Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) кісілік қарым-қатынас мәдениеті

Аңдатпа

Мақалада адамзат тарихындағы теңдессіз тұлға, Алла тағаланың сүйікті елшісі- Мухаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) адамдармен қарым-қатынас жасау мәдениеті тарихи деректер бойынша атап көрсетіледі.

Қазіргі таңда адамзат қоғамы, біріншіден, Ислам дінін түсінбеушіліктен, екіншіден, дін бойындағы ізгілік мұратын жете танымаушылық салдарынан ақиқаттан адасу үстінде. Сол себепті шариғат ұстанымдарына мүлде қайшы, адамдыққа жат, дәлірек айтқанда, зулымдыққа негізделген экстремизм атты ғасыр індетінің тақсыретін тартуда. Бұл - қазақ елінің басындада бар жағдай.

Осы ретте қоғамды дінге деген теріс түсініктен арашалап, салт-дәстүрімізбен ұштасқан Ислам дінінің бірлік, татулық діні екенін насихаттау - бүгінгі күні күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Оны шешудің жолы дініміздің қос қайнар көзі - Құран мен сүннет туралы іліммен қаруланып, ұлттық мүддеге жаулық ойлайтын жат ағым идеологиясына қарсы тұру. Пайғабарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаянын жете меңгеріп, одан тағылым алмай, Құран хикметіне қол жеткізе алмайтынымыз анық. Сондықтан да Мухаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) үлгі-өнегеге толы болмысы адамдық қалпымыздың өлшем - діңгегі екенін есте сақтап, өмірлік тәжірибе барысында қолдана білуіміз керек. Мақала осындай өзекті тақырыпты зерделеуге арналған.

КІРІСПЕ

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) адамдармен қарым-қатынас жасау мәдениеті өте жоғары болған. Бұл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) күллі ғалам иесі— Алла тағаланың ең сүйікті елшісі бола тұра, пендешіліктәкаппарлыққа бой алдырмаған кісілік келбетінің айғағы. Сондықтан оның өнегелі өмірбаянын үлгі тұту - оның сүннетін ұстанатын барша мұсылманға парыз. Өйткені, біз кемел мінез иесі - пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жақсы қасиеттерін бойымызға сіңіру арқылы адамық болмысымызды жақсылықпен нұрландырамыз.

НЕПЗП БӨЛІМ

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдардың қабілеттері мен жағдайына қарай мәміле жасаған. Мұндай мәмілесі олардың қабілеттерінің ашылуына және тұлғалық қасиетінің қалыптасуына орасан зор ықпалы тигізген. Амр бин Тағлиб былай деп әңгімелейді: Біз бірде соғыстан кейінтүскен олжаларды хз. пайғамбардың (с.ғ.с) 29

алдына алып келдік. Ол олжаны лезде адамдарға таратып жіберді. Алайда ол сол олжадан сахабаларының біразына берді де енді біреулеріне ештеңе бермеді. Арада бірнеше күн өткен соң, адамдар арасында осы мәселе төңірегінде күңкіл шығып, неше түрлі әңгіме жүріп жатты. Мұны естіген Алланың Елшісі олардың басын қосып, әңгімесін Аллаға шүкір етіп бастаған соң былай деді:«Уаллаһи, кейде араларыңнан біреулерге бермеуім мүмкін. Алайда мен үшін бермеген адамым, берген адамымнан жақындау. Мен кейбір адамдарға, жүректеріндегі сабырсыздығы мен шыдамсыздығы үшін мал - дүние беретінмін; енді бір бөлігіне Алла Тағаланың жүректеріне берген жан - дүниесінің байлығы мен жақсылыққа жақындығы үшін бермеймін. Міне солардың бірі ретінде Амр бин Тағлибті айта аламыз!».

Ам р сөзін былай деп сабақтады:

-Уаллаһи, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы сөзі мен үшін көздің жауын алатын қызыл түйелерден әлдеқайда артық [1, 29].

