Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алтын ордалық ақтөбе - лаэти қаласы

Аңдатпа

Мақалада Атырау жеріндегі, Ақтөбе - Лаэти қаласында жүргізілген зерттеулер берілген. Соңғы жылдардағы жиналған деректер арқылы автор қала туралы жаңа тұжырымдар береді. Негізі аңыздар мен деректерге талдау жасайды.

Батыс Қазақстан аймағында қала мен елді мекендердің дамуына табиғаты қолайсыз және экономикалық - әлеуметік жағдай жоқ, деген көз қарас қалыптасқан еді. Соңғы жылдардағы зерттеулер көрсеткендей аймақта ондаған қалар мен елді мекендер бар екені анықталды. Соның бірі Ақтобе - Лаэти қалашығы. Зерттеулер көрсеткендей бұл қала ортағасырда әлеуметік - саяси орны бар, ірі қалалардың бірі болған. Алтын Орда кезеңінде ¥лы Жібек жолыңда жатқан, Европа мен Азияны байланыстырған керуен жолының маңызды тармағында оналасқан қаланың маңызы зор болды. Транзит!к сауданың арқасында қала жылдам өркендеп дамыды. Бірде бір керуен қалаға соқпай кетпейтін болды. Сонымен бірге қалада қол өнеркәсібі дамып, өз тауарларын саудагерлерге саудалады. Қала қазнасы толып, жаңа кәсіптік кварталдар салынды. Жаңа кварталдар жеке кәсіпке бейімделген өндрістік цехтарға бірікті. Қыш көзешілер, темір шеберлері, зергерлік бұйымдар жасау, қыш кірпіш құю цехтары өз өнімдерін жергілікті және сыртқы нарықа шығарып отырды. Осы мәселе мақалада баяндалады.

Сонымен бірге қала атауының шығуы туралы әртурлі жорамалдар бар. Автор өз зертеулерін береді.

КІРІСПЕ

Ортағасырлық Алтын Орда қаласы Атырау қаласының солтүстік шығысында Томарлы ауылынан 2 км., шығыста Ақтөбе деген дөңес жерде орналасқан. Көлемі: 200 х 80 метр, солтустіктен оңтүстіке созылып жатыр. Мәдени қабатының қалыңдығы 15-60 см. Жобасында қала көшелері мен ғимарат жобалары айқын байқалады [1].

Қалашық ұзақ жылдар бойы Каспий теңізінің көтерілуіне байланысты су астында жатқандықтан мәдени қабаты жақсы сақталған. Судың қайтуына байланысты ол құрғап, жылдам бұзыла бастыған. Қала үсті сүйектер мен қыш сынықтарына және темір шылактарына толы. Оның үсті кейінгі ғасырда зиратқа айналған [2].

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қала туралы алғашқы деректі 1861 жылы Орал әскерінің сызба бөлімінің меңгерушісі штабе капитан А.Е. Алексеев жазған. Ол: - «В 8 верстах от города Гурьева на СВ. на левой стороне реки Урала есть возвышенность с признаками построек, которую я осматривал, и нашел такую же битую посуду, как и в Сараиль - Джадит, медные деньги тоже похожи. Кроме этого тут множество человечьих костей и разных животных. Киргизы рассказывают, будто бы это был портовой монгольский город, и однажды, сделался силный прилив морской воды, которая затопила все окрестности, кроме этой возвышенности, поэтому сюда собралось множество народа со скотом. Но так как это наводнение продолжалось очень долго, то погибли люди и скот. И поэтому на том месте так много костей» [3].

Егер, 1 верст - 1,066 км., тең болса онда қала орны мен бағыты А.Е. Алексеев жазбасына сәйкес келеді.

1862 жылы Атырау маңындағы Каспий теңізін зерттеген Паллас, оның (1769 ж.) уақыттан бергі тартылуын белгілейтін картасын жасады. Аталған картада (1862 ж. карта) Жайықтың сол жағалауындағы құрлыстар құландысы бар Ақтөбе деп аталатын жер көрсетілген. Құландының бір біріне жақын жатқан екі жері және көлемі сопақша және үш бұрыш тәрізді көрсетілген. Бұл қазіргі Ақтөбе құландысы орны болып тұр.

