Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Oқу үдерісінде жoбaлaу технoлoгиясын қолданудың ерекшеліктері

Аңдатпа

Мақалада информатика пәнін оқытуда жобалау технологиям бойынша зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасай отырып, қазіргі білім берудегі жобалау технологиясының ерекшеліктеріне, білім сапасын көтерудегі жобалау технологиясының маңызы туралы айтылған. Жобалау әдісінің сапалы білім берудегі тиімділігі оқушының жеке басының ізденімпаздық қабілетінің дамуымен байланысты анықталады. Жобаны орындау барысында оқушының информатика тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту өзін-өзі бақылау мен басқару арқылы саналы түрде жүріп отырады. Осы үдерісте оқушының ерік-жігері, жоспарлау қабілеті, тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі. Бұл әдіс информатика пәнін үйренуші оқушының дүниетанымдық көзқарасы адамгершілік қасиетімен тоғысқан жеке тұлға ретінде, болашақта кәсіби маман ретінде қалыптасуына, әлеуметтенуіне қызмет етеді.

Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану болып табылады.

«Жоба әдісі» оқыту үдерісінде XVII ғасырдан бастап қолданылған. 1671 жылы Парижде алғаш рет Корольдік Сәулет Академ иясы студенттер арасында ең әдемі жобаларға бәйге жариялайды. ТМД елдері тарихында С.Т.Шацкийдің, Н.К.Крупскаяның оқыту тәжірибесінде 1905 жылдан бастап қолданылған бұл әдіс кейіннен «бригадалық әдіс» деген ұғыммен ауыстырылып, қолданыстан шығып қалғанымен, соңғы жылдары оқу-ағарту саласында қайта жаңғыра бастады [1]. АҚШ-тың, Германияның оқыту үрдісіне ертеден еніп, «әдістемелік құрал», «дидактикалық концепция» ретінде қарастырылып келді. Оның өзіне тән ерекшелігінің айқындалуы жобалау әдісінің білім алушының интеллектуалдық- әлеуметтік-кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы тиімділігін тануға мүмкіндік берді.

Жобалау идеясы, жобалау әд/с/ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды. Бұл идея көптеген ғалымдардың (Пиаже, Эбли) (Высоцкий, Леонтьев, Гальперин) қолдауымен жобалау әдісінің негізін қалауға себеп болды.

Жобалау әдісі - жобаны жүзеге асыру бойынша әртүрлі іс-әрекет түрлерін қолдануды ұсынатын жұмыс түрі.

XX ғасырдың ортасынан бастап АҚШ-тың, Германияның білім беру саласында, ал ғасыр соңында ТМД елдерінің оқыту жүйесінде кең өріс алғаны белгілі. Жобалау әдісінің теориясын алғаш негіздеген ғалымдар Д.Дьюи мен В.Килпатрик болатын. Олар бұл технологияның әмбебаптық сипатын дәл анықтап, оның интеллект дамытудағы маңызын жоғары бағалады. Кейін бұл технологияның теориясын дамытқан Е.С.Полат, В.Д.Симоненко, М.Б.Павловтардың зерттеулері болды. Соның ішінде, Е.С.Полат жобалау әдісіне келесідей анықтама берген [2].

Жоғарыдаайтылғандай, жобалау әдісі мұхиттың арғы бетінде 20 ғасырдың басында басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі информативны оқыту әдістемесінде соңғы жылдары ғана қолданыла бастады.

Қазақстанда информативны жобалау әдісі оқыту әдістерінің теориялық негіздері Е.Ы.Бидайбеков, Е.Ө.Медеуов, Т.О.Балықбаев, Ж.К.Нұрбекова, А.Е.Сағымбаева, Г.А.Абдулкаримова еңбектерінде зерттелген. Нақты тақырыпқа қатысты информатиканың программалау негіздерін жобалау әдісін қолдану әдістемесін жетілдіру мәселесі А.Т.Байбақтинаның зерттеу жұмысында қарастырылған. Бұл жұмыста тек қана программалау негіздерін жобалау әдісі арқылы оқыту мәселесі зерттелген.

Сондықтан зерттеуде жобалау әдісі мәселе ретінде қарастырылып, мектеп информатикасын сапалы оқытуда бұл әдістің тиімділігін анықтау көзделді. Соған орай оқыту үдерісінде базалық-нормативтік құжаттардан бастап оқу-әдістемелік кешендер, оқытудың әдістемелік жүйесі құрауыштары мен әрекет етуші тұлғалар өзара тығыз байланыста басты мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырылды.

