Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Т.Молдағалиевтің «хаттар - хаттар» дастанындағы бала бейнесі

Аңдатпа

Т.Молдағалиевтің «Хаттар, хаттар» дастанында отан соғысы кезіндегі ауыл баласының соғыс туралы майдандағы батыр ағасы туралы ой-пікірлері баяндалады. Ағасының хаттары арқылы баланың соғысқа деген, ерлікке деген көзқарасы көрсетіледі.

Дастаншылық Кеңес дәуірінде үлкен үдеріске ие болды. Олардың тақырыптары әртүрлі еді. Жаңа заман өмірін, тарихи тақырыпты қозғаған шығармалар, лирикалық дастан дәстүрі де қолға алынды.

Дастан - поэзияның күрделі түрі. Ол - өмірді кең толғайтын, суреттеулері мол, баяндауы ұзақ желілі шығарма. Дастан табиғаты туралы академик Зейнолла Қабдолов мынадай анықтама береді: «Орта көлемді эпостық повестей басқа тағы бір түрі - поэма (грекше роіета - туынды) - өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу. Сюжетті поэмалар да, сюжетсіз поэмалар да болады. Поэмаларда жасалатын адам образдары да әр алуан, эпикалық образ да, лирикалық образ да, романтикалық образ да, реалистік образ да болады». [1.421]

Кеңес дәуірінде дастан жанры дамып, едәуір биікке көтерілді. С.Мұқанов, I. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Жұмабаев, Қ. Бекхожин, Д. Әбілев, А. Тоқмағамбетов, Ж. Саин, Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ғ. Қайырбеков, X. Ерғалиев, Т. Бердияров, Ж. Молдағалиев, Т. Молдағалиев, М. Мақатаев, Ж. Нәжімеденов және т.б. желілі дастандар жазудың үлгісін көрсетті.

«Тұманбай - бір жинағынан бір жинағына сатылап көтерілген ақын. Оның қаламынан жылы да мөлдір лирикалармен қатар, ірілі-ұсақты дастандар да туындады». [2.12]

Осы аты аталған ақындардың ішінде біздің негізгі объектіміз болып отырғаны -Тұманбай Молдағалиевтің «Хаттар-хаттар» дастаны еді.

«XX ғасырдың II жартысынан бастап қазақ өлеңі тақырып жағынан да, көркемдік болмысы жағынан да қайта жаңарып, өрлей бастады. Лирикалық поэзияда сол заманның өзекті проблемалары: кеңес адамдарының Оганшылдық сезімі, кешегі болған соғыс пен бейбітшілік туралы, халықтар достығы, адамгершілік, этика мәселелері кең жырланды. Осы тақырыптар арқылы ақындар азаматтық көзқараспен, өмірді сүюді, патриоттық сезімді қалыптастыру мәселелерін ашуға тырысты». [3.19]

Екінші дүниежүзілік соғыстың фашизм күйрегеннен кейін де дүние жүзі халықтарына зардабы тигізгені белгілі. Қазақ халқының жігіттері мен қыздары бұл майданның қақ ортасында болып, жандарын беріп, қанын төкті. Бұл апат еш уақытта ұмытылмайды. Тұманбай ақынның балалық шағы сол алапат соғыс кезінде өтіп, оның кесапатын көрген ұлдардың бірі. Кейін жігіт боп, қаламы төселген ақын, елге таныла бастағаннан кейін соғыстың зардабын өзінің шығармаларының арқауы етті. Осы тақырыпқа өлеңдерімен қатар бірнеше дастанын арнады. Сол дастандарының бірі - «Хаттар, хаттар» деп аталады. Бұл дастандағы оқиғалар жас Тұманбайдың атынан айтылады, оның кішкентай кезіндегі көрген-баққаны көркем баяндалады.

«Хаттар-хаттар» поэмасы - Тұмағаңның майданда жүрген ағасына тұңғыш жазған, сандықта жатып сарғайған сәлемінен сыр шерткен шығармасы». [4.256]

Мұндағы басты лирикалық кейіпкер - Тұмаш бала. An дастандағы эпизодтық айтылған жайларға араласатын кейіпкерлер де бар, олар: баланың ағасы мен атасы.