XIX ғасыр II жартысында (карта Стрельбицкого) жасалған картада Атыраудың солтүстік шығыс бөлігінде (1870 ж. карта) Ақтөбе қаласының құландысы көрсетілген.

Ал, аңыздар мен жыр-эпостарда «Ақтөбе» мекені туралы деректер жиі кездеседі. Соған қарағанда Ақтөбе қаласы ерте кезден белгілі болған.

Аңыз бойынша Асан Қайғы Еділден бері көшкенде бірнеше жүз адаммен Ойыл өзені өңіріне мекен салып он жыл отырған. Ол, туралы жыршы Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906 ж.) - «Үш қиян» - деген жыр толғауында кездестіреміз.

«Ақтөбе мен Қоғанша,

Асанқайғы бабаның,

Қызыл тастан үй салдырып,

Oh жыл тұтас отырып,

Әңгіме құрып кеткен жер...» - дейді.

Осындағы Ақтөбе қаласын Ақтөбе - Лаэти қаласымен баламалауға болады. Батыс Қазақстан аймағында мұндай атаудағы басқа мекен жоқ.

Мұнда Асанқайғы бабамыз отырып кетсе, онда қала XV ғасырда салынған болады [4].

Ал, Қорғанша қаласының орны белгілі ол, Ойыл өзенінің саласы Құройыл өзенінің бойында XV ғасырда салынған [5].

14

Москвалық археолог Лев Леонидович Галкин Ақтөбе қаласын XIV ғасырдағы итальяндық - генеуэздік жол картасында көрсетілген қолжазбадағы «Лаэти» атты қоныспен баламалайды [6].

«Лаэти» - атауының қазақша мағанасы түсініксіз. Лаэти сөзі - (Iaeti) - француз және ағылшындарда кездеседі.

Кейбір зерттеушілер Лаэти атауын «лай» сөзінен шықан дейді. Cy түбіне кеткен қала лай, батпақа айналып осылай аталған дейді.

Олар парсы тілінен: Лай, лай. - Өзен суының тұнбасы, судың астындағы балшығы, батпақ деген сөз бар дейді [7].

Махмұт Қашқари: Той: лай; қыш ыдыс жасайтын лай деп жазған [8].

Қазақша лай сөзі: Лайсаң - Батпақ, лац. Лайыту - Лайлану деген мағана берген [9].

Лаэти: сөзі көне түркі тілінде «ақ» деген мағана береді деген дерек бар. Сондықтан Ақтөбе қаласы - Лаэти қаласы деп аталған дейді. Бірақ бұл атау әлі толық зерттелген емес. Сондықтан «Лаэти» атауының мағанасы, толық ашылған жоқ.

Нумизматик Р.Ю. Рева (Татарстан Республикасы), 2006 жылы Саратов қаласынан табылған Алтын Ордалық тиынды оқып, Кұтлугкент қаласында соғылғанын анықтаған. Ол, «Кұтлугкент» (Құтыкент) қаласы Атырау жерінде дейді.

«Здесь следует добавить, что сам порядок перечисления населенных пунктов в отрывке из ал-Умари, который теперь следует читать не иначе как: «...между ним (Хорезмом) и Сарайем - город Учик (Уйшик - современный Атырау - Р.Р) и Кутлукент (Кутлугкенд - PP) .» - сопадает с реальным маршрутом: Ургенч - Атырау - Сарайчик-Сарай». - «Кұтлугкент 672 ж. х. дирхемі» - «Үйшік - Атырау» қаласын маңында соғылған деген [10].

Ол, өкінішке орай, Ақтөбе - Лаэти қаласын білмейді. Оның Кұтлугкент қаласы, Ақтөбе - Лаэтиді қаласына сәйкес келеді. (М.С. Касенов).

