Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қашықтықтан оқыту үдерісі технологиясының теориялық непзі

Аңдатпа

Мақала қашықтықтан оқытудың заманауи білім беру удерісіндегі мәселелеріне арналған. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту удерісінің негізгі бағыттары мен дәстурлі білім беру бағытынан айырмашылығы келтірілген. Еліміздің қашықтықтан білім беру удерісінің маңыздылығы - оқыту нысанының ақпараттық жуйесін құру арқылы білім дәрежесін арттыру.

Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә.Назарбаевтың халқына жолдауында «Ұлттық білім жағдайын жоғарлату мақсаты оның бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы» деп атап кетті. Сол себепті, қазіргі кезеңде заманға сай әлемдік стандарттарға сәйкес келетін оқыту үдерісінің ұлттық жүйесін құрастырудың негізгі мәселесі қойылып отыр [1].

XXI ғасырдағы ақпараттандырудың негізгі бағыты білім беру жүйесін заман талаптарына орай қоршаған ортаны жетілдірудің жоғары тиімділікті технологияларына бейімделген жаңа білім жоспарына қадам басу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру жолы жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен оқыту үдерісін дамыту, қашықтықтан оқыту жүйесін іске асыра отырып, оқу - тәрбие үдерісінің деңгейінің сапасын және оның тиімділігін биіктерге шығаруды бағыттайды.

Қашықтықтан оқыту ұғымын негізгі мағынасы - бұл білім беруші және білім алушылардың арасындағы ара қашықтықга оқыту формасы. Ал қашықтан оқу ұғымы - олардың арасындағы, сонымен бірге білім алушылардың қазіргі кезеңдегі ақпараттық технологияларды, яғни аудио-визуальді жабдықтар, дербес компьютерлер, телекоммуникация жабдықтары, т.б. пайдалана алу әрекетін жүзеге асыру үдерісі [2].

Қашықтықтан оқыту дегеніміз біліктілік пен білім дағдыларын алу үдерісі яғни, оқыту кезінде оқыту әрекетінің тұтас немесе арнайы бір бөлігі оқытушы мен білім алушының арасындағы қандай да болмасын алшақтылыққа қарамастан заманауи телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялардың көмегі арқылы іске асырылады.

Қашықтықтан оқыту технологиясының негізгі екі түрін ерекшелеуге болады. Олар: кейс және желілік.

Кейс технологиясы дегеніміз - білім беруші тьюторлары дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруді іске асыру кезеңінде, мәтін ретіндегі аудиовизуальді немесе мультимедиялық оқу-әдістемелік құралдарды жинақтау мен оларды қолданушылардың өзі игере алуы үшін жіберуге бағытталған.

Кейс технологиясы ағылшын тілінен аударғанда case - портфель, яғни білім беру барысында жасақталған әдістемелік құралдарды жүзеге асырады. Кейс технологияға арналған құралдар: әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары мен глоссарийлер. Білім алушыларға оқу жоспарындағы пәндерге байланысты электронды түрдегі тапсырмаларда (CD-ROM) оқу әдістемелік құралдар кешені (кейс) беріледі. Кешенді дайындауда жобалау және ұжымдық тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдер білім алушылардың түрлі шығармашылық белсенділігімен қабілеттілігін арттыруға көмек көрсетеді.

Кейстің белгілі бір нормативтері болмайды. Яғни мұнда түрлі құжаттар, дыбыс, анимация, графика және слайд-шоу қолданылады. Білім алушы кез-келген оқулықтың қажет жерін парақ бетіне шығарып алу мүмкіндігі бар.

Қашықтықтан оқыту технологиясының келесі түрі желілік технология. Желілік технология білім беруші, тыңдаушы арасындағы интерактивті және оқу- әдістемелік құралдардың жабдықталуын қамту барысында телекоммуникациялық желіні пайдалануға негізделген. Желілік технология арқылы оқытуға келесілер жатады [2]:

  • интернет желісін қолдану;
  • электрондық поштаны қолдану;
  • телекоммуникациялық жабдықтарды қолдану;
  • мультимедиямен қамтамасыздандырылған интернет желісі қосылған желілік компьютер сыныбы.

Электронды пошта білім алушыларға тақырыптардың басты мәселелері бойынша құпия түрінде хат алмасуға мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар, электронды пошта көмегімен ақпаратты тез және жоғары жылдамдықта жеткізуге көмегі зор. Интернет арқылы білім алушылармен байланыс орнатуға ғана емес, сонымен бірге оларды бақылауға және бағалауға мүмкіндік бар.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім берушінің басты міндеті білім алушының тақырыпқа сәйкес туындайтын мәселелерді қарастыру, алдына мақсат пен міндеттер қоя білу, ұйымдастыра білу әрекеті, білім алушылармен өзара байланыс орнатуды үйрету [3].

Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуына интернет жүйесі әсерін тигізеді. Олай дегеніміз, қашықтықган оқыту жүйесі арақашықтықты қысқартады және оқытушымен білім алушыға жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Яғни білім алушы не тыңдаушы жіберілген тапсырмалар мен тестілерді өзіне ыңғайлы уақыт аралығында орындай алады. Ал оқытушы болса, жіберілген материалдарын лезде өзгертіп қайта жіберуіне мүмкіндігі бар. Қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру болашақта білім беру жүйесінің маңызды қадамдарының бірі. Басқа шет елде бұл жүйені білім алушыларға сапалы білім беру үшін кең қолдануда.

Қашықтықтан оқыту үдерісінде өз бетінше өткізетін жұмысты сөз жұмбақтар, тапсырма немесе шара арқылы ұйымдастыру, бұл жаңа тақырыптарды үйрену ыңғайлы.

Қашықтықтан оқыту үдерісінің жетістігі - оқытушының қатысуысыз білім алушылар назарын өзіне қарата алу ерекшелігімен байланысты болады. Өткізетін жаңа тақырыптың мағлұматтары баспа бетіне шығарылатын түріндегідей электронды тұрғыда электрондық оқулық ретінде беріледі. Жаңа тақырыпты түсіндіру үдерісі сабақтың басты форумы немесе чат арқылы іске асырылады. Бұл әрекеттер алдын-ала дайындалып, белгілі бір уақытта іске асырылады.

Білім беру үдерісіне тьютор әрдайым қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа тақырыпты жеткізудің тағы бір нұсқасы ретінде виртуальді шеберді келтіре аламыз, яки ол оқу мағлұматтарын талқылауын бір мезетте өткізеді.

Қашықтықтан оқыту жүйесін бірнеше компоненттерден құрайтын үш компонент жиыны секілді қарастырмауға болады. Яғни олар:

  • дидактикалық;
  • технологиялық;
  • қамтамасыз ету.

Қашықтықтан оқыту үдерісінің негізгі дидактикалық бес тәсілін пайдалануға болады. Олар: рецентивті; репродуктивті; мәселелік сипаттау; эвристикалық; зерттеу [3].

Оқу үдерісін бақылау секілді тапсырмаларды өз бетінше іске асыра алу қызметі болып келеді. Білім алушылар қашықтықтан білім алу барысында білім алу жүйесін өзіне қолайлы уақытта, ыңғайлы орында және жылдамдықта іске асырады. Сол себепті білім алушылар өз бетінше орындалатын жұмыс тақырыбы мен тәсілін жоғары дәрежеде меңгеру керек. Сонымен қатар, нәтижелі оқу үшін заманауи ақпараттық технология жабдықтарымен жұмыс атқара білуі тиіс.

Қорыта келе, қашықтықтан оқыту - адамның білім алуға және ақпаратпен қамтамасыз етілуіне деген әрекеттерін жүзеге асыратын үзіліссіз білім беру жүйесі нысанының бірі ретінде, мамандардың басты қызметін іске асыра жүріп, білімі мен біліктілігін жоғарлатуға мүмкіндік тудырады. Қазірде де, ақпаратты өңдеу және халықаралық дәрежеге сәйкес еңбек түрін белу үдерісі әлеуметтік экономикалық аса маңызды өзгешеліктерінің бірі, білім алу жүйесі қандай болмасын шаманың дара және кәсіби табысының басты көзі болып табылады. Білім сапасының адамзат баласының жұмыс табу және өмір кешу деңгейіне тигізетін әсері орасан зор. Осыған орай, білім жүйесіне қойылатын талаптар да өзгеріске келеді, яғни әрбір маман заман талабына сай заманауи технологияларды игеруі, сонымен бірге, заң мен экономика негіздерінде білуі қажет. Бүгінгі таңдағы шамадан шығармашылық жағынан ойлай білуі, яки өз саласында біліктілігін әрі қарай арттыруы.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» (2006 жыл), «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» (2007 жыл) және «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008 жыл) атты Жолдаулары. - www.e.qov.kz сайты.
  2. Нургалиева Г.К. Состояние и перспективы информатизации образования на основе информационно-коммуникационных технологий // Тезисы докл. IV Межд. форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ». -Алматы, 2006.- С.6-12.
  3. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. - М: Школа-Пресс, 1994. - 317с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.