Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты

Аңдатпа

Мақалада қазақ және ағылшын мақал-мәтелдері этнолингвистикалық және этномәдени сипатта қарастырыла отырып, әсіресе олардың мән-мағынасына көп көңіл бөлінеді. Әр түрлі тақырыптағы мақал мәтелдерге тоқталып, олардың мағыналарының қалыптасуындағы уәждік негіздері анықталды. Ағылшын тілі сабағында мақал мәтелдерді тиімді қолдану жолдары көрсетілді.

Мақал - мәтелдер - ғасырлар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан, халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал- мәтелдерден халықтың ақыл- ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін көрсетіп, қорытынды жасайды.

Мақал-мәтел латын тілінде - proverbium, adagium, француз тілінде - proverbe, неміс тілінде - Sprichwort, ағылшын тілінде - proverb деп аударылады. Мақал-мәтелдерді көптеген тілдердің лингвистикасында паремия деген терминде қолданады. Паремия грек тілінде «рагоітіа» мақал - мәтел деген мағынаны білдіреді. Паремиолог ғалым Г.Л.Пермяков: «Вопрос о научной классификации пословиц и поговорок коренной вопрос современной паремиологии, без решения которого не может развиваться сама эта наука» деп көрсетеді. [1]

Осы мақалада қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты туралы сөз қозғаймыз. Мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық немесе этномәдени сипатын тұрғысынан зерттеу көне дәуірден келе жатқан тұла бойы тарихқа толы мақал-мәтелдердің мағына қалыптасуының уәждерін, шығу тарихын, қалыптасуын, қазіргі тілдегі қолданылу жағдайын айтамыз.

«Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, осы мақалада қазақ және ағылшын мақал- мәтелдерінің мағына қалыптасуының уәждерін анықтай отырып, туыс емес екі тілдің ұлттық сипатына, тілдік ерекшеліктеріне мән беретін боламын.

Қазақ мақал-мәтелдерінің шығу тарихына қысқаша тоқталатын болсақ, Халық ауызында ауызша таралған мақал-мәтелдерді жинақтап, қағаз бетіне түсірген ғалым Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» [2] еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ.

А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады» [3,112 б.],— деп көрсеткен болатын.

Қазақ мақал-мәтелдерін жинап, жариялауда: Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ы.Алтынсарин, Я.Лютшь, Ф.Плотников, И.Гродеков, А.Васильев, П.М.Мелиоранский, Ә.Ә.Диваев, Н.Ф.Катанов, Н.Н.Пантусов, В.В.Катаринский, Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Ә.Нұршайықов, Н.Төреқұлов сынды ғалым, ақын жазушылардың еңбектерін атап кеткен жөн.

Ал, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерді жан-жақты зерттеген ғалымдар - Н.Барли, А. Дундэс, А.Крикман, М. Куузи, Г.Мильнер, А. Тэйлер, Г.Л. Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің көпшілігі қасиетті кітап інжілден, дарынды Шекспир сыңды халыққа танымал ақын- жазушылардың шығармаларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлердің айтқан парасатты сөздерінен, басқа тілден енген «кірме» мақал-мәтелдерден бастау алғандықтары байқалады.

Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада: Қазақ мақал-мәтелдерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға (би,шешен, ақылгөй, дана қариялар т.б.) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал ағылшын мақал-мәтелдерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады [4,175].

Этнолингвистика саласының қазақ және ағылшын тіл білімінде қалыптасуына, зерттелуіне салғастырмалы шолу жасай отырып, оның, әсіресе, отандық тіл білімінде кеңірек ауқымда қарастырылып, ұлттық материалдық және рухани мәдениетке байланысты бірқатар мәселелердің басы ашылғаны айқындалды. Этнолингвистикалық уәжі халықтың тұрмыс-тіршілігі, менталитеті, әдет-ғұрпы, салт- дәстүрімен тығыз байланысты тұрақты тіркестердің тұп-төркінін айқындау - әр басқа ұлттар мен әртиптес тілдер жөнінде мол мағлұмат алуға, танымдық көзқарасты қалыптастыруға, септігін тигізері сөзсіз [5,237].

Мақал-мәтелдердің тақырыбы әр түрлі болады. Қай тілдің мақал-мәтел қорын алсақ та, олардың тақырыптық топтары әр халықтың рухани мәдениетіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты. Бұл топтардың мазмұны мен уәждік негіздері де әр түрлі. Мақал-мәтелдердің мағынасы қалыптасуындағы уәждік негізін, мазмұнын анықтауда қандай өмір саласында қаншалықты жиі қолданғанын көруге болады. Соның ішінде өмір-орта, тұрмыс-тірлік, қоғамдық құбылыстар, адалдық, адамгершілік, достық туралы, еңбек-байлық, кәсіп-нәсіп туралы, сақтық, қырағылық туралы және де т.с.с. тақырыптарды қос тілде де жиі кездестіруге болады.

