Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қ. Аманжоловтың «құпия қыз» дастаны туралы

Аңдатпа

Бұл мақала Қ.Аманжолов шығармаларының ішіндегі поэма жанрындағы алғашқы туындысы «Құпия қыз» дастаны жөнінде. Дастанда қыз тағдыры арқылы ел басындағы жәйт баяндалады. Сонымен қатар, адамдық бақыттың әрбір сәтін қадірлей білетін ойлы, парасатты, сезімтал әкенің перзент алдындағы үлкен рухани жауапкершілігі дастанда айқын көрінеді. Соның нәтижесіндеқұпия қыздың сағы сынбай, алдағы тұрған қиын-қыстау жолдың ауыртпалығынан қайтпай, тәуекел етуі - оның бақытты өмірді аңсағандығын, жігері артқандығын аңғартады. Осыған орай мақалада басты кейіпкердің бостандыққа, нұрлы өмірге қалай бағыт алғандығы бейнеленіп, шығарма талданып, сараланады. Ақын қыздың портретін, оның жан дүниесін поэтикалық суреттеулермен ашып көрсетеді де, енді оның өмір, тағдыры туралы ой-арманын бейнелеу, дастанда тартыс тудыру үшін, есуас Зәңгі Жүсіпті оқиғаға араластырады.

Эпикалық жанр саласында қаламының күшін байқаған Қасым Аманжолов отызыншы жылдардың аяқ кезінде қыз тағдыры туралы дастан жазды. 1938-1939 жылдары Қазақстан Орталық комитеті жастар өмірін жырлауға арналған поэмалар жазуға бәйге жариялаған еді. Осы бәйгеге атсалысу үшін бірнеше ақын осы тақырыпта дастандар жазды. Дихан Әбілев «Мұңсыз Мэриям», Қалижан Бекхожин «Орман қызы», Жұмағали Саин «Күләнда», Қапан Сатыбалдин «Шешілген жұмбақ», Қасым Аманжолов «Құпия қыз» дастандарымен бәйгеге қатысты. Бұл шығармалар қатарында Қасымның дастаны жүлделі орынға ие болды. Дастан комсомол баспасы құрастырып шығарған дастандар жинағында 1939 жылы және «Әдебиет пен искусство» журналының осы жылғы 12 санында жарияланды.

«Құпия қыз» дастанының қысқаша фабуласы мынадай: Қазақстан мен Қытайдың Шыңжан провинциясының шекарасын асып, көзінде жас, көкірегі мұңнан қарс айрылған қазақ қызы елімізге шаршап-шалдығып жеткен екен. «Ол не істеп жүр?» деген сұрақ туады. Тарбағатайдың арғы жағында қызай деген қазақ руының 16-17 жасқа келген Ләззат атты қызы екен. Сол елдегі Жүсіп деген бай-шонжар Ләззатты тоқалдыққа аламын деп әлекке туседі. Бірақ қыздың әкесі Әбіл бұған қарсы. Қыздың қайғы-мұңына ортақтасқан Нұрман деген жігіт қыздың шекара асып, қазақ еліне келуіне көмектеседі. Ақыры, шекарадан өтіп, енді қайда барарын білмей отырған қызға шекарашы жігіт Ерболат байқап қамқорлық жасайды.

Дастандағы оқиғаға қатысқан кейіпкерлер: Ләззат қыз, қыздың әкесі Әбіл, шонжар бай Зәңгі Жүсіп, Нұрман атты жігіт, Жүсіптің қолшоқпары Сыбан, қыздың өгей шешесі, ақылшы ақсақал.

Дастан оқиғасының тартысы осы аталған адамдар арасында өтеді.

Дастанда Тарбағатайдың ар жағында Қытай территориясындағы Шыңжаң провинциясындағы болған оқиға сол жердегі қазақтардың ауыр да трагедиялы тұрмысынан айқын көрініс берілген. Тарихта баяндалған Шыңжаң провинциясы қазақтар мен ұйғыр халықтарының ежелден ата-бабаларының мекені. Екі бауырлас халық осы жерде ғасырлар бойына қанын төккен туған жеріміз деп біледі. Оның үстіне совет үкіметі кезінде қазақ пен ұйғырдың саны аштық жылдары жер ауып барғандармен де молая түскен. Бір жағынан, тұрмыс тауқыметі, екінші жағынан жергілікті бай-манаптардың қанаушылығы, үшінші жағынан, Қытай үкіметінің қысымшылығы сол өңірдегі қазақтардың құлшылық та, ауыр халді бастарынан кешіруіне душар етті. Әділетсіздік жайлаған өмір бейнесін Қасым «Құпия қыз» дастаны арқылы оқырман көз алдына елестетеді.