Қаланы алғаш өлкетанушы В.К. Афанасьев анықтаған. Ол, өзінің қаламен алғашқы танысуы туралы былай деп еске түсіреді: «1950 жылдардың соңында Гурьев қаласындағы Геология институтының (КазНИГРИ) ғылыми қызметкері, байырғы мұнайшы, Canap Қарымсақов параққа машинамен терілген көшірме берді. Мұнда Соколокқа (Соколок ауыл және Жайықтың сол жақ қолтығы - өзек атауы) барар жолдың жартысында ағарған сүйектер басқан, үйдің қабырға іздері жақсы көрінетін қоныс бар, бұл қандай да бір «қалмақ қаласының» қалдықтары делінген. Бұл ресейлік ғалымның жазбалары тәрізді. Содан кейін Canap Қарымсақов қыстың бір күнінде маған осы орынды көрсетті. Жаңа келген адамға бұл орынды табу қиын, өйткені алыстан қарағанда қоныс жер бетінен бөлініп көрінбейді.

Сол кезде мен Ақтөбеден оңтүстік шығыста 500 метрде орналасқан қорғанды таптым. Оның өне бойы алтынордалық керамикадан тұнып тұрды. Өкінішке қарай, бұл қорған соңынан маңында «Орбита» телестансасының құрылысын салған кезде жойылып кетті. Бірақ, біз қазірдің өзінде құрылысшылар қорғанды бұзған кезде жер бетіне шығып қалған ескі қорған қалдықтарын көреміз» [11].

Содан кейін мен бұл орынды Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының археологы М.С. Мерщиевке көрсеттім. Ол шлактардың молдығына назар аударып, бірнеше үлгіні алды. Біраз уақыттан кейін республикалық басылымдардың бірінде осы ескерткіш туралы хабарлама берілді. Ол бір бірінен 400 м., қашықтықта орналасқан екі қоныс туралы жазады [12].

Л.Л. Галкин ойынша, екінші қоныс болмаған. М.С. Мерщиев қыш құмырашылар мен кірпіш дайындаушылар ауылын бөлек қоныс деп санаған дейді.

В.К. Афанасьев, бірақ, осы оң жақ жағалауда бақша шаруашылығы учаскесі болған, кейіннен қазақтардың қабыр қауымдары жерленген деп санайды.

1975 жылы «Археологические открытия» жылдық альманахында (KCPO баспасы) Л.Л. Галкин, В.К. Афанасьев және С. Бисеновтың: - «Батые Қазақстандағы жұмыстар» атты мақаласы жарияланды. Мұнда Ақтөбе қонысындағы қазба жұмыстары туралы айтылды [13].

1977 жылы осы авторлар «Археологиялық ашылулар» альманахында осы қоныстағы қазба жұмыстарының жалғастырылуы туралы «Алтын Орда қаласы Лаэти туралы зерттеу» - атты хабарлама басылды [14].

Л.Л. Галкинның бернеше мақаласы мен естеліктері жарияланды [15].

Қонысты жүйелі түрде қазу жұмыстарын Лев Леонидович Галкин бастаған KCPO FA Орта - Волга экспедициясы 1974 жылдардан бастап жүргізді. Археологиялық қазба жұмысы 1975, 1976, 1977 жылдары жалғасты [16].

Сондай-ақ Волга - Урал археологиялық экспедициясы 1981, 1983 жылдары жалғастырды. [17].

1989-1991 жылдары қазба жұмыстарын З.Самашевтың Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізді [18].

Ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қаласы төменгі Еділден Орта Азияға апаратын кереуен жолында XIII - XIV ғғ. пайда болған Алтын Орданың қолөнершілік елді мекені. Табылған заттар сипаты қалада металдан, шыныдан, темірден, сүйектен бұйымдар дайындайтын шеберханалар болғанын, зергерлік шеберханалар болғанын көрсетеді. Бұлар қоныс арқылы өтетін сауда кереуендеріне қызмет көрсеткен.

Қала тек қолөнершілер қаласы ғана емес, кереуендерге қызмет көрсетумен де айналысқан. Ол бас қала Сарайшықтан оңтүстікке қарай бір фарста (50 шақырымда) орналасқан.

Алтын Орда мемлекетінің маңызды функцияларының бірі сауда делдалы болу және сауданы өз қарамағында ұстау, осы қызметтен кірістер алу функциясы болды. Ежелден сауда жолдарының торабы болып келген Каспий өңірінің географиялық орналасуы Сарайшық пен Ақтөбе - Лаэти қалаларын ортағасырлық Шығыстың сауда процестеріне белсенді қатысушы қылды [19].

