Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әзілхан Нұршайықов прозасындағы cofbic шындығының бейнеленуі

Қазіргі қазақ әдебиетінің теориялық мселелері бойынша жазушы Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығын қарастыруға арналған бұл жұмыс аталған өзіндік зерттеу нысанына жазушы шығармаларының композициялық құрылысы мен сюжет, образ жүйелері тұрғысынан келу арқылы өзекті болып табылады. Әдебиет тану, оның ғылымдық сыры мен сипатына қаламгер туындылары мен ондағы көтерген мәселе, оқиғалар мен кейіпкерлер тағдыры өзек болып отырады. Осы арқылы шығармадағы көріктеу құралдары зерделеніп, зеттеледі.

Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларының көбі дерлік соғыс туралы. Соның ішінде қаһармандық рухтағы «Ақиқат пен аңыз» романы мен «Тоғыз толғау», «Махаббат жыры», «Ғажап адам», «Небель түбінде», «Великие Луки ұрыстары», т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған.

Әр еңбектің өзіндік ерекше кейіпкері бар. Мағынасы соғыс тақырыбы болса да тәрбиелік мәні мол, адамгершілік қасиет, сыйластық осылардың барлығы дерлік шығармаларда айқын байқалады. Мен осы мақалада тек соғыс тақырыбы, соғыс шындығының бейнеленуі туралы жазамын.

Әзілхан Нұршайықов еңбектері ішіндегі ең танымал шығармаларының бірі - «Ақиқат пен аңыз» роман - диалогі. Бұл шығарма бірнеше тілдерде аударылып, шет елдерде оқылып жүр. Оған дәлел, украин («Дніпро», 1984) және чех (1985) тілдеріне аударылып жарияланды. Осы шығарма негізінде Ә.Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ KCP - інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді[1].

Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романының басты тақырыбы - Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысы туралы жазылған шығармалар легі аз емес. Бұл шығарманың айырмашылығы - Ұлы Отан соғысымен қатар романда Бауыржан Момышұлының өмірі де бейнеленеді. Сонымен қатар, біздің зерттеу нысанымызға айналған жазушының аталмыш туындысында қазақ жауынгерлерінің жанқиярлық еңбегі суреттеледі.

Шығарма негізі диалог түрінде жазылған. Автор мен басты кейіпкер Бауыржан Момышұлы арасындағы әңгіме.

Қандай шығарма болсын, белгілі бір идеяны үндейді дедік. Тақырып, оқиға және оның құрылысы, шығармада қатысушылардың араларындағы тартыс, оларды суреттеу әдістері, түптеп келгенде - жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағыныңқы.

Ал қандай идеяны үндеуі жазушының өмірге көзқарасына, дүние танушылығына негізделінеді. Шығармада суреттелетін өмір құбылысын, күрес - тартыстарды образ арқылы оқырман қауымның көз алдына елестете, ой - сезіміне эсер ете отырып, жазушы оларды өзі меңзеген бағытқа жетектейді [2-6].

Шығарма идеясы - жас ұрпақты отаншылдыққа, патриотизмге тәрбиелеу. Шындық пен өтірік, әділет пен зұлымдықтың аражігін ажырату, туған жерді жан - тәнімен сүюді уағыздау.

Шығарманың көтеріп тұрған идеялық жүгі Жауынгерлік Қызыл Ty орденімен, қаламгерлік қызметі үшін Еңбек Қызыл Ty орденімен наградталған халық батыры, халық жазушысы Бауыржан Момышұлы арқылы баяндалады. Оның қысылтаяңда жол табуы, жанқиярлықпен күресуі, жеке басының ерлігі арқылы қол астындағы солдаттарға үлгі көрсетуі арқылы Ұлы Отан соғысы батырларының тұтастай бір галериясын жасайды.

