Аңдатпа
Мақалада жазушының замана шындығын бейнелеудегі шығармашылық ізденістері өмір жолымен байланыстырыла қарастырылады.
Мұхтар Әуезовтің суреткерлік шеберлігі - табиғат көріністерін кейіпкердің көңіл-күйімен, іс-әрекеті, мінез-құлқы, оқиғамен байланысын ашуда шебер қолдануында.
Жазушының шығармашылық даралығы, әңгімелерінің жанрлық көркемдік ерекшеліктері, қазақ әдебиетіндегі орны, образ жасау шеберлігі талданды. М.Әуезов адам бойындағы пәктік пен сұлулықты әділетсіздік пен азғындыққа қарсы қоя білді. Оқиғаларды жарыстыра суреттеу арқылы қазақ әдебиетіне классикалық психологиялық прозаның үлгісін әкелді. Әдебиетте Әуезов салған сара жол мен дәстүрлі арналар кейінгі жазушыларға үлгі-өнеге болып, олардың суреткерлік шеберліктерін шыңдауына септігін тигізіп отырды. Жазушының портрет жасау шеберлігінің үлгісі бүгінгі әдебиетке үлкен әсерін тигізді, Әуезов дәстүрі қалыптасты.
КІРІСПЕ
XX ғасырдағы қазақ халқының ұлттық ой-санасының, сөз өнерінің, көркем прозаның асқар биігі, теңдесі жоқ суреткер, қазақ әдебиетінің классигі ірі қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз Мұхтар Әуезовтің есімі-бүкіл дүние жүзіне танымал есім. Әлемдік деңгейдегі алып тұлға Мұхтар Омарханұлы туралы романдар, мемуар- эсселер жазылып, оның еңбектері мен шығармалары зерттеліп, зерделенді. Көптеген көркем әдебиеттерге арқау болып, әлдеқашан өз бағасын алғаны белгілі.
Мұхтар Әуезовтің суреткерлігіне тәнті болған шетел жазушылары мен әдебиетшілер, әдебиеттанушы ғалымдар оның шығармаларында қазақ қоғамының өзіндік сипаты мол, қайшылыққа толы өмір-тұрмысы, әдет-салттары әсерлі бейнеленгеніне ерекше көңіл қояды. [1]
Жазушы мұрасы-талай қиян-кескі майдан, алай-түлей шайқастардан аман қалып, бар қазына-қасиетін енді аша бастаған, өз ұрпақтары арқылы бүкіл әлем жұртының ұлы керуеніне қосылған сахара елінің еркіндігіндей қымбат, арманындай асқақ, алтын кенішіндей терең, жүрегіндей адал мұра.
НЕПЗП БӨЛІМ
Мұхтар Әуезов қазақ әдебиеті тарихында қалыптасқан озық дәстүрлерді алға апарушы, ілгері дамытушы болды. Осы жолда ол әдебиет тарихын зерттеуші, сөз өнеріне аса зор үлес қосқан жазушылығымен, жаңа сапада жазылған тың шығармаларымен, қазақ әдебиетінің мәртебесін жаңа биіктерге көтереді. Ұлы суреткердің шығармаларының қуатты, арналы мол саласы-оның прозалық туындылары.
Жазушының «Қилы заман» повесінде 1916 жылғы Жетісу албандары көтерілісінің тарихи оқиғалары негізге алынған. Ленинград университетінің студенті ю
болған кезінде М.Эуезов фольклор нұсқаларын жинау үшін Жетісуға әдейі келіп, оның әсем жерлерін, заңғар таулары мен жасыл жайлауларын аралап, тамашалап көреді. Бірнеше шығармаға арқау еткен дүниелерін ол осы сапарында жинаған. Көтеріліске қатысқан тірі көздермен жолығып, олардың басынан кешкен жайттарын ауызба-ауыз естіген. Алатаудың белгілі, атақты Қарқарасы, Асы, Үшмерке, Дөңгелек саз, Сырт, Лабасы, Талғар сияқты жерлері өз қалпында алынып, әсем де сұлу, тамаша пейзаж жасалып, қағаз бетіне түседі. Оқиға Жетісудың атағы жер жарған Карқара жәрмеңкесін суреттеуден басталады.
Қилы заманға тап болған қазақ елі әлеуметтік топтарының да ішкі жіктерін шынайы көрсетеді. Қаламгер ел басына күн туғанда оның басы - қасында кімдердің болғанын тебірене жазады. Патша жарлығына, қарулы әскерге көтерген күштердің рухани әлемін, жігер қайратын талдай суреттейді.
Жазушы «Қилы заман» повесінде характерлер жасау жолында портрет пен мінездердің, жинақтау мен даралаудың қазақ әдебиеті үшін дәстүрлі жаңа үлгілерін де шығармашылық талантпен меңгере қолданды. Ipi характерлер сомдау жолында қаламгер қолданатын әдіс-тәсілдер шығармада салалас, сабақтас сюжеттердің аралас келуі, шеберлікпен қолданылуы көркем мазмұнды романды жан-жақты және тереңдей, көлемді бейнелеуде ерекше сипат алған.