Қаланың мәдени қабатында көптеген бақыр тиындар табылған. Алтын Орданың өзара қырқысуынан кейін және Темірлан жорықтарынан кейін сауда жолдары біртіндеп құлдырай бастады.

Ақтөбе-Лаэти қонысы Жайықтың тармақтарының бірі ескі саға өзегінде орналасқан. Усадьбалық түрде жоспарланған көптеген алтынордалық қалалардан айырмашылығы - Ақтөбе - Лаэти қаласы нақты жоспарланған. Қала жекелеген кварталдарға бөлінген. Зерттеу кезінде анықталғандай, кварталдар әртүрлі мамандық шеберлеріне тиесілі болған. Солардың ішінде зергерлер де болған, бұлар алтыннан жасалған жапсырма түйіндіктер, табақша тәрізді және сұрақ белгісі түріндегі сырғалар жасаған. Сондай-ақ сүйектен ою оятын шеберлер де болған.

Кварталдан балық қабыршақтары мен балық сүйектерін көптеп кездеседі, бұл жерде балықтың бекіре, қорытпа, қызыл балық сияқты бағалы тұқымдарынан өнімдер өңдеп дайындаған.

Қаланың солтүстік шетіндегі үлкен кварталды мыс балқытушы қолөнершілер алып тұрған. Мұнда мыстан жүзік, білезік, ыдыс, айналар жасаған. Сонымен бірге бұл кварталда шыны пастасынан моншақ, алқа, білезік сияқты бұйымдар дайындаған. Қазба кезінде табылған, жасалған әшекейлер осы жерде «көз» түріндегі шыны тұмарлар жасалғанын көрсетеді. Бұл моншақтар, тұмарлар алуан түрлі түсті және әр түрлі мөлшерде болды, ол бұйымдар көз тиюден сақтау үшін жасалатын болған.

Қоныс XIV ғасырда Каспий теңізінің суы деңгейі көтерілуі нәтижесінде су астында қалды. Оны Жайық өзенінің тасыған сулары басып қалған.

Ақтөбе көне қаласы үлкен ғылыми-тарихи қызығушылық тудырады. Өйткені ол тұтас қолөнершілік кешен болып табылады. Оған жасалған қазба жұмыстар қоныстың пайда болуы, халқының этностық түрі туралы ақпарат береді. Ескерткіш деректері қоныстың XIII ғ. басынан XIV ғ. соңына дейін тіршілік еткенінен хабар береді. Қоныс Орта Азиядан Еділ бойына барар жолда Сарайшықтан бір күндік кереуен жолында орналасқан [20].

Жалпы Каспий өңірінің алтынордалық қалаларының өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұлар шеттен келген моңғол тілді халықпен және жергілікті моңғол дәуіріне дейінгі түркі тілдес халықтың, жалпы көшпелі дәстүрдің ықпалымен қалыптасқан. Каспий өңірінің қалалық мәдениетінің архитектуралық - құрылыс ерекшеліктері бірнеше этномәдени құрамдар қатысуы нәтижесінде қалыптасқан. Орта Азия халқы әкелген дағдылар жаңа қала мәдениетінің интеграциясында басым рөл алады. Бірақ қалалар тек сауда өнімін тұтынушы болып қана қоймады, олар өз өнімдерін де саудалады.

Каспий өңірінің қалалары континент арқылы өтетін сауда жолдары жүйесінде орталық орын алды. Бұлар еуропалық елдерді ортаазиялық өңірмен байланыстырды. Саудагерлер, дипломатиялық миссиялар және жай саяхатшылар өздерінің XIII-XIV ғасырларда Батые пен Шығысты жалғайтын ұзақ сапарларында Ақтөбе - Лаэти қаласына соқпай кетпейді. Қоныстың мәдени қабатында осында басқа елдерден әкелінген импорт заттардың көптеп табылуы кедейсоқ емес.

Бірақ қала сауда өнімдерін тұтынушы ғана емес, мұнда өзінің қолөнер өндірісі де болған. Ол әртүрлі техникалық құралдар қолданған, жоғары технологиялық деңгейде дамыған.

Тоқтамыс ханның басқаруы кезінде өңірдің саяси және экономикалық жағдайы біраз тұрақталды. Бұл қала өмірінің қалпына келуіне қолайлы ықпал етті.

