Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қалдық суларды биологиялық тазалау әдістері

Аңдатпа

Бұл мақалада су негізгі тіршілік көзі болғандықтан, судың биологиялық айналымы және қазіргі кезде су қорларының ластануына байланысты суды тазалаудың технологиялары және қорғау шаралары баяндалады. Экологиядағы өзекті мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының су ресурстарының жағдайы болып табылады. Cy ресурстарының болуы мен жай-күйі елдің экономикалық дамуына эсер ететін өмірлік маңызды фактор болып табылады. Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының жалпы жай-күйі мен сапасы айтарлықтай нашарлайды және олардың қарқынды ластануы қоршаған ортаға жойқын эсер етуі мүмкін. Республиканың барлық су объектілерінің сапалы жай-күйі, өндірістің құлдырауына және сарқынды су объектілерінің азаюына қарамастан, қанағаттанғысыз қалып отыр.

Cy ресурстарының ластануы және сарқылуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қазіргі кезде әлемде су тапшылығы сезілуде. Cy пайдалану мөлшерінің өсуіне сәйкес ластанған қалдық сулардың көлемі ұлғая түсуде. Қалдық суларды сыртқа шығару, оны тазартып қайта пайдалану үлкен мәселеге айналып отыр. Әсіресе өндірістік қалдық сулар ерекше проблема тудырып отыр. Өндірістің, ауыл шаруашылығының және басқа да кәсіпорындардың табиғи су көздеріне кері әсерлерінен су экожүйелерінде қайтымсыз өзгерістер жүруде[1].

Cy - ең бағалы табиғи ресурс. Ол, өмір негізін құрайтын, зат айналым процесінде негізгі роль атқарады. Судың, әсіресе өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісте маңызы зор. Адамның күнделікті қажеттіліктеріне, өсімдіктердің барлық түрлеріне және жануарларға судың қажеттілігі де баршаға мәлім. Көптеген тірі организмдер үшін ол тіршілік ету ортасы болып табылады.

Болашақта адамзат су тапшылығын көруі мүмкін. Өйткені қазірдің өзінде әлем халқының 2 миллиарды таза суға қолы жетпей отыр. Оның себебі, халық саны үш есе өскенде, су пайдаланудың деңгейі 7 есеге көбейді. Ақиқатына жүгінсек, су проблемасы әлемдік проблемалардың алдыңғы орындарының бірін иеленуде. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылды ауыз су жылы деп жариялауы соның айғағы[2].

Қалдық су деп - бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауылшаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы басқа ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су. Қалдық су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты қалдық сулар үш негізгі категорияларға: шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.

Қалдық судың шаруашылық - тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-нәжістік (физиологиялық қоқыстармен ластанған) ластанған және шаруашылық (раковина, ванна, монша, кір жуатын жерлерден түсетін) ластанған болып ажыратылады. Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериялар, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестер мен қолданыланын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік қалдық су ластанған және нормативті таза (тазалаудан өткізіп қайта пайдалануға жататын) болып ажыратылады. Атмосфералық қалдық су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді .

Табиғи суларда олардың өздігінен тазару құбылысы жүреді. Бірақ бұл процесс өте жай жүреді. Өндірістік-тұрмыстық қалдықтар мөлшері салыстырмалы аз болған кезде өзендерде өздігінен тазару құбылысы жеткілікті дәрежеде жүрген болар еді. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі таңда ғылыми - техникалық революцияның қарқынды дамуынан судың ластану деңгейінің қарқыны өте жоғарылап отыр. Сол себепті, қалдық суларды тазарту және оларды қайтадан пайдалану қажеттілігі туындап отыр [3].

Сонымен судың ластануы дегеніміз пайдалануға белгіленген су телімінде судың құрамындағы шектеуге жататын қоспалардың (компоненттер) көбеюі. Солай десек те суды ластайтын заттар ретінде ондағы кез-келген мөлшердегі қоспалар емес, тек судың сапасына белгіленген норманы бұзатын артық мөлшердегі қоспалар ғана жатады. Қалдық судың органолептикалық қасиеттері өзгеруінен, оның құрамында адамға, малға, құсқа, балыққа, әр түрлі пайдалы организмдерге зиянды заттар пайда болады. Судың температурасы өзгеруі себепті судағы фаунаның тіршілік жағдайы өзгереді. Мұндай жағдайда суды пайдаланатын жерде оның сапасын нормаға сәйкес келетіндей дәрежеде ұстап тұруды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру қажет болады. Cy нысандарында судың сапасына қоятын негізгі талап - белгіленген РШК-ны(рауалы шектелген концентрация) сақтау. Ол қоршаған ортаның жалпы күй-жайын бағалайтын экологиялық стандарттардың РШК деп химиялық қосылыстардың ұзақ мерзімде организмге күн сайын кешенді эсер еткенде экожүйедегі биологиялық қалыпты жағдайды бұзбайтын концентрациясын айтады [4].

Қазіргі кезде шаруашылық-тұрмыстық мақсатқа пайдаланатын су көздеріндегі 500 затқа және теңіз суындағы 3 затқа белгіленген РШК бар. РШК, РШВ(рұқсат етілген шығындылар) көрсеткіштерін дайындау өте қиын. Оған керек мәліметтерді ұдайы жаңалап отыру керек. Олар әр аймақтың гидроклиматына, жер бетінің бедеріне, топырағына, өсімдігіне, табиғи жүйелердің қазіргі күйіне, экологиялық жүктемеге төзімділігіне, жергілікті жердегі шаруашылық салаларының бағытына, табиғи қорларды пайдалану деңгейіне, ел-жұрттың орналасуына, байланыс-көлік жүйесіне байланыс болады.

