Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тәуелсіз еліміздеп білім мeн ұлттық тәрбие -ұлт болашағы

Аңдатпа

Мақалада тәуелсіз еліміздегі білім мен ұлттық тәрбиенің - ұлт болашағына өзіндік әсері туралы ұлтын суйетін ұрпақтың санасына ықпал ететін ұлтжандылық жайында жазылған. Үлттық білім менұлттықтәрбиені келешок ұрпақтың бойына сіңіру.Ұлттық мудденің көркеюіне улес қосатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Жалпы тәрбиедегі негізгі нысаны болып елдік сананы қалыптастыру мен ұлттық патриотизмді насихаттау. Ұрпақ тәрбиесі қазіргі күні ерекше үлкен мәселе мәніне ие,ол зор биік пен отансүйгіштіктен басталады. Білім мен тәрбие көзі бұл -еліміздегі ұлттың келешегі, ендеше халқымыздың санасы, дәстүрі мен болашағы өз қолымызда. Халық педагогикасы - ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі, халықтың ең берекелі, ең парасатты тәжірибесі. Ол ғасырлар бойы жинақталған сан алуан іс-тәжірибелер мен ой-пікірлер негізінде қалыптасты.

КІРІСПЕ

Тәуелсіз ел тірегі -білімді жастар десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселесі-білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі- білім,ғылым,тәрбие екендігі мәлім.Еліміздің болашағы білімді,дарынды,ұлтжанды ұрпақ десек,дарындылық пен білімділікті ұйқастырып,білікті білім мен саналы азаматты қалыптастыратын негізгі бағыт дұрыс тәрбие беруден басталады. Білімді де, саналы,елжанды ұрпақтың мемлекетімізді әлемдік деңгейде танытатын дара тұлғалар болатыны сөзсіз. Ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби бабамыз: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»- деген екен [1]. Еліміз өркениетті елдер қатарына жататын әлемдік деңгейдегі ел болады десек,өз ұлтымызды, туған халқымызды , еліміз бен жерімізді, тіліміз бен дінімізді,салт-дәстүрімізді ардақтайтын, асыл қасиеттерімізді құрметтейтін,тәрбиелі,білімді ұрпақтардың өсіп-жетілуіне басты назар аудару керек деп ойлаймын.

НЕПЗП БӨЛІМ

Тәуелсіз елдің ұрпағына мәдениет пен ғылым, тәрбие мен білім беру - үздіксіз үдеріс. Олай болса, тәуелсіздік туын биік - теткен жастардың ұлттық білім мен тәрбие құндылықтарын меңгеруі жасампаз Қазақстанның жалынды жігерін, қуатты кемерін, ұлттардың жомарт жарастығын, ырысты ынтымағын әлемге паш етеді. Сондықтан да Қазақстанның келешегі - оның әлемге ашықтығында. Елбасы "Нұр Отан партиясының жастар қанатының" негізгі күштерін жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағыттауы керектігін бағамдай келе, партия патриотизмнің үлгісін көрсету керек деп тұжырымдады. Жас ұрпақты тәрбиелеудің өзекті тұстары - эр азаматтың өзіне қатысты алғанда өзіндік талап етуі, қоршаған ортаға қатысты оның шыншылдығы, елге қатысты алғанда оның адалдығы. Біздің жастарымыз Отанымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосуы үшін ар-ождан, борыштылық, жауапкершілік, әдептілік және да басқа жоғары жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар арнасындағы ұлы мұраттар рухында тәрбиеленуі керек. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президент! Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді,өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» [2]. Жалпы, қазақ халқының ұлттық тәрбиесі-әлемде теңдесі жоқ ерекше тәрбие. «Ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге, дәстүрімізге деген сүйіспеншілік құрметбар. Эр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, халқының өзіндік мәдениетін, туған жерге деген сүйіспеншілігін, мектеп қабырғасында үйреніп,өзбойында ұлттық рухта қанағаттануы ұлт болашағының негізі болмақ. Ұлттық рухты бойына сіңіре отырып, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының байлығын меңгеру барысында, патриоттық сезім, Оганға деген сүйіспеншілік қалыптасады. Ұлтымыздың ғасырлар тұңғиығынан бері біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірбиелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби-музыкалық, кәсіби-тұрмыстық фольклорлары мазмұны арқылы жетіп отыр. Мектепте ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің: Қорқыт ата, Әл-Фараби, ҚожаАхмет Иассауй, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы т.б. казак- акын жырауларының мұралары,билер мен шешендердің тәлімдік сөздері негізгі құралы болып саналады. Сондай-ақ, ұлттық тәрбие беруде халық педагогикасының алатын орны ерекше.