Жобалау әдісінің сапалы білім берудегі тиімділігі оқушының жеке басының ізденімпаздық қабілетінің дамуымен байланысты анықталады. Жобаны орындау барысында оқушының информатика тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту өзін-өзі бақылау мен басқару арқылы саналы түрде жүріп отырады. Осы үдерісте оқушының ерік-жігері, жоспарлау қабілеті, тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі. Бұл әдіс информатика пәнін үйренуші оқушының дүниетанымдық көзқарасы адамгершілік қасиетімен тоғысқан жеке тұлға ретінде, болашақта кәсіби маман ретінде қалыптасуына, әлеуметтенуіне қызмет етеді.

Жаңа кезеңде жобалау әдісін информатиканы сапалы әрі тиімді оқыту әдісі ретінде таңдап алудың бірнеше себептері бар.

Біріншіден, бұл әдіс - шығармашылық турде оқуды жүзеге асыруға мүмкіндігі мол әдіс. Шығармашылық оқушының өз бетімен орындайтын жұмысына басымдылық беріледі. Ол оқытушының басшылығымен және өз бетімен орындайтын жұмыс деп бөлінеді. Осы тұрғыдан қарағанда, жобалау әдісі мен шығармашылық қабілетті дамытудың өзара бірлігі айқын байқалады [3].

Екіншіден, жобалау әдісі философиялық, гуманистік, психологиялық мүмкіндіктері оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталады. Өз бетімен информатика бойынша берілетін түрлі жобаларды орындау барысында оқушы «білім іздеудің өзіндік сүрлеуін» қалыптастырады және ол сүрлеу оқушының өмір бойғы білім алуы дағдыларын дамытады.

Үшіншіден, бұл әдістің артықшылығы- жоба жұмысын орындау арқылы оқушы өздігінен шешім жасауға үйренеді, жобаның орындау логикасын анықтайды. Оқушы информатика пәнін меңгеру үдерісінде программалау мен информатиканың негізгі ұғымдарын оқып-білудің негізгі әрі белсенді субъектісіне айналады.

Төртіншіден, бұл әдіс оқушының білім деңгейін дамытуға көмектеседі, себебі ол өз бетінше әрекетке түсіп, ізденеді.

Бесіншіден, бұл әдіс бойынша оқушы тақырыпты өзі таңдауына мүмкіндік алады.

Алтыншыдан, жобалау аясында ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс істеу идеясы бар.

Жетіншіден, жобалау танымдық белсенділікті тудырады.

Сегізіншіден, жобалау әдісі сабақта қолданылғанда оқытушыға да, оқушыға да жауапкершілік жүктейді әрі өзіне деген сенімділігін арттырады.

Тоғызыншыдан, жобалау жұмыстары өзара жарысты, талас-пікірді, ең бастысы, белсенділікті талап етеді.

Оныншыдан, жобалау әдісі оқытушыға да, оқушыға да жұмысына, ғылыми дәлелдемелеріне қанағаттану сезімін, яғни «эгофакторлық» сенім ұялатады.

Жобалау әдісі арқылы информатика пәнін меңгертудің ережесі мынадай: тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол оқушының қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Сонымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны нәтижесінде дәлелдеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме, диаграммалар пайдаланылады; талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы қажет; жобаны қорғау жұптық (диада), үштік (триада) және топтық шеңберде орындалуы қажет [4].

Жобалар әр түрлі типте - зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналастыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған істер сияқты болып құрастырыла береді.

Жалпы жобалар белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады:

  • Демонстрациялық жобалар;
  • Зерттеушілік жобалар;
  • Шығармашылық жобалар;
  • Рольді - ойындық жобалар;
  • Ақпараттық жобалар;
  • Үйретуші жобалар;

•Моножобалар;

  • Пәнаралық жобалар;
  • Тәжірибелі жэне бағдарлы жобалар;
  • Қысқа мерзімді жобалар;
  • Ойын жобалары.

Демонстрациялық жобалар- Демонстрациялаушы жоба көп жағдайда оқушылардың фантазиясына байланысты құрылады. Оларды орындау нәтижесінде қандай да бір демонстрациялаушы программа алынуы керек. Мысал ретінде «Сағат»,«Светофор», «Айналу денелері», «Кроссворд», «Фраза», «Караоке», «Жарнама», «Ауарайы», «Музыкалық үзіліс» т.б. алуға болады.

