Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жеке тұлғаның өз жұмысын тиімді ұйымдастыруы

Аңдатпа

Бұл мақалада жеке тұлғаның жұмысын тиімді ұйымдастыруы уақытын тиімді пайдалануына байланыстылығы қарастырылады. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз өзіне тиімді нәрсемен айналысып, куш - қуатын орынды пайдаланып, жан- жақты болумен қатар жақсы дағдының болуын қажет ететіні сөзсіз. Ол ушін жеке тұлға ушін ең қажеттісі - өз жұмысын жоспарлай білуі, жеке жоспарын құра білуі маңызды. Жоспар құрылған бойда оның орындалуын қамтамасыз ету және дайындалу керек. Сондықтан, бұл мақалада аз уақыттың ішінде көп нәрсе жасау ушін, белгілі бір нәтижеге жеткізетін бірнеше ережелерді ұсынып отырмыз. Мақалада осы бағытта жазған көптеген ғалымдар еңбектері пайдаланып, нақты мысалдар келтірілген.

Жеке тұлғаның өз жұмысын тиімді ұйымдастыруы, уақытты тиімді пайдалана алуына байланысты. Олай болса, уақыт қозғалушы материяның өмір сүруінің обьективтік реалды формасы. «Дүниеде қозғалушы материядан басқа еш нәрсе жоқ, ал қозғалушы материя кеңістік пен уақыттың ішінде қозғалмайынша басқаша қозғала алмайды».

Уақытты қабылдау сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға эсер етіп қалдыратын бейнесі. Уақыт - дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші. Шындық құбылыстардың тізбегі, бір ізділігі, обьективтік ұзақтылығы уақытты қабылдау арқылы белгілі болып отырады. Сыртқы дүниедегі оқиғалардың бәрі бір бағытта, яғни өткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа қарай ағады. Осылай бір бағытта ағу - сыртқы дүниедегі оқиғалардың обьективтік белгісі. Бұлар жеке адамның түйсігінен, қабылдауынан тыс болып отыратын реалды құбылыстар. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады. Соның бірі - уақыттың ритмі. Уақыттың ритмі - құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бір ізділігі. Уақыт темп арқылы өлшенеді. Темп-құбылыстардың бір ізділігінің, тездігінің не баяулығының көрсеткіші.

Уақыттың шақтарын қабылдауда субьективтік моменттер де орын алады. Мәселен, өткен шақ адамға өте қысқа мерзімді болып көрінеді. Өткен шақты, әсіресе бізден алыс дәуірді минуттап, сағаттап санап отырмай, айлап, жылдап, ғасырлап, дәуірлеп есептейміз. Осы соңғыларға байланысты, өткен оқиғалар адамға көмескілеу болып та көрінеді. Уақыттың өтуінің түрліше қабылдануы сол кезеңде өткен оқиғаларға байланысты.

Осы шақтың бізден алысырақ мерзімдері ғасыр, жыл, ай ұғымдарымен белгіленсе, оның бізге жақынырақ кезеңдері күн, сағат, минут, секундпен есептелінеді. Осы шақ әр кез обьективтірек болып қабылданады. Өйткені, бұл кезең нақтылы ісімізбен, сөзімізбен, тікелей қабылдауымызбен ұштасып жатады.

Өткен шақтың тез өткеніндей, келер шақтың өте ұзақ тәрізденіп көрінуі - субьективтік жағдайлардың нәтижесі. Екі адамның уақыты мағыналы, қызықты істермен толы болса, ол уақыттың қалай өткенін байқамай да қалады. Адамның көңілі қаншалық шат болса, соншалықты уақытта тез өткендей болып қабылданады. Мәселен, қызық ойын үстінде уақыт тез өтеді. Ал, керісінше адамның уақыты мәнсіз өтсе, ол кезең бітпейтіндей болып көрінеді. Мәселен, поезды күтіп отырған адамға уақыт өтпейтіндей көрінеді.

Уақыттың қабылдануы оның қандай мазмұнда болуымен де шарттасып жатады. Erep ұсақ-түйек әрекетпен өткен уақыт ұзақ болып көрінсе, пайдалы әрекетке толы уақыт тез өтеді. Көбінесе, уақытты субьективтік өлшемдермен (минут, сағат, тәулік, апта т.б.) өлшеген дұрыс болады. Уақыттың ұзақтығын біз көп жағдайда бағалай алмаймыз немесе асыра бағалаймыз.

И.П. Павлов «Уақытқа рефлекс» ретінде әрбір адам өзінің жеке басын тәрбиелеуге тиісті деді. Мысалы, өзін белгілі бір уақытта, таңертең ерте оянуға үйретуге дағдылану қажет. Уақытты сезіне білу адам еңбек әрекетінде қалыптасады.