Жас, әлі мектепке бармаған лирикалық кейіпкер өзінің командир ағасын мақтаныш етеді. Ол жөнінде өзімен бірге ойнайтын балаларына айтып, ағаның жақсы адам екенін түсіндіреді.

Командир - дейтін ағаны, Сол аты болды маған жыр. Жиып ап барлық баласын, Мақтаныш мен де бағам бір. Бақ көріп сон ы өзіне, Жиып ап ауыл балларын. Айтамын аға сөзінен, Құлағым шалып қалғаны. [5.204]

Бала командир ағасын мақтаныш етумен қатар, оны өзіне де, өзге балаларға үлгі қылып бейнелегендей болады. Өйткені бала біткеннің арманы батыр болу, үлкен азамат болып өсу, елдің тұлғасы болу.

Дастанның лирикалық кейіпкері өзінің ағасы туралы қиялын асыра түсіп, оның наганын айтып, балаларды қызықтара түседі.

Өгірік те соғып бағамын, Конфеттен аздап жеп қоям. Ағамның кеше наганын Атып та көрдім деп қоям.

Барынша бөсіп алам мен, Сене ме достар тек соған. Самолет мініп ағаммен Алматы бардым деп соғам.

Алматы - деген алманың Құжынап тұрған жері деп. Болса да өтірік барғаным, Бардым деп соғам көбірек.

Алмасы менің басымдай, Көрді оны кәні, кім-кім жеп. Командир ағам қасымда, Трамвайға да міндім деп. [6.7]

Осылайша ағаның мақганыш етудің нәтижесінде алуан түрлі өтірікті айту- бұл балалық қиялдың асқақтығы. Бала психологиясын автордың терең білетіндігі айқын көрінеді.

Тұмаштың командир ағасының баламен жақындығы, олардың көңілдерін аулай білетін тапқырлығы, өзінің ақылмандығымен қызықты әңгімелерімен үйіре білетіндігі көрінеді.

Бәрің де жақсы командир Боласыңдар, - деді ағам.

Ағаның осы сөзінде жақсы сырлар жатыр. Өйткені бала кішкентай кездерінде әскери адам болғысы келетіні - шындық.

Алайда лирикалық кейіпкерімізді де, басқаларды өкіндірген бір жағдай - ағаның өзімен қоштасып кеткендігі болды.

Азамат болып өс, - деді Баса алмай ішкі өксігін.

«Азамат» болды ұққаным, Көп жүрдім осы сөзді ойлап. Сол күні соғыс шыққанын Кейіннен білдік біз бейбақ.

Командир аға соғысқа аттанып кетіпті. Бұл - қандай соғыс, оны лирикалық кейіпкеріміз білмейді. Әйтеуір - соғыс. Ал бала ағасының батырлығына сенімді. Ол әрқашан жауды жеңеді деп біледі.

Командир елін сүйген үлкен азамат. Соғыста жүрсе де, өзінің амандығын айтып, жаумен арпалыса жүріп, талай ерліктерін баяндаған хаттары келеді.

Кейіпкердің бір өкініші - келген хаттарды оқи алмауы, өйткені әлі мектепке барған жоқ. Мектепте оқитын басқа балаларға қызғанышпен қарайды. Бұл - жас баланың болашаққа ұмтылыстарының бірі болып есептеледі.

Жүретін үнсіз тым-тырыс, Қуантты сол хат атамды. Біздің үй бір күн үшбұрыш Майданнан сонау хат алды ...

Қағазы жылтыр, көкпеңбек, Көзіне ыстық соншама.

Оқыды хатты әпкем кеп, Оқыды және көрші аға.

Кеудеме бастым сол хатты, Сезіммен, оймен бір белек. Менің де атымды атапты, Дені сау, ойнап жүр ме, - деп.

Тұмаштың хатты оқи алмауы, әріп танымауы - үлкен өкініш. Сондықтан ол басқа балалармен мектепке бірге барып, ішке кіре алмай, сыртта отырып қалады. Бірақ мұғалім «келесі жылы келесің», - деп оның көңілін жұбатқанына мәз болады.

Осы бір суреттелген детальдар бала мінезіне сай, жанашырлықпен бейнеленгені оқырманды қызықтыратыны сөзсіз.

