Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өңдірістердің трансұлттануының даму тұжырымдамалары және әдістемелік негіздері

Аңдатпа

Отанымыздың қазіргі кезде экономикалық жетістіктерімен, жаңа саяси құрылымымен экономикалық қарқынды өсу кезеңінде. Экономикалық өсімнің тұрақтануы және шикізат ресурстарын экспорттау арқылы ұлттық экономика дағдарыстан өтіп, соңғы жылдарда экономикалық өсім қарқынын үлкейді.

XXI ғасырдың өзімен ала келген басты жаңалығы жаһандану үрдісі болды. Осы жаһандану үрдісінің қарқынды жүрілуі дамыған мемлекеттерде шаруашылық капиталдың жаңа ұйымдастыру формаларының туындауына алып келді. Әсіресе мұнда капиталдың топтасуы мен интеграциялануын, тіпті кіші фирмалардың алып шаруашылық корпорацияларға, аса ірі өнеркәсіптік, банктік, саудалық, қаржы - өнеркәсіп топтары мен кешендерге айналуын атауға болады. Осындай алан - асыр кезеңмен бірге Қазақстан нарықтық жүйелі эконом и каға беталды.

Бұл кезеңде кез-келген мемлекет үшін осы үрдісті бақылаумен бірге өз ұлттық экономикасының дамуына дұрыс бағытқа апарар экономикалық саясатты

X.Досмуха медов атындағы А тырау МУ Хабаршысы - Вестник А тырауского государственного университета имени ХДосмухамедова № 1(48), 2018 таңдау үшін маңызды болды. Өйткені осы мемлекеттердің өндірістік көлемі, тұтынуы, экспорт, импорт типті ұлттық табыс деңгейі алып трансұлттық күштердің қызметтеріне тікелей байланысты болды. Яғни жаһандану үрдісінің негізгі және қозғаушы күші болып саналатын ТҰК басты рольді атқарады. ТҰК-лардың осылай қарқынды дамуы салалардың біртұтастануын және өндірістің трансұлттану үрдісін қалыптастырды. Өндірістің трансұлттануы яғни өндірістің ұлттық шекарадан тыс шығуы немесе бір жағы инвестор болса екінші жағы инвестицияны қабылдаушы ел болып нәтижесінде бір жағы ұтылып жатса екінші жақ ұтылады немесе тіпті екі жаққада тиімді болуы мүмкін.

Өндірістің трансұлттануы маңызы мен салдары әрбір елдің ерекшелігіне байланысты әртүрлі деңгейде жүрілуде. Нақтырақ айтқанда әлемде бүгінгі күні өндірістің трансұлттануының деңгейімен бірге оның әлеуметтік - экономикалық салдарынан экономикалық маңызды реформалар жасап жетістіктерге жеткен елдер аз емес. Көптеген елдер үшін қалыптасқан тәжірибелер бар [1].

Отанымыздың қазіргі кезде экономикалық жетістіктерімен, жаңа саяси құрылымымен экономикалық қарқынды өсу кезеңінде. Экономикалық өсімнің тұрақтануы және шикізат ресурстарын экспорттау арқылы ұлттық экономика дағдарыстан өтіп, соңғы жылдарда экономикалық өсім қарқынын үлкейді. Өткен жылғы экономикалық өсу қарқыны 5% құрады. Жалпы алғанда, ұлттық экономикамыз 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен жетістік және жоғары қарқын болып саналады. Сонымен бірге үлкен жауапкершілік болып саналмақ өйткені еліміз алдыға қойған үлкен мақсатты стратегия бәрімізге айқын.

«Қазақстан-2050» стратегиясы және ҚР үдемелі индустриалдық - инновациялық дамуының 2010-2016 жылдарға арналған бағдарламалары негізіндегі көптеген мақсатқа жету барысында ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктерінің шектеулі жағдайында, экономиканы трансформациялауда үкіметтің әр түрлі бағдарламалары негізінде құрылымдық қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, сыртқы капиталды тарту және тиімді пайдалану мәселелері өте маңызды орын алмақ. Тіпті жоғарыда аталмыш бағдарламаны қысқа мерзім ішінде қайта өзгертіп жеделдетілген деп атауымыздың өзі экономикамыздың жүйе ретінде қайта көтеру қажеттілігін көрсетеді [2].

