Жаңа ғасырда жаңа теориялық - танымдық әдістемеге сәйкес тілді «өз ішінде және өзі үшін» қарастыратын имманенті зерттеу жеткіліксіз болып, оны ой - санамен, мәдениетпен және адамның тұрмыс - тәжірибелік қызметімен байланыстыра зерттеу қажеттілігі туып отыр. Осы қажеттіліктің нәтижесінде жаңа ғылыми бағыттың және соның негізінде өз бастауын алып отыраған антропоцентристік парадигманың қалыптасып дамуын талап етіп отыр. Бұл ғылыми парадигманың маңызы адамды тіл арқылы, немесе тілді адам арқылы зерттеу болып табылады.

Тілді тек коммуникативтік қызметтің аясында емес, сонымен қатар оны ұлттың рухани - мәдени коды ретінде қарасытыратын жаңа антропоцентристік бағыттың негізін қалаушылардың бірі В.Гумбольдт болып табылады. Ғалымның теориялық еңбектеріне сүйенсек, адам өзінің парасаттық, рухани, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар әлемін құрастыру үшін кез - келген ақпараттарды тілдік бейне арқылы алады. «Разные языки - это отнюдь не различные обозначения одной и той же вещи, а различные видения ее», - деп тұжырымдайды В.Гумбольдт.

Өз зерттеу еңбегінде профессор М.М.Копыленко: «Эгносгың тұрмыс - тіршілігі, қазіргі болмысы мен тарихы, оның материалдық және рухани мәдениетінің тілдік көріністері айқындалады және жете зерттеледі.» - деп анықтайды [4, 20].

Тіл - ұлттың мәдени тұрмысының бір көрінісі. Ол екеуінің арақатынасы маңызды. Тіл арқылы ұжым мүшелерінің санасында қалыптасқан ортақ психикалық заңдылықтардың көрінуін кез-келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетінінін түсінеміз. Ол ұлттың пайда болуымен байланысты тілдік, тұрмыстық - шаруашылық, шекаралық тұтастықтар секілді адам санасында қалыптасуымен байланысты. Дегенмен, елдің тарихын философиялық негізде қарасгырған зерттеушілер халықтардың өздеріне ғана тән ұлттық ерекшелігін жоғары бағалай отырып, кез-келген ұлттың мәдениеті жалпы адамзаттық мәдениеттің көрнекті бір түрі, бөлігі деп қарастырады және соның көрінісін айқындайтын тілдің ерекшелігі ретінде сөздің ішкі формасына аса басымдылық танытады. Ғалым Ж. Манкеева: Сөз заттың тура таңбасы емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі. Яғни, тіл кез-келген жеке заттарды бейнелегенде, сол тілде сөйлеушіге оны қоршаған дүниенің есігін ашады, суретін салады. Мұның мәдениетке қатысты ұлттық атауларға да тікелей қатынасы бар» [5, 96], - осыған байланысты осындай пікір айтады.

"Тілдің лингвомәдениеттанымдық қырлары және әлеуметтік кеңістіктегі жағдайы" атты мақаласында Ж.Абдрахманова былай дейді: "Тіл ғылымының XX ғасырдағы зерттеулері оны жаңа сапалы белестерге көтерді. Бұл жетісгіктер жалпы гуманитарлық ғылымдарға тән үрдістермен тығыс байланысты болды" [6, 87]

Әр халықтың ана тіліне тән этнолингвистикалық бірліктер сол халықтың тұрмыс - тіршілігінің жиынтығын, көп уақыт бойында қалыптасып үлгерген оның дүниетанымын, салт - дәстүрін, арман - мүддесін, рухани өмірін ашып көрсетеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ж.М.Абдрахманова. Тіл және мәдениет: Тілдің антропозектік парадигмасы Профессор Ж.Манкееваның 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми - теориялық конференцияның материалдары. - Алматы, 2010. 19 б
  2. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики - Москва, 1977. 130 б
  3. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. - Алматы, 1995. 20 б
  4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. // Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. - Алматы: Дайк-Пресс, 2008. 20 б
  5. Манкеева Ж. Этномәдени атаулардың танымдық негіздері. - Алматы: Жібек жолы, 2008. 96 б
  6. Ж.М.Абдрахманова. Тілдің лингвомәдениеттанымдық қырлары және әлеуметтік кеңісгіктегі жағдайы. Х.Досмұха медов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы - №1 (20) 2011 ж. 87 б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.