Ақыры, Тұмаштың арманы орындалып, мектепке оқуға баруға жасы да жетеді. Енді ағасының хаттарын оқуға мүмкіндігі бар. Бұл - бала қиялын шарықтатарлық жай. Себебі өзінің жақсы көретін командир ағасының хаттарын оқу ол үшін - ерекше бақыт. Ол алғаш рет ағасының хатын ежіктеп оқиды. Хаттағы ағасының соғыста жүрген жайын оқып, жақсы сезімде болады және оның ерлік жасап жүргенін көзіне елестетеді. Хаттағы ағасы айтқан патриоттық сөздері оған үлкен мақтаныштай сезіледі. Хатта ағаға былай деп жазыпты:

«Күн туды ер басына, ана, қатаң,

Жауларды өз көріне «паналатам». Тұрса да ажал қоршап, өзіме емес, Ең соңғы оғымды да соған атам.

Жеңеміз! Сенгем оған әлдеқашан, Жеңіспен талай қиын белден асам. Жылама, асыл ана, қасыңда егер Сол жеңіс келген күні мен болмасам.

Аламын қас жауымнан ел үшін кек, Кеудемде жүрек тұрса сені сүймек. Сол жеңіс келген күні мен болмасам, Тұмашты құшақтарсың Жеңісім,- деп!»

Хаттағы командир ағаның анасына қарата айтқан сөзі барлығына қарата айтқан жігерлі ант сияқты. Жас баланың көкірегінде ағасына деген мақтаныш онан сайын ұлғая түседі. Ағасын өңінде көз алдына елестеткен бала оның ер тұлғасын түсінде де көреді. Жас болса да, елге деген ағасының сезімі бейне балаға да дарып, күш бергендей. Елге деген сүйіспеншілігі оянғандай болып, ағасының ерлігіне сүйсінеді. Түсін атасына айтады. Түсінде ағасы ылғи қасқырлардың ортасында қалған екен. Ағасы қасқырларды құлаштап шапқанда, оның күшіне шыдай алмай, қалған көкжалдар қаша жөнеліпті. Сол жерде мен де жүр екенмін дейді. Бір кезде ағасы ақбоз атқа мініп, аспанға ұшып кетіпті.

Осы түсін атасына айтқан екен. Атасы жақсы жорыпты. Жауды жайпап жеңеді екен, ал аспанға ұшып кеткені - бізді сағынғаны шығар - депті. Бала атасының бұл жоруына көңілі көтеріледі.

Осылайша, ағасының жеңіске ие болатынын хабарлайтын хатты күтумен жүрген бала почташының мазасын алып, күнде «хат бар ма?» деп сұрай беріпті. Ақыры, ағасынан тағы бір хат келгенде, тағы да қуанышы қойнына сыймапты.

Бұл хат үйдегі сүйген жары на арналған екен. Ағаның әйеліне деген мөлдір сезімін ұғуға болады. Оның тәтті сөздері майданда жүрген ердің елін, әйелін ойлағанда қайраты таса түсетіндей еді. Майдандағы қантөгіс арасында жүрген ерлердің елін ешқашан ұмытпайтындығы, туған ел, сүйген жар олардың арқа сүйер тірегі сияқты болған. Автор осы хаттағы ағасы айтқан жүрек жібітер сөздер ел адамдарына да қуат беретіндігін ақын сезімталдықпен айта білген. Сондай нәзік сөздерді келтіруді жөн көрдік.

Махаббат - деген от мәңгі.

Өртеді жанды күрсінсем. Тұра ұшқан маған оқтарды Қалқалап қалып жүрсің сен.

Толмасын жасқа жанарың, Берілме мұңға бір уақ. Кемпір мен шалдың қабағын Бұлт шалса егер, ыдырат.

Айқаста жүремін жыл асты, Жақын тұр, жақын жеңісім. Артыма ерген Тұмаштың Тұлымын сипа мен үшін.

Майдангер жарына арнаған осы хатынан оның соғыстағы оптимисгік ойлары көрінеді. Ол өлім туралы ойламайды, өмірім не болады деп жасымайды, қайта болашақта жеңіске ие болатынына өте сенімді.

Махаббаты бар жүректі Тоқтатар күш жоқ жерде әлі.