Тәуелсіздік жылдарының басында еліміз үшін ТҰҚ-лар капиталы немесе өндірістің трансұлттануы дағдарыстан шығу үшін, экономиканы бір серпінге келтіру үшін маңызды болды. Қазіргі кезде бұл үрдіс өндірістің трансұлттану деңгейін көтеру тіпті оның әлеуметтік - экономикалық салдарының жағымдылығын арттырудыталап етеді. Қазіргі кезде отыз дамыған бәсекегеқабілетті елдер қатарына кіруді мақсат тұтқан отанымыз Қазақстан үшін шетелдік капиталды тарту мен пайдалану саясаты маңызды орын алып отыр.

Ішкі қаржылық мүмкіндігінің шектеулі жағдайында сыртқы капиталды тарту құрылымын қамтамасыз ету мен ішкі нарықта оны тиімді пайдалану мемлекеттің даму стратегиялық бағдарламаның негізгі параметрлеріне жету рычагы бола алады.

Қазіргі таңда қарқын алған өндірістің трансұлттану үрдісі жетуге тиісті әлеуметтік-экономикалық салдардың жағымсыз жақтарын жою және жағымды нәтижелерін арттыру жолдарын әзірлеуге негіз болатын жан-жақты зерттеулерді талап етеді.

Сонымен бірге жалпы сипаттағы таңдаумен бірге оның факторлары мен негіздерін, ТҰК негізгі феноменімен қатар олардың кең таралған теориялық және тәжірибелік маңызы сияқты ары қарай терең зерттеуді талап етеді.

Өндірістің трансұлттануын біз халықаралық еңбек бөлінісінің қызметі, әлемдік шаруашылықты турлендіру нәтижесі деп түйіндейміз. Өндірістің трнасұлттануының рөлі әлемдік табыстарды қайта белу, еңбекті бақылау әдісі, немесе басқаша айтқанда еңбекті әлеуметтік ұйымдастыру әдісі ретінде зерттеледі. Өндірістің трансұлттануы жүйесінің рөлін, біздің ойымызша , оның едәуір жоғары деңгейдегі жүйеге қосылғыштағы арқылы түсінуге болады және түсіну керек.

Біздің зерттеуіміздің нәтижесінде қазіргі кездегі өндірістің трансұлттануының ең негізгі сипаттары ретінде келесідей тұжырымдар жасауға болады:

  • Әлемдік экономикада ТҰК мен құрылымдардың сандары мен активтерінің қарқынды өсуі осы үрдісінің әлдеқайда жылдамдатты;
  • ТҰК-лардың жаһандық корпорацияларға айналуы;
  • Әлемдік шаруашылығының инерұлттануы үрдісінің жаңа этапы: ТҰК-дың негізгі және еншілес компанияларда өндірілетін өнімдерге қойылатын сапалық талаптарға қарамастан мемлекттер мен кәсіпорындардың өндірістік үрдіс пен ғылыми-техникалық прогресстің интерұлттануынада халықаралдық еңбек белінісінде өздерінің тартылу мәселесі;
  • Шаруашылық өмірді интерұлттанудың формасы ретінде ТҰК-дың шеңберінде халықаралық өндірістің дамуы кіреді. Бұған халықарлық ішкіфирмалық кооперациялауға қатысатын негізгі және еншілес компаниялар өндірістерінде жатады;
  • Еншілес компанияларда жекелеген артықшылықтар берді;
  • Жаңа сапаға көшудегі өндірістің трансұлттануының жаңа жоғары деңгейі;
  • Өндірістің трансұлттану үрдісінің ТҰК-дың қызметінің нақты субъектілерін халықаралық экономикалық қатынастарға айналдыру көлеміне тікелей байланысты;
  • Шаруашылық құрылымды ұйымдастырудың жаңа формасы өндірістің трансұлттануын қалыптастырады [3].

Қазіргі таңда әлемдік тәжірибе елдер тек өзінің ерекшелігіне ғана сүйене отырып, өндірістің трансұлттану потенциалын пайдаланып, экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды деп пайымдаймыз. Басқа елдердің тәжірибелерін механикалық түрде қолдана салу орынсыз болып саналады. Сонымен бірге, өндірістің трансұлттануы үрдісінің түрлі нұсқалдары бойынша қалыптасқан бай зияткерлік базаны да елемеуге болмайды.

Бәсеке мен ынтымақтастық - қазіргі жағдайда өндірістің трансұлттануына тән ұғымдар болып саналады. Бұлар, егер де қатысушылардың әрбірінің экономикалық жетістіктері мен артықшылықтарына сүйенетін болса, оң нәтиже береді. Бұдан компаниялар үшін мынадай шешімі жасауға болады: ынтымақтастық саласында, сөзсіз, мүмкіндіктер мен боашақтар бар, оларды тек орынды пайдалану қажет.

