Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Интернет-коммуникацияның өзекті мәселелері және оның ғылыми еңбектердегі көрінісі

Аңдатпа

Аталмыш мақалада заманауи қоғамдағы интернет-коммуникацияның маңыздылығы, соцлингвистикадағы орны сөз етіледі. Сондай-ақ интернетті зерделеудің бірнеше тәсілдері және оның жеке тұлғамен байланыстылығы, технологиялардың белсенді дамуының тіліміздің лексикасында көрініс табуы қарастырылған.

Соңғы жылдары қоғамда коммун и кати вті к тәжірибелердің көп бөлшегі интернет желісіне өтуде: желіде тілдің қолданылу қарқыны күшейтілу негізінде ерекше коммуникативтік орта, коммун и кати вті к кеңістік пайда болған. Интернет лингвистикасына негізделген зерттеулердің ерекше бағыты да қалыптасты [1]. Сондықтан «интернет-коммуникация» терминікоммуникацияның пайда болған және белсенді түрде қызмет ететін орыннан сипатталуы тиіс.

Интернет (ағыл.Internet) - ақпаратты сақтау және жіберу үшін біріккен компьютерлік желілердің дүниежүзілік жүйесі. Кейде «желі» сөзі халықаралық желі және жаһандық желі деп қолданылады. Интернетті қолданудың негізгі бөліктері бұқаралық ақпарат құралдары, электронды бизнес, мультимедиа, байланыс, қарым-қатынас болып табылады. Бұл анықтамада интернеттің технологиялық құраушысы аталып көрсетіледі. Алайда, біздің зерттеу аясында интернеттің «гуманитарлық» жағы қарастырылу қажет. Мысалы, зерттеуші О.Б.Скородумова интернетті әлеуметтік-философиялық ұстаным тұрғысынан, яғни ақпараттармен алмасудың желілік принципіне, «коммуникациялық өзара әрекеттесулердің интерактивтіліне, объективті шындықты модельдеудің жаңа тәсілдеріне, ақпараттық ағындарды берудің жаңа технологияларына және дербес компьютерлерге негізделген ерекше феномен ретінде қарастырады [2, 102]. Ал Т.Ж.Бальжирова интернетті коммуникацияның социология призмасы ретінде қарап, желінің «адамның өмірлік мән мәтінінің қолдан жасалған, ақпараттық және социопсихоантропологиялық құрамдас бөлігі» деп көрсетеді [3,37]. Оның пікірінше, интернет әлеуметтік коммуникацияның бір құралы ретінде мынадай бинарлық қасиеттерді анықтайды: ақпараттық әлемнің әлеуметтік субъектісінің активтілігі/ пассивтілігі; ақпараттық қоғамдағы адамның әлеуметтік болмысының жарылуы/үйлесімділігі және де ақпараттық әлемдегі әлеуметтік ықпал мазмұнының қарама- қайшылығы/келісімділігі [3, 53]. Ақпаратты сақтау және жіберу, тұлғаны әлеуметтендіру және өзін-өзі жүзеге асыру, әлеуметтік топ секілді интернеттің негізгі қызметтері тұрғысынан А.В.Соколов «интернет» терминіне мынадай жалпылама анықтама береді: бұл «телекоммуникациялық технологияларды пайдалану есебінен жеке және топтық коммуникациялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған жаһандық әлеуметтік-коммуникациялық компьютерлік желі» [4, 208-209]. Зерттеуші И.Н.Казанская осыған ұқсас анықтаманы беріп интернет қызметтерін ақпараттық, коммуникациялық, репрезентативті, конструктивистік немесе қайта құрушы, реабилитациялық (оңалту) деп жіктейді. Бұл функцияларды талдау негізінде зерттеуші интернет жаһандық коммуникация құралынан адамдардың қарқынды әлеуметтенуіне және жаңа әлеуметтік топтардың (виртуалды қоғамдастық) пайда болуына ықпал ететін интеграция құралына көбірек өзгеретіндігін тұжырымдайды [5, 145-147].

Е.И.Горошко интернет феномені, коммуникативтік кеңістік туралы зерттеу жұмыстарын қарастыра отырып, интернетті зерделеудің бірнеше тәсілдерін бөледі.

Бірінші тәсілде интернет жаңа әлеуметтік зерттеу объектісі ретінде қарастырылады, бұл бағыттың басты міндеті желіні дамытудың әлеуметтік болжамдарын жасау болып табылады. Бұл бағытта интернет ноосфераның белгілі бір материализациясы ретінде бірыңғай ақпараттық кеңістік негізінде ұсынылған. Интернеттің дамуына қарай технологиялардың, білім мен ақпараттың рөлі арта түседі, ал бұл қоғамдық құрылғыдағы өзгерістерге әкеліп соқтырады. Бұл тәсілде ақпарат пен технология қоғамдық құрылғының жаңа түрін анықтаушы және жүйе құраушы субъектілері болып табылады (Д.Белл, М.Порат, Э.Тоффлер, Т.Стоуньер, А.Рунов, Е.Путилова).

