Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Асқар Тоқмағамбетовтың публицистикасы

Аңдатпа

Мақалада жазушы, публицист А.Тоқмағамбетовтың шығармаларына тоқталдық. Өзге де ұлы адамдардың пікірлері арқылы, Тоқмағамбетовтың әдебиеттегі ойып алар орнынан бөлек, адами қасиеттерін де дәлелдей түстік.

А.Тоқмағамбетов 1905 жылы қазіргі Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында кедей отбасында туған. Ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды. Алғаш ауылдық мектеп оқыған ол 1924 жылы Ташкентке барып, сол кездегі белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратпаевтың көмегімен паштехникалық техникумның арригация бөліміне оқуға түседі. 1931-1933 жылдары Мәскеудегі редакция-баспа қызметкерлерін дайындайтын институтта оқыды.

Жазушылық жұмысына араласа бастағаннан бері Асқар көптеген республикалық газет-журнал редакцияларында С'Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан", "Ленин жолы", "Қазақ әдебиеті", "Ара" т.б.), Қазақстан жазушылар Одағында басшылық және журналистік қызметтер атқарады.

Өлең-жырға жастайынан әуес ол ел ақындарының үлгісімен айтысқа түсіп, ойын-тойларда әзіл-қалжың шумақтар шығарған. Оған Сыр бойы ақындарының дәстүрі зор эсер еткен. Асқар 1923 жылдардан жаза бастайды. Бірақ өлеңдерінің басыла бастауы - 1926 жылдан, содан бергі уақыт ішінде ақынның 40-тан астам кітабы жарық көрді. Олардың ішінде "Еңбек жыры"(1928), "Еңбек жинағы" (1929), "Күлкі-сықақ өлеңдер" (1929), "Құрылыс" (1930), "Хат" (1930), "Ұлы майданда" (1932), "Бақыт кілті" (1933), "Қаскелең" (1934), "Күзетте" (1934), "Уборница" (1935), "Өмір" (1935), "Советтік маршрут" (1937), "Маршалдар шықты майданға" (1941),"Мұнай бер" (1943), "Ажалды жеңген алыптар" (1944), "Шыңға" (1949), "Қарындаш" (1950), "Аграном көктемі" (1955), "Фельетон жинағы" (1958), "Дария сыры" (1960), "Сайрайды бұлбұл" (1961), "Тырналар, сұлу тырналар" (1965), "Өмір өлмейді" (1968) сияқты өлең-поэмалар, фельетон- мысалдарының жинақтары бар.

Поэзиялық шығармаларымен қатар Асқар проза, драматургия, балалар әдебиеті саласында да елеулі қызмет еткен. Оның әр кезде газет, журнал беттерінде басылған очерктері, әңгімелері мен пьесалары кездеседі. 1940 жылы жазушы "Терт жыл я терт сағат" атты повесть жазды. Соғыс алдында баспасөз бетінде Асқардың "Шәуілдір" атты романының үзінділері жарияланып жүрді. Кезінде аяқтамай үзіліп қалған бұл шығармасын автор "Эке мен бала" деген атпен бітіріп, 1961 жылы бастырып шығарды. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары Асқардың "Сыр диханы" (1957), "Асыл азамат" (1959) атты документтік повестері жарық көрді. [5,15]

Драматургия саласындағы Асқар еңбегі 1928 жылы басылған әйел теңдігі мәселесіне арналған "Екі заң" атты пьесадан басталады. 1933 жылы кәмпескеге ұшыраған байлардың колхоз құрылысына қастандығын суреттейтін "Семафор ашық" деген пьесасы басылды. Одан кейін бір актілі шағын пьесалармен қатар "Әзірет Сұлтан" (1937) атты көлемді драмасын жариялады. 1961жылы ол "Маржан" атты киносценарий жазды. [1.3]

Асқар балалар үшінде көп шығармалар жазған. Оның бұл саладағы еңбектері "Тазалық - тәрбие" (1929), "Балалар досы" (1930), "Алыптар туралы аңыз" (1948), "Балаларға базарлық"(1958) атты кітаптарын да жинақталған.

Асқар шығармалары бірнеше рет жиналып, таңдамалылар күйінде (1939, 1945, 1953, 1957, 1962) басылды.

Асқар 1931 жылдан КПСС мүшесі, үш рет Еңбек Қызыл Ty орденімен марапатталған. 1965 жылы республика жұртшылығы ақынның 60 жылдық мерей тойын өткізді. Асқардың творчестволық жолын тұтасалып, қарағанда, оның суреткерлік талантын еркін танытқан жанры поэзия екенін көреміз. Әсіресе ақын саяси лирикамен сатиралық өлеңдер, мысал саласында елеулі ең бекетті. Дәуір шындығына өң қоса отырып көптеген поэмалар жариялады.