Зерттеушілік жобаларғабарлық қатысушылар үшін жоба құрылымы дұрыс ойластырылған, мақсаты белгіленген, зерттеу пәнінің мәні ашылған, ақпарат пен әдіскөздері, нәтижелері белгіленген болуды талап етеді. Олар шағын зерттеу логикасына толығымен тәуелді және ғылыми зерттеу жұмысына жақын немесе онымен сәйкескелетін құрылымға ие (зерттеу үшін алынған тақырып маңыздылығын дәлелдеу;зерттеу проблемасын, оның пәні мен объектісін анықтау; зерттеу есептерін белгілеу;зерттеу әдістері мен ақпарат көзерін анықтау; белгіленген проблема шешімініңболжамдарын ұсыну; алынған нәтижелерді талдау; оларды безендіру; зерттеу процесінің әрі қарай дамуы үшін маңызды жаңа проблемаларды белгілеу).Айтылғандардың барлығы оқытудың нақты сатысындағы оқушылар біліміне сәйкес келеді.

Шығармашылық жобаларнәтижелердің сәйкес безендірілуін білдіре отырып, оқушылар әрекетінің нақты құрылған құрылымы жоқ, ол тек алдын ала белгіленіп, әрі қарай оқушылардың қызығушылығына байланысты дамытылады. Белгілі бір жағдайда жоспарланған нәтижелер мен оларды бейнелеу формасы (ортақ газета, альманах шығару, баяндама жасау т.б) туралы келісіп алу керек. Бұл қандай да бір шығарманың, фильмнің, өмірлік жағдайдың мазмұнына байланысты проблема болуы мүмкін. Бұл фантастика да болуы мүмкін. Жоба нәтижесін безендіру бейнефильм сценариі, шығарма жоспары, газет, альбом, альманах дизайны сияқты айқын түрде ойластырылған құрылымды талап етеді.

Рольді - ойындық жобалар. Бұндай жобаларда жоба құрылымы белгіленіп, соңына дейін ашық қалады. Жобаға қатысушылар жоба мазмұны және сипатымен шешілетін проблема ерекшелігімен айқындалған белгілі бір рольдерді ойнайды. Олар әдебиет кейіпкері немесе ойдан шығарылған, әлеуметтік қатынастарды бейнелейтін кейіпкерлер болуы мүмкін. Мұндағы шығармашылық дәрежесі өте жоғары, бірақ негізгі әрекеттүрі рольді ойындық болып табылады.

Ақпараттық жобалар.Типі басында қандай да бір құбылыс, объект туралы ақпарат жинауға, қатысушыларды осы ақпаратпен таныстыруға, оған анализ жасап, фактілерді жалпылауға бағытталады. Мұндай жобалар, зерттеушілік жобалар сияқты, құрылымы жақсы ойластырылған болуы керек жэне де осы жобамен жұмыс жасау барысында жүйелі түрде өзгерту мүмкіндігі қарастырылуы талап етіледі. Осындай жобалардың құрылымы келесідей түрде белгіленуі мүмкін: жоба мақсаты ақпараттық ізденушілік пәні, ақпарат көздері (ЖАҚ құралдары, мәліметтер қоры, соның ішінде электрондық, интервью т.с.с.); ақпаратты өңдеу тәсілдері (анализ, жалпылау, белгілі бір фактілермен сәйкестендіру, аргументтелген қорытындылар жасау); ақпараттық ізденушілік нәтижесі (статья, аннотация, мән жазба, баяндама, бейнефильм жэне т.с.с.); презентация (публикация, соның ішінде интернет жүйесінде де, талқылау жэне т.с.с.).

Үйретуші жобалар- Бұндай жобалар оқушыға жаңа білімдерді өз бетінше әрі қызықты түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Мысалы «Рим цифрлары», «Жазба кітапшасы», «Тест», «Магиялық квадрат», «Көбейту кестесі», «Европа елдері» т.б.

Моножобалар - бір оқыту пәнінің аумағында жүргізіледі. Программаның қиын тараулары мен тақырыптары таңдалады. Бірақ, моножобамен жұмыс жасау барысында белгілі бір проблеманы шешу үшін оқытудың басқа да білім облысынан алынған білімдер пайдаланылады. Осындай жобалар, сонымен қатар жоба мақсаты мен есебінің құрылымын жасауды ғана емес, оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен іскерліктерін жоспарлауды талап етеді. Ton бойынша әрбір сабақтың жұмыс логикасы жобағақатысушылар таңдайтын презентация формасы алдын ала жоспарланады. Бұл жобалар сабақтан тыс уақытта жеке немесе топтық жобалар түрінде жиі өз жалғасын табады.