Екінші тәсіл интернет-технологияларға негізделген қазіргі қоғамның желілік табиғатын зерттеумен байланысты келеді. Қоғамлық даму болжам жасайтын алғашқы тәсілге қарағанда, екінші тәсілде зерттеу объектісі көбіне қазіргі қоғам болып келеді, ал негізгі әлеуметтік институттарды желілік құрылымдарға қайта құру және осы процестермен бастама жасаған қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер осы тәсілдің пәні болып табылады. Осы тәсілдің парадигмалық шеңберінде интернет коммун и кати вті к қасиеттер арқылы анықталады: кез келген күрделі желілік байланыстарды іске асыруға мүмкіндік береді, бұл интернетті жеке коммун и кати вті к институт ретінде айрықша белгісін көрсетеді (М.Кастельс, А.Неклесс, А.Биккулов, А.Родионов, А.Чисгяков, Д.Кутюгин, Т.Бальжирова).

Үшінші тәсіл әлеуметтік виртуализация теорияларына негізделеді (А.Бюль, М.Вейнстейн, Д.Иванов, А.Крокер, М.Паутау). Интернет мұнда виртуалды аналог немесе әлемнің бейнесі ретінде қарастырылады. Интернет - әлеуметтіктің виртуалдандыру механизмдерін іске қосатын әмбебап коммун и кати вті к кеңістік. Бұл бағыт шеңберінде виртуалдылық -жаңа коммуникациялық технологиялардың әлеуметтік әсері, яғни бұл жерде интернет әлеуметтік феномен ретінде қарастырылады. Ал желілік байланыстардың анық әрі қол жетімділігі интернетті виртуалды феномен ретінде көрсетеді. Интернет-технологиялармен жанама әлеуметтік шындықты виртуалдандыру оны айтарлықтай өзгертеді, сондай-ақ оны бұрын болмаған жаңаша шындыққа айналдырады.

Интернетті зерттеу жұмыстарының төртінші тәсілі қазіргі қоғамның түсінігі мен түсінуінің постмодернисгік концепцияға негізделеді. Бұл бағыттың тұжырымдамалық шеңберінде интернет феноменін қарастырғанда, ризома (Ф.Гваттари), интертекстуалдылық (Ю.Кристева), хаосмос (Дж.Джойс), паратема (М.Фуко) сияқты ұғымдар қолданылады. Интернетті сипаттаудың барлық постмодернистік тәсілдердерде оны анықтау кезінде гиперболизация, аналогия және метофоризация тәсілдері қолданылады. Бұл жерде теорияны бағалау үшін критерий оның шындыққа абсолюттік сәйкестігі емес, әлеуметтік кеңісгікте жұмыс істейтін метафораның өнімділігі мен күші, олардың түсіндіру күші, сонымен қатар жаңа көзқарастар мен міндеттер қою қабіілеті болып есептеледі (Е.Войкунский, А.Звонкин, А.А.Маркхем).

Бесінші тәсіл интернет пен интернет-технологияларды зерделеудегі жаһандық жоғары қоғамдық идеясына негізлделген, мұнда интернет оның міндетті құрамдас бөлігі болып келеді. Бұл тәсілге сәйкес, желі ақпаратты, коммуникацияны, білім мен экономиканы, іс-қимылдар мен бейнелерді жаһандандыруға мүмдіндік беретін құрал іспеттес әрекет етеді. Осы бағыт аясында жұмыс зерттеушілер заманауи қоғамның іс жүзінде ғаламторсыз мүмкін еместігін және нақты еместігін мәлімдейді. Интернет қоғамның пайда болуымен бірге қалыптасып, бүкіл әлем бойынша таралуы мен дамуына әкеліп соғады. Зерттеушілердің бқл пайымдаулары негізінде, интернет қазіргі таңда қоғамның онсыз мүмкін емес екендігін білдіретін жүйе құраушы болып табылады. Осы тәсіл шеңберінде интернет қоамның белгілі бір түрінде оның әлеуметтік функцияларын талдау арқылы зерделенеді. Сондай- ақ, топтық және тұлғааралық қарым-қатынас әсерлерінің ұштасуынан негізделетін интернеттің өзіндік нақты қасиеттері, сапасы мен сипаттамалары жаһандық және ұлттық ауқымда әлеуметтік іс-қимылды ұйымдастырудың тиімді құралы болып табылатын бірегей құбылыс болып табылады.

