Экрандық мәдениет және заманауи коммуникативтік кеңістік

Аңдатпа

Бұл мақалада техника мен технологияның дамуына байланысты экран немесе аудиовизуалды мәдениет адамдар арасындағы байланыстың дәстүрлі формалары тікелей байланыс мәдениеті, жазбаша және қағаз бетінен оқып алатын «кітаби мәдентеттің» орнын бірте-бірте ақпаратты тарату және қорыту жылдамдығы әлдеқайда тез «экрандық мәдениет» толықтырып келе жатқандығы қарастырылады.

Экрандық мәдениет біздің өмірімізге қандай жаңашылдық енгізеді деген сұраққа жауап іздеу барысында тұлғалардың «ақпараттық кеңістікке» еркін шығуына негізделеген жаңа қарым-қатынас үлгісіне тоқтағанды жөн көрдік. Бұл ақпаратты пайдаланудың қолжетімділігі мен еріктілігі медиа кеңестікті қазіргі мәдениеттің кең әлемімен өзіне байланыс іздеген адамдардың кездесу орнына айналдырады. Бұндай қарым-қатынастың қауіптілігі деп әртүрлі сала мамандарының (психологтар, философтар, мәдениеттанушылар) талдау нысанына айналып отырғанын атап өтуге болады. Қазіргі экран виртуалдық кеңесгігіне сіңіп кету қабілетіне байланысты мүлдем жоғалу шегінде тұр. Ғаламтордағы виртуалдық әлемінде өмір сүретін адамдардың «жаңа түрлері» шынайы өмірдегі адамдарға қарағанда жаңа тілдің дамуын тереңірек талап етеді және де оны жетілдіреді - бұл электрондық аудиокөрінбелі коммуникация тілі.

Экран тілі экранный техникалық мүмкіндік ерекшелігіне қарай байланыс қызметі барысында қалыптасып және дамитын болғандықтан, айқындаушы болып ең бірінші қоғамдық, психологиялық, мәдениет факторлары ғана емес, сонымен қатар экономикалық және техникалық факторлар да айқындаушы болып табылады. Алайда замануи техникалар қазіргі киноның көркем тілінің даму жылдамдығынан едәуір артта қалады. Кезінде теледидарда «теледидардың ерекшелігінің» жақтаушылары «тікелей эфирге» шығуды ең маңызды роль деп есептегені секілді... Алайда уақыт өте келе «тікелей эфир» техникалық үрдісінің даму көрсеткіші емес, жас теледидардың көркемдік әлсіздігінің көрсеткіші екенін айқындады.

Осындай үрдіс қазіргі экрандық мәдениетінде де орын алып отыр. Бір жағынан техника экранный коммун и кати вті к кеңестік ауқымын кеңейтеді, ал екінші жағынан қазіргі кинематографияның көркемсурет құралдарының дамуынан қалыс қалып отыр. Осының нәтижесінде қазіргі экрандық мәдениет коммун и кати вті к «сэконд-хендке» айналып отыр. Экрандық мәдениетінің болашақта «тікелей экрандық екіжақты және көпжақты қарым- қатынас» құралына айналғаннан кейін, оның көркемдік деңгейі қандай болатынын елестету қиын[1; 116 6].

Экрандық байланыс сызбасын Ресейдің медиаорталығының авторы тік үшбұрыш ретінде қарастырады: оның шыңында - экран тілі, оң бұрышы - экран коммуникациясының әлеументтік қызметі, сол бұрышы - даму үрдісіндегі техникалық құралдар. Автор: «Жаңа техникалық құралдар кино мен TB арасындағы қайшылықты екінші дәреже сатысына көтеріп, екі қарамақайшы жүйе ретінде қарастырған ғылыми дәсгүрге негізделген айырмашылықты жойды» [1; 117 6].

Голография болашақта кино, теледидар, жеке компьютер арасындағы айырмашылықты маңызсыз етеді деп болжауға болады. Қазірдің өзінде «фильм» деген ұғым көріністің қозғалыстағы көрінісін, оны орындаушымен байланыспаған кезелген түрін білдіреді. Бұндай көзқарас, бір жағынан, «фильмнің» көркемдік деңгейіне деген талапты азайтады, екінші жағынан, бұрын қазіргі кино шығармаларын сараптауда әсерін беретін «өнерцентризмнен» босатады.