Дастан былай шалқи басталады:

Мынау қыз, елден ерек, келді қайдан? Біле алмай кім екенін, болдым қайран. Құпия осы қызда бір сыр бар-ау, Орнаған жүрегіне кішкентайдан.

Кейпінде кейістіктің көлеңкесі, Сықылды өмірінде көп мұңайған. Қымсынып неге мұнша ұялады, Жалт беріп, ұстарадай жүзі тайған [1.,].

Ілгеріде баяндағанымыздай, шекарадан арып-ашып өткен шаршап- шалдыққан, жүзінде қайғы-мұңның ізі бар қызды көрген әскери шекарашы Ерболаттың ойы осындай еді.

Бұл қыз, біріншіден, жан сақтау мақсатымен, екіншіден, Кеңес елінен, ертеден қазақ халқының тарихи отанынан араша тілеп, арқа сүйеп, бостандықты аңсап келген еді.

Дастанның баяндауында қазақ халқы ауыз әдебиетінің дәстүрлік стилінен белгі береді. Ол қыздың зарлы әнімен басталады. Ақын оны «Қыздың әні» деп атайды.

Әуелеп ұшқан аққудай,

Шектім жалғыз мен сапар.

Аспандағы алтын ай, Ауыстырмай алып бар. Лүпілдейсің жүрегім, Қуаныш па, қайғы ма? Қуып жетіп мені өлім, Жолыма ор жайды ма? Әлде бақыт әулием, Ашып тұр ма құшағын. Бақыт қонған дүнием Тез жетемін, құшамын [2.,].

Қыздың зар-мұңымен қатар, алдында зор үміті - бақытын іздеп келе жатқанынан хабар береді. Қыз әнін естіген Ерболат оған құлақ салып, таңданады. Қасым ақын дастанында керемет сезіммен елін мақтаныш етіп, оның табиғатын, орман-тоғайын, асқар тауын, бай өлкесін ақындық ерекше шабытпен шалқи бейнелейді. Ерболат әлгі құпия қызды самолетпен штатқа алып келе жатқанда, қазақтың жер бедерінің бейнесін осылайша суреттейді.

Дастандағы бейнеленген құпия қыз Шыңжаңда өмір сүріп жатқан қызай атты руының бойжеткен сұлу қызы Ләззат еді. Ақын оның сұлулығын былай суреттейді:

Қызайда бір қыз болды Ләззат атты, Табиғат берген оған сыр сымбатты. Тұлғасы сұлулықтың үлгісіндей, Мінезі, қылығы оның қандай тәтті. Он бес пен он алтыға келгеннен-ақ, Шығыстың шолпанындай көзді тартты. Жарқ еткен көктің жарық жұлдызындай, Сұлу қыз сол аймақты таңырқатты [3.,].

Міне, осындай көрікті сұлу қызға көзі түспеген, тамсанбаған адам қалмайды. Сол аймақтың үлкен-кішісінің бәрі Ләззатты ауыздарынан тастамай, тамсанумен болған. Оған қойшы да, жылқышы да ғашық болып, армандаған әндері мен жырларын арнаған.

Ақын қыздың портретін, оның жан дүниесін поэтикалық суреттеулермен ашып көрсетеді де, енді оның өмір, тағдыры туралы ой-арманын бейнелеу, дастанда тартыс тудыру үшін, есуас Зәңгі Жүсіпті оқиғаға араластырады. Жүсіп сол елде мыңғырған малынан жер қайысқан бай адам. Ол Ләззаттың хабарын естіп, оны тоқалдыққа алуға көңілі ауады. Ол қызды әйелдікке алмаққа неше-түрлі айла- шарғылар жасайды.

Келбеті де, жаны да сұлу, жаратылысынан адам біткен таңғалғандай Ләззаттың жүрегі өзіне төніп келе жатқан қауіпті сезгендіктен, бостандыққа ұмтылғысы келеді. Оның ішкі дүниесінің сұлулығы - еркіндікке ұмтылуы болатын.

Аяздың ызғарындай суық сезім, Барады Ләззат бойын түршіктіріп. «Шынды айтып, өлген артық» дейді ішінен Жүргенше өтірікпен өмір сүріп [.,34].

Сөйтіп, өз тағдырына қауіп төніп тұрғанда ел азаматы, ер жігіт Нұрманға арқа сүйейді, бақытсыздыққа душар етпеуге оның көмегін тілейді.

