Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ поэзиясындағы сонеттер табиғаты

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ поэзиясында сонет жанрының қалыптасуы, әлем әдебиетімен байланысы баяндалған. Қазақ поэзиясындағы бұл жанрдың ұлттық сипаты және Х.Ерғалиев, К.Салықов, И.Оразбаев сонеттері арқылы жанр табиғаты ашылған.Сондықтан да қазақ поэзиясында сонет жанрының қалыптасуын жалпы қазақ поэзиясындағы жанрлар дамуының контекстінде алып қарастырамыз. Қазақ әдебиетінде жазылған алғашқы сонет шоғырларының өзі ұлттық әдебиетімізде оның болашағының зор екенін байқатты. Қазақ поэзиясы - тарихы тереңге кеткен аса бай дәстурі бар поэзия. Жаңа жанрдың ұлттық әдебиетімізге еркін енуіне сол дәстүрлі поэзияның да ықпалы мол болды. Нәзік те ойлы, шағын да жинақы жанрдың суреткерге қояр талабы да орасан зор, күрделі.

Көркем поэзия - өнер туындысы ретінде қыр-сыры мол жанр. Қай халықтың болсын поэзиясында бір-біріне ұқсас жанрлық турлердің тууы, қатар өмір сүруі - әдеби процестегі табиғи құбылыс. Сондықтан да қазақ поэзиясында сонет жанрының қалыптасуын жалпы қазақ поэзиясындағы жанрлар дамуының контекстінде алып қарастырамыз. Әдеби процесте әрбір жанрдың қалыптасу, даму жолдарының өзіндік ерекшелігімен қатар, тарихи даму процесі болады. Даму, өсу, өзгеру жанрдың барлық түріне тән заңдылық. Ол туралы академик З.Қабдолов: «Жанр - даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір туралы әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізуі. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланыста болса, екінші жағынан, әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процестегі атқарар рөліне, алар орнына байланысты. Жанрлық дамудың өзі тірі процесс. Жанрлар туады, өледі, өзереді, жоғалады, жаңадан пайда болады. Бұл да әр әдебиеттің тарихи тағдырлары мен ерекшеліктеріне ұштасып жатады», -дейді [1].

Қазақ әдебиетіне сонет жанрының келуін әлемдік әдебиетте қалыптасқан қалыпты типологиялық дәстүр түрінде аламыз. Алғашында сонет жанры, әдеби байланыстың ең дамыған түрі аударма арқылы, яғни У.Шекспирдің, А.Мицкевичтің сонеттерінің аудармасымен келді. Кейіннен осы жанрда төл шығармалар - сонеттер жазылды. Қазақ сонетінің бастауында тұрған - ақын Қасым Аманжоловтың «Құрдас туралы» атты сонеті. Сонет жөніндегі қазақ әдебиетіндегі алғашқы мәлімет және тұңғыш пікір академик З.Қабдоловтың «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбегінде беріледі.

Қазақ поэзиясында сонет жанрының қалыптасуында ақиық ақын Хамит Ерғалиевтің рөлі ерекше болды. Ақын сонетінің түрі Шекспир сонеттері, яғни ағылшын дәстүрі - болғанымен, мазмұны - ақынның өз толғанысы, қазақ өмірінің шындығы. Осы ретте жергілікті драматург - жазушы Б.Қорқытовтың 1966 жылы облыстық «Атырау» газетінің 16 қазанындағы санында жарық көрген «Хамаңның жаңа қыры» атты мақаласынан дерек көздерін келтіре кетуді жөн көрдік: «...Осы қиын шарттың қамалын бұзып алғаш түрен салған, түрен салып қана қоймай түбегейлі тақырыбына айналдырған - бұл күнде сексеннің сеңгіріне шығып отырған Хамаң - Хамит Ерғалиев...» [2]. Осы жанрда қарқынды еңбек еткен ақын Ғафу Қайырбеков те поляк халқының ұлы ақыны Адам Мицкевичтің «Қырым сонеттерін» аударды. Бұл сонет түрінің ерекшелігі - циклді сонеттер болғандықтан 18 сонет түгелдей аударылған.