Бірақ бұл процесс әмір Темірдің 1395 жылғы жойқын соғысынан кейін тоқтап қалды. Осыдан кейін Каспий өңіріндегі қалалар мен мекендердің азып тозып, құлдырау процесі басталды.

Сурет 1. Ақтөбе - Лаэти қаласы. Жобасы

Сурет 2. Ақтөбе - Лаэти қаласы

Сурет 3. Aқтебе - Лаэти қаласы орны

Сурет 4. Аңтөбе - Лаэти қаласы. Бөлмелер

Сурет 5. Ақтөбе - Лаэти ңаласы. Ошақтар

Әдебиеттер тізімі

  1. Археологическая карта Казахстана. Алма - Ата, 1960. Пам-к. №1941.
  2. Афанасьев В.К. К истории севере - восточного Прикаспия. Реестр археологических памятников области. 30 HAH PK. Атырау,1996.
  3. Афанасьев В.К. Отчёт о работе Гурьевского археологического отряда на поселении Актобе-Лаэти в 1991 г.
  4. Уральские войсковые ведомости. 1867. №30. - С. 2-7.
  5. Тарихи тұлғалар. Есет, Алдар, Мұрат, Шернияз. А., 2004. 17 тарау, 58 б.
  6. Қорғанша мен Ақтөбе қаласындағы зерттеулер. Каспий өңірінің тарихи жэне әдеби мұраларын сақтау және одан әрі дамытудың өзекті мәселелері» - атты халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының Баяндамалар жинағы. (10 желтоқсан). Атырау, 2010. 137-141 бет.
  7. Афанасьев В.К, Бисенов С.Б. Галкин Л.Л. Исследование Золотоордынского города Лаэти. Археологические открытия 1977 г. M., 1978. С. 511.
  8. Оңдасынов Н. Парсыша - қазақша түсіндірме сөздік. А., 1974. 243 бет.
  9. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. Алматы, 1998. 198 бет.
  10. Кәкеш Қайыржан. Сөз сандық. Қазақтың көне сөздері. A., 2013. 279 б.
  11. Рева Р.Ю. Очеканке монет и наименовании некоторых городов в конце XIII - начале XIV вв. в окрестностях современного Атырау. // ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНАН-ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАНҒА» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция материалдары. 25-26 қыркүйек 2015. Атырау - 2015. 252 б.
  12. Афанасьев В.К. К истории северо-восточного Прикаспия... С.51-56.
  13. Мерщиев М.С. Поселение XIII - XV веков в Западном Казахстане. // Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. Алма-Ата, 1969. С.153-161.
  14. Афанасьев В.К., Бисенов С.Б., Галкин Л.Л. Работы в Западном Казахстане. // Археологические открытия 1975 г. M.,1976. С.513.
  15. Афанасьев В.К, Бисенов С.Б. Галкин Л.Л. Исследование Золотоордынского города Лаэти. Археологические открытия 1977 г. M.,1978. С. 511.
  16. Галкин Л.Л. Стеклянный медальон - амулет с поселения Актобе. Ц Советская археология. №2. 1976 г. С. 252-255; Лев Галкин. Коробейники Золотой Орды. // Техника-молодежи. Февраль, №2. 2003 г. С. 52-56.
  17. Галкин Л.Л. Отчет СВАЭ - 1975 г.; Галкин Л.Л. Отчет СВАЭ -1977 г.
  18. ВУАЭ - 1981 г. (Л.Л.Галкин).
  19. Самашев 3. Отчет ЗКАЭ 1989-1991 г.
  20. Касенов М.С. Средневековое городище Актобе (Лаэти). // Х.Досмұхамедов атындағы АМУ Хабаршысы / Вестник. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. Атырау, 2007. 1(8). 50 бет.; Касенов М.С. Средневековое городище Актобе - Лаэти. // ВЕСТНИК ПРИКАСПИЯ. Археология, История, Этнология. №3, 2012 г. Элиста, 2012. С.42-54.
  21. Галкин Л.Л., Касенов М.С., Афанасьев В.К. Средневековое городище Актобе - Лаэти. (XIII - XV вв.). Атырау, 2013.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.