Осыдан түйіндейтініміз ынтымақтастық жасаудың артып келе жатқанын атап ете отырып, кез-келген трансұлттық құрылым өз эсер ету аймағын кеңейтуге тырысатынын атап өту керек, және бұны ол ортаның белгілі бір шекараларда қарсылығына тап болғанға дейін жасай беретін болады.

Қазіргі ТҰК-ларға бәсекелестерге түрлі қысымдар жасау тән, тіпті шектелген іскер тәжірибесін қолдануға дейін барушылық тән. Бұндай бәсеке қарсы тәжірибе

Х.Досмуха медов атындағы А тырау МУ Хабаршысы - Вестник А тырауского государственного университета имени Х.Досмухамедова № 1(48), 2018 ұлттық және аймақтық деңгейлерде қарсылық көрсету үшін және шамалы да болса қайшы зардаптарын әлсірету үшін ескерілуі тиіс.

Сонымен, трансұлттық құрылымдардық қызметі, нарықтық экономикадағы барлық шаруашылық субъектілердің қызметтері де қарама-қайшы мүдделердің үздіксіз күресімен, оң және теріс жағдайлар мен өндірістік үрдістердің көрінуімен байланысты болады. Өндірістің трансұлттануына бүтіндей елдер мен аймақтар қарсылық білдіруде және де экономикалық факторлар бұндай жағдайларда жиі түрде саяси зардаптар тудыруда.

Трансұлттық құрылымдардың әлеуметтік орнықтылығы мәселелері бойынша көптеген ашық сұрақтардың болуын және оның экономикалық тиімділікпен үйлесуін атап өту қажет. Мысалы, жас әйелдер үшін жұмысқа қанағаттанушылықтың қажетті компонент! балалар мекемелерімен қамтамасыз етілушілік болып табылады, бұл жағдайда компанияның осындай жағдайды қанағаттандыруға байланысты шығындары осы қызметкерлердің өнімділігінен түсетін «пайдадан» анағұрлым асып түсуі мүмкін. Сол себепті компания бұндай жағдайға бара бермейді. Бұдан шығындарды қысқарту мен пайданы барынша арттыруға ұмтылудан, шекті өнімділікке ұмтылудан да қуатты қандай ынталандырулар бар екендігі түсініксіз болып қалуда. Гипотеза ретінде мынаны ұсынуға болады: бұндай ынталандыру болып трансұлттық құрылымның барынша аз қайта құрылымдалуы немесе ұүлдырауы кезінде өмір сүру циклының ұзақтығын ұлғайтуға тырысуы болып саналады [4].

Қорытындылай келе төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

  • Трансұлттық құрылымдардың барлығының негізгі мақсаты - болып табылатын өнім сапасын жақсарту, өндіріс тиімділігін арттыру, кірістерді арттыру бұл өз кезегінде әлеуметтік жүйеге эсер ете алатын стратегиялар көмегімен көбірек іске асырылады;
  • Трансұлттық құрылым аясында мүдделерді келістіру, экономикалық тиімділік пен әлеуметтік әділеттілік арасындағы қайшылықты шешу үшін шешуші мәнге өзін-өзі дамыту уәждемесімен сырттан мәжбүрлеуді ауыстыру ие болады;
  • ТҰК үшін экономикалық тиімділік пен әлеуметтік тұрақтылық белгілерімен толықтыру маңызды болып келе жатыр. Трансұлттық құрылымдардың өмір сүру ұзақтығын дамыту және арттыру мақсатында экономикалық тиімділікпен қоса «экологиялық қауіпсіздікті және әлеуметтік тұрақтылықты» қамтамасыз етуіне байланысты болмақ.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2014. - 12 желтоқсан //http:www.akorda.kz/kz/page_poslanie-presenta-republiki- kazakstan-lidera-natsii-nursultana-nazarbaueva-narodu-kazakhstana-(02.02.2013);
  2. Шет мемлекеттерің Ұлттық біліктілік жүйесін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы біліктілік жүйесіне аналитикалық шолу жасау// www.edu.kz./ analiticheskiy_obzor_nsk_;
  3. Назарбаев Н.Ә. өзінің «Әлеуметтік - экономикалық модернизация - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы, Ғылым мен білім саласын жетілдіру жүйелері;
  4. Программа «30 корпоративных лидеров Казахстана» разработана в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2007 года № 314 «О мерах по модернизации экономики Республики Казахстан».

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.