Еңбек ету, кәсіп нәсіп туралы мақал - мәтелдердің уәждік негізі.

Туыс емес екі тілде де осы тақырып аясында мақал-мәтелдер саны жетерлік. Еңбек туралы мақал-мәтелдерге мысал келтірсек, Little strokes fell treat darks (Еңбек етсең емерсің), Easy come easy go (Тез келген бақ тез кетеді),Үои must reap what you have won (He ексең соны орасың), Confessing a difficult makes half amends for it (Қателікті мойындау - оны жартылай түзеткенмен тең). Бұл тектес мақалдардан халықтың еңбекке деген көзқарасын, адал еңбекті ардақтайтынын көруге болады. Nothing is impossible to a willing heart (Қиын ic жоқ ғаламда, ықылас қойған адамға, Easier said than done (Айту оңай, істеу қиын), A tree is known by its fruit. (Еңбегіне қарай өнбегі), A cat in gloves catches no mice (Еңбек етсең емерсің), Business before pleasure (Еңбек түбі - бейнет, Бейнет түбі - зейнет), Care killed the cat (Еңбек қажытпайды, қайғы қажытады) [3] сияқты мақалдарды мысалға келтіру арқылы еңбек ету оңай еместігін, қиыншылығы мен бейнеті, ауыртпалығы барлығын ескерте отырып, осылардың бәрін еңбегімен жеңген адам ғана мақсатына

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы - Вестник Атырауского государственного университета имени Х.Досмухамедова № 1(48), 2018 жететіндігін насихаттайды. Бұл тектес мақалдар адамды еңбек кәсіп етуге, жұмыс істеуге үндейді, тек еңбек қана абыроай атақ әпереді деп қорытынды жасайды.

Денсаулық туралы мақал-мәтелдердің уәждік негізі. Health is above wealth (Денсаулық - зор байлық), As hungry wolf), (Аштық ас талғамайды), Who shall decide when doctors disagree (Aypy азайса, тәуіп ауырады), Acorns were good till bread was founded (Тойғанда тоқтының еті топырақ татиды), An apple a day keeps the doctors away (Ac тұрған жерде ауру болмайды), Hunger breaks stone walls (Аштықта жеген құйқаңды тоқтықта ұмытпа), A man is what he eats (Ac - адамның арқауы), If each would sweep before his own door,he should have a clean city (Тазалық бар жерде денсаулық бар) Agues come on horseback but go away on foot. (Кеселбатпандапкіріп, мысқалдапшығады)сияқты қос тілдегі денсаулық туралы мақал мәтелдерді мысалға ала отырып, екіхалықтың денсаулық, тазалық жайындағы ұғым түсінігін көруге болады. Халықтың ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінен жинақтап, саралап, денсаулықтың зор байлық екенін, тазалық сақтаған адам ауру сырқаудан аман болатынын түсіндіреді.

Уақыт туралы мақал-мәтелдердің уәждік негізі. Туыс емес екі тілде де осы алуандас мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Бұл тақырыптық топтағы бейнелі орамдар уақыттың көз ілеспес жылдамдығын, оны босқа өткізіп, өмірді өксітпеуді, алтын мезетті пайдалы іске арнауды уағыздайды. Мысалы, ағылшын тілінде Time and tide wait for no man мақалы, қазақ тілінде Уақыт керуеніне бөгет жоқ деп сипатталады. There is no time like the present (Әр нәрсе уақытында қызықты), Better late than never (Ештен кеш жақсы), Time is a great healer ( Уақыт емші), Time is money (Уақыт ақша) т.с.с мақалдарды айта отырып, уақытты босқа өткізбеуге, әрбір минутын мақсатты өткізіп, уақытты бағалауға шақырады. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Көбіне уақыттың қадірін білмей жатамыз. Сондықтан да осы мақалдардың түп төркіні уақыттың бағалы екенін түсіндіреді.