Cy көздерін қорғаудың ең тиімді жолы ретінде оларға түсетін тастанды қалдық суларды тазартуды айтады. Қалдық суларды тазарту үшін механикалық, химиялық және биологиялық әдістер қолданылады. Құрамында ауру қоздыратын бактерия лар бар қалдық суларды залалсыздандырады (дезинфекция).

Механикалық тазартуға қалдық сулардағы ерімейтін әр түрлі қатты заттарды сүзіп алу жатады. Бұл ең қарапайым әдіс. Ол үшін арнайы қондырғыларды қолданады. Ipi бөлшектерді (5 мм) металл торлар арқылы майдаларын електің көмегімен сүзіп алады. Лас судағы құм-тасты тұндырады, ал қалқып жүретін май, мұнайды арнайы құралдың көмегімен қалқып алады. Механикалық әдіспен тұрмыстық қалдық сулардағы ерімейтін қатты заттардың 60%-ын, ал өндірісте 95% тазартуға болады.

Химиялық әдісті қолданғанда қалдық суларға химиялық заттар қосылады. Химиялық заттар суды ластаушы заттармен реакцияға түседі де, оларды ерімейтін заттарға айналдырып, шөгіндіге түсіреді. Ол шөгінділердің көпшілігі тірі организмге зиянсыз. Ол үшін арнайы араластырғыштарда химиялық реагенттерді лас сулармен араластырып, сосын арнайы тұндырғыштарда тұндырады.

Құрамында фенол бар тастанды суды бейтараптау үшін оған көп мөлшерде хлор (Cl), хлордың қос тотығы және озон (Оз) қосылады. Өндірістен шығатын қышқыл суларды бейтараптауға кейде қондырғыларға извес суын құйып, соны қолданады. Қалдық суларды тазартудың электролиттік әдісі де бар. Бұл әдіс қалдық сулардан электр тоғын өткізу арқылы жұмыс істейді. Тоқпен өңдегенде қалдық судағы иондар зарядтарына қарай анод пен катодқа жиналады. Бұл жерде олар өзара және электродтың материалдарымен қосылып, жаңа қосылыстар түзеді. Сөйтіп, коагуляцияға (шөгіндіге) түседі. Бұл әдіс арнайы электролизер қондырғыларын қолдануды қажет етеді. Механикалық және химиялық әдіспен тазартылған суды су көздеріне құяды. Erep тазартылған судың биологиялық құрамына күдік болса, онда ол суды су көздеріне жібермес бұрын биологиялық әдіспен тазартуға жібереді.

Қалдық суды биологиялық әдіспен тазартудың мәнісі - қалдық судағы органикалық заттарды аэробтық биохимиялық процестердің көмегімен минералдандыру. Биологиялық әдіспен тазартылған су иіссіз, мөлдір және құрамында еріген оттегі мен нитраттар (азоттың қосылысы) болады. Қалдық суларды биологиялық тазарту үшін арнайы дайындалған жер телімдері - суару алаңы немесе фильтрациялау алаңы (поля фильтрации) болуы тиіс. Cyapy алаңына әр түрлі малазықтық дақылдар егіп, оларды аталмыш қалдық сулармен суарады. Сонда әрі қалдық су тазарады, әрі малазықтық өнім алынады. Фильтрациялау алаңына қалдық суларды жайып жібереді. Сонда қалдық су топырақтың қабатына сіңіп, өздігінен тазарады [5].

Cy қорының Қазақстан үшін өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Себебі оның аумағында шөл және шөлейт далалар өте көп.

Біздің елімізде суды ластамауға бағытталған шаралар кеңінен қолға алынуда. Әрбір республикада, сондай-ақ Қазақстанда қабылданған табиғатты қорғау заңдарында суға ерекше көңіл бөлген.Онда суды ластаушылар, улы заттарды суға тастаушылар қатаң жауапқа тартылады.

Тіршілік аясының су әлемін ластанудан сақтауды қамтамасыз етудің кешенді шараларына төмендегідей әрекеттер кіреді:

1) Суы аз немесе қалдықсыз, оқшауланған суайналымдық және аралық тазалау немесе суды салқындатып, қайтадан іске жарату жүйесі бар технологияларға көшу.

2) Өндіріс және тұрмыс қалдықтармен былғанған суларды тазалау әдістерін жетілдіру.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Ротмистров М.Н., Гвоздяк П.И., Ставская С.С. Микробиология очистки воды. Киев, 1978. - 112 с.
  2. Керейбаева Г. X., Лапшина И. 3./ Табиғи және ағынды суларды тазарту техникасы мен технологиясы. Пәннің оқу-әдістемелік кешені, Алматы. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012. - 87 б.
  3. Б.К Заядан, Экологиялық биотехнология: Оқу құралы. Алматы : Издательство «Литер» , 2013.- 68 б.
  4. В.А.Клячка., И.Э.Апельцин. Очистка природных вод. Москва, 1971. - 45,46 с.
  5. А.И.Львович, Защита вод от загрязнения. Ленинград, 1977. - 41 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.