Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқытудың жаңа технологияларың пайдаланудың тиімділіп

Аңдатпа

Мақалада оқу үрдісінде оқушыларға жан - жақты білім беруде қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын енгізу кеңінен қолдану өз тиімділігін көрсетуде. Жаңа технология қазіргі заманның талаптарына сай жүйеленген, тиімді әдістердің бірі. Жаңа технологияның басты ерекшеліктері ол барлық технологиялардың басын біріктіріп, бір жүйеге келтірілген, жинақталған үлгісі болып табылады. Мақалада оқытудың жаңа технологияларын пайдаланудың артықшылықтары мен тиімділігі туралы жазылған.

«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың ұзақ жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» түсініктемеде айтылғандай: «Білімді, білік пен дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық - зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін - өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген. Демек, бұл тұжырым білім берудің басты философиясы болмақ. Міне, осындай мақсат-міндеттерді орындау үшін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, яғни инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді.

Қазіргі таңда тәуелсіздік талабына сай білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге, оқу технологияларын жан - жақты меңгеруге үлкен мән берілуде. Мұның өзі оқушының білімі мен білігін, талабы мен талғамын ұштауда, өзіндік ізденісін қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларының алар орны ерекше. Біздің елімізде орта мектептердің білім беру жүйесінің дамуы ұлттық сипатты бойына дарытумен қатар, озық елдердің үздік педагогикалық әдістерін пайдалануда. Қазіргі Қазақстандық білім берудің кеңістігінде түбегейлі өзгерістер тарихи обьективті процестер жүріп жатыр. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат - білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғам дамуының өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдады [1].

XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегі міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық жэне телекоммуникация құралдары, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Мектептердің білім деңгейін көтеру және жаңа технологияларды интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Жаңа оқыту технологиясының кейбір сырларын айтатын болсақ, біріншіден балаға тұлға деп қарап, оның білім алу арқылы дамуын қарастырады. Екіншіден тұлғаның танымдық қабілетін дамытуға, шығармашылық, ізденісін тереңдетуге, сөздік қорын молайтуға бағытталады. Үшіншіден дарынды балалар мен жүйелі түрде жұмыс жасауға көп мүмкіндіктер береді. Қазіргі кезде осы айтылған қазіргі ақпараттық жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануды көптеген педагогтар мен психологтар оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл - ойының дамытуы деп қарастырады. Баланың білімді саналы түрде қабылдауына мүмкіндік беретін жол деп қарастырады. Міне, мұндай жағдайда оқушы алға қойған жалпы мақсатқа белсенді араласу, топпен ынтымақтастықта қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу процесіне араласады, онда бірін - бірі тексеру, талдау арқылы білім алуға деген ішкі қажеттілік сезім пайда болады. Жалпы білім беретін орта мектептерде география курстарын оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалану мұғалімдерге барлық оқушыларды мұғалім назарынан тыс шығармауға, олардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік берсе, оқушылардың сабақ үстінде мұғалім мен тең дәрежеде еркін сөйлесуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Күнделікті география сабағы олар үшін көңілсіз күңгірттіктен айырылып, көңілді, қызықты іс - әрекетке айналады, берілген үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды. Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты - жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, бұл жерде жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты компонент! оқыту мақсаты болып табылады. Ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдық іс - әрекетінде белсендірілуі қажет. Бұл мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің өзара байланыстағы қалыптарының өзгерулерін талап етеді. Болашақта біз технологияның дамуынан әлі де үлкен жаңалықтар, ғылыми ашулар күтеміз. Себебі ұстаздар ізденуден жалықпайтын жаңашыл тұлғамыз. Бүгінгі шәкірт ертеңгі маман. Ендеше қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушының білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру түрін жетілдіру, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, қабілетін дамыту міндеттері тұр. Демек, мұғалім бір ғана әдіспен шектелмей, шығармашылығын шыңдап, озық іс - тәжірибелерді пайдалана білу шарт. Жаңа педагогикалық технологиялар бір - біріне ұқсамайды, оны тек дұрыс пайдаланып, шәкірт жүрегіне жол таба білу қажет. Қазіргі жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады. Олар:

Оқып меңгерту, тәжірибеде қолдану, шығармашылық бағытта дамыту, нәтижеге қол жеткізу. Жаңа технология педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагоги кал ық талаптарға сай қолданылуы керек. Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді [2].