Асқар Тоқмағамбетовтің басты өлеңдер жинақтары мен поэма, сатиралары ондаған рет басылып шығады. "Еңбек жыры" (1928ж.), "Еңбек жинағы" (1929ж.), "Құрылыс" (1931ж.), "Хат" (1932ж.), "Ұлы майданда" (1932ж.), "Күзетте" (1934ж.), "Шыңға" (1950ж.), "Қарындаш" (1950ж.)

Асқар 1947 жылдан бастап мысал жанрымен айналыса бастады. Содан бері ол "Шырмауық пен алма ағаш", "Мысық пен шыбын", "Әупілден пен күмпілдек", "Тоқылдақ пен тиын", "Қой мен ешкі", "Төбет пен мысық", "Қарға мен бұлбұл", "Тырна мен көгершін" тәрізді көптеген мысалдар жазды. Асқар бұдан тыс көптеген өлеңдерін балаларға арнады. Бірнеше шығармалары дер кезінде жеке кітап болып та басылып шықты. Ақын "Екі Заң" атты комедия, "Әзірет Султан" деген екі актілі пьесалар жазды.

Асқардың қазақ әдебиетінде алар орны, ақындық ерекшелігі, өмірі мен творчествосы туралы алғашқы мәлімет 1942 жылы Е.Исмайылов редакциясымен басылып шыққан оқулықта берілген екен. Одан соң бірнеше мақалалар соғыстан кейінгі дәуірде жазылды. Бұл ретте Ғ.Мүсіреповтің С.Мұқановтың, А.Нұрқатовтың, Ә.Тәжібаевтің, С.Төлешевтің мақалаларын атауға болады. Бұл мақалалардың бәрінде де Асқар товрчествосының өмірмен тығыз байланыстылығы, лирикасы мен сатирасын маңызын айрықша атап көрсетеді.

Асқардың ақындық шеберлігі жөніндегі және үгіт сарындағы өлең-жырларды жазудағы табысымен қатар кемшіліктерін де көрнекті жазушы, сыншыларымыз көрсетіп отырды. С.Мұқанов: "Өлеңдерінің сыртқы көрінісін, яғни төрін, көбінесе қызықты суреттейтін Асқардың бояулары кейде қалың жағылмай, жұқа сүртіліп, ілгері басқан заманының ауа райын көтермей өтіп кетеді",-дейді.

Ғ.Мүсірепов: "Асқар... творчествосы газетпен астасып жатқандықтан, ол көбіне өлеңді газет қарызын өтеу үшін жазады. Сол себепті Асқарда кең талғам жоқ", -дейді. Әрине бұл Асқар поэзиясы туралы әділ сындар. Асқардың өлеңдерінде қайталаулар кезедесіп жатады. [2.45]

Асқар творчествосы туралы осындай әр түрлі мақалалар бола тұрса да, ақынның поэзиялық шығармалары жөнінде әлі жан-жақты зерттеулер болмаған.

Асқар туралы бұрын жазылған мақаланың бәрінде де ақынның лирикалары әрбір тарихи дәуірге байланысты алына бермейді. Мысалы, ақынның 1928 жылы жазылған өлеңдері мен одан бергі еңбектері бір дәрежеде емес, ақындық шеберлігі жағынан толып жатқан жетістіктері бар. Ақын туралы мақала жазғандар оның поэмасын бастан-аяқ сынап шығады. Ия, Асқар поэма жазуда сәтсіздікке ұшырады. Бірақ, ол сәтсіздіктер бір Асқарға ғана тән емес.

Асқардың творчествосындағы басты тақырып - жасампаз еңбек адамын жыр ету. Заманымыздың ең маңызды мәселелеріне ақын өз творчествосымен қызу өн қосып отырған. Оның шығармаларының ең алдымен баспасөз беттерінде жарқ етіп шыға келетіндігі де кездейсоқ емес еді. Бұл ақынның творчестволық адымы халықтың күнделікті өмірімен сай түсіп отыратындығын дәлелдейді. Асқардың творчествосы тақырыбы жағынан болсын, жанрлық жағынан болсын көп салалы, алуан түрлі аса күрделі болып келеді. Ол өзінің ақындық талантын лирика жағынан бастады. Оның лирикасын сөз еткенде, заманымыздың актуальді мәселелерін қамтитын саяси лириканың басым екенін атап айтуымыз керек. Ақындық таланты, әсіресе осы салада яғни саяси лирикада ерекше көзге түседі.[7.25]

Автор кешегі қой соңында жүрген Шойынқараның көңіл-күй, арманын, оның көксеген, арман еткен арманы көп, ол малы көп бай, би, Сырымбай сияқты молда немесе Қордабай сияқты ұры болсам ба екен деп бұлардың бәрін де өзіне лайықты көрмейді. Соңында Шойынқара бәрін қорытып, оқу оқып маман иесі болуды, білім алуды арман етеді.