Басына қара тұмандай бақытсыздық үйіріліп келе жатқанын айқын сезген Ләззат ашық, анық тірлікке, бақыт жолындағы күреске бел байлаған ерлік жігер көрсетеді. Эрине, ол тек бір өзінің қолынан келмейтінін біледі, ол көмекті жүректі, адал адам Нұрманнан күтеді. Бұл Ләззаттың өз болашағының жайын терең ойлаған, толғаныстың нәтижесі еді. Ол тағдырдың жазғаны осы екен деп, оған бас исе, құрып кететінін жақсы білді. Шынында да, оның бақытына жол ашқан әкесі Әбіл мен Нұрман болды. Соның нәтижесінде бостандыққа, нұрлы өмірге бағыт алды. Ләззат қыздың алдағы тұрған қиын-қыстау жолдың ауыртпалығынан қайтпай, тәуекел етуі - оның бақытты өмірді аңсауынан туған жігерлігі еді.

Дастандағы екінші кейіпкер - Зәңгі Жүсіп. Байлыққа даңдайсып, көңілі асып- тасқан Жүсіп бұрынғы әйелін менсінбей, жас тоқал алуды аңсап жүрген-ді. Жас тоқал алу ойында жүрген шағында, елдегі Ләззат сұлудың даңқын естиді. Сөйтіп, көңілі қатты қопарылысқа түседі. Ақын оның осы түрін дастанда былай суреттеген:

Сүзеген бұқа түсті Жүсіп Зәңгі, Әрі паң, әрі сотқар, әрі әңгі. Адамнан аза туған нағыз нәйсан, Жүргізген қамшысымен елге «заңды». Сорына сол маңайдың душар болып, Шен алған Үкірдайдан беріп малды. Мінеки содан бері болды бес жыл, Салды ол ел басына талай лаңды. «Пәленнің пәлен затын алып кел»,- деп Шаптырды шартарапқа шабарманды. Мансапқор, көрсеқызар құлқын құлы 5

Ләззатқа ең алдымен сол сұстанды.

- Әбілге айт қызын берсін,- деді дағы Шаптырды түн ішінде жаушы шалды.

Дастанның осы үзіндісінен оның қандай адам болғаны, дөкір, кеспірсіз, даңғойлығы, елге жасаған озбырлығы айқын көрінеді. Оның елді ойыншық қылғандығы сондай - елдегі бір нәрсеге қызықса, соны қалайда иемденуге тырысады. Қалайда соған ие болады. Бұл - оның қызғаншақтық сырқаты болатын. Міне, ендігі қызыққаны - Ләззат. Оны қолға түсірудің, үйіне тоқал етіп алудың айла- шарғыларын ойлап, әрекетке кіріседі. Бұл - оның байлыққа пісіп - дандайсыған, адамгершіліктің жұрдай, сиықсыз қалпымен көрініп, елдің тынышын алған топас жан ретінде көрінеді. Ол адам ой-арманы, сезімі жайлы ойлағысы да келмейді, өйткені ол өзін осы өмірдің, осы елдің қожасы сезінеді. Жүсіп осы көкейіндегі ойын жүзеге асыру үшін өзінің қолшоқпары Сыбанға тапсырма береді.

Дастандағы оқиғаның бел ортасында жүрген кейіпкер Ләззаттың әкесі - Әбіл. Қауіптің төнгенін сезген қыз әкесі қызын мұндай қорлыққа беруге қарсы шығып, өзінің перзентіне деген шынайы сүйіспеншілігін, қамқорлығын көрсетеді. Ол Жүсіптің талабына қарсы тұрады.

Жүсекең сұрап жатыр Ләззатыңды, Бұл сенің басыңа кеп орнаған бақ. Кәнеки, кешіктірмей келісейік, Келесі сәрсенбіде той жасамақ,- деген Сыбанның сөзін Әбіл өзінің өңменінен өткен найзадай сезінеді де, Сыбанға былай деп жауап береді:

«Өзі біледі Ләззатымның,

Мен оны көндіре алман ешбір зорлап», - деп сыпайы жауап бергенмен, жүрегінде Жүсіп сияқты қас дұшпанға қарсылық атой салады.

Осы баяндаудан біз қыз әкесінің өзінің перзентіне деген адалдығын, оның ешкімнің қорлығына беріп, аяғына таптата алмайтын қарсылығын, әкелік адал жанын көреміз. Әбілге қарама-қарсы бейнеленген бейне - Ләззаттың өгей шешесі. Ол Ләззатты Жүсіпке тоқалдыққа беру жағында болып, безек қағады. Ол қатыбас, сұм адам болып көрінді. Ләззатқа ешқандай жаны ашымайтын, Жүсіптің байлығына қызыққан сұмпайылығымен, өгей шешеніңжойқын ойымен көрінеді. Оның бейнесін айқын ашу үшін, ақын оның аузына мынадай сөз салады:

He керек бір қыз үшін бос сандалып, Зәңгіге бармағанда кімге барад.