Жаңа технологияларды география сабақтарын ұйымдастыру кезінде қолдану мұғалім мен оқушыларды бағыттап отыратын, жағдай жасайтын және оның қызметінің жүзеге асуын қамтамасыз ететін режиссердің міндетін атқарады. Пән мұғалімдері қазіргі жаңа ақпараттық құралдар мультимедия, интерактивті тақта және компьютермен жұмыс жасай білу, диалог жүргізе алатындай дәрежеде болуы керек, яғни компьютерлік сауатты мәдениетті болу керек. География сабақтарында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізген сабағын елеулі түрде арттырады және оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізеді. Соңғы уақытта оқушылардың қазіргі ақпараттық құралдар компьютерлерді пайдалануға деген қызығушылық артуда. Компьютерлік оқыту процестеріндегі ең қиыны және сонымен қатар, ең маңыздысы бағдарламамен қамтамасыз ету және бағдарламалық - педагогикалық құралдар болып табылады. Бұл оқушылардың сабаққа қызығушылығын және шығармашылық белсенділіктерін арттырып, келешекте өздерінің алған білімдерін басқа да білім салаларына қолдана алады.

Жаңа XXI - ғасыр табалдырығын аттаған тәуелсіз Қазақстан Республикасының әрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жеке үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып оқыту, логикалық ой тұжырымын дамытып, таңғажайып ғылым саласына тартуда орта мектеп пен мұғалімдерінің атқаратын рөлі зор.

Дәстүрлі оқыту жағдайында мұғалім сыныптағы әр оқушының жұмыс істеу ерекшелігін ескеріп отыру мүмкін емес. Компьютерді қолданғанда бұл жағдай толығымен шешіледі. Мұғалім оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын бақылап отыруға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі темен оқушылармен жекелеме жұмыс істеуге болады. Сабақтан тыс уақытта мұғалім компьютер жадында сақталған оқушылардың жұмыстарына талдау жасап, оқушының тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау мүмкіндігі мол.

Ал қазіргі жаңа ақпараттық технологиялардың бірі мультимедиялық құралдар. Мультимедиялық құралдар география пәні мұғаліміне экранда әртүрлі статистикалық материалдарды бейнелеуді көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедия көмегімен бір объектіден басқа кез - келген тізбекке фрагментті үлкейтіп, сонымен қатар, бір экранда бірнеше сюжеттерді енгізіп, салыстыруға болады. Бұл география пәнінің мұғаліміне үлкен көмегі тиеді, себебі бірнеше көрнекі құралды тасып жүрмейді. Сондықтан мультимедия аппараттардың жетістіктері жоғары екенін байқаймыз.

Ұстаздар үшін мультимедияны қолдану жұмыстарды жеңілдетеді. Яғни оқушылардың пәнаралық ойлау қабілеттері артады. Мұнымен қатар мультимедия көмегімен тұтас аумақ бейнесін жасау оңайға түседі, бұл өлкетанумен танысуда да маңызды. Оқушылар географиялық процестерді ұйымдастыру туралы көп және әртүрлі салада түсіну керек. Осы процестердің тізбегі, болашақ география пәні мұғалімінің негізгі талабы. Ол бірнеше проекцияларды есептеп, оларды орналастыру болып табылады. Бұл проекцияларды қолжазбамен орындау көп уақытты алады, сондықтан оны компьютер арқылы орындау жылдам [3].

Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Жаңа технологияны енгізу арқылы жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан жаңа ақпараттық құралдарды қолданып отырмыз. Бұл біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Былыми білім беруде жаңа ақпараттық құралдардың мүмкіндігі мол. География сабақтарында интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңестігіне еркін ене алады. География сабағында жан - жақты білім беруде интерактивті құралдарды қолданудың білімді игеруде оқушыларға берері көп. Интерактивті құрылғылардың мектептерге көптеп келуі білім алушылардың білімін жетілдіруіне көп мүмкіндік туғызып отыр. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материалдар қайталанады. Қажетті жағдайда, оқушы интерктивті тақта арқылы мысал есепті шығаруды графиктерді құруды құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандарға көңіл белу үшін бағыт береді және бақылап отырады [4].