Ол шынында да сол дәуірдегі ерекше маңызы бар саяси әлеуметтік мәселе - әйел теңдігін де өз жырларына қосты. Әдебиет тұрғысынан асақ, осы кездегі жаңа өмір үшін күресуші, ұнамды кейіпкердің образын жасауды керек ететін үлкен тақырып болатын. Бұл тақырыпқа Асқар Тоқмағамбетов те өзінің әсерлі шығармаларын әйел теңдігі үшін белсене күресу, қызды қалың малға сатудың озбырлық мәнін ашып көрсетті. Ол кеңес үкіметі азат еткен қазақ әйелдерін саяси-қоғамдық өмірге белсене араласуға, сауат ашып, білім алуға, өз тағдырының қожасы болуға шақырады. Оны осы кезде жазған "Бәтиманың хаты", "Ағасының жауабы" деген өлеңдерінен байқауға болады.

Асқар Тоқмағамбетов халқымыздың игі жақсыларымен, дос- туыстарымен кездескен, көрген-білгендерін қағаз бетіне дер кезінде түсіріп отырыпты. Ол Мұхтар Әуезов жайлы: "Мұхаң сізге шешен кісі еді, әсіресе, шабыты келгенде, сөзін тыңдайтын адамын тапқанда ақиық бүркіттей қомданатын, шалықтап тартатын. Тыңдағанды шаршатпайтын, жалықтырмайты. Сымбатты, бет-әлпеті жақсылық үшін жаратылғандай жайдары кісі еді", десе, дәл осы сөзін өлеңмен толғайды. [9.10]

Ақын жайлы Ғабит Мүсірепов те қалам тартыпты: "Отыз жылдық үлкен дәуірдің ішінде болған қоғамдық ұлы өзгерістердің бәріне де өн қосып отырған Асқар ақынымыздың осы жағынан едәуір ойланатыны бар. Қара дүрсінділікке көбірек ұшырап жататын ақын-жазушылардың аз еместігін еске алсақ, бұл ескертудің ешкімге зияны жоқ. Асқар өлеңдері Абай қойған талапқа сай, жүрекке жылы, тегіс те жұмыр, жатық келеді. [11.55]

Бұрын поэзия жанрында ерекше танылып келген А.Тоқмағамбетов жаңа роман арқылы шебер прозаик екенін де көрсетті.

Асқар творчествосы туралы әртүрлі мақалалар бола тұрса да, ақынның поэзиялық шығармалары жөнінде әлі жан-жақты зерттеу болмаған. Асқар туралы бұрын жазылған мақаланың бәрінде де ақынның лирикалары әрбір тарихи дәуірге байланысты алына бермейді. Мысалы, Асқардың 1928 жылы жазылған өлеңдері мен бүгінгі еңбектері бір дәрежеде емес, ақындық шеберлігі жағынан толып жатқан жетістіктері бар.

Асқар туралы зерттеу жазғандар ақын поэмасын бастан-аяқ сынап өте шығады. Асқар поэма жазуда сәтсіздікке ұшырады. Бірақ, сол сәтсіздіктер бір ғана Асқарға тән кемшілік пе еді? Поэма жазуда ең майталманымыз І.Жансүгіровтің өзі тарихи тақырыпқа "Күйші", "Құлагер" сияқы тамаша поэмалар жаза тұрып, бүгінгі өмір тақырыбына арналған "Жорық", "Жаңа туған", "Колхоз тойы" сияқты поэмаларын әлсміз жазған емес пе? Демек, 30-жылдардағы поэманың әлсіз болуы ортақ кемшілік. [10.3]

А.Тоқмағамбетовтің лирикасының ерекшелігі сатиралық тілмен беруінде. Ақын лирикасының тақырыптары әр алуан. Асқар поэзиясының мәнділігі оның күнделікті өмір талабына сайма-сай келіп отырғандығында. Еңбек майданындағы халықтық қозғалыстар оның творчествосынан кең орын алған. Ол күнделікті өмір талабына өткір саяси лирикамен шапшаң жауап беріп отыратын ақын.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Егемен Қазақстан// 8.10. 2005 жыл., 3-бет
  2. Исмаилова Е. АсқарТоқмағамбетов. - Алматы, 1995 ж.
  3. Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 3-том, 1967 ж., 325 б
  4. Қаратаев М. Қазақ әдебиеті. - Алматы, 1971 ж., 300 б.
  5. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті. - Алматы, 1968 ж., 420 б
  6. Қирабаев С. Халықтық дарын. - Алматы, 1970 ж., 250 б.
  7. Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. - Алматы, 1973 ж., 325 б.
  8. Тоқмағамбетов А. Жазғы жапырақтар. - Алматы, 1958 ж., 260 б.
  9. Тоқмағамбетов А. Шығармалар. - Алматы, 1-2 том, 1962 ж.
  10. Ленин жолы// 18.03. 1962 жыл., З-б
  11. Шәкіров Ә. Қазіргі дәуір және қазақ әдебиетінің даму проблемалары. - Алматы, 1973 ж., 300 б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.