Бетімен кеткен екен сайқалданып! [3,36]

Дастандағы әділдік иесі ретінде суреттелген адам Нұрман деген жігіт. Ол халықтың қалың арасынан шыққан халық өкілі. Ауылдағы барлық ақ ниет адамдардың тілегі Ләззаттың бостандығы, бақыты жолында болатын. Халық - әділетсіздікке қарсы тұратын зор күш иесі. Осы күшті өзінің ақылыман сөзімен ел ақсақалы айта білген:

Уа, жұртым, бұл сөзімнің соңын аңғар, Көп ойдың тұйығына қамалмаңдар! Шие боп шырмалған ой шешілмес пе, Ақылмен алынбас па сан қамалдар?!...

...Жалғыз-ақ мынау бала қамын ойла, Сөзінде жатыр оның алуан сырлар. Бұл бала туа қалған бір бала екен, Еліңе қыз болса да тұлға болар.

Аңсаған гул бақшасын бұлбұл екен

Құмдағы қу томарға қайтып қонар [4,37].

Қыздың қайғысына, мұңына ортақ болып, оның арман-мүддесін қолдап, бақытына қолы жетуіне, азулы аңнан, улы тырнақтан аман алып қалуға бекінген Нұрман Ләззатқа көмегін беруге дайын екенін білдіреді.

Қайғыңа болдым ортақ, қарындасым, Жазықсыз дауға түсті-ау сенің басың. Бір кезде еліңе нұр болсын деймін, Бұл кезде көзден аққан ыстық жасың [5,38].

Бұл жаны жайсаң, ержүрек, жүрегі халық деп соққан, елге түскен ауыртпалықтың бәріне қарсы тұра алатын азаматтың бейнесі Нұрман атты кейіпкер арқылы көрінді. Сөйтіп, Ләззат сияқты тағдыр талқысына түсіп, маңдайынан бағы қашқалы тұрған Ләззатті қауіптен құтқарып, ұзақ жолға шығарып салады және шекараға дейін әкеліп, «алдыңнан ақ күн тусын» деп, тілек айтқан Нұрмандай азаматтың жарқын тұлғасы оқырман жүрегін жылытады.

Қасым Аманжоловтың «Құпия қыз» дастаны көп мәселелердің басын қозғайды. Біріншіден, бас бостандығы үшін күрескен қыздың тағдыры бейнеленсе, екіншіден, шекарамыздан алыс, бөтен елде өмір сүріп жатқан бауырларымыздың ауыр тұрмысын көрсетеді, үшіншіден, Қытай елінің қазаққа бұратана деп қарап, жасап жатқан қатал саясатынан көрініс береді, төртіншіден, шетел асқан бауырларымыздың ата-баба мекеніне келуді насихаттау, яки елге шақыру да көрініс береді.

Шынында шетелдегі қандастарымыздың бәрінің де, арманы - тарихи отандарына жету, қасиетгі топыраққа келіп бас ию еді. Кеңес дәуірі кезеңінде бұл арманды жүзеге асыру өте қиынға соққаны рас. Қазақтар жиырмасыншы ғасыр бойына өз армандарын жүзеге асыруға талай ұмтылыс жасады. Дастан отызыншы жылдардағы өріс алған осы арманды бейнелесе, 50-60-шы жылдары Қытай үкіметінің темір тәртібіне төтеп беріп, жүздеген мың қазақтар шекараны аттап елге келгендері тарихтан белгілі. Ал, қазіргі еліміз егемендікке қолы жетіп, өз билігіміз өзімізге тиген шақта, бұл үрдістің кең етек алып, елдердің ұлықсат-ризашылықтары және саяси келісімдері жүзеге асып жатқаны белгілі.

Сонымен, Қасымның осынау дастанының отызыншы жылдары көтерген мәселесі әлі де өзінің нақтылығы мен зәрулігін, күн тәртібіне қойылған идеясын жойған жоқ. Дастан өзінің көркемдігімен тартымды, оқырман қызыға оқитын дәрежеде.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қ.Аманжолов. Шығармалары. II том. -Алматы: «Жазушы», 1978. - 326.6.
  2. Мүсірепов F. Суреткер парызы. - Алматы: «Жазушы» , 1970. - 542 б
  3. 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті. Авторлар коллектив!, Базарбаев М. Қасым Аманжолов// Алматы: Былым, 1998. 236-246 бб.
  4. Жүсіп.Қ.Ө. Әдебиеттануға кіріспе. Атырау, 2015. - 45 б.
  5. Қирабаев.С. Тәуелсіздік рухымен. Астана: «Фолиант», 2002. - 2876

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.