Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы

Аңдатпа

Бұл мақалада оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқытуды ұйымдастырудың жалпыдидактикалық принциптерін басшылықта ұстау және түрлі әдістерді тиімді қолданудың маңыздылығы туралы айтылады.

Өркениетті қоғамға талантты адамдар керек. Ал, әрбір баланың мүмкіндігі мен қабілеттерін өз уақытында тану, көру, іске асыруда отбасы және мектептің рөлі маңызды.

Қоғамдағы аса маңызды өзгерістер білім берудің қарқынынды дамуын жеделдетуде. Қазіргі білім беру - бұл бірыңғай жүйе, оның нәтижесінде оқушының өзіндік шығармашылық өнімі анықталатын, қалыптасатын, оқушының шығармашылыққа және мұғалімнің оларды қалыптастыруға қабілеттерінің жаңа бағыттарымен айқындалады. Уақыт оқушыдан мобильділік, креативтілік, шығармашылық қабілет талаптарын, сондай-ақ өз білімдерін тәжірибеде қолдана білуді, стандартты емес ойлай білуді қажет етеді.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту - заманауи педагогиканың өзекті мәселесі, оның шешімі белсенді шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу үшін айрықша мәнге ие. Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі та псы риала рды орындау процесінде қалыптастырылады. Тұлға шығармашылығының маңыздылығы көрнекті қазақ ойшылдары мен ағатушылары Эл- Фараби, Ж. Баласағұни, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М. Көпейұлы, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М.Дулатов және көптеген ғалымдар еңбектерінде ашып көрсетілген.

«Шығармашылық» ұғымына әртүрлі анықтамалар беріледі. Мысалы, С.И. Ожеговтың сөздігінде «Шығармашылық - жаңа материалдық және мәдени құндылықтардың өмірге келуі» деген анықтама берген [5].

С.Л. Рубинштейн «...Шығармашылық деп нәтижесінде жаңа түпнұсқалық және әлеуметтік құнды өнім дайындалатын іс-әрекет аталады», - деп көрсеткен[7].

Б.Д.Эльконин «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, ол өзінің біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәлендіретін, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады» - деп нақтылаған[10].

Оқыту процесінде баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін шетел педагог-ғалымдары Ю.К.Бабанский, В.С.Ильин, В.В.Давыдов, Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Л.Н. Леонтьев, Н.С. Лейтес, Г.С. Альтшуллер, Б.М. Теплов, А.Г. Ананьев, сондай-ақ, қазақстандық көрнекті ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев,Т.Т.Тәжібаев, М.М.Мұқанов және т.б. қарастырған.

Педагог Б.А. Тұрғынбаева: «Оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі» - деп көрсетіп, оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы дамитындығын баса айтады. Ғалымның пікірінше, ойлауға үйрететін сабақтар ғана дамыта оқыту сабақтары деп танылады [9].

Шығармашылық - адам табиғатының өзіндік ерекшеліктері. Тәрбие мен білім беру ісінде "шығармашылық" ұғымы әдетте "қабілет", "даму", "жеке тұлға", "дарындылық" ұғымдарымен байланыстырылады. Шығармашылыққа дарындылық критерийлеріне сай келетін балалардың қабілет-қасиеттері жатады[2]:

  • ақыл-ойдың жедел дамуы: танымдық қызығушылықтар, байқаушылық, сөйлеу, ой-пікір, міндеттердің ерекше (стандартты емес) шешімдері;
  • көптеген балаларда қызығушылықтың, интеллектінің, эмоциялардың ерте мамандануы: математикамен, музыкамен, техникамен, бейнелеу қызметімен, құрастырумен, шет тілдерін үйренуі;
  • белсенділік, көшбасшылыққа ұмтылу, қойылған мақсатқа жету қабілеті;
  • жақсы жады, дамыған танымдық қабілеттері;
  • орындаушылық қызмет түрлеріне дайындық және танымдық қабілеттілігі.

Баланың шығармашылық қызметін ынталандыратын оқытудың ықпалды жүйесі қабілеттілікті қалыптастыру және дамыту үшін шығармашылық процестің ерекше сипаты қажет, ол барынша күш- жігерді талап ететіні сөзсіз.

Мектеп мұғалімі сабақта және сабақтан тыс баланың шығармашылық көріністерін байқап, оларды жүзеге асыруға көмектесуі, жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашуы, қызықтырып, шабыттандыруы - білім мен тәрбиенің маңызды факторы болып табылады.

Қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында мектеп үшін шығармашылыққа ұмтылу аса маңызды. Ұстаз өзіне қойылатын талаптарға сай дами отырып, білім-тәрбие беріп отырған шәкірттерін белсенді, жаңалыққа сезімтал тұлға ретінде қалыптастыруы тиіс. Шығармашылық қабілеттерінің дамуымен баланың жеке басы да дамиды. Оқушының шығармашылық әрекеті сабақтар және сабақтан тыс жұмыс арқылы іске асырылды. Бұл жағдайда біз оқушының ойына, түйсігіне, өзіндік ойлауына негізделген шығармашылық үдеріспен айналысамыз.

