Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіл біліміндеп этномәдени лексиканың зерттелуі

Аңдатпа

Тіл ғылымының дамуында этномәдени лексиканы құрайтын кез келген сөздің, сөз тіркесінің, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің, прецедентгі мәтіндердің, ертегілер мен өлең-жырлардың, тыйымдар мен ырым-жоралғылардың, салт-дәстурлердің мазмұнында ұлттық мәдени ақпараттар тасқыны мол болғандықтан, тек жалаң тілдік мәліметтер негізінде ғана қарастыру жеткіліксіз болып саналады. Өйткені бұл ұжымдық құндылықтардың астарында сол ұлттың қалыптастырған ұлттық тарихи мәдениеті мен дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік шаруашылығы, өмір тәжірибесі, моралі, этикасы мен эстетикасы сияқты рухани-мәдени құндылықтары жан-жақты көрініс береді.

Тіл - халықтың рухани және материалдық мәдениетінің, тарихының, бүкіл бітім-болмысының жарқын айнасы. Қоғамда орын алып жатқан барлық өзгеріс пен жаңалық атаулы халықтың тілінде көрініс табады да, белгілі бір уақыт кеңістігінде дамушы ғылым мен мәдениет, экономика мен техника, т.б. тілдің сөздік құрамының үздіксіз дамып отыруын талап етеді. Яғни, тіл мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет - оның ішкі мәні. Тіл біліміндегі этномәдени атаулардың (сөз, тұрақты сөз тіркестерінің) түпкі мағынасын ашуға ұмтылыс та осы мақсатты көздейді.

Мақалада этномәдени лексиканың танымдық қызметіне осы тұрғыдан баға беріледі.

КІРІСПE

Тіл адамзаттың қатынас құралы ғана емес, олсимволдық, эстетикалық мәні зор таным құралы. Сондықтан да тілдің адамның танымдық қызметіне мейілінше эсер етіп, оның тұлға ретінде қалыптасуында атқаратын қызметін зерттеуді қолға алудың өзектілігі жоғары. Әсіресе, ұлттық тәрбие беруде оның атқарар қызметі мол. Себебі, ұлт тілі - халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, дәстүр-салты негізінде қалыптасқан тарихи мұра. Кешегі өткен бабаларымыздың ел қорғау және бала тәрбиесіндегі өнеге-үлгісі - бәрі-бәрі тілде сақталған. Мәдени лексиканы зерттеу - тарихи сананы айқындап, бала бойында елжандылық сезімнің оянып, қалыптасуына ықпал ететін танымдық білім жүйесіне қол жетізетін еңбек. Мақалада қазақ тіл білімінде этномәдени лексиканы зерттеу қашаннан бастап қолға алына бастады, зерттеу нәтижелері қандай - міне, осы сұрақтарға жауап беріледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақ тіл білімінде ана тілімізді халықтың «жаны» ретінде зерттеу үрдісі тәуелсіздіктен кейін қолға алына бастады. Яғни, тілді зерттеу - халықтыңтарихына, мәдениетіне, әдебиетіне, салт- дәстүріне, әдет- ғұрпына, дүниетанымына тереңдеп, ұлттық сана-сезімнің артықшылықтарын айқындау деген сөз.

Тіл мәдениеттің дамуына ықпал етіп отырады. Белгілі бір этникалық және мәдени қауымдастықтың өкілі ретіндегі жеке адамның ойлауы тілге байланысты болады. Тіл - халықтың рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді. Сол себепті тіл, әр ұлттың мәдениеті ерекше болады. Оларды біріктіруге, байланыстыруға болмайды. Мәдениет пен тіл белгілі бір этносқа тән ортақ заңдылықтарға байланысты болады. Тіл тағдыры мен этнос тағдыры өзара тығыз байланысты. Бұл орайда А. Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады», - деуінің терең астары бар. Тілдің табиғатын, өзіндік ерекшелігін түсіну үшін сөйлерменнің қандай ұлттың өкілі екеніне назар аудару қажет. Әр халық өзіндік ғалам бейнесін түзеді, әр халықтың ғаламның ұлттық бейнесі түрліше болады. Ғаламның тілдік бейнесінде белгілі бір тілдік қауымдастыққа тән түсініктер мен білімдер кешені тілде көрініс тауып, сақталады. Ғаламның тілдік бейнесі бірқатар өзгерістерге түскенімен, тұрақты сипатта болады, яғни әлем туралы білім белгілі бір құрылымға ие болып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады, сөйлермендердің тілдік санасы, ойлау жүйесі дәстүрлі түрде қалыптасқан категориялармен беріліп, сақталып отырады. Ғаламның тілдік бейнесі - халықтың болмыс туралы, тілдік таңбалар мен мәндерде көрініс тапқан түсініктер жиынтығы, ғалам туралы ақпараттың, сөздердің жүйелі мәндерінде белгілі бір тәртіпке келтірілген көрінісі.