Амр бин Тағлиб жеткен мәртебеге сахабалардың көпшілігі ие болған. Олар хз. пайғамбардың (с.ғ.с) ілтипат көрсеткенінен ерекше ләззат алатын. Хз. Әнәс былай дейді:

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хунайын күнінде мол олжаға кенелді. Олжаларды Мұхажыр мен Тулакаларға (яғни Меккені азат еткен күннен кейін кешірім етіп босатылған Меккелік тұрғындар) таратып берді де Ансарларға ештеңе бермеді. Ансарлар өкпелеген сыңай танытып:

-Бір қиындық бола қалса біз жүгіріп жүреміз, ал олжаға келгенде өзгелер ие болып шыға келеді,- деді. Бұл сөз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құлағына шалынғанда, Ол дереу Ансалықтар жинап:- «Эй Ансар қауымы! Барлығы мал - дүниенің артында жүргенде, сендер (Пайғамбарларың) Мұхаммедтің артында жүріп, үйлеріңде онымен бірге болуға разы емессің дер ме?», - деді.

Ансар:

-Уа Алланың Елшісі! Әлбетте, разымыз! - деп жауап берді.

Сосын Алланың Елшісі былай деп сөзін сабақгады: - «Адамдар бір жазық далада жүрсе, Ансар да басқа бір жазық далада жүрсе, мен Ансарлардың қасына баратын едім» [2, 56;135].

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдарға өздеріне тән ерекшелігі мен қабілетін айтып, оның жан - дүниесін жаулап алып, Ислам нұрымен нұрлануына себепші болатын. Өз ісіне жауапкершілікпен қараған адамдарға ерекше мән беріп, оларға деген ерекше сезімін білдіретін.

Хз. Пайғамбар (с.ғ.с) Фазарая қауымына жіберген әскерлердің басына Зәйд бин Харисті тағайындайды. Сапардан аман-есен оралған соң Зәйд Пайғамбарымыздың үйіне барып, есігін қағады. Хз. Пайғамбар (с.ғ.с) Зәйдті құшақтап маңдайынан сүйіп, не істегенін сұрап білді. Зәйд Алланың берген жәрдемін айтып берді [3, 91;565].

Тағы бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабалармен бірге Умрада жүргенде Абдуллаһ бин Рабаха тауап етіп жүріп қара өлең оқи бастады.

Хз. Омар оған:

Сен Алла Елшісінің алдында, қасиетті Қағбада осы өлеңіңді оқып тұрмақпысың?! - деді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хз. Омарға:

-«Оған кедергі жасаушы болма! Алланың атымен ант етемін; оның сөздері Құрайыштың мүшріктеріне, оқ жаудырудан әлдеқайда артық! Эй ибн Рабаха, жалғастыра бер!», - дегеннен кейін, Абдуллаһ бин Рабахаға:

- «Алладан басқа ешқандай тәңір жоқ! Ол жалғыз! Ол уәдесінде тұрады! Мына құлына жәрдем беретін де Сол! Әскерлеріне күш-қуат беретін де Сол! Жиналып тұрған қауымды түп тамырымен құртатын да Сол! - деп айт», -деді.

Абдуллаһ бин Рабаха жұлып алғандай болып, солай айта жөнелгенде, Мұсылмандар да оның айтқандарын қайталай бастады [4, 736; 122123].

Осы оқиғадан Алла Елшісі, сахабалардың өз араларында кішіпейіл болуды тамаша бір әдіспен көрсеткен. Сонымен қатар Абдуллаһ бин Рабахаға да ерекше мән бере отырып, істеген ісінің орынды әрі пайдалы екенін айтып көңілін көтерген.

Хз. Пайғамбар (с.ғ.с) бір қауым ел немесе рулардың да игі амал істеулері үшін, осы әдісті қолданған. Бұған мысал ретінде Хәмдан уәкілдерінің Мадина қаласына келіп мұсылман болғандағы жайтты айтуға болады. Олардың арасындағы тілге шешен Мәлік бин Нәмат, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) алдына шығып:

-Уа Аланың Елшісі! Бұлар саған арнайы сәлем беріп келді. Араларында қалалық әрі көшпенді далалықтары да бар. Олар Хәмданның арасында ерекше құрметке ие. Алла Елшісінің шақыруымен келіп отыр. Табынып, құрбандық шалып жүрген пұттарына табынудан бас тартты. Олар аспан айналып жерге түскенше берген уәделерін бұзбайды! - деді де барлығы мұсылман болды.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға:

- «Хәмдан халқы игі іс істеп, басқа түскен қиындыққа сабыр етер болса, олардан артық ел болмайды. Исламға деген ықлас-ниеті берік адамдар сендердің араларыңда!»[5, 28/6-269] - деп оларды жоқ-жітіктерге көмектесіп, басқа түскен қиыншылықтарға сабыр етуге шақырып отыр.