Оқу, білім туралы мақал -мәтелдердің уәждік негізі. Қазақ және ағылшын тіліндегі оқу, білім туралы мақалдарын алып қарасақ, екі тілдің де білімге ерекше мән бергендігін көреміз. Өнер білім, оқу, ғылым жайын сөз қылғанда, халық мақалы әңгімені бұлардың адам баласына тигізетін пайдасы көп екендігін көрсетуден бастайды. Жақсылығы көп жарық дүние оқу ғылымарқылы жасалады дей отырып, оны қараңғылық пен надандыққа қарама қарсы қояды, салыстыру жасап, түйінді қорытынды шығарады. Live and Iearn (Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ), Knowledge is Power (Күш - білімде), Little learning is dangerous (Шала оқу қауіпті), Learning is the eye of mind (Оқыған озар, оқымаған тозар, Ақылды көндім десе, ақымақ жеңдім дейді), The fool does think he is wise,but the wise man knows himself to be a fool (Көргеніңді көңілге түй), So many men, so many minds (Көптің ойы кеменгер), Science is sea, knowledge is ship (Ғылым - теңіз, білім-кеме), Book and science is a teacher without tongue (Кітап пен ғылым - тілсіз мұғалім) [6] т.с.с. мақалдары арқылы білімнің маңызын мақалдар арқылы ерекше жеткізеді.

Ақыл, кеңес беру туралы мақал-мәтелдердің уәждік негізі. Тәлім- тәрбие тақырыптары ағылшын халықтарына да жат емес. Сондықтан да осы алуандас мақал-мәтелдер екі тілде де жетерлік. Better late than never (Игіліктің ерте-кеші жоқ; Ештен кеш жақсы.), Example is better than precept (Өнеге-өте тиімді өсиет), He that mischief hatches mischief catches (Біреуге op қазба, өзің түсерсің), Make hay while the sun shines (Темірді қызғанда соқ), Let sleeping dogs lie (Жатқан жыланның құйрығын баспа), Rich gifts are poor when givers prove unkind (Ғайыптан тапқан алтыннан, Ақсақал берген бата артық), Cut your coat according to your cloth (Көрпеңе қарай көсіл), You sell his skin (Қашпаған сиырдың уызын ішпе), The more haste the worse speed (Асыққан шайтанның ici), Seeing is believing (Жүз рет өлшеп, бір рет кес), Don't cross bridge before you come to it (Байыбына бармай, бал ашпа), Two heads are better than one (Келісіп пішкен тон келте болмас) [6]. Осындай мақалдарды айта отырып, ақыл кеңес беріп, жамандықтан алшақтатып, жақсылыққа үндеп, сыйластықты, сақтықты, қырағылықты жырлайды. Сондықтан осы бағыттағы мақалдардың тәрбиелік мәні зор.

Тіл, сөз туралы маңал-мәтелдердің уәждік негізі. Actions speak louder than words (Адамды сөзінен емес, ісінен таны), A closed mouth catches no flies (Үндемеген үйдей бәледен құтылады), First think, then speak (Айтылған сөз атылған оқпен тең), All roads lead to Rome (Қызыл тіл Римге жеткізер), The language is a key of mood (Тіл-көңілдің кілті), Great boast, small roast (Сөзге көп - іске жоқ), Brevity is the soul of wit (Аз сөз алтын), Many words cut more than swords (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді), Bad news files fast^aMaH сөз жерде жатпайды), A good name is better than riches (Жақсы сөз - жарым ырыс) мақалдары арқылы тілдің құдыреттілігін түсіндіреді. ағылшын мен қазақ мақал-мәтелдерінде айтылатын ойдың кейде орайлас келмей, қарама-қайшы түсетін тұстары да кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде: "Stiks and stones may break my bones, but words will never hurt me" (c.c.a. Таяқ пен тастар менің сүйегімді сындыруы мүмкін, бірақ сөз мені жаралай алмайды) десе, қазақ мақалы керісінше "Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді",— деген пікірді қалыптастырады.

Мақал -мәтелдердің астарында халық даналығы жасырынып жатыр. Онда ұлт тарихы, салт санасы, әдет ғұрпы, халық даналығы, тапқырлығы, қалжыңдары сипатталады. Мақал-мәтелдердің қай тақырыбын алсақ та, олардың басты бағыты жас ұрпақты тәрбиелеуге, еңбек етуге, жамандықтан жиретіп жақсылыққа үндейді. Сондықтан да тіл үйренуде, оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін жетілдіруде мақал мәтелдерді сабақта қолданудың маңызы зор деп ойлаймын.

Ағылшын тілі сабағында мақал-мәтелдерді қолдану оқушылардың тілге деген қызығушылығын, жұмысқа қабілеттілігін, олардың сабаққа деген белсенділігін арттыра түседі.