Романның экспозициясы,яғни, кіріспе бөлімі Панфилов дивизиясы батырлары туралы болды. «...1943 жылдың жазында біздің құрамамыз - 100 - Дербес атқыштар бригадасы 2 - Балтық майданының бір шетінен екінші шетіне ауыстырылды. Атап айтқанда Великие Луки қаласының түбінен Ловать өзенінің жағасына барып жайғастық. Жорықпен жолда кетіп бара жатқанымда менің қолыма «Знамя» журналының сол жылғы 5 - номері тиді. Сол журналда, Александр Бек деген автордың «Панфиловшылар алғы шепте» атты повесінің басы жарияланған екен. Мен она Бектің кім екенін білмейтінмін, ондай жазушы барын да естімеген болатынмын. Бірақ Панфилов дивизиясын, одан шыққан 28 батыр есімдерін, Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаров сол дивизияның түлектері екенін жақсы білетінмін. Сондықтан болар, мен бұл повестей бас алмадым. Күндіз тоқтай қалғанда күннің жарығымен, түнде қонған жерде ай сәулесімен оқыдым. Оқыған тарауларды жол - жөнекей жауынгер серіктеріме баяндап та отырдым. Содан соң, алғы шепке сол журналдың 6 - номері және келді. Панфиловшылар туралы повестің жалғасын түнде, ай қараңғы болғандықтан, зеңбірек қасына келіп отырып, аккумулятордың жарығымен оқыдым. Повесть те бітті, аккумулятордың да жарығы бітті» [3-6], - деген жолдарынан соғыс алаңында жүрсе де қандас бауырларының ерліктерін журналдың әр шыққан санынан асыға оқитынын білуге болады. Бұл жазбалар басқа солдаттарға күш - жігер беретіні суреттелген.

Басты кейіпкер Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде екі рет ауыр жарақаттанған екен. Бірақ та жарақаты қанша жерден ауыр болса да госпитальға жатуға еш ниеттенбеген. Өзінің қол астындағы сарбаздары мен соғыс алаңындағы достарының қасынан кетпеген. «1942 жылы полк командирі кезімде омыртқама оқ тиді. Сагбатқа жеткізгенше ес - түсімді білген жоқпын. Есімді жисам, етпетімнен жатыр екенмін. Басжағымда дәрігер бірдеңе деп баж - бұж етіп тұр. Бақсам сөзі мен туралы екен. «Бұл кісіні дереу госпитальға жіберу керек» деп безек қағады...Тістеніп, әреңң дегенде қолымды жеткізіп, арқамды сипасам, расында да оқ бар екен. Ұстараның жүзін спиртпен шай да, оқ тұрған жердің етін кес! деп бұйырдым. Дәрігер дереу айтқанымды істеуге кірісті. Ол арқамды кескілей бастағанда пистолеттің сабын сындырардай қысып, тісім шықырлап мен жаттым» [3.1-6]. Қанша ауыр болса да бәріне төзіп, шыдай білген Бауыржан нағыз батыр.

Екінші рет жарақаттанған кезі жаяу келе жатып болған еді. «Жаяу келе жатып оңбай құладым және жаным шығып кете жаздады. Біразға дейін жығылған орнымда қозғала алмай қалдым. Есімді жиған соң орнымнан тұрсам, жерден шошайып шығып тұрған темір қазыққа тура құйымшағыммен құлаппын ғой. Содан кейін бірнеше күн атқа отыра алмай, шалқамнан жата алмай жүрдім» [3.2-6]. Соғыстың қызуымен Бауыржан тағы да госпитальға соқпастан ұрыс алаңына кетеді. Аталған екі жарақаттар жүйкеге тікелей байланысты аса ауыр еді. Оның үстіне Бауыржан 207 ретұрысқа кіріп, 5 рет қоршауда қалған екен.

Роман сюжетін ширықтыра түсуі - ұйықтап, жаудың келгенін сезбеген Бауыржанның жау астында қалуымен суреттеледі. Соғыста солдатты құтқармайтын тағы бір жау бар. Ол - ұйқы. Бала күнімізде бәріміз де ауыл ақсақалдарынан «ұйқы - дұшпан» дегенді көп еститін едік. Соның мәнін соғыста жүрген солдаттар жақсы түсінген.