Қазіргі заманда интернеттің маңыздылығы және интернет- технологиялардың қарқынды дами түсуі лексикалық сөздіктерде көрсетілген. Мысалы, Т.Жанұзақовтың «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «интернет» сөзіне мынадай анықтама берілген: «Интернет - компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы; бір-бірімен телекоммуникация арналары (телефон, радио және жасанды жер серігі арқылы байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы» [6, 359].

Л.В.Калинина өзінің «Образ человека рубежа XX-XXI веков век в зеркале языковых и социальных процессов» атты монографиясында интернетпен қатысты сөздер санының есу динамикасы назар аударады. Мысалы, 2001 жылғы орыс тілінің түсіндірме сөздігінде 21 «интернет» түбір сөздері болса, 2007 жылдың сөздігінде ондай 64 түбір сөз болған [7, 128]. Осындай лексика «XXI ғасырдағы орыс тілінің ең жаңа түсіндірме сөздігінде үнемі кездесіп отырады: интернег-арт, интернет-мессенджер, интернет- пейджер, интернег-селлер, интернет-трейдинг-жәнетб. [8, 219-222].

Қазіргі таңда интернет-зерттеулерді дамыту кезінде интернетті гуманитарлық зерттеу пәнаралық тәсілді талап етеді, себебі ол жеке тәртіп немесе жеке тәсіл шеңберінде сипатталуы мүмкін емес [9]. Расымен де, ғалым А.Е.Войкунский айтқандай, желі - бұл кеңістіктебөлінген техникалық объектілердің кешені (бұл оның географиясы мен экономикасы жөнінде мәселелерді қоюға мүмкіндік береді) және гипермәтіндер корпусы (лингвистика, информатика, т.б. тұрғысынан зерттелетін); белсенді қызмет ететін адамдарды біріктіру, бұл әлеуметтік, психологиялық, саяси немесе педагогикалық талдау және философиялық пайымдауларды талап ететін кешенді жүйе және жаһандық мағынада техникалық және әлеуметтік келісімдерді жүзеге асыратын өзіндік әрекет (жаһанданудың құқықтық және тарихи ұстанымдарын талдауға арналған пән).

Гуманитарлық зерттеулерде интернеттің «әлеуметтік» өлшеміне: өзара іс-қимылдың мәдени, тілдік және психологиялық ерекшеліктеріне; виртуалды топтар мен қоғамдастықтардың қалыптасу заңдылығына және қызмет ету сипаттарына; жеке тұлғаның өзін-өзі көрсету принциптеріне және виртуалды өзгеруіне; әлеуметтік объектілерді құру және қабылдау стереотиптеріне; желіде танымдық және кез келген өзге қызметті жүзеге асыру стратегияларына ерекше көңіл аударылады. Яғни, бұл әлеуметтік функцияларды жүзеге асырудағы барлық алуан түрлілік интернеттің ғаламдық әлеуметтік құбылыс ретінде жүйе құраушы сипаттамасы болып табылатын тіл желісінде қызмет етпеу мүмкін емес.

Осылайша, интернет ұғымы туралы ақпараттық-коммуникативтік қоғамды, ерекше ақпараттық ортаны, әлеуметтік коммуникативтік кеңістіктің дамуының негізі ретінде, «прогреске жету жолында күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік берілетін өзіндік ғаламдық форум» туралы жиі айтуға болады [10, 38]. Сондай-ақ, ол бұрын болмаған тілді жүзеге асыру орны ретінде көрінеді. Интернет жөнінде әлемдегі ең танымал оқулықтардың авторы Э.Кролл интернет сөзін «қарым-қатынас» сөзімен байланыстыратынын анықтай түсті [11,5]. Интернеттегі қарым-қатынасты белсенді түрде жүзеге асыру үшін интернет-форумдар, блогтар және әлеуметтік желілер көптеп қолданылады. Қазіргі уақытта интернетті пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілер өзінің виртуалды «менін» құру үшін техникалық және әлеуметтік базаны таба алатын екінші бір шындыққа айналды. Сонымен қатар, әрбір пайдаланушы әлеуметтік желіде тек ғана қарым-қатынас жасап қоймай, сондай-ақ өзінің шығармашылығымен немесе сол әлеуметтік желінің миллиондаған аудиториясымен бөлісуге мүмкіндік алады.