Ерекшелігі сол: жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты болсын деген үмітпен ата-баба тәлім-тәрбиесін әрқашан мұра тұтып келген және оны талап етіп отырған. Ұрпағын жаман әдеттерден жирендіріп, жақсылыққа жетелеп, өсиет сөздерін күнделікті бойына ұялатып тәрбиелеген. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ер жүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірибесінен сыннан өткен салт-дәстүрлерді, педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді.Халық педагогикасының мақсаты - оқушылардың бойында адамгершілік, отансүйгіштік, елжандылық, имандылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашақта еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығару. Халық педагогикасы - ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі, халықтың ең берекелі, ең парасатты тәжірибесі. Ол ғасырлар бойы жинақталған сан алуан іс-тәжірибелер мен ой-пікірлер негізінде қалыптасты [3].Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптары мен байланысты туады. Салт дегеніміз - халықтың кәсіп, сенім, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын дәстүрдің бір түрі. Ұлттық дәстүр дегеніміз - тарих барысында қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт- сана, қоғамдық тәртіп, заң, мінез-құлық қалыптары. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т.б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды.Осындай салт-дәстүрін біліп өскен жастар ұлтының болашағы жайында тереңнен түсінетін халқының адал азаматы бола алады.«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиеленуі тиіс» деп Мағжан Жұмабаев ұлт тәрбиесінің бағытын көрсетіп берген.Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты, ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол , мәдени -ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу - қоғам алдындағы басты міндет және де қоғамдық қажеттілік.

Ұлтымыздың ұлтық рухын ұрпақ санасына шынайы жеткізу-бұл этномәдени білім беру болып табылады. Этномәдени білім беру дегеніміз жастарға шығармашылығын дамытатаын мүмкіндіктер, ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы, тілі, ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты, Отанын сүйетін, адамгершілігі мол, рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке тұлғаны тәрбиелеу.Этномәдениет ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты ғасырларқойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына.Халқымыз өз ұрпағын ізгілікке инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат санаған.Ғасырдың басынан, білім беруді ізгілендіру мен гуманитарландыру үдерістері кеңінен енгізіле бастағаннан еліміздің білім беру ісінде әсіресе, халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан этностық мәдениетімен, өнерімен, салт-дәстүрімен табыстыру, жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу маңыздылығына баса назар аударылып келеді. Бұл өреде этнопедагогика ғылымының дамуына зор үлес қосқан, ұлттық тәрбие саласының өркендеуіне жол ашқан біртуар ғалым, қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық негізін жасаған, іргелі зерттеулер жүргізген профессор К.Ж.Қожахметованың педагогикалық мұралары бізге үлгі. Қазақ этнопедагогикасын тереңнен зерттеп, ұрпаққа мол ғылыми қазына қалдырған ғалымның:

«Ұлттық тәрбие-ұраным, Ұлттық тәрбие мұңым,

Ұлттық тәрбие-өмірім» - деп қазақ жастарының бойына ұлттық тәрбие мен ұлттық білім беруде тынымсыз еңбек етіп, ұлт болашағының өркендеуіне зор үлесін тигізген ғалымың зерттеу жұмыстары,бүгінгі саналы ұрпақтың өз білімін жетілдіруіне ықпал ететіні айтпаса да түсінікті.Оның дәлелі,ғалымның «Этнопедагогика: әдіснама, теория, тәжірибе» оқу құралы, «Этнопедагогика - дербес оқу пәні» оқу құралы. «Этнопедагогика» оқулығы. Сонымен қатар, ғалым жастарға этномәдени рухани-адамгершілік тәрбие берудің этнопедагогикалық негіздеріне арналған мазмұнды әдістемелік нұсқаулары ұсынған болатын. Бүгінде бұл оқу құралдары, әсіресе оқулығы мен әдістемелік нұсқаулары университеттің студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушыларының күнделікті білім беру үдерісінде пайдаланатын ақылшысына, анықтамалығына айналды»,деп Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор, ғалымның әріптесі Әлия Масалимова айтқан болатын [4].

Олай болса, бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру қажет.Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай «өткенін білмеген , одан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі тұрлаусыз». Жалпы баланың эстетикалық тәрбиесі дүние есігін ашқан кезінен басталады. Халық тәрбиесі мәселесін жалпы жүйеде қайта бағалау негізі қиын, ол шындығында оның 118

өзекті мәселесі болып келеді. Ежелгі дәуірден бастап балалар мен жастарды еңбекке баулу және тәрбиелеу ата-анасының аса маңызды міндеті, сонымен қатар, бала бақшадан бастап, жоғары оқу орындары мен қоғамдық институттардан басталады. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ

Мәуелі жас ағашты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасауы қажет. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриотық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамыту арқылы көруге болады.

Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек. Ұлттық тәрбие - біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз.

Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және адамзаттық құндылықтар арқылы білім мен тәрбие беру оқушы бойындағы сана-сезімді, ар- намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен еліміздің тәуелсіздігін, ынтымағын сақтап қалатын азамат тәрбиелеуге зор мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Ұлттық тәрбие (ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері): оқу құралы.А. 15-6.
  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп-өрендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - Алматы-Білім,1997. 18-19 б.
  3. Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі-Алматы-2009., 11-6.
  4. Тілдерді оқытудағы функционалдық сауаттылық-педагог пен оқушының қызметінде нәтижеге жетудің негізі-Обл.ғылыми-тәжірбиелік конференция материалдары-2013., 17-19 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.