Олай дейтін себебім: «Колоннаны аралап шығып, бір үлкен ақ қайыңның асына келіп, соның оқ тиген қабығын алақаныммен сипап, иығыммен сүйене бергенім есімде. Қайыңның әппақ қабығын әйелімнің иығы деп ойлап қалдым ба, қайдан білейін, әйтеуір соған сүйене сала қор етіп ұйықтап кетіппін. Әйелді ойласаң - ақ қырсыққа қамалдың емес пе, ақ қайың мені құшағына алып, әлдилей жөнелді...» [3.3-6].

Ұйқыда жатқан Бауыржанның құлағына неше түрлі дыбыстар естілуде. Бірде «автомат болар», кейде «пулемет пе» деп іштей ойлап жатады. Кейіннен дүбірлеп, дүркіреген аяқ дыбыстары құлағына келеді. «Ат шапшаң», «аш көзіңді» деген таныс дауыстар естіледі. Көзін ашып, айналасында не болып жатқанын көрейін десе көзін аша алмай біраз тұрады.

Сонымен қатар, романда Бауыржанның әдемі, болашаққа ой салар сөздері мен мақал - мәтелдері жиі кездеседі. Бауыржанның өзі сөзге шешен жан болатын. « Ерлік есеппен істелмейді. Ерлік ешқандай есепке көнбейді. Ерлікті сантиметрлеп өлшеп, грамдап салмақтап, секундтап санай алмайсың. Ерлік адам жанының лап еткен жалыны, жарқ еткен найзағайы. Ерлік биіктегі кемерінен асып, лақ етіп құздан құлаған тасқын; жер сілкінсе салдыр - күлдір болып таудан төмен қарай лықситын сан алуан тастардың ағыны. Тасқынның қашан төгілетінін, жердің қашан сілкінетінін білмейсің. Білсең де қанша текше метр су құлап, қанша тас домалайтынын, ол зілзаланың қанша уақытқа созылатынын болжай алмайсың.

Ерліктің негізі сүйіспеншілік. Kici сүйгенінің құлы да, құрбаны да болады. Отанын сүйген солдат ол үшін отқа да, суға да түседі [3.4-6].

Соғыста жүрген жауынгер командир сөзінің үн ырғағынан оның салауат, салмағын іздейтіні һах. «Холм жорығында, бір деревняда алдынан танк шыға келгенде тайсақтап кейін шегінген жауынгерге: «анаңнан ұл боп туғаның рас болса, ана танкті құртқын!» деп бұйрық бергенім есімде. Содан кейін ол жігіт қайта ілгері ұмтылып, танкті құртты» [3.5-6]. Мінеки, сөз шындығының күші осындай болу керек.

Командирдің қаталдығы барынша әділ болып, қызмет бабындағы қажеттік пен нақты жағдайдың жалпы мүддесіне негізделуі тиіс. Командир ешқашанда солдат - жауынгердің адамдық қасиеттерін қорламауы керек. Өйткені біздің солдат саналы түрде қызмет атқарушы, әскери қызметке байланысты өзіне кейбір шек қоюшылықтар болатынын түсінетін совет адамы. Ол шек қоюшылық армиядағы жалпы жөн - жосық пен тәртіпті нығайтуға қажет екендігін, оның негізгі мақсаты ұрыс даласында Отанды қорғап қалуға бағытталғандығын совет жауынгері жақсы түсінеді.

«Ақиқат пен аңыз» романында тек Бауыржанның ерлігі мен еңбегі ғана айтылып қойған жоқ. Жалпы, соғыста ерлік көрсетілген барлық азаматтар мен азаматшалар туралы да жазылды. Соның бірі Талғат Бигелдиновтың Европа аспанында жүз сегіз самолет атып түсірген фашистердің ең атақты ұшқыштарының бірінің көзін жоюы. Жасаған ерлігін мақтаныш тұтып ешкімге жарияламай үнсіз жүрген Талғат нағыз батыр. Бірақ, бұл ерлікті білген полк командирі мен армия қолбасшысы өз атынан алғыс жариялайды.