Осы сөзінің өзі жауынгердің махаббаттын ешбір күш жеңе алмайды, махаббатқа ие адам жауға кірпік қақпай төтеп бере алады деген ге сендіреді. Командирдің өте жалынды жазылған мына бір сөзі көзге жас үйіретінін қайтерсіз:

Сақтайды мені сол тілеу, Жеңіспен елге барам мен. Сен үшін жауды өлтірем, Сен үшін тірі қалам мен.

Қандай өткір айтылған, махаббатқа берік, жарына деген жүрегі езілген жігіттің сөзі осылай болса керек.

Хат иесі қанша езіле сағынышын тауыса алмай елжіресе де, оның алдында үлкен трагедиялық жай тұрғанын қайдан білсін.

Ол мынадай жай еді:

Оқыдым неге сол хатты, Құдай -ау қайдан оқыдым. Жеңешем менің қымбатты Кеткен-ді үйден сол түні. Сұмдықты мұндай кім көрген, Аяққа таптап арманды. Әскерден келген біреумен Сол түні кетіп қалғанды.

Ел деп еңірегенде етегі жасқа толып жүрген ердің елдегі трагедиясы өте аянышты түрде осылай баяндалады.

Бұл оқиға лирикалық кейіпкерге үлкен соққы болғанын автор өте аянышты түрде баяндап, оқырманды сол оқиғаға бірге күйінуге шақырады.

Күрсінді атам қатты ойлап, Анашым қалды ауырып.

Кәрі әжем ғана айқайлап Жатыр бір қарғыс жаудырып.

Найзағай алғаш жарқылдап, Көк бұлтқа кіріп жоғалды. Көк төбет қана арсылдап, Ұзатып салды оларды.

Командирдің келіншегінің әскерден келген жігітке еріп кетіп қалғанына, автордың суреттеуінше, табиғат та реніш білдіргендей, көк төбет те қарсылық жасағандай. Бұл лирикалық кейіпкер ойының, қиялының көрінісі болып, оқушы көз алдында қалады.

Лирикалық кейіпкерге бұл оқиға қатгы эсер етіп, мұңға батырады.

Жеңешем кеткен күнгі хат

Есейтіп мені жіберді, - деуі кейіпкерді терең ойға батырып, өмір туралы ойлантады, үлкен адамдар арасындағы мұндай келіссіздіктердің болғаны таңғалдырады. Оның кішкене кезден көрген мұндай сезім соққысы оны есейтіп жібергендей.

Фашизммен болып жатқан аласапыран қантөгіс бүкіл елімізді тебірентті, соғыстағы майдангерлердің жауды талқандап, ерлердің елге аман оралуын тіледі. Майдангердің де, ел адамдарының, тыл еңбеккерлерінің де арман-үміті жеңісте болды.

Мектепте оқып жүрген лирикалық кейіпкердің сенімін зорайту жолында мұғалімнің де сөзі қатты эсер етеді. Оның көңіліне зор қайрат береді. Оның ендігі арманы - ағасының жеңіске ие болып, елге қауышуы еді.

Фашист қашып, біз қуып баратамыз, Қуанады сол үшін кәрі атамыз.

Мұғалімнің «жеңеміз» деген сөзін

Үйден-үйге бар бала таратамыз ...

Мектептегі әр оқушының ойларына берік орнаған сенім оларды болашақ үшін қуантады.

Біз жеңеміз. Қызылдар кілең батыр, Басталады шабуыл енді батыл.

Алайда кейіпкер жеңістің оңай келмейтінін де біледі, себебі майдангердің елге қайтқандарының бәрі мүгедек.

Екі көзден айрылып келді біреу,

Екі аяғы жоқтар да келіп жатыр.

Келгендерді көргенде мен шошимын, Жеңіс деген мүгедек солдат па деп.

Жас баланың соғыс зардабынан сезгендері мен көргендері оның ой- сезіміне, бүкіл болмысына қатты эсер етеді. Ол қатты толғанады. Сондықтан жазуды жаңа үйрене бастаған шәкірт ағасына бар ойын баяндап хат жазады.

Ол өзінің хатында не көргенін, үйде қандай оқиға болып жатқанын, ата-әжесінің жайын және жеңгесінің басқа жігітпен кетіп қалғанын жасырмай жазады. Әрине, бұл балалық қателігі еді. Үйдегі жайды жазуы командирге ауыр тиетінін білетін атасы оның хатын

Ағаң өзі келген кезде оқыр деп,

Дәу сандыққа салып қойды үйдегі.