Барлық пәндер сияқты шетел тілін оқытуда төменгі сыныптан бастап оқушылардың шығармашылық қабілеттерін табысты қалыптастыруда педагогтың балалар шығармашылығының негізгі ерекшеліктерін есепке алуы және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы орталық міндеттерді шешу негізінде ғана мүмкін болады.

Оқушылардың дағдылары мен біліктерін жан-жақты жетілдірген сайын, олардың қиялдары, нақты ойлары бай, күрделі тапсырмаларды орындауда ерекше қабілеттерін көрсете біледі. Шығармашылық ойлау тәсілі келесі негізгі ерекшеліктерімен сипатталады [1]:

  1. .Жылдамдық - идеялардың ең көп санын айту қабілеті (бұл жағдайда олардың сапасы емес, олардың саны маңызды).
  2. . Икемділік - идеялардың кең алуан түрлілігін айту қабілеті.
  3. .Түпнұсқалық - жаңа стандартты емес идеяларды тудыру қабілеті.
  4. .Аяқтау - айтылатын мәселеге аяқталған көрініс беру қабілеті.

Шығармашылық қабілеттер кез келген адамға, кез келген қалыпты балаға тән. Оларды ашып, дамыту керек. Ғалымдар мен педагогтар адамның шығармашылық әлеуетінің құрамдас бөліктері ретінде төмендегі қабілеттерді атап көрсетеді [4]:

  1. Тәуекелге қабілеттілік.
  2. Дивергенттік ойлау.
  3. Ойлау мен әрекеттердегі икемділік.
  4. Ойлау жылдамдығы.
  5. Өзіндік идеяларды айту және жаңаларын ойлап табу қабілеті.
  6. Бай қиял.
  7. Заттар мен құбылыстардың біркелкі еместігін қабылдау.
  8. Жоғары эстетикалық құндылықтар.
  9. Дамыған интуиция.

Баланың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың екінші бағыты - шығармашылық қиялды дамыту болып табылады. Қиял-бұл барлық шығармашылық қызметтің негізі. Ол адамға ойлау инерциясынан арылуға көмектеседі, ол есте сақтау көрінісін түрлендіреді, осылайша, ақырында жаңасын жасауды қамтамасыз етеді.

Оқытудың негізгі қағидаттарының бірі қарапайымнан күрделіге қарай оқушының шығармашылық қабілетгерін біртіндеп дамыту болып табылады. Шығармашылық қабілеттерін дамытуға оқытуды ұйымдастыру барысында үлкен мән бере отырып, жалпы дидактикалық принциптерді басшылықта ұстау маңызды. Ол принциптер: ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, қол жетімділік, көрнекілік, белсенділік, беріктігі, жеке көзқарасы.

Шет тілі сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда түрлі әдістерді тиімді қолданудың да әсері зор. Мысалы, шығармашылық, дамытушы ойындар - өз әртүрлілігімен ортақ атаумен біріктіріледі, олар жалпы идеядан туындайды және өзіне тән шығармашылық қабілеттерге ие болады[6]. Практикалық әдістерге сондай-ақ, жаттығулар, көрнекі, сөзік әдістер жатады.

  • Жаттығулар - бала берілген жаттығуларда ақыл-ой әрекеттерін бірнеше рет қайталайды. Жаттығулар конструктивтік, еліктейтін болуы қажет, олар оқушының орындаушылық, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түседі.
  • Көрнекі әдістерге суреттерді қарау, диафильмдерді қарау, пластин кала рды тыңдау жатады.
  • Сөздік әдістер: әңгіме, оқу, сөйлеу.

Осы әдістер сабақта және сабақтан тыс бір-бірімен үйлесім табуы және жүйелі қолданыста болуы тиіс. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл педагогке тиесілі. Ол оқушының жеке қабілеттерін дамытуды оны өнімді шығармашылық қызметке тарту арқылы жүзеге асыру міндетін басшылыққа алуы тиіс.

Жеке тұлғаға эсер ете отырып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру эмоциялық және практикалық тәжірибені байытады, психиканы дамытады, интеллектуалдық әлеуетті қалыптастырады, эстетикалық және ақыл-ой қабілеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді. Мұғалім оқушылардың рухани қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, олардың тұлғалық қасиеттерді көрсетуге деген ұмтылысын қанағаттандыруға, белсенділігі мен саналы шеберлігіне көңіл бөлуі қажет. Осының барлығы тұлғаны кешенді дамытудың, оның шығармашылық әлеуетін қалыптастырудың тиімді құралы болып табылады. Өйткені, заман талаптарындағы прогресстерге сай, бүгінгі мектепте ағылшын тілінен әр түрлі әдістерді, технологияларды қолдана отырып сабақтарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Мектеп мұғалімдерінің ситуативті, диалогтық, ойын, ұйымдастыру-практикалық сабақтары, үй тапсырмалары, компьютерлік бағдарламалары, іскерлік ойындары, сөз тіркестерін синхрондалған аудару, бейтаныс сөздерді жазу, оқытылатын тіл елдері бойынша сырттай экскурсиялары, пәндік-жағдайлық, интегративтік сабақтары сияқты дидактикалық жұмыстарының әр түрлілігі - оқушылардың мақсатты шығармашылық ұстанымдарының алуан түрлілігін туындатады, өзіндік жұмысқа жұмсалатын уақыт көлемін арттырады. Шетел тілі оқулығындағы лексикалық ойындар, грамматикалық ойындар, фонетикалық ойындар, орфографиялық ойындар, шығармашылық ойындарды тиімді қолдана білу оқушылардың санасын, ақыл-ойын, олардың қиялдарын синхронды байланыстырып, қарым-қатынастары бекіп, қызығушылығы күшейеді.