Көптеген зерттеушілер интернеттің ақпараттық және коммуникациялық функцияларын ескере отырып, интернеттің басты белгілері: мемлкеттер, аймақтар және негізгісі - тіл деген қорытынды жасайды. О.В.Александрова өз еңбегінде: «Интернет құбылысы - бұл деген жай ғана технологиялық факт емес, бұл әлеуметтік факт және оның басты құралы тіл болып табылады» [12, 345]. Қазіргі таңда, интернеттің басым тілі - ағылшын тілі болып табылады. An орыс тілі желіде екінші орынға ие. Интернеттің тілдік салаларына сол тілдің атауы беріледі. Мысалы, интернеттің орыс тілді саласы «Рунет» деп, ал қазақ тілді саласы «Қазнет» деп аталады. Қазнет Қазақстан жерінде 1994 жылы 19 қыркүйекте жоғары деңгейлі kz домені ретінде ресми тіркелген. Қазақстандағы интернет ғаламдық желінің бір бөлшегі ретінде ҚР-ның байланыс және ақпарат құзыреттілігіне жатады, Қазнеттің дамуында негізгі ұлттық провайдер, «Қазақтелеком» үлкен рөл атқарады. Домендік атаулардың басты тіркеушісі - «Қазақ желілік ақпарат орталығы» «KazNIC» мекемесі болып табылады [13].

Терминологияда интернет-коммуникацияларды анықтауға және желіде тұлғаның коммун и кати вті к әрекеттерін сипаттау туралы анықгамалар біркелкі емес. Авторлардың бірі оны компьютерлік-жанама коммуникация деп атаса (Л.Ю.Щипицина, И.Н.Розина), енді бір лингвисттер оны электрондық қарым-қатынас немесе коммуникация (Т.И.Рязанцева, Е.Н.Галичкина) деп қарастырады. Л.Ю.Щипицина лингвисгикалық зерттеудегі интернет желісіндегі қарым-қатынас ерекшеліктер мәселесін сипаттай отырып, терминдердің саны адам өмірінде интернеттің маңыздылығын күшейту немесе оның көмегімен қарым-қатынас жасау есебінен үнемі ұлғайып отырады деген қорытындыға келеді [14, 33]. Е.И.Горошко терминологиядағы осындай әртүрлілікті былайша түсіндіреді: белгілі бір зерттеу жүзеге асырылатын лингвистикалық бағыт; осы пәндік салада жазылған бастапқы жұмыстар және computer-communication терминінің ағылшын тілінің ықпалымен қолданылуы [15, 24]; сипатталған пәндік саладағы зерттеу есептерінің акцентуациясымен (Т.И.Рязанцева өз зерттеуінде «электронды коммуникация» термині көбінесе зерттеуші хабар беру арнасының әсерін және сөйлеу тәжірибесіндегі интернеттің рөлін атап көрсеткісі келген кезде жиірек қолданатынын атап көрсетеді [16, 182]. Сондықтан да әзірге терминологиялық айырмашылықтар қалыптасқан болып саналмайды, яғни көптеген терминдер өзара алмастырылатын ұғымдар ретінде қолданылады.

«Коммуникация, интернет I веб жанама» семантикалық термині анағұрлым тар мағынада қолданылады, алайда компьютерлік және желілік коммуникацияның көптеген принциптерін ескере отырып, интернет- коммуникация басқа түрдегі коммуникация деп сипаттауға болады. «Компьютерлік-жанама коммуникация» ұғымының шеңберінде іс-қимылдың мәнін көрсететін ұғымдар желісін қарасгырайық:

  • Компьютер арқылы қарым-қатынас (адам-компьютер, коммуникациялық деңгей);
  • Компьютермен жанама байланыс коммуникациям - Интернет (ақпаратты іздеу, коммун и кациялық деңгей);
  • Жеке тұлғаның интернет / веб - қарым-қатынасы (коммуникациялық және коммуникативтік деңгейлер).