Пәнаралық жобаларсабақтан тыс уақыттаорындалады. Бұл екі - үш пәнді қамтитын,көлемді, ұзақ мерзімді, жалпы мектептік қиын проблемаларды шешуді жоспарлайтын жоба болуы мүмкін. Мұндай жобалар мамандар жағынан кәсіптік бағдарлануын, бірнеше топтың ұйымдасқан жұмысын талап етеді. Жобаға қатысушылар саны бойынша келесідей жоба түрлерін атауға болады: жеке тұлғалық, жұптық және топтық. Топтықжобаны қолданғанда әдістемелік көзқарас тұрғысынан осы топ қатысушыларының әрекетін дұрыс ұйымдастыру қажет. Бұл жағдайда педагог - координаторлардың ролі өседі. Жобаны жүргізу мерзімі бойынша қысқа мерзімді (шағын проблеманы шешу үшін), орташа ұзақтықты (1-2 ай) және ұзақмерзімді (бір жылға дейін) болып бөлінеді.

Тәжірибелі және бағдарлыжобалароқушылардың әрекетінің нәтижесін нақты айқындайды, қорытынды түрінде көрсетіледі.

Қысқа мерзімді жобаларжеке пән сабақтарынан, кейде басқа да оқу пәндерінен алынған білімді пайдалану арқылы жүргізіледі. Орташа мерзімді және ұзақ мерзімді жобалар қарапайым немесе телекоммуникациялық, ішкі және халықаралық, бір маңыздыпроблеманы немесе өзара байланысты бірнеше проблемаларды қамтиды. Бұндай жобалар негізінен сабақтан тыс уақытта қолданылады.

Ойын жобалары- орындау барысында оқушыларға программист ролін атқаруынатура келеді. Бұл жобаларды топта орындаған тиімді. Жобаны орындау барысында оқушы программалық өнімнің интерфейсін бағалауға үйренеді. Нақты мысалдар: «Тир»,«Саңырауқұлақшы», «Санды тап» т.б.«Программалау тілдерін» оқытуға арналған жобаларды факультатив сабақтарында қолданған ыңғайлы. Өйткені олар көп уақытты және оқушылардың әр түрлі пәндерден жүйеленген білімін және шығармашылық ізденушілігін талап етеді. Оқытушы білімгерлердің білім деңгейлеріне сай жобаларды жеңілдетуі немесе қиындатуы мүмкін. Жобалар әдісінің өзі оқушылардың қызығушылығын ескеруге негізделген. Жобалық әдісті оқыту процесінде тиімді қолдану үшін алдын-ала үлкен дайындықты қажет етеді. Сонымен қажетті құралдарды дайындау барысында оқушыларға алып жатқан білімдері өмірде қажет болатындығын көрсету керектігін ескеру өте маңызды. Тапсырмаларды тексеру кезінде дәстүрлі тексеруден басқа өзін-өзі бақылау, бірін-бірі тексеру істеріне көп көңіл бөлінеді. Жобалар әдісі негізінде: практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады [5].

Сондықтан да әдістердің салыстырмалы мүмкіндіктерін білу, оларды бір- бірімен тиімді етіп үйлестіру мен қазіргі заманғы сабақ тиімділігінің маңызды шарты болып табылады.

Қорыта айтқанда, жалпы білім беретін мекемелерде информатика пәнін жобалау әдісі негізінде меңгерту, біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол ашса, екіншіден, оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін заманауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу үдерісінің оқушы үшін мәнін танытып, олардың оқу мотивацияларын дамытады; төртіншіден, оқыту үдерісінің үш мақсатын - білімдік, тәрбиелік, дамытушылық - қатар орындаудың шарты болып саналады; бесіншіден, қоғам талабы мен оқушы мүддесінің толық үйлесімде дамуына тірек болады да, игерілген білім құзыреттілікке ауысады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Пахомова Н.Ю. Проектное обучение - что это? // Методист, №1, 2004 - с. 42.
  2. Жанпейісова М. M Модул ьд і коқытутехнологиясыоқушы ныда м ытуқұрал ы ретінде. Ұлағат журналы, 2001. №5. - 19-24 б.
  3. Полат Е.С. «Современные педагогические и информационные технологии в системе образования». М. 2001. 272 бет.
  4. Таубаева Ш.Т. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастырудағы жобалау технологиясының маңыздылығы. I Ұлт тағылымы. 2001. №2. 25 -28 бет.
  5. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: опыт теоретического и экспериментального психологического исследования: учебное пособие для студ.-М. Академия», 2004. C 122

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.