Қазақ поэзиясында тел сонеттердің қалыптасуына мол үлес қосқан ақындар Хамит Ерғалиев, Есет Әукебаев, Иранбек Оразбаевтар болса, сонет жанрының күрделі формасын - сонет шоғырлары, яғни сонет гүлтәждерін - қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасымен әкелген - ақын Кәкімбек Салықов болды. Ғасырлар бойы дәстүрлі тақырып болған мәселелер сонет жанрынан көрініс тапты, әрі тақырыптық аясы да кең. Портреттік сонет, табиғат сонеті, ғұмырнамалық - философиялық сонет, махаббат сонеті, тарихи тақырыптағы сонеттер мазмұндық жағынан да ерекше дамығанын байқаймыз. Классик жазушы М.Әуезов өзінің «Абай жолы» роман - эпопеясында ұлы ақын Абайдың өлеңдерінің негізінде Тоғжанның портретін жасайды. Ол жөнінде ғалым Ж.Дәдебаев: «Жазушы Тоғжан портретін жасауда Абайдың сұлу қыз, ғашық жар туралы өлеңдеріндегі қыз сипатын, оның бойындағы басты ерекшеліктерін негізге алады. Сол арқылы Тоғажанның келбетін айқындайтын басты белгілер тобын анықтайды», - дейді [3]. Портреттік сонеттерде осы пікірдің өзіндік орны бар екенін байқадық.

Сонет жанрында портретті сонетті Бехер дамытса, қазақ әдебиетінде портреттік сонет жазып, оны даралаған ақын Кәкімбек Салықов. Қаламгердің «Прометейге», «Шоқанға», «Ақан серіге», «Абайға», «Бауыржанға» деген сонеттерінде тарихты айтып терең көркемдік шешім таба біледі. Ал қазақ даласын бейнелейтін «Сырымбет елестері», «Қызыл тал», «Еділге», «Жезқазған» атты сонеттері пейзаждық сонеттер топтамасына жатады. Пейзаждық сонеттері - сонеттер шоғыры, яғни сонет гүлтәждері деп аталады. «Туған жер» сонетінде ақын бүкіл елін қамтып сөйлейді. Сарыарқа, Көкшетау, Торғай даласы, Ұлытау атырабы, Кереку, Нұра мен Ертіс, Арал, Сырдария мен Әмудария, Атырау, Жайық, Каспий, Алтай, Зайсан толық қамтылады, туған еліне деген сүйіспеншілігін ағынан жарыла жырға қосады. Поэзияның ең күрделі жанры сонетте, оның биік шыңы - сонет шоғырында туған жер туралы сәтті көркем туынды беру асқан шеберлікті қажет етеді. Қазақ поэзиясына келген сонет шоғырлары алғашқы қарылғаштар болуымен қатар, үлкен көркемдік жетістік екені даусыз. Шындығында қазақ әдебиетінде сонет шоғырының дүниеге келуі - қазақ поэзиясының ұлттық негізінің, дәстүр қуатының, көркемдік бояуының, тілдік байлығының молдығын байқататын поэтикалық құбылыс.

Ақын Иранбек Оразбаев он үшінші сонетте «Адамзат - Адам - Ақын» ұғымдарына өз талап, тілегімен қарап, Жер мен Көкті нұрландырар бақыт нұрының концепциясын ұшқыр поэтикалық көңіл-күймен аңсайды. «Поэзия» ұғымына үлкен мән бере жыр арқылы жалпы прозалық әлеміне, адамзаттағы «бақыт» орнар дүниені елестетеді.

Қазақ әдебиетінде жазылған алғашқы сонет шоғырларының өзі ұлттық әдебиетімізде оның болашағының зор екенін байқатты. Қазақ поэзиясы - тарихы тереңге кеткен аса бай дәстүрі бар поэзия. Жаңа жанрдың ұлттық әдебиетімізге еркін енуіне сол дәстүрлі поэзияның да ықпалы мол болды. Нәзік те ойлы, шағын да жинақы жанрдың суреткерге қояр талабы да орасан зор, күрделі. Сондықтан да сонеттің жанрлық дәстүрі кез келген суреткерге шеберлік мектебі болары аян.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қабдолов 3. Әдебиет теориясының негіздері. - Алматы: Мектеп, 1970 ж.
  2. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. - Алматы: Ғылым, 1991 ж.
  3. Қорқытов Б. «Атырау» газеті, 16.Х.1996

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.