Біз интернет-коммуникациясында «компьютерлік-жанама коммуникация» терминінің толық еместігін байқауға болады. М.Г.Шилина осы тұжырымды растай отырып, терминді логика бойынша интернет-қарым- қатынастың кең таралған жіктемесі бойынша салыстырады, онда коммуниканттардың саны негізге алынады [17]. Мысалы, «Адам-компьютер- адам» интернет қатынас түрінде компьютер мен интернетпен жанама түрде жүргізілетін классикалық оффлайн түрлері бар: «біреумен», «көпшілікпен бірге», «көпшілік көпшілікпен бірге» т.б. Нәтижесінде, «коммуникация, компьютер арқылы жанама байланыс», «интернет-коммуникация» ұғымдарының иерархиялық байланысының дұрыстығы соншалықты бір мағыналы емес. Тағы бір параметр бойынша салыстыру-шындық және коммуникацияның келесі форматтарын бөліп көрсетуге болады: нақты субъектінің нақты әріптестермен байланысы (электрондық пошта, сұхбат, форум және т.б.); нақты субъектінің виртуалды әріптестермен қарым- қатынасы (виртуады әлем, т.б.); қиялдағы әріптестермен бірге байланысы (компьютерлік зияткерлік агенттердің өзара іс-қимылы және т.б.). Берілген интеракциялар компьютерсіз мүмкін емес, олар тек ғаламдық торға тән бірыңғай си патта мала рды білдіреді. Осының нәтижесінде талданған түсініктердің кең мағынада қолданатындығын бірден жауап беруге болмайды. Осылайша, компьютерлік-жанама коммуникацияны анықтау интернетке қатысты мәні бойынша көптеген түсіндірулерді талап етеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. 1 Гусейнов 2000 URL - Гусейнов Г. Заметки к антропологии русского интернета. Особенности языка и литературы сетевых людей Ц Новое литературное обозрение. 2000. № 43: [Электронная версия] URL: http://magazines.russ.ru/nlo/2000/43/main8.html (дата обращения: 11.08.2015).
  2. 2 Скородумова 2004 - Скородумова О. Б. Социокультурные функции Интернета и особенности их реализации в современной России: дис. доктора социол. наук: 24.00.01. - M., 2004. - С.435
  3. 3 Бальжирова 2003 - Бальжирова Т. Ж. Интернет как средство социальной коммуникации в условиях формирующегося в России информационного общества: дис. ... канд. социол. наук: 22.00.04. - Улан- Удэ, 2003. - С. 161
  4. 4 Соколов 2002 - Соколов А. В. Общая теория социальной коммуникации: уч. пособие. - СПб.: Михайлов, 2002. - С.460
  5. 5 Казанская 2007 - Казанская И. H. К научному пониманию феномена Интернета // Актуальные проблемы социогуманитарного знания: сб. науч, трудов МПГУ. - M.: Прометей, 2007. - С. 128-150.
  6. 6 Т.Жанұзақовтың «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы: Дайк- Пресс, -2008, -968 б.
  7. 7 Калинина 2013 - Калинина Л. В. Образ человека рубежа XX-XXI веков в зеркале языковых и социальных процессов: монография / Л. В. Калинина. - Киров, 2013. -С. 190
  8. 8 Самый новейший толковый словарь... 2012- Самый новейший толковый словарь русского языка XXI века / под ред. Шагаловой Е. H. - M.: ACT: Астрель, 2012. - С.766
  9. 9 Войскунский 2003- Войскунский А.Е. Принцип комплексности в гуманитарном исследовании интернет-активности [Электронный ресурс] URL: http://www.ict.edu. ru/vconf/index.php?a=vconf&c=getForm&r=thesisDesc& d=light8dd_sec=1808dd_thesis=6959. (дата обращения: 02.10.2014).
  10. 10 Путилова 2004 - Путилова Е. А. Интернет как фактор формирования информационного общества: дис. ... канд. социол. наук: 22.00.04.-Тюмень, 2004 - С. 186
  11. 11 Кролл 1995 - Кролл Э. Всё об Интернет. - Киев: BHV, 1995. - 234 с.
  12. 12 Александрова 2008 - Александрова О. В. Соотношение устной и письменной речи и язык СМИ // Язык средств массовой информации / Под ред. М. Н. Володиной. M.: Академический проект; Альма Матер, 2008. - С. 337-348.
  13. 13 https://kk.wikipedia.org/wiki^a3HeT
  14. 14Щипицина 2010 - Щипицина Л. Ю. Компьютерно-опосредованная коммуникация: Лингвистический аспект анализа. - M.: КРАСАНД, 2010. - С. 296
  15. 15Горошко 2012 - Горошко Е. И. Современная Интернет- коммуникация: структура и основные параметры // Интернет-коммуникация как новая речевая формация: коллективная монография / науч. ред. Т. Н.Колокольцева, О. В. Лутовинова. - M.: Флинта: Наука, 2012. - С. 328
  16. 16 Рязанцева 2010 - Рязанцева Т. И. Гипертекст и электронная коммуникация. - M.: Издательство ЛИКИ, 2010. - С. 256
  17. 17 Шилина, URL - Шилина М. Г. Интернет-коммуникация: исследовательские концепции XXI века. К вопросу формирования категориально-понятийного аппарата [Электронный ресурс]. URL: http:// www.mediascope.ru/node/1081 (дата обращения: 12.06.2013).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.