Н. Кириллованың техникалың құралдарының осындай қарқынмен дамуы арқасында, экран мәдениеті жақын уақытта «электрондық мәдениетке» айналады деген пікірі өте орынды. «Электрондық мәдениет» көркем мәдениетіне ешқандай қатысы жоқ, өзіне тән коммун и кати вті к ерекшеліктерімен өзгешеленді. Зерттеушінің пікірі бойынша «электрондық мәдениетінің» қауіпті жері жаңа мифологияның «технофундаментализмі» немесе «виртуалдық күштеуі»: Егерде осы «болмыстың биік үлгісі» толықтай жүзеге асқан жағдайда, сол кезден бастап жаңа жылесебі басталған болар еді; бәрі мифтік, айқын, тез болар еді; бәрі де симультан түрінде қазіргі уақытта болар еді, осылайша «технофашизмді» сынап немесе оны жеңу мүмкін емес болар еді» [1;1186].

Компьютерлік технологиялардың қолданысқа енуіне байланысты жаңа жетістіктерге қадам бастық, және қиял әлемі фотосуреттік шындыққа ие болды. Егерде бұған дейін бұны кейбір шарттылық енгізу арқылы қол жеткізген болсақ, енді кейбір ерекше көркемдік шешім қажет етеін жағадайды есептемегенде, бұл әрекеттің қажеті болмай отыр. Көрермен артефактың шынайылығына толықтай сенеді. Әрқашан симулякрға ұқсастықты жасауға тырысатын кинематограф, компьютерлік технология сатысында оны мінсіз іске асырады (симулякр - түпнұсқасы жоқ көшірменің көшірмесі).

Осылайша біраз шартты үлеспен қазіргі экрандық әлемін симулякрлар әлемі деп айтса да болады. Бұл әлемнің айырмашылығы үлкен нарративтерді жою болып табылады. Бұл әлемде (қазіргі экрандық мәдениет әлемінде) адамдар Құдайды ойламайды, сол секілді субъектінің барабарлығы субстанция барабарлығын бастан кешірмейді. Бұл жерде Ж. Делездің сөзін еске алса болады: «Барлық барабарлық симулярлық, олар терең ойындардың - немқұрайлық және қайталау ойындарының оптикалық әсері секілді пайда болады. Қазіргі заманда біздің сыртқы және ішкі дүниемізге қатысты механикалық, стереотиптік қайталуға тап болып, олардан кішкене айырмашылық, нұсқалар мен модификацияларды өзімізге тартуды жалғастырамыз. Керісінше, жасырын, жұмбақ қайталаулар біздің сырқы және ішкі дүниемізде жалаңаш, механикалық, стереотиптік қайталауларды қалыпына келтіреді» [2; 96].

Техниканы бейтарап Ницще ұғымын қолданып айтар болсақ «ізгілік пен зұлымдықтың» сыртындағы нәрсе деп қарауға болады. Сол себептен техниканы пайдаланудан туатын моральдық сұрақтарды практикалық жағдайда шешуге бейімдеу қажет[3]. Бұл техника философиясы авторының пікірінше қазіргі экрандық мәдениет жаппай коммуникативтік кеңестіктің жүйелі координатасының бір бөлігіне және жүйесіне айналып барады. Дәстүрлі, халықтық, бұқаралық, көпшілікке мәлім, элиталық мәдениеттерінің ерекшеліктерін қарастырса отырып, экрандық мәдениетті және қазіргі коммун и кати вті к кеңестікті тереңірек түсінуге болады.

«Феномен массовости кино» жинағында көркем мәдениет өнімдерінің 3 тобы қарасгырылған: «Біреуі халықтық (фольклорлық) мәдениет, екіншісі - көпшілікке танымал, үшіншісі - элиталық мәдениет» [4; 12 6].

Осы мәдениеттердің өзара бөліну сипаттамалары:

Көркемдік формасының ерекшеліктері: халық мәдениетінде қарапайым, ал көпшілікке танымал мәдениетінде - орташа, элиталық мәдениетте - күрделі. Мәдениет өнімінің шығуы: халық мәдениетінде ол белгісіз, көпшілікке танымал түрінде шығарушы бәріне дерлік белгілі, элиталықта тек қана санаулы мамандарға ғана белгілі.

Экономиялық тұрғыдан пайдаланушыға қолжетімділігі: халық мәдениеті тегін, көпшілікке танымал мәдениет - ынсапты бағамен, элиталық - жоғары бағамен.

Мәдениет өнімдерін шығарушылардың әлеуметтік адресі: халық мәдениетінде әуесқой, көпшілікке танымалда - кәсіпқой, элиталықта - кәсіпқой мамандар.

Мәдениет өнімдерінде көрсетілетін әлеуметтік құндылығы: халық мәдениеті өзі құрайтын әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, көпшілікке мәлім - жаппай пайдаланушылар құндылығын, элиталық - көркемдік білімді пайдаланушылар тобына тән құндылықтарды көрсетеді [5; 1136].