Білім, білік және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеру оқушыларды шығармашылық жұмысқа үйретеді, шығармашылық ойлауды дамытады, оларды қызметте қолдану үшін алғышарттар жасайды, ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау қабілетін жетілдіреді, пікір, эмоциялар мен сезімдерді білдіруіне, сондай-ақ дәлелдей білуге артықшылық береді.

Оқушыларды оқытудың, дамытудың және тәрбиелеудің дәстүрлі емес түрлерін жүзеге асыратын әдістемелік жоғары тиімді сабақ- спектакль, сабақ-мереке, бейне-сабақ, экскурсия-сабақ, сұхбат-сабақ және басқа да дәстүрлі емес сабақтартар балаларға ұнайды, өйткені оларды шығармашылыққа, өзбетімен ізденуге белсендіреді. Erep оқушылар белсенді процеске тартылған болса, оқытуда неғұрлым тиімді болатынын озат тәжірибелер көрсетіп отыр.

Міне, әр түрлі әдістерді дұрыс, қажетті жері мен кезінде қолдану балаларды шет тілімен қызықтыруға көмектеседі, тілді үйренуде табысқа жету үшін жағдай жасайды. Әрбір шет тілі мұғалімі үнемі шетел тілін оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыру резервін іздестіруі тиіс.

Қоғамның қазіргі даму деңгейі, оның технологиялық және материалдық-технологиялық базасының өзгеру жылдамдығы білім беру жүйесінің алдына, оның ішінде мұғалімдер алдына шығармашылық тұлғаны қалыптастыру міндетін қояды. Өзіндік шешім қабылдау, өз қызметінің бағыттарын анықтау, білім мен біліктілікті тұрақты арттыру негізінде өзінің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету қабілеті - бұл іскерліктер өмір мен өндірістің тез өзгеретін жағдайларында бейімделуге көмектеседі.

Шығармашылық тұлға талап етілмейтін өмір саласын елестету қиын. Шығармашылық - бала тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеудің ең маңызды тетіктерінің бірі болып табылатынын атап өту қажет. Шығармашылыққа жетелеуде тек қызмет өнімдеріне ғана емес, оқушының қабілеттерін қалыптастыруға назар аудару керек.

Оқушының шығармашылық қабілеттердің табысты дамуы олардың қалыптасуына қолайлы белгілі бір жағдайлар жасалған кезде ғана мүмкін болады. Мұндай шарттар:

  1. Балалардың физикалық және зияткерлік дамуы.
  2. Баланың дамуын анықтайтын жағдай жасау.
  3. Балаға еркіндік беру,
  4. Балаға ақылды мейірбандық көмек беру (кеңес емес).
  5. Жайлы психологиялық жағдай жасау, балалардың шығармашылыққа деген ұмтылысын көтермелеу.

Ендеше, шығармашылық жүйе - оқу бағдарламасы шеңберінен шығуды талап ететін тапсырмалардың болуын көздейтін ашық жүйе болып табылады. Бұл интеллектінің шығармашылық жағынан соқтығысу жолы, өнертапқыштық және зерттеу талантының даму жолы. Біздің міндетіміз-балаға осы жолға тұруға көмектесу.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда үнемі түрлендіріп, тиімді пайдалану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірден-бір жолы. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, елінің ертеңін ойлар жас жеткіншектерді тәрбиелей аламыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Аристова Л.П. Активность учения школьника. M.: Просвещение, 1987 -139с.
  2. Выготский, Л. С. Память и ее развитие в детском возрасте // Лекции по психологии. - M.: Владос, 1999. - 234с.
  3. Козвонина В.П. Развитие творческих способностей учащихся. Начальная школа -2000 - №7 - 25с.
  4. Мильруд Р.П., Максимова И.Р. Современные концептуальные принципы коммуникативного обучения иностранному языку. // ИЯШ - 2000 - №4. С.14-19.
  5. Ожегов С.И. Толковый словарь //M.,ОНИКС Мир и Образование - 2005-1035С.
  6. Рогова Г.В., Верещагина И.Н. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях: Пособие для учителей и студентов пед. вузов. - 3-е изд. - M.: Просвещение, 2000. - 232с.
  7. Рубинштейн С.Л. Принцип творческой самодеятельности // Bonp. философии. 1989. №4. С. 89-95.
  8. Смирнов, А. А. Возрастные и индивидуальные различия памяти. - M.: АПН, 1999. - 221с.
  9. Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Алматы, 1999 ж. 47с.
  10. Эльконин Б. Д. Опосредствование. Действие. Развитие - Ижевск: ERGO, 2010. - 279 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.