Кейіпкеріміздің атасының ақылдылығы, көпті көрген кемеңгерлігі баланың хатын майданға осылайша жіберуден бас тартады. Балаға деген ақылы өте майда, жазған шындығы үшін ұрыспай: «ағаң өзі келген соң оқыр» деп сандыққа салуы балаға деген тәрбиелік әрекет еді. Бала мұны кейін түсінді.

Ал бала атасының ағасына не жазғанын былайша баяндаған: «Аманбыз тегіс, жарың да аман, шүкірлік, Отыңды жағып отыр ол үйді бүтін ғып.

Тұмашың міне хат жазуға да жарады,

Айтқанымды істеп, жақсы оқып жүр сабағын».

Бұл хаттағы, жазылған жақсылық жайларға ағасы қуанатыны сөзсіз. Майдандағы адамды көңілдендіріп қоймаса, жауға оғы дәл тимей қалуы мүмкін ғой деген ой тастайды балаға.

Кейіпкер атасының осы хатының жеткеніне күмәнді. Себебі ағасынан көптен хат келген жоқ еді. Кейіпкер әрі қарай былай баяндайды:

Айтқандай ағам жайында

Бір рет бізге хат келді.

Орденін жеңіс айында

Қаладан атам ап келді.

Бұл неден хабар береді. Демек, ағасы майданда қаза тапқаны туралы хабар келгендігі және ағаның ордендерін атасы барып алып келуі балаға қайғылы жайды аңғартады.

Міне, екінші дүниежүзілік соғыс бала сезімімен, бала ойымен осылай баяндалған.

Автор «Хаттар, хаттар» дастаны арқылы соғысгың бала қиялында қалай көрініс тапқаны, оның жасөспірімнің сана-сезіміне қалай эсер еткені осылайша көркемдікпен суреттелген.

«Тұманбай Молдағалиев әдебиетке айқайға басып, атой салып, ат ойнатып келген жоқ. Талайдан тоңы жібімей, қоңторғай жатқан мұзарттың әлдебір күңгей маңдайын жіпсітіп, тырс-тырс тамшы боп басталып, бірте- бірте ұлғайып, көк мұздың көбесін мұжып, етектегі ерні кезерген жазиралардың ындынын қандыратын рахым кәусарындай шарапатты шабытымен көпшілік көңілін бірден баурап алды.

Көкірек тістейтін, құлақ тырнайтын дөкір бір сөзі жоқ жаймашуақ жырлар жаныңды жайдарлыққа шақырады. Көшолаңды кеңейтіп, төңірегіндегі жақсылықты көбірек аңғаруға, жайсаңдықты тереңірек ұғынуға, жаратылыстың жарасымдылығына жан-тәніңмен елтіп, құлшына құмартуға ұмтылдырады.

Тұманбай - тілінің балы басым ақын. Ешкімнің бетіне жел боп келмейтін қыз мінезді ақпейіл ақын. Адам түгілі ағын су мен жайқалған жапырақтың көңіліне қарайтын сезімтал ақын». [7.142]

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қабдолов.З. Сөз өнері. Алматы: Өлке., 2014 ж. 424 б.
  2. Мақатаев М. Тұманбайдың ақындығы сезімталдығында. «Мұқағали» журналы, №6, 2018ж. 12 б.
  3. Садыкова А. X. Ерғалиев - заманының заңғар ақыны. Атырау, X. Досмұхамедов атындағы АМУ-нің «Хабаршысы», №3.2016ж., 19 б.
  4. Тұманбайдың ақындығы (мақалалар жинағы) Алматы, Атамұра 2005ж. 256-6.
  5. Т. Молдағалиевтің ІІІ-томдық шығармалар жинағы. І-том, Алматы: Жазушы, 1990ж. 204-6.
  6. Молдағалиев Т. «Хаттар, хаттар» (дастандар жинағы) Алматы, Жазушы, 1974ж.7 б.
  7. Молдағалиев Т. Көптомдық шығармалар жинағы. 24-том. Ә.Кекілбаев сөзі, Алматы. Ән Арыс, 2016ж. 142 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.