Маңал-мәтелдермен жумыс жасауда берілетін тапсырмалар:

  1. Мақал - мәтелдерге қазақша баламасын беру;
  2. Мақал- мәтелдерге ағылшынша баламасын беру;
  3. Мақал - мәтелдерді аяқтау;
  4. Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру;
  5. Әңгімені оқып, мазмұнына сәйкес мақал табу;
  6. Мақал-мәтелдің ішінен етістіктің (сын есім, зат есім) астын сыз;
  7. Мақал-мәтелге мысал келтіру;
  8. Берілген мақал-мәтелді қолдануға болатын ситуациялық жағдай ойлап табу;

Сонымен қатар грамматиканы түсіндіруде де мақал мәтелдерді пайдалануға болады. Грамматикалық тақырыптарды үйрету кезінде тақырыпқа сәйкес мақалдарды жинақтап, оқушыларға ұсынуға болады. Кейбір тапсырмаларды қиындығына қарамастан, оқытудың кез келген сатысында қолдануға болады.

  1. Маңалды аяқта.
  2. Не laughs best
  3. Between two stools
  4. Clothes do not
  5. Early to bed, early to rise
  6. An Englishman's home
  7. Falsefriends
  8. Habit
  9. Likefather
  10. Toknoweverything
  11. A man is as old as he feels

A Iikeson.

B Wholaughslast.

C and a woman as old as she looks.

  1. ...are worse than open enemies.
  2. .makes a man healthy, wealthy and wise.

F make a man.

G is hiscastle.

H is a secondnature.

I istoknownothing.

J one falls to the groun

  1. Bepi л ген сөздерді керекті жерге орналастыр: hare, horse, cat, bird,dog, bull.
  2. All are grey in the dark.
  3. Barking seldom bite.
  4. A in the hand is worse two in the bush.
  5. Don't swap in the middle of the stream.
  6. The must be taken by the horns.
  7. Curiositykilledthe
  8. The early catches the worm.
  9. Every likes its own nest best.
  10. First catch your , than cook him.
  11. A stumbles that has four legs.
  12. Мағынасы жақын маңал-мәтелдерді жинақта.
  13. As you brew, so you must drink.
  14. As you make your bed, so you must lie on it.
  15. As you sow, so you reap.
  16. After a storm comes a calm.
  17. After rain comes fair weather.
  18. The darkest hour is that before the dawn.
  19. Every cloud has a silver lining.
  20. Hastemakeswaste.
  21. Hasty climbers have sudden falls.
  22. Morehaste, Iessspeed.[7]

Мақал-мәтелдерді оқып үйрену оқушылардың сөздік қорын молайтып, есте сақтау қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ халық даналығын таныстырады. Мақал-мәтелдерді үйрену жаңа сөздерді тез жаттауға көмектеседі. Мысалы, мақал-мәтелдер көмегімен сандарды тез үйренуге болады.

Two is company, three is none.

If two man ride on a horse, one must ride behind.

Rain before seven, fine before eleven.

A cat has nine lives.

Custom is a second nature.

Two heads are better than one[8].

Мақал-мәтелдер әр халықтың өз даму тарихын, өмір тәжірибесінен жинақталған ұтқыр да ұтымды ойлары бейнелейтін асыл мұраларымыздың бірі. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Тоқсан ауыздың сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, мақал-мәтелді орнымен, дұрыс қолданып, оларды тартымды, мәнерлі де әсерлі тілмен сөйлегенге не жетсін.

Қорыта айтқанда, ағылшын және қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді зерттеген сайын, олардың қоғамның барлық саласын қамтитындығын байқаймыз. Қай тілдің мақал-мәтелдердін алсақ та, олардың түпкі ойы, берер мағынасы бір екендігін көруге болады. Бұған дәлел, қазақ және ағылшын - мақал-мәтелдерінің этномәдени сипатын салыстыруда көз жеткіздік.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Пермяков Г.Л. Основы структурной паремиологии. M., 1988
  2. Уәлиханов LU.LU. Таңдамалы шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы: 1980.- 416 6.
  3. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. - Алматы: Атамұра, 2003. - 208 б.
  4. Мақал-мәтелдерде ағылшын сабағына қолдану// Иностранные языки в школе, 2005, 3
  5. Қазақ мақал-мәтелдерінің жасалуыңдағы этнолингвистикалық уәждері // Түркітану мәселелері: бүгінімен болашағы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы: Қаз.мем. қыздар педагогика институты, 2001, 236- 239 б.
  6. http://sc0053.zerenda.akmoedu.kz/news/view/855FCB189CC78BAl.html
  7. «Английские пословицы и поговорки на уроке английского языка»// Николаева Галина Сергеевна // Учитель английского языка
  8. https://sites.google.com/site/folkenglishru/home/metodiceskie-osnovy- ispolzovania-anglijskih-poslovic-1-pogovorok-na-urokah-inostrannogo-azyka

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.