Көптеген батыс социологтары «кепке танымал» және «бұқаралық» деген ұғымдарды бүкіл халыкпың талғамына деген кемсіту негізінде теңестіреді. Роберт Стивене: «Кепке танымал мәдениетті бұқаралаық деп оны бұқара медиа арқылы таратылған кезде айтады. Оны бірдей класстағы немесе бірддей дәрежедегі халық арасында таралатын мәдениет жүйесінің өнімдері деп айқындауға болады» [6; 8646]

К.Э. Разлоговтың пікірі бойынша «суретшілерге арналған өнер» -бұл мәдениетті диверсификациялау үрдісі. Бұл үрдістің негізін ғалым былайша түсіндіреді: «Әртараптандыру шығармашыл ортада бұқаралық мәдениеттің таралуы секілді ауыр күйзеліспен қабылданады. Бұл орта Жаңа кезеңде қол жеткізген тамаша өнерге монополиями жоғалтқандай. Білімді және априорлық биіктік үшін, мәдениеттегі вериткаль (орағасырға тән бірқұдайылық идеясына қайта оралу) үшін субмәдениетінің бірмағыналы көптеген түрінің біріне айналады» [7; 1666].

К.Э. Разлогов бұқаралық мәдениетті қорғаштайды, себебі ол білімді ортада пайда болып, өзінің пішінін сақтап келеді деп есептейді. Бұқаралық мәдениетінің өміршеңдігі мен әлеументтік кеңестігінің болашақта ұлғайуы күмән тудырмайды. Кинематограф пайда болған сәттен бастап мәдениеттің индустриализацияалау үрдісінің айқын үлгісі болды. Мәдениет құндылықтарын өндіру өнеркәсіптік технологияларға негізделген. Көпшілік фильмдердің мақсаты, ұйымдастырылуы, әдістері мен таратылуы көпшілікке арналған болды, негізгі мақсаты, әрине, пайда табу болып келеді. Осындай индустрияда көпшілік фильм пайда болды. Дами келе ол белгілі бір нәтижеге жетіп, элиталық түрге айнала бастады. Сол кезде кино екі негізгі санатқа бөлінді: көпшілік және элиталаық. Осылайша ой тізбегіне салатын болсақ, көпшілік экрандық мәдениет тұғырыққа тіреліп, жаңа көркем суреттеу құралдарын іздестіруге қайтадан көшеді. Қалай болғанда да экрандық мәдениеттің элиталық және көпшілік болып екіге бөлінуін біздер өнімсіз деп ойлаймыз.

Кез келген пікір мән-мәтінде, нақты уақытта және нақты орында ғана мазмұнды болады. Бұл ережелерді қорыта келе, экрандық мәдениет туындыларын идеологиялық өнім ретінде және сөйлесу, жолдау нысаны ретінде қабылдауға болады. Өзін «Жоғары мәдениетке» жатқызатын адам үшін: өзін «мәдениеттімін» деп есептейтін адам «жоғары мәдениетінің» дәстүрлері мен сгереотипінде өмір сүруге мәжбүр, ал енді «жоғары мәдениет» шегіндегілер үшін, немесе «кәдімгі өмір» «мәдениетсіз» сала деген пікір қалыптасқан. Уақыт өте келе бұл бір-бірінен алыс салалар «жоғары мәдениетпен» ығыстырылып, «мәдениетсіз саланың» негізі болады. Ол арқылы адам өмірінің жабық жағын қарстыруға болады.

Дәстүрлі өнердің түрлері қай мәдениет түріне жатса да бір-бірімен шектен шықпай байланыса біледі. «Жоғары мәдениеттің» нақты түрлері, шегі, оны тұрақты, мықты монументке айналдырып, «темен» мәдениетті биік құндылықтан жұрдай қылды. Бүгінгі күні экрандық мәдениеттің дамуына, жаңа адамдардың пайда болуына байланысты, сондай-ақ оның барлық салаға енуіне байланысты, маңызды өзгерістер орын алып отыр.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Кинословарь. Том 1 и 2. - M., 1990, 116-118 бб.
  2. Делез Ж. Различие и повторение .- СП 6.,1998, 9 б.
  3. Бекежан Ө.Қ. Адамның технологиялық интеграциясы: постадам элде постэтнос адам. Атырау, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекттік университетінің Хабаршысы, №2(37). 2015ж. 40 б.
  4. Мифы народов мира в 2-х т. - M., 1992,12 б.
  5. Федоров А.В. Медиаобразование и медиаграмотность: Учебное пособие для вузов. - Таганрог, 2004, 113 б.
  6. Фасмер М. Этимологический словарь. - M., 2004,864 б.
  7. Радаев В.В., Шкаратан О.И. Социальная стратификация. - M., 1996, 237 б.
Тег: Кино
Жыл: 2019
Қала: Атырау
Категория: Философия