Басқа да материалдық байлық сияқты, уақытты да үнемді және эффективті пайдалана білу керек. Питер Друкер бойынша, «Уақыт мөлшері өте аз, егер уақытты тиімді пайдалана білмесеңіз, онда сіз басқа да нәрсені ұтымды пайдалана білмейсіз». Уақыттың иесі болуға үйрену керек. Erep біз өзімізді басқара алмасақ, онда уақытты да басқара алмаймыз. Көпшілік адам «сізге уақыт жете ме?» деген сұраққа «жоқ» деп жауап береді.

А. Мак-Кинси мыңдаған менеджер-практиктерді зерттеп мынадай қорытындыға келді: 100 менеджердің біреуінің ғана уақыты жеткілікті; он адамға 10%, қырық менеджерге 25% қосымша уақыт керек; қалғандарына 50% уақыт жетіспейді. Уақыт мәселесі менеджерді де, кәсіпкерді де, ғалым да бәрінде ойландырады. Ол біз қандай уақыт мөлшерін пайдалануда емес, оны қалай пайдалана алуымызда дейді.

Адам, әсіресе өзінің негізгі мамандығына, көп істес болатын нәрсесіне дағдыланса, бұдан біраз уақытын үнемдейді, күш-қуатын орнынды пайдаланатын болады. Еліміздегі ғылыми-техникалық өрлеу адамдарда жан - жақты білім болумен қатар жақсы дағдының болуын қажет ететіні сөзсіз. Дағды адам әрекетінің қай- қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан рет жаттығады, есепсіз қайталайды.

Күнделікті жұмыс күнін нақты жоспарлап отырудың нәтижесін төмендегі жағдайдан көруге болады. Бір компанияның басшысы кеңесшіге ұсыныс білдіреді: «Маған аз уақыттың ішінде көп нәрсені жасап үлгеруіме үйретіңіз» дейді. Кеңесші бір бет қағаз беріп: Ертеңгі істелетін маңызды жұмыстарыңызды қағаз бетіне түсіріп, оны рет бойынша нөмірлеңіз. Ертеңгісін жұмысқа келгесін № 1 жұмысыңызды қолға алып, оны бітіргенше келесі жұмысты бастамаңыз. Содан кейін маңызды деген екінші жұмысты бастаңыз. Ол сіздің бір күндік уақытыңызды алса да жұмысты аяқтаңыз. Егерде сіз осы кеңесті басшылыққа алып жұмысты аяқтамасаңыз, басқаша әдіс арқылы жүзеге асыра алмайсыз. Бірақ та белгілі бір жүйесіз қандай жұмыстың маңызды екенін білмес едіңіз. Осы дағдыны күнделікті жұмысыңызға айналдырыңыз.

Жеке тұлға үшін ең қажеттісі - өз жұмысын жоспарлай білуі, жеке жоспарын құра білуі маңызды. Жоспар құрылған бойда оның орындалуын қамтамасыз ету және дайындау керек.

Өз іс-әрекетін ұйымдастыру және нерв жүйесін сақтау мақсаты тұрғысынан, бәрібір соңына дейін аяқталмайтын, бір уақытта көптеген істерді бастағаннан гөрі, тек қана бірнеше мәселелерді тиянақты шешу әлдеқайда пайдалы. Психологтар Сіздің бүгін жасауға мүмкіндігіңіз бар жұмыспен шұғылдануға кеңес береді. Erep міндеттер көлемді және қиын болса, онда оны күнде бөліктерге бөліп шешу қажет.

Аз уақыттың ішінде көп нәрсе жасау үшін, сізге уақыт жетпей жатады. Ол үшін сізге екі жағдай керек: ұйымдасу және өзіндік тәртіп. Сізді нәтижеге жеткізетін бірнеше төмендегі ережелер бар:

  • Алдымен, нақты мақсат қоя біліңіз. He нәрсені қажет ететінізді білмей, ол нәрсені бастау қиын. «Қажетті нәтижені» анықтап алыңыз. Бұның сізге көп пайдасы бар. Мақсатыңыздың соңғы нәтижесін сезіну - уақытты үнемдеудің шешуші шарттары.
  • Керек жұмысты анықтап, соған тоқталыңыз. Қағаз бетіне маңызды, керекті, тез орындауды қажет ететін тапсырмаларды жазу. Алдымен №1 жұмысты орындауға кірісу қажет. Оны аяқтап, №2 жұмысты, кейін №3 жұмысты орындап, келесі күні тағы да негізгі жұмыстан бастап орындаймыз.
  • Өзіне стимул мен мадақтауды ойластыр. Психологтардың айтуы бойынша, өзің ұнатып жасаған жұмыс жақсы орындалады. Өзіңнің жұмыстарыңды «қажеттілік» пен «керекке» ұмтылуда өзіндік стимул мен мадақтау маңызды. Ол үшін жұмысты аяқтағаннан кейін достарыңмен қала сыртына шығу, театрға, киноға бару және т.б. Жұмысыңыздың өнімділігі жылдам артады.
  • Жоспарлаған жұмыстарыңның нақты орындау мерзімі көрсетілуі қажет. Өзіңізге міндеттеме алғанда - нақты уақытын белгілеу керек. Егерде белгілеген уақытында орындалмаса, өзіңе шара қолдануды ойластыр. Мысалы, сүйікті телесериалды көруді өзіңізде шектейсіз.
  • Батыл болу керек. Жұмысты келесі күнге қалдырмау, сіздің 51% дұрыс әрекет етуіңізге байланысты. Сондықтан келген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Әрекет етіңіз. Егерде жұмысыңыз нәтижелі болса, өзіңіздің шешіміңізді мадақтап, одан әрі әрекет етіңіз.
  • «Жоқ» деуге үйреніңіз. Негізгіні қосымшадан ажырата біліңіз. Жұмыстан босап, демалысты дұрыс ұйымдастыра біліңіз. Атап айтқанда, теннис, воллейбол, шахмат ойнаңыз, бассейнге түсіңіз, үйдің жұмысымен айналысыңыз. Мақсатсыз нәрсемен айналысқаннан, пайдалы нәрсемен айналысып, уақытты тиімді өткізіңіз.
  • Телефонда көп отырмаңыз. Телефон - қазіргі кезеңдегі уақытты үнемдейтін құрал болғанмен, кіммен қандай мәселе бойынша сөйлесетініңізді анықтап алыңыз. Телефонмен әңгіме мүмкіндігінше қысқа, нақты, анық болуы керек.
  • Күнделік жүргіз. Барлығын есте сақтау мүмкін емес. Басыңызға барлығын жинақтай бермей, кітапшаға істелетін жұмысты, телефон номерін, ойларыңызбен пікірлеріңізді жазып қойыңыз. Қағазға жазып стол үстіне, айнаға, машинаға қоюға болады. Ол сізге кез келген уақытта есіңізге түсіруге көмектеседі.
  • Тыңдауға үйреніңіз. Erep басынан бастап қажетті мәліметтер мен ұсыныстарға мұқият болсаңыз, қателесу мен қайта жасаудан сақтанасыз.
  • Бір нәрсе жасар алдында нұсқауды (инструктажды) оқы, қалай істеу керек екенін сұрап ал.
  • Жұмысты жүйелі жасауға дағдылан, басқа жолдарын іздестіріп, жетілдір.
  • Уақ-түйекті жіберіп алма. Қажетті құралдарыңыз, керекті мәліметтеріңіз қол астында жеткілікті болу керек.
  • Жұмысқа бірден кіріс. Кейбір адамдар жұмысқа кіріспес бұрын жұмыс столын тазалап, шай ішіп, газеттерді қарап, ұқыпсыздығынан уақытын өткізіп алады.
  • Бір күндік уақытыңды түгелдей пайдалан. Көлік ішінде, аялдамада, кезек күткенде, уақытыңды тиімді пайдалан, ойша алдағы жұмыстарыңды ойлан.
  • Бос уақытыңызды қалай өткізетініңізді бақыла. Erep воллейбол ойнау мен таза ауада серуендеу маңызды болса - тамаша. Сондай-ақ, телесериалды көргеннен кітап, газет-журнал оқуға жұмсасақ тиімді болар еді.
  • Бір жұмыстан екінші жұмысқа тез бөлін, басқа жұмысқа ауыса отырып, шаршауды жеңесіз. Бірнеше сағат отырып, жұмыс істесеңіз, оны түрегеліп жасайтын жұмыспен алмастыр. Түрегеліп жасасаңыз, отырып жасайтын жұмыспен алмастыру арқылы өзіңізді сергек сезінесіз.
  • Жұмысты ерте бастауға дағдылан. 15-20 минут әдеттегіден ерте тұрсаң, көп нәрсеге уақыт табасыз. Жұмыстан кешігемін деп, күйзелмейсіз. Бүгінгі істейтін жұмыстарыңды асықпай еске түсіресіз.
  • Өз уақытыңды тиімді пайдалануға және құрметтеуге үйрен. Өз уақытыңды ойша бағала. Сөйтіп, уақыттың қадірін сезінесіз.

Осы ережелерді басшылыққа алсаң, уақыт сенің серігіңе айналады. Уақыттың құнын білесіз, сондықтан оны тиімді қолданасыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Психология, словарь (Под общ. ред. А.В.Петровского и М.Г.Ярошевского. - М. 1990.
  2. Психология: Энциклопедиялық сөздік. - Алматы, 2011.-624 б.
  3. Шейнов В.П. Психологическое влияние. - Минск, 2007.
  4. Большаков А.С. Менеджмент: стратегия успеха. - Санкт-Петербург 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.