Ақын Лабидқа байланысты айтылған оқиға да осы тақырыпқа саяды. Килаб қаумымен бірге пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына мұсылман болу үшін келген Лабид бин Рабия, арабтардың атақты ақындарының бірі болатын. Хз. пайғамбарымыз(с.ғ.с) бұл жайында былай деп ерекше ілтипат көрсеткен: - «Ақындардың айтып жүрген ең шынайы шындық сөз Лабидтің айтып жүрген мына сөзі; «Әлбетте Алладан басқа нәрсенің барлығы жалған, бос!».

Лабид, мұсылман болғаннан кейін өлең айтуды бір жола тоқтатты. Хз. Омар оған бір күні:

- Әй, Әбу Ақыл! Маған өлеңдеріңнің біреуін оқып берші! - дегенде:

  • Мен Алланың Бақара және Әли-Имран сүрелерін үйренгеннен кейін өлең оқымайтын болдым! Алла менің өлеңдерімнің орнын Құранмен ауыстырды! -депті [6, 33; 516].

Алла Елшісі кейде сахабалардың алғырлығы мен білімдерін тексеру үшін кей мәселелер төңірегінде сұрақтар сұрайтын-ды. Erep дұрыс жауап берсе, мақтап, қуантатын болған. Бұл жайлы Убәй бин Қаб (р.а.) былай дейді:

Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) маған: -«Әй, Әбул Мунзир! Алланың Кітабынан жаттаған аяттардың қайсысы артық?» - деп сұрады.

Мен:

  • Алла пен Елшісі ең дұрысын біледі, - дедім.

Хз. Пайғамбар қайтадан:

  • «Әй Әбул Мунзир! Алланың Кітабынан жаттаған аяттардың қайсысы артық, білесің бе?» - дегенде, мен ол: «Алла Тағала, одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән» (Бақара 2/255) аяты (яғни Аятул-Курси) деп айттым.

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) кеудеме қолын қойып тұрып:

  • «Әй Әбул Мунзир! Білім саған жақсылық әкелсін!» - деді.

Хазіретіпайғамбар (с.ғ.с) үшін адам баласы адамдық тұрғысынан барлығы тең дәрежеде еді. Сондықтан олармен бірдей мәміле жасайтын. Алла Елшісі барлық адамға Жаратушының бір аманаты деген көзқараспен қарайтын-ды. Осы тұрғыдан қарағанда адамның сыртқы бейнесі емес, ішкі жан-дүниесінің байлығына ерекше мән беретін.

ҚОРЫТЫНДЫ

Адамтәрбиесімен шұғылданып жүргендер, пайғамбардың (с.ғ.с.) осы әдістерінен үлгі ала отырып, олармен тығыз қарым-қатынас жасағаны жөн. Кейде арнайы көңіл бөліп, тәрбиелеген адамыңсонша адамнан артық болуы мүмкін. Осы тұрғыдан қарағанда, бір адамның өзіне бір сынып сияқты көңіл аударып, ерекше мән беруі тиіс. Сонымен қатар, басқа да адамдарға қолдан келгенше ілтипат көрсетіп, олардың қызғанышын тудыратын іс-әрекеттерден сақганған жөн.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Бұхари, Жұма, 29
  2. Бұхари, Мағази, 56; Мүслим, Зекет, 135
  3. Ибн Сад, II, 91; Вакиди, II, 565
  4. Вакиди, II, 736; Ибн Сад, II, 122-123
  5. Ибн Хишам, IY, 268-269; Ибн Сад, I, 341
  6. Ибн Сад, YI, 33; Ибн Асир, Усдул-габа, IY; 516

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.