Мұхтар Әуезов шығармаларына көп желілік, адам әрекетін әлеуметтік- қоғамдық жағдайлармен астастыра беру, кейіпкер психологиясының терең иірімдерін бере білу шеберлігі, халықтың тұрмыс-тіршілік тынысы, ұлттық мінез- құлықты мейлінше қанық әрі толық беру шеберлігі тән. Жазушының «Қорғансыздың күні», «Қыр», «Жетім», «Ескілік көлеңкесінде», «Қараш-қараш оқиғалары», «Қилы заман», «Көксерек» деп аталатын үздік әңгіме, повестері проза жанрындағы ерекше көркемдік құбылыс болып табылады.
«Қорғансыздың күні» деп аталатын алғашқы әңгімесі арқылы да өзінің суреткерлік дарынын айқын таныта білді. Әңгіменің бас кейіпкер Ғазизаның күйзелісі табиғаттың ызғырық боранымен астастырыла суреттеледі. «Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ аулындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс- тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы даланы өте қатігез етіп суреттейді. Қазақтың жадау күйін, оған жаны ашымастықпен қыстың қысып жіберген хал-ахуалын бейнелейді. Құлазыған құла дүз, жалаңаш жон, қаһарлы қыс, бұрқыраған боран... Табиғаттың осы көрінісінің өзі-ақ әлдебір жұпыны, жоқ-жітік халдің хабаршысындай адамға ауыр ой салады.
Әңгіме қазақ әдебиетінде нағыз көркем жанр ретінде М.Әуезов суреттеуінде жаңа тың, өзгеше сипатқа ие болды. Өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Жазушының суреткерлік шеберлігі, әсіресе, «Қыр суреттері» әңгімесінде айқын көрінеді. Шап-шағын әңгімеге кешкі ауылдың кейпі, көркі, демі, тынысы терең сыйып кеткен, қимыл-қозғалысқа толы жанды суреттер үш түрлі ауыл көрінісін шынайы бейнелеп береді.
Әлем әдебиетіндегі үздік классикалық шығармалармен салыстыруға болмайтын, тұтас философиялық шығарма М.Әуезовтің «Көксерегі». «Көксерек» әлем әдебиетінің осы бағыттағы Джек Лондон, Эрнест Хемингуэй, Эдгар По, Марсель Пруст шығармаларымен көркемдік шеберлігі жағынан шығармашылық бәсекеге түсе алатыны даусыз. Жазушының «Көксерегі» - реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Повесть и
шағын-шағын сегіз тармаққа бөлінген. Бұлар дөңгеленіп, аяқталған сом сурет, өз алдына жеке картина іспетті, әрқайсысында әр түрлі баяндау, суреттеу тәсілдері қолданылған.
Шығарма сюжеті Құрмаш өлімімен аяқталады. Автордың шығарманы Құрмаштың трагедиялық өлімімен аяқтауының себептері астарлы. Осындағы жауыздық, қатыгездік, сатқындық мәселелерінде қоғамдағы ахуалдың көлеңкесі тұрғандай. Образды ой символдық ойға, әуендік сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған еді.
Қай шығармасы болмасын Әуезов кейіпкерлерінің сырт келбеті жан толғанысымен тұтасып, бүтін бір тартымды дүние жасайды, бірін-бірі толықтырып тұрады. Табиғат суретін беру Әуезов үшін дара мақсат емес, ол пейзажды өзінің авторлық идеясымен сәйкестендіріп, үнемі құбылтып, құлпырта отырып қолданады. Жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясында пейзаждың классикалық үлгілері болып табылатын тамаша табиғат суреттерін кездестіреміз. М.Әуезовтің қолдануында пейзаж оқиғаның болған орны мен мерзімін дәл көрсетіп қоймайды, адамдардың мінездерінің типтік сипаттары мен олардың өзара қатынастарын мейлінше мол ашуға қызмет етеді. Зерттеуші Р.Нұрғали: «Пейзажды, диалогты, монологты адам психологиясын ашудың ұтымды тәсілі ретінде пайдалану - Әуезовтің жазушылық ерекшеліктерінің бірі» - деген еді. [2]
Мұхтар Әуезов қаламынан туған портреттер галереясының ғажап әлемі керемет тарихи-этнографиялық, философиялық әрі сұңғыла психологиялық мәнімен қайран қалдырады.
«Әуезов - әлемдік құбылыс. Ауыз әдебиетіндегі сарындар, мотив, идея, тіл өрнектері, бояулар Әуезов әлеміндегі қайта жаңғыруы» - деген еді академик З.Қабдолов. [3]
Қорыта келгенде айтарымыз, М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып құйылып, күллі адамзатқа ортақ рухына қазынаға айналды.
Әдебиеттер тізімі:
- Нұрғали P Өнердің эстетикалық нысанасы Алматы: Мектеп, 1979 ж
- Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. Жинақ. Алматы, 1997
- Қабдолов 3. «Әуезов және оның әсемдік әлемі». Арна Алматы: Жазушы, 1988