Романның шешімі - Ұлы Отан соғысының аяқталуымен және Бауыржан Момышұлының жазушылық жолға бет бұруымен аяқталады. Бауыржан академияға оқуға түсті. Солай соғыс тақырыбындағы еңбектерін әрі қарай жалғастырады. Жазушылық жолға түсуіне не түрткі болды десеңіздер, сіздерге романдағы Бауыржанның осы сөздерін ұсына аламын.

Ә.Нұршайықов халық көкейіне орнаған зор бейнені жаңа қырларынан жақсы танытуы арқылы тартымды да тамаша кітап тудырды. Әдетте, жазушылар әскери адамның жауынгерлік қимылдарын, майдан эпизодтарын баяндаумен суреттейді. Әрине, бұл бірден бір ұтымды тәсіл емес ғана шығар. Әзілхан болса, Б.Момышұлы жайында кітаптарда бұрынғы көрініс тапқан соғыс әрекеттеріне соқпайды, үзінді келтірілмейді. Яғни, әлдекімдер сияқты өзінен бұрынғыны, белгілі оқиға желісін, жазылу мәнінен қайталап, көшіре салмайды, бұрын барлағандардың ізін баспайды. Сөйте тұра, оқырмандарға кілең жаңа сапа, тың қасиеттер, сипатты сыршыл эпизодтар ұсынылады. Меніңше, осында аспаннан алынған басы артық, яғни автор ойлап шығарған (вымысл) штрихтар жоқтың қасы. Сонда қалай - кейбір жеңіл ауыздар айтып жүргендей: «Әзілхан әзір асқа ие болды, дацын құжаттарды, әлеумет айтып жүрген аңыздарды оп - оңай құрастыра салудан жеңіл не бар?» дегенге сая ма? Жоқ! Саймайды! Алдымен Ә.Нұршайықов - үлкен зерттеу жұмысын жүргізген. Қаһарманның өзі де ұмытып қалған талай факторларды тауып тірілтеді, романның бүлкілдеп соққан тамырына, шиыршық атқан бұлшық етіне айналдырады. Бағалы түйіндеу - жинақтаулар жасайды, құнды мұраттар ұсынады. Роман - диалог екі мәрте басылып шыққанға дейін автор өз көркем объектісінен яғни қаһарманынан тұтас архив, топтама құжаттар, күнделіктер қолына алмағанын ескерсек, бұл шығарма көркемдік ізденіс қана емес, ғылыми - зерттеу дегеніміз растала түспек. Автор тапқан фактісін «құдай берді» деп туынды бойына жапсыра салмайды: сол фактінің өмірлік мән - мағынасын, асқақ романтикасын, жүрекке жылу таратар сырын, оқырманға ықпал жасар қуатын сұрыптап алады.

Бүгінгі қазақ әдебиетінде көптеген шығармаға интеллектуалдық биіктік жетіспейді. Ал «Ақиқат пен аңыздың» енді бір артықшылығы мен тартымдылығы осы интеллектуалдық деңгейінің жоғарылығы дер едік. Бұдан жоғарыда біз ішінара келтірілген афоризмдер ғана емес, шынында біте қайнап бірігіп кеткен, ара - жігі айырғысыздай қаһарман мен автордың дүниеге, болмысқа озық ойлы, көзқарасы да дәлел, уәж бола аларлық! Автор диалог формасын сәтті тапқан. Бұл тәсілі көркемдік кілтіндей. Туындыға шымыр динамика береді. Лекілдете төгіп айтып, ой құйылысы өзі оқырманды жетелеп отырады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. "Қазақстан": Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы "Қазақ энциклопедиясы"
  2. Жұмалиев Қ.Ж. «Әдебиет теориясы», 45 бет
  3. Нұршайықов Ә. «Ақиқат пен аңыз», Алматы: «Атамұра» баспасы, 2004 ж, [3 -76, 3.1 - 146,3.2 - 196, 3.3 - 201 б, 3.4 - 2446, 3.5 - 2456].

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.