Қазіргі кезде география сабақтарын өткізу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалдарды іздеумен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік - бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім және оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологияларды география сабақтарында пайдалану оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндітерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. География сабақтарында жаңа технологияны пайдаланудың ең басты мақсаты белгілі бір жетістіктерге жету оқу сапасын арттыру. Қазіргі оқыту үрдісінде жаңа технологияны кеңінен қолдану өз тиімділігін көрсетуде. Сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда осы заманғы ақпараттық технологиямен қатар электронды оқулықтарды қолдану арқылы оқушының сабаққа қызығушылығы арқасында оқу сапасы елеулі түрде арттыруға болады. Жаңа технология қазіргі заманның талаптарына сай жүйеленген, тиімді әдістердің бірі.Жаңа технологияның басты ерекшеліктері ол барлық технологиялардың басын біріктіріп, бір жүйеге келтірілген, жинақталған үлгісі болып табылады. Жаңа технологияларды география сабақтарында пайдалану кезінде оқушы оқу материалын тыңдау, жазу, көру, айту, өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқу материалы қарапайымнан күрделіге қарай шығармашылық, зерттеушілік сипаттағы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Білім беруде қазіргі жаңа технологияларды сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда қолданудың артықшылықтарының маңызы зор.

Бұрынғы дәстүрлі оқыту мен бүгінгі жаңа технологиялармен оқытудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін мынадан көруге болады. Қазіргі заманғы жаңа технологияларды география сабақтарында қолданудың тиімділігі мынада;

  • Онда білім жан - жақты беріледі. Былым мен техника жаңалықтары арқылы.
  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы өте жоғары деңгейде болады.Оқушы мүмкіндік деңгейден, шығармашылық деңгейге дейін білім алады.
  • География сабақтарында қолдану барысында күнделікті өмірмен, ақпарат құралдары, әлем жаңалықтарымен байланыстыруға болады.
  • Барлық оқушы өз ойын еркін айта алады, еркіндік позициясы орын алады.
  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды, интернет желісін пайдалана алады.Интернет желісі арқылы олимпиадалық тапсырмаларды орындайды.
  • Оқушының жеке дара жұмыс жасауын ұйымдастырады. Ол үшін эр оқушының өзіне тән ерекшеліктерін ескереді. Әр оқушыны қабілетіне қарай оқытады.
  • Ғылым сөзіне алғашқы қадам жасалады.
  • Мұғалім география сабақтары түрлерін өткізу барысында да мыта оқыту ойындарын, деңгейлік тапсырмалар, танымдық ойындар арқылы қызықты етіп өткізеді.
  • Денсаулығында кемшілігі бар балалар үшін нашар еститін, нашар көретін, тілінің кемістігі бар оқушылар үшін оқытудың тиімді жолдары қарастырылған.
  • Оқушы берілген тапсырмаларды көзбен көріп, оқу материалын қайталап және өз бетімен тапсырмаларды орындайды.
  • Оқушы қазіргі заманғы ақпараттық құралдар компьютер, электронды оқулықтар, мультимедиялық құралдар, интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Оқушы осы құралдарды өзі басқарып, жұмыс жасай алады. Компьютерлік сауаттылығы артады.
  • Білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;

География пәнін оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, терең ойлау қабілетін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясын арқылы жүзеге асырып келеді. Осы кезеңдерде оқушымен мұғалім оқулыққа бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналу үстінде.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президент! Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. - Астана, 2007.-2-7 б.
  2. Сабырова М. "География сабақтарында жаңа технологияларды қолдану" //Қазақстан географиясы және экология мектепте және ЖОО-да оқыту. - 2004.- Знаурыз -65-78 б.
  3. Тоқпанов Е.А., Мазбаев О.Б., Увалиев Т.О., Асубаев Б.Қ. Географияны оқыту әдістемесі,- Алматы.2015ж
  4. Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесіндегі технологиялардың көмегімен оқушылардың дүние танымдық көзқарастарын қалыптастыру.- Алматы 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.