Бұл ретте мәдени лексика саласында іргелі еңбек жазып жүрген ғалым Ж. Манкеева «Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, ол - мәдениет айнасы. Олай болса, ондай жүйені зерттеуде дәстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі екені байқалады. Себебі бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл) - этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде ұлтты бір бүтін етіп тұтастырушы»,- деген пікірі тіл мен мәдениеттің сабақтастығын, тілдің бойындағы ұлттық сипатты айқындай түседі, - дейді [1, 356].

Сондай - ақ, этнолингвистика саласының білгірі, ғалым Е.Жанпейісов: «Этнолингвистика өзінің бітім- болмысы, табиғаты жөнінен жалпы тарихи категория болып табылады. Себебі ол этностың қазіргісін ғана емес, көбінесе өткенін зерттейді. Ал этностың өткені оның этномәдени лексикасынан айқынырақ көрінеді», - дейді [2].Этнолингвистиканы арнайы зерттеген ғалым М.М. Копыленко: «Этностың тұрмыс-тіршілігі, қазіргі болмысы мен тарихы, оның материалдық және рухани мәдениетінің тілдік көріністері айқындалады және жете зерттеледі», - деп анықтайды [3, 228].

Этнолингвистиканың теориялық және практикалық қажеттіліктерінің негізінде этномәдени лексика қарастырылып, линвистикалық талдаулар жүзеге аса бастады. Сөздердің белгілі бір ұлтқа қатысты қолданыстық сипаты осы этнолексика аясында қарастырылады.

Қазақ тіл біліміндегі этнолексика этнографиялық, тарихи, лексика- семантикалық, этимологиялық, танымдық тұрғыдан қарастырылып келеді. Қолданыстағы сөздің этноқызметі, мағынасы оның тілдік қатынастағы жұмсалу ерекшеліктерін айқындаумен маңыздырақ. Мәтін құрамындағы сөздің, сөз тіркесінің этнолингвистикалық қолданылу ерекшеліктерінің айқындалуы тілдің әлеуметтік ортадағы қызметі туралы жан- жақты хабар беруге бағытталады. Тіліміздегі сөздердің мәтін ішіндегі қолданысы этнолексика арқылы көрініс беріп, тұтастай бір ұлттың этномәдени, тарихи, ұлттық бітім-болмысын таныта түседі.

Этнолексикалық қолданыстар тек атауыштық қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен қатар олардың қарым-қатынастық ролі де айқын көрінеді. Қазақ тіліндегі этнолексикалық атауар ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларда кеңінен қолданылып, сол ұлттың табиғатын айқын көрсетіп бере алады. Тіліміздегі этнолексикаға жатқызылатын атаулар этностың тілінен, сол этнос туралы жазылған көркем әдебиеттен орын алады және ұрпақтан-ұрпаққа ұлттық әрі рухани байлығымыз іспетті жеткізіліп отырады.

Этнолексика, мәдени лексика жайлы құнды пікірлер ғалым Ж.А. Манкеева еңбектерінде қарастырылып, дәлелді тұжырымдар берілген. Ғалым этнолексикаға былайша баға береді: «Сонымен көне тамырлы этнолексика халықтың этномәдени тарихы және тілдік шығармашылығы туралы баға жетпес «ақпарат» көзі болып табылады. Оның негізін құрайтын тұрмыстық лексиканың дені рухани байлығымыздың негізі. Себебі бұл жүйедегі сөздер тек атауыштық қызмет қана атқармайды. Қазақ тіліндегі заттық мәдениетке қатысты атаулар немесе тұрмыстық лексика қазақ халқының материалдық өндірісінің деңгейін, сипатын, түрлерін және шаруашылық пен тұрғын үй мүліктері, киім мен тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қажет мұқтаждықты қамтамасыз етуге бағытталған қазақтың халықтық қолөнер бұйымдарын бейнелейді. Ал, олар - қазақ халқының материалдық қана емес, рухани да байлығының көрсеткіші»[4,7б]. Ғалымпікірінде атап өтілгендей, тіліміздегі этнолексиканы құрайтын атаулар сан-салалы болып келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Тіл - халықтың рухани және материалдық мәдениетінің, тарихының, бүкіл бітім-болмысының жарқын айнасы. Қоғамда орын алып жатқан барлық өзгеріс пен жаңалық атаулы халықтың тілінде көрініс табады да, белгілі бір уақыт кеңістігінде дамушы ғылым мен мәдениет, экономика мен техника, т.б. тілдің сөздік құрамының үздіксіз дамып отыруын талап етеді. Яғни, тіл мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет - оның ішкі мәні. Тіл біліміндегі этномәдени атаулардың (сөз, тұрақты сөз тіркестерінің) түпкі мағынасын ашуға ұмтылыс та осы мақсатты көздейді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Манкеева Ж. М. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдықнегіздері. - Алматы, 2008. - 356 б.
  2. 2Жанпейісов Е. Этнолингвистика // Ана тілі. -№ 3. 1994.
  3. Копыленко М. М. Основы этнолингвистики. - Алматы, 1995. - 228 б.
  4. Манкеева Ж. М. Этнос тілі табиғатының ерекшеліктері \\ Тіл тарихы және сөз табиғаты. Ғылыми мақалалар жинағы.-Алматы, 1997. -235 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.